Өзгерістер мен толықтыруларымен «Бағалы қағаздар туралы»



жүктеу 90.45 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі90.45 Kb.
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 қыркүйектегі № 349 қаулысы

(2010.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:



1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә..Сәйденовке жүктелсін.

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

Марченко Г.

«Қазақстан Республикасының

бағалы қағаздар рыногында

трансфер-агенттік қызметті

жүзеге асыру ережесін

бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 349 қаулысына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында



трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру

 ережесі

 

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін белгілейді (бұдан әрі - трансфер-агенттік қызмет).



1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жіберуші - құжаттарды (ақпаратты) жіберуші;

1-1) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

2) алушы - құжаттарды (ақпаратты) алушы;

3) регламент - оның қызметінің шарттары мен тәртібін, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсету және еңбекақы төлеу тәртібін реттейтін трансфер-агенттің ішкі құжаттары.

2. Трансфер-агенттік қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.

3. Трансфер-агенттік қызметтің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің басқа түрлерімен қоса жүру мүмкіндігі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

2. Трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт

4. Трансфер-агент клиенттердің шектеусіз санымен трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт (бұдан әрі - шарт) жасауға құқылы.

Шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

5. Шарт жасау үшін клиент трансфер-агентке мынадай құжаттар ұсынады:

1) егер клиент бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылса: бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау барысында толтыруға жататын құжаттар бланкілері және клиенттің қызметін пайдаланғысы келетін тұлғалардың оны толтыруы бойынша нұсқаулықтар (түсіндірмелер, нұсқаулар); клиенттің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті клиент қызметкерлерінің қол қою үлгісі бар нотариат куәландырған карточкасы және оның мөр таңбасы (бұдан әрі - қол қою үлгілері бар карточкалар);

2) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 107 қаулысымен алып тасталды

3) шартта және трансфер-агенттің регламентінде көзделген өзге де құжаттар.

5-1. Трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарт болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын клиенттер трансфер-агентке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесін;

2) жеке тұлғалар үшін - клиенттің қолы не оның өкілінің қолы бар есепке алу карточкасын, осы карточкаға құжатты қабылдауға уәкілетті трансфер-агент қызметкерінің қатысуымен есепке алу жүргізіледі (бұдан әрі - есепке алу карточкасы);

заңды тұлғалар үшін - 5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес жасалған қол қою үлгілерінің карточкасын.

6. Осы Ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында атап көрсетілген құжаттарды клиент трансфер-агентке:

1) типографиялық немесе өзге тәсілмен дайындалған баспа өнімі түрінде;

2) басып шығаруға арналған электронды файлдар түрінде (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып);

3) оларды Интернетке орналастыру арқылы (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін және Интернет желісіне орналастырылған құжаттар мен ақпараттарды басып шығару мүмкіндігін ескере отырып) ұсынады.

7. Шарттардың көшірмелерін (оларға енгізілген барлық өзгерістер және толықтырулармен бірге), қол қою үлгілері карточкаларының және есепке алу карточкаларының көшірмелерін трансфер-агент тарнсфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын оның филиалдарына өткізеді.

8. Клиент осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацында және 5-1-тармақтың 2) тармақшасыда көрсетілген тұлғалар және мөр таңба (оның ішінде қол қою үлгілерінің жаңадан жасалған карточкаларын ұсыну арқылы) туралы деректерге енгізілген кез келген өзгерістерді трансфер-агентке жазбаша хабарлайды.

Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өз филиалдарына клиенттен алынған шартқа енгізілген өзгерістерді және қол қою үлгілерінің жаңадан жасалған карточкаларын немесе есепке алу карточкаларын жеткізеді.

9. Трансфер-агенттің қабылданған құжаттарды (ақпараттарды) сақтау және есепке алу үшін жауапкершілігі клиенттің трансфер-агентке көрсетілген құжаттарды (ақпараттарды) нақты өткізген сәтінен басталады.

10. Трансфер-агент клиенттің алғашқы талабы бойынша:

1) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;

2) трансфер-агент регламентінің көшірмесін;

3) осы трансфер-агентпен шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылатын клиенттер туралы мәліметтерді (клиенттің және оның филиалдары (өкілдіктері) орналасқан жерін көрсете отырып), қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні және нөмірлері, қызмет көрсетудің тізбесі, оларға ақы төлеудің мерзімдері және тәртібі, құжаттарды ресімдеу тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және/немесе қызметтік құпия болып табылмайтын өзге де мәліметтер ұсынады.

11. Трансфер-агенттік қызметті бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің басқа да түрлерімен бірге трансфер агент қоса атқарған кезде трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерге қатысушыларға бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің басқа түрлеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.

3. Трансфер-агенттік қызмет

12. Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті Қазақстан Республикасының заңдарына және өз регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

13. Трансфер-агенттің регламенті:

1) жіберуші алушыға жіберген құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің қабылдау және өткізу тәртібі;

2) тарнсфер-агент және клиент жүзеге асыратын, қабылданған және өткізілген құжаттарды (ақпаратты) салыстырып тексерудің тәртібі мен мерзімдері;

3) өткізу мақсатында қабылданған құжаттарды (ақпаратты) есепке алу тәртібі;

4) клиенттен клиентке өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) сақтау тәртібі және осы құжаттарға рұқсат беру тәртібі;

5) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған деректердің электрондық базасын сақтауды қамтамасыз ету тәртібі;

6) бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге (оның ішінде деректердің электронды базасына), трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын коммуникациялық және өзге де жабдықтарға рұқсат беру тәртібі;

7) қалыпты режимде осы жүйенің жұмысын дұрыс аяқтау үшін және барлық берілген деректерді сақтау және оның шынайылығын қамтамасыз ету үшін трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда пайдаланылатын жүйелердің жұмыс істеу қабілетін сақтау тәртібі;

8) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысатын трансфер-агент қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығы;

9) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (өкілдіктердің) және құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тәртібі;

10) клиенттермен өзара іс-әрекет ету тәртібі;

11) шарттың үлгілері;

12) көрсетілген қызметтердің тарифтері болады.

14. Құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің (оның филиалының) қабылдауы және өткізуі және осындай құжаттарды (ақпаратты) өткізуді растау мынадай талаптарды сақтай отырып, трансфер-агенттің регламанті мен шартында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады:

1) электронды байланыс құралдарымен мазмұны берілген құжаттардың (ақпараттардың) түпнұсқалары осы Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, шартта белгіленген мерзімде почта байланысы немесе шабарман арқылы алушыға міндетті жіберуге жатады;

2) құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқасы трансфер-агентке (филиалға) екі данада ұсынылады, бірінші дананы оны қабылдағаны туралы белгімен трансфер-агентке қайтарылады, екінші данасы алушыға тапсырылады;

3) трансфер-агент жіберушіге оларды тапсырған сәттен бастап он екі сағат ішінде электронды байланыс құралдарымен құжаттардың мазмұны тапсырылғанын растауды ұсынады.

15. Трансфер-агенттің филиалы үш күн ішінде бас офиске трансфер-агенттің құжаттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде осындай ақпаратты көрсету мақсатында олардың өткізу және/немесе тапсыру үшін қабылданған құжаттары (ақпараты) туралы ақпаратты жібереді.

16. Трансфер-агент:

1) электронды байланыс құралдары арқылы өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) мазмұнын астанада, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында немесе республикалық дәрежедегі қалалардағы алушыларға оларды қабылдаған сәттен бастап он екі сағат ішінде ұсынады, ал Қазақстан Республикасының басқа елді мекендеріндегі алушыға - шартта белгіленген мерзім ішінде ұсынады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы үш сағат ішінде шартта көзделген тәсілдермен алушыға хабарлайды;

3) оларды қабылдаған күннен бастап он күннен кешіктірмей алушыға өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқаларын почта байланысының құралдары немесе шабарман арқылы жібереді;

4) өткізілетін құжаттардағы (ақпараттардағы) мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

5) трансфер-агент және оның тарнсфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын барлық филиалдары үшін құжаттарды (ақпаратты) есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізеді.

17. Құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу жіберушіден қабылданған және алушыға өткізілген құжаттарды (ақпаратты) жеке тіркеу арқылы электронды және қағазға басып шығарылған түрде, сондай-ақ оларды өткізу тәсілдері (құжаттардың мазмұнын электронды байланыс құралдары арқылы беру және құжаттарды (ақпаратты) почта байланысының құралдары немесе шабарман арқылы беру) бойынша жүзеге асырады.

Құжаттарды (ақпаратты) есепке алу әрбір клиентке жеке жүргізіледі.

18. Өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) алған кезде трансфер-агент қол қою үлгілері бар карточкасындағы және есепке алу карточкасындағы қолдарды және таңбаларды салыстырып тексеруге міндетті.

19. Осы Ереженің 18-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексеру нәтижесінде трансфер-агент ұсынылған құжаттардан (ақпараттан) сәйкессіздік анықтаған жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, ол құжатты қабылдамайды.

20. Шарттың түпнұсқасын (оларға енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен бірге), қол қою үлгілерінің карточкаларын, есепке алу карточкасын және құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесіне енетін деректерді трансфер-агент шарт қолданылуын тоқтатқан күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.

4. Қорытынды ережелер

21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешілуге жатады.



 

 

 



 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет