Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту



жүктеу 54.13 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі54.13 Kb.
: BEDFC24BAFF83CC1
BEDFC24BAFF83CC1 -> Акмолинская область Зерендинский район
BEDFC24BAFF83CC1 -> 8-наурыз мерекесіне арналған сценарий
BEDFC24BAFF83CC1 -> Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Жыл Атамекен
Біз бақытты балдырған

Мақсаты:Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі:Бала туралы нақыл сөздер, гүл шоқтары, безендірілген зал.

1-жүргізуші: «Асыл тастан,өнер жастан шығады» деп дарынды

Халық айтса,халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Балдырғандар атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтау!

Шәкірттер санасына сәуле шашып, ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директоры Толкын Қабдрахмановнаны шақырамыз .



2- жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың ұл-қыздарын мақтан етем.

Ақын мен әнші деген-ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі- деп бүгінгі балалар мерекесіне арналған Рауан Шыныбайұлының орындауындағы ән шашуды қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар,аяулы ата-аналар,көрікті әпке-қарындастар,айбынды аға-бауырлар! Бүгін сіздер балалар күніне арналған «Біз бақытты балдырған» ертегілігіне келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!

2-жүргізуші:Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп Абай атамыз жырлағандай ортаға мың бұралған қыздарымызды шақырамыз.

(Ортаға бастауыш сыныптарының қыздары шығады)

1-жүргізуші: Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,

Баласын шапағаты саялаған.

Ежелден ұл өсірген, қайран қазақ,

Ақ батасын ұлынан аямаған-деп ортаға өнер сүйер ұлдарымызды шақырамыз.

Ұлдар мен қыздар биі

2-жүргізуші: Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймейміз.

Біз- бақытты,

Біз – бақытты,

Біз бақытты балдырған.

1-жүргізуші: Тату-тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Біз-бақытты,

Біз-бақытты

Біз-бақытты балдырған.

Ортада 4-сынып «Мен әдепті баламын» әнімен.

Жүргізушілер биі (Сергіту сәті)
1-жүргізуші: Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

2-жүргізуші:Көк аспанда күн күлсін,



Ұл қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін-деп ортаға

«Сәулем-ай» әнімен Ділназ бен Жанелді шақырамыз.

1-жүргізуші:Өсіруге баланы,

Құстар ұя салады.

Жасауға жұмсақ ұяны,

Жабағы жүнді жияды,

Жайлы қып жасап ұяны,

Жұмыртқасын салады.



Бір қуанып қалады-деп ортаға «Айголек»би тобын шакырамыз

1-жүргізуші: Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә. Күннің шуағы сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеу міндетіміз.

2-жүргізуші: Ана-өмірдің қуанышы, жүрегі.

Бала-оның жұбанышы, жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі .

Ендеше, барша аналарға Рауан Шыныбайұлының «Ана жүрегі» әні арналады. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана-ақылың, әке-қамқорың, ағаң-қорғаушың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірі көзінде, ықыласы көңілде, ақылы сөзінде.

2-жүргізуші: Иә, «ана-өмірдің тірегі» дейді.Бүгінгі мерекемен ақ жаулықты аналарды құттықтап тағы бір ән салсақ артық болмас.

Ендеше, алдарыңызда әдемі қыздар Эльмира, Саяжан, Айдананың орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды

Билетемін бар жанды,

Мейрам етіп бұл күнді-деп ортаға Шығыс биімен Саяжанды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Тіл алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым деп, ортаға «Қошақаным» әнімен Эльмираны шақырамыз.

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұстаздарымыз ортамызда отыр.

Бүгінгі мерекемен ұстаздарымызды құттықтай отырып «Ұстазым» әнімен ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым-мұғалім.

Ортаға мектебіміздің жезтаңдай әншісі Ділназды шақырамыз .

Ән «Мектебім»

2-жүргізуші: Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз деп, ортаға «Қара бала» әнімен Жанельді шақырамыз.

1-жүргізуші: Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы Атамекен-туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да.

Ортаға «Атамекен»әнімен Рауан Шыныбайұлын шақырамыз

2-жүргізуші: Қандай ғажап ажарлы аса көркем,

Қазақстан-арайлы туған өлкем.

Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,

Өсе берсін өркенің жайып көркем .

Би «Көңіл толқыны»

1-жүргізуші: Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,

Баласын шапағатын саялаған.

Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ,

Ақ батасын арудан аямаған.

Ортаға «Шоқ қыздар» әнімен Ырысбекті ортаға шақырамыз

2-жүргізуші: Бал-балалық, балдырған шақ сол арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен – қара орман.

1-жүргізуші: Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз деп ортаға бүгінгі мерекені сәндендірген барлық оқушыларды шақырамыз.

2-жүргізуші:Құрметті оқушылар, балдырған балалар бүгінгі мерекелерің құтты болсын, әр басқан қадамдарыңа гүл бітсін .



Жанельдің орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Құрметті қонақтар бүгінгі 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Жақсылықта, қуанышта кездесейік!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет