«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.15/03-2013

ПОӘК

«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



05.09.2013жылғы

№ 1 басылым




«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»

ПӘНІНЕН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013

Мазмұны



1

Глоссарий

3-17

2

Дәрістер

--

3

Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

17-24

4

Курстық жұмыс (проект)

-

5

Студенттің өздік жұмысы

24-41


1. ГЛОССАРИЙ.

Адам – жер  бетіндегі  тірі  организмдердің  жоғарғы  сатысы,  саяси-қоғамдық  қатынастардың  негізгі  субъектісі  мен  объектісі.

Адам  құқықтары – белгілі  бір  игілік  алуды, өмір  сүруді  қамтамасыз  ететін  адамдар  мен  мемлекет  арасындағы  ережелердің  өзара  қатынастары,  кепілдіктері.

Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады.

Антипатия (грек. аntipathia: anti – жауластық мағынасын беретін қосымша және pathos — сезім) – жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. Ұнатуға қарама – қарсы мәндегі сезім атауы. Психологияда бұл терминді алғаш енгізген Я.Л.Морено.

Апатия(грек. аpatheia — қызықпаушылық) – енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады.  

Азаматтық қоғам – жеке  тұлғаның  емін-еркін  дамуын  қамтамасыз  ететін  қоғамның  күйі. Азаматтық  қоғамның  құрамына  адамдардың  өздері  тудырған  қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық  ұйымдар, ассоциациялар  және  т.б.) азаматтардың  өндірістік  және  жеке  өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары  кіреді. Бұл  қоғамда  мемлекеттің  жеке  адам  өміріне  араласуына  шек  қойылады.  Онда  адамның  халықаралық  дәрежеде  танылған  ережелерге  сай  құқықтары  сақталады.

Ассоциация – 1.Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы.

2.Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.



Атрибуция – адамның жүріс – тұрыс себептерімен дәлелдерін, жеке қасиеттерімен мінездері

олардың іс – әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.



Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың

(түйсігін) санасыз түрі. К.Юнгтің түсінігі бойынша, архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық комоненттері жалпы адамдық символика негізінде жататын түс, ертегі,миф.



Аффект (лат. affectus – жан толқынысы, құмарлық) – адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу, т.б.).

Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

Әлеуметтік қызығушылық.- Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Әлеуметтік – (латын «бірге», «жолдастық», «қауымдық» - деген сөзінен алынған). Ә. Ұғымын түсіндіру екі бағытта дамыды. Біріншісі әлеуметтік байланыстың мәнін ашып көрсетуге бағытталса, екіншісі әлеуметтік шындықтың табиғатын ашып көрсетуге бағытталған. Ә. Ұғымы тек қана адамға және адамдар тобына қатысты құбылыстарды айқындайды. Ә. қоғамның тұрақтылығын, тұтастығын, дамуын қамтамасыз ететін қатынастар жүйесін, іс-әрекеттерді, мінез-құлықтарды білдіреді. Ә.- қоғамдық мәннің күнделікті өмірдегі біртұтас құбылысы, көрінісі.

Әлеуметтік ақпарат (информация социальная) – қоғамдық және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әлеуметтік әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы. Ә.а. қоғамдық өмірді түгел қамтитын (экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, мәлени т.б.) түрлі деңгейдегі білімді пайдаланады, таратады.

Әлеуметтік арақашықтық-(дистанция социальная) - әр алуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Ә.а.- қ.-ты анықтауда ұлттық, этникалық т.б. топтардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі.

Әлеуметтік артықшылықтар (привилегия социальные – латын.- «артықшылық» деген сөзінен алынған) – кейбір адамдардың, топтардың, таптардың, мекемелердің заңды немесе заңсыз түрде де, көпшіліктің қолы жетпейтін құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануы.

Әлеуметтік алалау ( социальная дискриминация). – адамдардың нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық т.б. ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе бүркемелі түрде алалауды, қысым көрсетуді айтады.

Әлеуметтік ассоциация (социальная ассоциация) – мүшелерін бір топқа біріктіруге тікелей себептік негізі бар, ішкі құрылымы мен басқарылу жүйесі арнайы бекітілген, өз ісін өзі қамтамасыз ететін материалдық қаражаттық қоры бар адамдардың біріккен ұжымы. Ә.а. деп, кең мағынада алғанда, адамдарды біріктіретін кез келген адамдар тобы айтылады.

Әлеуметтік әсер (социальный эффект – латын-«нәтижелі» дегенді білдіреді) - әлеуметтік іс-әрекеттердің, байланыстардың және қарым-қатынастардың, әлеуметтік жүйелердің қызметі нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы сапалық өзгерістер.

Әлеуметтік байланыс (социальная связь) – жеке адамдардың не адамдар топтарының бір-біріне деген кез-келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік.

Әлеуметтік бағытталу (контроль социальная) – адамның өзінің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды әлеуметтік жағдайды таңдауы және оған жету жолдарын белгілеуі.

Әлеуметтік бақылау (контроль социальная) - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан-алуан салаларының қызметін, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылында қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

Әлеуметтік бейімделу ( адаптация социальная) – адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Әлеуметтік диагностика (грек- «танып-білуге» қабілетті» деген сөзіне алынған) - әлеуметтік, өндірістік шағын топтарды ғылыми негізде басқару үшін, олардағы ішкі қатынастарды нақтылы зерттеп білу мақсаттарын жүзеге асыратын, сонымен бірге қоғамдағы кертартпа құбылыстардың пайда болу себептерін, табиғатын зерттей отырып, оларды жою жолдарын анықтап, ұсыныс жасайтын социологияның бір саласы.

Әлеуметтік даму (социальное развитие) - әлеуметтік философия мен социология ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Оның толық көрінісі мен мән-мазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдаулар жүргізу керек. Ә.д. күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты» , «әділеттік» деген сияқты ұғымдарға жақын болып есептеледі. Ә.д. ұғымы практикалық ұйымдастыру қызметін атқарады.

Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.

Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып , әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде

қолданылған ұғым. К.Левин , топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.



Әлеуметтік жағдай (социальная ситуация) – қоғамдағы әр түрлі таптық, демографиялық, этностық т.б. топтардың өмір сүру , еңбек ету жағдайларын анықтайтын объективтік және субъективтік жағдайлар мен процесстердің әлеуметтік құрылымы.

Әлеуметтік стратификация ( стратификация социальная, стратификация термині латынның ‘stratum’- «жік , қатпар, қабат» және ‘facer’ – «жасау» деген сөздердің қосындысынан алынған) - соңғы жылдарға дейін Батыс социологиясында ғана пайдаланып негізгі әлеуметтік айырмашылықтардың және теңсіздікті көрсететін түсінік. Ә.ж. –ді зерттеудің үш бағыты бар: 1) әлеуметтік мәртебені әлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) әлеуметтік бағыт-бағдармен байланыстыру; 3) негізгі жік жарғылар есебінде мамандық түрін , табыс мөлшерін , білім дәрежесін басшылыққа алу.

Әлеуметтік идеал (социальный идеал) – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағы, болашақтағы бейнесінің көрінісі.

Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» - «қасиетті» және «arche» - «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.

Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.



Әлеуметтік инновация (латынның «innovation» - «жаңалық енгізу» , «өзгеру» деген сөзінен алынған) – материалдық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін салаларда сапалы өзгерістер жасауға бағытталған қоғамдық пайдалы істі жасау, тарату, жүзеге асыру процесі. Ә.и. әлеуметтік, экономикалық, мәдени шығармашылық пен прогрестің жемісі. Ә.и. өзінің жаңартушылық күш – қуатына қарай түбегейлі жаңартушы немесе барды өзгертуші болып бөлінеді. Ә.и. – ның соңғы түрі кеңірек тараған. Ә.и. мақсатты өзгерістерге бағытталған салаларда жиірек байқалады.

Әлеуметтік институт (латынның «institutum» - «айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған) – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.

Әлеуметтік қабылдау – Ә.қ. деп адамдардың қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік жағдайларды, адамдардың топтарын, басқа адамды және өзін-өзі қабылдап, түсініп, бағалауы айтылады.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бақылау – 1) психологияның негізгі әдістерінің бірі; 2) белгілі бір құбылыстар мен объектілердің бар екендігі мен өзгерістерін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын ойластырылған, жоспарлы, ұзақ қабылдау.

Бағдарлаушы рефлекс – төңіректегі жағдайдың жаңалығына жауап ретінде пайда болатын шартсыз рефлекс.

Белгі – болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. Белгі адамның психикалық іс-әрекетінің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал. Әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет салу саналады.

Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық – этникалық жанжалдар, кекілжіндер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салдарынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).

Байланыстар құру қажеттілігі – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio — бейімделу) – организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Бейімделу негізіне ішкі ортасының (гомеостаз деп аталатын) тұрақтылығын сақтауға бағытталған организм реакциясы жатады.

Гиперкомпенсация. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.

Генеративті қатынас – бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.

Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған

халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.



Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі «төркін» дегенді білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гельштаттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Деструктивтілік – бұл жатырқаушылықтың белсенді формасы; басқаның тұлғасына нұқсан келтіру қажеттілігі сол адамның талқандай алу мінез-құлқынан қорқыныш негізінде пайда болады. Бұл жатырқаушылықтан қарағанда өнімділіктің өте күшті және аса жалпылай қамтитын қарсылықтарының нәтижелері.

Жек көрушілік – субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері әсер ететін, қарама-қарсы сезім

Жауыздық – қоғам және жеке адам өміріндегі барлық теріс қасиеттерді көрсететін әдеп санаты. \Жеккөрушілік* – адамның өз қажетсінулеріне, сенімдеріне, құндылықтарына қайшы келетін құбылыстарға бағытталған орнықты белсенді жақтырмау сезімі.

Зорлық (насилие) — өзінің материалдық немесе рухани мүддесін заңға және моральдық қалыптарға сыймайтын жолдармен қанағаттандыру бағытында жасалатын әрекет немесе әрекеттердің жиынтығы.

Интимділіккемелдену жасына сәйкес келеді; оған басқалармен сексуалдық қатынастары және басқа адамға сенімділік білдіру қабілеті енеді.

Интроверсия (лат. intro – ішке, ішіне және versio — өзгеріс) – ішке үңілу. Тұлға теориясында әлеуметтік қарым-қатынастан қашып, өз ойымен өзі болуға ұмтылушылықты белгілеуге қолданылады.

Мен шығармашылығы Әрбір адамның өз дара тұлғасын белсенді қалыптастыруға мүмкіндігі бар екенін көрсетуге арналған А.Адлер тұжырымдамасы.

Мінездің өнімділік типі – Э.Фромм теориясында – тұтас, сүюші және шығармашыл индивидуум. Адам дамуында идеалды соңғы мақсатты көрсетеді.

Өзара тәуелділік* – Эриксон бұл терминді әр ұрпақтың қажеттіліктері мен қабілеттерінің өзара байланыста екендігін көрсету үшін қолданады.

Өнімді бағдарлануға — барлық күштері, тырысулары бағынатын мақсаты ретінде адамның түгелдей потенцияларының өсуі мен дамуы байқалатын тип ерекшеліктері енеді.

Өнімділік – бұл эмоционалдық және психикалық ақауы жоқ кез – келген адамның қатынасқа деген қабілеті.

Өнімсіз белсенділіктің түрілері — мазасыздықпен, гипнозға, беделге негізделеді. Алайда оларды жиі араластырады.

Өмірлік стиль- Жеке бас ерекшеліктері, түрткі, когнитивті стиль және шындықты иелену әдістерінің ерекше конфигурациясы. Ол дара тұлға мінезіне сай болып, осы мінездің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.

Психоәлеуметтік мораторий – кеш жеткіншек жастағы индивидуумның ересектердің рөлдері мен жауапкершілігін қабылдауында біраз уақыт кейін шегеруге мүмкіндік беру кезеңі.

Пессимизм (лат. pessimus – ең жаман) – дүниенің игілігіне, болашаққа сенбеу. Ең бірінші неміс философы А.Шопенгауэр (1788-1860) өзінің ілімін пессимизм деп атады.

Рецептивті бағдар — бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған бұл формасы қазіргі «фольклорда», әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті қисынсыз форма қабылдайды.

Репродуктивті қатынас – бұл әрқашанда шындықты таспаға түсірілген материалдардың әр бөліктерін үздіксіз қайта жаңғырта отыратын фильм тәрізді қайталанбалы бір образда қабылдау.

Регрессия – психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессияның түрі түйсіктік құмарлықтың тәсіліне, «Меннің» қызметіне, индивидке тән мұрат пен ардың көрінісіне орай қалыптасады және бөлінеді.

Рефлексия (лат. reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық актылар мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.

Ым-ишара – психикалық құбылыстың, көбінесе эмоцияның сыртқы бейнесі.

Ұнамдылық – жақсылық ойлауда, сәлемдесуінде, қарым-қатынас кезінде туындайтын таңқалушылығында, көңіл аудару, көмектесу және тағы басқа әлеуметтік көріністері немесе топтары, адамның басқа адамдарға тұрақты қолдаулы эмоциялық қатынасы.

Сәйкестік диффузиясы – бозбала не бойжеткен мамандықты не идеологиялық сенімдерді таңдауға байланысты сәйкестік дағдарысынан өтуі не өтпеуі мүмкін, сөйте тұра ол нақты таңдау әлі жасамаған немесе таңдау жасаудан тым алшақ тұратын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.

Толымсыздық кешені - Басқа адамдармен салыстырғанда өзіндік толымсыз терең толық бойлайтын сезім. Үнемі дефектілі, қате ұстанымдармен және мінез-құлықтарымен бейнеленеді.

Темперамент (Temperament). Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).

Ұжымдық санасыздық- Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.

Үстемділік кешені- А.Адлер теориясында өзіндегі толымсыз сезімін жою үшін, өзінің мәнділігін үлкен етіп көрсету тенденциясы.

Үстемділікке ұмтылу- Өзінің жеке кемшіліктерін жеңуге, өзіндік потенциалын толық ашуға ұмтылу. А.Адлер оны адам мінезі негізінде жатқан орасан қуатты қозғаушы күш ретінде қарастырады.

Функционды финализм- . А.Адлер ұсынған, адам мінезі ойдан шығарылған, жалған мақсаттармен бағытталатынын, іс жүзінде дәлелдейтенбейтінін тексеруге келмейтінін көрсететін термин.

Эго-психология –адам тәртібін түсіндірудің басқа да жолдарын, бағыттарын қарастыратын, өз бастауын З.Фрейд тұжырымдамасынан алатын тұлға жайлы психоаналитикалық теорияға негізделетін теориялық ілім. Эго-психологияда адам тәртібі мен қызметінің фундаменті ретінде идтен қарағанда эго басымырақ қарастырылады.

Эпигенетикалық тип – адамның өз дамуында өзгермейтін бірізді кезеңдерден өтуі. Әр кезең биологиялық дамумен және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыстармен ерекшеленеді.

Эксплуататорлық бағдарлану — «Маған не қажет, мен соны тартып аламын», — деген ұранға ие, континенттің табиғи ресурстарын аяусыз эксплуатациялайтын пираттар мен феодалдарға, ал олардан – ХІХ ғасыр тонаушылары — магнаттарға бағытталады. Олардың мақсаты – арзанға сатып алып, қымбатырақ сату, билік пен байлыққа талпыныстарында рақымсыз. Бұл тип бәсекелестікте қатал тәртіптері бар ХVІІ және ХІХ ғасырдың еркін нарығының өсіндісі.

Индивид - әлеуметтік қарым-қатынас объектісі және саналы әрекет етуші.

Индивидуальдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді,салты және т.б)

топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау.



Иланғаштық – иландыратын нәрсені ұғынбастан қабылдаумен сипатталатын ықпалға бағыну.

Көші қон – тұрақты немесе уақытша тұру мекенін ауыстыруға байланысты адамдардың орын

ауыстыруы.



Контент талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т.б

Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі. Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және тандаулы жинақтар осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты - қолдану жиілігімен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой – пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.



Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет –ғұрыптарға, жүріс –

тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.



Кросс мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын

бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет