Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы пму ұс н 18. 4/19



жүктеу 304.83 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі304.83 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титулдық парағы




ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы











ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
GE 3206 Әлемдік экология

Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы





ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖ деканы _________ Қ.Қ. Ахметов

2013 ж. «___»__________

Құрастырушы: _________________ б.ғ.к., доцент Төлеужанова Ә.Т.

Әлемдік экология – GE 3206

5В060800 – Экология мамандықтары бойынша күндізгі оқитын студенттерге арналған


Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Ш.М. Жумадина

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Ю.М. Каниболоцкая

2013 ж. «_____»___________



1. Оқу пәнінің құжаты
Пән атауы Әлемдік экология
Жоғару оқы орнының компонеттік пәні
Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Барлық аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар – 15 сағат

Лабораториялық – қарастырылмаған

СӨЖ – 90 сағат

оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылғы - 90 сағат
Бақылау формасы

Экзамен – 6 семестр


Пререквизиттер

Пәнді оқу кезінде төмендегі пәндерден білімді, біліктілікті және дағдыларды білуі қажет: экология және тұрақты даму, қоршаған орта туралы ілім, биологиялық экология.


Постреквизиттер

Төмендегі пәндерді оқу үшін бұл пәнді оқу кезендегі білімді, біліктілікті және дағдыларды білуі қажет: қоршаған ортаның мониторингі.


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні – Төлеужанова Әлия Төлеужанқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы – биология ғылымдарының кандидаты, биология және экология кафедрасының доценті.

«Биология және экология» кафедрасы, 417 аудиторияда, байланысу телефоны: 8 (7182) 67-36-85 (вн.1-257)

Е-mail: Aliya-Tol@mail.ru.
3. Пәні, мақсат пен міндеттер
Пәннің мазмұны – Дүниедегі экологиялық мәселелерді оқып – білу және тұрақтандыру.
Пәннің мақсаты – әлемдік экология биосфера туралы ғылымды, агробиоценоз және биоценоздардыдың негізі жүйесімен, арнайы оқу білімдерімен студенттерді таныстыру. әлемдік экологиясы бойынша қазіргі кезде жеткен ғылыми жетістіктер туралы студенттерді таныстыру.

Пәннің міндеттері: арнайы пән бойынша дарынды ізденіс әдістерімен студенттерді үйрету, өздік жұмыстарды орындау әдістемесімен таныстыру.


4. Білімге, біліктілікке, дағдыларға және құзырлыққа талаптар

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер міндетті:

түсінік алу: Тірі ағзалардың орта факторларымен қарым қатынасының жалпы заңдылықтары; Тірі ағзалардың кеңістік пен уақыт атымында таралу заңдылықтары.

білу: Ағзалардың тірі жүйе арқылы энергя атысының өзгеруін және қайта тұрақтануын; Тұтас бойынша экологиялық жүйелердің және биосфераның функцианалуы;



істей алу: алған білімін және пайдаланған әдебиеттерін теориялық деңгейін одан әрі тереңдету үшін пайдалана білуі керек. Қоршаған ортаға әсер ететін антропогенді әдістермен байланысты экологиялық үрдістердің жүру барысын анлиздеу.
Пәннің мазмұны- өсімдік клеткалары мен ұлпалары, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы және анатомиясы, генеративтік мүшелері, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізі

Пәннің мақсаты - студенттерді ботаниканың қазіргі ғылыми жетістіктері мен жинақталған білімге жүгіне отыра, өсімдіктердің құрылыстық ерекшеліктерімен, өсу және даму, жүйелік заңдылықтарымен таныстыру.

Пәннің міндеті - өсімдіктің морфологиялық құрылысымен танысу; өсімдіктің анатомиялық құрылымын, жүйелеуді зерттеу тәсілін үйрену; негізгі өсімдіктер тұқымының өнімділігін болжауды үйрету.

5. Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі




Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттардың көлемі

СӨЖ

дәрістер

семинар

Барлығы


СОӨЖ

1

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті

2

1

10

2

2

Әлемдік экология – биосфера туралы ғылым

2

1

10

2

3

Литосфераның экологялық қызметі

2

1

10

2

4

Қазақстанның экологиялық шөлдену мәселелері

4

2

10

2,5

5

Топырақ тіршілік ету ортасының маңызды қасиеттер ретінде

4

2

10

3

6

Гидросфера биосфера құрамында

4

2

10

3

7

Әлемдік мұхиттың ластануы

4

2

10

3

8

Экологиялық аудандар және мұхиттағы ағзалардың жиынтығы

4

2

10

3

9

Атмосфералық ауаның ластануы

4

2

10

2




Барлығы: 135 (3 кредит)

30

15

90

22,5


6. Дәріс сабақтардың мазмұны.


1 тақырып. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті

Айнала қоршаған орта өлі атмосфераның реттелуінсіз өмір сүре алмайды. Себебі ол айнала қоршаған ортаға терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізді. Жер бетінде мекендейтін өмір сүру ортасымен қоса отырып, өзгеше қабатты биосфера құрайды. Вернадский биосфера тіршілігі үрдісін жан-жақты зерттей келе, биохимиялық элементтердің бір тобын тірі ағзаларға, екіншісін биогенді заттарға, үшіншісін биоталар сирек кездеседі деп бірнеше категорияларға бөлген. Биогенді заттарға күкірт, сутегі, оттегі, азот және фтор жатады. Ол тірі биохимик бір жағынан минеролог болып табылады.


Биосферадағы барлық тіршіліктің қозғаушы күші – күн сәулесі. Вернадский биосфераны зат немесе энергия айналуының тұрақты өсіп-дамуының үрдісі адамзат баласының ролін ерекше көңіл аударған. Вернадскийдің дәлелдеуінше, адамзат баласы теңдесі жоқ уақытты биосфера қуатты күш. Академик Вернадскийдің өзінің 1940 жылы жазған еңбегінде: «Болашақта планетаның дамуына тіршілік адамзат баласының ақыл-ойымен парасатына байланысты өсіп-дамуы және тәуелді болуы. Ең бастысы – адамзат баласының саналы ақыл-ойы нәтижесіне байланысты болуының тағдыры шешіледі» - деп айтқан. Шынына келетін болсақ, қазір де биосфераның тағдыр-тұрақтылығы әрбір адамзат баласының қорлында.

Әдебиет: [1-6].

Мультимедиялық сүйемелдеу:

  1. Қоршаған ортамен танысу. Кестелер


2 тақырып. Әлемдік экология – биосфера туралы ғылым

Биосфера – жер шарының осы бір айрықша қабығына қарай ерекшеліктерге тән:


1. Биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп.
2. Оған күн энергиясы тасқыны ықпал етеді.
3. Биосфера сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі күн болғандықтан күллі тірі организмнің жердің екінші қабығы литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабатында таралған. Жер қабатының қай-қайсысы болмасын күн сәулесінің неғұрлым жақсырақ өтіп, соғұрлым тірі организмдердің олардың тереңірек қоныстары деуге болады. Бірақ биосфера жарық беретін жерлермен шектелмейді. Ауырлық күші арқылы энегия ағыны одан да әрі таралады. Жарықтанған қабат теңіз түбіне түйіршікті өлі және тірі организмдердің үздіксіз түсіп жатуы жатады. Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Әлемдік экологиялық дағдарыс

Әдебиет: [1-6].

  1. Биосфера. Кестелер.


3 тақырып. Литосфераның экологялық қызметі

Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы қалыңдығы ондаған см қабатында шоғырланған. Тек бінен-сараңдары ғана неше иетрге немесе ондаған жер қыртысындағы жарықтар құдықтардың, шахталардың бұрғылау скважиналардың бойымен жануарлар мен бактериялар әлдеқайда көбірек 2,5-3 км дейінгі тереңдікте жетуі мүмкін. Көбіне терең жер астында жататын мұнайдың ерекше өзіне тән бактериялар флорасы бар. Жарық болмаған жасыл өсімдіктер литосфераның терең қабаттарына ене алмайды. Тереңде жануарлар азық таба алмайды. Сондай ақ литосфераны құраушы тау жыныстарының механикалық қасиеттеріде олар да тіршіліктің таралуына бөгет болады. Ақыр аяғында жер қойнауына тереңдеген сайын температура жоғарылап 3 км тереңдікте ол 1000С – дейін жетеді. Демек жер бетінен 3 км астам тереңдікте тірі организм күнелте алмайды.


Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфера төменгі бірнеше см-ден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабаттарға таралады. Ал өсімдіктер өзінің жасыл бөлік бастарын кейде ондаған метрге көтереді насекомдар, жарғанаттар құстар атмосфераға 100деген метр тереңдеп енеді. Жоғары өрлеген ауа ағындары жануарлар мен өсімдіктердің дамылдаушы бірнеше шақырым биіктікке көтерілуі мүмкін. Бірақ бүкіл тіршілік ауада өтетін, яғни негізгі тіршілік ету ортасы ретінде пайдалы өзгерістер әзірге белгісіз.

Әдебиет: [1-6].

Мультимедиялық сүйемелдеу:

  1. Литосфера. Кестелер.


4 тақырып. Қазақстанның экологиялық шөлдену мәселелері

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.



Әдебиет: [1-6].
5 тақырып. Топырақ тіршілік ету ортасының маңызды қасиеттер ретінде

Топырақ – құрлық үстінің  жұқа борпылдақ, ауамен  байланысып жататын бөлігі. Бұл  үшфазалы жүйе, оның  қатты бөлігі ауаме, сумен  қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен  толтырылған жолақтардан  тұрады. Бұндағы температура  өзгеріп отырады, жер беті  өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және  минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Микрофауна -  топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін  топырақ – микросу тоған жүйесі.

Мезофауна  - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.

Макрофауна 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер).

Оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде  аздаған  механикалық кедергілер келтіреді.



Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,цокорлар,көртышқандар және басқалар), олар  өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді.

Інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар,саршұнақтар,тушкандар, қояндар және т.б). Олар негізінен жердің  үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта  жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды.



Әдебиет: [1-6].

Мультимедиялық сүйемелдеу:

1. Топырақ. Кестелер.


6 тақырып. Гидросфера биосфера құрамында

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.Гиробионтар – суда  өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.Судың жоғарға  қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады.Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).



Әдебиет: [4,5,6].

Мультимедиялық сүйемелдеу:

1. Гидросфера. Кестелер.


7 тақырып. Әлемдік мұхиттың ластануы

Әлемдік мұхит проблемалары. Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит – суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97% құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халықтың тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені плнета атмосферасына түсетін оттегінің 70% плантондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлесдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік мұхиттың зиянды және үлы заттармен, мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық т.дырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде.



Әдебиет: [1-10].

Мультимедиялық сүйемелдеу:

1. Ботаника. Өсімдіктер. Кестелер.



8 тақырып. Экологиялық аудандар және мұхиттағы ағзалардың жиынтығы

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар. Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Мұхит судың сапасы. Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық ұалдыұтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.



Әдебиет: [1-10].
9 тақырып. Атмосфералық ауаның ластануы

Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.



Мультимедиялық сүйемелдеу:

1. Ауа. Кестелер.



Әдебиет: [1-10].


7. Тәжірибелік сабақтың мазмұны, оның сағаттағы көлемі

1 тақырып. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті

Негізгі терминдер және ұғымдар.


  1. Әлемдік экология

  2. Пәннің мақсаты мен міндеті.

Әдебиет: [1-10].
2 тақырып. Әлемдік экология – биосфера туралы ғылым

  1. Биосфера әлемдік экожүйе ретінде

  2. Биосфераның құрылысы, қасиеттері

Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
3 тақырып. Литосфераның экологялық қызметі

1) Литосфераның ластануының экологиялық жағдайы

2)
Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
4 тақырып. Қазақстанның экологиялық шөлдену мәселелері

1) Өнделетін жерлердің экологиялық жағдайы және қауіпсіздік стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, жер мониторингін енгізу

2) Қазақстанның экологиялық шөлдену жерлердің мониторингі

Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
5 тақырып. Топырақ тіршілік ету ортасының маңызды қасиеттер ретінде

1) Топырақта тіршілік ететін организмдер

2) Топырақ эрозиясы

3) Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері



Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
6 тақырып. Гидросфера биосфера құрамында

1. Гидросфера

2. Судың ластаушы мәселесі

3. Суды ластаушы заттар

4. Гидросфераның ластану көздері жербеті және жер асты сулар.

Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
7 тақырып. Әлемдік мұхиттың ластануы

1) Әлемдік мұхит проблемалары.

2) Әлемдік мұхиттың ластануы

3) Мұнай және мұнай өнімдерімен, тыңайтұыштармен, улы химикаттармен ластануы



Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
8 тақырып. Экологиялық аудандар және мұхиттағы ағзалардың жиынтығы

  1. Кәсіптік және қолданылым қалдықтарымен жұмыс істеу шараларына қоыйлатын экологиялық талаптар

  2. Зиянды қалдықтардың классификациясы

  3. Зиянды қалдықтарды құжаттандыру.

Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
9 тақырып. Атмосфералық ауаның ластануы

1. Атмосфера ауасы

2. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы 
3. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттар

4. Ауаны таза ұстаудың шаралары

5. Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы

6. Тасымалдаушы көліктердің ауа атмосферасына әсері



Құрал жабдық, материалдар: сурет, плакаттар.

Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиет: [1-10].
8. Өзіндік жұмысының тапсырмалары
2 тақырып. Әлемдік экология – биосфера туралы ғылым

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

      1. Сұрақтарды дайындау:

1) Табиғи экологиялық апаттар

2) Техногенді экологиялық апаттар



Творчестволық тапсырма

2. Презинтация жасау

3. Реферат жазу
3 тақырып. Литосфераның экологялық қызметі

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары


  1. Сұрақтарды дайындау:

1) Жер қойынауының мониторингі

2) Литосфераның мониторингі



Творчестволық тапсырма

2. Презинтация жасау


4 тақырып. Қазақстанның экологиялық шөлдену мәселелері

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

1.Cұрақтарды дайындау:

1) Гидрохимикалық көрсеткіш бойынша құрғақ жерлердің үстіндегі су сапасының сипаттамасы.

2) Суармалы жерлерді қалпына келтіру



Творчестволық тапсырма

2. Презинтация жасау


5 тақырып. Топырақ тіршілік ету ортасының маңызды қасиеттер ретінде

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

1. Сұрақтарды дайындау:

1. Зиянды қалдықтарды тасымалдауға қойылатын экологиялық талаптар.

2. Қалдықтардың сақталу орындары мен жою орындары.

3. Қалықтармен жұмысты қадағалау шаралары.

4. Тұрғылықты орындардың тұрмыстық қалдықтарды жою іс-шаралары қандай?



Творчестволық тапсырма

2. Реферат жазу

3. Презинтация жасау
6 тақырып. Гидросфера биосфера құрамында

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

1) Су ресурстары жағдайының мониторингі

2) Жер үсті және жер асты суларының ластануы

Творчестволық тапсырма

2. Кетсе құру

3. Презинтация жасау
7 тақырып. Әлемдік мұхиттың ластануы.

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

1.Сұрақтарды дайындау:

1) Теңіз және мұхит гидрологиясы

2) Әлемдік мұхиттың мониторингінің арнайы түрлері.



Творчестволық тапсырма

2. Реферат жазу

3. Презинтация жасау
8 тақырып. Экологиялық аудандар және мұхиттағы ағзалардың жиынтығы

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары

1.Сұрақтарды дайындау:


1) Радиациялық мониторинг

2) Фондық мониторинг

Творчестволық тапсырма

2. Слайд жасау.

3. Реферат жазу
9 тақырып. Атмосфералық ауаның ластануы.

Оқу бағдарламасының аса қиын сұрақтары


  1. Сұрақтарды дайындау
1) Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі

2) Атмосфералық жауын-шашын мониторингі

3) Метеорологиялық мониторинг



Творчестволық тапсырма

2. Реферат жазу

3. Презинтация жасау
10. СОӨЖ консультациялар графигі (СОӨЖ СӨЖ- тың 25% құрайды)




Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес

13.00-15.00
















2

Семинар сұрақтар бойынша кеңес




12.00-14.00













3

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес







10.00-12.00

12.00-14.00







4

Курстық жұмыстары тақырыптары бойынша кеңес



















5

Тесттік тапсырмалар бойынша кеңес













12.00-14.00






11. Студенттың білімін тексеру кестесі

Дәрістер мен практикалық сабақтарда қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық) 0-100 баллға бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру графигі




Жұмыс түрлері

Тақырыбы, мақсаты тапсырма мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу уақыты

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тақырып: 1, 2




3 апта



4-ші апта

2

Реферат

Тақырып: 3, 4, 5




2 апта




6-ші апта

3

Рубежный контроль

Модуль 1,2







коллоквиум

8- ші апта

4

Реферат

Тақырып: 6, 7




2 апта




9- ші апта

5

Реферат

Тақырып: 8, 9аюю




2 апта




10-11- ші апта

6

Рубежный контроль

Модуль 3,4







коллоквиум

15- ші апта

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ сәйкес келетін тақырып бойынша жазылу керек және міндетті түрде оқытушымен мақұлдану керек.

2. Сыртқы бөлімде оқитын ҚОТ қолдануымен студенттерге 6,7,8 пунктерінің орнына 6*,7*, 8* қолдану керек.



12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері

Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.



  1. Тұрмыстық құрал-жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экологиялық талаптар.

  2. Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері.

  3. Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар.

Егер де қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеген болса, онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағасымен сәйкескеледі.

Емтихан қорытындысы сол күні белгілі болады немесе келесі күні, себебі, егер емтиханның екінші кезеңі сол күні түстен кейін жазбаша түрде өтілген болса.

ЖБ, ҚБ және ЕҚ 0 ден 100 пайыздық мөлшермен есептелінеді.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағамен және межелік бақылау бағасымен есептеледі.

Оқу жетістіктері, яғни студенттік білімдері біліммен, дағды-машықтармен, пән бойынша келесі әріптік жүйе және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквмваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі баға шкаласымен

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.



Студенттердің өздік жұмыстарын (СӨЖМ) мұғаліммен орындау кезіндегі төрт негізгі қызметтері қарастырылып отырады. Бұлар:

Бірінші - оқу пәні бойынша бастапқы сессия кезеңіндегі мұғалімдерден алынған мәліметтер бойынша студенттердің белсенді қабылдауының негізін іске асыру

Екінші - курстық және бақылау жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауы, әдеби кітап тізімдерін, оқу-әдістемелік нұсқауларын оқып тануының барлығы мұғалімнің айтуы бойынша студенттің өздік жұмысымен істелінетін қызметі болып табылады. Осы деңгейде студенттің өзінің білімін, жұмыс істеу әдістерін байқап, іске асыруы қажет. Өз-өзін ұйымдастыра білуі керек.

Үшінші – өздерінің қиын жағдайларындағы оқу материалдарын талдау және жүйелеу. Өздерінің түсінбеген тақырыптарын мұғаліммен келіп сұраулары қажет. Өздерінің берілген тапсырмаларын реттеп оқуы керек.

Төртінші – студент мұғалімге келіп кеңес, түсіну үшін қосалқы материалдар алуы керек.
Сіздерге сәттілік тілейміз!!!
14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Будынко М.И. Глобальная экология. – М.: Мысль, 2007.

  2. Говиков В.И., Передельский Л.В. Экология для студентов вузов. – Ростов –на-Дону: Феникс, 2004.

  3. Петров К.М. Общая экология. Учебное пособие. – С-Пб.: Химия, 2008.

Қосымша

  1. Алксеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г. и др. Практикум по экологии. Учебное пособие. – М.: АО МДС, 2007.

  2. Бейсенова А.С., Шильдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология. – Алматы: Галым, 2005.

  3. Закон об особо охраняемых территориях РК от 15.07.97.

  4. Закон РК об охране окружающей среде. «Каз. правда» от 05.08.97

  5. Киселев В.Н. Основы экологии. – Минск, 2010.

  6. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учебное пособие. – М. 2008.

  7. Постановление Правительства РК «Об утверждении положения о государственном мониторинге недр РК» от 27.01.97.


15. Мультимедия тізімі

Программдық жүру



  1. Microsoft Power Point.

  2. Adobe Reader.

Мультимедиялық жүру



3. CD диск «Природные ресурсы Средней Азии».



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет