Педагогтардың желілік даярлығы оның БӘсекелестігінің негізгі шарты



Дата17.04.2016
өлшемі50.32 Kb.
ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖЕЛІЛІК ДАЯРЛЫҒЫ

ОНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ

Ахметова Г.Б.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген ғаламның тенденциялары мамандардың кәсіби даярлығына жаңа талаптар қоюда. Болашақ мамандарда желілік әлемдегі кәсіби қоғамдастықтарда шектеусіз инфокоммуникациялық өзара байланысуына, желілік саясат пен экономика жағдайында өзін-өзі актуализациялауға мүмкіндік болуы қажет.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары білімді ақпараттандыру оқу орындардың электронды инфраструктурасы мен локальды және глобальды желілердің ақпараттық көздердің таралуына негізделе отырып, кәсіби даярлау парадигмасын қайта қарауға объективті шарттар анықталып отыр. Жаңа инфокоммуникациялық өзара байланыс парадигмасы кәсіби даярлық процесі барысында студенттердің дербес кәсіби дамуының траекториясын жасауға, жаңа идеялар мен жобалады туындатуға мүмкіндік жасайды.

Аталмыш тақырып объективті және субъективті факторлардың әсерімен көкейтесті. Білім жүйесіне акпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) енгізу тұлғаның бәсекелестігінін қалыптастырудың негізгі факторлары болып табылады және де оның ғаламдық қоғамдастыққа енуімен анықталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында, білім саласының дамуы туралы мәселесін ортаға қойып, оның экономикалық және әлеуметтік жаңару қажеттілігіне сәйкес» дей келе білімнің адам капиталын, қоғамға инновация мен бәсекелестілікті қамтамасыз ете алатын, басқа әлем лидерлерінің ортасында Қазақстанның бәсекелестікті жоғарылататын кепілі болып табылады.

Халықаралық рейтинг бойынша мемлекет бәсекелестігінің индексі бойынша, соның ішінде желілік даярлығы жөнінде Қазақстан 2007-2008 жылдары 73 орын алды. Соның ішінде аз қалыптасқан болып төмендегі ерекшеліктер анықталды:

АКТ дербес пайдалану деігейі;

– Бизнес-қоғамдастықтың АКТ пайдалану деңгейі;

– АКТ дамыту үшін нарық және саяси ортаның болуы.

Тәжірибе көрсеткендей, ғаламдық ақпараттық кеністікте шамамен 100 миллион адам білім алады, олардың санын күннен күнге артып келеді. Білім беру қызметі әлемде негізінен локальды және галамдық желіні пайдалану арқылы көрсетіледі. Түрлі болжамдар бойынша 2010 жылы әлемдік білім беру желілік технологиялар арқылы жүргізіледі. Алайда, эксперттердің шешімдері бойынша желі арқылы оқыту белсенді өтіп жатқан елдерде, олар АҚШ пен Ұлыбритания, жыл сайын осындай курстарға тіркелген 60-70% білім алушылар өз оқуларын аяқтамайды екен. Мұндай көрініс олардың желіде жұмыс жасай алмайтынынан. Осындай жағдай Қазақстанда да кең орын алады. Студенттер мен мамандар желілік қарым қатынасқа дайын емес, бұл жағдай үздіксіз кәсіби қашықықтан оқу процесін дамытпай отыр.

Осыдан, желілік даярлықты қалыптастыру мәселесін білімді ақпараттандыру мәселесінің бөлінбес жартысы деп санаймыз. Жоғары оқу орындарының түлектері болашақта әрбір компанияда өз қызметтерін корпоративті өзара қатынаста болады. Бірақ, ЮНЕСКО мен Ұлттық ақпараттандыру орталығы жасаған талдауда желілік даярлық мәселесі алдыңғы қатардағы міндет болып табылмайды. Осы мәселелер мемлекеттік стандарттарда жеткіліксіз орын алған. Мамандарды даярлау процесінде АКТны пайдалану білім субъектілерінің желілік қарым қатынасты ұйымдастыру қажет етеді, осы орайда кәсіби білім беру субъектілерінің инфокоммуникциялық өзара қатынас парадигмасын қайта қарастыру қажет.

Парадигма деп нақты ғылыми зерттеуді анықтайтын теориялық және методологиялық жағдайлардың жиынтығын айтамыз, арнайы қызметтің нақты зерттеу ғана емес, сондай-ақ, практикалық міндеттерін шешу үшін пайдалануға бағытталған. Инфокоммуникациялық өзара қатынас парадигмасы дегеніміз қазіргі заманғы локальды және ғаламдық желі жағдайында байқалатын кәсіби қатынас жолын айтамыз. Олар желілік даярлықты өзін өзі актуализациялау заңдылықтары, мақсаттық сәйкестікті ұғыну, контексті ситуативті шарттылық және білім субъектілерінің интеллектуалдық белсенділік заңдылықтарымен нақтыланады. Инфокоммуникациялық өзара қатынас төмендегі принципттермен анықталады:

– Кәсіби өзін актуализациялау,

– өз өзін бағыттау,

– кәсіби желі қоғамдастықтың мүшелерінің бірігуі,

ақпаратты дербес қабылдау,

– бірлескен қызметке творчестволық қатынас,

– маманның дербес дамуы мен кәсіби қызметтегі жетістіктерінің байланысы,

– ашықтық,

– кәсіби іс әрекеттердің тиімділігі,

– ынтымақтастық негізінде бейимдік қатынас,

– өзін өзі бағалау.

Әдістемелік жүйе нақты желілік даярлықтың құрылымын анықтайды, сондай-ақ, біз өткізген тәжірибенің мазмұны үш программалық продуктілерді пайдаланылды:

1. оқытуды автоматтандырылған жүйе басқару;

2. қашықтық оқыту порталы;

3. кәсіби желі қоғамдастықтар порталы (www.e-kogam.kz) .

Бірінші және екінші платформаларды пайдалану барысында кәсіби бағдарланған білім мақсаттары мен міндеттерге жетуге бағышталған. Кәсіби желі қоғамдастықтар порталы өзекті кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл жағдайда кәсіби желі қоғамдастықтар порталында әрбір қоғамдастықты басқаруды модератор орындайды. Қатысу құқығы желілік Интернет арқылы әріптестермен кәсіби өзара қатынасқа бағытталған әрбір қалаушы маманға беріледі.

Желілік даярлықтың үлгісін жасау барысында біз ғалымдардың желілік қоғамдастық, желілік саясат және желілік экономика туралы қағидалары пайдаланды. Желілік даярлық педагогика категория ретінде дербес интегралды құрылым болып табылып, тұлғаның когнитивті, іс әрекеттік және мотивациялық даму салаларында ескеріледі.

Болашақ мамандардың желілік даярлығының теориялық үлгісі мына критерийлармен анықталады: желілік қоғамдастыққа құндылық бағдар, желілік саясат пен экономикаға құндылық бағдарлану.

Желілік қоғамдастыққа құндылық бағдарлану тұлғаның желі әлемін өркениеттің жаңа үлгісі ретінде ұғынуымен байқалса, сонда ғана өзін өзі желідегі тұлға ретінде сезінеді. Жаңа әлемдік құрылымды кәсіби қоғамдастықтардың өзара қарым қатынсты орнату формасы ретінде ұғыну маманның коммуникациялық кеңістікті басқа жаңа деңгейде қызыға қарауға және сол жаңа формаларды пайдалануға құштарлайды.

Мамандардың желілік саясатқа құндылық бағдарды біз netэтикет ережелерін түсініп, авторлық құқықтарды қорғау мүмкіндіктерін білу, кәсіби қоғамдастық ережелерін орындау болып табылады. Желі әлемінде қатынасу дегеніміз желі тұлғасы ретінде бірқатар қызметтерді орындауға әкеледі.

Мамандардың желі экономикасына бағдарлануы, олардың бойында ғаламдық электронды кәсіби ортада қатынасқа түсуін қажет етеді, кәсіби бизнес ұйымдастыруына мүмкіндік туғызады, қашықтан еңбек қатынаста болуына әкеледі, Интернет бизнесін ұйымдастыру желі формаларын меңгеру.



Қорыта келе, біз Қазақстан Республикасының білім беру ұлттық моделін жетілдіруде білім беру саласын ақпараттандыру Мемлекеттік саясаты және де білім саласының субъектілерінің желілік даярлығын қалыптастыруда халықаралық бәсеке индекстеріне сәйкес келеді, яғни ол дегеніміз маңызды әлеуметтік педагогикалық міндет болып табылады. Ол міндеттің шешімінен келешекте жаңа технологияларды жасауға және инфокоммуникациялық қатынастың жаңа траекториясын анықтауға қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет