Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж



жүктеу 64.14 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі64.14 Kb.
Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж

Мектебімізде 5 «а» сыныбында 15 оқушы, оның ішінде 8- ұл, 7-қыз , ал 5 «б» сыныбында 21 оқушы, оның ішінде 9-ы ұл, 12-қыз бар. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы қанағаттанарлық жағдайда.



Бастауыш сынып оқушылары қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады. Ең алдымен оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясы анықталады.

Сауалнама «Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясы»

  1. Саған мектеп ұнай ма ?

  2. Сен мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме ?

  3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығың келуің шарт емес, келгісі келетіндер келсін десе, сен мектепке келер ме едің ?

  4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма ?

  5. Сен үй тапсырмасын бермегенді қалайсың ба ?

  6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба ?

  7. Сен ата-анаңа мектеп жайлы көп айтасың ба ?

  8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма ?

  9. Сенің сыныпта достарың көп пе ?

  10. Сыныптастарың саған ұнай ма ?

Сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4 «а»

100%

100%

100%

100%

88%

100%

95%

75%

100%

100%

5 «а»

100%

100%

80%

80%

83%

80%

75%

55%

100%

100%



Сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4 «б»

100%

100%

100%

100%

87%

100%

87%

87%

100%

100%

5 «б»

100%

95%

72%

82%

80%

87%

67%

67%

100%

100%

Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5 «а» сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау- 25% , көру арқылы есте сақтау- 55%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 75% нәтиже, ал 5 «б» сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау- 40% , көру арқылы есте сақтау- 50%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 78% нәтиже көрсетті.

«Оқушылардың оқу пәндеріне деген көзқарасы» атты сауалнаманың нәтижесі төмендегідей көрсеткіш көрсетті.


Пән аттары

Жақсы көретін пәндері

Сүйіп оқитын пәндері

Қиналатын пәндері

Қазақ тілі мен әдебиет

5 «а» 5 «б»
55% 65 %
55% 65%

5 «а» 5 «б»

17 % 27 %

28 % 40%


5 «а» 5 «б»

35% 23%

28% 17%


Математика

45% 45%

45% 37%

29% 27%

Жаратылыс тану

55% 33%

44% 40%

17% 27%

Ағылшын тілі

43% 53%

17% 30%

40% 17%

Орыс тілі

28% 35%

17% 27%

45% 20%

Қазақстан тарихы

28% 40%

33% 33%

38% 27%

Дене шынықтыру

78% 96%

80% 96%

-

Еңбек

94% 93%

80% 93%

-
Мазасыздануын анықтауға арналған тест 5 сынып оқушыларына өткізілді.

Мақсаты: балалардың мазасыздану деңгейін анықтау.

Жұмыстың барысы:Оқушыларға барлығы 20 сұрақтан құралған сауалнама ұсынылады. Осы тестке «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

Мазысыздануды анықтау үшін «иә» деген жауаптар санын қосу қажет, шыққан қорытынды бойынша мазасыздану анықталады. Мазасызданудың жоғары деңгейі байқалған жоқ.

Әдістемеге қатысқаны 36 оқушы.

Сынып оқушыларымен «5-ші сынып дегеніміз не?», «Мен және біз» , «Біздің мұғалімдер» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды. Ата-аналармен «Баланың бас ұстазы- ата-ана» атты дөңгелек үстел өтті. Онда ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қандай өзгерістер болатындығы жөнінде кеңестер берілді. Оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі жөнінде ата-аналардан сауалнама алынып, нәтижесінде ата-аналардың 30 пайызы балаларға көмектесе алмайтыны анықталып, қосымша сабақтар керек екендігі жөнінде ұсыныс жасады. Оқушыларға мейірімділік, көңіл-күй, пәнге деген қызығушылық (көрнекіліктер), мұғалімнің көңіл аударуы қажет. Ал енді оқушыларымыздың мінез-құлқына келетін болсақ , мұғалім зейінін көбірек қажет ететін оқушылар көп. Олар: Асылхан, Мейіржан, Махамбет, Мадияр. 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.


Жантанушы:Бирмуканова.А


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет