Педагог қызметкерлерді аттестаттау тест сұрақтары Құқық негіздері 1



жүктеу 94.69 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі94.69 Kb.
: files -> sites -> 1383501615557969 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1413402369342350
1413402369342350 -> Музыка 2 вариант
1413402369342350 -> Педагог қызметкерлерді аттестаттау тесті Алғашқы әскери дайындық
1413402369342350 -> Аттестация тест сұрақтары Дүние жүзі тарихы
1413402369342350 -> Педагог қызметкерлерді аттестаттау тест сұрақтары Қоғамдық білім негіздері
1413402369342350 -> Ылғал ғимаратта жұмыс кезіндегі көшірме шам қуаты неше вольттан аспау керектігін көрсетіңіз
1413402369342350 -> Мұғалімдерді аттестаттау тесті
1413402369342350 -> A айт, дала. B ен, бөле. C қала, жүр. D кітап, жең. E жігіт, білім. Синонимдік қатар құрап тұрған тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A жаны жай табу, жаны күю. B көзге ілмеу, көзінен таса қылмау. C аузын майлау, ауыз бастырық беру
1413402369342350 -> Хореография 2 вариант
1413402369342350 -> В проекция осьтері, көмекші
1413402369342350 -> 1. Мектеп кітапханасының негізгі қызметі: a тәрбиелілік, білімділік
Педагог қызметкерлерді аттестаттау тест сұрақтары

Құқық негіздері

1 вариант
1. «Жеті жарғыны» құрастырушылар:

А) Жәнібек, Керей, Бұрындық

В) Қасым, Есім, Тәуке

С) Төле, Қазыбек, Әйтеке

D) Әбілқайыр, Абылай, Сәмеке

Е) Шығай, Жәңгір, Тәуекел


2. Елдегі жұмыс істейтін заңды тұлғаларды тіркеп, сот белгілеген қылмыстық жазалардың орындалуын ұйымдастыратын:

А) Заңдылық

В) Сот алқасы

С) Адвокатура

D) Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Е) Әділет органдары


3. Қазіргі либералдық-демократияның басты қағидасы:

А) Жеке-дара билеу

В) Көпмәдениеттілік пен көпқұдайлық

С) Монотеизм мен моногамия

D) Теңдік пен еркіндік

Е) Бауырластық пен ынтымақтастық


4. Демократия жағдайында мемлекеттік билік:

А) Еркін сайлау жолымен қалыптасады

В) Әскери төңкеріспен қалыптасады

С) Мұрагерлік жолмен қалыптасады

D) Стихиялық жағдайда қалыптасады

Е) Оппозицияны жоюмен қалыптасады


5. Азаматтық қоғам төмендегідей тарихи жағдайда қалыптасты:

А) Құлдық құрылыста

В) Феодализмде

С) Буржуазиялық қоғамда

D) Социализмде

Е) Тоталитаризмде


6. Басқа мемлекеттің қауіпсіздік органдарына ҚР азаматы жұмысқа орналасқан жағдайда, ол:

А) Құқықтық қабілеттілігін айырылады

В) Іс-әрекет қабілеттілігінен айырылады

С) Шығармашылық қабілетінен айырылады

D) Азаматтығынан айырылады

Е) Жекеменшігінен айырылады
7. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы Үкімет үшін:

А) Парламент алдында есеп беруі

В) Сәйкес қаулыны қабылдауы

С) Қайта сайлау мүмкіндігі

D) Өз іс-әрекетін Парламентпен келістіру қажеттілігі

Е) Өкілеттігінің тоқтағандығы


8. ҚР Сот жүйесінің ең жоғарғы буыны:

А) Конституциялық сот

В) Арбитраждық сот

С) Конституциялық кеңес

D) Жоғарғы сот

Е) Халықаралық сот


9. Мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы:

А) Конституциялық құқық

В) Мемлекеттік құқық

С) Сайлау құқығы

D) Референдум

Е) Кодекс


10. Азаматтардың бейбіт және қарусыз бас қосу құқығы:

А) Әлеуметтік

В) Экономикалық

С) Мәдени

D) Саяси

Е) Азаматтық


11. ҚР азаматтығына қабылдау туралы шешім:

А) Президент жарлығымен іске асырылады

В) Парламент заңымен іске асырылады

С) Үкімет қаулысымен іске асырылады

D) Конституциялық кеңес арқылы іске асырылады

Е) Жоғары сот арқылы іске асырылады

12. ҚР азаматтығын:

А) Қылмыс жасағандар жоғалтады

В) Шетелде оқитын студенттер жоғалтады

С) Шетелде көп уақыт тұрғандар жоғалтады

D) Басқа мемлекеттің құқық қорғау органдарға жұмысқа кіргендер жоғалтады

Е) Әскери борышын өтемегендер жоғалтады


13. Сенімхаттың түрлері:

А) Негізгі, арнайы, бір мезгілді

В) Реалды және консенсуалды

С) Бір жақты және келісілген

D) Жария шартпен жеке

Е) Ұлттық және халықаралық


14. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда пайыздық қатынаспен анықталатын шара:

А) Қарыз


В) Несие

С) Салық


D) Жинау

Е) Өсім
15. Келтірілген мүліктік зиян:

А) Қарыз

В) Өсім


С) Несие

D) Залал


Е) Теріс әрекет
16. Қызметкердің еңбек шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін:

А) Жұмыс уақытында орындайды

В) Шығармашылық демалыста орындайды

С) Демалыс кезінде орындайды

D) Мәжбүрлеу жұмысында орындайды

Е) Айыбын еңбекпен өтеуінде орындайды


17. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрлері:

А) Ескерту, сөгіс, еңбек шартын бұзу

В) Қоғамдық айыптау, тәрбиелік іс-шаралар

С) Азаматтығынан айыру, тәрбиелік іс-шаралар

D) Бостандығынан айыру, жүріс-тұрыс еркіндігін шектеу

Е) Келтірілген зиянды қалпына келтіру, мүлкін тәркілеу


18. Бір рет еңбек тәртібін өрескел бұзу:

А) 1 сағат жұмыстан кешігу

В) Бұзақылықпен келтірілген дене жарақаттары

С) Жұмысқа есірткі заттарын пайдаланып, мас күйінде келу

D) Қорлық көрсету

Е) Жұмыстан 1 сағат ерте кету


19. Еңбек дауларының түрлері:

А) Жеке және ұжымдық

В) Ынтымақтық және ымыралық

С) Даулы және оң шешімді

D) Әкімшілік және соттық

Е) Шектеулі мерзімді


20. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдетеді:

А) Құқық бұзушылықты жүкті әйелдің жасауы

В) Бір рет құқық бұзушылық жасау

С) Қаржы жетіспеушіліктен құқық бұзу

D) Мас күйінде құқық бұзушылық

Е) Жұмыссыздық әсерінен құқық бұзушылық


21. Мақсаттылық міндеті бойынша әкімшілік-құқықтық нормалар:

А) Реттелетін және қорғалатын түрге бөлінеді

В) Ауыр, орташа ауыр түрге бөлінеді

С) Мемлекеттік және жекеменшік түрге бөлінеді

D) Өзіндік және ұжымдық түрге бөлінеді

Е) Анықталған және анықталмаған түрге бөлінеді


22. Кәмелеттік жасқа толмағандарға әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасалған күннен бастап уақытынан кешіктірмей:

А) 7 күнде тағайындайды

В) 10 күнде тағайындайды

С) 14 күнде тағайындайды

D) 20 күнде тағайындайды

Е) 1 айда тағайындайды


23. Әкімшілік жазаның түрлері:

А) Әкімшілік қамау, әкімшілік айыппұл

В) Сөгіс, қатаң сөгіс

С) Жүріс-тұрысқа шектеу, бостандығынан айыру

D) Үйінде тұтқындалуы, тәрбиелік әңгімелер жүргізу

Е) Өз еркімен босау және азаматтықтан айыру


24. Қылмыс құрамының белгілері:

А) Объективтік, субъективтік

В) Әдіс және әдіснама

С) Заты және белгісі

D) Гипотеза және диспозиция

Е) Санкция және ауыр
25. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың мүмкін түрі:

А) Айыптының кәмелетке толмағандығы

В) Қылмысты ұйымдасқан топпен жасауы

С) Айыптының ҚР азаматының болмауы

D) Шын өкінуіне байланысты

Е) Төтенше жағдайларда жасалған қылмысы үшін


26. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қолданылатын жазаның түрі:

А) Өмір бойы бас бостандығынан айыру

В) Өлім жазасы

С) Белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру

D) Азаматтығынан айыру

Е) Демалысын шектеу


27. 14 жастан бастап жауапқа тартылатын қылмыс:

А) Есірткілерді пайдалану

В) Жезөкшелікпен айналысу

С) Алаяқтық

D) Мемлекеттік төңкеріс

Е) Терроризм


28. Қазақстандағы неке жасын төмендету себептері:

А) Жоғарғы оқу орнын бітірсе

В) Жұмысқа орналасса

С) Қылмыстық жауапкершілікке тартылса

D) Ата-аналары болмаса

Е) Әйелдің жүктілігі


29. Мемлекеттің отбасын қорғау қызметі Қазақстанда жүзеге асырылатын негіз:

А) Отбасы өміріне ешкімнің де өз бетінше араласуына жол бермеу

В) Дау-жан жалсыз қатынастар

С) Неке шартының міндетті түзілуі

D) Некеге дейін алынған мүлікке тең құқықтық

Е) Кез келген неке түрлерінің ресми мойындалуы


30. Отбасындағы бала өз құқықтарының бұзылуына байланысты ҚР Заңдары бойынша сотқа шағымдану мүмкіндігі:

А) 10 жастан

В) 12 жастан

С) 14 жастан

D) 16 жастан

Е) 18 жастан


31. Алиментті төлеу құқығы тоқтатылуы:

А) Алимент төлеуші адам некеге тұрғанда

В) Алимент төлеуші адам демалысқа шыққанда

С) Алимент төлеуші адам қайтыс болғанда

D) Жұмыстан босағанда

Е) Бала асырап алғанда


32. ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты айқындаған алты міндеттің бірі:

А) Мәдениет және білім

В) Ғылым және өнер

С) Елді мекендер мен денсаулық сақтау

D) Экономика және банктер

Е) Кедейшілік пен баспана құқығы


33. БҰҰ құрылған жыл:

А) 1933 ж.

В) 1945 ж.

С) 1953 ж.

D) 1966 ж.

Е) 1975 ж.


34. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары:

А) БҰҰ Жарғысында бекітілген

В) Тәуелсіздік декларациясында бекітілген

С) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген

D) Бала құқықтарының Конвенциясында бекітілген

Е) ҚР Конституциясында бекітілген


35. Құқық қорғау органдары:

А) Жеке агенттіктер

В) Конституциялық кеңес

С) Жемқорлықпен күрес органдары

D) Партиялар

Е) Заңгерлік кеңестер


36. Прокурaтура органдары алғаш рет пайда болған ел:

А) Францияда

В) Англияда

С) Германияда

D) Италияда

Е) Грекияда


37. Ұлттық қауіпсіздік органдарына ….. қызметке қабылдана алады:

А) ҚР азаматтары

В) Азаматтығы жоқтар

С) Шет ел қауіпсіздік органдарының өкілдері

D) ТМД елдерінің азаматтары

Е) Қос азаматтығы барлар


38. Бала құқығы Декларациясының сипаты:

А) Құқықтық

В) Міндеттілік

С) Ұсыныстық

D) Императивтік

Е) Ұлттық


39. 18 жасқа толмағандар жіберілмейтін жұмыс:

А) Ашық аспанның астында

В) Ауысымдық

С) Өндірістік

D) Тамақ өнеркәсібіне

Е) Түнгі уақытқа


40. Қазақстан БҰҰ-ң Балалар құқығы туралы Конвенциясына қосылған жыл:

А) 1993 ж.

В) 1994 ж.

С) 1995 ж.



D) 1996 ж.

Е) 1997 ж.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет