«Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру» пәнінің


Оқыту процесінің құрылысы



бет3/4
Дата17.04.2016
өлшемі402.81 Kb.
1   2   3   4

Оқыту процесінің құрылысы.


Оқытудың негізгі компоненті: білім – оқу әрекеті болып табылады. Баланың оқу әрекетіндегі таным процесі, таным диалектикасының негізгі ережелерін бейнелендіреді. Оқушының қоршаған ортаны тануы, адамдардың тарихи заңдылықтарымен жүреді. Ол күрделігімен, қарама-қайшылығымен сипатталады және шындыққа жету процесі ретінде. Таным процесі – белсенді процесс. Ол әлемнің ішкі тәжірибелік құрылуымен тығыз байланысты. Танымның шынайылығы тәжірибемен тексеріледі.

Оқыту процесі балалардың үнемі білмеуінен, білуге ауысып отыратындығымен сипатталады.



Таным спецификасы оқытуда жалпы қоғамдық-тарихи тәжірибе түрлері білім, дағды және біліктілікті- түрлі ақыл-ой тәсілдерін және тәжірибелік әрекеттерді игерумен қорытындыланады. Бұл білімнің мазмұны нақты іріктеліп және дидактикалық өңделген. Ғылыми, тереңдігі, білім, дағды және біліктілігін сақтай отырып жеткізілуі, оқушылардың танымдық мүмкіншілігіне төселдендіру. Оқыту барысында педагог балаларды тиімді тәсілдермен қаруландырады.

Білімді игеру процесінің қарама-қайшылығы өзінен-өзі болмайды – ол оқыту мазмұнынын біртіндеп күрделену нәтижесі. Қарам-қайшылықтарды шешу тәжірибенің жинақталуымен емес, жаңа танымдық тәсілдерді игеру жолымен, оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады.



Педагогтың оқыту процесіндегі әрекеті білімді, дағды және біліктілікті белсенді игеруге бағытталған. Олар бірқатар функцияларды атқарады: ақпараттық – білім көзі ретінде; ұйымдастырушылық – балалардың танымдық әрекетін ұйымдастырады; бақылау-диагностикалық – мазмұнын меңгерудің деңгейлерін анықтайды және соған сәйкес оқыту процесін жалғастыруды ұйымдастырады; тәрбиелік – танысатын объектілерге қатынасын қалыптастырады, баланың жеке басын дамытуға жағдай жасайды. Бұл функциялар бір-бірімен өте тығыз байланысты және негізгі функциялар оқыту процесінде баланың жеке басын қалыптастыруда көрініс береді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік,

Балабақша жағдайында және отбасында тәжірибені игеру әртүрлі каналдар арқылы жүзеге асырылады: балалардың үлкендердің өмір әрекетіне қатысуы арқылы, өзіндік бағытталған, тәжірибелік және іздену әрекеттері үлкендердің өмірін және табиғат құбылыстарын бақылау және т.б. Барлық жағдайларда беру және білімді меңгеру, дағды және біліктілік жүйесіз біртіндеп жүзеге асырылады.

Балабақшада оқыту оның негізгі компоненттері (мақсаты, мазмұны, дидактикалық жағдайлары, формасы және әдістері, нәтижесі), мектептегі сияқты, педагогпен баланың өзара әрекеті, білім, дағды және біліктілікті меңгеруге, ақыл-ой күшін және қабілеттерін және олардың қорашағн ортамен қатынасын дамытуға бағытталған. Осыдан оқыту процесі оқытушының әрекеті – педагог (тәрбиеші) және оқушы балалардың белсенді әрекетін біріктіреді. Бұның бәрі тікелей тәрбиешінің басшылығымен, ұйымдастырумен жүргізіледі. Сонымен, балабақшада және мектепте оқыту арасында көп жалпы ұқсастық бар.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


    1. Балабақшада оқыту және оның теориялық негіздері.

    2. Оқыту процесінің құрылысы.

    3. Оқыту процесі кезінде педагогтың әрекеті

    4. Жалпы білім алу мақсаты

    5. Мақсаты, мазмұны, дидактикалық жағдайлары, формасы және әдістері, нәтижесі.

Әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.

  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.

  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
    Т.А. -М.: Педагогика, 1980

  4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
    Издательский центр Академия, 2002 г.



Тақырыбы: Оқытудың негізгі принциптері. 2с.


Мақсаты: Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін ашып көрсету. Оларды қолдану спецификасы туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Дидактиканың басты принциптері.

  2. Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін қолдану спецификасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Дидактиканың басты принциптері.

Балабақшада мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту процесін ұйымдастыру негізінде дидактиканың басты принциптері жатыр. Олардың қолданылуы жас психофизиологиялық ерекшеліктерімен және балалардың жас мүмкіншіліге байланысты.


Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін қолдану спецификасы.


Көрнекі-әрекетті және көрнекі-бейнелі ойлау мектепке дейінгі балалардың оқытуын ұйымдастыруда ең басты орын алады, көрнекілік принципі. Мектепке дейінгі балаларда оның маңызы күрделене түседі, оның мазмұны оларда бейне ретінде қалыптасады, тікелей заттарды, құбылыстарды, қоғамдық өмір және табиғатты қабылдау. әртүрлі көрнекіліктің түрлері (заттар, суреттер, кітаптың графикалары және т.б.), оқыту процесінде қолданылады, балаларда жаңа құбылыстарды толық, нақты бейне қалыптастыру үшін, кейде барларына түзетулерде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін ең тиімді тәсіл, балалардың күнделікті тәжірибесін ұйымдастыру және оны қолдану. Зерттеулер бойынша балалардың тәжірибесін қалыптасытрудың жолдарының (каналдарының) көптігі: үлкендер іс-әрекетіне қатысулары, іздену әрекеттері және сынамалар және т.б. Күнделікті тәжірибесін жолдар (каналдар) арқылы қалыптастыру, толықтылығын қамтамасыз етеді, оқыту процесінің көрнекілік негіздерін кеңеюіне белсенді ықпал етеді.

Көрнекілік принципін жүзеге асыру балалардың алған білімдерін түсінуге көмектеседі, дағды және біліктіліктерін қалыптастырады. Нақты бейне балалардың әртүрлі өздеріне таныс әрекеттерінде қолдануға, процесті танып білуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда белсенді және дербестік принципін қолдану, оқытудың әдіс және тәсілдерімен байланысты, бұл балаларды белсенділікке итермелейді, соның арқасында ол өздігінен «жаңалық» ашады – жаңаны танып біледі, оған әлі таныс еместерін. Оқу-танымдық әрекетіне дағды және біліктілікке балаларды оқыту, олардың танымдық қабілеттерінің үздіксіз дамуына, сонымен қатар белсенді және дербес болуын қамтамасыз етеді

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда, оқытудың жүйелілік және тізбектілігінің принципінің өз спецификасы бар. Бұл принцип берілетін білім, дағды және біліктіліктің логикалық мазмұнын талап етеді. Бұл логика оқыту бағдарламасының бөлімінде біртіндеп дәне тіздектелік бір білімнен басқасына ауысып отырады, олардың кеңеюіне және күрделене түсуін қарастырады. Білім мазмұнын меңгерудің әрбір кезеңіңде нақты болуын талап етеді. Нақты оқыту процесінде жүйелілік және тізбектілік оқыту процесін жоспарында анық көрсетілуі керек, мазмұнын бөліктерге бөлу, әрбір кезең арасында байланыс болу керек, басқа бөлімдердің мазмұнын оқытуда. Мектепке дейінгі балаларды жүйелілік және тізбектілік оқытудың өзіндік ерекшелігі - мазмұнының көлемі аздау болады, біруақытта меңгерілетін, жиі және қайталауда мазмұнының көлемі күрделене түседі. Оқыту процесі сызықты-концентрикалық құрылады.

Мектептегі сияқты, балабақшада да балалардың жас және индивидуалды ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқыту принципі болып табылады.

Балалардың жес ерекшеліктерін есепке алу барлық негізгі принциптерді жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар балалардың эмоционалды күйлерін және шаршап қалуларын, сабақтың мазмұнында нақты уақытын ескерілуі қажет. Осылардың бәрін еске ала отырып, тәрбиеші зейінді дамытуға және ұяң балаларды, тез меңгере алмайтын, белсенділігі төмен балалармен жұмыс бағыттарын ұйымдастырады. Бұл балалармен жиі қосымша түсіндіреді, әрекет жасаудың тәсілдерін көрсетеді және олардың жеткен жетістіктерін жағымды бағалайды. Тәрбиеші біртіндеп балаларды жалпы тапсырмаларды бірге шешуге үйретеді. Тәрбиеші әр балаға тапсырмалардың көлемін белгілейді. Күнделікті жұмыс әрекетінде балалардың әр түрлі жылдамдықтарына байланысты индивидуалды жолдарында қарастырады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.


  1. Дидактикианың басты принциптері.

  2. Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін қолдану спецификасы.

  3. Көрнекілі принципі.

  4. Белсенді және дербестік принципі.

  5. Балалардың жас және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу.

Әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.

  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.

  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
    Т.А. -М.: Педагогика, 1980

  4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
    Издательский центр Академия, 2002 г.


Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістемесі. 4с.

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың әдістемесін классификациясы туралы түсінік беру. Негізгі әдістемелерге сипаттама беру.

Жоспар:
  1. Оқытудың әдістемелері туралы жалпы түсінік.

  2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың әдістемесін классификациясы


  3. Балабақшада оқытудың әдістемеліріне сипаттама.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Оқытудың әдістемелері туралы жалпы түсінік.


Оқыту процесі әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Әдіс – дегеніміз оқытушы мен оқушының әрекетінің арасындағы бірі-бірімен байланыси тәсілдер жүйесі, бағытталған оқу-тәрбие міндеттерін жүзеге асыру.

Оқыту әдісі педагог пен балалардың арасындағы білім, біліктілік және дағдыларын, дүниекөзқарастарын қалыптастыру және қабілеттерін дамыту тәсілдері сияқты қарастырылады. Оқытуда танымдық және балалардың тәжірибелік әрекеттерінің байланысында орын алатын, оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығы.

Оқыту процесінде әртүрлі әдістемелер қолданылады: бақылау, сурет көрмелері мен экрандық әдістемелер, тәжірибелер, жаттығулар, әңгімелесулер, ойын әдістері, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі және т.б.

Қазіргі заман дидактикасында оқыту әдістерінің классификациясы бір жүйеге келмеген, соған байланысты ғалымдар әртүрлі негіздемелер береді. Білім көздеріне сүйене отырып Е.Я.Голант және Н.А.Сорокин әдістерді көрнекілік, сөздік және тәжірибелік деп бөліктерге бөлді. Ю. К. Бабанский классификация негізіне оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қолданады. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин балаларды оқыту процесінде белсенділік дәрежесімен және дербестік әдісін классификациялайды. Олар түсіндіру-иллютративті, репродуктивті, мәселені баяндау, іздену және зерттеушілік әдістерін бөліп көрсетті. Г.И.Щукина әдістер орнын білім және дағдыны игеру үшін оларды әдістерге бөледі, бағытталған алғашқы білімді меңгеруге, және білмді жетілдіру әдісіне.



Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың әдістемесін классификациясы.

Оқытудың әдісін педагог пен балалардың біріккен әрекетінің тәсілі ретінде, соңғы білім, дағды және біліктіліктерді меңгеруге бағытталған, балаларда ақыл-ой күшін және қабілеттерін қалыптастыруға, мінез-құлық және сезімдерін тәрбиелеуге, әдістердің классификация негіздеріне мектепке дейінгілердің ойлау формалары (көрнекі-бейнелі, көрнекі-әрекеттік және сөздік-логикалық) жатқызуға болады.

Мектепке дейінгілердің негізгі ойлау формаларының сәйкестігі, оқыту процесінде олардың әрекетінің тәсілдерін анықтайтын, үш әдістер тобы бөліп көрсетеді: көрнекілік, тәдірибелік және сөздік. Барлық үш топ әдісі мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда қатар қолданылады, негізгі ойлау формаларында. Бөлінген әдістердің топтары әртүрлі тәсілдерді қосуға ұйғарады (үлгіні көрнекілік көрсету, әрекет тәсілдері, сұрақтар, түсіндіру, ойындық тәсілдер – дауыс ырғағы, қозғалыс, тексеру және іздену әрекеттері және т.б.), нәтижесінде әр әдісте әртүрлі үйлесімділікте негізгі ойлаудың үш формасы қолданылады.

Зерртеу материалдары мектеп және мектепке дейінгі педагогика және психология бойынша игерген білім және біліктіліктері балалардың оқу-танымдық әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Бұл әрекеттер ерекшеліктері білімнің құрылысы мен функциясын анықтайды және жаңа жағдайларда қолднуға болады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
  1. Әдіс дегеніміз не?

  2. «Оқыту әдісі» ұғымына сипаттама.

  3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың әдістемесін классификациясы.


  4. Балабақшада оқыту әдістеріне сипаттама.

Әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.

  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.

  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
    Т.А. -М.: Педагогика, 1980

  4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
    Издательский центр Академия, 2002 г.

Тақырыбы: Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. 2с.

Мақсаты: Балабақшада оқытудың формасын бір нысанаға келтіру. Сабақ – балабақшада оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде және оның мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Балабақшада оқытудың формасы. Сабақ – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

  2. Сабақтың мазмұны.

  3. Сабақты ұйымдастыру және балалардың әрекетіне жетекшілік жасау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Балабақшада оқытудың формасы.

Сабақ берудің түрі - арнайы тағайындалған тәртіпте өтетін үйренуші мен үйретушінің (мұғалім, тәрбиеші) арнайы ұйымдастырылған қызметі деп білу керек. Сабақ берудің түрі үйренушілердің сандық құрамына, оқу және үйрене алудың қатынасына (белсенділік және дербестік дәрежесіне), ұйымдастырылу түрінің әдісіне, өткізілу орнына, және жалпы осы оқу процессінде алатын орнына тікелей байланысты. Бұл орын өз кезегінде оқу процессі ұйымдастырылуыдың қандайда бір түрін таңдау кезінде анықталған оқу-тәрбиелеу мақсатына байланысты.


Сабақ – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.


Сабақты ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше көрсеткіштері бар:

  1. Сабақ беру барысында балалар «Тәрбиелеу бағдарламасының» қандайда бір бөліміне сай белгілі көлемде білім алады, әдістемелерді үйреніп дағдыланады.

  2. Сабақ мазмұны, мақсаты балалардың сол сабақ тақырыбын жетік тусінуіне байланысты әдістемелер мен мысалдарды дайындаған және ұйымдастырған тәрбиеші басшылығымен өтеді.

Сабақ беру барысында «Тәрбиелеу бағдарламасын» барлық балалар меңгеруі тиіс, сондықтан ол тәлім-тәрбие алудың негізгі түрі болып табылады. Қалған түрлер балалардың алған тәжірибесін одан ары толықтыру, нақты бекіту мақсатында қолданылады. Көрсетілген ерекшеліктер тәлім-тәрбие алуды мектептегі сабақ беруге біршама жақындатады, бірақ өз ерекшеліктерін жоймайды. Мектептегі сабақ беру мен балабақшада тәлім-тәрбие алудың ең негізгі ерекшелігі – балаға түсетін жүктеме мен құрылымның дәрежесіне, сонымен қатар оқу поцессі кезінде қолданылатын әдістемелерге байланысты.

Сабақтың мазмұны.

Нақты бір сабақтың мазмұны «Тәрбиелеу бағдарламасының» талабына сәйкес сол бөлім бойынша балалардың қалыптасқан оқу-әдістемелік қызметіне және алдыңғы бөлімдер бағдарламасын меңгере алуына, сонымен қатар әртүрлі жас топтарындағы балалардың дамуы мен тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.



Сабақты ұйымдастыру және балалардың әрекетіне жетекшілік жасау.

Сабақ беру барлық балалармен фронтальды өтеді. Ең алдымен балалардың


жоғарғы жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ететін гигиеналық жағдай қамтамасыз етілуі керек.

Нақты бір сабаққа қатысты орын алаңы балалардың сабақты игере алу қызметін жүзеге асыра алатындай жағжайда болуы қажет.

Сабақты ұйымдастыру барысында материалдың рациональды болуы, оның орындалу реттілігі және оны беру әдісі, сипаты анықталады.

Сабақтың ішкі логикасы және құрылымы оның негізгі бөлімдерінде көрсетіледі: сабақ басталуы, барысы, аяқталуы.



Сабақтың басталуы. Сабақтың басында, оның ұйымдастырылуында қойылған негізгі дидактикалық мақсаттар – сабақ мазмұнына қызығушылық көрсету, балалар назарын аудару және олардың алдында осы сабақты толығымен ашу тәрбиешімен шешіледі. Бұл мақсаттар әртүрлі жас топтарында әртүрлі шешіледі. Кіші топтағы балалардың сабаққа назарын заттың (сурет, ойыншық, бала қолданатын зат) түрлі түсті болуы аударады. Ойындық тәсілдер мен ойындық жағдайлар қолданылады. Бұның барлығы балалардың еріксіз назар аударуына есептелген. Жоғарғы топтағы балаларда қажетті орынды ұйымдастыруға машықтырылады, бұл сабаққа қызығушылықты тудырады. Дегенмен, жоғарғы топтағы балалардың назарын аударуда негізгі орынды сабақ берудің мазмұны мен сипаты алады. Мысалды әуел бастан қою сабақтың басынан бастап оның көрсетілуі мен жүргізілу әдісіне байланысты. Кейде мысалды түсіндіру балаларды қатыстыру арқылы жүреді.

Балалар біртіндеп сабақта тәрбиеші сабақ басында және барысында еске салатын белгілі бір ережелерге үйрене бастайды.



Сабақ барысы. Балалардың қызметін басқару сабақта әртүрлі әдістермен жүзеге асады. Оларды таңдау барысында сабақ мақсаты мен мазмұны, балалар жасы, осы бөлімдегі жүйелік орны ескеріледі.

Балалардың сабақта өз бетімен қызмет етуі білімді, тәжірибені бекіту мақсатында ұйымдастырылады. Бұған ең қолайлы жағдай заттың бастамалық кезінде жүзеге асады.

Жоғарғы топтағы балалармен сабақ аяғында жалпы таңдамалық қызметтің нәтижесі шығады. Бірақ тәрбиеші өз кезегінде қортынды нәтижені балалардың өзі айтатындай итермелейді. Сабақ аяғында балалардың алған білімі мен кейінгілерді байланыстыра алуы қажет.

Сабақтың қорытынды бөлімінде сабақ ұйымдастырылуына, балалардың жеке және топтық дағдылануына баға беріледі. Балалар өзара бағаланумен бір-біріне баға беруге қатыстырылады.

Кіші топтағы сабақтың аяқталуы сабақ мазмұнына және балалар қызметіне байланысты жағымды сезімдерді күшейтуге бағытталған. Орта топта біртіндеп балалар арасында баға беруді жіктеу біртіндеп енгізіледі. Жалпы қорытынды бағаны мезгілімен балаларды қатынастыра отырып тәрбиеші айтады.



Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Балабақшада тәлім-тәрбие берудің түрлері. Сабақ беру – балабақшада тәлім-тәрбие ұйымдастырудың негізгі түрі.

  2. Сабақ берудің мазмұны.

  3. Сабақтың құрылымдық бөліктері.

  4. Сабақ берудің ұйымдасуы және балалар қызметін басқару.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.

2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.

3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова Т.А. -М.: Педагогика, 1980

4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М. Издательский центр Академия, 2002 г
3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ

Тәжірибелік №1-6с.

Тақырыбы: Әртүрлі топтарда оқытуды ұйымдастырудың спецификасы.


Мақсаты: Балабақшада әртүрлі топтарда оқытуда қолданылатын әдістерді таңдап, жүйелеу. Әртүрлі топтарда сабақты ұйымдастырудың спецификасын көрсету.

Жоспар:

    1. Ерте сәбилер тобында оқыту.

    2. Кішкентай және ортаңғы топтарда балаларды оқыту.

    3. Ересек мектеп жасындағы балаларды оқыту.

Әдебиеттер:

  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
    umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
    umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
    umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
    umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
    umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
    umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
    umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
    umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет