ОҚу курсының каталогы мамандығы 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 2.78 Mb.
бет8/15
Дата24.04.2016
өлшемі2.78 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының



Пәннің аталуы

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

BMDOTT 3216

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Сихимбаева С.М

Доцент/оқытушы

б.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -120

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Жаратылыстану негіздері (жертану және өлкетану, жануартану, өсімдіктану)

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Курстың мақсаты:мектептегі дүниетану пәнінің білімділік және тәрбиелік мүмкіндігін ашып көрсету.Қоршаған ортаны оқыту процесінде барлық табиғат құраушы элементтер және құбылыстар, олардың бір-бірімен үйлесімділігін жете білу,экологиялық тәрбие беру. Дүниетануды оқыту әдістемесі ғылымының даму кезеңдері.Табиғатты танып –білу әдістемесін дамытуға үлес қосқан ғалым –методистердің еңбектері. Сабақ түрлері, сабақ құрылымы, сабақ мақсаттарын талдау. Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жолдары. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері, олардың эффектісі. Материлдық база, олардың классификациясы. Шағын комплектелі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі.

Мазмұны

Дәрістер: Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты мен міндеті. «ДОТмТ» пәнінің зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы. XVIII ғасыр-жарат. пәнінің оқу пәні ретінде енгізілуі. Академик В.Ф.Зуев- жарат. әдіст. негізін салушы, еңбектері, XIX ғасырдағы. А.Я.Гердтің жарат. пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері. Қазіргі кезеңдегі дамуы. М.Н.Скаткин жарат. пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері. Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі.Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер: жүйелілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, дәйектілігі. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің ролі. Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарасты қалыптастыру жолдары. Дүниетанымдық білімнің маңызы, оны күнделікті өмірде қажеттілігі, әр түрлі құбылыстар аралығындағы байланысты көруге, білім біртұтастығын қалыптастыру негізінде оның маңыздылығын көрсету.

Оқыту әдістері. Олардың классификациясы. Оқыту әдістерінің түрлері, оған қойылатын талаптар. Оқытудың әдістемелік тәсілдерін тиімді таңдау жолдары. Оқыту технологиялары, оларды тиімді таңдау және пайдалану жолдары.

Дәстүрлі сабақтар, олардың ерекшелігі. Сабақ-мектептегі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ типтері. Сабақ типтері: кіріспе, қорытынды, топсеруен, сарамандық, зертханалық, аралас, заттық, олардың ерекшеліктері. Аралас сабақ типі және оны ұйымдастыру технологиясы Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Заттық сабақтар және оны ұйымдастыру технологиясы. Оның ерекшелігі. Топсеруен (табиғатқа, туып өскен өлкеге, қалаға, ауылға, музейге, фермаға, жылыжайға, топсеруен жасау) сабағы және оны ұйымдастыру технологиясы. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері: ойын, пікірталас, т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу технологиясы. Материалдық база және оның маңызы. Сабақ көрнекілігі. Оқушылардың білімін пайдалана отырып, тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде, мектеп бөлмесіндегі тапсырмалар, тәжіри белер, бақылаулар жүргізу, оларды жинақтау, қорытындылау Пәннің мазмұнына байланысты жеке,топпен, сыныпппен өткізілетін жұмыс түрлері, оларды өткізудің әдістемесі. Бөлме өсімдіктері-тірі табиғат бұрышын және ондағы жұмыстарды ұйымдастыру. Географиялық алаң және онда жеке немесе топқа тапсырмалар. Тәжірибе алаңын ұйымдастыру технологиясы. Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері. Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер. Оқушы білім-білік, дағдысын тексерудің әр түрлі жолдары: Кіші комплекті мектептерде оқитын оқушылардың ерекшеліктері. Сабақ ерекшелігі. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Лабораториялық сабақтар: Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендері, олардың ролі, маңызы. Оқушыларды жан-жақты тәрбие леудегі оның тұлғалық қасиет терін дамытудағы оқу пәнінің мазмұнындағы мүмкіндіктерін көрсету. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру. Оқыту әдістері мен тәсілдерін тиімді таңдау. Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары. Дәстүрлі сабақтар, олардың ерек шелігі. Сабақ құрылымы

Сабақ типтері: топсеруен, зертханалық, аралас, заттық, олардың ерекшеліктері. Дәстүрлі емес сабақ түрлері: ойын, пікірталас, т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу әдістемесі. Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері. Кіші комплектілі мектептерге арналған бағдарламалар. Сабақ түрлері.



Оқу жұмысының нәтижелері

Табиғат, табиғат құраушы элементтердің бір-бірімен үйлесімділігін, табиғи құбылыстарының түрлері мен заңдылықтарын ажырата біледі. Географиялық аспаптармен, лабораториялық құралдармен жұмыс істеу дағдысын біледі. Оқу-тәрбие процесіндегі оқу формалырын ұйымдастыру түрлерін олардың әдістерін меңгереді. Экологиялық тәрбие түрлерін үйрету жолдарын біледі. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлерін, ұйымдастыру жолдарын біледі. Сабақта қажетті көрнекіліктер классификациясын, көрнекіліктерді қолдан даярлау әдістемесін меңгереді. Шағын комплектелі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін, оны жүргізу әдістерін меңгереді.


Пәннің аталуы

1. Математика

Қысқартылған атауы

Маt3201

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

5/6

Оқытушының Т.А.Ә.

Алиева К.С.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілін

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/ Дәріс-30, ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -120/120

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: математика, алгебра және анализ бастамалары және геометрия. Қарапайым математикалық түсініктер

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Жалпы ұғымдар: жиын және олармен жүргізілетін амалдар, математикалық ұғымдар мен дәлелдеулер, сәйкестіктер мен қатынастар. Теріс ем ес бүтін сандар қатынасы: натурал сандар жүйесін аксиоматикалық құру. Теріс емес бүтін сандардың жиындық –теориялық мағынасы және олармен жүргізілетін амалдар,есептеу жүйесі, теріс емес бүтіңн сандардың бөлінгіштігі. Оң рационал сандар және нақты сандар. Теңдеу. Теңсіздіктер. Функциялар. Шамалар мен өлшеулер.


Мазмұны

Дәрістер: Сандардың бөлінгіштігі. Теріс емес бүтін сандар жиынындағы бөлінгіштік қатнасының анықтамсы. Бөлінгіштік қатнасының қасиеттері. Теріс емес бүтін сандардың қосындысының, айырмасының және көбейтіндісінің бөлінгіштігі 2,3,4,5,9,25 сандарына және құрама санға бөлінгіштік белгілері. Жай және құрама сандар. Эротосфен елегі. Натурал санның жай бөлгіштерінің саны мен шамасы. Жай сандар жиынының шексіздігі. Жай сандардың қасиеттері. Арифметиканың негізгі теоремасы

Сандардың ең кіші ортақ еселігі мен ең үлкен ортақ бөлгіші, олардың негізгі қасиеттері. Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін және ең кіші ортақ еселігін табудың алгаритімдері. Сан ұғымының кеңеюі. Сан ұғымын кеңейту мәселесі. Бөлшек сан, теріс сан және иррационал сан ұғымдарының пайда болуы жайындағы қысқаша тарихи мәліметтер

Теріс бүтін сан, бүтін сандар жиыны, бүтін санның модулі ұғымдары.

Бүтін сандардың қосындысының, айырмасының, көбейтіндісінің және бөліндісінің анықтамасы. Бүтін сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері; қосудың және көбейтудің коммуникативтілігі мен ассоциативтілігі; қосудың қайтымдылығы; көбейтудің қосуға қарағандағы дистрибутивтігі. Бүтін сандар жиынының қасиеттері: реттілік, үздіктілік, шексіздік, ең үлкен және ең кіші элементердің болмауы.Бүтін сандар жиынының гоеметриалық кескіні. Бөлшек сан, рационал сан, рационал сандардың жиыны ұғымдары. Рационал сандардың қосындысының, айырмасының,бөлінідісінің, көбейтінідісінің анықтамасы рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар. Рационал сандарға қолданылатын амалдардың заңдары мен қасиеттері:

Рационал сандар жиынының қасиеттері: ретілік, тығыздылық шексіздік, ең кіші және ең үлкен элеметтердің болмауы. Ондық бөлшектер және оларға қолданылатын арифметикалық амалдардың алгоритімдері. Рационал сан шектеусіз дүркін ондық бөлшек ретінде; жай бөлшектін шектеусіз дүркін ондық бөлшек түрінде жазылуы; шектеусіз дүркін ондық бөлшектің жай бөлшек түрінде жазылуы. Нақты сандар. Иррационал сан және шектеусіз дүркін емес ондық бөлшек . Нақты сандар жиыны ұғымдары. Нақты сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар. Нақты сандарға қолданылатын амалдардың заңдары мен қасиеттері: Қосу мен көбейтудің коммутативтігі және ассоцтивтілігі, қайтымдығы және қысқартымдылығы; көбейтудің қосуға, сондай-ақ азайтуға қарағандағы дистрибутивтігі.

Бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер.Мәндес теңеулер мәндестігі туралы теоремалар.Мәндес теңсіздіктер және теңсіздіктердің мәндестігі туралы теоремалар. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйелері және оларды шешудің тәсілдері. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер және олардың графиктері. Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің жүйелері және жиынтығы, оларды шешу. Геометрияның пайда болуы туралы қысқаша мәліметтер.

Шама және оны өлшеу ұғымдарын анықтау. Скаляр шамалардың негізгі қасиеттері. Кесіндінің ұзындығы, оныңнегізі қасиеттері.

Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындықтың стандарт бірліктері, олардың арасындағы қатынастар

Фигураның ауданы, оның негізгі қасиеттері. Фигуралардың ауданын өлшеу. Ауданның стандарт бірліктері, олардың арасындағы қасиеттері.

Бастауыш мектептің математика курсында қарасиырылатын аса маңызды басқа да шамалар. Олардың өлшем бірліктері, олардың арасындағы тәуелділік

Практикалық: Бөлінгіштік қатнасының қасиеттері. Теріс емес бүтін сандардың қосындысының, айырмасының және көбейтіндісінің бөлінгіштігі 2,3,4,5,9,25 сандарына және құрама санға бөлінгіштік белгілері. Жай және құрама сандар. Эротосфен елегі. Натурал санның жай бөлгіштерінің саны мен шамасы. Жай сандар жиынының шексіздігі. Жай сандардың қасиеттері. Арифметиканың негізгі теоремасы. Сандардың ең кіші ортақ еселігі мен ең үлкен ортақ бөлгіші, олардың негізгі қасиеттері.

Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін және ең кіші ортақ еселігін табудың алгаритімдері Сан ұғымын кеңейту мәселесі. Бөлшек сан, теріс сан және иррационал сан ұғымдарының пайда болуы жайындағы қысқаша тарихи мәліметтер. Теріс бүтін сан, бүтін сандар жиыны, бүтін санның модулі ұғымдары. Бүтін сандардың қосындысының, айырмасының, көбейтіндісінің және бөліндісінің анықтамасы. Бүтін сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері; қосудың және көбейтудің коммуникативтілігі мен ассоциативтілігі; қосудың қайтымдылығы; көбейтудің қосуға қарағандағы дистрибутивтігі. Бүтін сандар жиынының қасиеттері: реттілік, үздіктілік, шексіздік, ең үлкен және ең кіші элементердің болмауы.

Нақты сандарға қолданылатын амалдардың заңдары мен қасиеттері: Қосу мен көбейтудің коммутативтігі және ассоцтивтілігі, қайтымдығы және қысқартымдылығы; көбейтудің қосуға, сондай-ақ азайтуға қарағандағы дистрибутивтігі Сандардың дөңгелектеу ережелері. Жуық сандарға амалдар қолдану. Микрокалькулатордың көмегімен жүргізілетін есептеулер.

Комплекс сандар.Комплекс сандар туралы ұғым.комплекс сандардың геометриялық кескіні мен тригонометриялық формасы.Комплекс сандарға қолданылатын қарапайым амалдар. Функция, сандық функция ұғымдарының анықтамасы.Функцияның берілу тәсілдері.Функция графигі. Тура пропорционалдық, оның қасиеттері мен графигі. Кері пропорционалдық, оның қасиеттерінің графигі.Сызықтық функция, оның қасиеттерінің графигі. Квадраттық функция, оның қасиеттері мен графигі.

Кері пропорционалдық, оның қасиеттерінің графигі.Сызықтық функция, оның қасиеттерінің графигі. Квадраттық функция, оның қасиеттері мен графигі. Сандық өренк және оның мәні. Сандық таңдіктер мен сандық теңсіздіктер олардың қасиеттері.

Теңбе – теңдік. Бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер.Мәндес теңеулер мәндестігі туралы теоремалар. Мәндес теңсіздіктер және теңсіздіктердің мәндестігі туралы теоремалар. Екі айнымалысы бар теңдеулер .Сызықтың, түзудің және шеңбердің теңдеуі. Түзулердің паралельдігі мен прелпендикулярлығы. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйелері және оларды шешудің тәсілдері. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер және олардың графиктері. Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің жүйелері және жиынтығы, оларды шешу. Геометрияның пайда болуы туралы қысқаша мәліметтер.Мектепте оқытылатын геометриялық ұғымдардың жүйесі. Планиметрия курсын аксималардың әр түрлі жүйесі негізінде құру. Геометриялық фигуралар, олардың анықтамалары, қасиеттері және белгілері.



Оқу жұмысының нәтижелері

Болашақ мұғалімдердің математикалық білімін тереңдете әрі кеңейте түсу және орта буын математикасы талаптары тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп мұғалімдерінің шығармашылық мүмкіндігін арттыру. Бастауыш курс математикасының теориясына, педагогика және психология пәндеріне негіз жасай отырып, студенттердің пәнді, объектіні зерттеу әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастыру. Келешек мұғалімдердің дидактикалық білгірлігін сабақ барысында және сабақтан тыс математиканы оқытуда қалыптастырып, шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру.



Пәннің аталуы

2. Математикалық логика

Қысқартылған атауы

ML3201

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

5/6

Оқытушының Т.А.Ә.

Алиева К.С.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практ-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/ Дәріс-30, практ-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Математика

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Жалпы ұғымдар, Математикалық логика структуралары, Математикалық логика структура туралы түсінік. Математикалық логика структуралардың типтері және олардың сипаттамалары. Математикалық логика элементтері. Пікір ұғымы. Қарапайым және құрама пікірлер.



Мазмұны

Дәрістер: Математикалық логика ұғымдар және олардың қалыптасу процесі. Анықталатын және анықталмайтын ұғымдар. Ұғымдарды анықтаудың тәсілдері. Математикалық логика тұжырымдардың түрлері: Кванторлар, аксиомалар, пікірлер және пікірлік формалар, предикаттар, теоремалар. Тегі және түрлік айырмашылығы арқылы берілетін анықтамалардың құрылымы. Осындай анықтамалардың мысалдары пікірлерге және предикаттарға қолданылатын амалдар: теріске шығару, конъюнкция, дизъюнкция, импликация, эквиваленция, квантификация немесе кванторлар, қарапайым және құрама пікірлерді ілу.

Пікірлер логикасының заңдары: конъюнкцияның және дизъюнкцияның коммутативтігі, конъюнкцияның және дизъюнкцияның ассоциативтігі, конъюнкцияның және дизъюнкцияға қатысты дистрибутивтігі, дизъюнкцияның конъюнкцияға қатысты дистрибутивтігі, екі рет теріске шығару заңы, қайшылық (үйлеспеушілік) заңы, де - Морган заңы.

Сөйлемдер арасындағы келіп шығу және мәндес болу қатынастары. Қажетті және жеткілті шарттар. Теореманың құрлысы. Теореманы дәлелдеудің (тура және жанама) тәсілдері. Пайымдаулардың түрлері (дедуктивтік, индуктивтік және традутивтік) дұрыс және дұрыс емес пайымдаулар.

Практикалық: «Логикалық операциялар», «Пікір және пікірлік формалар», «Кванторлар», «Предикат логикасының формулалары». Логикалық операцияларды және оларға қолданылатын амалдарды, амалдардың қасиеттері мен заңдарын оқытып-үйрету.



Оқу жұмысының нәтижелері

Математикалық логика курсының өзекті мәселесі «Логикалық операциялар», «Пікір және пікірлік формалар», «Кванторлар», «Предикат логикасының формулалары» болып табылады. Осыған байланысты курста логикалық операцияларды және оларға қолданылатын амалдарды, амалдардың қасиеттері мен заңдарын оқытып-үйрету басты орын алады. Бұл орайда логикалық операцияларды және пікір және пікірлік формалар қарастырылып есептеулер жүргізуімен байланысты біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері болып табылатын мәселелер жан-жақты қамтылады.

Математикалық логика курсында пікір мен предикат ұғымдары математиканың «Жиын», «Қатынас», «Кванторлар», «Тавтология» және т.с.с. жалпы ұғымдарына сүйеніп енгізіледі. Шын мәнінде бұл жалпы ұғымдар мектеп математикасы курсында айқын емес түрде қолданылады. Сондықтан болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері белгілі бір жалпы математикалық логика ұғымдармен таныс болуы тиіс. Мұнда жиындар теориясы мен математикалық логика элементтері математика курсының негізін құрайтындықтан және оны тиісті математикалық тілмен қамтамассыз ететіндіктен барынша тереңірек баяндалады. Бұл жалпы ұғымдар сондай-ақ әр алуан жиындар туралы білімдер «Логикалық операция», «Пікір және пікірлік формалар» тақырыбында атап айтқанда пікірлерді теріске шығару пікірлердің конъюнкциясы, пікірлердің дизъюнкциясы, пікірлердің импликациясы, предикаттар, кванторлар, пікірлер логикасының формулаларына арналған ақиқаттық кестесін құрастыру, тавтологиялар, тебе-тең түрлендірулер, кері және қарама-қарсы сөйлемдер, нормальді формалар, қасиеттер және қатынастар, теорема құрылымы және т.б. ұғымдырды қалыптастыру барысында кеңінен қолданылады.




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет