ОҚу курсының каталогы мамандығы 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 2.78 Mb.
бет9/15
Дата24.04.2016
өлшемі2.78 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының



Пәннің аталуы

3. Математикадан есеп шығару практикумы

Қысқартылған атауы

MEShP3201

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

5/6

Оқытушының Т.А.Ә.

Алиева К.С.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практ-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/ Дәріс-30, практ-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Математика, математиканы оқыту әдістемесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Математикадан есеп шығару практикумы пәнінің объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Математикадан есеп шығару практикумының мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұнының, әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Математиканың оқулығындағы негізгі тарауларындағы есептерді оқытудың технологиясы: сандардың концентр бойынша есептерді оқыту реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдарды оқытудағы есептер, мөлшер мен бөлшектер, шамаларды оқытудағы есептер. Бастауыш мектептегі мәтінді арифметикалық есепетерді шешуді үйрету. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеуге үйрету. Математикалық есептерді шығарудың білім, білік және дағдыларды меңгеру үдерісін ұйымдастыру. Шығармашылық және қызықты есептерді оқыту.

Мазмұны

Дәрістер: Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа пәндермен байланысы. Есептерді шығаруға оқып-үйрету әдістемесінің жалпы мәселелері. Пропорционал шамалармен байланысты есептер. Пропорционал бөлуге берілген есептер. Екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған есептер. Қозғалысқа брілген есептер. Санның бөлшегін табуға арналған есептер. Практикалық мазмұнды есептерді құрастыру жіне шығару. Есепті арифметикалық тәсілмен шығару. Есепті алгебралық тәсілмен шығару. Шығармашылық мазмұнды есептер. Қызықты есепт ер.

Практикалық сабақ. «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы негізінде сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Пропорционал шамалармен байланысты есептермен жұмыс. Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты есептерді шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері мен шығаруды ұйымдастыру. Практикалық мазмұнды есептерді құрастыру және шығару тақырыптарын оқыту барысында есепке берілген сабақ үлгілерін дайындау және өткізу.



Оқу жұмысының нәтижелері

Математикадан есеп шығару практикумы курсындағы есептерді шешудің негізгі әдістерін меңгеруге балаларды дайындау. Бастауыш мектептегі математика курсындағы есептерді шешу білімін дамытудағы негізгі тарауларды оқытудың технологиясы: Пропорционал шамалармен байланысты есептер; пропорционал бөлуге берілген есептер: екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған есептер: қозғалысқа брілген есептер: практикалық мазмұнды есептерді құрастыру және шығару: есепті арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығару: шығармашылық мазмұнды және қызықты есепт ер. Бастауыш сыныптар оқушыларының математикалық білімдерді берік игеруіне ықпал жасайтындай әралуан есептерді дұрыс пайдалана білуге үйрету.



Пәннің аталуы

1. Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Қысқартылған атауы

ShOUA3204

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5/6

Оқытушының Т.А.Ә.

Құдайбергенова М.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практ. -15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30/ Дәріс-30; практ.-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазіргі балалар әдеби процесі, балалар әдебиеті

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Пәннің объектісі – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай, бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі шешендік өнерді үйрету әдістемесінің мазмұны. Пәнді оқытуда сөздік әдістер (түсіндіру, лекция, әдебиеттермен жұмыс істеу), практикалық әдістер және көрнекілік әдістер пайдаланылады. Пәннің басқа ғылым салалары арасында алатын өзіндік орны мен ерекше мәні бар. Өйткені, тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, тілін дамыту құралы.

Мазмұны

Дәріс. Кіріспе. Риторика (шешендік) – ғылым, әрі өнер, әрі оқу пәні. Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері Жыраулық поэзиядағы мақал-мәтелге тнң келетін тіркестер, шешендік өрнектер Шешендік сөздің мазмұндылығы. Билер сөзі. Оның өзіндік сипаты Батырлыр жырларының көркемдік тапқырлық сипаттары Айтыс. Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері Орта ғасырдағы шешендік өнердің сөз үлгілері Ақындық поэзиядағы ұтымды жолдар мен талантты тапқырлық. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық Шешендік дау (жер, жесір, мал, құн, ар) және оның ақындық поэзиямен үндестігі Шешенннің сөйлеу мәдениеті. Сөйлеудегі дәлділік, пен аықтылық Сөйлеу мәнерлілігінің лексикалық құралдары Сөйлеушінің психологиялық, педагогикалық мәдениеті Шешендік өнердің педагогикалық негізі

Практикалық: Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері Батырлар жырларының көркемдік тапқырлық сипаттары. Абай сөздерінің шешендік қырлары. Маханбет жырларының тілдік нақыштары. Маханбет өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.Шешендік үлгірлердің тілдік ерекшеліктері. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің дамуы. Тапқырлық сөз өнерінің сипаты. Абай қара сөздерінің шешендік жақтары. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Жыраулардың айшықты сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері. Казіргі ақындар шешендігінің көркем тілі Орта ғасырлық түркі шешендігі. Қазақ шешендік өнерінің дамуы. Ауызша шешен сөйлеу өнері.

Оқу жұмысының нәтижелері

Шешендік өнер курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады



Пәннің аталуы

2. Қазіргі балалар әдеби процесі

Қысқартылған атауы

KBAP3204

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

5/6

Оқытушының Т.А.Ә.

Нарқұлова Б. А.

Доцент/оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практ. -15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30/ Дәріс-30; практ.-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: "Шешендік өнерге баулу әдістемесі", "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", және "Көркем шығарманы лингвистикалық талдау"

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;- Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру; Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашлығы туралы мәліметтермен қаруландыру; Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту. Студенттердің тіл мәдениетін жетілдіру, көркем шығармалардың мазмұнын талдау, сөйлегенде, оқығанда дауыста құбылта білуге дағдыландыру; Анықтамалық әдебиетті және қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйрену дағдыларын меңгерту; Ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу, бала тілін дамытуға, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін меңгерту, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту.


Мазмұны

Дәріс: Әдебиеттану - филология ғылымдарының бір тармағы, сөз өнерін, тарихи әдеби процесті, әдебиет дамуының заіьдылықтарын зерттейтін ғылым. Балалар әдебиеті әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде даму үстінде. Тіл, тарих, философия, этнопедагогика, логика, эстетика, психология т.б. ғылымдарды зерттеуде әдебиеттану ғылымының мәліметтері кеңінен пайдаланылану. Балалар әдебиетінің бастау көзі — халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертетілері. Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" — балалар әдебиетінің жазба нүсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген түсы Абай шығармашылытынан басталып, Ш.Қүдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді. Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен М.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалалары, А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді. Балалар ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры: тұрмыс-салт жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер. Олардың түрлері, жанрлық ерекшеліктері. Танымдық, тәрбиелік мәні. Шешендік сөздер туралы ұғым. Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері. Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту. Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті: Махамбеттің патриоттық, отты поэзиясы. М.Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Дыбыс қайталау, риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті: Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі. Ш.Уәлиханов— қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ы.Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы. Ы.Алтынсарин —шағын әңгіме шебері. Табиғат лирикасы. Шығармаларындағы еңбек, адамгершілік мәселесі. Әңгіме туралы түсінікті дамыту. Абай — қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан терендетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, Абайдың табиғат лирикасы, қара сөздері, аудармалары. Лирика ұғымын кеңейту. Шәкәрім - Абайдың шәкірті. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік туралы өлеңдері. XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті:ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи-әлеуметік жағдай. 1905-1907жылдардағы буржуазиялық демократиялық революцияны, бірінші дүниежүзілік соғыстың және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет, мәдениет дамуына әсері. Ахмет Байтұрсынов — балалар әдебиеті тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. Міржақып Дулатов шығармаларындағы ағартушылық бағыт. Оның балаларға арналған прозалық шығармаларының тақырыптары. С.Дөнентаев — сюжеттік шағын өлеңнің, сатиралық өленінің шебері. Аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту.

Бейімбет Майлин — прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы. Оның шығармаларының басты тақырыбы — қарапайым еңбек адамы, ел өмірінің реалистік сипаты, аштық құрбандары суреттері. Бейімбет прозасының көркемдік, стильдік ерекшеліктері. Спандияр Көбеев — педагог жазушы. Оның "Үлгілі тәржіме", "Үлгілі бала" кітаптарындағы И.А.Крыловтан аударған мысалдары. Спандияр Кебеевтің төл шығармалары — шағын әңгімелері мен өлеңдері."Орындалған арман" атты мемуарлық кітабындағы дәуір сипаты, жазушының өз бейнесі. Сүлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде оқу — білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы. 1916 жылғы үлт азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар. Балалар әдебиетіндегі Амангелді образы. Қазан төңкерісінен кейінгі балалар әдебиетінің төңкерістік өзгерісті жырлауға бет бұруы. Еңбекшілерді күреске шақырған, бостандық, тендікті жырлаған шығармалардың туу жағдайлары. Кеңес жазушыларының бүкілодақтық және Қазақстан жазушыларының бірінші съезінің балалар әдебиетімізге тигізген ықпалы. Қазақ балалар әдебиетінің қайраткерлерінің қайғылы тағдыры. Мағжанның табиғат лирикасы. Бұл тақырыптағы ақынның нәзік сыршылдық, суреткерлік шеберлік, пәлсапалық ой тереңдігі. Ж.Аймауытов — дарынды жазушы, аудармашы. Балалар әдебиетіндегі Қартқожа образы. Жүсіпбек қаламындағы әнші Әмірхан бейнесі. Әңгімедегі ән өнерінің құдыреті. Ілияс Жансүгіров лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы. Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі ұлттық болмыс, патриотизм тақырыбының" ашылуы. Ақынның суреткерлік шеберлігі, тіл өрнегі. Пейзаж, эпитет, теңеу туралы ұғымды дамыту. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Соғыс және қоғамның рухани өмірі. Бұл кезеңдегі балалар әдебиетінің өзекті мәселесі: Отанға сүйіспеншілік, жауға өшпендік мотивтері (Ж.Жабаев «Балама хат», «Ленинградтық өренім»). Соғыс жылдарындағы балалар өмірі, халық басына түскен қайғы-қасірет туралы шығармалар. М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Балалар әдебиетіндегі Абай образы. Жазушы шығармасында адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде салынуы. Жазушының тіл шеберлігі. Тақырып пен идея туралы үғымды дамыту. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруда көркем сөз құдыреті. 1960 — 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Иманжанов, С.Бегалин, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Жиенбаев, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Асылбеков т.б. Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі. Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлілігі. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары: Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Ә.Желлун, Л.Толстой, А.Чехов, Д.Родари, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Э.Распе, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.



Практикалық: Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы. Абай және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы. Балалар әдебиетіндегі соғыс такырыбы. 60 — 90 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары. Балалар ауыз әдебиетіндегі жыр және олардағы халық даналығы. Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. С.Көбеев — балалар жазушысы. Қазіргі балалар поэзиясының көрнекті өкілдері. С.Сейфулин, Б.Майлин,І.Жансүгіров, М.Әуезов шығарма-ларының балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Ж. Жабаев поэзиясының тәрбиелік мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың шығармаларындағы ұлттық бейнесі. М.Иманжанов, С.Бегалин, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Жиенбаев, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Асылбеков т.б. Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі .Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Ә.Желлун, Л.Толстой, А.Чехов, Д.Родари, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Э.Распе, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.


Оқу жұмысының нәтижелері

Балалар әдебиеті курсын толық менгерген студент бастауыш мектеп балаларымен жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.




Пәннің аталуы

3. Мәтін тілін талдау әдістемесі

Қысқартылған атауы

МТТА 3204

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр




Оқытушының Т.А.Ә.

Жораева С.Б.

Доцент/оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практ. -15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30/ Дәріс-30; практ.-15; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Балалаш әдебиеті, Шешендік өнер, Қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ тілі.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Пәннің негізгі объектілері – халықтық және авторлық көркем мәтіндер болып табылады. Мәтінді лингвистикалық және эстетикалық талдауға әдіснамалық тұрғыда маңызды ережелерді сақтамай тұрып жол берілмейді:

а) шығарманың тілі мен стилін тиісті тарихи кезеңнің тілдік өмірінің аясында қарастыруды талап ететін историзм принципі;

б) көркем шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын ескеру.

Мәтінде нені талдау және бұл жағдайда қандай жалпы принциптерді басшылыққа алу керектігін көрсету, мәтінді талдаудың аса тән сипатты және тиімді әдістерімен, тәсілдерімен таныстыру.




Мазмұны

Дәрістер: «Мәтінді лингвистикалық талдау әдісі» курсының міндеттері. Мәтін лингвистикалық талдау пәні ретінде. МЛТӘ-нің тілтану пәндері жүйесіндегі орны. Лингвистикалық талдау мәтінді түсінудің негізі ретінде. МЛТӘ-нің негізгі әдіснамалық принциптері. Мәтінді лингвистикалық талдаудың тәсілдері мен әдістері. Тілдік құралдарды іріктеуге және олардың мәтінде ұйымдастырылуына ықпал етуші факторлар. Тілдің, сөйлеудің, мәтіннің бірліктері мен мәтінді лингвистикалық талдау бірліктерінің арақатынасы. Тіл жүйесі және мәтінді талдаудың тілдік ара – қатынасы. Көркем мәтіннің көркемдігі. Тілді көркемдеу құралдары мен көркемдеудің нақты құралдары. Бейнелі сөздердің негізгі типтері. Сөздің көркем сөйлеудегі бейнелік мағынасының өзіндік ерекшелігі. Автордың бейнесі. Көркем шығармалардың тілін талдау. Мәтінді ішінара лингвистикалық-мағыналық талдау. Поэтикалық мәтінді кешенді лингвистикалық-мағыналық талдау. Драмалық мәтінді лингвистикалық-мағыналық талдаудың негізгі аспектілері.

Практикалық: Әзіл өлеңдердегі батырдың бейнесі. Салыстыру бейнелеу құралы ретінде. Мысал жанрының ерекшеліктері. Әдеби шығармадағы ауа-райы бейнесі. Лирикалық өлеңдегі балалық шақтың бейнесі. Автрорлық ертегідегі жануар-батырдың бейнесінің ерекшеліктері. Сөздік бейнелеу құралдары және мультипликация құралдары. Хабарлы шығармадағы батыр мен әңгімешінің бейнелері. Лирикалық және эпостық шығармалардағы көбелектің бейнесі. Драмалық шығармадағы шиеленістің дамуы. Орыс халық ертегісі мен драмалық шығрмадағы жануар-батырдың бейнесі. Балалық шақ идеясының ертегі-пьесадағы батырлар бейнесінде жүзеге асуы.

Оқу жұмысының нәтижелері

Тілдің, сөйлеудің, мәтіннің бірліктері мен мәтінді лингвистикалық талдау бірліктерінің арақатынасын. Тіл жүйесі және мәтінді талдаудың тілдік ара – қатынасын. Көркем мәтіннің көркемдігін. Тілді көркемдеу құралдары мен көркемдеудің нақты құралдарын. Бейнелі сөздердің негізгі типтерін. Сөздің көркем сөйлеудегі бейнелік мағынасының өзіндік ерекшелігі. Автордың бейнесін. Көркем шығармалардың тілін талдауды. Мәтінді ішінара лингвистикалық-мағыналық талдауды. Поэтикалық мәтінді кешенді лингвистикалық-мағыналық талдауды. Драмалық мәтінді лингвистикалық-мағыналық талдаудың негізгі аспектілерін меңгереді.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет