Өзгерістер мен толықтырулармен) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 5 баптар)



жүктеу 261.21 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі261.21 Kb.
: data -> filedat -> default
default -> Тематика обзоров
default -> Мак метрология жөніндегі Ғтк 27 отырысы туралы ақпарат
default -> Информация о 27 -м заседании нтк по метрологии мгс
default -> 2010 жылға арналған «ҚазМетрИн» рмк біліктілікті арттыру кустарының күнтізбелік жоспары
default -> Қр мөЖ. Электрлік кедергінің өлшем құралдарына арналған мемлекеттік эталон және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы Қр ст 19-2001 орнына енгізілді енгізілген күні 2011. 07
default -> Строительные нормы рк
default -> Халықаралық өлшемдер конфедерациясы (имеко)
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы

№ 53-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1-тарау. Жалпы ережелер                              (1 - 5 баптар)

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің            (6 - 12 баптар)

         мемлекеттік жүйесі

3-тарау. Метрологиялық қызмет                        (13 - 16 баптар)

4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды     (17 - 20 баптар)

         өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және

         калибрлеу

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау         (21 - 28 баптар)

6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы        (29 - 30 баптар)

         заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және

         дауларды шешу

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі     (31 - бап)

         жұмыстарды қаржыландыру

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  бүкіл мәтін бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауға», «қадағалауды», «қада­ға­лаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақы­лауға», «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

 1-тарау. Жалпы ережелер

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред . қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі;

3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі қызметі;

4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы;

6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу;

7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі;

8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;

10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;

11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);

13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;

14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;

15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;

16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;

18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;

20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);

21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;

22) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы;

24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны;

25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.

 2-бап . Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

 4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

 09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк

басқару

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган:

1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;

3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;

3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды;

4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi;

5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;

6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi және бекiтедi;

7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;

8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртiбiн белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады;

9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

10) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

11) метрология жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады;

11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  13) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред .қара) ( 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды;

14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi;

15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртiбiн белгiлейдi.

16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3 тармақпен  толықтырылды 

3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

мемлекеттік жүйесі

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi құрылымына:

1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi;

2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi

Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.

 2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  8-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік

құжаттар


Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.

 9-бап. Шама бiрлiктерi

1. Өлшемдер және салмақтар жөнiндегi бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.

Халықаралық бiрлiк жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қолдануға жiберiлуi мүмкiн.

2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.

 2004.20.12 № 13-III Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары

Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады.

Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады.

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары

Шама бiрлiктерiнiң эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселенген не үлестiк мәнiн) олардың көлемдерiн осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатымен ұдайы шығаруға және (немесе) сақтауға арналған.

Шама бiрліктерiнiң эталондарын мемлекеттiк метрологиялық қызмет, мемлекеттiк басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қолданады.

 2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-бап. Өлшем құралдары

Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс.

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды

11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi

1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады.

2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, бекiту және қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi

1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 3-тарау. Метрологиялық қызмет

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы

Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi:

1) мемлекеттiк метрологиялық қызметтен;

2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттiк қызметтерiнен;

3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;

4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан;

5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

14-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қызмет

Мемлекеттiк метрологиялық қызмет:

1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;

2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауды, жетiлдiрудi, сақтауды және қолдануды, шама бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн беру жүйелерiн құруды қамтамасыз ететiн, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлейтiн, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды, шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды жүргiзетiн мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықтан;

3) 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.

2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

 16-бап. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi

1. Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады.

Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады.

2. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы уәкiлеттi органмен келiсiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды

16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезiндегi жұмыстарды жүзеге асырады.

2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды

16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды

өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды метрологиялық аттестаттау

1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекiтiлуге тиiс.

Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.

2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.

3. Өлшем құралдарының түрiн бекiту мақсаты үшiн және бекiтiлген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттiк метрологиялық қызмет жүргiзедi.

Өлшем құралдарының бекiтiлген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.

4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекiту белгiсi қойылады.

5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және бекiтiлген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.

 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  6 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред .қара)

6. Түрiн бекiту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.

Түрiн бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау және аккредиттеу

1. Өлшем құралдарын өндiрудi және жөндеудi, оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн, заттардың аттестатталған қоспаларын өндiрудi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады.

2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудi, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.

Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.

2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн жүргiзудi және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берудi жүзеге асыруға тиiс.

5. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.

Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 20-бап өгертілді (бұр. ред. қара)

20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу

1. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндiруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелiнгенде, пайдаланылу кезiнде, осы өлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi.

Өлшем құралдарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді.

Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгiмен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.

2. 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды

3. 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды

 5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

 

09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 21-бап өгертілді (бұр. ред. қара)



21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылаудың мақсаты

Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 22-бап өгертілді (бұр. ред. қара)

22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi

Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi мыналар болып табылады:

1) шама бiрлiктерiнiң эталондары;

2) өлшем құралдары;

3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi;

4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;

5) өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған тауарлардың саны.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  6 тармақшамен  толықтырылды

6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 23-бап өгертілді (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы

Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау олардың нәтижелері:

1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;

2) қоршаған ортаның жай-күйін бақылау;

3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;

5) еңбек және көлік жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;

6) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіру;

7) ғылыми зерттеулер жүргізу;

8) геодезияда, геологияда және гидроме­теоро­ло­гияда қызметтерді жүзеге асыру;

9) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттес­таттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;

10) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу;

11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шы­ғару, өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну;

12) мемлекеттік органдардың, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орын­далатын жұмыстар кезінде пайдаланылатын өлшем­дерге қолданылады.

 24-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау түрлерi

1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:

1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;

2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;

3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын бақылауды қамтиды.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:

жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.

 25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау

Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау

Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау

Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)

28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.

3. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;

2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;

3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;

4) сынаудан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;

5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;

5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;

6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;

7) буманың iшiндегi тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.

 6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы

заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу

 

09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу

Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі

жұмыстарды қаржыландыру

09.06.04 ж. N 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді

31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк метрологиялық бақылау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру

1. Бюджет қаражаты есебiнен:

1) 2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалар;

3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;



4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.

2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет