Өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімінің Есебі



жүктеу 305.94 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі305.94 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімінің Есебі
Бородулиха ауылы 5 тамыз 2010 жыл
Құрметтi депутаттар және сессияға қатысушылар!

Өткен жартыжылдық ел өмiрiндегi маңызды саяси оқиғаларымен есте қалды.

Солардың ең бастысы: мемлекеттің болашақ 2020 жылға дейінгі даму мен үдеріс жолының нақты басымдықтары қойылған Президенттiң «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» атты Қазақстан халқына Жолдауы онжылдықтың басым бағыттарын анықтайды, оның басты мақсаты – экономикалық өрлеу мен жаңа мүмкіндіктерді құру. Ауданның барлық жұмыстарында ең алдымен экономикалық және көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалып отыр. Биылғы жылы біз Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 15 жыл толуын атап өтеміз. Аудан экономикалық дамуы мәселелеріне тоқтай отырып, келесілерді атап өткім келеді:
Бюджеттің кіріс бөлігін орындау

2010 жылдың бірінші жарты жылдығына аудандық бюджеттің кірістері 101,9 % орындалды, жоспарда 1253108,0 мың теңге, келіп түскені 1277112,4 мың теңге. 2009 жылдың сәйкес кезеңіне жоспарда 1126143,6 мың теңге, келіп түскені 114896,7 мың теңге немесе жоспардан 102,0 %.

2010 жылдың бірінші жарты жылдығына жеке кірістер жоспарда 211605,0 мың теңге, келіп түскені 235609,4 мың теңге немесе жоспардан 111,3%, 2009 жылдың сәйкес кезеңінде келіп түскен жеке кірістер 233690,2 мың теңге, жоспарда 210767,0 мың теңге немесе 110,9 %, ол 2009 жылдың бірінші жарты жылдығына қарағанда 1919,2 мың теңгеге көп.

2010 жылдың 6 айына келіп түскен ресми трансферттер – 1041503,0 мың теңге, жоспарда 1041503,0 мың теңге немесе жоспардан 100,0 %, оның ішінде:

-субвенция – жоспарда 807458,0 мың теңге, келіп түскені 807458,0 мың теңге, орындалу 100,0 % құрады.

2010 жылдың сәйкес кезеңіне орындалу бюджеттік сыныптаманың барлық кодтары бойынша қалыптасты.


Бюджеттің шығыс бөлігін орындау

Шығындар бойынша аудан бюджеті 97,5 % орындалды, төлемдер бойынша нақтыланған жоспарда 1259491,1 мың теңге, 1227902,1 мың теңге орындалды. Келер жылдың ұқсас кезеңіне бюджет 93,7 % орандалды, нақтыланған жоспарда 1135216,7 мың теңге, 1063542,8 мың теңге игерілді. 2010 жылдың 1 жарты жылдығына игерілмеудің сомасы 31589 мың теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 26225,1 мың теңге және дамудың бюджеттік бағдарламалары бойынша 5363,9 мың теңге немесе келер жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40084,9 мың теңгеге азайды.

Қаржыландыру жоспарының орындалмауының негізгі себептері: объективті себептер бойынша – 17181,6 мың теңге (мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу, еңбекке төлеу қоры және салықтар бойынша, іссапарлар кестесінің өзгеруі, алушылармен бюджеттік кредитке құжаттар топтамасының ұсынылмауы); субъективті себептер бойынша -14407,3 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша өтпеген конкурстар -7487,1 мың теңге, бюджеттік бағдарламамен нетижесіз басқару – 2331,2 мың теңге, қаражаттарды негізсіз жоспарлау – 4589 мың теңге.
Өнеркәсіп

2010 жылдың қаңтар-маусым айларына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7504,4 млн теңге құрайды, бұл өткен жылдың ұқсаса кезеңіне сәйкес 157,34 % құрады. Оның ішінде 427,1 млн теңге – тау-кен өндіру өнеркәсібі (өткен жылдың ұқсас кезеңіне сәйкес 289,0 %), оның ішінен тамақ өнімінің өндірісі – 153,2 млн теңге (өткен жылдың ұқсас кезеңіне сәйкес 107,2 %).

Ауданның өнеркәсібі «Жезкент КБК» «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы тау-кен өндіру кәсіпорынымен қызмет етеді. 2010 жылдың қаңтар-маусым айларында өндірілген негізгі өнім түрлері: кен қазу - 799,27 мың тонна ал 2009 жылы 813,98 мың тонна өндірілген, кенді қайта өңдеу - 800,14 мың тонна, өткен жылы 812,38 мың тонна өндірілді, мыс және мыс қоспаларын өндіру – 26142,95 тонна (құндық тұлғалау – 5476361,09 мың теңге), өткен жылы 32139,16 тонна өндірілді (құндық тұлғалау – 3433097,04 мың теңге), мырыш және мырыш қоспаларын өндіру - 29324,86 тонна (құндық тұлғалау – 1757100,36 мың теңге) 2009 жылы 26053,56 тонна өндірілді (құндық тұлғалау – 983427,25 мың теңге).

Еңбек ақы төлеу

2010 жылдың қаңтар-мамыр айларына нақты орта айлық жалақы 54552 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың кезеңіне сәйкес 110,4 % құрайды. Аталған кәсіпорынның нақты секторының болжамына сәйкес 2010 жылы жалақы қоры төмендету күтілмейді.

Бородулиха ауданының статистика басқарма мәліметі бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне жалақы бойынша қарызы 215627 мың теңге құрайды. Ауданда жеделдетілген қарыздар жоқ.

Негізгі капиталды иневстициялау

Негізгі капиталы иневстицияның көлемі 1496,3 млн теңге немесе өткен жылдың кезеңіне сәйкес 120,0 % құрайды.

Соның ішінде 2010 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша 1-Инвест нысанын қосымша ауданның ауыл шаруашылығы құрылымына ауыл шаруашылығы жабдығын және ауыл шаруашылығы техникасын жалпы 111028 мың теңге сомаға сатып алу көрсетілді.

Ағымдағы жылдың алты айына 623,0 шаршы метр жалпы алаңымен тұрғын үй пайдалануға енгізілді, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 5,7 есе коп. Тұрғын үйді пайдалануға енгізу бойынша жоспар-тапсырманы орындау 24,6 % құрады. Тұрғын үйді пайдалану енгізу бойынша жоспар-тапсырманы орындау 32,6 % құрады.


2004-2010 жылдарға ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы

Ауылдық орналастыруды оңтайландыру негізінде ауыл тіршілігін қамтамасыз етудің қалыпты жағдайын құруға негізделген. Өңірлік бағдарламаларың басты бағыттары экономикалық қызметтің, құрылыстарға қаржы салуды, әлеуметтік және инженерлік инфроқұрылымдар объектілерін жөндеу және қайта жөндеуді дамыту; ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мониторингін ұйымдастыру, ауылдық аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін, жер қорын бағалау; ауыл тұрғындарын қайта орналастыруға жағдай жасау бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; ауылдық қайта орналастырудың нәтижелілік моделін әзірлеу және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды жүргізу бойынша бірінші кезекті шараларды әзірлеу болып табылады.


Ауыл шаруашылығы

Бородулиха ауданының аумағы 698992 га құрайды. Ауыл шаруашылығына бағытталған жерлер 414559 га құрайды, оның ішінде егістік 320288 га құрайды, бұл ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тыңайған жерлерін ауыспалы егіске енгізу және мемлекеттік қор жерлерінің телімдерін ұсыну есебінен өткен жылға қарағанда 10801 га артық. Тыңайған жерлер өткен жылмен салыстырғанда қарағанда 18909 га азайған және қазіргі уақытта 9946 га құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда шабындық жерлері азаматтарға мемлекеттік қордан жер беру есебінен 1914 га артты және 4036 га құрайды. Жайылым жерлері де 2515 га ұлғайған және жалпы аудан бойынша 73757 га құрайды.

Топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында ғылыми негізделген ауыспалы егіс сақталады, аймақтық технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың 1 маусымына жағдай бойынша жай серіктестіктерді құру арқылы 50 аса шаруашылық-фермерлік қожалықтарына біріктірілді және бүгінгі күні жалпы ауыл шаруашылығына бағытталған жер телімдерін пайдаланатын жер пайдаланылушылар- жалпы алқабы 114215 га алатын 13- ЖШС және АҚ құрайды, оның ішінде 84505 га егістік, жалпы алқабы 289835 га құайтын-494 шаруа қожалықтары, оның ішінде 230224 га жыртылатын жерлер, жылпы аумағы 9347 га болатын -2 өндірістік кооперативі, оның ішінде 5536 га егістік. Аудана ұсақ тауарлы шаруа қожалықтарын ірілендіру үдерісі жалғасуа.

Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды саласы болып табылады. Аграрлық саласының тұрақты дамуына жалпы экономиканың жағдайы, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігі және халықтың өмір тіршілігінің деңгейі айтарлықтай тәуелді.

Бородулиха ауданы облыстың ірі аграрлық аймақтарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы жоспарланған егістік алқабы 299,1 мың га құрады, нақты 272,9 мың га егілді немесе жоспарланған егу алқабына 91,2 пайызды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда егістік алқабы 4,2 мын га азайды.

Жаздық себу 214,1 мың га немесе көзделген жоспардың 90,1 пайызын құрады, оның ішінде : дәнді және бұршақ дақылдары 109,4 мың га немесе көзделген егу алқабының 85,1 пайызына егілді.

Күнбағыс-103,9 мың га немесе көзделген егу алқабының 109,9 пайызы, 94,5 мың га егілді.

Картоп 1,657 мың га алқапқа отырғызылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 0,081 мың га, халық шаруашылығымен 1,546 мың га, мектептермен 0,029 мың га отырғызылды, көзделген алқаптың 97,2 пайызын құрады.

Ылғал ресурсөнімдеуші технологиясымен 50,2 мың га алқапка дәнді дақылдар егілді.

«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша 2010 жылға 244,3 млн. теңге сомасында субсидия игерілді, ауданның 226 ауыл шаруашылығы құрылымдарына.

2010 жылғы нарықтық бағасы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын сатып алғаны үшін 10,057 млн. теңге сомасында бюджеттік субсидия игерілді.

2010 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша ауданда ІҚМ 44003 бас немесе өткен жылдың деңгейіне 106,6 %, оның ішінде: 15081 сиыр немесе өткен жылдың деңгейіне 88,2 %, шошқа-14003 бас немесе өткен жылдың деңгейіне 124,1 %, қой-ешкі-36329 бас немесе өткен жылдың деңгейіне 112,6 %, жылқы-4372 бас немесе өткен жылдың деңгейіне 107,8 %, құстар-99297 бас немесе өткен жылдың деңгейіне 111,2 %. Ағымдағы жылдың 6 айына ет өндірісі 3895,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне 95,2 пайызды құрайды. Сүт өндірісі 20249,7 тоннаны құрады, өткен жыл деңгейіне өсу 99,9 пайызды құрады.

Ауданның мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға аудан бойынша барлығы 105 777 мың теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндірісі мен сатуға -57 105 мың теңге, сиыр етіне-47 650 мың теңге, шошқа етіне-1022 мың теңге.

2010-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Бағдарламасында көзделген міндеттері мен шаралары орындалуда:

Субсидиялау арқылы қолданылатын минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің көлемі арттырылуда, 2010 жылы 20,0 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылы 707,9 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды және енгізіліп, бұл 2009 жылға қарағанда 3 есеге артық. Химиялық өңдеу 16,8 мың га алқапқа жүргізілді, бұл 2009 жылға қарағанда 142 пайызға артық. Зиянкестерге қарсы 7,1 мың га алқапқа өңдеу жүргізілді.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жалпы сомасы 109,8 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары, ауыл шаруашылығы инвентарьлары сатып алынды және оларға жаңалау жүргізілді.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Новая Заря» ШҚ» ЖШС-де асыл тұқымды мал шаруашылығы ашылды.
Шағын бизнес

ШҚО мәслихатының 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 13/160-IV XIII сессиясының шешімімен 2009-2011 жылдарға арналған ШҚО шағын бизнесін дамыту мен қолдауының Аймақтық бағдарлмасасы бекітілді.

Қазіргі уақытта аудандағы шағын бизнес: 247 дүкнен, Бородулиха мен Новопокровкадағы 2 әлеуметтік бөлім, .Жезкент кентіндегі 1 әлеуметтік дүкен, 15 дүңіршек, 15 ЖЖБ, 8 ТҚБ, 15 дәріхана, 12 шаштараз, 2 тіс емдеу кабинеті, 39 қоғамдық тамақтану нысандары (асхана, кафе, ресторан мен барлар), 2 қонақ үй, 2 сауда базары, 6 тігін ательесі болып табылады.

Қазіргі уақытта ауданымызда 49өңдеу кәсіпорны тіркелеген, оның 3-уі ірі болып табылады. Жоспар бойынша 2009-2011 жылдар аралығында Бородулиха ауданындағы шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау жолында 2009 жылы 15 объекті, биыл 5 нысан пайдалануға берілді:

-.Березовкадағы А.Р Жұмагуловтың майсығымдау цехы;

- Дмитриевкадағы «КазМунайГаз-Өнімдері» АҚ № 114 ЖЖБ филиалы;

-Бородулиха а., ЖК Т. Путенцеваның «Апельсин» дүкені;

-Бородулиха ЖК Жандаулетовтің «Бопоси» наубайханасы;

-Новая Шульбадағы «Светлое». ш/қ «Юбилей» дүкені.

2007 жылғы 6 қарашадағы ҚР Үкіметінің № 1039 қауылысымен орта және шағын бизнес субъектілері «Даму» АҚ мен екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыратын болады. 2008-2009 жж. аудан бойынша 6 жоба 75,7 млн. теңгеге несиелендірілді.

2008-2009 жылдары «Агра Несие Корпорациясы» 2 жобаны жалпы құны 146,0 млн. теңгеге қаржыландырды.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту да қоғамдық бірлестіктер үлкен мәнге ие.

2009 жылдың 1 тоқсанында Бородулиха ауданы кәсіпкерлерінің «БОЛАШАҚ» Ассоциациясы құрылып, заңды түрде тіркелді. Ол біздің ауданның кәсіпкерлерінің мүддесін қорғап жүр.

Қазіргі таңда Бородулиха ауданы кәсіпкерлерінің «БОЛАШАҚ» Ассоциациясы аясында шағын несие беруді ұйымдастырудың жолы қарастырылуда.

Ауданда кәсіпкерлікке тосқауыл қоюшыларға қарсы тұратын жұмыс тобы құрылған, оның отырысы тоқсанына бір рет өткізіліп отырады.

Бағаның шарықтауын 10% деңгейде ұстап тұру үшін аудандық штаб құрылып, өз жұмысын тиімді жүргізіп отыр. Оның басты мақсаты аудан көлеміндегі азық-түлік пен өндіріс заттарының бағасының өспеуін қадағалау болып табылады.

1 тамызға дейінгі аудандағы жағдай төмендегідей:

10% үстемемен ауданның ауылдық округтері әкімдері мен сауда нүктелері иелері арасында 112 меморандумға қол қойылды;

- өзара әрекеттесушілік жөніндегі 165 меморандум аудан ауыл әкімдері мен ЖҚӘБ бөлімімен және мемлекеттік еңбек инспекторы және ауданның шаруашылық субектілері арасында қол қойылды.

Қазіргі таңда өздері қол қойған меморандумды бұзған кәсіпорын жоқ.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамту

Әлеуметтік төлемдерге 2010 жылы 99848 мың теңге қарастырылған.

2010 жылғы 1 шілдеге қаржыландыру жоспары бойынша 49021,0 мың теңге бөлінді, 48275,1 мың теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 3800,0 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына – 2000,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына соғыс қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға - 10843,9 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.

Облыстық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын 20 студентке оқу ақысын, жатақханада тұру мен ай сайынғы шәкіртақысын қоса алғанда 3879,3 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерге кеткен шығындар өтемақысына 6295,3 мың теңге, «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 1500,0 мың теңге, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа жетпеген балалары бар көпбалалы аналарға Балаларды қорғау күніне 1240,0 мың теңге төленді.

2010 жылы жұмыспен қамту бағдарламасына 22840,0 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге республикалық бюджет қаражаты есебінен 5040,0 мың теңге бөлінді.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 11282,5 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 1176,9 мың теңге игерілді.


Сумен қамту және су тарту

2010 жылға сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта құруға республика бюджетінен 216252 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 20000 мың теңге игеру жоспарланған.

«2005-2010 жылдарға Ауыз су» бағдарламасы бойынша ауданда 2007 жылы басталған Бородулиха ауылының (екінші кезек) сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру жүргізіліп жатыр, құрылыстың сметалық құны 227100 мың теңге, конкурс бойынша 222583 мың теңге. 2007 жылы 100000 мың теңге, 2008 жылы 103083 мың теңге, 2009 жылы 19500 мың теңге игерілді. Пайдалануға беру 2009 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған, бірақ мердігер келісім шарт міндеттерін орындаған жоқ және пайдалануға енгізу мерзімі тоқтатылды. 2009 жылдың 28 желтоқсанында объектіні мемлекеттік комиссияға беру дайындығын анықтау бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді. Комиссия объекті мемлекеттік комиссияға беруге дайын еместігін анықтады. Осы негізде «Бородулиха ауылының (екінші кезек) сумен қамту жүйесін қайта құру» объектісі бойынша «Семмелиорация» ЖШС АТП мердігерлік ұйымына айып пұл санкциясын салу туралы ШҚО бойынша Мамандандырылған Аудан аралық экономикалық сотққа талап арыз берілді. Сот 2010 жылдың 10 наурызындағы №2-387 шешімімен талап арыз қанағаттандырылды және мердігерден 1048973 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алды. «Семмелиорация» ЖШС АТП мердігерлік ұйымымен қосымша келісім шарт жасалды, онда объектіні беру 2010 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған. Кезекті объектіні беру тағыда тоқтатылды.

Дмитриевка ауылының сумен қамту жүйесін қайта құру 2008 жылы басталды, сметалық құны 121980 мың теңге, конкурс бойынша 120145 мың теңге. Жоспар бойынша объекті 2009 жылдың 1 қарашасында енгізілуі тиіс. Қайта құруды Семей қаласының «Казсельбурводстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Объекті пайдалануға енгізілген жоқ. Келісім шарт міндеттерін орындамағаны үшін экономикалық соттың №2-4255/09 шешімімен мердігерден 296908 теңге көлемінде айып пұл санкциясы салынды. 2010 жылдың 1 маусымында енгізу мерзімімен қосымша келісім шарт жасалды.. Объектіні егізу тоқтатылды. Құжаттары сотқа жіберілді .

2010 жылы Петропавловка (сметалық құны – 121297 мың теңге) және Белағаш (сметалық құны – 94955 мың теңге) ауылдарының сумен қамту жүйесін қайта құру бойынша жұмыстар басталды. 1 шілде айында Петропавловка ауылы – 59167,366 мың теңге немесе 49 пайыз, Белағаш ауылы – 55819,773 мың теңге немесе 59 пайыз игерілді. Жұмыс техникалық қадағалау, тапсырысшы және жергілікті тұрғындар бақылауымен кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«2011-2015 жылдарға арналған ауыз су» бағдарламасын орындау мақсатында Камышенка, Шелехово, Аул, Березовка шипажай, Ивановка және Сосновка ауылдарының және Бородулиха ауылының үшінші кезек сумен қамту жүйесін қайта құруға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2010 жылдың 1 сәуірінде қабылданған ҚН және Е өзгерістерге байланысты бұл жобалар жобаны әзірлеуші «Семпроект» ЖШС және «ОблDORкомхоз» ЖШС түзетуге берілді.

Ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен Бородулиха ауылының (екінші кезекгін) сумен қамту және су тарту жүйесін қайта құру бойынша көлеміне 20000 мың теңге игеру жоспарланған. Екінші кезектің сумен қамту және су тарту жүйесін қайта құру кезінде инженерлік құрылыспен алаң сүзгісі қайта құру, бес қабатты тұрғын үй кәрізін қайта құру қарастырылады, яғни жұмыс тізілімінсіз 2008 жылы орындалған бірінші кезек кәрізін пайдалануға беру мүмкін емес. Жұмыс сапалы және уақытында жүргізіліп жатыр. 15541 мың теңге игерілді.


Тұрғын үй-комуналды шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту

Аудан әкімдігінің «Аудан елді мекендерін абаттандыру мен санитарлық тазалаудың екі айлығын өткізу туралы» 2010 жылғы 1 сәуірдегі N639 қауылысына сәйкес 10 сәуірден 10 маусымға дейін елді мекендердің тазалануы, көше жабыны, жол, аяқжол жағдайы тиісті дәрежеде қалыпқа келтіріліп, көлік аялдамалары, ғимараттар мен мекеме үйлерінің сырттары ретке келтірілу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерде көктемгі уақытта ағаш және бұта көшеттері отырғызылды. Барлығы 4680 ағаш өскіні, 450 а.м. бұтақтар, 150ш/м-ге гүлдер отырғызылды. Екі саябақ өмірге келді. Бірі – Новопокрокада, екіншісі – Михайличенково ауылындағы Жеңіс сквері, ал, Бородулихадағы Абай ат. о/м Жеңіс аллеясының іргетасы қаланды. 228 км.көше, 43,1 га.саябақ, сквер, алаңдар, 56 білім беру, балабақша, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің аумағы тазаланып, 12900 м/куб қоқыс тасылынды.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында жалпы құны 14911 мың теңге болатын Пролетарка ауылындағы ұзындығы 4,5 шақырымдық су құбыры желісіне және жалпы құны 21060 мың теңге болатын Буркотово ауылындағы 7,02 шақырымдық су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жасалды.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы N705 қаулысына сәйкес «2010-2011 жылдардағы қыс айларында аудандағы нысандардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуінің» мәселері бойынша штаб құрылды. Осыған сәйкес аудандағы әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық саласындағы нысандарды 2010-2011 жылдардағы қыс айларына дайындаудың нақты жоспары жасалынды.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында аудандағы 9 мектепке жөндеу жүргізіліп, Камышенка о/м шатыры жабылды. Бородулиха ауылындағы АОА қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық маңыздағы МҚК N9 ПДУ автожолдарды күтіп ұстауға, абаттандыруға және ағымдағы жөндеу жасауға 2010 жылы «Шығысжол» ПВХ-ға 57112 мың теңге бөлінді. Оның 38254 мың теңгесі ағымдағы жөндеуге, ал қалған 10042 мың теңгесі көктемгі-жазғы-қысқы кезеңде жолды ұстауға, 8816 мың теңгесі көгалдандыруға жұмсалады. Жоспар бойынша: 7695м2 - шұңқырды жабу, 4250м 2 - жол жиегін реттеу, 2500м 2 - қатпарлар мен дөңбешіктерді жөнге келтіру, 349 дана жол белгісін орнату көзделінді.

2010 жылдың 26 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 28 шақырымдық «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха», 38 шақырымдық «Бородулиха-Жезкент» трассасында жол жиегі реттеліп, соңғы трассаның 8 шақырымдық жеріне төсеніш жасалынды. Ал шақырымдық «Дмитриевка –Бородулиха-Шемонаиха» трассасында 1600 ш/м жердің шұңқыры жабылып, 542 ш/м шытынаған жері қалыпқа келтірілді. Тап осындай жұмыс Жаңа Шүлбі ауылы мен Шүлбі СЭС аралығында жолға жасалып, 1536 ш/м жердің шұңқыры жабылып, 171 ш/м шытынаған жері қалыпқа келтірілді. Жол бойына 64 жол белгісі қойылды. «Дмитриевка –Бородулиха-Шемонаиха» жолының 44 км ретке келтірілді.



Республикалық маңыздағы «Семей –РФ шекарасы» автожолдарды күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеу жасауға 2010 жылы ай сайын 1500 мың теңге бөлініп отырады. Мамыр айында шұқанаққа қара жабын жабу 720м2-ге, ал маусым айында жол жиегін реттеу мен жол сызығын салу орындалды, шілде айында жол жағдайын (жол белгісі, бояу, аялдаманы сырлау) қолға алынуда.

Ауданымызда жергілікті маңыздағы 273 шақырымға созылатын жолдардың қапысыз қызмет етуі үшін 2010 жылы 107 млн. 274 мың теңге қарастырылып, олардың ішінде 14 млн.250 мыңы қыс кезінде жолды ұстауға және 1 млн.600 мыңы қыс айларында аудан көшелерін ұстап тұруға бөлінді.

Ауданымызда жергілікті маңыздағы автожолдарды қысқы уақытта ұстап тұру қаржысы 13 ауылдық округке бөлініп беріліп, олардан бағалы ұсыныстар түсті. Қыс айларында жолды ұстап тұру «Лазарев және К» ЖШС, «АвтосервисСемей» ЖШС, «Коростели» ЖШС, «Комшар» КМҚК, «Татьяна», «Роща», «Ернар», «Казахстанская правда», «Красный Яр» сияқты ш/қ арқылы жүзеге асырылды. Аудандық маңыздағы жолдар қардан дер кезінде аршылып, елді мекендермен байланыс үнемі болып тұрды. Қардың қалыптағы жағдайдан артық түсуі Уба-Форпост, Жерновка, Новошульба, Таврия және Ленин а/о сияқты елді мекендерді қиын жағдайда қалдырғанымен ортадан шығарылған ақшаға жолды тазалау бірде толастамады. Осы аталған шараға қосымша 3746 мың теңге бөлінді. Аудандық маңыздағы жолды қыс кезінде ұстап тұруға 15 млн. 756 мың теңге ақша жұмсалды. «Комшар» МҚКК қыс айларында аудан көшелерін қардан тазартуды іске асырды. Қыс айларында аудан көшелерін ұстап тұруға 1450 мың теңге жұмсалды.

Ауданымызда жергілікті маңыздағы жолдарды «Жол картасы» бағдарламасы аясында ұстап тұру мен жөндеуге 75 млн. 815 мың теңге бөлінді, оның 50 млн.558 мыңы трансферт арқылы республикалық бюджеттен, ал, 25 млн. 257 мыңы аудандық бюджеттің қаржыландыруы негізінде жүзеге асады.

Мердігер «Семей жолдары» ЖШС өз жұмысын 2010 жылдың 27 мамырында бастап, 76 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 36 адам жұмыс тапты. «Семей жолдары» ЖШС қосарласы (субподрядчикгі) болып табылатын «Семей жолдары» ЖШС мен «Семейқұрылыскомплекті» ЖШС «Новодворовка-Переменовка-Ремки» және 12 шақырымдық «Березовка санаторийіне кіре беріс» автожолдарының ағымдағы жөндеуін толықтай аяқтап, жалпы көлемі 20992м2 болатын аумақтың шұқанағын жапты. «Новодворовка-Переменовка-Ремки» жолының телімі бұдырлы үстіңгі жабын (БҰЖ/ШПО) технологиясын жасауға дайын етіліп, тамыз айының үшінші онкүндігінде толық бітетін болады. Осы бағытта Ивановка, Переменовка және Березовка санаторийінің 22 тұрғынын аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамамен жіберіп, жұмысқа орналастырды. Қазіргі уақытта БҰЖ орнатудың жұмысына дайындық «Красный Яр ауылына кіре берісіне» жүргізіліп жатыр. 26 шілдеге дейін 610 ш/м аумаққа шұқанақты тегістеу жасалынды. Бұнымен бірге шұқанақты тегістеуден өзге жол жиегін реттеу, қатпарлар мен дөңбешіктерді жөнге келтіру жұмыстары да жасалынады. БҰЖ орнатудың жұмысын бітіру қыркүйек айының бірінші онкүндігіне қарай көзделініп отыр. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметі бойынша аталған ауылда жұмыссыздар жоқ, сондықтан Краснояр ауылының 10 тұрғыны келісімшартпен жұмысқа алынып отыр. Қалған нысандарға қиыршық тас жеткізіліп, БҰЖ үшін дайындық жасалынуда. Өскемен қаласының «Бергштейн» ЖШС «Бородулиха-Жерновка» жолының бойындағы 12 суағар құбырды жасап беруге тапсырыс алды. Жұмыс кестеден қалмай жүзеге асуда.

Аудан көшелеріне ағымдағы жөндеу жасау мен ұстап тұруға 29 млн. 922 мың теңге бөліну көзделінді. Оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданның бас көшесіне ағымдағы жөндеу жасауға 27 млн. 922 мың теңге оның 18 млн. 635 мың теңгесі республикалық бюджеттен, қалған 9 млн. 297 мыңы аудандық бюджеттен бөлінді. Бородулиха ауылы бойынша конкурсты «Dakar Group» ЖШС ұтып алды. Бұл жобаны жүзеге асыруда орта жалақысы 30 теңге көлемінде болатын жұмысқа 22 адам тартылды, оның 18 жергілікті тұрғындар. 22 шілдеге дейінгі жағдай бойынша жиек жолға төсеу 1500 м-ге жасалынып, жұмыс көлемі 100%-ға, аяқжол жабыны 932 ш/м төселініп, 100%-ға, 700 м темір қоршау жасалынып, 70%-ға орындалып отыр. Біз жоспарлаған екі аялдаманың бірі жасалып, 380 ш/м асфальт-бетондық жабындау ғана қалып отыр. 20 млн. 241 мың теңгенің ақшасы игерілді. Осы жұмысты 21 тамызға тақау аяқтау жоспарлануда.

Ауданнан бөлінген 2 млн.теңгеге аудан көшелеріне қиыршық тас жауып, көше шұқанақтарын қара жабынмен бітеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан жолдарына төлқұжат алуына 800 мың теңге ақша бөлініп, РМҚК «ШҚО жылжымайтын мүліктер Орталығымен» осы қаржыға келісімшарт жасалынды.
Азаматтардың жүгінуі бойынша

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, аудан әкімі азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады, азаматтардың өтініштерін уақытында қарастырады және қабылдауды қамтамасыз етеді.

2010 жылға бекітілген көшпелі қабылдаулар кестесіне сәйкес бірінші жарты жылдығында 8 қабылдау өткізілді, 27 жеке тұлғалар қабылданды. Бұдан басқа, көшпелі қабылдау кезінде азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап шілде айына дейін азаматтарды қабылдау 14 ауылдық округте өтті: Новошульба, Андреевка, Новопокровка, Белағаш, Дмитриевка, Петропавловка, Зубаир, Ленин, Таврия, Уба-Форпост, Красный Яр, Бақы, Подборный.

24 жеке тұлға қабылданды, 37 сұрақ қойылды. Азаматтармен әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-тұрмыстық сипаттағы, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, білім, жер және жерді пайдалану сұрақтары көтерілді. Барлық өтініштер жұмыс бақылауына алынды. Берілген сұрақтарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, жауапты тұлғалар бекітілді.


Ішкі саясат мәселелері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы «Жаңа онжылдық– жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы Бородулиха ауданының тұрғындары үшін маңызды бағдарламалық құжат болып табылады, себебі Жолдауда Президент Қазақстан халқына нық сеніммен болашаққа қадам басудың бағытын айқындап берді.

Ауданның кенттік және ауылдық округтарында тұрғындарға ҚР Президентінің Жолдауын жеткізіп, оның басымдықтарын кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде түсіндіретін 14 аудандық (46 адам) және 33 ауылдық (161 адам) ақпараттық-насихаттық топтар белсенді жұмыстар атқарады. Кездесулер аудандық мәдениет үйінің әртістерінің концерттік бағдарламаларымен өтеді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың барлық өкілдері - «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары, ауылдық Ардагерлер Кеңестерінің, Әйелдер Кеңестері, Ақсақалдар Кеңестерінің төрағалары, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, мұғалімдер, дәрігерлер және жастар қатыстырылады.

2010 жылдың 30 қаңтарында Жолдаудың мәтіні жарияланған «Аудан тынысы/Пульс района» газетінің арнайы шығарылымы жарық көрді. Аудандық газеттерде «Қазақстан халқына Жолдау» («Послание народу Казахстана»), «Ұлы Жеңске 65 жыл» («Великой Победе 65 лет»), «Қазақстан 2030» («Казахстан 2030»), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» («Против коррупции»), «Өзекті сұхбат» («Актуальное интервью»), «Елбасы Жолдауы» («За строкой Послания»), «Ақорда» («Акорда»), «Әлеуметтік қолдау» («Социальная поддержка») және т.б. үнемі жарияланатын айдарлар бар.

Мемлекет саясатын көрнекі-идеологиялық сүйемелдеумен қамтуға үлкен көңіл бөлінеді. Барлық баннерлік өнімдер мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен өткен оқиғалар легіне сәйкес орналастырылады. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында ауданның барлық мектептерінде, әр кабинетте плакаттық өнімдер орналасқан. Әр мектепте 2030 Стратегиясы, Мемлекет басшысының жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауы бойынша стендтер орнатылған. Үнемі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне арнаған стендтер орналастырылады.

Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ауданның ауылдық елді мекендері мен әлеуметтік сала нысандарына кадрларды тарту бойынша біріккен іс-шаралардың медиа-жоспары әзірленіп бекітілген. 2010 жылы жас мамандарды тартуға жалпы көлемі 8,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда ауданда жастардың саяси білімдерін көтеру мақсатында жастардың ақпараттық-насихаттық топтарын құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

2020 Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың берік іргетасы есебінде ішкі саяси тұрақтылықты күшейту, Мемлекет басшысының Жылсайынғы Жолдауын жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Ұлтаралық және дінаралық келісімді күшейту мақсатымен мерекелік іс-шаралар болып өтті. Қазақстан халқының бірлігі күнінде аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда түрлі ұлттың салт-дәстүрлері көрсетіп, ұлттық дастарханнан дәм татқызған ұлттар қалашығы құрылды. «Бір шаңырақ астында» аудандық фестивалі өтіп, мерекелік шеруге ұлттық-мәдени орталықтар, аудандық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері, жастар мен аудан мектептері қатысты.

Жолдауды жүзеге асыру мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге үлкен көңіл бөлінді. Жеңістің 65 жылдығы құрметіне аудан орталығы Бородулиха ауылының бір көшесіне Кеңес одағының батыры Федор Серединнің аты берілді. 7 мамыр күні аудан әкімінің ардагерлермен және ауылдық округтардың Ардагерлер Кеңестерінің төрағаларымен кездесу-қабылдауы болып өтті. 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелік құттықтау, «Жауынгер ботқасы» («Солдатская каша»), «Жеңіс шырағын жақ» атты жастардың патриоттық акциясы, мемлекеттік қызметшілер арасында әскери-патриоттық әндер байқауы болды.

4 маусым күні «Бірлігіміз жарасқан!» - «Мы одна команда!» ұранымен Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс-шаралар – мерекелік шеру, митинг, мерекелік концерт, «Графити» стилінде мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын «Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері» атты жастардың баннер салу байқауы, Мемлекеттік гимнді орындау болды.

«Мемлекеттің басты байлығы – адам» ұранын қолдап, ауданның ауылдық округтарында қорытынды Гала-концерті Конституцияның 15 жылдығында болатын «Туған жер – алтын бесігім!» фестивалі өткізілуде.

Ақпараттық-насихаттық жұмыстың келесі маңызды кезеңі - жылсайығы Жолдаудың жүзеге асу нәтижелерін түсіндіру.
Білім беру
Білім беру мекемелері бойынша бюджеттің орындалуы

Бородулиха ауданының білім беру мекемелері бойынша 2010 жылдың І жартыжылдығында бюджеттік қаржының 97 %, демек бөлінген барлық бюджеттік қаржы 711069,0 мың теңге, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 690536.0 мың теңге (кассалық орындалу 695168,0 мың теңге немесе 97%). Республикалық бюджет есебінен бөлінген тансферттер 20533,0 мың теңге (есептік кезеңде республикалық трансферттердің кассалық орындалуы 91 %). Жезкент ОМ химия кабинеті, Т.Аманов ат. ОМ физика кабинеті, Островский ат. ОМ, Жезкент-2 және Переменовка ОМ биология кабинеттері сатып алынып, орнатылады (2010 жылдың қыркүйек-қазақ айларында).

Балаларға мектепке дейінгі білім беруді дамытуда жартыжылдықта 12080,0 мың теңге игерілді.

1 қыркүйектен Коростели ОМ, Переменовка ОМ шағын орталықтар ашылады. Бұл мақсатқа 9305,0 мың теңге бөлінді.



ҰБТ

ҰБТ 381 түлектің 259 қатысып, бұл 11 сынып оқушыларының жалпы санының 68% құрады. Өткен 2009 жылы 419 түлектің 329 қатысып, 79 % құрады. Аудан бойынша орташа балл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда (70,8) 5,2 баллға артып 125 ішінде 76 баллды құрады, бұл облыстық орташа көрсеткішінен (84,1 балла) 8,1 баллға төмен.

«Алтын белгі» аттестатына 4 үміткердің ішінде 2 оқушы: Н.Островский ат. ОМ Кадиров Дамир мен №2 Жезкент ОМ Рутковская Александра қорғады. Ерекше аттестатқа 4 үміткердің ішінде 2 оқушы: Бородулиха қазақ ОМ Шырын Қыдырғали мен №1 жалпы орта білім беретін ОМ Бейсембаева Айгерім білімдерін қорғады.

ҰБТ 259 қатысушының 185-і ЖОО түсу үшін өту конкурсына 50-ден жоғары балл жинап, 71,4% құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 70,8% құраған. ҰБТ қатысқандар контингентінен 25 оқушы 100 және одан жоғары балл жинап, жалпы қатысушылардың 9,6% құрады, өткен жылы бұл 9,1 % құраған.



ҰБТ қорытындылары бойынша мектептердегі ең жақсы көрсеткіштер:

Зубаир ОМ (Есенжолов О.С)–88,5 балл, қатысу пайызы – 75%;

Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ ОМ (Аниярова А.Т.) – 84,5 балл, қатысу пайызы – 100, аталған мектеп түлектері жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетеді;

Пролетарка ОМ (Семеновская Г.Д.) – 83,7 балл, Қатысу пайызы – 100%, өткен жылы аудан бойынша ең жоғары көрсеткіш -94,0 балл;

Жалпы білім беретін №1 Жезкент ОМ (Апенова Г.К.) – 83,7 балл, қатысу пайызы – 53,2; 1 оқушы мектепті үздік бітірді, аталған мектеп түлектері жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетеді

Сауықтыру және жұмыспен қамту

2010 жылдың жазында барлық ұйымдық еңбек формалары, демалыс және сауықтырумен мектеп жасындағы 4187 бала қамтылды (81 %).

Мектеп жанындағы алаңшаларда 2010 жылдың жазында аз қамтылған отбасы санатынан 520 бастауыш сынып оқушылары дем алды. Олардың тегін тамақтануына жалпы білім қорынан 3 млн. 346 мың теңге, 2009 жылы 1 млн. 428 мың теңге бөлінді.

Жезкент кентінің 300 оқушысы қала сыртында орналасқан «Кристалл» сауықтыру лагерінде, Михайлов көлінде демалды.

50 бала қала сыртында орналасқан «Радуга» сауықтыру лагреінде дем алды.

«Кенгуру-математика для всех» халықаралық зияткерлік сайысының жеңімпазы, 2 Пятилетка ОМ оқушысы маусым айының 1 мен 7 аралығында Алматы қаласындағы жазғы сауықтыру лагерінде дем алды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық қомпаниясы АҚ «ЭниСпА» компаниясымен бірлесе отырып Шығыс Қазақстан облысының балалары үшін Италияда сауығуын ұйымдастырып, олардың екеуі Бородулиха ауданынан, олардың біреуі қамқоршылық астында, екіншісі аз қамтылған отбасынан (Новопокровка ОМ, Песчанка ОМ).

Балалардың ұйымдасқан еңбегінің бір түрі мектеп жанындағы учаскелерде жұмыс істеу болып табылады. Мұнда 30 мектептерінің 5-9 сынып оқушылары санатынан 2769 оқушы түрлі жасыл екпелерді суғарып, отаумен айналысады. Картоп пен көкөністерді егуге жалпы 14 гектар орын алынған.

Туған жерге 4700 оқушыны қамтыған 90 экскурсиялық жорық ұйымдастырылды.


Тамақтану

Ауданда 35 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Барлық мектептерде ыстық тамақтану ұйымдастырылған. 2009 жылы ыстық тамақтану 24 мектепте ұйымдастырыған болатын.

Тегін ыстық тамақтанумен 2433 оқушы қамтылып, олардың ішінде аудандық бюджет есебінен 2011 бастауыш саты оқушысы және 422 5-11 сынып оқушылары. Тегін ыстық тамақтанудың бір оқушыға шаққандағы орташа бағасы 100 теңгені құрайды. Ыстық тамақтану шығындарының жалпы сомасы 22 млн 184 мың теңгені құрайды, оның ішінде бюджет есебінен 18 млн 336 мың тенге, жалпы білім қоры есебінен 3 млн 848 мың теңге.

Аудан бойынша аз қамтылған 1125 отбасынан шыққан оқушылардың, олардың ішінде 449 оқушы бастауыш сыныптан бюджет есебінен, 422 оқушы жалпы білім қорыесебінен тегін ыстық тамақтанумен қамтылған.

Аудан мектептерінде 2010 жылдың 1 қазанынан бастап 1-4 сыныптардың 2011 оқушысын тамақтандыру рационына сүт және балдың негізіндегі азық-түліктер кіргізіледі. Демеушілік көмек есебінен 2009-2010 оқу жылында балық сомасы 11 млн. теңгені құрамында бал және сүт бар азық-түлік сатылып алынды.

Денсаулық сақтау

2010 жылғы мемлекеттік тапсырманың орындауы үшін кепілдендірілген тегін дәрігерлік көмек 430066,8 мың теңгені құрады, бұл былтырғы жылға қарағнда 14,5% жоғары.

Кепілдендірілген тегін дәрігерлік көмекке сәйкес әл-аухаты төмен топтардың 71%-ына алдына алу тексеруі өткізілді.

2010 жылы Бірыңғай Ұлттық Днесаулық сақтау Жүйесі (БҰДЖ) аудан емдеу мекемелеріне енгізілді.

Онкологиялық аурулардың өсімі кеміп, өкпе ауруына ұшырау екі есе азайды.

Ең басты проблема жас мамандармен қамтылу болып отыр. Бұл жылы осы мәселе өзінің шешімін табуға жақын. Семейдің Медакадемиясын бітірген 2-хирург, 1-терепевт, 1-педиатр, 1-отоларинголог, 1-акушер-гинеколог, 1-нарколог жиыны: 7 жас маман жұмысқа келді.

2010 жылы АОА қазандығына құны 8,140 мың теңгеге жөндеу жұмысы жасалып, оған жұмыссыз 6 адамды жұмыспен қамту бөлімі ұсынды.

2010 жылы аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары дәрігерлік құрал-жабдықтармен жабдықталып, 21 млн.теңгеге жаңа стационарлық сандық рентген аппараты алынды.



Мәдениет және тілдерді дамыту

Ауданда 26 мәдениет нысаны жұмыс істейді бұл 19 кітапхана, біреуі аудандық, 18 ауылдық, 7 клубтық мекеме, олардың 1 аудандық Мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб. Сол сияқты ауданда білім бөлімінің балансында тұрған музыкалық мектеп жұмыс істейді. Мәдениет мекемелерінің өсуі 2005 жылмен 2010 жылға шаққанда 28,6% құрайды. 2010 жылы 1 тамыздан бастап Михайличенково ауылында ауылдық кітапхана ашу жоспарланған, қаржы бөлінген.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 ауылдық клуб ғимараттарына 15 млн. 826 мың теңге сомасына ағымдық жөндеу жүргізілді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 20 млн 733 мың тенге сомасына аудандық Мәдениет үйіне жөндеу жүргізілуде. тендер нәтижесінде жөндеу жұмыстарын ТОО “DAKAR GROUP” жүргізуде. Новошульба ауылындағы балалар үйі әкімшілігінің ғимаратын АМҮ балансына өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Кітап қоры 350899 дананы құрайды. 2009 жергілікті бюджет қаражаты есебінен әдебиеттерді сатып алуға 370 мың теңге бөлінді. Аудандық мәдениет үйінің балансында 6 ауылдық клуб тұр, негізгі міндеттері халықтың бос мәдени ұйымдастыру болып табылады. Кітапхананың күрделі жөндеуге 3 млн 990 мың теңге бөлінген.

Екі ансамбль (қазақ фольклорлық «Гәкку» және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі) «Халықтық ансамбль» атағын қорғады.

Аудандық мәдениет үйінің жанынан ресубликалық және халықаралық балалар байқауларының қатысушысы, вокалды-хореографиялық «Айналайын» балалар ұжымы жұмыс істейді.

Тілдерді дамытудың 2010 жылға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруға 4.635 мың теңге бөлінген. 2010 «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» Жезкент кентіндегі және Новошульба ауылындағы екі бөлімшесі жұмыс істеуін жалғастыруда.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту

2007-2011 жылдарға арналған Бородулиха ауданында дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:



Материалды-техникалық базасын дамыту мақсатында.

Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде материалды-техникалық базасын дамыту мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3293,0 мың теңге бөлінген. Барлық қаржы мектептерге 35,0 мың теңгеден 400,0 мың теңгеге сомасында таратылды.

Қазіргі күнге жалпы білім беретін мектептер қажетті спорт құралдарымен 70% жабдықталған.

Бородулиха ауылындағы стадионды қайта жөндеуге 20000,0 мың теңге бөлінген.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар қызметіне 132 спорттық құрылыстар, соның ішінде: 32 спорт залы, (30 жалпы білім беретін мектептер жанында, Новошульба ауылындағы мамандандырылған 1 ауыр атлетика залы, Жезкент кентінің ӘТҚБ ведомстволық 1 залы), Бородулиха ауылындағы БЖСМ 1 спорт кешені, Жезкент кеніндегі 1 суға жүзу бассейні, Бородулиха ауылындағы 1 шаңғы базасы, жалпы білім беретін мектептер жанындағы 5 ату тирлері, 92 алаңшалар мен алаңдар ұсынылған.

Жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты және басқа көздер есебінен жаз кезеңінде ашық алаңшалар мен спорт залдарына ағымдағы жөндеу үшін ақша бөлінді.

Жеке кәсіпкер С. Сасыковтың қаржысы есебінен Новая Шульба ауылындағы 4000,0 мың теңгеге қайта құру жасалып, 5 маусым күні оның салтанатты ашылуы болды.

«Е. Зайтенов» ш/қ басшысы Е.А. Зайтенов БЖСМ 1500,0 мың теңгенің палуан кілемін тарту етті.

Биылғы сәуір айында спорт мәселесімен айналысатын аудан әкімі орынбасырының басшылығымен спорт ғимараттарының көктемгі-жазғы маусымға дайындығының жағдайын қарастыратын комиссия қрылып, барша спорт ғимараттары қанағаттандырарлық жағдайда деп бағаланды.

Аудандық мәслихаттың бастамасымен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесе отырып, 2010 жылдың 9 сәуірінде «Аудандағы бұқаралық спорттың жағдайы мен даму болашағы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.



Аудандағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында:

- Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жыл сайын бұқаралық спорттың іс-шараларының күнтізбесін жасап, жоспарын құрады;

-балалар мен жасөспірімдер арасында ескірткіге қарсы алдын алу күресін жүргізеді;

-«Тәртіпбұзушылық алдын алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің бағдарламасын» жүзеге асырады:

Тиімді нәтиже беру үшін барлық іс-шаралар демалыс және мейрам күндері өткізіледі. Барлық спорттық қызмет түрлері тегін ұсынылады.

Осы алты айдың ішінде аудан көлемінде 25 спорттық бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 9442 адам тартылды.

Бұл дәстүрлі аудандық және ашық турнирлер:

- волейболдан « Роща» ш/қ басшысы В.В. Лопатиннің жүлдесі;

- мини-футболдан «Красный Яр»» ш/қ басшысы С.Н. Быков жүлдесі;

-волейболдан ардагерлер арасындағы Өскеменнен, Шемонаихадан, Бесқарагай ауданының ардагерлері қатынасатын ЖК « Бекетов» басшысы А.А.Бекетовтің жүлдесі;

- футболдан Семей қаласының «Шығыс Астык» ЖШС ұйымдастыратын Семей қаласы мен аудан командалары арасындаға жарыс;

- спорт ардагері А.К. Оразаев атындағы жүлдеден «Ақ ладья» шахмат жаысы

- Семей, Абай, Бородулиха аудандары балуандары қатысатын қазақ күресінен ауданның ашық біріншілігі

-спорттың 11 түрінен аудан әкімінің XIV халықтық спорт түрінен жүлдесі. БЖСМ 292 адам, 9 бөлім бар, 5 филиалы бар. БЖСМ 2010 жылы облыстық 13000,0 мың теңге бөлінді.

Ауданда 219 спорт үйірмесі жұмыс істейді, онда 4552 адам қамтылған. Үздік спортшыларымыз облыстық және республикалық жарысқа үнемі қатысып отырады.

Біздің спорт бөлімі бірінші жартыжылдықта 1 санатты – 6 адамды (оның ішінде БЖСМ -6), бұқаралықтан – 102 (оның ішінде БЖСМ -24) дайындап шықты.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.
Бородулиха ауданы әкімдігінде тұрақты түрде құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықпен күрестің бойынша Үйлестіру кеңесі әрекет етеді, ол құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру бойынша ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделік білдірген мемлекеттік органдардың ведомстоаралық қызметінің үйлестірілуін қамтамасыз ететін консультативті-кеңестік орган болып табылады.

Үйлестіру кеңесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Заңдарымен және Конституциясына, сонымен қатар, «Құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықпен күрестің күрес бойынша Үйлестіру кеңесі туралы» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Үйлестіру кеңесінің отырысы бекітілген кестеге сәйкес тоқсанына бір рет өткізіледі. 2010 жылдың 1 жарты жылдығына Үйлестіру кеңесінің 2 отырысы өткізілді, онда ауылдық, кенттік ауылдық округ әкімдерінің, мекемелер, ұйымдар, құқық қорғау органдары басшыларының Бородулиха ауданында құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша және нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бағдарламаларды орындау барысы туралы есептері тыңдалды. Үйлестіру кеңесінің ақырғы отырысында Жезкент кенттік округінің әкімі С.Т.Урашеваның «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» орындау барысы туралы есебі тыңдалды, нәтижесі бойынша әкімге және сәйкес жауапты тұлғаларға, құқық қорғау органдары, Жезкент КБК кәсіподақ комитетімен бірігіп, Жезкент кентінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің профилактикасына бағытталған қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілген болатын.

2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауданда белгілі жұмыс жүргізілуде, оның мақсаты азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік органдарының қызметін тиімді үйлестірілуін көтермелеу жолымен қоғамның өмірін қамтамасыз етудің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады. Тұрақты түрде аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде прокуратураның, құқық қорғау органдарының және мемелекеттік мекемелердің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық бағыттағы материалдар жарияланып тұрады, олар "Барлығымыз бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін». Мамыр айында аудан әкімінің сайтында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты айдары құрылды, бұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар орналасады.

«Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның ұсынысын орындауда «Өзіңнен баста» акциясы өткізілді, онда 2009 жылы аудандық газеттерде кірістері мен сатып алынған мүлігін жариялау жолымен мемлекеттік органдардың басшылары (әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер), сонымен қатар, аудан әкімінің сайтында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» айдарында мәліметтерін орналастыру жолымен қатысты.
Қылмыстылық

Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі есеп беру уағында жедел іздестіруді оңалту мен қоғамдық тәртіпті сақтау, азхаматтардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғау бағытында бір қатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шараларды жүзеге асырды. Бұл үшін аудан көлемінде іздестіру-алдын алудың «Құқық тәртібі», «Барымташы», «Допинг», «Контрофакт», «Пәтер», «Трафикке жол жоқ!» «Ескірткіге тосқауыл» және тағы басқа осы сияқты іс-шаралары өткізілді. Іздестіру-алдын алу шараларының өз деңгейінде өтуі үшін жедел топтар ұйымдастырылып, қылмыс өршіп тұрған өңірлерде түнгі кезекшілік ұйымдастырылды. Осындай алдын ала қолға алынған шаралардың нәтижесінде ауданның жағдайына бақылау жасауға қол жеткізілініп, өзінің оң нәтижесін берді.

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелінген қылмыс саны 90-нан 110-ға дейін артып, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 18,2 %-ға өсіп отыр. Оның ішінде жалпы қылмыстық іс 73-тен 86-ға қылмысқа жетіп, 22,3% кеміді. Қылмыстың ашылуы 94,3%-ды (былтырғы 2009 жылы бұл 93,5% болатын) құрады. Сотқа 86 қылмыстық іс жіберілді(2009 жылы 73 іс жіберілген еді).

Жыл басынан бері ЕКБ (УБН) бойынша 9 ескірткі қылмысы тіркелді. Ұсталғандардан 3192,72 гр. құрайтын ескірткі заттары тәркіленді. Былтыр осы кезде – 74,85 г.тәркіленген еді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ескірткі заттарын сақтағаны және пайда табу мақсатында әкелгені үшін 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 26412 теңгенің айыппұлы сатылды.

Бородулиха АІІБ есебінде 34 нашақор тіркеуде тұр.

2010 жылдың алты айында учаскелік инспекторлар 56 қылмысты істің бетін ашты.

Осы уақыт аралығында 70 қару-жарақ бірлігі тәркіленіп, іздеуде жүрген 17 адам құрықталды.


Құрметтi депутаттар және сессияға қатысушылар!

Мен аудан өмiрiндегi аса маңызды мәселелерге қысқаша тоқталып өттiм. Өздеріңiз байқап отырсыздар, көптеген жұмыс жасалды, атқарылатын iс одан да көп және бұл бағытта бiз бiрлесiп жұмыс атқаруымыз керек.

Назарларыңызға көп рахмет!







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет