Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы



жүктеу 345.32 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі345.32 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

БАҒДАРЛАМА (Syllabus)
Практикалық журналистика пәні бойынша
5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар





Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Елікбаев С.Т.

Филол.ғыл. кандидаты, доцент
Журналистика кафедрасы
Әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша

5В050400 Журналистика мамандығының студенттеріне арналған


Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.


1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Әдебиеттануға кіріспе

Таңдау пәні компоненті
Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 1

Курс: 3

Семестр: 5



Барлық аудиториялық сағат саны -15

Дәріс -7,5

Тәжірибешілік/семинар сабақ -7,5

СӨЖ- 30


ӨСӨЖ- 7,5

Барлық сағат саны - 45



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер «Қазақ журналистикасы»,

«Журналистикаға кіріспе»



Постреквезиттер «Тележурналистика»,

«Радиожурналистика»



2. Пәннің мақсаты мен міндеттері .

ОӘК жоғарғы оқу орындарында оқытылатын Әдебиеттануға кіріспе курсының типтік бағдарламасына негізделіп жасалды. Әдебиеттану жөніндегі ғылыми–қолданбалы ақпарат осы заманғы әдебиеттану ғылымының теориясы негізінде терең әрі ауқымды берілді. Бұл ОӘК жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқу үшін студенттерге қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен, мектеп бағдарламасында берілетін әдеби-теориялық ұғымдармен таныс болу қажет. Сонымен қатар конспект жасау, реферат жаза білу, аннотациялай алу және әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысының болуы, тестілеу әдістерін білуі шарт.

Бұл пән бойынша алынған білім қазақ халық ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет.

Филологиялық ғылым ретінде сөз өнерінің өзіндік мазмұны мен оны көрсететін пішіндердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру үшін көркем әдебиетті зерттеу, сондай-ақ өнертанушы ғылымдардың бірі ретінде көркем шығармашылық түрлеріне, қыр-сырына үңілу, көркем туындыны эстетикалық құбылыс ретінде қарауға үйрету. Болып табылады. Пәннің міндеттері:

- көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игерту, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру;

- әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну;

- әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен таныстырып, игерту;

- әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу;

- көркемдік, оның өзіндік болмысын тани алып, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру;

- әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.



3. Пәнді оқу қорытындысында студент мыналарды білуі керек: пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиетттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалыпадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқу үшін студенттерге қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен, мектеп бағдарламасында берілетін әдеби-теориялық ұғымдармен таныс болу қажет. Сонымен қатар конспект жасау, реферат жаза білу, аннотациялай алу және әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысының болуы, тестілеу әдістерін білуі шарт.
Пәнді оқу қорытындысында студент мынаны істей алуы керек.

- Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет пен фольклорды зерттеуге қажетті білімді игеруі;

- әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысады.

бойында көркемдікті танитын талғамын қалыптастыруы.

- әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдау;

- қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болуы;

- теориялық білімді практикада қолдана білуі;

- зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасуы;



- кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгеруі қажет.

4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

СӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәріс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОСӨЖ

1

«Әдебиеттануға кіріспе» курсының пәні

0,5

0,5







2




2

Көркем бейне және оның жасалу жолдары


0,5

0,5







2

1

3

Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті


0,5

0,5







2

1

4

Көркем шығарманың тілі


0,5

0,5







2

1

5

Өлең құрылысы


0,5

0,5







2

1

6

Әдебиеттің тектері мен түрлері

0,5

0,5







2

1

7

Көркемдік әдіс.


0,5

0,5







2

1

8

Эстетикалық ой-толғамдардың даму тарихынан


0,5

0,5







2




9

Көркем шығарманың құрылысы


0,5

0,5







2

1

10

Көркем шығармадағы тақырып пен идея


0,5

0,5







2




11

Көркемдеу құралдары


0,5

0,5







2

1

12

Өнер мен әдебиет жайындағы қаулы-қарарлар

0,5

0,5







2




13

Әдебиеттің халықтығы


0,5

0,5







2




14

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


0,5

0,5







2




15

Талдау жұмыстары


0,5

0,5







2

0,5




Барлығы : 45 (1 кредит)

7,5

7,5







30

7,5

5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 2010

  2. Мақпыров С. Әдебиеттану. -Алматы, 2012.

  3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 2010.

  4. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. –Алматы, 2009.

5. Әдебиеттану терминдер сөздігі. –Алматы, 2010

Қосымша әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы.- Алматы, 1991ж.

  2. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1979.

  3. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1997.

  4. Виноградов В.В. О языке художественной прозы.–М,1980.

  5. Горький М. Әдебиет туралы. -А,1954.

  6. Дүйсенов М. Әдебиеттегі форма мен мазмұн бірлігі.

  7. Дәстүр және жаңашылдық. – А,1980-1981.

  8. Негімов М. Өлең өрімі. -А,1970.

  9. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы.

-А, 1969.

14.Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – А,1997

15. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелігі. -А, 1991.

16.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы,1973.

17.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –Алматы, 1995.

18.Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы,1955.

19.Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. - Алматы,1994.

20.Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері.- Алматы,1994.

21.Мақпыров С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. - Алматы,1994.

22.Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. – Аламты, 1991.

23.Литературный энциклопедический словарь. – Москва, 1987.
6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс № 1. «Әдебиеттануға кіріспе» курсының пәні

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.

Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы. Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымында көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі. Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды. Әдебиет сыны - көркем туындыны және онда бейнеленген өмірлік шындықты талдап, бағалауға негізделген әдебиеттану саласы. Оның басты міндеті - өз кезіндегі әртүрлі әдеби құбылыстарға жан-жақты талдау жасап, олардың идеялық-көркемдік маңызына дұрыс та, тиянақты баға беру.Әдебиеттанудың қосалқы және көмекші салаларына историография, текстология, библиография, архивтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі жатады.Әдебиеттану өз-өзімен тұйықталып қалған ғылым емес. Философия, эстетика, герменевтика әдебиеттануға әдіснамалық негіз болса, фольклористика, өнертану зерттеу міндеттері мен нысаны тұрғысынан жақын, тарих, психология, әлеуметтану жалпы гуманитарлық бағыты жағынан ұқсас болып келеді.

Дәріс № 2. Көркем бейне және оның жасалу жолдары

Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкер мен қаһарманды «образ» дейміз. Көркем шығармадағы негізгі айшық – адам образы. Кейіпкер мінезінсіз шығарманың арман-мұратын танып, түсіну мүмкін емес. Әдебиеттің объектісі - өмір, ал предметі – адам. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтап, әдеби тұлғаны даралауға дейінгі күрделі жолдан өткенде әдеби бейне туады. Жинақтау дегеніміз - әдеби тип жасау әрекеті. Диалог - әдеби шығармадағы екі кейіпкердің не бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығармалар түгелдей диалогқа, монологқа құрылады. Диалог арқылы кейіпкердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой толғанысынан, сөйлеу мәнерінен жан дүниесі елес береді. Көркем пейзаж жасау суреткер дүниетанымының кеңдігіне, рухани және материалдық мәдениетті жетік білуіне, бір-біріне жақындамайтын, тегі басқа, тірлігі оқшау құбылыстарды орайластырып, жымдастыруға, бір-бірінен алшақ ұғымдарды шебер қиюластыруға саяды. Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын, сөздің музыкалық, поэзиялық, көркемдік қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан, шығарманың ішкі мазмұнын, эстетикалық сапасын байытады.

Әдебиет – (араб. адаб – сөз, үлгілі сөз) - өнердің негізгі түрлерінің бірі. Сөз адамның ойы мен сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. В.Белинский: «поэзияны біреу су десе, біреулер от дейді». Әдебиет от та емес, су да емес, сөз өнері.

Көркем өнердің түрлері көп: бейнелеу өнері; мүсін өнері; сәулет өнері; саз өнері; сөз өнері. Жоғарыда айтылғандай, өнердің қай түріне де қарым – қатынастық, жаңадан жасаушылық және танымдық қызмет тән. Дегенмен де өнер түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне орай бұл сипат олардың әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. «Әдеби шығармашылық туындыларының өзіндік ерекшелігі сөздің ерекшеліктеріне байланысты және бұл ерекшелік әдеби туындыны сурет және мүсін, музыка туындыларымен салыстыра қарағанда танылады. Әрине, музыка өнері сияқты уақыттық өнерге жататын сөз өнері көрнекілік пен анықтық жағынан кеңістік өнері туындыларымен бәсекеге түсе алмайды. Алайда оның басқа өнер түрлерінен басым жақтары да бар. Суретші мен мүсінші өздерінің құралдары арқылы көзге көрінетін нәрсені ғана бейнелей алады. Адамның ішкі күйі, мінезі, олардың қарым – қатынасы анық көріне бермейді. Бұл өнер иелері белгілі бір сәтті ғана қамтып, қалғаны түрлі кейіптер арқылы ғана ашылады. Қаламгер сөз көмегімен оқырманның қиялында адамды қоршаған сыртқы дүние туралы да немесе олардың ішкі әлемі, ойы, сезімі, толғаныстары, құштарлықтары туралы да жанды бейнелер туғыза алады.
Дәріс № 3. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті

Мазмұн мен пішін – бірінен-бірі ажыратып қарауға келмейтін ұғымдар. Яғни, мазмұн «шығармада не айтылды?», пішін «қалай айтылды?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Өмірді сан қырымен, әрі мейілінше нақты бейнелеуге ұмтылатын өнердегі мазмұн мен пішін қатынасы айрықша маңызды. Өнер туындыларының идеялық-тақырыптық мәні бәрінен бұрын кейіпкерлердің арақатынасы арқылы танылады. Бұл қатынастар оқиғалар, яғни сюжет арқылы көрінеді. Оқиғаның даму сипатына қарай кейіпкерлер дараланады. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады. 1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында; 2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында. Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбір көркем туындыда, әдетте, бір ғана тақырып көтерілмей, бірнеше тақырыптың жүйесі (тематика) көрінеді.Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.


Дәріс № 4. Көркем шығарманың тілі

Жазушылықтың негізгі элементтерінің бірі – тіл, ол жазушының құралы. Ақын, жазушы тілді, ана тілін мейілінше жақсы білуге міндетті. Көркем әдебиет тілі туралы сөз болғанда, әдетте оны құрайтын екі компонентті ескермеске болмайды. Олардың бірі – авторлық баяндаудағы тіл де, екіншісі кейіпкер тілі. Сөздің «киелі» күші поэзияда көбірек кездеседі. Оның сөзі салмақты, әрі әсерлі болмаса, поэзия бола ма? Ақын – сезімтал, көреген сөз зергері. Ақынның «қиыннан қиыстырған» өлең жолдарында сол зергерлік өнері, құдіретті күші байқалып тұрады. Көркем әдебиет стиліне тән сөз қорлары поэзияға да ортақ. Солай бола тұрса да, поэзия тілінде жиі қолданылатын «сырты сұлу, іші алтын» сөздер болады. Көбіне нақтылықтан тұратын проза тілі сұлу сөзді көтермейді. Поэзия, әсіресе, сынға жарасатын сұлу эпитет прозаның мазмұнын сұйылтады. Шығарма әдеби – халықтық тілден тұрады.

.

Дәріс № 5. Өлең құрылысы

Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшелігіне байланысты әр түрлі жүйеде жазылады. Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әуенмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Осыған сәйкес метрикалық жүйенің бірнеше түрі бар: ямб, хорей, анапест, дактиль, антипаст, бакхий, гекзаметр т.б.(-) созымды буын, (U) – созымсыз буын. Ямб U- ; Хорей U- т.б. Силлабикалық өлең жүйесі . (гр. Sillabe - буын) ең шешуші нәрсе – буын, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ бәрі де буынға негізделеді.Чех, поляк, серб, француз, қазақ т.б. халықтарға тән. Тоникалық өлең жүйесі (гр.tonos - екпін). Бұл өлеңнің өлшемі екпін: буын, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ бәрі де екпінге негізделеді. Екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпінсіз буындар есептелмейді. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. Бұл өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін. (-) екпінді буын. (U) екпінсіз буын. Өлеңдегі ұйқас пен ырғақ. Ұйқас, яки рифма (гр. Rhythmus—өлшемдес, мөлшерлес) - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас- өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе.


Дәріс № 6. Әдебиеттің тектері мен түрлері

Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанр деп аталды. Әр жанр өзіндік пішіндер арқылы ерекшеленеді. Француз тілінен аударғанда «түр», «тек» деген мағына береді. Барлық әдеби шығармалар 3 текке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әрбір тек іштей түрлерге бөлінеді. Эпосқа миф, эпопея, роман, повесть, мысал, ертегі, әңгіме, очерк; лирикаға - ән, поэма, романс, ода, элегия; драмаға – трагедия, драма, комедия, мелодрама, водевиль, киносценарий жатады. «Жанр» термині кейде әдеби түр, кейде әдеби тек ұғымдарының баламасы ретінде қолданылып келеді.

Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиеттану қырынан алғанда, стиль – жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады.

Дәріс № 7. Көркемдік әдіс.

Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиеттану қырынан алғанда, стиль – жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады.


Дәріс № 8. Эстетикалық ой-толғамдардың даму тарихынан

Эстетикалық ой-толғамдардың даму тарихынан

Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршылардың (б.ғ.б ҮІғ.) дүниедегі зат атаулының мәнін саннан іздеген аңқау аңғарымдарынан басталады. Гераклит Эфеский (б.ғ.б. 530-470ж.ж.). Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. Демокрит (б.э.д. 460-370ж.ж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп біледі. Демокрит тұңғыш рет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар аударған. Адамдар өнер, білімді табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Әйгілі Сократ (б.э.д. 469-399ж.ж) ойларының өзгешелігі, оның идеалистік сипатында. Сократ әр нәрсенің ажары оның іске жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократтың шәкірті Платон (б.э.б.427-347ж.ж.). Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас «идеялар» жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Аристотельдің «Поэтикасы» - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің ең құнды жері – тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында. Әл – Фараби (870-950) еңбектері әдебиет пен өнерге байланысты ойлардың әлемдік қазынасына айтулы үлес болып қосылған. «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді, күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау» т.б. еңбектерін атауға болады. Ресейде данышпан сыншы, даңқты философ В.Г.Белинский (1811-1848) крепостниктік правоның айыптаушысы. «Әдебиеттік армандардан» басталып, «А.С.Пушкин шығармалары», «Гогольге хат» еңбектерінде байыпталған эстетикалық көзқарастарының орыс әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский ілімін жалғастырып, өзінің тамаша эстетикалық принципін ұсынды. «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты диссертациясы көркем әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат, міндеттерін белгілеп берді. Ы.Алтынсарин қазақ әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ұлы классик А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін трактат жазып қалдырмаса да, тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері туралы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларында желі тартып жатыр. Ол ақынның әлеуметтік, қайраткерлік міндетін белгіледі.
Дәріс № 9. Көркем шығарманың құрылысы

Әдеби үрдіс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби үрдіс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әлемдік деңгейдегі үрдіс қоғамдық-тарихи үрдістің бір бөлшегі болғандықтан, оған тікелей тәуелді екені анық. Қазіргі әдебиеттануға жүгінсек, әдеби үрдіс – мәдени-тарихи өмірдің бір тармағы. Демек, әдеби үрдісті жалпы мәдениеттен тыс қарауға болмайды. Әдебиеттің дамуында әдеби дәстүрлер маңызды роль атқарады. Көркемдік идея, түр, тақырыпты жалғастыру дәстүрі қаламгерлердің көзқарастарынан туындап, қаншалықты маңызды болғанымен, әдебиет дамуында тек қосалқы мән иеленеді. Өмірге қарым-қатынастың әр кезде кезедесетін тарихи идеялық-эмоционалдық түрлері (трагедиялық пен комедиялық, сатиралық пен патетикалық), жалпыадамзаттық, адамгершілік және философиялық проблемалар (ізгілік, ақиқат, сұлулық), өнердің «мәңгілік тақырыптары», сондай-ақ ғасырлар бойына екшеліп, жинақталған көркемдік түрлер (бірінші кезекте жанрлық түрлер) әдеби үрдістің тіршілік етуіне қажетті дәстүрді құрайды.


Дәріс № 10. Көркем шығармадағы тақырып пен идея

Сюжет (французша sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, кейіпкерлер арасындағы конфликт.

Тартыс (латынша – conflictus – қақтығыс, айқас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі. Өнердегі өмірлік тартыс – көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, көген. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс оның сюжеті мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күш. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, сондай-ақ жекелеген сәттері: бастамасы (экспозиция), шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі, аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Кейде сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), соңында қосымша түрінде үстемелеу (эпилог) беріледі. Олардың барлық шығармада болуы шарт емес. Композиция – (латынша – composito-құрастыру) – көркем шығарманың құрылысы, оның үлкенді-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық, бірлігі. Композиция мазмұнмен тікелей байланысты.

Дәріс № 11. Көркемдеу құралдары

Әдебиет – (араб. адаб – сөз, үлгілі сөз) - өнердің негізгі түрлерінің бірі. Сөз адамның ойы мен сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. В.Белинский: «поэзияны біреу су десе, біреулер от дейді». Әдебиет от та емес, су да емес, сөз өнері.

Көркем өнердің түрлері көп: бейнелеу өнері; мүсін өнері; сәулет өнері; саз өнері; сөз өнері. Жоғарыда айтылғандай, өнердің қай түріне де қарым – қатынастық, жаңадан жасаушылық және танымдық қызмет тән. Дегенмен де өнер түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне орай бұл сипат олардың әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. «Әдеби шығармашылық туындыларының өзіндік ерекшелігі сөздің ерекшеліктеріне байланысты және бұл ерекшелік әдеби туындыны сурет және мүсін, музыка туындыларымен салыстыра қарағанда танылады. Әрине, музыка өнері сияқты уақыттық өнерге жататын сөз өнері көрнекілік пен анықтық жағынан кеңістік өнері туындыларымен бәсекеге түсе алмайды. Алайда оның басқа өнер түрлерінен басым жақтары да бар. Суретші мен мүсінші өздерінің құралдары арқылы көзге көрінетін нәрсені ғана бейнелей алады. Адамның ішкі күйі, мінезі, олардың қарым – қатынасы анық көріне бермейді. Бұл өнер иелері белгілі бір сәтті ғана қамтып, қалғаны түрлі кейіптер арқылы ғана ашылады. Қаламгер сөз көмегімен оқырманның қиялында адамды қоршаған сыртқы дүние туралы да немесе олардың ішкі әлемі, ойы, сезімі, толғаныстары, құштарлықтары туралы да жанды бейнелер туғыза алады.


Дәріс № 12. Өнер мен әдебиет жайындағы қаулы-қарарлар

Өнер мен әдебиет жайындағы қаулы-қарарлар Кеңестік дәуірде өнер мен әдебиеттің дамуына түбегейлі өзгерістер әкелген қаулы–қарарлар мол болды. Солардың бірі - 1925ж. 18 маусымда «Көркем әдебиет саласындағы саясат туралы» қарар. Бұл қарар өнердегі буржуазиялық жат ағымдарға қарсы күресті күшейту, жас пролетар қаламгерлерді әдебиет жасау ісіне тартуда зор маңызға ие болды. 1932ж. 23-сәуірде БК(б)П ОК-нің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы кеңес жазушыларын ұйымдық жағынан топтастыру мәселесін жолға қойды. КСРО Жазушылар Одағы құрылды. ВАПП, РАПП сияқты шығармашылық ұйымдардың жұмысы сынға алынды. БК(б)П 1946ж. 14 тамызда «Ленинград» және «Звезда» журналдары туралы қаулы қабылдады. Қаулыда кеңес әдебиетінің күші мен қуатының мәні онда мемлекеттің, халықтың мүддесінен басқа мақсаттың болмайтындығында деп айрықша атап көрсетілді. Сондай–ақ М.Зощенко, А.Ахматова сияқты ақын-жазушылар шығармашылығы біржақты қате бағаланды. Аталмыш қаулы КОКП ОК саяси бюросының 1988 жылғы 20 қазандағы шешімімен күшін жойды. 1972ж. КОКП ОК-нің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулы әдеби сын мен әдебиетттану ғылымының өркендеуіне ықпал жасады. 70-ж.ж. кейін әдебиеттану, фольклортану, сын салаларындағы тың ғылыми ізденістерге жол ашты. Қазақстан компартиясы ОК-нің 1957ж. «Қазақ халқының әдеби поэзиялық және музыкалық мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды.Қаулы әдеби, мәдени мұраларды бағалауда орын алып келген кемшіліктерді әділ атап, оларды жоюға, әдебиеттану, өнертану ғылымдарының өркендеп дамуына жол ашты. 1989ж. желтоқсан айында 1930-40ж.ж. мен 1950ж.ж. қабылданған қаулыларды зерттеумен айналысқан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Комиссиясы өз қорытындысын шығарды. Онда Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылықтарына баға берген 1930-40ж.ж. және 1950ж.ж. қаулылардың кемшіліктері аталып, бірсыпыра әдебиетші ғалымдарға (Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б.) тағылған айыптаулардың негізсіз екені айтылды.



Дәріс № 13. Әдебиеттің халықтығы

Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін. Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады. Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.


Дәріс № 14. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.

Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы. Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымында көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі. Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды. Әдебиет сыны - көркем туындыны және онда бейнеленген өмірлік шындықты талдап, бағалауға негізделген әдебиеттану саласы. Оның басты міндеті - өз кезіндегі әртүрлі әдеби құбылыстарға жан-жақты талдау жасап, олардың идеялық-көркемдік маңызына дұрыс та, тиянақты баға беру.Әдебиеттанудың қосалқы және көмекші салаларына историография, текстология, библиография, архивтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі жатады.Әдебиеттану өз-өзімен тұйықталып қалған ғылым емес. Философия, эстетика, герменевтика әдебиеттануға әдіснамалық негіз болса, фольклористика, өнертану зерттеу міндеттері мен нысаны тұрғысынан жақын, тарих, психология, әлеуметтану жалпы гуманитарлық бағыты жағынан ұқсас болып келеді.
Дәріс № 15. Талдау жұмыстары

Практикалық сабақ тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар әдебиеттану ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Сабақ тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіру керек.



7. Практикалық сабақтардың мазмұны


1-тақырып. «Әдебиеттануға кіріспе» пәні.

1.Көркем шығарма туралы түсінік.

2.Көркем шығарманың ерекшеліктері.

3.Талдау жұмыстары.


2- тақырып. Көркем бейне және оның жасалу жолдары

  1. Көркем бейне туралы түсінік. Оған қойылатын талаптар.

  2. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні.

  3. Көркем бейне және авторлық дүниетаным, идеал.

  4. Көркем бейнені әдіс тұрғысынан, тек тұрғысынан, тәсіл тұрғысынан жіктелуі, ерекшеліктері.

  5. Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі.

  6. Тип пен прототиптің арақатынасы.

  7. Көркем бейне сомдаудағы суреттеу тәсілдері (портрет, мінездеу, ішкі монолог, диалог).

  8. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама мінездеу және олардың характерді айқындаудағы мәні).

  9. Кейіпкер тілі.

3-тақырып. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті

  1. Әдебиет - сөз өнері.

  2. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері.

  3. Өнер және оның түрлері.

  4. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

  5. Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі.

Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі

4-тақырып. Көркем шығарманың тілі

  1. Композиция туралы түсінік.

  2. Композицияның шығармадағы идеяларды жүйелеудегі, образдарды тұтастыруда, қиыстыруда атқаратын ролі.

  3. Сюжет туралы ұғым. М.Горький сюжет туралы.

  4. Сюжет және тартыс.

  5. Сюжеттің элементтері.

  6. Сюжеттен тыс пролог, эпилогтардың шығарма идеясына қатысы.

Композиция мен сюжеттің бірлігі мен айырмашылығы

5-тақырып. Өлең құрылысы

  1. Поэзия мен көркем қара сөз.

  2. Өлеңнің өлшем-ырғағы.

  3. Абай өлең туралы.

  4. Өлең жүйелері (метрикалық, силлабикалық, силабо-тоникалық, тоникалық).

  5. Өлеңнің құрылысы.

  6. Силлабикалық өлең жүйесі. Буындық өлшем,

  7. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері.

  8. Ұйқас түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденіс.


6-тақырып.Әдебиеттің тектері мен түрлері

  1. Әдебиеттің текке бөлінуі (эпос, лирика, драма).

  2. Тек, түр, жанр терминдерінің мәні.

  3. Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Эпостағы лиризм, лирикадағы эпикалық сипаттар.

  4. Эпикалық тектің жанрлық түрлері.

  5. Ллирикалық тек (Белинский, Байтұрсынов жіктеуі).

  6. Драмалық тек және драма. Қазақ драматургиясы. Негізгі жанрлры.


7-тақырып. Көркемдік әдіс.

  1. Көркемдік әдіс туралы түсінік.

  2. Көркемдік әдіс негізгі дүниетаным (Аристотель, Белинский пікірлері).

  3. Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).

  4. Әдеби ағым-бағыттарының ерекшелігі (Энгельс, Горький пікірлері).

  5. Қазақ және орыс әдебиеттеріндегі ағымдар мен бағыттар.

  6. Стиль оның әдіспен бірлігі және шеберлік.


8-тақырып. Әдебиет ғылымы туралы ой-толғамдар.

1. Көне грек ойшылдарының эстетикалық ой-толғамдары (Гераклит, Демокрит, Платон, Аристотель).

2.Платонның әдемілік жайлы ілімі.

3.Аристотельдің «Поэзия өнері туралы» атты трактаты және онда көтерілген әдеби-теориялық, жалпы эстетикалық мәселелер.



4. Әл-Фарабидің ғылым, өнер, әдебиет, мәдениет жайындағы еңбектері.

  1. Орыстың революцияшыл-демократтық сыны.

  2. Н.А.Чернышевскийдің әсемдік жайлы, өнердің қоғамдағы орны мен міндеті туралы ой-пікірлері.

  3. Н.А. Добролюбовтың еңбектері.

  4. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихынан.

  5. Әдебиет жайлы тұңғыш пікірлер (Шоқан, Мәшһүр-Жүсіп, А.Байтұрсынов).

  6. Әдебиеттану ғылымының совет дәуіріндегі дамуы. Қазақ әдебиеті орыс әдебиетшілдерінің көзімен.

  7. Қазіргі әдебиеттану ғылымы.


9-тақырып.Көркем шығарманың құрылысы

  1. Әдебиет - сөз өнері.

  2. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері.

  3. Өнер және оның түрлері.

  4. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

  5. Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі.

  6. Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.


10-тақырып.Көркем шығармадағы тақырып пен идея

  1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

  2. Әдебиет теориясында мазмұн мен пішінді бірлікте қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі.

  3. Шығарманың тақырыбы. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Тақырыптың түрлері.

  4. Көркем шығарманың идеясы және автор дүниетанымы. Идеяның танылу жолдары және түрлері.

  5. Тақырып пен идея бірлігі.


11-тақырып.Көркемдеу құралдары

  1. Көркем тіл. Тілдің жалпы халықтығы.

  2. Ауызекі тіл және әдеби тіл.

  3. Поэтикалық тілдің ерекшелігі мен негізгі талаптары.

  4. Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б. жазушы тілі туралы.

  5. Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.

  6. Кейіпкер тілі мен автор тілі. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

  7. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

  8. Троптар.

  9. Фигураның идеялық көркемдік мәні.


12-тақырып.Өнер мен әдебиет жайындағы қаулы-қарарлар

  1. Өнер дамуының қоғам өмірімен байланыстылығы.

  2. Өнер мен қоғам .

  3. Әдеби дамудың ерекшелігі.

  4. Әдеби процестегі жазушы мен сыншының негізгі ролі әдеби даму заңдылығы (идея, тақырып, образ көркемдік тұрғысынан).

  5. Дәстүр және жаңашылдық.


13-тақырып. Әдебиеттің халықтығы

  1. Өнер және қоғамдық шындық.

  2. Өнер туындысын бағалау критерийлері.

  3. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі.

  4. Халықтық ұғымының әр кезеңдегі әдебиеттегі көрініс.

  5. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар.

  6. В.Г. Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, халықтық суреткер туралы айтқандары.

  7. М.О.Әуезов Абайдың халықтығы туралы.


14-тақырып. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары

  1. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы.

  2. Әдебиет тарихының мақсат-міндеті.

  3. Әдебиет сынының объектісі, әдеби-эстетикалық функциясы. Сыншы тұлғасы.

  4. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері.

  5. Әдебиетану ғылымының қосалқы салаларымен байланысы.

  6. Әдебиеттанудың көркем өнер теориясы, библиография, эстетика, философия, тарих, тіл білімі, психология т.б. сияқты ғылымдармен байланысы.


15-тақырып.Талдау жұмыстары

  1. Көркем тіл. Тілдің жалпы халықтығы.

  2. Ауызекі тіл және әдеби тіл.

  3. Поэтикалық тілдің ерекшелігі мен негізгі талаптары.

  4. Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б. жазушы тілі туралы.

  5. Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.

  6. Кейіпкер тілі мен автор тілі. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

  7. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

  8. Троптар.

  9. Фигураның идеялық көркемдік мәні.


8. Өздік жұмыс тапсырмалары.

  1. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы.

  2. Әдебиет тарихының мақсат-міндеті.

  3. Әдебиет сынының объектісі, әдеби- эстетикалық функциясы. Сыншы тұлғасы.

  4. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері.

  5. Әдебиет туралы ғылымының үш саласының өзара байланысы.

  6. Әдебиетану ғылымының қосалқы салаларымен байланысы.

  7. Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография, архифтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі секілді қосалқы тараулары, олардың ғылымдық мәні.

  8. Әдебиеттанудың көркем өнер теориясы, библиография, эстетика, философия, тарих, тіл білімі, психология т.б. сияқты ғылымдармен байланысы.

  9. Көне грек ойшылдарының эстетикалық ой-толғамдары (Гераклит, Демокрит, Платон, Аристотель).

  10. Платонның әдемілік жайлы ілімі.

  11. Аристотельдің «Поэзия өнері туралы» атты трактаты және онда көтерілген әдеби-теориялық, жалпы эстетикалық мәселелер.

  12. Әл-Фарабидің ғылым, өнер, әдебиет, мәдениет жайындағы еңбектері.

  13. Орыстың революцияшыл-демократтық сыны: В.Г.Белинскийдің сын мақалалары.

  14. Н.А.Чернышевскийдің әсемдік жайлы, өнердің қоғамдағы орны мен міндеті туралы ой-пікірлері.

  15. Н.А. Добролюбовтың еңбектері.

  16. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихынан.

  17. Әдебиет жайлы тұңғыш пікірлер (Шоқан, Мәшһүр-Жүсіп, А.Байтұрсынов).

  18. Әдебиеттану ғылымының совет дәуіріндегі дамуы. Қазақ әдебиеті орыс әдебиетшілерінің көзімен.

  19. Қазіргі әдебиеттану ғылымы.

  20. Әдебиет - сөз өнері.

  21. Өмір мен өмір. Өнердің туу себептері.

  22. Өнер және оның түрлері.

  23. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

  24. Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі.

  25. Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.

10. ОСӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер

15.50-16.40
















2.

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер




15.50-16.40







15.50-16.40




3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер










16.55-17.45







4.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







14.45-15.35











Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тақырып, мақсат және тапсырма мазмұны

Әдебиеттер

Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Әдебиеттану ғылымының орны




3 апта



4-апта

2

Реферат

Қазіргі қазақ өлең құрылымы.





2 апта




6-апта

3

Аралық бақылау

1-5-тақырыптар







коллоквиум

8-апта

4

Реферат

М.Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері




2 апта




9-апта апта

5

Реферат

М.Жұмабаев өлеңдерінің тақырыптық-идеялық сипаттары




2 апта




11-апта

6

Талдау жұмыстары

Тақырыпқа сәйкес




8 апта




14-апта

7

Аралық бақылау

8-15-тақырыптар







коллоквиум

15-апта




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет