Өзін-өзі өлтіру актілерінің ЖӘне жарылыстардың ауыр зардаптары



жүктеу 1.1 Mb.
бет1/5
Дата01.05.2016
өлшемі1.1 Mb.
  1   2   3   4   5
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРУ АКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЖАРЫЛЫСТАРДЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ


Құрастырған: Абу Умар әл-Ғаззи

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Дамир Хайруддин
Қазақ тіліне аударған



сайтының редакциясы

КІТАПТЫҢ МАЗМҰНДАМАСЫ

Алғысөз

Кіріспе

Жанкештілік акцияларының пайда болу тарихы

Негіз қалаушы ережелер

Бірінші ереже: Кез келген амалдың пайдасы мен зиянын өлшеу қажет

Екінші ереже: Ізгі ниеттің болуы амалдың ізгі болуы үшін жеткіліксіз

Үшінші ереже: Мұсылмандарға қарсы соғыспайтын адамдарды өлтіруге тыйым салынады

Төртінші ереже: Мұсылман адамға дұшпандардың аймағында оларға қатысты қиянат жасауына тыйым салынады, егер олар оған қауіпсіздік берген болса.

Бесінші ереже: Ержүрек адамға дұшпанның шебіне өзін тастауға рұқсат етілген, егер ол қажетті шарттарды сақтаса.



Дұшпанның шебінің арасына тереңдеп енудің ғалымдар белгілеген нормалары

Ханафилердің пікірі

Мәликилердің пікірі

Шәфи’илердің пікірі

Ханбәлилердің пікірі

Жанкештілік акцияларды жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару

Күмәнді нәрседен бас тарту қажеттілігі

Иман келтірген адамға өзінің жанын қиюға тыйым салынады, бұған оны не мәжбүрлесе де

Азаматтық тұрғындарды өлтіруден пайда жоқ

"Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер, Ол сендерге көмектеседі және табандарыңды нығайтады"

"Дұшпанмен кездесуге күш әзірлеңдер, бірақ рұқсат етілгеннің шекарасынан шықпаңдар"

Қиянат және зұлымдық - біздің дінімізден емес

Жер бетінде тәртіп орнатылғаннан кейін онда бұзақылық таратуға тыйым салынады

"Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар"

Ақиқатты таны, сонда кімнің хақ екенін білесің


АЛҒЫ СӨЗ
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ және, ақиқатында, игілік ең соңында тек тақуалар үшін әзірленген.

Мен осы зерттеумен мұқият танысып, онда қамтылатын тақырып толығымен ашып берілген деген қорытындыға келдім. Осы орайда мен Аллаһтан авторды марапаттауды және оның еңбегін мұсылмандар үшін пайдалы етуді тілеймін.

Осы кітап араб тілінде жарияланса - жөн болар еді деп есептеймін. Алайда егер автор өзін-өзі өлтіруге алып келетін "жанкештілік" деп аталатын акцияларды рұқсат ететін пәтуалардың теріс салдарына, олардың мұсылман қоғамдарына тигізетін кесірлі әсеріне, сондай-ақ, осындай жанкештілік актілерді рұқсат ететіндердің арасындағы келіспеушіліктерге толығырақ тоқталса, ол едәуір мазмұндырақ болар еді. Сондай-ақ, осы еңбекте мұндай актілерге тыйым салатын ғалымдардың пәтуалары кең қамтылғанын қалар едік.
Абдуллаһ әс-Сабт

Шаржә, БАӘ


Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
КІРІСПЕ
Жанкештілік акциялары соңғы кездерде кең тараған құбылыстардың қатарына жатады. Оларды осылай деп бұл амалды рұқсат ететіндер атайды. Ал бұл әрекеттерді орынсыз деп есептейтіндер оларды жай "өзін-өзі өлтіру" актілері деп атайды. Бұл іс-әрекеттердің кең таралуы ақыл-есі сау көптеген адамдарды мына сұраққа жауап іздеуге итермелейді: "Шындығында да Ислам осылай істеуге әмір етеді ме?" Осыған қоса Исламды жек көрушілер осы жағдайды өздерінің мүддесіне мұсылмандарға қарсы пайдаланады да, оларға лаңкестер (террористтер) деген ат тағып, Ислам өзінің ұстанушыларына дәл осыны бұйырады деп айтады. Сөйтіп, ақиқат осы екеуінің, яғни Ислам дұшпандарының осы құбылысты өз мүддесіне пайдалануларың және жанкештілік актілерді мақұлдайтын және оларды "сионистердің елу жылдық езгісінің жазасы", "тоқтаусыз жүріп жатқан адам өлтірулер, қуғын-сүргін және ойсырау үшін қасиетті кек алу" деп есептейтін езгідегі мұсылмандардың жалынды шабыттануының ортасында жоғалып қалды.

Бірнеше жылдардан бері бұқаралық ақпарат құралдарында осындай актілердің заңды статусы туралы пікірталастар жалғасуда. Алайда бұл пікірталас қоғамдық пікірді олар заңды күшке ие дегенге қарай одан сайын күштірек құлатты. Бұдан қалса, адамдардың арасында басында доктор әл-Қардауи тұрған кейбір ғалымдардың «Бұл актілер дін үшін жан пида етудің ең жоғары сатысы» деген сөздері өте кең танылды. Бұл көзқарастарға деген жаппай қызығушылық басқа пікір-пайымдарды бөгеп тастады, ал халықтың пікірінің күші олардың орынсыздығы туралы айтып жүрген кейбіреулерді үнсіз қалуға мәжбүр етті. Мәселе діни сипатқа қарағанда, көбірек саяси сипатқа ие болды.

Жанкештілік актілердің рұқсат етілмейтіндігін түсіндіріп беретін кітапты жазуға мені бірнеше себептер итермеледі. Олардың біріншісі - бұл "феноменнің" палестиналық нұсқасы олардың заңдылығына және орындылығына мән бермейтін көптеген жас мұсылмандарды осындай іс-әрекеттерді жасауға шабыттандырғанына деген менің қынжылғаным. Басқа себеп Исламның осы актілерге деген қатынасына қызығушылық танытатын орыс тілді бауырлардан және әпке-қарындастардан маған келіп түскен жүздеген сұрақтар болды. Тағы бір себеп Планетаның түрлі аймақтарында жасалып жатқан және адамдарды Аллаһтың дінінен теріс бұрғызатын факторлардың бірі болған жанкештілік актілер әкеп соқтырған мұсылмандар үшін өте қорқынышты зардаптар болды.

Мұндай операцияларды жүзеге асырушы ұйымдар Шариғаттан өздерінің әрекеттеріне ақтау іздеуге кірісті. Жанкештілік актілерді іске асыруды жақтап олардың тез нәтижесіне есі кеткендер шыға келді. Олардың көбі осы ұйымдардың идеяларына ортақтас еді және олардың қатарында болды. Алайда олар мұндай әрекеттер қандай салдарға әкеп соқтыратынын ойламай ғана қоймай, бұл мәселе бойынша Құранның әмірлеріне де ақыл тоқтатқан жоқ.

Аллаһ Өзінің шексіз және мінсіз даналығымен көпқұдайшылдардың арасында өмір сүріп жатқан және мұсылмандар оларды білмейтін, сондай-ақ зиян және шығын шегуі мүмкін болған мүміндер зардап шекпеуі үшін Мекке алқабында мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың арасында шайқастың орын алуына жол бермеді ғой. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ (Т.) не істегендеріңді толық көруші. Олар сондай кәпірлер – сендерді Мәсжид Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына (қуып) барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді (соғысқа жол қойылар еді). Аллаһ кімді қаласа мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді). Ал олар өзара бөлінгенде, олардан кәпірлерді күйзелтуші азаппен қинар едік» (әл-Фатх, 24-25).

Бұл актілердің мәнін адамдарға түсіндірудің қажеттілігін ұғынып, мен оларға мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін бірнеше рет қайталап жариялаған Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз, Мухаммад ибн Салих әл-Усаймин, Мухаммад Насыр әд-Дин әл-Әлбани, Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх, Салих ибн Мухаммад әс-Садлән сынды т.б. ірі ғалымдардың пәтуаларын ұсынуды жөн санадым.

Сонымен бірге, әділеттіктің және шындықтың хақысын беріп, мен жанкештілік актілерді рұқсат етілген деп есептейтіндердің де дәлелдері мен дәйектерін келтірдім. Әрине, ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер - белгілі факт, алайда едәуір маңыздысы – тіпті осындай әрекеттерді рұқсат етілген деп есептеген ғалымдар да тек қана Палестинаны меңзегені.

Мен қолданған әрбір дәйексөз оның авторына деген сілтемесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл еңбекте мен тек қана сахих хадистерге сүйеніп, олар келтірілетін көздерге (дереккөздеріне) міндетті түрде нұсқау жасадым. Сонымен бірге, мен хадистердің келіп шығуына қатысты нәрселерге егжей-тегжейлі кіріспедім де, хадистің әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарының біреуінде келтірілуін оны сахих деп тану үшін жеткілікті фактор деп санауға және оны басқа жинақтарда іздемеуге жеткілікті деп есептедім. "Әс-Сунан" жинақтарына жүгінгенде, мен хадистің сахихтығын нақтылауда осы саладағы біздің заманымыздың көрнекті ғалымы шейх әл-Әлбанидің, Аллаһ оны рахым етсін, зерттеулерін басшылыққа алдым. Әдетте, мен «әс-Сунан» жинақтарының негізінде оның құрастырған сахих хадистер жинағына жүгіндім.1

Бұдан тыс мен жанкештілік актілерге жол берілмейтіндігі туралы ғалымдардың бірқатар пәтуаларын келтірдім. Алайда, әрине, мен бұл тақырыпқа қатысты барлық пәтуаларды қамти алмадым. Бұл еңбекті әзірлеуде үлкен еңбек мені кейбір маңызды дереккөздермен қамтамасыз еткен ұстазым Абдуллаһ әс-Сабтқа, Аллаһ оған есендік берсін, тиесілі.
ЖАНКЕШТІЛІК АКТІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Өзін-өзі құрбан ету актілері АҚШ-тағы Азаматтық соғыс (1861-1865), сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде кең танылды. Қарсылық көрсетудің мұндай түрі әскери тактиканың ажырамас бөлігіне және әскери оқу орындары мен академияларда үйретілетін пәнге айналды.

Таяу Шығыста соғыс жүргізудің мұндай тактикасымен едәуір кейінірек танысты. Оны өз күресуінде алғашқы болып қолданған - шиғалардың «Хизбуллаһ» деген әскери тобы еді. Бұл 1982 жылы, Израиль армиясы Ливанға басып кіріп, Израиль танкілері Бейрутқа дейін барған кезде орын алды. Дәл сол кезде Бейрутты, Сайданы және Ливанның оңтүстігіндегі өзге де елді мекендерді қамтыған күшті қарсылық қозғалысы басталған еді. Қарсылық қозғалысы тез арада күшейе түсті, ал сол кезде шиғалардың «Хизбуллаһ» тобы өзінің ең алғашқы жанкештілік актісін жүзеге асырды. Жарылғыш затқа толтырылған үлкен жүк тасу көлігін жарудың нәтижесінде Сур қаласында әскери коменданттың резиденциясы қиратылды, окуппациялық армияның жүздеген солдаттары жарақаттанды және өлтірілді. Бірте-бірте мұндай актілердің саны өсе берді. Жанкештілік актілердің таралу қарқынының жылдам болуы мұндай операцияларға дайын болмаған окупанттар үстінен бірқатар жеңістерге қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Біраз уақыт өткен соң бұл індет Палестинаға өтті және бұл – таң қаларлық жағдай емес, өйткені «Ислам жихады» деп аталатын палестиналық ұйымның тамырлары мен қаржыландыру көздері шиғаларға барып тіреледі.
НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктердің бір себебі төменде келтірілген кейбір негізгі ережелерге2 әртүрлі тәсілдерді қолдану болып табылады.
Бірінші ереже: Кез келген әрекеттің пайдасы мен зиянын өлшеу керек.
Қандай да бір іс-әрекеттің зиянды немесе пайдалы екендігін анықтау оның мәнін нақты тұспалдаусыз мүмкін емес. Сонымен бірге осы салада білім мен тәжірибеге ие болған адамдарға жүгіну де қажет. Әскери мамандардың пікірі бойынша жанкештілік актілер қарсыласты түреуішпен шаншуға ұқсайды, өйткені олар кездейсоқ жасалады, үлкен көлемге және тұрақты сипатқа ие болмайды және тіпті дұшпанға үлкен шығын да келтірмейді. Олар қарсыластың салмақты жеңілістеріне алып келмейді және оны шегінуге мәжбүрлемейді. Олар қарсыластың үстінен жеңісті де қамтамасыз етпейді, тек оның ашу-ызасын одан сайын күшейтіп, жоспарлары мен тактикасын өзгертуге мәжбүрлейді және бұл оның тарапынан жылдам және күтілмеген жауапқа әкеп соқтырады. Сөйтіп, бұл операциялар соғыста қойылатын мақсаттарға қол жеткізуді де қамтамасыз етпейді және көптеген жағдайда кесірлі зардаптарға соқтырып, жағдайды одан сайын қиындата түседі.

Осы орайда пайда мен зиянды өлшеу туралы ереже жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюға қатысты ұйғарымға ұқсас келеді. Бұл ұйғарымның мағынасы – егер бір жамандықты жою одан да үлкен жамандыққа әкелетін болса, мұндай іс-әрекетке тыйым салынады. Ал егер жамандықты жою (әрекеті) соған теңдес жамандыққа келтіретін болса, онда мұндай жағдай бір мағыналы бағалауға ие емес3.

Көрнекті ғалым Абд әл-Ләтиф ибн Абд әр-Рахмән Әл әш-Шейх былай деп жазған: «Аллаһтың қандай да бір заң-ережелерін орнатуының мақсаты мүмкіндігінше пайдаға қол жеткізу және зиянды жою болып табылады. Кейде зиянды тек қана одан зияны аздау болған іс-әрекетпен жою мүмкін болады. Және, керісінше, кейде пайдалы іс-әрекеттен бас тарту арқылы пайдаға қол жеткізуге болады. Кез келген жағдайда уақытты, жағдайларды және тұлғаларды есепке алу қажет. Кім осыларды елемесе немесе назарынан тыс қалдырса, дінге және адамдарға қатысты ең үлкен күнәлардың бірін жасайды». Қз.: «әд-Дурар әс-Сәнийя» (8/65).

Әскери қимылдарды және жихадты жүргізумен байланысты мәселелер едәуір маңызды және нәзік болып табылады, өйткені олар мұсылман үмметінің сақталып қалуының өзіне қатысты. Соғыс не адамдарға құтылу әкеледі, не оларды опат етеді. Бір жағынан, мұндай мәселелердегі қателіктер адамдардың қаза болуының және олардың мал-мүлкінің жойылуының себебі болады, ал басқа жағынан олар үшін абыройсыздық пен қорлануға айналады. Тарих соғыстарды ұмытпайды, оларды ұрпақтар есте сақтайды. Сондықтан да, осындай маңызды мәселелер бойынша сөз айтатын кез келген біреу тәжірибеге және Құран мен Сүннет, сондай-ақ, мұсылмандардың алғашқы үмметтен болған ізгі алдыңғы дін өкілдеріміздің мұрасы бойынша терең білімге ие болуы қажет. Бұдан тыс, мұндай үкімдерді шығарғанда білімдері жалпы тарапынан мойындалған ғалымдармен кеңес құрып, әуес-қалаулардан және эмоциялардан бас тарту керек.

Дәл осы нәрсе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен мирас етілген еді. Мысалы, Сәхл ибн Хунәйф, Аллаһ одан разы болсын, былай деген: "Уа, адамдар! Өзіндік пікір-пайымдардан аулақ болыңдар! Мен Абу Жәндәл Күні, егер соны жасай алғанымда, Пайғамбарға мойынсунудан бас тартуға әзір болғанымды еске аламын". әл-Бухари.

Ал Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: "Уа, адамдар! Дінде өзіндік пайымдаулардан аулақ болыңдар! Мен, өзімнің пікіріме сүйеніп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын қайтарғанымды еске аламын. Аллаһпен ант етемін, мен өз наразылықтарымда қателескен едім. Бұл Абу Жәндәл Күні орын алған еді".4

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күрделі әскери жағдайларда өзінің сахабаларымен кеңескендігінде таң қаларлық жайт жоқ. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бадр шайқасы күні кеңес сұрап оларға жүгінгенде, Хаббаб (Аллаһ оған разы болсын), су мұсылмандардың тылында қалуы үшін, әскери лагерьді кұдықтардың төменгі жағына құруға кеңес берді. Осының арқасында олар шөлін қандыру және дәрет алу мүмкіндігіне ие болды, ал мүшриктер бұл мүмкіндіктен айырылып қалды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол шайқаста тұтқынға алынған көпқұдайшылдардың тағдырын шешу үшін де сахабалармен кеңесті. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтар Бадр шайқасында өлтірілгендеріне өш алу үшін мұсылмандарға қарсы жорыққа шыққанын естіп, Мәдинада қорғаныс құрғысы келгенде де олардан кеңес сұрады. Сонда сахабалар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың алдынан шығуға кеңес береді, ал бұл, өз кезегінде, атақты Ухуд соғысына алып келді. Бұдан тыс, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың тайпалары мұсылмандарға қарсы біріккенде сахабаларынан кеңес сұраған еді және Салмән әл Фарси (Аллаһ оған разы болсын) Мәдинаға кіруді бөгейтін ор қазу туралы кеңес берді5.

Жорамалды жетістектермен соқыр болғандардың кейбіреулері: «Палестинадағы "жанкештілік" актілердің оң жақтары көп: олар күрестегі батылдықты және Аллаһтың жолында мерт болуға деген дайындықты көрсетеді, мұсылман жерлерінде жихадтың басылып қалуына жол бермейді, еврей келімсектерінің Палестинаға ағылуының азаюына ықпал етеді және езгіге ұшыраған Палестинаның дауысын қалған әлемге жеткізеді», - деп айтуы мүмкін.6

Біз бұған: «Ешкім және ешқашан кейбір оң нәтижелерді жоққа шығармайды, алайда, өкінішке орай, бұл нәтижелер үлкен шөл далада жасалынған шыжыған күннің астындағы хауызға ұқсайды», - деп айтуымыз қажет. Бұл хауыз суға толып үлгермей-ақ суы буланып, ешкімге пайдасы тимей-ақ қайта құрғап қалады!

Бұдан тыс "жихадтың басылып қалуына жол бермейді" деген сөздер нені білдіреді?

Жихадтың дауысы ешқашан өшпеген. Аллаһтың Кітабы күндіз-түні оқылып, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті сақталып тұрғанда жихадтың дауысы өшпейді. Бірақ жанкештілік актілерді жихадқа жатқызу дұрыс емес, өйткені олар Қасиетті Құранға және Сүннетке қайшы келеді. Бұл әрекеттерді жихадқа жатқызу жихад деген ұғымның өзін қаралау болады.

Түрлі ұлттағы әйелдер мен балаларға толы театрды басып алуды қалайша жихад деп айтуға болады?! Балалар мектебін басып алуды, ондағы жүздеген балаларды кепілдікке алуды және өлтіруді қалайша жихад деуге болады?! Жарылғыш заттарға толтырылған жүк көліктерін Найробидағы (Кения) және Дар-әс-Саләмдағы (Танзания) Америка елшіліктерінің алдына қоюды, соның нәтижесінде жүздеген жазықсыз адамдардың қаза болуын қалайша жихад деп атауға болады?! Сөзге орай айта кететін жайт - олар (қаза тапқандар) сол операцияның нысанасы болған американдықтар да емес еді, сол жарылыстардың құрбандары түрлі мұсылман және мұсылман емес елдерінің жазықсыз азаматтары болды.

Айқын және баршаға жария түрде мынаны мәлімдеу қажет: Жихадтың бұл актілерге ешқандай қатысы жоқ және ол (жихад) осы сияқты нәрселерден түпсіз алшақ!

Сондықтан да, ешқандай сылтаумен мұндай әрекеттерді жихад деп айтуға болмайді. Өзінің күш-қуаты жауыздықты жоюға, көзқарастер мен ұстанымдарды, отан мен арды қорғауға бағытталғанына сенетін бірде-бір солдат, бірде-бір қолбасшы мұндай актілерді орынды деп есептемейді.

Әскери жихад – бұл дұшпанмен соғыс майданында бетпе-бет кездесу кезінде адамдардың табандылық танытуы, қолбасшыға бағынуы, алға жүріп, артқа қашпауы. Солдат ақиқаттың үстем болуы үшін ыждағаттылық танытады. Ол Аллаһқа мойынсұнудан бас тартпайды, зұлымдық жасамайды, жәбір тигізбейді, қанамайды және опасыздық жасамайды. Құдайдың заңдарымен келген ақиқат – осы. Аллаһ Тағала былай деген: «Негізінде, Аллаһ әділдікті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және жүгенсіздіктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер» (ән-Нәһл; 90);

«Расында елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітап пен Мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» (әл-Хадид; 25);

«Әй, мүминдер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы» (әл-Мәидә; 8).

Бұл жанкештілік актілердің барлығы ешқашан палестиналықтарға және басқа да халықтарға жасалып жатқан зұлымдықтар мен жәбірлеулерді тоқтата алмайды. Палестиналықтардың дауысы (олар арқылы) әлемге жетпейді, әлемге түрлі елдердегі адамдарды саңырау етіп үлгерген олардың өткізіп жатқан операцияларының жаңғырығы жетіп барады. Олар наразылық пен ыза тұғызды және барлық жерде ең алдымен осындай актілерді тоқтатуды талап етушілердің дауыстары шығуда. Барша тіпті қорғану мақсатында және отанды азат ету үшін осындай актілерді қолдану - орынсыз екендігіне бірауызды келіседі.

Жауыздық пен зұлымдық жауыздықпен және зұлымдықпен жойылмайды. Оларды тек әділдікпен және сабырмен жоюға болады. Бүлік пен бұзықтықты одан да жаман нәрсемен жою мүмкін емес. Оларды тек олардан жақсырақ нәрсемен жоюға болады. Дәл сол үшін де шейхуль-Ислам ибн Таймийя былай деді: «Ақиқатында Аллаһ әділетті мемлекетке, тіпті ол кәпір болса да, көмектеседі және әділетсіз мемлекетті, тіпті ол мүмін болса да, көмексіз қалдырады». «Мәжму әл-Фатауа» (28/63).

Әрине, түрлі орындарда және түрлі уақытта өткізіліп жатқан операциялардың нәтижелері бірдей емес. Алайда оларға қарсы ең күшті және көрнекі дәйек бұл –нақты фактілер және олардың көрнекі нәтижелері. Сондықтан да, Палестина халқы Интифада кезінде басынан өткізген қасіреттер туралы сандарды келтіруді жөн көрдім, оқырман оларды «жанкештілік» актілердің дұшпанға тигізген зиянымен салыстыруы үшін және оларды жақтаушылардың тұжырымдарының негізсіз екенін түсінуі үшін. 7

«Білгірлер» деп аталатындардың кейбіреуі біз дұшпандарымызды олар жанкештілік актілерге жауап ретінде өз қылмыстарын жасап жатыр деп ақтайды деп бізге айып тағады. Бұл айыптауға жауап беріп, біз “Жанкештілік актілер қаналғандардың дауысын қалған әлемге жеткізіп жатыр“ деген тұжырымдаманы ғана теріске шығаратынымызды айтамыз. Керісінше, біз дәл осыған қарама-қарсы нәрсе болуда деп есептейміз.

Жанкештілік актілерді палестиналықтардың дұшпандары олардың үстінен өте аяусыз жазалауларды өткізуіне, құрбандары екі жақтың азаматтық тұрғындары болған, күш тең болмаған соғыста олардың балаларын және мал-мүліктерін жоюына сылтау ретінде пайдалануда.

Көрнекті ғалым Ибн әл-Қаййим былай деген: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытты, орнын және жағдайларын ескермей, пәтуа беретін адам өзі адасып, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтидің дінге қарсы жасап жатқан қылмысы барлық адамдарды бірыңғай медициналық кітап бойынша өмір сүріп жатқан жер мен уақытты, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді. Ал біз тек Аллаһқа ғана көмек сұрап жүгінеміз”. Қз.: «Иләм әл-Мууәқиин ән Рабб әл-Аләмин» (3/89).

Жанкештілік актілердің пайдалы нәтижелерін олардың зиянды салдарымен салыстыру олардың спонтандық сипатымен, сондай-ақ, бүкіл дүние олардың нәтижелері туралы ақпаратты өздеріне пайдалы етіп беруге мүмкіндігі бар тек палестиналықтардың жауларынан еститінімен күрделенеді. Олар өздерінің ұйғарымы бойынша не олардың нәтижелері туралы айтпай қояды, не, керісінше, жасалған актілердің шынайы көлемін өздерінің мүдделеріне ыңғайлы етіп бұрмалап, қосып айтады. Бұдан тыс, палестиналықтардың дұшпандары, не өздерінің қолдарында, не олармен ынтымақтастықта болған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді манипуляциялап отыру мүмкіндігіне ие.


Екінші ереже: Игі ниеттің болуы амалдың ізгі болуы үшін жеткіліксіз
Жанкештілік актілерді жасауға барушы адамдар сол арқылы өзінің халқының жағдайын жақсартуды және дін үшін шәһид болғандардың сыйын алу үшін өзінің жанын құрбан етуді ниеттенетініне күмән жоқ. Олар суицид (өзін-өзі өлтіру) туралы жоспарлар құрмайды және өзін-өзі өлтіруге құмар емес, өйткені оны орындау үшін басқа да жолдар жетіп асады. Олар, ешбір күмәнсіз, болашақ өмірлеріндегі жағдайына әсер ететін ізгі ниетке ие. Шейх-уль-ислам Ибн Таймийя өзін-өзі өлтіру Құранмен, Сүннетпен және ислам ғалымдарының бірауызды келісімімен (ижмәъ) харам етілгендігін айтқан соң, былай деді: «Аллаһ тыйым салған өзін-өзі өлтіру мен Аллаһ әмір еткен жанды және мал-мүлікті саудаға салудың арасын ажырата білу қажет. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ мүміндерден олардың жандары мен мал-мүлкін Жәннатқа айырбастап сатып алды» (әт-Таубә; 111). Қз.: «Мәжму әл-Фатауа» (25/272).

Басқа да мәселелердегідей, бұл мәселеде де критерий адамның өзі дұрыс деп есептеген нәрсесі емес, Құран мен Сүннеттің заң-ережелері болып табылады, өйткені (бірінші аталған жағдайда) ол ізгі халифа Умар ибн Абд әл-Азиз оларды: «Аллаһқа айқын білімге сүйенбей ғибадат етуші адамдар пайда келтіретін нәрсенің басым бөлігін бүлдіреді», - деп сипаттаған адамдардың қатарына кіріп кетуі мүмкін ғой.

Өзінің әуестері мен қалауларына бағынып, дұшпанға қарсы, ол қай жерде болса да, осындай ойсыз әрекеттерді жасауға шақыратын адасушылар дәл осындай жағдайда. Бұған қоса, олар өздерінің әрекеттері іс жүзінде Исламның әлсіреуіне, оның жақтаушыларының опат болуына және елден айдалуына әкеп соқтыратындығы туралы ойланбайды да. Планетамыздың түкпір-түкпірінде мұсылмандардың бастарынан кешіп жатқан нәрселер осындай ойсыз іс-әрекеттердің салдары болып табылады, ал бұл тағы да бір рет олардың кесірлі және бұзақы екендігін дәлелдейді.

«Аллаһтың разылығы мен махабатына өз-өзіңе азап тигізіп, қиындықтарға ұмтылу арқылы жетуге болмайтынын білу керек. Кейбір надандар амал қаншалықты қиын болса, ол соншалықты жақсы болады, сауаптың мөлшері қиындықтың дәрежесіне байланысты деп есептейді. Жоқ! Бұл – толығымен қате сенім! Амал үшін берілетін сауаптың мөлшері оның келтіретін пайдасына байланысты». Ибн Таймийя, «Мәжму әл-Фатауа» (25/281).

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүкіл әкімшілік қолында болған АллаҺ - аса Ұлы, Ол - әр нәрсеге күші толық Жетуші. Ол - сендерді сынау үшін және кімнің амалдары жақсы болатынын көру үшін өлім мен өмірді Жаратқан" (әл-Мульк; 1-2). Сөйтіп, бізден қалауларымызға ұнайтын емес, ізгі, салиқалы және Аллаһқа ұнамды амалдарды орындау талап етіледі. Амалдар басқа адамдардың әрекеттеріне және болмыстың екпініне жауап (реакция) болмауы қажет.

Әл-Фудәйль ибн Ийәд, Аллаһ Тағаланың «...кімнің амалдары жақсы болатынын» деген сөздеріне тафсир жасап, былай деді: “Бұл - кімнің амалдары дұрыс және ықыласты болады дегенді білдіреді". Одан: «Уа, Абу Али! Ал ықыласты және дұрыс деген нені білдіреді?», - деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса - олар қабыл болмайды және егер амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса - олар ықыласты және дұрыс болмайынша, қабыл болмайды. Ықыластысы – Аллаһ үшін орындалатыны, ал дұрысы – Сүннетке сәйкес орындалатыны. Бұл жөнінде Аллаһ Тағаланың мына аятында айтылған: "Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда дұрыс амалдар істеп, Раббысымен бірге ешкімге құлшылық етпесін (әл-Кәһф; 110)», - деп жауап берді. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/95.

Мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһқа мынандай дұғамен жалбарынатын: "Уа, Аллаһ! Менің амалдарымның барлығын салиқалы әрі шын ықыласпен Сенің Дидарың үшін орындалған ет, ол істерде өзге біреу үшін үлес болмайтындай". Қз.: «Мәжму әл-Фатауа» (1-том/334-бет), Ибн Таймийя.

Шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жихад Аллаһ Тағала әмір еткен салиқалы амалдарға жататындығына күмән жоқ. Ол кейде жеке міндет (фард айн)8, кейде - қоғамдық міндет (фард кифая)9 болып табылады. Мұсылман үмметінің ұлылығы жихадпен байланысты, ал егер мұсылмандар оны елемесе (оған мән бермесе), міндетті түрде ұлылықтан айырылады және сонда "Аллаһ оларға қорлық жібереді де, олар дініне қайта оралмайынша, одан оларды құтқармайды"». Бұл хадисті Абу Дауд, әт-Тирмизи және басқа да мухаддистер жеткізген. Шейх әл-Әлбани бұл хадисті сахих деген. «Сахих «Сунан» Аби Дауд» (2956), «Сахих әл-Жәми'» (423), «Силсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» (11).

Жихад Аллаһқа құлшылық жасау болып табылатындығын және бұл құлшылық өте маңызды екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Алайда құлшылық партияның мүддесі, немесе туған жерді қорғау үшін емес, шын ықыласпен Аллаһ үшін болса ғана - қабыл болады. Жер түгелілімен Аллаһтың иелігінде және Ол оның үстінен білік жүргізуді Өзінің қалаған құлына сыйлайды.

Шейх әл-Әлбани сондай-ақ былай деді: «Егер адам шын ықыласымен Аллаһ үшін жихад жасауды ниет етсе, ол осы үшін лайықты сыйын алатынына күмән жоқ. Алайда біз сөз етіп тұрған жихад Аллаһ жүргізуді бұйырған жихад болып табылмайды. Мен ниеттің өздігінше өте жақсы екенін айтып тұрмын, өйткені адам жихад жасағысы келіп тұр ғой, алайда жихадты жүргізу үшін міндетті түрде, Аллаһ Тағала көпке белгілі мына аятта айтқанындай, дайындық қажет: «Сендер оларға қарсы шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін» (әл-Әнфәл; 60).

Жихад тек жарияланған кезде және оны жүргізуге дайындық болған жағдайда ғана жихад болады. Осы шарттар орындалғанда, жихадтан бас тартуға болмайды.

Ал жеке біреулер, мейлі өзінің жерін қорғау мақсатымен болса да, көтеріп жүрген көтерілістерге келер болсақ, олар жихад болып табылмайды. Әрине, дұшпан шабуыл жасағанда мұсылман жерлерін қорғау міндетті болып табылады, бірақ пайдаға қарағанда көбірек зиян әкелетін шабуылдаулар – барлық мұсылмандар шығуға міндетті болған жихад емес. Мұндай жихад туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Егер олар шығуды қаласа, осыған дайындалар еді» (әт-Таубә 9: 46).

Сондықтан да, біз бұған бірнеше рет нұсқағанымыздай, мұсылмандар ақыл тоқтатып, Шариғатты дұрыс түсініп, Аллаһтың заңына және дініне сәйкес келетін ықыласты және дұрыс амалдар жасауы керек. Міне сонда мүміндер Аллаһ Тағаланың көмегімен қуанады». Тыңдаңыз “әт-Тахарри филь-Фәтуә” 2-аудиотаспа, Мәшһүр бин Хасан бин Салмәнның «Әс-Саләфиййун уә Қадийят Филистин» кітабының негізінде (67-бет).

Сөйтіп, Аллаһқа ұнамды әрекетті жасау үшін жалғыз ниеттің өзі ғана жеткіліксіз. Шариғаттың басқа да заң-ережелерін орындау қажет. Нақтырақ айтқанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: "Кім өзін-өзі қандай да бір затпен өлтірген болса, Қиямет Күні сонысымен жазаланады". Бұл хадисті Абу Хурайрадан және Саббит әд-Даххактан әл-Бухари және Муслим жеткізген. Дәл осыны Абу Ауана да келтіреді.

Бұл хадис өзін-өзі қасақана өлтіргеннің барлығына, ешқандай ерекшелеусіз және себептер (сылтаулар) мен мақсаттарды есепке алусыз, қатысты. Ол қателікпен және мәжбүрлеумен емес, саналы түрде осындай таңдау жасап, өзін-өзі өлтіргенің барлығына қатысты қолданылады. Бұл хадисте қолданылатын арабтың "мән" (кім) сөзі, оған жалпыға бірдей маңыз береді, яғни хадис өзін-өзі өлтірген кез келген адамды қамтиды. Бұдан тыс, хадистегі қорқыту әрекеттің себептеріне және мақсаттарына емес, әрекеттің өзіне байланысты болып тұр. Сөйтіп, өз еркімен өзін-өзі өлтірген әрбір адам күнә жасаған және рұқсат етілгеннің шегінен бұзып шыққан болады. Раббымыз: "Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер" (ән-Ниса; 29), - деді. Ерікті түрде өзін-өзі өлтіруге баратын адамға жоғарыда келтірілген хадистегі қорқыту таралады, алайда өзін-өзі құрбан ету актісін оның рұқсат етілгендігіне сеніп жасаған адам жазалаудан құтылады деген үміт қала береді.

Салиқалы ниет және болжамды пайда харам етілген нәрсені халәл етпейді және діндегі жаңалықтарды (биъаттарды) ақтамайды. Ал күнә өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды адасушылыққа салған және оған осындай "өзін-өзі құрбан етуді" халәл деп пәтуа шығарып берген адамның мойнына (да) түседі.



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет