Педиатриядағы мейiргер iсi тест сұрақтары бцж ревакцинациясы алдында балаға Манту сынағы жүргізілген. Нәтижесін қашан бағалайды



Дата15.05.2020
өлшемі39.61 Kb.
Педиатриядағы мейiргер iсi тест сұрақтары

1.БЦЖ ревакцинациясы алдында балаға Манту сынағы жүргізілген. Нәтижесін қашан бағалайды:

a) 2 сағаттан кейін

b) 12 сағаттан кейін

c) 24 сағаттан кейін

d) 48 сағаттан кейін

e) 72 сағаттан кейін+++



2.АИТВ - инфекциясына күдік тудыратын симптомдарды белгілеңіз:

a) Лимфоаденопатия, 1 айдан артық субфебрильді дене қызуы.

b) Лимфоаденопатия, 3 айдан артық қайталанбалы қызба.+++

c) Ұзақ жөтел, әлсіздік, бұрыс типті қызба

d) Әлжуаздық, бас ауыру, субфебрильді температура

e) Тері қышымасы, дақты- папулалы бөртпе, жоғары қызба



3.Жөтелі ұзаққа созылған науқасқа туберкулез микобактериясын анықтауға микроскопиялық зерттеуге қақырық алу тағайындалған. Зерттеуге қақырық алудың ретін белгілеңіз.

a) 2 тәулік ішінде 2 қақырық үлгісін тәуліктің кез келген мезгілінде

b) Таңертеңгі мезгілде 2 тәулік ішінде 3 қақырық үлгісін

c) Кез келген уақытта тәулік бойы 2 қақырық үлгісін

d) Тәуліктің екінші жартысында 3тәулікте 3 қақырық үлгісін

e) 1 апта ішінде 3қақырық үлгісін



4. 53 см ұзындығы, салмағы 3500, тірі, сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына - 16, гипертонус. Жана туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?

a) 2-3 балл

b) 4-5 балл

c) 5-7 балл

d) 8-9 балл++

e) 9-10 балл



5.Балалардағы ойық жаралы аурудың патогенезінде маңызды:

a) Шырышты қабықтың муцин түзу интенсивтілігінің жоғарлауы

b) Қышқыл-пептидті агерессияның жоғарлауы++

c) Helicobacter мен індеттену

d) Гастрино-гистамин түзуші клеткалардың төмендеуі

6.Сальмонеллездің клиникалық көрінісіне жатады:

a) Өте жоғары улану белгілері мен нейротоксикоз

b) Нәжісі жасыл түсті, «балдыр» тәрізді, мөлшері көп+++

c) Нәжісі «күріш қайнатпасы» сияқты

d) Іштің ауырсынуы болмауы

e) Тенезмдер



7.Нәрестеде ортақ 4 қауіпті белгілерінің бірі болса, оны тездетіп ауруханаға жіберу керек.Соны белгілеңіз:

a) Нәресте нашар емеді

b) Қатты жөтеледі

c) Осы ауыру кезінде тырысу болса+++

d) Мазасыздану

e) Қатты жылайды



8. 3 айлық бала, омырау емеді. Анасына қанша жасқа дейін тек омырау сүтімен тамақтандыру керегі туралы кеңес беріңіз:

a) 3 айға дейін.

b) 4 айға дейін.

c) 6 айға дейін. +++

d) 9 айға дейін.

e) 1 жасқа дейін



9. 9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен конвульсиялар пайда болып, санасынан айрылды. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. сіздің болжамды диагнозыңыз?

a) Гипогликемиялық кома+++

b) Гипергликемиялық кома

c) Кетоацидотикалық кома

d) Конвульсиялық синдром

e) Ацетонемиялық кома



10.Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?

a) Жедел гломерулонефрит+++

b) Жедел пиелонефриті

c) Несеп-тас ауруы

d) Созылмалы гломерулонефрит

e) Созылмалы пиелонефрит



11. 9 айлық бала жедел ауырды. Жалпы жағдайының нәшәрләп, дене ыстығы 38,2º дейін көтеріліп, дауыстың қарлығуы, тыныс қиындықтар «үрген» дөрекі жөтел пайда болды. Тынысы шулы, кеуде үйлесімді орын шамалы кері кетіп, мазасызданғанда өсіп отырып, бар. Тыныс алуы минутына 50. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының жарқын гиперемиясы бар. Өкпесінде - қатты тыныс алу. Басқа ішкі органдардан- ерекшеліктері жоқ. Балалар ауруларын кешенді басқару бағдарламасы бойынша сұрыптау

a) Сары жол+++

b) Жасыл жол

c) Қызғылт жол

d) Тоқ сары жол

e) Көк жол



12.Сізге 1 жасар баланың анасы баласының тәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек ұшы аймағында систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралы ең дәлірек тұжырымыңыз:

a) В-12 тапшылық анемиясы

b) Ақуыз тапшылық анемиясы

c) Гемолитикалық анемия

d) Теміртапшылық анемиясы+++

e) Гипопластикалық анемия



13. 6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60 дейін көтерілуі, жұтынғанда тамағының ауыруы, әлсіздік. Аранын (тамағын) қарағанда: қызарған, ұлғайған бадамша бездерінде ақшыл жұқпа бар. Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Дифтериямен дифференциалды диагностикалық мақсатпен жүргізілетін қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз

a) Қанның жалпы анализі

b) Леффлер бацилласына -жұқпа алу+++

c) Несептің жалпы анализі

d) Қақырықты бактериологиялық зерттеу

14.Ларинготрахеитке тән үш белгілер:

a) Жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі

b) Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы

c) Тамақ ауырсынулары, жөтел, дауыстың үнсіз болуы

d) Дисфагия, дисфония, мұрын бітелуі

e) Мұрын бітелуі, жөтел



15. 7 жастағы балаға сирақ-табан буынының шығуына байланысты салынған гипсті алғаннан кейін массаж тағайындалды. Массаждың қандай тәсілдерін қолданасыз

a) сипау, сылау, ұрғылау тәсілі

b) сипау, сылау++

c) сылау, сипау, үздіксіз діріл

d) сипау, үздіксіз діріл

e) сипау, ұрғылау тәсілі



16.Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

a) Шырышты бөлініс

b) Серозды бөлініс

c) Шырышты іріңді бөлініс_+

d) Жалқаяқты бөлініс

e) Бөлініс болмайды



17.Дене температурасының 38-39°C дейін жоғарлауына, басының ауруына, жұтыну кезінде тамағының ауруына, жоғары саливацияға шағымданған студент келді. Фарингоскопиялық: бадамша бездердің ұлғаюы және гиперемия, көлемі 1-3мм, беткейінде көптеген домалақ сарғыш нүктелер. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғйған, пальпацияда ауырсынады.Болжамды диагноз қойыңыз:

a) Катаральды баспа

b) Фолликулалы баспа_+

c) Лакунарлы баспа

d) Фибринозды баспа

e) Ойық жаралы-қабыршақтық баспа



18.Балабақшада 3 жастағы баланың дене температурасы 37,8°C дейін жоғарлаған, мұрынның бітелуі, бетінің, төсінің, арқасының, аяқтарының терісінде, бастың шаштық бөлігінде мөлдір құрамды сұйықтықты кіші көпіршіктер анықталды.Аңқасы аздап гиперемияланғае. Қай ауруды болжауға болады?

a) Желшешек

b) Скарлатина

c) Қызылша++

d) Қызамық

e) Аллергиялық дерматит



19.Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шығару жолдарының туа пайда болған ақауын хирургиялық коррекциялаудан кейін зәр шығарудың функциональды бұзылстарымен науқас келді. Науқаста никтурия байқалады, никтурия деген не?

a) Түнгі диурездің күндізгі диурезден көп болуы

b) Ауырсынатын, қиын зәр шығару+

c) Тәулітік зәр көлемінің 2 литрден асуы

d) Зәр шығарудың жиілеуі

e) Тәуліктік зәр көлемінің 500 мл аз болуы



20. 4 жасар балаға “Жедел ішек инфекциясы, энтероколит синдромы” диагнозы қойылды. Қандай емдік диетаны тағайындау керек:

a) Диета №1

b) Диета №2+

c) Диета №3

d) Диета №4

e) Диета №5



21.Нәрестеге 12 ай бұрын босану үйінде БЦЖ вакцинасы жасалған. Вакцинация жасалғандығын және ағзаның туберкулез микобактериясының бар екендігін білдіретін екпелік реакцияны көрсетіңіз:

a) Дақ+


b) Папула

c) Қабыршық

d) Тыртық

e) Везикула



22.Дәрігер 4 жастағы балаға шақырылды.Анасының айтуы бойынша қызының ауырғанына бір апта болған, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел мазалайды.Қарауда:дене температурасы 38,9°C, қабағының ісінуі,конъюнктиваның қызаруы, жас ағу, мұрыннан шырышты бөліністер, аңқада гиперемия, жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар көрінеді.Бетінің, мойынының, құлағының артының терісінде,қол мен аяқтың жазу беткейлерінде, саусақтарында дақты папулалы сипаттағы қызғылт бөртпе, қосылуға бейім. Бала балабақшаға бармайды, екпе алмаған. Қай ауру жайлы болжауға болады?

a) Қызылша++

b) Қызамық

c) Скарлатина

d) Коксаки вирусы

e) Инфекциялық мононуклеоз



23.БЦЖ ревакциациясы алдында балаға Манту сынағы жүргізілген.Нәтижесін қашан бағалайды.

a) 2 сағаттан кейін

b) 12 сағаттан кейін

c) 24 сағаттан кейін

d) 48 сағаттан кейін

e) 72 сағаттан кейін+



24.Ревматизімде теріде болатын өзгерістер:

a) Квинке ісігі

b) Есек жем

c) Сақиналы эритема+++

d) Қышымалы бөртпе

e) Тері гиперемиясы



25.АИТВ инфекциясымен ауратын пациенттер конфиденциалды түрде медициналық тексеріске міңдетті

a) Донор+++

b) 12 жастан кіші балалар

c) репродуктивті жастағы әйел адамдар

d) 21 жастан асқан ер адамдар

e) мектептегі жоғарғы сыныптағы оқушылар



26.ЖИТС-тің жұгуы (АИТВ вирусын қабылдап алу) болу мүмкін:

a) қол алмасу

b) тұрмыстық заттарды ортақ қолдану

c) ауалы-тамшылы жолмен



d) құшақтасу

e) қан құю+++

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет