Оқушы туралы мәлімет: Аты-жөні: Құбайдолла Гүлім Жамбылқызы Мекен-жайы



жүктеу 77.66 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі77.66 Kb.
: Pobeda -> 3KO
Pobeda -> Солдаты Победы Новодугинский район Историческая справка
Pobeda -> Солдаты Победы Угранский район
Pobeda -> Солдаты Победы Починковский район Страницы истории
Pobeda -> Абакумов георгий Григорьевич, 1897 г р. Житель с. Верхнеильинка Верхнеильинского с/с Омского р-на Омского окр. Западно-Сибирского края. Состав семьи: жена Прасковья, 1897 г р., сын Николай, 1923 г р
Pobeda -> Старый Оскол в годы войны
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
3KO -> Облысы: Батыс – Қазақстан, Ауданы: Жәнібек, Ауылы: Жәнібек, Мектебі: Т. Жароков, Сыныбы
3KO -> Ұлы Жеңіс – ар туы аласармас





Оқушы туралы мәлімет:

Аты-жөні: Құбайдолла Гүлім

Жамбылқызы



Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы,

Шыңғырлау ауданы,

Шыңғырлау ауылы


Жеңіс...Естеліктер...Отаншылдық...

Туыңды көтер,

Туыңды көтер,туыңды!

Туыңды көтер!

Таптатпау үшін тұғырды.

Неліктен ерлер көтеріп туын жығылды,

Неліктен елдер астында тудың жиылды.

Кеңшілік Мырзабеков
Жеңіс...Бұл бізге оңайлықпен келмегені анық. Қан мен тердің күшімен келді. Жеңісті айтпас бұрын, әрине, соғыс деген сөз есімізге түседі. Осы соғыс дүниені қан қақсатқан. Осы соғыс дүниені шаң қаптатқан. Осы соғыс өрімдей жастарды қырып, берекелі отбасылардың ошағын ортасынан келтірген. Осы соғыс тыныштық атты сәбиді жылатып,тынышын кетірген.

...Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған

О, Тыныштық! Тыныштық қандай рахат!

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

Шынымен де, әлемде тыныштық орнап, көркейіп, гүлденіп, әрі қарай дами берген рахат емес пе?! Ғажап қой!

Егер сонау қанды майдан болмаса,

Жүрер еді топайкөгі еңбектің,-деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, егер осы соғыс болмаса адамзат осынша қиналмас еді, қырылмас еді. Жыр алабы Жамбыл:

«Біз соғысты сүймейміз ел жылатқан,

Ол ісі фашистердің қарғыс атқан»- деп, озбырлықты, әділетсіздікті басып айтқан болатын. Шыныда да солай!

Бұл – ХХ ғасырдың ең қатігез, әрі алапат соғысы. 20 миллионнан астам боздақтың өмірін қиып, қаншама отбасының шырағын сөндірді десеңізші?! Тарихи дерек бойынша Кеңес Одағының батыры атанған 500-дей қазақстандықтардың 36-сы оқуды бітіре салып майданға аттанған өрімдей жастар екен. 18-ге жаңа толып, өмірдің қызығын жаңа ғана сезгендей болған жастар қан сасыған қан майданда қаза болды. Бұл соғыс еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін азап әкелді. Ұлын қан майданға жіберіп, еңіреген ата-ана, жастай жесір атанған әйел, некесіз туған бала зары адам жанын тебірентпей қоймайтыны анық. Соғыс ортасында қару алып, қас жауыңа төніп жүрмегенімен олар да соғыстың зардабы мен азабын шеккендер...

Жо-жоқ,


жолдас!

Біз соғысты көргеміз!

Аты солдат болмағанымен,

солдаттардан кем бе біз?!

Қызыл аяқ партизандар –

қырдан масақ тергеміз,

Қалтамыздан қағып тұрып,

қан майданға бергеміз.

Немесе:

Таттық біздер, сол соғыстың,



«балы менен шекерін»

Көрдік біздер,

Махаббатттың құлазыған мекенін,

Сездік біздер,

жеңгеміздің жастығының өтеуін,

Білдік біздер,

әкесіздік,

некесіздік не екенін,-деп жырлаған Мақатаевтың сөздерінен сол кездері жастардың ерте есейіп, ерте өсіп, еңіріп жүріп еңбек еткенін, соғыстың азабы мен зардабын тарқанын бірден түсінеміз. Осы қайғы-қасірет бәрі де соғыстың әлегі. Жарымжан жандар, көз жастар соғыстың дәлелі. Жалпы М.Мақатаевша жырласақ:

Соғыс деген қайдан шықты?!

Авторы кім алғашқы?

Есіл Адам,

есі кетіп,

оған несін жармасты?!

Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты,

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Шынымен де, бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабын біле тұра, кеселін көре тұра бұл адамзат өткен дәуірдің қатесін неге қайталады? Не үшін Алла берген адам жанын алуға асықты? Бірлікпен өмір сүрсе қайтер еді?

Тыныш жатқан бір елге,

бір ел келіп ұрынар,

Қандай ғана әкесінің алынбаған құны бар?!

Қайсы ел соғыс бастаса,

ел емес, ол – ұрылар,

Қан майданда басы оның алдыменен жұлынар.


Неге сонша таласады?

Маған соққан самал жел,

басқаға да соғады,

Маған келіп бақ қонса,

басқаға да қонады,

Мендегі бар ұлылық,

басқаларда болады,

Қандай ғана хақым бар,

тұрам деуге жоғары?!

Бірақ, араны ашылған неміс-фашист басқыншылары Еуропадағы дербес он төрт мемлекетті жаулап алып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл - әрине, қатігездік. Бұл- арсыздық, опасыздық! Бауыржан Момышұлы ның саралап, бөліп айтқан сезімдері екі топқа бөлінеді: жоғары сезімдер – парыз, адамгершілік, ержүректік және т.б., ал төменгі сезімдер – опасыздық, ұждансыздық, қорқыныш және т.б. Осы төменгі сезімдер бойын билеген немістердің бұл ісі адамзат тарихынан ойып тұрып орын алды.

Неміс...Фашист...Соғыс...Бұл сөздер түп тамыры бір ағайындас сөз десек, қателеспеген болар едік.

Соғыс деген –

бір халықтың бір халықты зорлауы,

Соғыс деген – фашистер,

ұлтшылдықтың қорғаны. Яғни немістердің озбырлығы.

Соғыс – фашист,

екі сөз бір түбірден таралған,

Бірі сыңар қалмау үшін,

біреуісі жаралған.

Қарға оларды, тау менен тас,

қарға оларды, қара орман,

Фашизм – ұлы ғасырды уландырған арам қан!

Екінші дүниежүзілік соғысқа 1 миллион 500 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты. Ал, барлығы қаншама? Осы қазақстандықтардың 500-і Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды. Ол ұлы тұлғалар – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Қасым Аманжолов, Сұлтан Баймағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Надя Матвеева, Валя Яковлева, Зина Полякова, т.б. Сонымен бірге, Ұлы Отан соғысына 192 мың әйел қатысты. Оның 50 мыңы қазақ әйелдері болған. Абыройымызды ардақтатып тұрған бұл дерек қазақ халқына тән ержүректік, ерлерімізбен қатар қыздарымыздың да қанында бар екенін дәлелдейді. Қазір шығыстың қос шынары атанып жүрген Әлия мен Мәншүк осының бұлтартпас дәлелі.

Майдан естеліктері...

Алматы медициналық институтының студенті Мәншүк Маметовның өтініші:

«Мені фашистерді құртуға жіберулеріңізді өтініп сұраймын. Майданға біздің семьядан ешкім (не ағам, не апа-сіңлім) болмағандықтан өзім сұранып отырмын».

1942 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбіндегі қыздарға арналған мергендер мектебін алты ай оқып тауысқан 4 құрбы майданға аттанды. Бұлар - Әлия, Надя Матвеева, Валя Яковлева, Зина Полякова – Калинин облысы Холм қаласының түбіндегі қорғаныста тұрған 54-атқыштар бригадасының 4-батальонына түсті. Майданға асыққан қыздар үшін адам өлтіру оңай болмады. Түні бойы қара суық пен сақырлаған аязда денеңді төмен тартқан батпақтың ішінде алғашқы шепте жатып, тәулік бойы жаудың нүктесін аңдыды. Винтовканың үлкейткіш әйнегінен көздеу оңай, ал адам ату – қиынның қиыны. Жас солдаттың ішкі арпалысы осы жерде көрінеді: алғаш рет жауды өлтіргенде, жан дүниеңнің бір бөлшегі сынады. Алғашқы жауын атқаннан соң қыздар бірнеше күн бойы тамақ ішпей, жұртпен сөйлеспейді, ұйықтай алмайды. Қорқыныш сезімін бастан өткереді. Ал жауды көздей тұра атуға қолы бармаған қыздар қасындағылардан ұялады. Бұл – соғысқа енді ғана кірген жауынгердің басынан өткерген жайттары. Кейінірек қасыңдағы серігіңді жау қалай жайратып жатқанын көргенде, сезімге мүлде орын қалмайды. Оның үстіне, жас қыздарды зомби-солдатқа айналдырған қызыл идеология машинасы бар қуатымен жұмысқа кіріседі. Әлия туралы, оның өмірі мен ерлігі туралы «Әлия» деректі повесі, «Әлия-Маншүк» поэмасы, «Мергендер» атты көркемсуреттер тағы басқа көптеген шығармалар жарық көрді. Ал енді сұрапыл соғыста бірге етікпен су кешіп, мұз төсеніп, қар жамылған, бір жүрген қанды көйлек жолдасы Зина Полякованың естелігінен біраз үзінді келтірсем деп едім: «...Менің есімде, ол өте сүйкімді әрі көңілді қыз еді. Күлкісі келсе, риясыз, ашық даусымен барынша сыңғырлай күлетін... Демалыс сәттерінде бір-бірімізге жастық шағымыз, туған жеріміз туралы әңгімелейтінбіз. Лия(Әлия)көбінесе Надя Матвеевамен бірге жүрді. Надя Лиядан екі жасқа ересек, оған қамқор болып жүретін. Насва стансасы үшін шайқас алдында (бұл Әлияның өміріндегі соңғы түн)біз 30 градустан жоғары аязда окопта жатып, соғыстан кейін қалай өмір сүретініміз, оқитынымыз жайында сөйлестік. Түні бойы әңгімелестік (шабуыл таңғы сағат 4-те басталатын). Біздер үшеу едік: Надя, Лия және мен. Басымызда кейін кездесе алмайтынымыз ойымызда жоқ еді».

Немесе, Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов туралы партизан, қазақ ақыны Жұмағали Саин:

Жүрегінде тулаған

Намысы бар, ары бар,

Жауда қалған елі бар,

Қайғысы бар, зары бар -деп айтқандай партизандар қайсар төзімділіктің, қатал кекшілдіктің, ел намысы үшін, Отаны үшін күрескен батырлықтың белгісі. Олар жау қолында қалған жері мен елінің қайғысын, зарын арқалап,жанұшырып, түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, қатал тағдырдың өзімен арпалысқан жандар.

Ал Бауыржан Момышұлы:

Мен бір жан өмірінің өзі дастан,

Ыстық , суық далада көзін ашқан.

Көктемдей құбылмалы мінезім бар,

Мейлің күл, мейлің илан,

Мейлің жасқан. -деп өзі айтып кеткендей, Б.Момышұлы – аты аңызға айналған тау тұлға. Мысалы 21.5.42жылы соғыс кезінде жазғаны:

Жер күңіреніп, су тасып, қара бұлт көшкенде,

Ел күйзеліп, ер қажып, қара түн басқа түскенде.

Ата тегі жер үшін, туысқан-туған ел үшін,

Ел ерлері майданда, белуардан қан кешкенде.

Соғыс жазушыға не берді?

Жазушы соғысқа не берді.

Дау емес менің сұрауым – мыңнан бірі болған соң,

Менің менім «мың» емес – мыңның «мені» болған соң. Осы сияқты естеліктерін «Қан мен Тер», «Ұшқан ұя» т.б. кітаптарында жазған.

Осындай естеліктерден, ақын-жазушылардың өлең-жырларынан, әңгіме, повестарынан ерліктің, Отансүйгіштіктің лебін сезуге болады.

Соғысқа қатысқан адамдардың бойындағы Отансүйгіштік, Отаншылдық қасиеттер сол сұрапыл соғысты, аранын ашқан тажалды жеңуге бірден бір себеп болды. Бұл сезім – құдіретт і күш. Ана сүтінің балдай дәмі таңдайынан кетпеген ұл-қыздарымыз Отанын, туған жерін жанынан артық сүйгендіктен, өз еркімен майданға сұранды емес пе?!

«Отан үшін отқа түс, күймейсің»-деп, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы да бекер айтпаса керек. Жүрегін жарып шыққан осы сөз арқылы майдандағы боздақтарымыздың намысын қайрап, күш берді ғой!

«Отан үшін шайқасыңдар!»-деп жыр алыбы Жамбыл да жар салды. Ленинградтық өрендерге күш-жігер беріп, рухтандырғаны осының дәлелі. Осындай әрбір сөзінен Отанға деген жанкештілік, сүйіспеншілік сезіліп тұрған жырларды жастанып жүріп, ақыры жеңіске жетті емес пе біздің ұландар?! Егер Отанын сүймесе, ол қасиеттен ада болса, Сұлтан Баймағамбетов кеудесін оққа тосар ме еді?! Бұл үшін де, әрине, асқан ержүректілік, батырлық, шексіз Отанға деген сүйіспеншілік керек. Қыршыннан жанын қиып, өлімге жастар бас тігер ме еді?!

Жоқ! Жоқ, әрине! Егер Отанын сүймесе, маңызы да, мәні де жоқ болса, олар қолдарына қару алып, жауға қарсы жүрмес еді.

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек!

Міне, Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Мыңдаған, миллиондаған құрбанмен, ағыл-тегіл қанмен, көзден аққан жаспен, асқан жанкештілікпен келді. Осыншалық азап шегіп, қиналғаннан соң жеткен жеңіс біз үшін үлкен қуаныш, зор бақыт. Қазақтың қасқыр ұлдары мен қайсар қыздары, намысшыл, батыл жастары бар да Жеңіс тізгіні ылғи біздің қолда!

Бола ма соғыс? –

Біздікі – жеңіс



Бірақ та соғыс болмасын деңіз!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет