Пән атауы, кредит саны, Пререквизиттер, сабақ



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3
Ф-06-001/186

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті қазақ тілі кафедрасы


Мамандықтың пәндер каталогы


МАМАНДЫҚ: 6M020500 – Фиология (қазақ тілі мен әдебиеті)







Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ

түрі бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, дағдылары, құзыреттері)

























1

2

3

4







1 КУРС







1 семестр




МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

GTF 1101

Ғылым тарихы мен философиясы

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0


Мақсаты: «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, ғылымға философиялық және социологиялық талдау жасайды.

«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті дағдыларын дамытады.



Міндеті: Курстық теориялық негіздеріне оқып-үйрену.

Ғылымның отандық, шетелдік методологтарының классикалық еңбектерімен және әдебиеттерімен жұмыс істеуге үйрету. Магистранттарды өз бетінше жұмыс істеуге, сыни баға беруге үйрету, өз ойын ай қын да ашық

айта білуге үйрету.

Қысқаша мазмұны: Ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.


Білімі: Негізгі ғылыми эпистемологиялық моделдерді, рационалдық ұғымын сипатын: танымның ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс түрлерімен әдістерін; Әлеуметтік – гуманитарлық білімнің қазіргі кезеңдегі ыңғайларын; ғылыми – зерттеу жұмыстары барысында пайда болатын және терең, кәсіби білімді қажет ететін мәселелерді шеше білулері керек; қажетті зерттеу әдістеріне таңдай білулері қажет.

Білігі: Ғылыми танымдық әлеуметтік – гуманитарлық және жантану білімдерінің методологиясының негізде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың шындықтарын түсініп талдау жасай алу.

Құзыреттері: Болашақ мамандардың бойында тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын қалыптастыруда ғылымның тарихы мен философиясын дамыту үшін ғылыми білімдерді іске асыру болып табылады.







ShT1102

Шетел тілі

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

0+2+0


Мақсаты: Бакалвриатта алған білімін, білігін жетілдіру, тереңдету

Міндеті: Шетел тілін күнделікті сөйлесу барысында және кәсіптік қарым-қатынаста қолдана білу

Кысқаша мазмұны: Ғылыми стильдің ауызша, жазбаша формаларын есепке ала отырып меңгеру, тілді лексика және грамматика дағдысы бойынша деңгейлеп, жазу дағдысын қалыптастыру


Білімі: Бакалавриатта алған білігін жетілдіру

Білігі: - ағылшын тілінде алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдыларды (тілдік талдауларды) меңгеру

- тіл жүйесін және оны мәдениетаралық-коммуникативтік әрекетте қолдану тәсілдерін білу;

- сөйлеу және коммуникация жүйесін меңгеру төмендегі коммуникативтік актілерді жүзеге асыруға дайындық пен қабілеттілік ретінде:

- әр алуан тақырыптарға: жалпы, оқу-кәсіби, сонымен қатар бос уақытта қатысты тақырыптарға мүдірмей әңгіме жүргізу,

- еш дайындықсыз, грамматикалық қателер жасамай, сөйлеу стилдеріне шектеусіз қарым-қатынас жасау,

- студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру,



Құзыреттері: шетел тіліндегі мәтіндерді ана тіліне немесе ана тіліндегі мәтіндерді шетел тіліне ауызша және жазбаша аудару дағдыларын жетілдіру            




КӘСІІБИ МОДУЛЬДЕР БЛОГЫ

АОМ 1202

Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

4 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+2+0


Мақсаты: «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәнінде қазақ әдебиетіне қосылган жаңа есімдерді, тың проблема көтерген шыгармаларды, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктерін айқындап, ажыратады.

Міндеті: Жарык көрген көркем шығармалар мен қаламгерлердің өмірбаяндарын, шығармашылык ізденістерің олар туралы зерттеу еңбектерді камту. Әрбір кезеңдегі әдебиеттің өсу жолы, қалыптасу, даму процесін қамтумен катар, халықтың рухани қазынасының баюына айрықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы жазушыларының шығармашылык жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына талдау жасалады.

Қысқаша мазмұны: Көркем әдебиет әрдайым адамның «жан диалектикасының», қоғамдық өмірдің, тіршілік құбылыстарының айнасы. Сондықтан «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәнінде кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырамыз. Онда әдеби байланыс, дәстүр мен жаңашылдық, автор және шығарма жан-жақты талданады.

Білімі: Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму эволюцияларын саралай отырып, зерттеу міндеттерімен мақсатына жетудегі ғылыми-тәжрибелік шығармашылықты меңеру.

Білуі: Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін айқындап, оны зерттеудің әдіснамалық бағыттарын табуға машықтана алады. Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін айқындап, оны зерттеудің әдіснамалық бағыттарын табуға машықтана алады.

Құзыреттері: Қазіргі әдебиеттанудың алдындағы келелі мәселелердің шешімін жаңа танымдық зерттеу бағыттарымен ұштастыра отырып қарастыруды меңгереді. Магистранттар қазақ әдебиеттану ғылымының даму, қалыптасу тенденцияларымен таныса отырып бүгінгі әдебиеттанудың өзекті мәселелерін саралай алады.




TbFAM1203

Тіл білімінің философиялық-әдістемелік мәселелері

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер:

жоқ


2+1+0

Мақсаты:Тіл философиясының басты мақсаты – тілді тіл білімімен философия арасындағы байланысты екі жақты қарастыру: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді. Дегенмен, философия үшін тіл - жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама объект ретінде түсіндіру.

Міндеті:

- тіл философиясының тарихын таныту;

- философиялық мектептің көрнекті өкілдерінің ғылыми мұраларымен таныстыру арқылы лингвистикалық философияның негіздерін меңгерту;

- тіл білімі мен философия арасындағы байланыстардың методологиялық негіздерін меңгерту;

- қазақ тілінің тарихи дамуындағы философиялық заңдылықтарды заңды түрде мемлекеттік мәртебесі бола тұра қазақ ұлты өкілдерінің кейбір бөлігі білмейтін тіл жағдайында қалуының философиялық жағдайын айқындау;

- тілдің қондырмалық және базистік философиялық ерекшеліктерін меңгерту;

- тілдің қолдану практикасындағы әртүрлі құбылыстарды үйрету арқылы ойлаудың абстрактілі мазмұнының қатысын қабылдау мен сезінуді, көрнекілік бейненің қатысын философиялық заңдылықтар негізінде қарастыру;

Қысқаша мазмұны: Тіл философиясын магистранттарға жеке пән ретінде оқыту – тіл білімінің барлық салаларынан жан-жақты хабары бар, әсіресе дәстүрлі ғылымдардың бірнеше саласының басын біріктіретін лингвистикадағы жаңа ғылыми бағыттардың теориялық негіздерімен қаруланған ХХІ ғасырдың тілші мамандарын дайындаудан туындайды.

Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады. Бұл екеуіне ортақ объекті болатын мәселе - тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы. Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдары - философияның негізгі проблемаларының бірі. Ал тіл – ойдың жемісі, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы. Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі. Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес. Екінші жағынан, тіл – ойлау құралы, ой – оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң форма қуыс. Сондықтан тіл ғалымдары тілдің мағыналық жағына, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына, форма мен мағынаның арақатысына селсоқ қарай алмайды.Ал оны білу үшін ойлау заңдылықтарынан хабардар болуы, бұл мәселе жөніндегі философия ғылымының жетістіктеріне сүйенуі қажет.



Білімі:

- тіл философиясының тарихын білу;

- философиялық мектептің көрнекті өкілдерінің ғылыми мұраларымен таныстыру арқылы лингвистикалық философияның негіздерін білу;

- тіл білімі мен философия арасындағы байланыстардың методологиялық негіздерін білу;



Білуі:

- тілдің қондырмалық және базистік философиялық ерекшеоіктерін білу;

- тілдің қолдану практикасындағы әртүрлі құбылыстарды үйрету арқылы ойлаудың абстрактілі мазмұнының қатысын қабылдау мен сезінуді, көрнекілік бейненің қатысын философиялық заңдылықтар негізінде білу;

- тілдегі бейнеліліктің негізгі белгілерінің бірі болып табылатын қос сөздердің даму үрдісін білу;



Құзыреттері:

- тілдің қондырмалық және базистік философиялық ерекшеліктерін меңгерту арқылы лингвистикалық дағдыларын қалыптастыру;

- тілдің қолдану практикасындағы әртүрлі құбылыстарды үйрету арқылы ойлаудың абстрактілі мазмұнының қатысын қабылдауды, сезінуді, көрнекілік бейненің қатысын философиялық заңдылықтар негізінде талдау жасау құзыретінің болуы.






AFAM1204

Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0


Мақсаты: «Әдебиеттанудың философиялық–әдістемелік мәселелері» пәні бойынша магистранттардың арнайы дайындығының теориялық және тәжірибелік базасын құру болып табылады. Сондай-ақ, олардың бүтіндей әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыра отырып, меңгерген білімін әдебиетанулық ізденістері кезінде және ұлттық әдебиеттің құрылысын зерттеу тұсында қолдануға үйрету көзделген.

Міндеті: Қазақ әдебиеті құрылысы бойынша теориялық білімдермен таныстыру, шығармашылық процестің психологиясы, әдеби туындыны қабылдау туралы жүйелі түсінік беру;

– халық онтологиясы және эстетикасымен үздіксіз байланыс тұрғысында, шығармашыл тұлғаның ұлттық үлгісі туралы ұғым қалыптастыру;

– әдеби туындыларды талдаудың негізгі әдістерімен таныстыру;

– үзілмес түптамыр шеңберінде алып, ұлттық әдебиеттің дінмен, мифологиямен терең байланысы жөнінде жалпы түсінік үшін база қалыптастыру;

– шығармашылық процесті қазіргі кезеңдегі философиялық түсіндірулердің көзқарасы тұрғысынан алып, жазушылар мен ақындардың жеке әдеби дарындылығы туралы жүйелі түсінік беру;

– қазақ әдебиеті теориясына қатысты әдебиеттанулық және философиялық пайымдаулармен таныстыру;



Қысқаша мазмұны: «Әдебиеттанудың философиялықәдістемелік мәселелері» атты арнаулы курс қазақ әдебиеті тарихы бойынша мамандар даярлау жүйесінде жетекші орындардың бірін алады. Бұл арнаулы курс магистранттарға әдебиет пен әдебиеттанудың теориялық мәселелерін философиялық және онтологиялық көзқарас тұрғысынан жан-жақты таныстырады. Сондай-ақ, ұлттық сөз өнері эстетикасының ерекшеліктерін, көркем шығарманың құрылысын, шығармашылық процесс психологиясын, көркем шығарманы талдаудың кибернитикалық негіздерін, жалпы әдеби процесті тұтастай алып түсінуге мүмкіндік береді.

Курс аясында әдеби процестегі рухани–эстетикалық фактордың ролі, көркем шығармашылықтағы түпсананың орны, көркем шығарманың көп мөлшерлілігі, жеткізуге келмейтін нәрсе туралы түсінік және экзистенциализм философиясы, дін, тіл, мифология мен әдебиеттің арақатынасы мәселелері кеңінен сөз болады. Сол сияқты, адамзаттың ақыл-ой қазынасына өлшеусіз үлес қосқан бұрынғы-соңғы замандағы ғалымдар мен философтардың еңбектеріндегі жетекші ой-пікірлер талдау нысанына айналып, олардың ұсынған тұжырымдары мен ілімдері жайында мол мағлұматтар көзі де тиісінше қамтылған.



Білімі: «Әдебиеттанудың философиялықәдістемелік мәселелері» атты арнаулы курс қазақ әдебиеті тарихы бойынша мамандар даярлау жүйесінде жетекші орындардың бірін алады. Бұл арнаулы курс магистранттарға әдебиет пен әдебиеттанудың теориялық мәселелерін философиялық және онтологиялық көзқарас тұрғысынан жан-жақты таныстырады. Сондай-ақ, ұлттық сөз өнері эстетикасының ерекшеліктерін, көркем шығарманың құрылысын, шығармашылық процесс психологиясын, көркем шығарманы талдаудың кибернитикалық негіздерін, жалпы әдеби процесті тұтастай алып түсінуге мүмкіндік береді.

Курс аясында әдеби процестегі рухани–эстетикалық фактордың ролі, көркем шығармашылықтағы түпсананың орны, көркем шығарманың көп мөлшерлілігі, жеткізуге келмейтін нәрсе туралы түсінік және экзистенциализм философиясы, дін, тіл, мифология мен әдебиеттің арақатынасы мәселелері кеңінен сөз болады. Сол сияқты, адамзаттың ақыл-ой қазынасына өлшеусіз үлес қосқан бұрынғы-соңғы замандағы ғалымдар мен философтардың еңбектеріндегі жетекші ой-пікірлер талдау нысанына айналып, олардың ұсынған тұжырымдары мен ілімдері жайында мол мағлұматтар көзі де тиісінше қамтылған.

Бұл–пәнаралық дәрежедегі теориялық әрі тәжірибелік курс философия, тіл білімі, әдебиет теориясы, ТМД халқтары мен әлем халықтары әдебиеті сияқты курстармен тығыз байланысты.
Білуі: «Әдебиеттанудың философиялық–әдістемелік мәселелері» пәні бойынша магистранттардың арнайы дайындығының теориялық және тәжірибелік базасын құру болып табылады. Сондай-ақ, олардың бүтіндей әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыра отырып, меңгерген білімін әдебиетанулық ізденістері кезінде және ұлттық әдебиеттің құрылысын зерттеу тұсында қолдануға үйрету көзделген.

Құзыреттері: Қазақ әдебиеті құрылысы бойынша теориялық білімдермен таныстыру, шығармашылық процестің психологиясы, әдеби туындыны қабылдау туралы жүйелі түсінік беру;





TbZhB1205

Тіл білімінің жаңа бағыттары

2 кредит / 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0



Мақсаты: Болашақ тілші мамандығы ХХ-ХХІ ғ. шеніндегі тіл білімінің теориялық әдістерімен, ғылыми жұмыстармен шұғылдануға шығармашылық қабілеттерін ұштауға, біліктіліктерін шыңдауға қажет тіл білімінің жаңа салаларымен, тың ғылыми дереккөздерімен таныстыру.

Міндеті: Пәннің тіл білімінде алатын орны жайлы, оның зерттеу әдістері, ұстанымдары, ғылыми бағыттары жайлы теориялық мәлімет бере отырып, практикалық біліммен ұштастыру. Өзіндік жұмыстар арқылы магистранттардың ғылыми ізденістерін дамыту, жетілдіру.

Қысқаша мазмұны: ХХ-ХХІ ғ.шеніндегі тіл білімі қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі заман ағымына сай өзгерістерге сәйкес ұлттық құндлықтарымызды, мәдениетімізді, тарихымызды тілмен сабақтастыра зерттейтін жаңа бағыттағы ғылым саласы. Тіл білімінде белгілі бір кезеңнің арнайы бөлініп, жеке қарастырылып отырғанының өзі осы кезеңге тән лингвистикада орын алып отырған ерекше қарқынмен дамуы белгілерді дамытса керек. Бүгінгі таңда өркениеттің, мәдениеттің ерекше қарқынмен дамуы әлеуметтік өмірімізбен, ұлт психологиясымен ықпалдаса келе, тіл білімі ғылымында да жаңаша тенденцияларды қалыптастырып, түрлі аспектіде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік тудырып отыр. Осыған орай тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт психологиясы астасып жатқан жаңа салалар ретінде тілдік қатынастар негіздері, психолингвистика, контрастивтік лингвистика, нейролингвистика, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, компьтерлік лингвистика сияқты заман талабынан туындап отырған ғылым салалары қалыптасып, даму үстінде. Бұл ғылым салалары аралығындағы ортақ ғылыми сипат, ортақ бағыттар, көкейкесті мәселелердің қарастырылуындағы жаһандық ғаламдану процесімен астарласа келе, белгілі бір кезеңнің тіл білімі ғылымында орнын анықтап беріп отыр. «Тіл білімінің жаңа бағыттары» пәнінің негізгі мақсаты осы кезең аралығындағы «тіл әлемінің» өзіндік болмысын айқындау, зерттеп-зерделеу болмақ.

Білімі: Бүгінгі таңда өркениеттің, мәдениеттің ерекше қарқынмен дамуы әлеуметтік өмірімізбен, ұлт психологиясымен ықпалдаса келе, тіл білімі ғылымында да жаңаша тенденцияларды қалыптастырып, түрлі аспектіде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік тудырып отыр.

Білігі: Тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт психологиясы астасып жатқан жаңа салалар ретінде тілдік қатынастар негіздері, психолингвистика, контрастивтік лингвистика, нейролингвистика, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, компьтерлік лингвистика сияқты заман талабынан туындап отырған ғылым салаларының қалыптасып, дамуын білу.

Құзыреттері: Тіл білімінің жаңа салаларын, тың ғылыми дереккөздерін кешенді түрде зерттеп, зерделеу.





Қазақ тіл білімі мен әдбиеттанудағы жаңа бағыттар (ЖБТ 1)




ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫ МОДУЛІ (ЖБТ 1)

DZhA1304

1. Дәстүрлі жазба әдебиет және оның теориялық мәселелері

3 кредит / 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0


Мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қазақ жерінде, елінде ағартушылық ой өріс алды, дамыды. Қазақ даласындағы ағартушылықтың дамуына басты-басты екі-үш себеп болды деуге болады. Біріншісі, Қазақ хандықтарының жаппай жойылуы мемлекеттік ойдың көмескіленуіне жол ашты. Қазақ жерінің жаппай тартып алынуы, қазақ даласында әскери бекініс-қалалар тізбегінің, жүйесінің жүзеге асуы арқылы болды. Қазақ даласында сенімді орнығып алған соң, елдің тұрмыс-салтының ұлттық болмысының, танымының қазығы – дініне ауыз салды. Ғасырлар бойы ұстанып келген мұсылман діні, мұсылман жазуына қатер төнді. Қазақ даласында орысша оқу, шоқындыру өріс алды. Бұл үшін қазақ даласында миссионерлер, миссионер ғалымдар жұмыс жасады

Міндеттері: Магистранттарға ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы болып табылатын діни ағартушы-кітаби ақындардың шығармашылық мұрасын осы кезең әдебиетінің үдерісінде таныту. Пәнді өту барысында мынадай міндеттер көзделеді:

- діни ағартушы-кітаби ақындардың әдеби мұраларының өзіндік ерекшеліктерін таныту;

- кітаби ақындар шығармашылығының шығыс халықтар фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілерімен байланыста дамуын тану, сабақтастықта қарастыру дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: “Бүгінгі әдебиеттану ғылымында “шайыр”, “қиссашыл ақын”,“нәзирашыл ақын”, “кітаби ақын” секілді бірнеше атаумен беріліп жүрген қаламгерлердің бір шоғыры ХІХ ғасырдың соңғы ширегімен ХХ ғасыр басында шығармашылық етті. “Шайыр”, “қиссашыл”, “нәзирашыл”, “кітаби” сөздерінің қай-қайсысы да қазақтың төл сөзі емес, араб сөздері. Демек, бұл сөздердің қолданылуының өзі шығыс әлемімен байланыстылығы және арабша, парсыша сауаттылық, сол сауаттылықтың мұсылманшылықпен, ислам дінімен байланыстылығы бірден аңғарылады. Шындығында да, кітаби ақындар мұсылманша оқыған және тәрбиеленген діни өте сауатты қаламгер-молда ақындар еді


Білімі: - Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы атты пәнді оқыту арқылы діни ағартушы, кітаби ақындардың шығармашылық мұрасын ескі дәуірлердегі жазба әдебиетпен сабақтастықта және кейінгі кезең әдебиетінің даму үдерісінде танып білуін үйрету. Діни ағартушы, кітаби ақындар мұрасының өзіндік сипаты мен шығармашылық ерекшеліктерін танытумен қатар олардың әдеби мұрасын қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі жазба әдебиеті ретінде тану, қарастыруға үйрету; Діни ағартушы, кітаби ақындар мұрасын шығыс халықтары фольклорымен әдебиеті үлгілерімен сабақтастықта қарастыру, талдай білу.

Білігі: Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы пәнінде кезең әдебиетінің қаламгерлік құрамы мен бағыт-бағдарын, шығармашылық ерекшеліктерін меңгеру, тану;

- Кітаби ақындар шығармашылығының тақырыптық тұрғыдан жан-жақты өсуін, баюын тану, меңгеру;

- Кітаби ақындар шығармашылығының жанрлық тұрғыдан кемелденуін бағамдау, меңгеру;

- Кітаби ақындардың әдеби мұрасының көркемдік тұрғыдан көркеюін тану, меңгеру;



Құзыреттері:

- Қазақтың жазба әдебиеті және кітаби ақындар пәні оқу барысында кезең әдебиеті мәселелерін қаламгерлік құрамы, саналуан тақырыбымен жанрлық қырлары тұрғысынан танып пайдалану жұмыстарын тәжірибелік түрде жүзеге асыра алу. Кітаби ақындар шығармашылығының өзіндік ерекшеліктерін меңгере отырып, даму, өсу, оны пәндік аймақтарда қолдана алу.












Тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдіснамалық мәселелері (ЖБТ 2)




ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫ МОДУЛІ (ЖБТ 2)

KAT1304

ХХғ. 20-30 жылдардағы әдебиет

3 кредит / 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0


Мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін аса маңызды саланың бірі.

Пәннің міндеттері: ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920 жылдар аралығы) қазақ әдебиеті пәні жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихындағы өзіндік ерекшелігі жетерлік бұд кезеңнің жеке пән ретінде оқытылуы, ең алдымен, қазақ жазба әдебиеті тарихының ең бір жемісті тұсы болуымен айқындалады. ХХ ғасыр басындағы әдебиет әдебиетімізде бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеуімен құнды. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі – шынайы, кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген дәуірі. Кейінгі қанатын кеңге жайған қазақ әдебиетінің түрлі жанрлардағы шеберлік мектебі осы кезеңде қалыптасты.

Қысқаша мазмұны: ХХғ. 20-30 жылдардағы әдебиет атты пәнді оқыту арқылы діни ағартушы, кітаби ақындардың шығармашылық мұрасын ескі дәуірлердегі жазба әдебиетпен сабақтастықта және кейінгі кезең әдебиетінің даму үдерісін танып біледі.



Білімі: ХХғ.алғ.жарт.әдебиеті пәнін оқу арқылы студент ХХ ғасырдағы отарлық езгіден қазақ халқының тарихи-әлеуметтік жағдайын және соған орай дамыған әдебиетін егжей-тегжейлі, терең тани алады. Тақырыптық және жанрлық тұрғыдан жан-жақты өсуін, кемелденуін көреді, көз жеткізеді.

Білуі: ХХғ.алғ.жарт.әдебиеті пәнін оқу арқылы студент кезең әдебиеті даму ерекшелігі мен көркеюін тану нәтижесінде алған білімімен іскерлікпен қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ журналистикасы мен жалпы руханият мәселесінде жан-жақты пайдалана алады. Сабақтастықта жұмыс жасай алады.

Құзыреттері: ХХғ.алғ.жарт.әдебиеті пәнін оқу меңгеру арқылы сол дәуірдегі әдебиеттің мына секілді басты-басты арналарында даму, қалыптасу бағыт-бағдарын, ағымдық жолдарын тани алады: Фольклорлық дәстүр тағлымын тану, дамыта пайдалану, қорыту дәрежесінде өсу, көркею; ауыз әдебиеті ақындық поэзиясы дәстүрін жалғастыру, дамыту; Дәстүрлі жазба әдебиет дәстүрін жалғау, дамыту, көркейту. Орыс әдебиеті және сол арқылы батыс әдебиетімен, өркенниетін тану, дәстүрін туған әдебиет даму көкжиегіне ендіру, жаңа реалиятік қазақ жазба әдебиетін туғызу, қалыптастыру, көркейту. Студент сол арқылы кезең әдебиеті дамуын таниды және маман құзіреттілігін өсіреді.




Каталог: files -> panderkatalogy -> magistratura
magistratura -> Ф-об-001/186 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
magistratura -> Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті «Жалпы педагогика және этнопедагогика»
magistratura -> Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
magistratura -> Ф-об-001/186 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
magistratura -> Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
magistratura -> Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет