Оқулық Алматы, 2012 2 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата08.10.2019
өлшемі2.98 Kb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. В. ПАНЬШИНА 
Ж. Ж. АЙТПАЕВА 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
Оқулық
Алматы, 2012

2
УДК 37.0
ББК 74.04
П 15
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Ғ. З. Əділғазинов;
педагогика ғылымдарының докторы 
С. Ж. Тыныбекова;
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Ш. Қирабаева.
Паньшина Т. В., Айтпаева Ж. Ж.
Педагогикалық менеджмент: Оқулық/Т.В. Паньшина, Ж.Ж. Айтпае-
ва. Алматы, 2012. – 248 б.
ISBN 978-601-80220-8-1
Оқулықта білім беру жүйесін басқарудың негізгі мəселелері қарастырылған. 
Сонымен қатар педагогикалық менеджменттің даму болашағы жəне қазіргі 
жағдайы, менеджменттің негізгі функциялары жəне оларды білім беру 
мекемелерінде жүзеге асыру ерекшеліктері көрсетілген. Білім сапасының 
педагогикалық менеджментінің негізі ретіндегі тəсілдер талданды, сапаны 
басқарудағы МЖМБС рөлі қарастырылды. Білім беру үрдісінің менеджері 
ретінде педагогтың қызметіне сипаттама беріледі.
Дифференцияланған тапсырмалар түрлерін өңдеуде білім алушылардың 
білімін тереңдету үшін қолдануға болатын қосымша материалдар бөлімнің 
соңында берілген.
Оқулық бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға 
дайындалған («Педагогика жəне психология», «Кəсіптік оқыту», «Хи-
мия» мамандықтары). Сондай-ақ магистратура тыңдаушыларына, жүйенің 
практикалық жұмысшыларына да пайдалы болуы мүмкін.
 
ISBN 978-601-80220-8-1
П 15
УДК 37.0
ББК 74.04
© Паньшина Т. В., Айтпаева Ж. Ж., 2012
© Қазақстан Республикасы жоғары 
    оқу орындар қауымдастығы, 2012

3
МАЗМ¥НЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
I тарау. Менеджмент: теориялық негіздері жəне білім 
мекемелерінде іске асыру тəжірибесі 
1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім жүйесінің
заманауи жағдайы жəне даму келешегі  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.2. Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент,
негізгі түсініктері  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
1.3. Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуы  . . . . . . . . . 26
1.4. Менеджменттің негізгі функциялары  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44
1.4.1. Жоспарлау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51
1.4.2. Ұйымдастыру  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60
1.4.3. Уəж жəне ынталандыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 72
1.4.4. Бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 83
1.4.5. Шешімдерді қабылдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 95
1.4.6. Ақпарат жəне коммуникация. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
1.5. Білім сапасы: мəні мен құрылымы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  111
1.6. Білім берудің мемлекеттік стандарттары - білім 
саласындағы басқарудың нормативтік базасы . . . . . . . . . . . . . . . . . .  119
1.7. Педагогикалық менеджментте білім сапасының 
мониторингісі  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 127
ІІ тарау. Білім беру мекемесіндегі басқару субъектілері 
2.1. Мектеп менеджерінің қызметі жəне мектеппен басқару . . . . . . 141
2.2. Педагог оқу-тəрбие үдерісінің менеджері ретінде . . . . . . . . . . . 154
2.3. Білім алушылар оқу (танымдық) қызмет пен
басқару субъектісі ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 166 
2.4. Шиеленістер жəне білім беру мекемесімен басқару  . . . . . . . . . 175
2.5. Басқару еңбегінің этикасы жəне мекемедегі корпоративтік
(ұйымдық) мəдениет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 191
2.6. Білім беру мекемесіндегі менеджменттің тиімділігін
диагностикалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 202
ОҚУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР  . . . . . . . . . . . . . . . . . . 215
ҚОСЫМШАЛАР  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 223
А ҚОСЫМШАСЫ  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 223

4
Б ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 228
В ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 230
Г ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 232
Д ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 233
Е ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 234
Ж ҚОСЫМШАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 239
И ҚОСЫМШАСЫ  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 242

5
КІРІСПЕ
Уақыт талаптарына сəйкес білімді үнемі дамыту қажеттілігі осы 
əлеуметтік салада басқаруды жетілдіру бойынша жаңа міндеттерді 
алға қояды. Заманауи менеджменттің маңыздылығы мемлекетіміздің 
көптеген нормативтік құжаттарында, оның ішінде Қазақстан 
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында жүйелі көрсетілген. Осы 
Бағдарламаның басты мақсаты – білімнің бəсекеге қабілеттілігін 
арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің 
қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен адам капиталын дамы-
ту – білім саласын басқаруға жаңа көзқарастарды, педагогикалық 
қызметкерлердің əртүрлі санаттарының жəне білім беру қызметтерінің 
тұтынушыларын басқарушы қызметке енгізілуін талап ету. 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарының ішінде 
келесілері аталған:
– білім қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге 
бейімделген қаржыландыру жүйелерін жетілдіру;
– педагог кəсібінің беделін арттыру;
– білім беру мен басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін 
қалыптастыру.
Сондықтан, бүгінді таңда тиімді басқару құзыреттіліктерін игеру, 
білім мекемелерінің басшыларына да, педагогтарына да өте қажет. 
Білім саласындағы басқарушы қызметті жетілдірудің негізгі бе-
талыстары оның мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық 
басқаруға көшуімен байланысты. Сонда басқарушы қызметтердің 
бірқатары мемлекеттік биліктен педагогтарға, оқушылар мен олардың 
ата-аналарының, қоғамдық өкілдерден жəне басқалардан тұратын 
қоғамдық ұйымдарға тапсырылады. Сонымен, педагогикалық менедж-
мент, оның ерекшелігі туралы негізгі ұсыныстар білім беру проблема-
ларын шешуге қосылған қоғамдық өкілдерде де қалыптастырылу ке-
рек.
Осының бəрі бакалавриат пен магистратураның оқу жоспарлары-
на болашақ педагогтарда басқарушы құзыреттерді қалыптастыруға 
бағытталған курстарды, оның ішінде «Педагогикалық менеджмент», 
«Педагогикалық менеджмент жəне заманауи мектептегі басқару» жəне 
басқа оқу пəндерін енгізуді негіздеді.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ тақырыбымен  студенттерге білім-
дерін кеңейтуге бағытталған, зерделенетін проблемаға əртүрлі 
көзқарастарды ұсынатын, сыни талдау мен түсінуді талап ететін 
ақпарат ұсынылады.

6
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР блогы студенттердің білімді 
репродуктивтік игеруімен қатар, алған білімдеріне шығармашылық 
қайта құру бойынша ықпал етеді.
Білім алушылардың басты / жалпы жəне пəндік құзыреттіліктерін 
қалыптастыру үшін бұл оқу құралында теориялық сұрақтарды 
практикалық жолмен шешуге бейімдеулерін қалыптастыру мақсатында 
əртүрлі типті жəне деңгейлі білім мекемелерінің басқару тəжірибесі 
ұсынылған. Осы тəжірибенің белгілі бөлігі Өскемен қаласының мек-
тепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептеріндегі 
тəжірибелік-эксперименталдық жұмыс пен ғылыми жетекшіліктің 
қызметін атқаратын автордың тікелей қатысуымен құрылған.

7
І тарау. МЕНЕДЖМЕНТ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖƏНЕ БІЛІМ 
МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТƏЖІРИБЕСІ
 1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім 
жүйесінің заманауи жағдайы жəне даму келешегі
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) 
қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік əрекетіндегі алатын басты рөлін 
анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның 
да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің 
аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман 
А. И. Субетто: «XXI ғасырдың адам жəне қоғамының жаңа онтология-
сында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы жəне қоғамдағы 
білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты бо-
лып табылады» деген [99, 44 б.]
Осының салдарынан, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің да-
муымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының 
бағыттарын анықтау маңыздылығы едəуір өсуде. Осы саладағы ма-
мандар мақұлдағандай [16], стратегиялық менеджменттің мəні – үш 
маңызды сұраққа жауап беруінде:
– Қазіргі таңда кəсіпорын қандай жағдайда?
– Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?
– Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?
Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кəсіпорынның 
ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кəсіпорын құрауышының 
бірі болатын жүйенің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда 
стратегиялық көру, əлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін 
түсіну қажет. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен 
қатар, білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық 
(келешектік) сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық 
құжаттарға негізделуі тиіс.
Осы нормативтік-құқықтық актілерді əрекет ету саласы, олар-
ды шығаратын субъектілері жəне басқа көптеген белгілері бойын-
ша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық 
құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:
1) жоғары заңдық құқыққа ие заңдар - актілер; 
2) заңға тəуелді актілер - заңдарға негізделген жəне оларға қарама-
қайшы келмейтін актілер. 
Білім беру қызметін жəне басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші 
тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне 2007 жылғы 
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ, 

8
мысалы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық 
орта білім туралы тұжырымдамасы жəне Қазақстан Республикасының 
үздіксіз педагогикалық білімінің тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің 
қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын іске асыратын Білім 
ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар ұсынылған.
Қазақстан Республикасындағы білім жағдайы жəне дамуы тура-
лы Ұлттық баяндамада (2008 ж.) «білім беруді дамытудың заманауи 
кезеңінде тұрғындар үшін білім беру қызметтерінің жоғары сапасына 
қол жеткізу айрықша маңызды. 2000 жылы Нью-Йоркте ең дамыған 
елдер, Мемлекеттер Басшылары Саммитінің Декларациясымен 
қабылданған мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі – жалпы баста-
уыш білімге қол жеткізу, білім беру жүйелерінің бағытында ең жоғары 
сапасын белсенді жетілдіру [66, 4 б.]. 
Белгілі болғандай, тұрғындардың білімділік сапасының межелері, 
адам денсаулығы, ұзақ өмір сүруі, ІЖК мөлшері əртүрлі интегралдық 
ел аралық өлшемдерінің көрсеткіштері болады. Олардың ішіндегі, 
ең танымалдарының бірі – əртүрлі елдер мен өңірлердің өмір сүру 
деңгейлерін салыстырмалы талдаудың стандарттық құралы болатын 
адамның даму индексі. Тұрғындар білімділігі екі параметрдің негізінде 
- ересек тұрғындардың сауаттылығы жəне білім берудің негізгі 
деңгейлерімен (бастауыш, орта жəне жоғары) тұрғындардың қамтылуы 
дəрежесі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасындағы білім 
беру жағдайы жəне дамуы туралы Ұлттық баяндамада (2008 ж.) 
айтылғандай, соңғы 12 жылда адам даму индексінің (АДИ) артуы бо-
йынша елдердің тиісінше рейтингісінде Қазақстан 20 орынға жоғары 
көтеріліп, Беларусь жəне Ресейден басқа, ТМД-ның барлық елдерін 
артта қалдырып, 2007 жылы 73-ші орынды иеленді [66, 5 б.].
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалардың 
қарқындылығы, кең көлемде дамуы мен динамикасы осы салаға едəуір 
назар аударылғанын растауда. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-
2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекет дамуының жеті негізгі 
басымдылығынан, оның ішінде əлеуметтік өмір саласымен байланыс-
ты мына пункттерден тұрады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саясат ішіндегі тұрақтылық жəне қоғам консолидациясы.
3. Шетел инвестицияларының жəне ішкі жинақтаулардың жоғары 
деңгейі мен ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.
5. Инфрақұрылым, əсіресе, көлік пен байланыс.
6. Кəсіби үкімет.

9
7. Негізгі функцияларға дейін шектелген кəсіби мемлекет.
«Білім беру жүйесі» деп аталатын кеңінен қолданылатын термин 
нені ұқтырады? Білім беру жүйесі 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» 
Заңында өзара əрекет етушілердің жиынтығы ретінде төмендегіше си-
патталады:
1) білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білімнің 
мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары жəне білім берудің оқу 
бағдарламалары;
2) меншіктік нышанына, типі мен түріне қарамастан білім беретін, 
оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары;
3) білімді басқару органдары жəне тиісті инфрақұрылым, оның 
ішінде білім сапасының мониторингісін жүзеге асыратын ғылыми 
жəне оқу-əдістемелік қамту ұйымдары.
ҚР «Білім туралы» Заңының (2007 ж.) 2 тарауы өз баптарында 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім саласындағы уəкілетті орган 
құзыреттілігінің, білім саласындағы жергілікті өкілетті жəне атқарушы 
органдары құзыреттілігінің сипаттамасын ашуда.
«Білім туралы» заңында көрсетілгендей, білім саласындағы 
мемлекеттік реттеу білімге деген конституциялық құқықтардың іске 
асыруын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға жəне білім 
беру ұйымдарымен ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары сапасын 
қамтуға бағытталған (8 тарау, 54-бап).
Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің əртүрлі 
деңгейлері мен бағыттарын қамтитын инновациялардың тұтас 
жүйелерін енгізуімен байланысты. «Білім туралы» заңында білім 
берудің оқу бағдарламаларындағы үздіксіздік пен сабақтастықты 
көздейтін деңгейлерге келесілер жатқызылған: 
1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқу;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім;
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық жəне кəсіби білім);
5) орта білімнен кейінгі білім;
6) жоғары білім;
7) жоғары білімнен кейінгі білім.
Балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қолжетімділігін 
қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім мен оқу жүйесінің мазмұнын 
білім берудің бүкіл жүйесімен жаңғыртуына сəйкес келісу қажеттілігі 
мектепке дейінгі мекемелер желісі сан жағынан ғана емес сапа жағынан 
да өзгере бастағанын анықтады. Дəстүрлі балабақшалар, балабақша-
бөбекжайлармен қатар, оның ішінде баланың бастауыш жалпы білім 
алуына мүмкіндік беретін балабақша-мектептер құрыла бастады. 

10
5 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды топтары мен сыныптар жал-
пы білім беретін орта мектептерде де ашылуда. Мұнда білім берудің 
осы деңгейлерінің арасында сабақтастық қағидатын жүзеге асыруға, 
олардың қызметін үйлестіруге жағдайлар жасалуда.
Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін 
басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытуды 
көздейтін бейіндік оқытуды енгізді [1]. Осы педагогикалық жүйе жəне 
білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кəсіби 
бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кəсіби білім бағдарламасын 
игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімдік пара-
дигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзыреттіліктерін 
қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау жəне 
жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру, оқушылардың сапалы білімге 
қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалпы орта жəне жоғары кəсіби білім 
деңгейлерінің сабақтастық мақсаттарына қол жеткізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының əлемнің 50 бəсекеге қабілетті 
елдерінің қатарына кіру міндеті 12 жылдық мектепке есептелген жал-
пы орта білімнің белгілі халықаралық стандарттарына бағдарлауды 
негіздеді. Осыған байланысты елімізде балалар білімінің жаңа мерзімін 
қамтамасыз ететін білім беруге ауысуға деген дайындығы белсенді 
жүргізілуде. 12 жылдық білімнің құрылымдық-мазмұндық үлгісі, 
қажетті нормативтік құжаттары əзірленген, бірқатар қазақстандық мек-
тептерде осы үлгіні енгізу бойынша эксперимент жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қатаң орталықтандырылған сипатқа ие болады деп 
күтілетін орта білім берудің мониторингтік жүйесі əзірленуде. Осы 
жүйеде ҚР Білім жəне ғылым министрлігі тұтынушыларға сапалы білім 
беру қызметінің кепілгері рөлін атқарады. Қазақстан Республикасын-
дағы кəсіби білімнің барлық деңгейлеріне де түбегейлі өзгерістер тəн. 
Орта кəсіби білімді мамандардың тапшылығы техникалық жəне кəсіби 
білім беру үлгілерін жаңғыртуды талап етеді. ҚР-ның Білім жəне ғылым 
министрі Республикалық педагогикалық форумдағы өз сөзінде, білім 
берудің осы деңгейінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шара-
ларды айқындап, олардың қатарына бизнес-ассоциациялар өкілдерінің, 
жұмыс берушілердің, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 
кадрларды даярлау бойынша 4 өңіраралық орталықтан жəне əлемдік 
деңгейдегі колледждерден, салалық жəне өңірлік кеңестерден тұратын 
«Кəсіпқор» Холдинг» АҚ-ның қатысуын, Ұлттық кеңестің құрылуын 
атап өткен еді.
Бұл өзгерістер жоғары білім беру жүйесінде, құрылымында, 
мазмұнында, білім беру технологияларында, жоғары оқу орындары 
мəртебелерінің санатында орын алды. «Жоғары білімді реформалаудың 

11
маңызды нəтижелерінің бірі болып табылатын əр типті жоғары оқу 
орындарының желісі – университеттер, академиялар, институттар, 
филиалдар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстанның жəне өзге 
мемлекеттердің біріккен күштерімен құрылған жоғары оқу орындары, 
сондай-ақ мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының желісін дамы-
ту» – деп көрсетілген [108, 18 б.].
Мұның бəрі, сөзсіз, білім берудегі қызмет нарығының дамуы-
на, бəсекелес ортаны құруға ықпал етеді. Нəтижесінде жоғары білім 
жүйесінің ілгері қарыштап дамуын қамтамасыз етуге қабілетті сыни 
көпшілік қалыптасады.
Сонымен, жоғары кəсіби білім реформаларының негізгі 
бағдарының қатарына оны нарықтық экономикаға сəйкестендіру жəне 
білім жүйесінің əлемдік білім беру кеңестігіне енуі жатады, яғни 
ҚР-ның жоғары мектебі əлемде өтіп жатқан жаһандық өзгерістерден 
тыс қала алмады. Мысалы, ΧΧΙ ғасыр үшін жоғары білім туралы 
Дүниежүзілік декларацияда (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) [59, 91 б.] 
«тарихы бірнеше жүзжылдықтан тұратын жоғары білім өзінің өмірге 
икемділігін, өзгерістерге, қоғамдағы қайтадан жаңару мен өрлеуге де-
ген өзінің қабілеттілігін дəлелдеп көрсетті» делінген. Қайта жаңарудың 
ауқымдылығы мен қарқыны зор болғандықтан, қоғам білімге негізделіп 
отыр. Қазіргі таңда жоғары білім жəне ғылыми зерттеулер адамның, 
қоғамдастықтар мен ұлттардың мəдени, əлеуметтік-экономикалық 
жəне экологиялық тұрақты дамуының маңызды құраушылары ретінде 
көрсетіледі. Сондықтан да жоғары білім алдында түбегейлі өзгерістер 
мен жаңаруды талап ететін орасан зор міндеттер тұр, ... терең 
дағдарысты басынан өткізіп жатқан біздің қоғамда, экономикалық 
пайымдаудың шегінен шығып, адамгершілік пен имандылықтың аса 
терең аспектілерін түсінуге мүмкіндігі болса», - делінген.
Білім берудің заманауи жүйесіне ұсынылатын талаптар 
Қазақстанның Болон процесінің кеңестігіне кіруіне негіз болды. Бо-
лон декларациясының қағидаттарына сəйкес 2004 жылдан бері ҚР-ның 
жоғары оқу орындарында жоғары жəне жоғары оқу орыннан кейінгі 
білімнің көп деңгейлі құрылымы жүзеге асырылуда: бакалавриат – ма-
гистратура – докторантура (PhD).
 Жоғары білімнің Еуропалық аумағына кіру елдің зияткерлік, мəде-
ни, əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық əлеуетінің қалыптасуын жəне 
бекітілуін, əлемде қазақстандық білімнің беделінің артуын, студент-
тер мен оқытушылардың жəне басқалардың ұтқырлығын қамтамасыз 
етуі тиіс. Еуропалық білім беру жүйесінің қызмет етуінің маңызды 
ұйымдастырушы-құрауышы кредиттер болғандықтан, қазақстандық 
жоғары оқу орындары да оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты. Осы 

12
жүйе оқушы тұлғасы рөлінің артуын, ол үшін жеке білім траектория-
сын икемді құру мүмкіндігін қарастырады.
Білім беру жүйелерін жақындастыру жəне үйлестіру үрдісі ретінде 
Болон процесі, сондай-ақ, еуропалық ынтымақтастыққа ықпал ету 
қажеттілігіне жəне салыстырылатын межелер мен əдіснамаларды 
əзірлеу мақсатымен білім сапасын қамтамасыз етуге əкеп соғады. Са-
пасын бақылаудан сапамен басқаруға ауысуға болады, бұл пайдаланы-
латын көрсеткіштер, рəсімдер, технологиялармен қатар, осы бағалау 
субъектілерінің аясын кеңейтетін тармақталған жүйенің құрылуын 
негіздейді. Білім сапасының мониторинг саласындағы халықаралық 
ынтымақтастығын кеңейту тек жоғары кəсіби білім жүйесіне қатысты 
болмай, сонымен бірге жалпы орта білімнің білім беру мекемелерін де 
қамтыды, ең алдымен, оқушылардың нақты жетістіктері PISA, TIMSS 
жəне басқа салыстырмалы зерттеулер арқылы анықталады.
Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жоғары білім жүйесін 
реформалауына қатысуы, сөзсіз, əртүрлі сипатқа ие. Егер Азиаттық 
даму банкі жəне Дүниежүзілік банкі сияқты ұйымдар Үкіметпен 
бекітілген келісімдер аясында онымен үйлестірілген бағыттар бо-
йынша жұмыс істесе, басқа ұйымдар (Сорос-Қазақстан қоры, ЮСА-
ИД) өздерінің жеке бағдарламаларын жүзеге асырады. Еуропалық 
Кеңес комиссиясы (ТАСИС, ТЕМПУС), Академиялық алмасулардың 
неміс бағдарламасы (ДААД), Білім жəне тілдерді үйрену саласындағы 
ынтымақтастық бойынша американдық кеңес (ACSELS), Халықаралық 
алмасу бағдарламасы (IREX) жəне басқа ұйымдар Қазақстандағы білім 
бағдарламаларының дамуын қаржыландырды [108, 18-19 б.]. Сонымен 
қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындары шетел университеттерімен 
оқу барысын жетілдіру бойынша, оның ішінде оқытудың, ғылыми-
зерттеу қызметінің жəне басқалардың кредиттік жүйесін əдістемелік 
қамтамасыз етуін əзірлеу мақсатында жемісті байланыстарды орнатты. 
Басқару үдерісін жаңғырту саласында білім жəне институционалдық 
аккредиттеу сапа менеджментінің жоғары оқу орындары жүйелерін 
сертификаттаумен ынтымақтастықта үдемелі жүргізілді. 
Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен 
өзара əрекеттесуінің маңыздылығын жəне санаттық дифференциация-
сын (оқушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілердің, 
қоғам мен мемлекеттің)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет