Оқулық § 1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары Дене құрылымының



Дата17.04.2016
өлшемі149.74 Kb.

Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi

Орта мектептiң 10-сыныбына арналған электрондық оқулық

§ 1.1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары


Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.




1.1-сурет
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен тұрады:

  1. барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады;

  2. бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;

  3. бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.




1.2-сурет
Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы көптеген физикалық бақылаулар мен тәжiрибелер жүргiзу арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi көзқарастарына ең нақты дәлел бола алатын мысалдар:

  • броундық қозғалыс құбылысы (Броун);

  • молекулалық диффузия құбылысы;

  • қазiргi заманғы приборлар көмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар кескiнi. 1-шi суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ дақтар), ал 2-шi суретте кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы келтiрiлген, мұндағы дөңдер – кремнийдiң жеке атомдары.

§ 1.2 Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны.


Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының mocмассасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:

1 а.м.б.=1,66·10-27кг. (1.1)

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:

(1.2)

Зат мөлшерi деп берiлген жүйенiң бөлшектерiнiң, құрылымдық элементерiнiң, санына пропорционал ν шаманы айтады. Оны моль арқылы жазу қабылданған. Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi бiр моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NA арқылы белгiленедi:



NA ≈ 6·1023 моль-1. (1.3)

Сәйкесiнше, кез келген заттың 1 молiнде атомдар саны мен молекулалар саны бiрдей болады. Егер денедегi зат мөлшерi ν мольден тұрса, онда денедегi молекулалар N саны мынаған тең:



N = ν ·NA. (1.4)

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:



М = m0· NA кг/моль. (1.5)

Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар:



М = 10-3 ·Мr кг/моль. (1.6)

Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең:



m = m0· N кг. (1.7)

(1.5) және (1.7) формулаларын пайдаланып (1.4) өрнегiнен мынаны алу қиын емес:



ν = m / М және N = ν·NA = NAA ·m / M . (1.8)

Бөлшектердiң массасымен өлшемдерiн қосымша тәжiрибелiк деректердi пайдалана отырып есептеуге болады. Жеке жағдайда, молекулалардың сызықты өлшемдерiн бағалауға болады.

Молекуланың өлшемiн былайша анықтауға болады. Бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең: , мұнда ρ=m/V – заттың тығыздығы. Молекуланың формасы радиусы r шар тәрiздес болсын. Сондықтан . Осыдан:

(1.9)

Мысалы, су молекуласының радиусы мына шамаға тең:



.

§ 1.3 Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу күштерi. Сұйық, газ тәрiздес және қатты денелердiң құрылымы


Молекулалар қозғалыс кезiнде бiр-бiрiмен өзара тартылыс және тебiлiс әсерiнде болады. 1.3 суретте молекулалық өзара әсерлесу күштерiнiң таралуы молекулалар арасындығы r арақашықтықтан тәуелдiлiгi келтiрiлген. Тартылу және тебiлу күштерi r-дан тәуелдiлiгi әртүрлi, сондықтан олардың қорытқы күшi нөлден өзгеше. Белгiлi бiр r = r0 арақашықтықта тебiлу күшi арасында тепе-теңдiк орнайды. Молекулалардың диаметрiмен салыстырылатын бұл арақашықтық тепе-теңдiк жағдайына сәйкес келедi. r < r0 болғанда тебiлу күшi тартылу күшiнен басым болады. Сондықтан молекулалар бiр-бiрiне ене алмайды. Олардың арасындағы арақашықтық r > r0 өскен сайын, молекулалардың тартылуы тебiлуiн жеңе бастaйды. Олардың ыршып кетуiне жол бермейдi. r >> r0 кезiнде, молекуларалық күштердiң әсерi болмайды.




1.4-сурет
1.4 суретте молекулалардың Ep потенциалдық энергиясының r арақашықтықтан тәуелдiлiгi көрсетiлген. Орнықты тепе-теңдiк (r=r0) жағдайында өзара әсерлесетiн екi молекуладан тұратын жүйенiң потенциалдық энергиясы Ep0 минимумына жетедi. Ep0 шамасын потенциалдық шұңқырдың тереңдiгi деп аталады. Ek-ны Ep0-мен салыстыру заттың үш агрегаттық күйлерiн ажыратуға мүмкiндiк бередi: газ, сұйық, қатты күйi. Атап айтқанда: егер Ek >> Ep0, онда зат газ күйiнде, Ek<Ep0 кезiнде – қатты дене, ал EkEp0 – зат сұйық күйiнде болады.

§ 1.4 Газдың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi


Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.

Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Жеке молекулалардың жылдамдықтары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн, бiрақ бұл жылдамдықтардың модулiнiң орташа мәнi белгiлi бiршама. Жеке молекулалардың жылдамдықтарын v1, v2, v3, . . . , vN арқылы белгiлеймiз. Сонда, жылдамдықтардың квадратының орташа мәнi келесi формуламен анықталады:



,

мұнда, N – газдағы молекулалардың жалпы саны. Екiншi жағынан . Қозғалыстың бейберекеттiгi әсерiнен молекулалардың барлық бағыттарда орынауыстыруы тең мүмкiндiкте. Сондықтан, жылдамдықтың проекциясының квадраттарының орташа мәндерi өзара тең:. Бұны ескере отырып, алатынымыз



(1.10)




1.5-сурет
Ендi идеал газдың ыдыс қабырғасына әсер ететiн күшiн табайық. Қоршаған ортаның қандайда бiр бетке әсерiнiң физикалық сипаттамасы – күш емес қысым болып есептеледi. Қысым деп бiрлiк ауданға нормаль бойымен әсер ететiн күштi айтады. Қысым p әрпiмен белгiленiп, анықтамасы бойынша мынаған тең: p=Fn/S, мұнда S – бет элементiнiң ауданы, ал Fn – бет элементiне перпендикуляр әсер ететiн күш шамасы (1.5 - сурет).

Идеал газ жағдайында Fn нормаль күштiң шамасы келесi өрнекпен анықталады:



(1.11)

мұнда, n – газ молекуласының концентрациясы (бiрлiк көлемдегi молекулалар саны: n=N/V), m0 - молекула массасы.



Бұл қатынастың қорытындысы.

Газдың барлық молекулаларда vx жылдамдық мәнi бiрдей бола бермейдi, олай болса қабырғаға әсер ететiн күштiң уақыт бойынша орта мәнi v2x -қа емес, жылдамдықтарының орташа квадратына пропорционал: . (1.10)-шi формуланы ескере отырып, алатынымыз: Анықтамасы бойынша p = Fn/S. Бұдан шығатыны



(1.12)

Егер арқылы молекуланың iлгерлемелi қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын белгiлесек: , онда (1.12) теңдеуiн басқаша түрде жазуға болады



(1.13)

(1.12) немесе (1.13) қатынастар газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеулерi болып табылады. Олар, тiкелей өлшенетiн, макроскоптық шама – қысымды қозғалыстағы молекулаларды сипаттайтын микропараметрлармен байланыстырады.


§ 1.5 Газдың макропараметрлерi. Tемпература және оны өлшеу


Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды макроскоптық параметрлер деп атайды.

Бұндай шамалар қатарына көлем V, қысым P, температура T және басқалар. Көлем мен қысым механикалық сипатталатын шамалар. Температура дененiң қызу дәрежесiн бередi, оның iшкi энергетикалық күйiн анықтайды.

Егер қандайда бiр оқшауланған жүйенi құрайтын денелер температурасы бастапқы уақытта әртүрлi болса, онда уақыттың келесi мезеттерiнде олар бiртiндеп теңесе бастайды да ақырында бiрдей болады, денелер арасында жылулық тепе-теңдiк орнайды.

Жүйенiң жылулық тепе-теңдiгi деп оның барлық макроскоптық параметрлерi қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуын айтады.






1.6-сурет
Осылайша, температура денелер жүйесiнiң жылулық тепе-теңдiк күйiн сипаттайды, атап айтқанда: өзара жылулық тепе-теңдiкте тұрған жүйенiң барлық денелерiнiң температуралары бiрдей болады. Оны өлшеу үшiн кез келген макроскоптық белгiлi шаманың температурадан тәуелдiлiгiн пайдалануға болады. Практикада дененiң жылулық кеңу қасиетi жиi қолданылады, атап айтқанда, қысым тұрақты болғанда сұйық көлемiнiң өзгеруiнiң температурадан тәуелдiлiгi. Температураны өлшейтiн прибор – термометр, осы принципте құрастырылған. Термометрдi градуирлегенде санақ басын (0 деңгейiн) мұздың еру температурасын алады. Екiншi тұрақты нүктесi (мәнi) ретiнде (100 деңгейi) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасы алынады (1.6 - сурет).




1.7-сурет
Бұл Цельсийдiң градустер шкаласы деп аталады. 0-мен 100 нүктелерiнiң аралығын градус деп аталатын теңдей 100 бөлiкке бөлiнген (1.7 - сурет). Сұйық бағанының бiр бөлiкке жылжуы (орынауыстыруы) температураның 1 градус Цельсийге өзгеруiне сәйкес келедi. Әртүрлi сұйықтардың қыздырылғанда кеңуi (ұлғаюы) бiрдей болмағандықтан, термометрлерде оған сәйкес градуирленген.

§ 1.6 Температура - идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi


Барлық газдар жылу тепе-теңдiгi кезiнде температуралары бiрдей болады. Молекулалардың жылулық қозғалысы сөз болғандықтан, температураны молекулалық деңгейдегi физикалық шамалар арқылы жазу керек. Бұндай шама ретiнде молекуланың iлгерлемелi қозғалысының кинетикалық энергиясын алуға болады. Бұл жорамал үш ыдыспен жасалған тәжiрибеде толық дәлелденедi.

Тәжiрибе көрсеткендей, θ=pV/N қатынасы температурадан басқа ештеңеден тәуелдi емес, сондықтан оны Т температураның бiрден-бiр өлшемi ретiнде қарастыруға болады.



θ = kТ немесе pV/N = kT, (1.14)

мұнда k – Больцман тұрақтысы деп аталатын пропорционалдық коэффициентi.

(1.14) теңдiгiмен анықталатын температура терiс шама болуы мүмкiн емес. Сондықтан ол абсолюттi температура деп аталады.

Температураның абсолюттi нөлi (Т = 0) деп молекулалық қозғалыстардың тоқтаған кезiн (E = 0) айтады. Бұл табиғаттағы ең төмен температура. Осы анықтама негiзiнде ағылшын ғалымы У.Кельвин температураның абсолюттi шкаласы ұғымын енгiздi. Бұл шкала бойынша температура абсолюттi нөлден бастап саналады және оның бөлiктерi Цельсий шкаласының градусына тең. Абсолюттi T температура мен Цельсий шкаласы бойынша t температураның арасындағы байланыс Т = t+273 теңдiгiмен берiледi. СИ жүйесiнде абсолюттi температура кельвинмен өлшенедi және ол К әрпiмен белгiленедi. Бiр кельвин Цельсий шкаласы бойынша бiр градусқа тең (1 К=1oС).

(1.14) өрнегiн молекулалық-кинетикалық теорияның PV/N=2/3 түрiндегi негiзгi теңдеуiмен теңестiрiп

. (1.15)

Осылайша, абсолюттi температура газ молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi болып табылады.

(1.14) формуладан шығатыны мынадай өрнек

p = nkT. (1.16)

Қысым мен температура бiрдей болған жағдайда барлық газдардағы молекулалар концентрациясы да бiрдей болады (k тұрақтысы газдың қасиетiнен тәуелсiз). Басқаша айтқанда Авогадро заңының орындалуы байқалады: көлемдерi бiрдей газдарда қысым мен температура бiрдей болған жағдайда олардағы молекулалар саны да бiрдей болады.


§ 1.7 Газ молекуласының жылдамдығы. Штерн тәжiрибесi


Газ температурасы белгiлi болса, онда оның молекуласының қозғалысының орташа түзу сызықты жылдамдығын есептеуге болады. теңдеуiмен орташа кинетикалық энергия анықтамасынан теңдiгiмен теңестiрiп жылдамдықтың орташа квадраты үшiн келесi өрнектi аламыз: . Бұл шамадан алынған квадраттық түбiр орташа квадраттық жылдамдық деп аталады:

(1.17)




1.9-сурет
Есептеуден байқалатыны, молекулалардың жылдамдығы жоғары. Оларды салыстыру мүмкiн емес, мысалға, еркiн диффузия жылдамдығымен салыстырғанда. Соқтығысудың бейберекеттiгiнiң әсерiнен молекула траекториясының түзу сызықты бөлiктерiнде ғана жылдамдығы жоғары мәнге ие. Жалпы оның қандайда бiр бағытта орынауыстыруы салыстырмалы жоғары емес.

Арнайы тәжiрибе арқылы бұл жылдамдықты өлшеуге және есептелген мәнiмен салыстыруға болады. (1.12) формуласының дұрыстығын алғаш рет О.Штерн тәжiрибесiмен дәлелдендi. Штерн тәжiрибесiнiң жетiлдiрiлген түрi демонстрациялық моделде келтiрiлген (1.9 -сурет).


§ 1.8 Больцман тұрақтысы. Клайперон-Менделеевтiң күй теңдеуi


Температура үшiн pV/N = kT түрiндегi формуланы практикада пайдалану пропорционалдық коэффициенттiң k сандық мәнiн бiлудi қажет етедi. Оны табуға болады, егер тәжiрибелерден белгiлi мәлiметтердi пайдаланса. Атап айтқанда, үш ыдыспен жасалған тәжiрибеден: V = 0.1м3 көлемдi алатын сутегiнiң бiр молi үшiн, θ= pV/N шамасы температураның T1=273oК мәнiнде мынаған тең θ0 = 3.76·10-21 Дж, ал T2=373oК болғанда – θ100 = 5.14·10-21 Дж. Температураның осы мәндерiндегi айырмасын θ= kT өрнегiн пайдаланып жазсақ , шығатыны θ100 – θ0 = k(Т2 – Т1) немесе (5.14 –3.76)·10-21 Дж = k·100o К. Бұдан

k = 1.38·10-23Дж/К. (1.18)

Бұл коэффициент Больцман тұрақтысы деп аталады. Ол энергетикалық (Дж) өлшем бiрлiкпен анықталатын θ температураны, өлшем бiрлiгi Кельвинмен анықталатын, Т температурамен байланыстырады.

Молекулалық кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi p қысым, V көлем және T температура арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұндай байланысты жазатын өрнек күй теңдеуi деп аталады. Егер газ молекуласы концентрациясының өрнегiн n=N/V=mNA/VM түрiнде алса, онда p=nkT теңдiгiнен мынау шығады:

pV = mkNAT/M. (1.19)

Больцман тұрақтысының k Авогадро санына NA көбейтiндiсiн универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпiмен белгiлейдi:

R = k NA = 8.31·103 Дж/(кмоль·К). (1.20)

Бұл енгiзiлген R тұрақтыны тағы да пайдаланып кез келген массасы m үшiн идеал газ күйiнiң теңдеуiн аламыз:



pV = mRT/M. (1.21)

Бұл Менделеев-Клапейронның күй теңдеуi деп аталады. Кейде бұл теңдеу алғашқы формасында қолданылады:



P1V1/T1 = p2V2/T2 = const, (1.22)

мұндағы 1 және 2 индекстерi газдың мүмкiн болатын кез келген екi күйiнiң параметрлерiне сәйкес.


§ 1.9 Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi.





1.10-сурет
Параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi изопроцестер деп атайды. Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) газ заңдары деп атайды.

Идеал газ күйiнiң теңдеуiне сүйенiп изопроцестердiң негiзгi түрлерiнiң физикалық құбылыстарын қарастырайық.

Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изотермиялық процесс деп атайды. Бұл процесс Бойль - Мариотт заңмен жазылады:

PV = const

Газ температурасын тұрақты ұстау үшiн, оның температурасын өзгертпейтiндей етiп жылуалмасып тұратын жүйе – термостат қажет. Әйтпесе, газ сығылғанда немесе созылғанда оның температурасының өзгерiсi елеулi.Изотермиялық процестiң (P,V) жазықтығындағы графигi, мзотерма деп аталатын, гиперболаны бередi (1.10 - сурет).




1.11-сурет
Қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изобаралық процесс деп атайды. Егер ыдыста газ қысымы тұрақты болуы үшiн, оның қабырғалары жылжымалы (қозғалмалы) болуы керек. Изобаралық процестiң (V,Т) жазықтығындағы графигi, мзобара деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.11 - сурет).




1.12-сурет
Көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изохоралық процесс деп атайды. Егер газ герметикалық ыдыста болса, онда газ көлемi тұрақты болады. Изохоралық процестiң (P,T) жазықтығындағы графигi, мзохора деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.12 - сурет).

Есептердi шешудiң мысалдары.


Есеп 1.

100 г суда сутегiнiң қанша атомы бар?



Шешуi.

Судың молярлық массасы M≈18·103 болғандықтан, зат мөлшерi . Молекулалар саны .



Есеп 2.

Егер оттегiнiң молярлық массасы болса, онда оның молекуласының массасын есептеңiздер.



Шешуi.

Заттың бiр молiнде NA молекулалар бар болғандықтан, молекуланың m0 массасы мына формуламен анықталады: .



Есеп 3.

Сутегi молекуласының массасы 3,3·10-27кг. Сутегiн идеал газ деп есептеп, оның концентрациясы 1025м-3 және молекулалық жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 700м/с болғанда, қабырғаға түсiретiн қысымын табу керек.



Шешуi.

Идеал газ қысымымен, концентрациясы, молекулалық массасы және орташа квадраттық жылдамдық арасындағы байланыс молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуiмен өрнектеледi:



.

Есеп 4.

Концентрациясы 3·1025м-3, қысымы 105Па идеал газдың молекулаларының iлгерлемелi қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңыздар.



Шешуi. Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуiнен:

алатынымыз: .

Есеп 5.

Цельсий шкаласы бойынша термометрдiң көрсетуi . Бұл температура абсолюттiк шкала бойынша неге тең?



Шешуi.

Абсолюттi температура мен Цельсий шкаласы бойынша алынатын температураны байланыстыратын қатынасты жазамыз: T = t + 273

Бұдан: T = (-73+273)oK=200oK.

Есеп 6.

Ауаны идеал газ деп есептеп, қалыпты жағдайда ауадағы молекулалар концентрациясын табу керек.



Шешуi.

Қалыпты жағдайда T=273oK, P = 105Па. Газ қысымы ρ = nKT формуласымен есептелетiндiктен, бұдан шығатыны .



Есеп 7.

Идеал газдың абсолюттiк температурасы 2 есе кемiгенде, оның молекулаларының жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгередi?



Шешуi.

Температуралары T1 және T2 кезде, газ молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының формуласын жазамыз: ;



; екiншi теңдеудi бiрiншiге мүшелеп бөлiп, алатынымыз:

.

Есеп 8.

Қалыпты атмосфералық жағдайда қандайда бiр газ тәрiздес заттың 10°C температурада тығыздығы 2,5 кг/м3. Осы заттың молярлық массасын табу керек.



Шешуi.

болғандықтан, идеал газ күйiнiң теңдеуiн былай жазуға болады: бұдан .

Есеп 9.

Көлемi V1= 6 л газ изотермиялық сығылған. Бұл кезде қысым Δp = 4кПа-ға өстi. Бастапқы қысымы p1 қандай болған?



Шешуi.

Бойль-Мариот заңы бойынша: және p2=p1 + Δp болғандықтан, оны бiрiншi теңдiкке қойсақ , одан шығатыны



Түсiнiктеме сөздiк
Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi
Авогадро тұрақтысы – массасы 0,012кг 12C көмiртегiндегi атом саны, және ол NA арқылы белгiленедi: NA6·1023моль-1.

Бiр моль – массасы 0,012кг 12C көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi.

Газ заңдары – газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланыс (тәуелдiлiк).

Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы – барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiм.

Жылулық тепе-теңдiк – жүйенiң барлық макроскоптық параметрлерiнiң қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуы.

Зат мөлшерi – заттың молекулалар санына тең шама.

Заттың молярлық массасы М – бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасы. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең: M= m0·NAкг/моль.

Молекулалар өлшемi – бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең шама: , мұнда ρ=m/V– заттың тығыздығы.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы MR – заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы m0C массасының 1/12 бөлiгiне қатынасы:

Идеал газ – молекулаларының өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.

Изобаралық процесс – қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.

Изопроцестер – параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестер.

Изотермиялық процесс – температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.

Изохоралық процесс – көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.

Қысым – бiрлiк ауданға нормаль бойымен әсер ететiн күш.

Макроскоптық параметрлер – дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамалар.

Орташа квадраттық жылдамдық – газ температурасы белгiлi болса, онда оның молекуласының қозғалысының орташа түзу сызықты жылдамдығын: теңдеуiмен орташа кинетикалық энергия анықтамасынан теңдiгiмен теңестiрiп, одан алынған квадраттық түбiр:

Температура – идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi.

Температураның абсолюттi нөлi (Т=0) – молекулалық қозғалыстардың тоқтаған кезi (E=0).

Температураның абсолюттi шкаласы – температураның санақ басы абсолюттi нөлден бастап саналады және оның бөлiктерi Цельсий шкаласының градусының бөлiктерiне тең.



Термометр – температураны өлшейтiн прибор.

Т = t+273 – абсолюттi T температура мен Цельсий шкаласы бойынша t температураның арасындағы байланыс теңдiгi.

Цельсийдiң градустер шкаласы – санақ басына (0 деңгейiне) мұздың еру температурасын алып, екiншi тұрақты нүктесi (мәнi) ретiнде (100 деңгейiне) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасын алып, ол екi аралықты теңдей 100 бөлiкке бөлiнген термометр.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blogs -> «МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш
blogs -> Сабақ Тақырыбы: Excel-де формулалар мен функцияларды енгізу Сынып: 8
blogs -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет