Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



жүктеу 252.97 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі252.97 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Пән бағдарламасының титулдық парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Электрэнергетика кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
ESP 3205 Электр станциялар мен қосалқы станциялар пәні бойынша

Павлодар, 2013ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

___________ Кислов А.П.

2013 ж. «___»___________

Құрастырушы: ______________аға оқытушы Акаев А.М.

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Электр станциялар мен қосалқы станциялар ESP 3205
5В071800 – Электрэнергетика мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған
Бағдарлама 20__ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
Кафедра отырысында ұсынылған 2013ж. «___»____________, хаттама №___

Кафедра меңгерушісі______________Марковский В.П. 2013 ж. «____»________


Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

20__ж. «____»_____________, хаттама №____


ОӘК төрағасы _______________Талипов О.М. 2013 ж. «____»________

1 Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Электр станциялар мен қосалқы станциялар

Пән ЖОО компоненті



Кредиттер саны және оқып-үйрену мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Барлық аудиторлық сабақтар – 60 сағат

Дәрістер – 37,5 сағат

Практикалық сабақтар – 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 112,5 сағат

Оның ішінде СОӨЖ – 30 сағат

Жалпы еңбек көлемділігі - 180 сағат

Бақылау түрі

Қорытынды бақылау түрі Емтихан – 6 семестр


Пререквезиттер

Пәнді оқып-үйрену кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

-Электртехниканыңтеориялық негіздері;

- Электрэнергетика;

-Электр машиналары.
Постреквизиттер

Бұл пәнді оқып-үйренуде студенттердің алған білімдері дипломдық жобалауда, сондай-ақ мамандық бойынша электр станцияларында жұмыс істеген кезде қолданылатын болады.


2 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыс ақпараты

Акаев Айбек Муратбекович

«Электрэнергетика» кафедрасы, аудитория А-223

телефон: 67-36-26.


3 Құрал, мақсаты мен міндеттері

Пәннің құралы:

Электр станциялар мен қосалқы станцияларда қолданылатын генераторлар, күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар. Электр станциялардың тарату құрылғыларының электр жабдықтары.



Пәнді оқыту мақсаты:

Электр станциялар мен қосалқы станциялардағы негізгі электртехникалық жабдықтар туралы жүйелі білімді қалыптастыру.



Пәнді оқыту міндеттері:

Жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принциптері туралы мықты білім алу. Электр станцияларындағы коммутациялық аппараттарды пайдалану бойынша практикалық жұмысқа дайындау.


4 Білімге, икемді болуға, дағды-машықтарға және компетенцияларға талап.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттердің түсініктері болу керек:

- электр машиналары мен трансформаторлардың құрылысы, параметрлері, оларды таңдау мен есептеу әдістері туралы;

- электр станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбаларын тұрғызу принциптерін туралы;



білу керек:

- станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары;

- электр станциялардың өзіндік қажеттіліктерінің сұлбалары;

икемді болу керек:

-электрлік өткізгіштер мен аппараттарды таңдау мен тексеруде;



практикалық дағды-машықтарға ие болу керек:

- электрлік өткізгіштер мен аппараттарды таңдау мен тексеруде;

- станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбаларын таңдауда;

компетентті болу керек:

- асқын жүктемелік қабілеттілікке күштік трансформаторларды таңдау сұрақтарында.


5 Пәнді оқып-үйренудің тематикалық жоспары

1 Тақырып. Электр жүйелерінің жұмысы туралы жалпы мәлімет.

Электр энергиясын тұтынушылардың жұмыс режимдері туралы жалпы мәлімет. Электр станциялардың негізгі түрлері, олардың мінездемелік ерекшеліктері. Қосалқы станциялардың негізгі түрлері.

2 Тақырып. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда қолданылатын генераторлар мен қарымталағыштар.

Генератор құрылысы. Генераторлар мен қарымталағыштарды салқындату жүйелері.

3 Тақырып. Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар.

Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың негізгі түрлері. Күштік трансформаторларды салқындату жүйелері.

4 Тақырып. Электрлік өткізгіштер мен оқшауламалардың құрылысы, параметрлері мен сипаттамалары.

Ашық және жабық ТҚ қатты және иілгіш өткізгіштерін тағайындау және құрылысы. Жиынтық токөткізгіштерді тағайындау және құрылыстары.

5 Тақырып. Өткізгіштер мен аппараттардың термиялық және динамикалық тұрақтылығы.

Өткізгіштер мен аппараттарды қыздыру. Аппараттардың термиялық тұрықтылығы.

6 Тақырып. Электр сатнциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының электр жабдықтары.

Кернеуі 1 кВ дейінгі және 1 кВ жоғары коммутациялық аппараттардың электр жабдықтарын тағайындау. Өлшеуіш трансформаторларды тағайындау және негізгі параметрлері.

7 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары.

ТҚ электрлік сұлбаларына қойылатын талаптар. Қосалқы станцияның электрлік сұлбалары.

8 Тақырып. Станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының құрылысы.

Жабық таратушы құрылғылар. Ашық таратушы құрылғылар.

9 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік қажеттілігінің жүйелері.

Электр станциялар мен қосалқы станциялардың ӨҚ тұрғызу принциптері.

10 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардағы коммутациялық аппараттарды басқару.



Ажыратқыштарды басқару құралы мен сұлбалары. Тұрақты токты орнату.

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды тарату

№ р/с

Тақырып атаулары

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

практи-калық (семинарлық)

Зертханалық, студия-лық, жеке

Барлығы


Оның ішінде СОӨЖ



1 Тақырып. Электрэнергетикалық жүйелердің жұмысы туралы жалпы мәлімет

2







4






2 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станцияларда қолданылатын генераторлар мен қарымталағыштар

2




-

8






3 Тақырып. Силовые трансформаторы и автотрансформаторы

3

2

-

12






4 Тақырып. Электрлік өткізгіштер мен оқшауламалардың құрылысы, параметрлері мен спаттамалары

4




3

4

8



5 Тақырып. Өткізгіштер мен аппараттардың термиялық және динамикалық тұрақтылығы

3

6




20






6 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының электр жабдықтары

10

4

12

32,5

6



7 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары

6

2




16

8



8 Тақырып. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының құрылысы

3







6






9 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік қажеттіліктерінің жүйелері

2

1




4






10 Тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардағы коммутациялық аппараттарды басқару

2,5







6

8




Барлығы: 180 (4 кредит)

37,5

15

15

112,5

30


6 Дәрістік сабақтардың мазмұны


1 тақырып. Электрлік жүйелердің жұмысы туралы жалпы мәліметтер.

Жоспар:

1.Электр энергиясын тұтынушылардың жұмыс режимдері.

2.Электрэнергетикалық жүйелердің жұмыс режимдері.

3.Қосалқы станциялардың негізгі түрлері.



2 тақырып. Электр сатнциялар мен қосалқы станцияларда қолданылатын генераторлар мен қарымталағыштар.

Жоспар:

1. Генераторлардың құрылыстары.

2. Генераторлар мен қарымталағыштарды салқындату жүйелері.

3. Генераторларды параллелді жұмысқа қосу.



3 тақырып. Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар.

Жоспар:

1. Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың негізгі түрлері.

2. Трансформаторларды салқындату жүйелері.

3. Автотрансформаторлардың жұмыс режимдері.

4. Жүктемелік қабілеттілік, жүйелік және апаттық асқын жүктемелер.

4 тақырып. Электрлік өткізгіштер мен оқшаулағыштардың құрылысы, параметрлері мен сипаттамалары.

Жоспар:

1. Қатты және иілгіш өткізгіштерді тағайындау және құрылысы.

2. Жиынтық токөткізгіштерді тағайындау және құрылысы.

3. Электр станциялардың ТҚ қолданылатын оқшаулағыштарды тағайындау және құрылысы.

4. Оқшаулағыш өткізгіштерді таңдау және тексеру шарттары.

5 тақырып. Өткізгіштер мен аппараттардың термиялық және динамикалық тұрақтылығы.

Жоспар:

1. Өткізгіштер мен аппараттарды қыздыру.

2. Қысқа тұйықталу токтарының термиялық іс-әрекеті.

3. Аппараттардың электрдинамикалық тұрақтылығы.



6 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының электр жабдықтары.

Жоспар:

1. кернеуі 1 кВт дейінгі коммутациялық аппараттар.

2. Кернеуі 1 кВт жоғары коммутациялық аппараттар.

3. Ажыратқышқа қойылатын талаптар. Жоғарывольтты ажыратқыштарды таңдау және тексеру шарттары.

4. Айырғыштар, бөлгіштер және қысқа тұйықтағыштар. Таңдау және тексеру шарттары.

5. Өлшеуіш трансформаторлар. Таңдау және тексеру шарттары.



7 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары.

Жоспар:

1. ТТаратушы құрылғылардың сұлбаларына қойылатын талаптар.

2. Қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары.

3. ҚТ токтарын шектеу әдістері.



8 тақырып. Станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының құрылысы.

Жоспар:

  1. Жабық таратушы құрылғылар.

  2. Ашық таратушы құрылғылар.

  3. Жоғары кернеудің жиынтық құрылғылары.

9 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік қажетіліктерінің жүйелері.

Жоспар:

1. Өзіндік қажеттілік сұлбалары.



10 тақырып. Электр сатнциялар мен қосалқы станциялардағы коммутациялық аппараттарды басқару.

Жоспар:

1. Ажыратқыштарды басқару құралы мен сұлбасы.

2. Тұрақты токты орнату.

Әдебиет:

1) Рожкова Л.Д., Карнеева Л.К., Чиркова Т.В. Электрообрудование электрических станций и подстанций М.: Изд. Центр «Академия» 2004

2) Леньков Ю.А., Кургузов Н.Н., Кургузова Л.И. Электрические станции и подстанции: Сборник лабораторных работ. – Павлодар: Изд. ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 152 с.

3) Леньков Ю.А., Хожин Г.Х. Выбор коммутационных аппаратов и токоведущих частей распределительных устройств электрических станций и подстанций. – Павлодар. Изд-во ПГУ, 2003. – 211 с.


7 Практикалық (семинарлық, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі


7.1 Практикалық сабақтар

3 Тақырып. Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар. (2 сағат).

Жоспар:

1. Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторларды таңдау.

2. Жүйелік және апаттық асқын жүктемеге трансформаторларды тексеру.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар:

1.. Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар тақырыбын қайталау.

2. Трансформатордың номиналды тогын есепке ала отырып эквивалентті жүктемені анықтау.

3. Эквивалентті максималды жүктемені анықтау.



5 тақырып. Өткізгіштер мен аппараттардың термиялық және динамикалық тұрақтылығы (6 сағат).

Жоспар:

1. Шиналық құрастырманы таңдау және тексеру.

2. Кабельдерді таңдау және тексеру.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар:


  1. Қалыпты режимдегі кабельді қыздыру температурасы рұқсат етілетін мәннен аспау керек. Бұл үшін КЛ қимасын таңдау қима мәндері мен оларға сәйкес жүктеме тогы келтірілген ПӘК кестесі бойынша жүргізіледі.

6 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының электр жабдықтары (4 сағат).

Жоспар:

1. Токтың өлшеуіш трансформаторлары. Электр қондырғылардың түрлі тізбектері үшін таңдау мен тексеру.

2. Кернеудің өлшеуіш трансформаторлары. Электр қондырғылардың түрлі тізбектері үшін таңдау және тексеру.

3. Электр станциялардың түрлі тізбектеріндегі ажыратқыштарды, айырғыштарды, қысқа тұйықталуларды таңдау және тексеру.



Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар:

1. ТТ трансформаторын таңдау кезінде бастапқы ораманың жүктемеленбеуі бұзушылықты арттыратындықтан, номиналды ток қондырғының жұмыс тогына жақын болуы керек.

2. Шиналық ТТ электрдинамикалық тұрақтылығы ТҚ шинасының тұрақтылығымен анықталады, яғни ТТ токтары бұл шарт бойынша тексерілмейді.

7 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары (2 сағат).

Жоспар:

1. ЖЭО құрылымдық сұлбасын құру.

2. КЭЗ құрылымдық сұлбасын құру.

3. Әр-түрлі кернеудегі электрлік түйіспелердің сұлбалары.



Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

1. Сұлбаға қойылатын негізгі талапты көрсету.

2. 6 – 10 кВт, 35 кВт, 110 кВт кернеулерге электрлік сұлбаларға тұрғызу.

9 тақырып. Электр станциялар мен қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктерінің жүйелері (1 сағ).

Жоспар:


  1. ӨҚ жұмыстық қоректенуінің құрылымдық сұлбасын тұрғызу.

  2. ӨҚ қажетті қуатын анықтау.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар:

  1. ӨҚ қуатын анықтау кезінде ӨҚ қондырғысының сұраныс коэффициені мен энергияның шығыны жүктеменің кестелік мәліметтерін қолдану жеткілікті.

8 Өздік жұмыс тапсырмалары.

Реферат тақырыптары:

1 Тақырып. Генераторлар мен қарымталағыштарды қоздыру жүйелері.

2 Тақырып. Кабельдерді тағайындау және құрылысы.

3 Тақырып. Қысқа тұйықталу кезіндегі қыздыру процесінің ерекшеліктері.

4 Тақырып. Өлшеуіш трансформаторлардың векторлық диаграммасы және жұмыс режимдері. ТТ және ТН қателіктері, оларды азайту тәсілдері.

5 Тақырып. Жиынтық таратушы құрылғылар (ЖТҚ).

6 Тақырып. Жабық тарату құрылғылары (ЖТҚ).

9 Курстық жобалар (жұмыс) және т.б. ұсынылатын тақырыптары.


Есептік-графикалық жұмысты орындау қажет. ЕГЖ 1 кестеде көрсетілген бөлімдерден тұрады



Есептік-графикалық жұмыстар бөлімдері

Орындауға қажетті уақыт

1.

Күштік трансформаторларды таңдау және оларды асқын жүктемеге қабілеттілігі бойынша тексеру.

3

2.

ҚТ тогын есептеу.

2

3.

Қосалқы станцияның бір тізбегінен коммутациялық аппараттарды таңдау.

5

4.

Өлшеуіш трансформаторларды таңдау.

5

5.

ӨҚ трансформаторларын таңдау.

2

6.

Қосалқы станцияның басты сұлбасын құру.

3




ЖИЫНЫ:

20

10 СОӨЖ кеңес беру кестесі (СОӨЖ СӨЖ 25% құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру ағымдағы семестрдегі СОӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.



«Электр станциялар мен қосалқы станциялар» пәні бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

Конспект

Тақырып 1 – 3. Генераторлар мен қарымталағыштар. Күштік трансформаторлар, автотрансформаторлар.

[1]

-

-

4-ші апта

2

ЕГЖ 1

ПСТ трансформаторларды тексеру және оларды асқын жүктемеге қабілеттілігіне тексеру. Коммутациялық аппараттарды таңдау.

[1,4]

-

-

7 – ші апта

3

Конспект

Тақырып 4-5. Электрлік өткізгіштер мен оқшаулағыштардың құрылысы, параметрлері, мінездемелері, өткізгіштер мен аппараттардың термиялық, динамикалық тұрақтылығы.

[1,2]

-

-

8 – ші апта

4

Межелік бақылау 1

Тақырып 1 - 5

-

-

Білімді тестілік тексеру

8 – ші апта

5

Конспект

Тақырып 6,7. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың ТҚ электр жабдықтары. Электр сатнциялар мен қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары

[2,3,4]

-

-

11 – ші апта

6

Конспект

Тақырып 8. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың ТҚ құрылыстары

[1,2]

-

-

13 – ші апта

7

ЕГЖ2

Өлшеуіш трансформаторларды таңдау. Қосалқы станцияның басты сұлбасын құрау.

[3,4]

-




14 – ші апта

8

Межелік бақылау 2

Тақырып 6 – 10.

-

-

Білімді тестілік бақылау

15 – ші апта

11 Оқушылардың білімін тексеру кестесі

Дәріске, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу 0 - ден 100 баллға дейін бағаланады.


  1. Оқушылардың білімін бағалау сынамалары


Пәнді оқып-үйрену барлық өткен материалдарды қамтитын, тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу үшін міндетті шарт болып бағдарламадағы барлық қарастырылған тапсырмаларды орындау табылады.

Жіберу рейтингісі ағымдық сабақтардағы орындалған барлық тапсырмалардың орта арифметикалығынан шығарылады (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, практика және басқа тапсырмалары, межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық зертханалық жұмыстарды орындаған және өткізген , ОӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындаған), курстық жұмысты қорғаудан оң баға алған және жіберу рейтингісінен 50 балладан кем емес алған студенттер жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бақылау ҚБ (бұл жағдайда – емтихан және курстық жұмыс) және ЖР алған бағалармен, олардың салмақтық үлесін (ЖР және ҚБ) есепке ала отырып, қорытынды бағамен анықталады.

Салмақтық үлес жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және 2013-2014 оқу жылына 0,6 және 0,4 құрайды.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Пән бойынша қорытынды баға есептелінеді, егер оқушы қорытынды бақылаудан, сондай-ақ жіберу рейтингісінен оң бағалар алған болса.

Белгісіз себептермен қорытынды бақылауға келмейтін болса, баға «қанағаттанарлықсыз» деп танылады. Пән бойынша емтихан мен аралық аттестаттау нәтижелері студентке сол куні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген болса, келесі күні жеткізіледі.

Оқушының қорытынды бағасы межелік бақылау (рейтингте) мен қорытынды емтиханда 0 ден 100% пайызбен бағаланады.

Межелік бақылау бағасы межелік бақылау бағасы мен ағымдық бағалардан құралады.

Оқу жетістіктері бағаның сандық эквиваленті пен дәстүрлі шкаласында көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың Сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

13 Оқытушының талаптары, саясаты мен процедурасы

Оқушылардың барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады.

Сабақты босатқан жағдайда деканаттың бекіткен тәртібімен қайта оқытылады. Ең көп дегенде екі реет сабақты босатуға жол беріледі. Екі рет сабаққа кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босатқан болса оқытушы сұрақты әкімшілік шешуге дейін студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Дәріске осы курстың студенті болып танылмайтын, басқа адамның қатысуына жол берілмейді.

Жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан басталуына 3 күн бұрын. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабақтары бойынша өткен материалдарды және тақырыптарды қайталау міндетті. Оқу сабақтарын игеру дәрежесі тесттермен немесе жазба жұмыстармен тексеріледі. Тестілеу студенттерге ескертілусіз өткізілуі мүмкін.



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын (СОӨЖ) орындау кезінде келесі төрт негізгі функцияларды ескеру қажет.

Бірінші функция – оқу пәні бойынша қойылғані сабақтар кезеңінде студенттердің оқытушыдан ақпараттарын белсенді қабылдауды жүзеге асыруды болжамдайды.

Екінші функция студенттер өз бетімен, оқытушының ұсынысы негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиет көздерін оқып-үйренуді, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды және т.с.с. орындауды болжамдайды. Бұл кезеңде студенттерден өз бетімен ұйымдастыру, жұмыс әдістерін білу талап етіледі.

Үшінші функция студенттердің басқа оқу әрекеттерін орындауларда, оқу материалдарын игеру мен түсінудегі қиыншылық себептерін анықтауларда, өзінің шешімін таппаған сұрақтарын жүйелендіру мен талдаудан тұрады. Студенттер оқытушыға жауабын таппаған қиын сұрақтарды қояды (оларды ранжирлейді, тәртіпке келтіреді, рәсімдейді), осы сұрақтарға өз жауаптарын құрады..

Төртінші функция студенттердің қажетті кеңестер, анықтаулармен оқытушыға назар аударуынан тұрады.

14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1) Рожкова Л.Д., Карнеева Л.К., Чиркова Т.В. Электрообрудование электрических станций и подстанций М.: Изд. Центр «Академия» 2004

2) Леньков Ю.А., Кургузов Н.Н., Кургузова Л.И. Электрические станции и подстанции: Сборник лабораторных работ. – Павлодар: Изд. ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 152 с.

3) Леньков Ю.А., Хожин Г.Х. Выбор коммутационных аппаратов и токоведущих частей распределительных устройств электрических станций и подстанций. – Павлодар. Изд-во ПГУ, 2003. – 211 с.

Қосымша:


4) Леньков Ю.А. Электрические станции и подстанции. Метод. Указания к курсовому проекту. – Павлодар. Изд – во ПГУ, 2002. – 71 с.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет