Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 1.74 Mb.
бет1/11
Дата03.05.2016
өлшемі1.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: upload -> files -> Strategicheskiy Plan
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Strategicheskiy Plan -> Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Strategicheskiy Plan -> Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Strategicheskiy Plan -> Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсан
Strategicheskiy Plan -> Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы





Павлодар облысы әкімдігінің

2010 жылғы “28желтоқсан

346/19 қаулысына

қосымша




Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1-тарау. Миссиясы мен көрінісі
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы - облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Көрінісі - отандық және шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие қазақстандық шикізаттық емес өнімнің көлемін елеулі арттырумен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру; облыс экономикасының құрылымында кәсіпкерлік сектор үлесін арттыру; бөлшек сауда кәсіпорындарын ірілендіру және соның негізінде сауда қызмет көрсетудің жаңа нысандарын жетілдіру, сауда инфрақұрылымын, логистиканы дамыту және инновациялық технологияларды қолдану есебінен ішкі сауда жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


2-тарау. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларын дамыту беталысын талдау
1-стратегиялық бағыт. Экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым салаларын дамыту
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері
2010 жылы өнеркәсіп салаларын дамытудың серпіні өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде.

2010 жылғы 11 айда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 763,7 млрд. теңге сомасына өнім шығарды (НКИ – 116,1 %), бұл 2009 жылғы өнім өндірісі көлемдерінің деңгейінен (550,9 млрд. теңге) 38,6 % жоғары.

Ағымдағы жылы облыстың көмір шығаратын және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының (“Богатырь Көмір” ЖШС - 125,4 %, “Майкубен-Вест” ЖШС – 150,2 %, “Гамма” ЖШС – 122,8 %, “Ангренсор” ЖШС – 129,0 %, “Майқайыңалтын” ЖШС – 160,4 % және басқалар) тұрақты жұмысы тау-кен өнеркәсібі өндірісі және кеніштерді өңдеу көлемдерінің 13,6 % өсуін қамтамасыз етті, соның ішінде түсті металдар кенін өндіру 59,6 %, көмір және лигнит шығару 11,8 % және басқа да салалар 34,5 %.

Өнеркәсіп құрылымында жалпы өндіріс көлемінің 66,8 %-ы өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі. 2009 жылы саланың нақты көлем индексі 101,9 % құрады, 2010 жылғы 11 айдың жұмыс қорытындылары бойынша көрсеткіш 117,3 % өсіп, саланың жылдық көлемінен 163,1 миллиард теңгеге (2009 жылы 347,1 млрд. теңге) асып, сомасы 510,2 млрд. теңгені құрады.

Өндіріс көлемінің өсуі металлургиялық өнеркәсіпте көлемдердің артылу есебінен қалыптасты, олар өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің 76,4 % және жалпы өнеркәсіп көлемінің 51,1 % қамтамасыз етеді. Сонда металлургиялық өнеркәсіптің өндіріс көлемі 2010 жылғы 11 айда 24,2 %-ға феррқорытпалар, 8,1%-ға алюминий, 2,8 %-ға болат өндірісінің және құбырлар өндірісінің 1,9 есеге арттыру есебінен 21,2 % өсті.

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде нақты көлем индексі 2009 жылы 45,6 %-дан 2010 жылғы 11 айда 159,2 % дейін өсті.

Бұл “Каустик” АҚ-та металл галогенидтерінің, гипохлориттердің, хлораттардың (133,2 %), жуу құралдарының (1925,0 %), шағын кәсіпорындардың, Ақсу ферроқорытпа зауытында өнеркәсіп газының (119,3 %) және басқаларының өндіріс көлемдерінің өсуімен байланысты.

Фармацевтикалық саланы дамыту жалғасуда, онда өнімді шығару 2009 жылы 282 млн. теңгені құрады, соның ішінде 147,6 млн. теңге сомасына фармацевтикалық препараттар, дәрі-дәрмектер – 132,3 млн. теңгеге шығарылды. 2010 жылғы 11 айда 135,3 млн. теңгеге фармацевтикалық препараттар, 101,0 млн.теңгеге дәрі-дәрмектер өндірілді.

Машинажасау саласы одан әрі дамыды, ол “Павлодар машинажасау зауыты” АҚ, “Қазэнергокәбіл” АҚ, “Песчан жөндеу-механикалық зауыты” АҚ және шағын кәсіпорындармен ұсынылған. 2009 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша 29,5 млрд. теңге сомасына (90,1 %) өнім өндірілді. 2010 жылғы 11 айда саланың өндіріс көлемдерінің 24,1 % өскені байқалды немесе 32,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді (2009 жылғы 11 айда 26,2 млрд.теңге).

Мұнай-химия өнеркәсібінде мұнайды қайта өңдеу көлемдерін арттыру міндеті тұр. 2009 жылы 4,1 млн. тонна мұнай (101,7 %) қайта өңделді. 2010 жылғы 11 айда мұнайды қайта өңдеу 4,3 млн. тоннаны немесе 120,4 % құрады.

Құрылыс индустриясында 2009 жылы құрылыс материалдарының алуан түрлерін шығару: тауарлық бетон 617,0 мың тонна (199,9 %), силикат кірпіші - 47,4 мың тонна (82,1 %), әктас - 87,8 мың тонна (105,3 %), төбе жабын бұйымдары - 7,3 млн. ш.м. (99,9 %), минералмақта бұйымдары - 5,8 мың тоннаны (98,5 %) құрады. 2010 жылдың басынан өндірістің өсуі байқалады: ағаш материалдары 15,0 мың текше метр (454,5 %), терезелер және олардың кәсектері, есіктер және олардың ағаш кәсектері 18,4 мың ш.м (224,4 %), төбе жабын бұйымдары 9,7 млн.ш.м (132,5 %).

Облыс өнеркәсібі дамуының оң беталысына Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық қызметті жандандыру ықпал етті.

2009 жылы негізгі капиталға инвестициялар облыс бойынша 165,8 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылға қарағанда 106,2%, 2010 жылғы 11 айда – 154,4 млрд. теңге немесе 2009 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 110,4 %. Инвестиция құрылымындағы қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың өз қаражаты басым рөлін сақтап, 2009 жылы - 45,7 пайызды, 2010 жылғы 11 айда – 65,0 % құрады.

Салалық құрылымда инвестицияның неғұрлым көбірек көлемі өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі. Мысалы, 2009 жылы – 35,8%, 2010 жылғы 11 айда – 36,5 %. Инвестиция салу жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңа өндірістерді іске қосуға ықпал етті.

2009 жылы облыста жалпы 27,5 млрд. теңге инвестиция көлемімен 16 жоба іске қосылды, соның ішінде жаңа өндірістерді енгізу бойынша 9 жоба және кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтау мен жаңғырту бойынша 7 жоба.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта 70,0 млрд. теңге инвестиция көлемімен 12 жоба іске қосылды, жұмыс орындарының саны - 2347.

2010 жылдың аяғына дейін 32,12 млрд. теңге инвестиция көлемімен 18 жоба іске қосылады, жұмыс орындарының саны - 397.

2010 жылға дейін басталған және 2011-2014 жылдары іске қосылатын 17 инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Инвестиция көлемі 227,1 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны - 3669.

Өнеркәсіп секторының кәсіпорындарындағы инновациялық үдерістерді дамытуға құрылған облыстың инновациялық инфрақұрылымы ықпал етеді, оған С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Еуразия университетінің инновациялық орталығы, сондай-ақ Ақсу ферроқорытпа зауытының, “Қазақстан алюминийі” АҚ, “Ромат” Фармацевтикалық компаниясының және облыстың басқа да ірі кәсіпорындарының ғылыми-техникалық бөлімшелері енеді.

Аталған орталықтардың негізгі бағыттары білім, ғылым мен өндірістің ықпалдасуы, инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру болып табылады. Өңірді индустриялық-инновациялық дамытудың басымдықтарына сәйкес өндірісте жаңа технологияларды, ғылыми зерттемелерді әзірлеп, енгізу жүргізілуде.

2009 жылы облыстың 111 кәсіпорны менеджмент жүйесін енгізді немесе 2008 жылға қарағанда 144,2 %. 2010 жылғы 11 айда - 151 кәсіпорын немесе 2009 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 136,0 %.

Өңірдің 10 кәсіпорнында интегралданған менеджмент жүйесі енгізілген.

Халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізу және стандарттау бойынша жұмыстың өңірлік жоспарлары жыл сайын әзірленіп, іске асырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар үшін халықаралық сапа стандарттарын енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.

Кәсіпорындарды стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттаманың өзгерістері мен толықтырулары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты ақпараттандыру ұйымдастырылды: облыстық газеттерде мақалалар, теле-радио-хабарлар.

2009 жылы жұмыс тобының кеңейтілген отырыстары өткізілді, оның қорытындылары бойынша облыстың жүйе қалыптастырушы кәсіпорындары облыстың тауар өндірушілерімен жалпы 133,7 млрд. теңге сомасына ниеттерге қол жеткізді. 144,6 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды (орындау 108,2 % құрады).

Ұлттық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізілді, оның барысында облыстың тауар өндірушілерімен 2009 жылы 14,4 млрд. теңге көлемінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу туралы ниеттер жасалды. Жыл қорытындылары бойынша 39,9 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды (орындалу ниеттерден 2,8 есе асты).

Жалпы алғанда, облыстың тауар өндірушілері 2009 жылы ұлттық компаниялар мен облыстың жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарына тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуге жалпы 148,1 млрд. теңге сомасына ниеттер және 184,5 млрд. теңге сомасына шарттар жасады (орындау 124,6 % құрады).

Қазақстандық үлесті арттыру мақсатында 2010 жылғы бірінші тоқсанда жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар, ұлттық компаниялар мен облыстың тауар өндірушілері арасында жұмыс кездесулері өткізілді.

Аталған жұмыс кездесулерінің қорытындылары бойынша облыстың тауар өндірушілерінен 2010 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 174,9 млрд. теңге сомасына ниеттер жасалды.

2010 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша 327,6 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды.

Соның ішінде:

1. Ұлттық компаниялармен 118,0 млрд. теңгеге шарттар жасалды.

2. Облыстың жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарымен 209,6 млрд. теңгеге шарттар жасалды.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOС» АҚ, «Қазпочта» АҚ және «Самұрық Энерго» АҚ ұлттық компанияларымен ынтымақтастық орнатылған.

«Қазэнергокәбіл» АҚ, «Павлодар машинажасау зауыты» АҚ, “Format Mach Company” ЖШС, “Проммашкомплект” ЖШС, “Стальмонтаж” ЖШС, “Каустик” АҚ, “Тамыр” ЖШС, “Лакра” ЖШС сияқты және басқа да тауар өндірушілер ұлттық компаниялармен белсенді жұмыс жүргізуде.

«Қазақтелеком» АҚ-тың қажеттіліктері үшін ірі жеткізуші «Қазэнергокәбіл» АҚ болып табылады, ол кәбіл-өткізгіш өнімдерін жеткізудің көлемдерін 2009 жылы 862,0 млн. теңгеден 2010 жылы 950,0 млн. теңгеге дейін арттырды.

Облыс кәсіпорындары ҚТЖ ҰК АҚ қажеттілігі үшін өнімнің жаңа түрлерін меңгеру жұмысын белсенді жүргізуде.

Мысалы, ағымдағы жылғы 28 маусымда «Таман» ЖШС базасында жүк вагондарын жинақтау бойынша бірінші өндірістік кешен іске қосылды. Осы жобаны іске асыру шеңберінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-тың қажеттілігіне 2,5 мың вагон жеткізуге 3-жылдық шарт жасалды. 2012 жылдан бастап кәсіпорын осының арқасында жылына 2500 жартылай вагондық жобалық қуатқа шығады.

Облыс кәсіпорындары ҚТЖ қажеттілігі үшін басқа да бірқатар сұранысқа ие өнімдерді меңгеруде. Бұл құйма бұйымдары, механикалық өңделген бөлшектер: тіркеме механизмдері, букс корпустары, ілме элементтері, лак және бояу өнімдері және т.б. (“Format Mach Company” ЖШС, «Ритам» ЖШС, “Лакра” ЖШС және басқалары).

“Проммашкомплект” ЖШС-те теміржол бағыттарын аудару, жөндеу жиынтықтарын және айқыштар шығаруды ұйымдастыру жұмысы басталды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ қажеттіліктері үшін құбыр өнімдерін жеткізу арқасында «KSP Steel» ЖШС өткен жылмен салыстырғанда өндіріс көлемдерін 92 %-ға арттырды.

2010 жылғы 1 сәуірде облыстың тауар өндірушілері Астана қаласында “Қазақстандық үлес-2010” республикалық көрмеге қатысты.

2010 жылғы 13 қазанда облыс кәсіпорындары Қарағанды қаласында өткен отандық тауар өндірушілерінің 2-ші республикалық форумына қатысты.

2010 жылғы 4 қарашада облыстың жүйе қалыптастырушы кәсіпорындары үшін қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі жаңа есептеу әдістемесі бойынша оқыту семинары өткізілді.

Есептік кезеңде облыс тауар өндірушілерінің Австрия машинажасау одағымен, Германия бизнесмендері делегациясымен, Ресей Федерациясының әр өңірінің өнеркәсіпшілерімен бизнес-кездесулері өткізілді.

Мысалы, ағымдағы жылы “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС-пен бірлесіп облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның жұмысы шеңберінде кәсіпорындардың мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында оларға бару ұйымдастырылған. Корпорацияға қажетті құжаттама мен бизнес жоспарлар ұсынылды.

2010 жылғы ақпанда Корпорация мына жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдады:

«Қазэнергокәбіл» АҚ – “Алюминий созбасымы өндірісін ұйымдастыру”. Кредиттің бөлінетін сомасы – 225,0 млн. теңге.

«Ритам» ЖШС – “Желдеткіштер, калориферлер және тасымалдағыштар шығаруды меңгеру”. Кредиттің бөлінетін сомасы – 75,0 млн. теңге.

“Format Mach Company” ЖШС – “Конвейерлер, оның жинақтамалары және шегендер өндірісін ұйымдастыру”. Кредиттің бөлінетін сомасы – 75,0 млн. теңге.

2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілген барлық кәсіпорындармен шарттар жасалды. Көрсетілген сомалардан «Қазэнергокәбіл» АҚ-қа 225,0 млн. теңге сомасына кредит берілді.

“Қазэнергокәбіл” АҚ ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта алюминий созбасымы өндірісі жобасын іске асырды.

Қазіргі уақытта “РИТАМ - Павлодар” ЖШС және “Format Mach Company” ЖШС-пен шарттар әділет органдарында тіркеу рәсімінен өтуде.

Болашақта жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық үлесті арттыру жұмысы жалғастырылады.
1.2) Негізгі мәселелерді талдау
Өнеркәсіп саласындағы негізгі проблемалар:

өңдеуші сектор өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

негізгі қорлардың тозуы және ескірген технологияларды пайдалану;

айналым қаражатының жетпеуі;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

кәсіпкерлердің халықаралық сапа стандарттарын енгізуге қызығушылығының төмендігі.


1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Өңірдің дамуына, оның экспортқа бағдарланғанын ескергенде, неғұрлым елеулі ықпалды сыртқы факторлар тигізеді.

Факторлардың бірі - әлемдік нарықтағы металл бағаларының өзгеруіне тәуелділік. Облыс глиноземнің, көмірдің, алюминийдің және ферроқорытпалардың ірі экспорттаушысы болғандықтан, сыртқы нарықтарда оларды тұтынудың төмендеуі “Қазақстан алюминийі” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты сияқты кәсіпорындарда өндіріс көлемдерінің құндық мәнінде елеулі қысқаруына әкеледі.

Келесі фактор - өнім тұтынуға тәуелділік. “Богатырь Көмір” ЖШС-тің жұмысы ресейлік электр стансаларының көмір тұтынуына тікелей байланысты. Көмір тұтынуының төмендеуі кәсіпорында өндіріс көлемдерінің қысқаруына әкеледі.

Сонымен қатар өңірдің дамуына ішкі факторлар кері әсерін тигізеді: өнімдерге және табиғи монополиялардың қызметтеріне бағалардың өсуі, кәсіпорындардағы сатылатын өнім сапасының артылуына кедергі жасайтын, ескірген технологиялар және тозған құрал-жабдықтар, кәсіпорындарда инновацияларды қолданудың төмен деңгейі, банк секторының қажетті көлемде ұзақ мерзімді кредиттер беруге дайын болмауы.



2-стратегиялық бағыт. Кәсіпкерлікті дамыту
1.1) Реттелетін сала немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері
Өңірде шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) қалыптасуы мен дамуы қазіргі уақытта экономикадағы басым бағыт және облыс азаматтарының жақсы тұрмысы мен әл-ауқатының іргетасы болып табылады.

Экономиканың дәл осы секторының дамымаған бәсекелестік, ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейлік және т.б. сияқты мемлекеттің экономикалық дамуын тежейтін көптеген мәселелерді шешу үшін ауқымды әлеуеттік мүмкіндіктері бар. Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері аса маңызды санатқа жатады және жоғары мемлекеттік деңгейде қаралады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында соңғы онжылдық жетістіктерінің қорытындылары жасалды, сондай-ақ елдің одан әрі өркендеуінің жаңа жолдары анықталған. Әртараптандырудың өзегі, экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші кәсіпкерлік болады.

Мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары нәтижесінде кәсіпкерлік саласында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсуде. Павлодар облысы статистика департаментінің мәліметтері бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2010 жылғы 1 қаңтарда 28748 бірлікті құрады немесе 2008 жылға қарағанда 100,1 %. Соның ішінде 2528 бірлік – заңды тұлғалар, 23378 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 2842 бірлік – шаруа қожалықтары.

ШОБ айналысатындардың жалпы саны 2008 жылға қарағанда 4,3 % өсіп, 98509 адамды құрады. Соның ішінде: заңды тұлғаларда жұмыс істейтіндер – 33511 адам, жеке кәсіпкерлерде - 57300 адам, шаруа қожалықтары - 7698 адам.

ШОБ субъектілерінің өнімдерді шығаруы 2009 жылы 119,339 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылға қарағанда 103,0 %, соның ішінде заңды тұлғалар - 70,116 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлер - 21,465 млрд. теңге, шаруа қожалықтары - 27,758 млрд. теңге.

Экономиканың өнеркәсіп секторында айналысатын ШКС үлесі шағын және орта кәсіпкерлікті сапалы дамытудың және жалпы экономиканың маңызды көрсеткіші болып табылады. Өнеркәсіп, бірінші кезекте, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары ел экономикасының әртараптандырылған дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, барлық кәсіпкерлер айтарлықтай өз бизнесін саудадан немесе қызмет көрсету саласынан бастайды – төмен тәуекел, шамалы бастапқы капитал. Бизнес ауқымының өсу мөлшері бойынша олар өндірісті де меңгере бастайды. Сонымен қоса, бұл, көбінесе, бизнес шағын болмай, жеткілікті кеңейген жағдайда болады. Сондықтан, сауда мен қызмет саласында жұмыс істейтін көптеген ШОБ субъектілері – бұл болашақ өндірісшілер.

ШОК көпшілігі өз қызметін сауда қызметі саласында жүзеге асырады – 37 %. Өнеркәсіп және құрылыс қызметімен 17 % айналысады, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 14 %, көлік және байланыс – 7 %, білім беру, әлеуметтік қызметтермен және денсаулық сақтау қызметімен 5%, ауыл шаруашылығында – 3 %.

Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. «Ауылда шағын және орта бизнесті қаржыландыру мен ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «Қаз Агро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу» бағдарламасы бойынша 2009 жылы және 2010 жылы 100,0 млн. теңгеден бөлінді. 2010 жылы соңғы қарызгер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 9,5%-ды құрайды, 2009 жылы 10,5 %. Қаражат мал шаруашлығын дамытуға (мал сатып алу), мал сою цехтарын салуға және технологияылқ құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша 2010 жылы республикалық бюджетен 657,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 300,3 млн. теңге, кредиттерге ішінара кепілді беруге – 93,8 млн. теңге, бизнес жүргізуді сервистік қолдауға – 37,5 млн. теңге, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 225,6 млн теңге.

Қазіргі уақытта ЕДБ 13,0 млрд. теңге сомасына 57 бизнес жобаны қарауда.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (субсидиялау, кепілді беру) ЕДБ 2,7 млрд. теңгеге 15 өтінім түсті. Соның ішінде ӨҮК-те жалпы 1511,25 млн. теңге сомасына 12 жоба мақұлданды, соның ішінде ҚР ЭДСМ-мен мақұлданғаны -1169,75 млн. теңге сомасына 10 жоба.

Жоғарыда аталған жобалардан 8 жобаны қаржыландыру басталды, субсидиялау сомасы- 56,0 млн. теңге (“Гофротара” зауыты” ЖШС, “Format Mach Company” ЖШС, “Ақ НАН-PV” ЖШС, “Технологические линии” ЖШС, “Частная клиника Искакова“ ЖШС, “Қазтрасткем“ ЖШС, “Павлодар-ресурс“ ЖШС, “КОРУНД” ЖШС).

Павлодар облысында шағын және орта кәсіпкерлік жағдайына шолуды қорытындылай отырып, мына қорытындыларды жасауға болады:

1. Жаппай алғанда шағын және орта бизнес секторының абсолюттік көрсеткіштерінің (шағын және орта бизнестің субъектілерінің белсенді, жұмыс істеп жүрген саны, ШОБ айналысатындар саны, ШОК субъектілерінің өнімдерді шығару көлемдері) 2008 жылдың аяғынан – 2009 жылдың басынан өсуі байқалуда.

2. 2010 жылға дейін қол жеткізілген даму деңгейін сақтау, шағын және орта бизнес дамуының жағымсыз беталысын жою мақсатында қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес құралдар көмегімен шағын және орта бизнесті одан әрі мемлекеттік реттеу қажеттілігі бар.
1.2) Негізгі мәселелерді талдау
Кәсіпкерлік саласындағы негізгі мәселелер:

өнеркәсіп өнімі өндірісіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілері белсенділігінің төмендігі;

екінші деңгейлі банктердің: ШОК субъектілері үшін кредиттеуді ресімдеудің қиындығы, шағын және орта бизнес үшін кредиттердің жоғары пайызы сияқты қатаң шарттарына байланысты ауыл кәсіпкерлерінің кредиттік ресурстарға төмен қол жетімділігі;

жұмыс істеп тұрған шағын кредиттеу ұйымдары мен ауыл кредиттік серіктестіктері белсенділігінің жеткіліксіз деңгейі, тұрғындарға шағын кредит беру үшін ШКҰ өз қаражатының жеткіліксіздігі, ЕДБ-де ШКҰ кредиттеудің арнайы бағдарламаларының болмауы;

кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы, кәсіпкерлердің қаржы-құқықтық жағынан хабарсыздығы, өңірде бизнес-инкубаторлардың болмауы;

шағын және орта бизнес субъектілерінің ірі өндіріспен жеткілікті ықпалдаспауы;

бақылаушы органдар тарапынан тексерулердің көптігі, кәсіпкерлер қызметі үшін әкімшілік кедергілер.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Өңірде шағын және орта бизнестің дамуына әсер ететін сыртқы факторлар: әлемдік қаржы дағдарысы, теңгенің құнсыздануы, басқа елдердің экономикалық саясаты (шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестіктен өз нарығын қорғау), сыртқы нарықтағы жоғары бәсекелестік.

Өңірде шағын және орта бизнестің дамуына әсер ететін ішкі факторлар:

екінші деңгейлі банктердің кредиттер беру шарттарын (жоғары пайыздық мөлшерлемелер, кепілдікпен қамтамасыз етудің болуы, ұзақ мерзімді кредиттер берудің шектеулігі) қатайтуына байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік ресурстарға шектеулі қол жетімділігі;

шағын бизнес субъектілері үшін инфрақұрылымдық талаптар жасалмаған: қуаттарды кеңейту және жаңа өндірістерді құру барысында техникалық шарттарды қосу;

әкімшілік кедергілер (сыбайлас жемқорлық, рұқсат құжаттарын беру мерзімінің ұзақтығы);

жаңа технологиялар мен инновацияларды жеткіліксіз енгізу, отандық тауар өндірушілер өнімдерінің төмен бәскеге қабілеттілігі;

жаңа технологияларды енгізіп жатқан шағын бизнес кәсіпорындары үшін салықтық жеңілдіктер мен преференциялар қажеттілігі.

3-стратегиялық бағыт. Сыртқы және ішкі сауданы дамыту
1.1) Реттелетін сала немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері
Облыста тауар айналымы көлемдерінің өсуі тұрақты сақталуда.

Ішкі сауда.

Бөлшек саудадағы тауар айналымының өсуі 2008 жылы 102,4 % құрады, 2009 жылы - 103,6 %, 2010 жылғы 11 айда – 116,7 %.

Өңірлік сауданы дамытудың негізгі бағыты – саланы халықаралық стандарттар деңгейіндегі сервистің заманауи индустриясына айналдыру.

Ішкі нарықты дамытудың жағымды факторы сақталуда - дүңгіршектер желісін қысқарту есебінен сауда үйлері, супермаркеттер, заманауи дүкендер сияқты сауданың өркениетті нысандарының үлес салмағы артылды. Қазіргі уақытта облыстың сауда желісі 3522 стационарлық дүкенге тиесілі.

Осыған орай өркениетті сауданың заманауи талаптарына сай, озық сауда инфрақұрылымын дамыту, отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау және барынша төмен шығындарымен тауар қозғалысының тиімді үдерісін құру жөніндегі шараларды енгізу жүзеге асырылады.

Сауда желісінің қарқынды өсуі тұрғындардың бар санымен және төлем қабілеттілігімен, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды қысқарту есебінен ірі сауда кәсіпорындарының санын арттыру себебінен шектелгенін атап өту қажет.



Сыртқы сауда.

2009 жылғы облыстың тауар айналымы 2148,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 25,3%-ға төмен, соның ішінде экспорт - 966,8 млн. АҚШ долларын (35,1 %-ға төмендеген), импорт - 1181,2 млн. АҚШ долларын құрады (14,7%-ға төмендеген).

Облыс тауар айналымының жалпы көлеміндегі неғұрлым көбірек үлес салмақты алыс және жақын шетелдерге өнімді импорттау алады – 55,0%, экспорт көлемі 45,0% құрайды.

2010 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 3203,8 млн. долларды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 85% көп, соның ішінде экспорт – 1392,2 млн. долл. (84,5% өскен), импорт – 1811,6 млн. долл. (85,3% өскен).




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет