ОҚУ курстарының каталогы мамандығы 050113 -биология Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



жүктеу 0.71 Mb.
бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

2 курс

3 семестр




Пәннің аталуы

Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

Қысқартылған атауы

БСТЖЖ және Ұ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Адырбекова Гульнар Тилеулиевна

Доцент / оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша кәсіптендіру пәні

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сиымдылығы

Барлығы-135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер: Мектеп биология курсынан жануарлар мен өсімдіктердің морфологиясы, анатомиясы және систематикасы.


Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Студент мичуриндік оқу негізінде биологиялық заттарды оқыту әдістерін игереді. Нәтижесінде: эксперимент қою барысында тірі организімнің дамуын нақты бақылай отырып, оларға қажетті жағдайды анықтау арқылы тіршілік процесін нақты, дұрыс, толық түсінеді.


Мазмұны

Дәрістер: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары және олардың биологияны оқыту жүйесіндегі орны. Ботаника бойынша тірі табиғат бұрышындағы оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары. «Тұқым. Тұқымның өнуі» тақырыбына тәжірибелер. «Жапырақ. Өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуі». Картопты бақылау және тәжірибелік тапсырмалар. Асқабақ тектес өсімдіктерді бақылау және тәжірибе бойынша тапсырмалар. Қызанақтарды бақылау және тәжірибелік тапсырмалар. Тамыр жемістілерді бақылау және тәжірибелік тапсырмалар. Жуаларды бақылау және тәжірибелік тапсырмалар. Жеміс- жидек өсімдіктері. Алмаларға бақылау және тәжірибелік тапсырмалар. Таңқурайды бақылау және тапсырма бойынша тәжірибе жасау. Егістік дақылдарын бақылау және тәжірибе бойынша тапсырмалар. Сәндік өсімдіктерді бақылау және тапсырма бойынша тәжірибелер. Зиянкес жәндіктер және олармен күрес. Араларды бақылау. Ара жұмыртқаларының даму процесіне жарықтың әсері. Құмырсқаларды бақылау. Ұлулардың өзгергіштіктері. Қалақай көбелегінің дамуына жарықтың әсері. Құрттар және ересек инеліктердің өзгергіштіктеріне жарықтың әсері. Инеліктердің бүкіл метаморфоз процесіне жарықтың және температураның әсері. Жәндіктердің қорғаныш реңі. Тірі табиғат бұрышындағы омыртқалыларға тәжірибелер. Балықтардың мінез-құлқы. Бақаларды әр түрлі жағдайларда ұстау. Құстарды тұспалдау бойынша тәжірибе. Құстар бұрышы.

Практикалық сабақтар: Әр түрлі өсімдіктердің өскіні. Жұғымды ерітінділерде өсімдікті өсіру. Жарықта жапырақтарда жұғымды заттардың түзілуі. Картопта түйіндердің түзілу жағдайы. Асқабаққа қиярлық егу. Қызанақтың дамуына түптерін күзеудің әсері. Өсімдіктің дамуына шалғам тұқымын өңдеу тереңдігінің әсері. Алманың тозаңдануын зерттеу. Таңқурайдың дамуы. Қарақаттың көбеюі. Бидай тұқымын себу әдістері. Құмырсқаларды бақылау. Шегірткелердің қорғаныш түсінің маңызы. Ересек қояндарды әр- түрлі температуралық жағдайда ұстау. Оқыту барысында тәжірибе нәтижелерін қолдану.



2 курс

3 семестр



Пәннің аталуы

Мектептегі биологиялық эксперимент

Қысқартылған атауы

МБЭ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Адырбекова Гульнар Тилеулиевна

Доцент / оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша кәсіптендіру пәні

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сиымдылығы

Барлығы-135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер: Оқу экспериментінің тақырыбын кеңейтеді және тереңдетеді.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылықтарын арттырып, жеке ерекшеліктерін дамытады және олардың білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде: Орта мектепте биология курсы бойынша биологиялық тәжірибе сабағын ұйымдастыру әдістемесі мен демонстрациялау жолдарын игереді.

Мазмұны

Дәрістер: Өсімдіктердің өмір тіршілігін оқу бойынша эксперименттердің ерекшеліктері. Өсімдіктермен оқу тәжірибесі бойынша дайындық жұмыстары. «Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы» тақырыбы бойынша тәжірибелер. Өсімдік жасушасына заттардың түсуін оқу бойынша тәжірибелер. Тамыр тақырыбы бойынша тәжірибелер. Тамырдың өсуін оқу бойынша тәжірибелер. Судың тамырмен және ондағы еріген заттардың сіңірілуін оқу бойынша тәжірибелер. Өсімдіктердің минералды қоректенуін оқу бойынша тәжірибелер. Тамырдың тыныс алуы бойынша тәжірибелер. Өркеннің өсуін оқу бойынша тәжірибелер. Фотосинтезді оқу бойынша тәжірибелер. Жапырақтардың тыныс алуы бойынша тәжіибелер. Судың жапырақпен булануы бойынша тәжірибелер. Өскін бойынша заттардың жылжуын оқу бойынша тәжірибелер. Сабақтың тыныс алуын демонстрациялау тәжірибесі. «Гүлді өсімдіктердің вегетативті көбеюі» тақырыбы бойынша тәжірибелер. Қалемшелердің тамырлануына қажетті жағдайларды анықтау бойынша тәжірибелер. «Тұқым» тақырыбы бойынша тәжірибелер. Тұқымның өнуі бойынша тәжірибелер. Тұқымның тыныс алуы бойынша тәжірибелер. Омыртқасыз жануарлар бойынша тәжірибелер. Қарапайымдылармен тәжірибелер. «Ішекқуыстылар», «Жалпақ құрттар», «Буылтық құрттар», «Былқылдақденеліер», «Буынаяқтылар» тақырыбтары бойынша тәжірибелер. Омыртқалы жанаулармен тәжірибелер. «Балықтар класы», «Қосмекенділер класы», «Құстар класы», «Сүтқоректілер класы». «Адам және оның денсаулығы» тарауы бойынша эксперимент. «Кіріспе», «Адам мүшесіне жалпы шолу», «Ұлпа және жасуша» тақырыбтары бойынша тәжірибелер. «Тірек – қимыл жүйесі», «Қан және қан айналым», «Тыныс алу», «Асқорыту», «Зат алмасу», «Жүйке жүйесі».

Практикалық сабақтар: Топырақта оқу тәжірибелеріне арналған өсімдіктерді өсіру. Жасушаға судың түсуі. Тамырдың әр-түрлі температурада өсуі. Су дақылдарымен тәжірибе. Тамырдың тыныс алуы барысында оттегінің сіңірілуі. Фотосинтез барысында оттегінің жапырақпен бөлінуі. Жапырақтың сору әрекеті. Әр-түрлі тітіркендіргіштердің әсеріне қарапайымдылардың реакциясы. Топырақтың жылжуынадағы жауын құрттардың ролі. Балықтардың жылжуындағы жүзбеқанаттардың маңызын анықтау. Бақа денесінің түсіне қоршаған орта бояуының әсері. Тауық жұмыртқасының қабығындағы саңлауларды табу. Жасушадан тыс пероксидаза ферментінің активтігін зерттеу. Күйдірілген және декальциленген сүйектің қасиеті. Саусақтардың тартылу салдарын зерттеу.


3 – курс

050113-Биология

5 семестр



Пәннің аталуы

Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу

Қысқартылған аталуы




Оқу іс шаралары (оқу пәндерінің курстары, егер бар болса)

Практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр




Оқытушының Т.А.Ә.

Жамашева Ж.Р.

Доцент / оқытушы

К.п.н., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Прктикалық сабақ – 15, ОСӨЖ - 15, СӨЖ - 15

Еңбек сыйымдылығы

Бапрлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктігі

Кредит саны – 1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақ тілі

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Іс қағаздарының тарихымен, негізгі түрлерімен танысу.

– Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.

– Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

– Іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.



Мазмұны

Практикалық сабақ:

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Іс қағаздары туралы ұғым. Өтініш. Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы. Өмірбаян. Мінездеме. Мемлекет басшысының атауындағы сөздер. Жеке іс парағы. Түсінік хат. Географиялық атаулардың жазылуы. Анықтама. Хабарландыру. Реттік белгілердің жазылуы.

Хаттама. Қосарланған тыныс белгілерінің қолданылуы.

Қолхат. Кепілхат. Жеделхат. Факсті жіберу тәртібі. Сандардың жазылуы. Сенімхат. Алғысхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы. Келісімшарт. Шарт. Сөздерді тасымалдау ережелері.

Үндеу. Заң. Ереже. Мемлекеттік рәміздердің жазылуы.

Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.

Қызметтік хаттар. Бұйрық, Рим цифрларының жазылуы

Заң. Қаулы. Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы. Сөздерді тасымалдау ережелері. Жарғы. Жарлық.



3 курс

050113 – биология

5 семестр



Пәннің аталуы

Микробиология негіздері

Қысқартылған таауы

МВ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Успабаева Айгул Аманқұлқызы

Доцент/ оқытушы:

доцент м.а.

Жұмыс тілі:

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, зертханалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ - 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Биохимия», «Цитология»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Прокариоттардың негізгі қасиеттерімен, физиологиясымен, биохмиясымен таныстыру. Олардың клетка пішініне, клетка қабықшасы құрылысына қарай және тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты жүйелеу. Микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық және практикалық маңызын көрсету, микробиологияның басқа биология пәндерімен байланысын анықтау, микробиология саласында ашылған жаңалықтардың әлеуметтік-этикалық көзқарасты қарастырып маңызын көрсету.

Нәтижесінде: прокариоттар мен эукариоттардың негізгі айырмашылығын, микроағзалардың алуан түрлілігін, олардың химиялық және биохимиялық құрылымын, систематикасын, қоректену типтерін, температураға байланыстылығын және т.б. Бактериялардың табиғаттағы таралуын, олардың тамақ және дәрі-дермек өндірісіндегі, ауыл шаруашылығындағы, қоршаған ортаны тазартудағы ролін білу.



Мазмұны:

Дәрістер: Кіріспе. Микробиология және вирусология пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері. 20 ғасырдағы микробиологияның даму тарихы. Қазақстандағы микробиологияның даму жетістіктері мен нәтижелері. Тірі ағзалар жүйесіндегі бактериялар орны. Прокариоттар морфологиясы, құрылысы мен көбеюі. Эукариот микроағзалардың морфологиясы, құрылысы мен көбеюі. Микроағзалардың көбею және даму. Бактериялардың дифференциялдану типтері. Тыныш күйіндегі формалар (эндоспоралар, цисталар, акинеталар). Эндоспораның түзілуі, құрылысы мен қасиеті, өсуі. Микроағзаларды бөліп алу. Микроағзаларды дақылдау. Микрооганизмдердің өсуі. Микроағзалардың систематикасы. Прокариотты ағзалардың топтарына сипаттама. Прокариоттардағы зат алмасу. Жоғарғы молекулалы табиғи органикалық заттардың (белок, көміртегі, липидтер, нуклеин қышықылы, көмірсулар) тотығуы. Әртүрлі мономерлі және полимерлі қосылыстарының ашуы. Әртүрлі ашу түрлерін қоздырушы микроағзаларға сипаттама. Микроағзалардың тыныс алуы. Микроағзалар генетикасы. Плазмидалар: классификациясы, биологиялық қызметі, хромосомалар-дағы интеграция. Топырақтардағы, су қоймаларындағы, ауадағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуы. Микроорганизмдерге әсер ететін абиотикалық факторлар. Мұнай және мұнай өнімдерінің су және топырақ микрофлорасына тигізетін әсері. Ауыр металдар иондарының су және топырақ микрофлорасына тигізетін әсері. Микроорганизмдердің көміртегі, азот, күкірт, фосфор және басқа да табиғи элементтердің айналым циклдеріне қатынасы. Микроорганизмдердің өзара және жоғары сатылы организмдермен қарым-қатынас типтері. Вирустар. Вирусология негіздері. Клеткалардағы вирустардың репродукциясы. Қолданбалы микробиология.




Зертханалық сабақтар: Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау тәртібі. Биологиялық микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережелері. Микроорганизмдер препаратын дайындау және бояу. Бактерия жасушасының құрылысы. Бактериялар морфологиясын зерттеу. Микроорганизмдерді өсіру жағдайлары. Залалсыздандыру және оның түрлері. Табиғи және синтетикалық қоректік орталар. Қоректік орталарды залалсыздандыру. Кох әдісі бойынша микроағзалардың жалпы санын анықтау. Микроағзалардың таза культураларын алу. Бактериялардың морфологиялық белгілерін зерттеу. Зең саңырауқұлақтарының морфологиясын зерттеу. Ашытқы клеткаларының морфологиялық белгілерін зерттеу. Спирттік ашу процесі. Этил спиртінің санын анықтау. Пропион және май қышқылдық ашу процесі. Су микрофлорасын анықтау. Ауа микрофлорасын анықтау. Топырақ микрофлорасын анықтау.

Оқу жұмысының қорытындысы / Қорытынды бақылау түрлері

Микробиологиялық зерттеу жұмыстарының әдістерін, залалсыздандыру әдістерін игеру, қоректік орталарды дайындау, бактериялардың жалпы санын анықтау және олардың таза дақылдарын бөліп алу әдістерін игеру.

Емтихан




Пәннің аталуы

Иммунология

Қысқартылған таауы

ИМ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Успабаева Айгул Аманқұлқызы

Доцент/ оқытушы:

доцент м.а.

Жұмыс тілі:

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ - 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Биохимия», «Цитология», «Генетика»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жеке организмнің жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныштық қасиеттерін зерттеп, иммунитет механизмдерін және олардың ғылыми дәйектілігін, сывороткалар мен вакциналарды дайындау әдістерін, организмнің жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарсы тұру жағдайын зерттеу.

Нәтижесінде: Организмдегі иммунологиялық процестердің қалыптасу заңдылығын, олардың бір-бірімен байланысын антиген мен антиденелердің әсерін, антиденелердің биосинтезін, иммунологиялық реакциялрдың көптүрлілігін және оларды жұқпалы аурулар диагностикасында қолданудың ережелерін білу қажет.



Мазмұны:

Дәрістер: Кіріспе. Иммунология ғылымы, оның зерттеу әдістері мен міндеттері. Иммунологияның молекулалық-жасушалық деңгейде дамуы. Иммунитет түрлері. Табиғи және жасанды иммунитет. Маманданбаған иммунитет, ұлпалық иммунитет, қорғаныштық органдар. Фагоцитоз.Гуморалды иммунитет. Антиген және антиденелер туралы ұғым қалыптастыру. Антиденелер түрлері және құрылысы. Олардың түзілу орындары. Антиденелердің биосинтезі. Антиденелер мен антигендердің қосылуы. Аутоиммундық патология. Иммунологиялық реакциялар және оларды практикада қолданудың ережелері. Аллергия. Аллергиялық зақымданулардың классификациясы.Жылдам реакциялар түрлері. Активті және пассивті анафилаксия. Десенсибилизация. Баяу реакциялар түрлері. Жұқпалы аллергия және олармен күрес жолдары. Онкологияның молекулалық негіздері. Қауіпті ісіктердің пайда болу процесі және клеткалардың трансформациясы. Ісіктердің шығу себептері. Онкогендер. Вакциналар. Вакциналардың классификациясы. Тірі және өлі вакциналар. Вакциналарды дайындау принциптері. Ассоциацияланған вакциналар. Анатоксиндер. Арнаулы сывороткалар. Сывороткаларды дайындау әдістері. Микроорганизмдер және антибиотиктер антогонизмі. Жұқпалы аурулар туралы ілім. Жұқпалы аурудың пайда болу жағдайы және сипаттамасы. Жұқпалы аурулардың түрлері. Жұқпалы аурулардың таралу интенсивтілігі. Микроорганизмдер және олардың жұқпалы процестегі ролі. Микроорганизмдердің патогендіділігі және вируленттілігі. Патогенді микроорганизмдердің түрлері. Макроорганизмдерге әсерін тигізетін факторлар.




Практикалық сабақтар: Иммунологияның молекулалық-жасушалық деңгейде дамуы. Иммунитет түрлері. Антигендер және антиденелер. Антигендер түрлері: аутоантиген, гетероантиген, изоантиген, бактериялар антигендері, капсулалы антигендер. Антиденелер түрлері және қызметі, олардың құрылымы,антиденелердің түзілу орны, антиденелердің биосинтезі. Иммунологиялық реакциялар және олардың практикада қолданылуы.

Аллергия. Аллергиялық зқымданулардың классификациясы. Онкологияның молекулалық негіздері. Вакциналар. Анатоксиндер. Сывороткалар. Микроорагизмдер антогонизмі және антибиотиктер. Жұқпалы аурулар туралы ілім. Адамдардың жұқпалы аурулармен зақымдануының механизмдері. Патогенді микроорганизмдер. Патогенді саңырауқұлақтар. Патогенді қарапайымдылар.



Оқу жұмысының қорытындысы / Қорытынды бақылау түрлері

Емтихан



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет