Пән: Биология 6 сынып. Пән мұғалімі: Масалимова Жұлдыз Аскарбековна. Күні: Тақырыбы



Дата02.05.2016
өлшемі36.98 Kb.
Пән: Биология 6 сынып.

Пән мұғалімі: Масалимова Жұлдыз Аскарбековна.

Күні:

Тақырыбы: ІІ тарау. Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері.

§7. Тамыр және тамыр жүйесі



Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жасуша → ұлпа → мүше → ағза сызбанұсқасын түсіну қиынға соқпас, себебі жасшалар тобынан ұлпа, ұлпалардан мүшелер, мүшелерден ағзалар құралады деген мағлұмат береді. Сулы ортадан құрылыққа шығып тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктердің құрылысында көптеген өзгерістер болады: қоректенуіне жарық, ауадағы көмірқышқыл газы, топырақтағы су және тұздардың ерітіндісі қажет болғандықтан өсімдіктің ішкі, сыртқы құрылысы күрделеніп, әр түрлі қызмет атқаруға жіктеле бастап, тарихи дамуының нәтижесінде жеке мүшелер пайда болады. Мүше – ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік мүшелері өсімді (вегетаивті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді. Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін амтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың (особьтың) санын көбетіп ұрпақ қалдыру үшін керек, төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.

Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.



ІV. Бекіту. Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.



Тамырды жіктеу.

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т.б.).

Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б.

Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста).

Тамырдың қызметтері

  1. Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;

  2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;

  3. Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді.

  4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;

  5. Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;

  6. Вегетативтік көбеюге қатысады.

Үй тапсырмасы. §7 оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Алғаш рет ежелгі көшпелі халықтардың рухани бітімін әлемдік рухани үрдімен сабақтастыра қараған қазақ ғалымы: а Ш. Уалиханов; б Әл – Фараби; в М.Әуезов.
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> 1. негізгі бөлім автомобильдердің жалпы қҰрылысы
lessons -> Орны: 209-кабинет
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»
lessons -> Сабақтың типі : Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру. Сабақтың технологиялық картасы
lessons -> Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру
lessons -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет