Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



жүктеу 1.16 Mb.
бет5/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

20-тақырып Оралхан Бөкей

Жоспар

1. Әңгімелері

2. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі

Оралхан Бөкей шығармашылығы алпысыншы жылдардан басталады. «Кербұғы», «Ардақ», «Айпара-ана», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты», «Тортай мінер ақбоз ат», «Тоқадан қалған тұяқ», «Күлпәштің ұршығы», «Құлашаның шоты еді», «Қасқыр ұлыған түнде», «Жесірлер» әңгімелері мен «Бәрі де майдан», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Атаукере», «Қайдасың, қасқа құлыным» повестерінің авторы.

Қуанышбай Құрманғали О.Бөкей шығармашылығы туралы алғы сөзде былай дейді:

«Оралхан Бөкейұлы - әдебиетке бірден өз бетімен, өз жолымен келген жазушы. Ол ешкімге еліктеген, солықтаған жоқ, яғни шәкірттік кезеңді аттап өтті. Оралханның өңделген, өзгерген, қайта жазылған не жарамсыз, жарияланбай қалған бірде-бір шығармасы болмауы осы пікірімізге толық дәлел. Бұл – оның әдебиетке таланты толысып, дарыны дараланған тұста келгендігінің нақты көрінісі, Оралханның әдебиетке үлкен даярлықпен келуінің бір сыры, оның ел ішінде көбірек. Алматыға - әдеби ортаға жазушылық көзқарасы, дүниетанымы әбден қалыптасқан шақта қосылғаннан да болар.

Бөкейұлының барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі бар. Ол адам мен табиғат, олардың әлімсоқтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап болып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. Оралханның көптің көкейіндегісін тап басып, айрықша сүйіспеншілігіне бөленуі, атының алыс елдерге танылуы да осынау шығармашылық шеберлігінің нәтижесі.

Қаламгердің көптеген шығармаларынан жолығатын кісілер типтік кейіпкерлер галереясын құрайды. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайтын, мінездері де, көзқарастары да, іс-әрекеттері де әр алуан адамдар. Өздері қалай өзгеше болса, тағдырлары да сан тарау. Жазушының ерекшелігі, өзінің қолтаңбасы деген осы болар.

Жазушының тағы бір қыры – оның романтика мен реализмді шебер қиюластырып, оқырманның жан-дүниесін байытатын, көңілінің қалауын табатын тамаша әдеби тәсілді шебер меңгергендігі. Бұл да Бөкейұлының бір өзіне ғана тән шығармашылық ерекшелік» [1,200].

Оралхан секілді ешкімге еліктемей, өз стилін қалыптастырған жазушы сирек кездеседі. Көбісі шетел немесе қазақ әдебиетінің классиктеріне еліктейді.

Оның повестеріндегі кейіпкерлер романтикалық әдіспен сомдалады. Романтикалық дегеніміз жатып алып, бір нәрсені қиялдай беру емес, мінезі, іс-әрекеттері оғаш, қоғамға наразы, екінің бірі емес, сирек кездесетін адамдар.

Мысалы, «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін алайық. Повесть бірінші жақтан, автордың өз атынан баяндалады. Бұл повесть те жанры жағынан лирикалық-философиялық. Бала атынан әке бейнесі ашылады. Әкесімен жолға шыққан баланың бар ойы әкесі туралы. Аналитикалық тәсіл арқылы (оймен сезім арқылы) әкесі – Бөкеш бейнесі ашылады.

«Дүниедегі ең мықты, әрі ақылды, әрі мың жасайтын тек қана менің әкем екенін, менің әкемнен асқан адамды осы жасыма дейін көрмегенімді, талай ауылды, талай қаланы аралап сандалсам да таптағанымды, тіпті енді мың жылдан соң да таба алмайтынымды, өйткені әкем мені дүниеге әкелгенін, өйткені менің әкем …


  • Биенің екі өкпесін тепкілеп, тебіне берме, қызбай келеді ғой, былай шыққан соң көсемсіп аяңына басар», - деді.

Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдымнан күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды.

Әр бала үшін өз әкесі өзіне асқар тау секілді, әр ұл өз әкесін өзінше пір тұтады. Мұндағы кейіпкер үшін де жер бетінде әкесіне тең келетін ешкім жоқ. Оның әкеге деген құрмет, сүйіспеншілігін, балалық сезімін көреміз.

«Маған әкем: найзалы шың, жақпар-жақпар тас қоржындаған кәрі таудың – табиғаттың тағы құбылыстарының қалтарысында оқыстан туып қалған, жез топшылы қаршығаға тым ұқшасатын; маған әкем: Алтайдың арда еркесі, бұғысы сықылданатын» [1, 136].

Оралдың әкесінің тұлғасы осылай біртіндеп биіктей береді. Ол әкесін Алтай табиғатына ұқсатады. Алтайдың қаршығасына, еркіндікті сүйетін тағы бұғысына ұқсатады. Жоғарыда айтылған адам мен табиғат үндестігі туралы меңзеп отырғанын аңғарамыз.

«Біздің шешемізден гөрі Бәкемді әлдеқайда жанымыздай жақсы көретініміз талай жұртты таң қалдыратын. Бірақ әкемді ғұмыр бойы сүйіп өтуді сол айналайын анамыздың өзі үйреткен еді. Көңілі қалып, сезімі суымайтын, қайта ерінің амандығын мойнына бұршақ салып тілейтін, ерінің алдында бұл дүниеден аттанып-ақ кетуін тілейтін, өз күйеуінің ғана ма, иісі ер адамның амандығын тілейтін. Анам айтатын: еркектер болмаса, қай-қай дұшпанның күңі болып кетер едік, қай-қай елдің етегіне жабысып, етігін жалап кетер едік; ерлер болмаса, батқан күніңнен, атқан таңыңнан не пайда, ерлер болмаса, тар құрсағың кеңи ме, тас емшегің жіби ме…

Әрине, әкем бұл пәниден қателеспей, сүттен ақ, судан таза өмір кешуде десем, онда ол тіпті де адамнан гөрі періштеге ұқсар еді. Ал менің әкем періште емес, қуана да, қайғыра да білетін, әрі қателіксіз жүрмейтін Адам ғой! Ендеше, жығылды, сүрінді, бірақ түңілген жоқ» [1, 146].

Орал әкесін құрметтеуді анасы үйреткенін айтады. Баяғының әйелдері әйел секілді, еркектері еркек қасиеттерінде болды. Сыйлауға тұрарлық ері болса, оны қандай әйел сыйламайды. Қазақ ғұрпында әйелі күйеуінің бетіне тіктеп қарамаған, атын атамаған, алдын кесе көлденең өтпеген. Оралдың әкесі мен шешесі сол баяғы жақсы ғұрыптың жұрнағы секілді. Қазір ондай адамдарды сирек кездестіресің және Орал әкесін періште сияқты етіп көрсетуден аулақ, әкесінің талай қателесіп, сүрінгенін біледі, мына өмірде қай пенденің болсын сүрінбей өмір сүруі мүмкін емесін түсінеді, бірақ, әкесі – адал адам.

Орал Қаршығаға былай дейді:

- Бүгінгі біздің қуанышымыз солардың қайғысынан, қанынан көктеген гүл секілді [1, 172].

Орал әкесінің соғысқа барғанын, одан кейін де талай қиындықтар көргенін, өздерінің өмірі оған қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін бейнелі сөздермен түйіндейді. Қуаныш қайғы мен қаннан көктеген гүлге ұқсатылады.

Жазушы барлық шығармаларында Алтайдың әсем табиғатына табынып отырады. Сол табиғат аясындағы адамдарды суреттейді. Осы табиғаттың еркін жүрген еркесі – бұғыға адамдардың қатыгездік жасап отырғанын, олардың еркіндігін алып, ағаш қоршауда қамап ұстап отырғанын былай суреттейді:

«Арбиған аша мүйіздің түбінен дырылдатып кескенде, мүйізім жоқ менің төбе құйқам шымырлап кетті. Мен үшін бұғының мүйізін кесуден қатыгездік жоқ болып сезілді.

Кербұғының бүкіл басы қан, ал көзінен, жаудыраған тұнық қара көзінен – Аналықтың көзі іспетті өте әдемі жанарынан жас ағып тұр; және мен осынау жасқа толған аяулы да ардақты көздің аясынан өзімді, әкемді, Қаршығаны көрдім» [1, 161].

Талай жылдан бері адамдар табиғатқа үстемдік етіп, аздырып-тоздыруда. Мұны Ш.Айтматов «Жан пида» романында да айтқан. Оралдың бұғының жанарын Аналықтың жанарына ұқсатуы, оның жанарынан өздерінің бейнесін көруі бұғы да бірдей табиғат перзенті, оған қатыгездік жасағаның анаға қатыгездік жасағаныңмен бірдей дегенді білдіреді. Бұғылар емін-еркін өмір сүру үшін жаралған, олар да – табиғатты көріктендіріп тұрушы сұлулық, еркіндік символы. Бірақ адамдардың көзі қанталап, ештеңені көрмейді. Бұғыларды мүйізіне бола қамауда ұстайды. Мұның бәрін жазушы «Кербұғы» әңгімесінде өте шеберлікпен айтып кеткен.

Осы повестегі Қаршығаның атасы Сарқынды шалдың өзі ерекше кейіпкер. Тоқсандағы шалдың сипаты былай беріледі.

«Шал бері аунағанда, менің жүрегім біз сұғып алғандай дір ете қалды. Аппақ боп сұлаған аруақ көргендей сезіндім. Маған шал әлдеқашан өлген, тек рухы ғана жарық дүниені қимай, қиналып жатқандай еді. Әдемі, әрі таза аппақ сақал бүкіл өңірін жауып, ол көзі қартайған қыранның жанарындай тым-тым шыңырау тереңнен жылтырайды. Мынау көз, дәл осы қалпында, сарғайған сары даладағы жалғыз құдықтың әбден суалып, тек түбінде ғана бір ұрттам суына оқыстан нұр түсіп, жылтырағаны секілді еді. Мүмкін мынау қаңсыған ақсақал Алтайдағы ең кәрі адам ғана емес, жүзге шығар енді қалған ең ақырғы шал шығар» [1,149].

Жазушы Сарқындыны бұрынғы қазақ өңірінің, бұрынғы байлық, еркіндіктің сарқындысы ретінде беріп отырған секілді. Сарқынды өзін өліп қалған ретінде көрсетіп, соғысқа да бармаған. Ол – хан тұқымы.

«Сырбаз қимыл, тәкаппар да кербез қылықтарының жұрнағы-ақ шалдың жас шағында сал-сері болғанын аңғартса, әкем екеуміз әрең көтерген алпамсадай денесі атан жілік сіңірлі батыр болғанына куә іспетті» [1, 151].

Сарқынды – баяғы батырлардың соңы. Оның ішінде шемен боп қатып жатқан шер бар.

Әдебиет


1. Бөкей О. Кербұғы. А., 2003.

2. Уақыт және қаламгер. А, 1990 (Е.Аманшаев).


7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер

Жоспар:

1. Орхон-енисей ескерткіштері

2. Күлтегін жыры

3. Тоныкөк жыры



Тапсырмалар:

  1. Жай конспект жаз.

  2. Күрделі конспект жаз.

  3. Аралас конпект жаз.

Берілген үш сұрақ бойынша мағлұматтармен танысып, жай, күрделі, аралас конспекті жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.


«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

Жоспар:

1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының көркемдік ерекшелігі.

2. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы.

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.



Тапсырмалар:

1. «Күлтегін» жырын жаттау.

2. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларының композициясы мен сюжетіне талдау.

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосының байланысы мен ұқсастығы туралы тезис жаса.

Жырлардағы түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.


2-тақырып. Қорқыт ата кітабы

Жоспар:

1. Қорқыт ата кітабы.

2. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы.

3. Қорқыт ата мұрасының зерттелуі.



Тапсырмалар:

1. Қорқыт ата кітабы. 12 жырды оқу.

2. 12 жыр бойынша сұрақтар құрастыру (әрбір жырға 10 сұрақтан).

3. Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаттау.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
«Оғыз-наме» эпосы

Жоспар:

1. «Оғыз-наме» эпосы.

2. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары.

3. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.

4. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырының ұқсастығы.

Тапсырмалар:

1. «Оғыз-наме» жырын оқу.

2. 12 жыр бойынша сұрақтар құрастыру (әрбір жырға 10 сұрақтан).

3. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырын салыстырып, ұқсас жерлерін конспектілеу.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
3-тақырып. Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950)

Жоспар:

1. әл-Фарабидің ғылыми зерттеу еңбектері.

2. «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында» трактаттарының әдеби мәні.

Тапсырмалар:

1. «Қайырымды қала тұрғындары» атты философиялық трактатын оқып, түйін жазу (Негіз: Қазақ прозасы. Хрестоматия. 1-том. Алматы, Ғылым, 2001; 34-81 беттер).

2. Бақытқа жету жайында» атты әлеуметтік-этикалық трактат бойынша жоспар құру. (Негіз: Қазақ прозасы. Хрестоматия. 1-том. Алматы, Ғылым, 2001; 14-34 беттер).

Трактаттардағы түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
4-тақырып. М.Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»)

Жоспар:

1. «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің әдеби мәні, зерттелуі.

2. Сөздіктегі мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары.

3. Сөздіктегі табиғат туралы, аңшылық жайындағы өлең-жырлар.



Тапсырмалар:

  1. Мақал-мәтелдерді теріп жазу.

2. Тұрмыс-салт жырларын қазақ тұрмыс-салт жырларымен салыстыр, ұқсастығын дәделде.

3. Табиғат туралы: жаз бен қыстың айтысын, аңшылық жайындағы өлең-жырларды конспектілеу.

4. Сөздіктегі түркі тілдеріне тән қолданыстарды, сөздерді тауып жаз.

Сөздіктегі түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
Ж. Баласағұн «Құтадғу біліг (Құтты білік»)

Жоспар:

1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның сюжеті, құрылысы.

3. «Құтты біліктегі» «ақыл», «білім», «әдептілік», «тәлім-тәрбие» туралы.



Тапсырмалар:

  1. «Құтты біліктегі» берілген үзіндіні жаттау.

  2. Дастандағы көркемдік ерекшелігіне мысалдар теру (20 мысал).

Дастандағы түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.


5-тақырып. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»)

Жоспар:

1. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы») дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары.



Тапсырмалар:

  1. «Ақиқат сыйы» дастанынан үзінді жаттау.

2. Дастандағы «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы» тарауларды Ж.Баласағұнның «Құтты білігіндегі» тіл, білім мәселесі туралы айтқандарымен салыстыру.

Дастандағы түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
А. Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)

Жоспар:

1. «Диуани хикмат» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. С.Бақырғанидың «Бақырғани кітабы».



Тапсырмалар:

  1. Берілген үзіндіні жаттау.

  2. Көркемдігіне картотека теру (25 картотека).

Ұынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.

Хикметтегі түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.


Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы.

Жоспар:

1. «Рабғузи қиссалары».

2. «Кодекс куманикус» сөздігі.

Тапсырмалар:

1. «Рабғузи қиссалары» кітабынан Жер мен Көктің жаралуы, Адам ата мен Хауа ана, Нұх (ғ.с.), Мұса (ғ.с.), Дәуіт (ғ.с.), Сүлеймен (ғ.с.), Жүсіп (ғ.с.), Ибрахим (ғ.с.) және т.б. пайғамбарлар өмірі туралы оқу.

2. «Қыпшақтар сөздігіндегі» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздерді оқу.

Берілген тапсырмалар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
6-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

Жоспар:

1. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің зерттелуі.

2. Асан қайғы өмірі, шығармашылығы, толғаулары.

3. Қазтуған жырау шығармашылығы.

Берілген жыраулар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Тапсырмалар:


  1. «Қасым ханның қасқа жолын» оқу.

2. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі туралы тарихи деректерге сүйеніп, материалдар жинастыр.

3. Асан қайғы Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғауларын, «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасын жаттау.

3. Қазтуғанның «Бұдырайған екі шекелі» толғауын жаттау.

4. Мұрат ақынның «Қазтуған» деген жыр толғауын оқу.

Берілген жыраулар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 61-82 беттер; [12], 19-27 беттер.


ХҮІ ғ. қазақ әдебиеті. Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.

Жоспар:

1. Доспамбет жырау шығармашылығы.

2. Шалкиіз арнау толғаулары.

Тапсырмалар:

1. Доспамбеттің «Тоғай, тоғай, тоғай су» толғауын жаттау.

2. Шалкиіздің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып» өлеңдерін жаттау.

Берілген жыраулар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 81-96 беттер; [14], 89-110 беттер.
ХҮІІ ғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.

Жоспар:

1. Жиембет Бортоғашұлы толғаулары.

2. Марғасқаның «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.

Тапсырмалар:

1. Жиембеттің арнау-толғауларындағы билеуші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты туралы баяндама жаса.

2. Марғасқа жырау «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауын жаттау.

Берілген жыраулар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 56-68 беттер; [14], 96-123 беттер.
ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиеті. Бұқар жырау.

Жоспар:

1. Бұқар жырау толғаулары.



Тапсырмалар:

1. Бұхар жыраудың берілген толғауларын жаттау.

Берілген жыраулар бойынша түсініксіз сөздерге глосарий құрастыр.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 98-119 беттер; [14], 76-93 беттер.



7-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Жоспар:

1. Абай Құнанбаев поэзиясы

2. Махамбет өлеңдері

3. Ыбырай әңгімелері

4. Зар заман ақындары

Тапсырмалар:

1. Абайдың табиғат лирикасы

2. Абайдың саяси-әлеуметтік өлеңдері

3. Абайдың поэмалары

4. Абайдың қарасөздері: 2,8,9,10,16,37,38

5. Абайдың аудармалары

6. Махамбет өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесі және Исатай бейнесі

7. Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Бір уыс мақта» әңгімелері



4. Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы

Жоспар:

1. Зар заман поэзиясы

2. Зар заман поэзиясы туралы зерттеулері

Тапсырмалар:

1. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір,т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. Радлов, Алтынсарин, Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері.

2. Зар заман поэзиясы туралы М.Әуезовтің пікірі.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.


Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы

Жоспар:

1. Өмірінен мәлімет

2. Шығармашылық мұрасы

3. Толғауларының көркемдігі



Тапсырмалар:

1. Шортанбай Қанайұлының өмірі (1818-1881). Шығармашылық мұрасы. Толғаулары, айтыстары. «Ағыбай батыр» дастаны. Ақынның 1880 жылғы «Бала зары» жинағы. «Зар заман», «Тар заман», т.б. толғауларындағы замана күйі. Ел мінезі. Отаршылдық саясатқа наразылық, қарсылық сарын. Шортанбай өлеңдеріндегі дін, иман жайы. Ақын толғауларының өлең құрылысы, тіл кестесі.

2. Шортанбай Қанайұлы шығармашылық мұрасының зар заман әдебиеті аясында зерттеліп, бағалануы. Шортанбай шығармашылығының зар заман ағымының туып, қалыптасуындағы орны жайлы М.Әуезов, С.Мұқанов, т.б. ғалымдардың тұжырымдары. Шортанбай ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.


Дулат Бабатайұлының шығармашылығы

Жоспар:

1. Өмірбаян деректері

2. Шығармашылық мұрасының сақталуы, басылым, жариялану, зерттелу жайы

3. «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі

4. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны

5. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңдері

6. «Еспенбет» дастанындағы ерлік, елдік дәстүр

7. Мысалдары

8. Дулат және Абай поэзиясындағы ұқсастық, дәстүр сабақтастығы

Тапсырмалар:

1. Өмірбаян деректері (1802-1874). Шығармашылық мұрасының сақталуы, басылым, жариялану, зерттелу жайы. Дулат ақынның «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңдері. «Еспенбет» дастанындағы ерлік, елдік дәстүр. Мысалдары.

2. Дулат және Абай поэзиясы. Дулат Бабатайұлы – Абайға шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясының дәстүрлі үлгілерін түлетіп түрлендірген, жаңа көкжиектерін көтерген суреткер. Х.Сүйіншәлиев және дулаттану ілімі. Дулаттың өлең өрімі, тіл кестесі жайлы Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова пікірлері.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы

Жоспар:

  1. Өмірбаяны, әдеби мұрасының зерттелуі

  2. Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары

Тапсырмалар:

1. Мұраттың өмірбаяны (1843-1906). Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары. Арнау өлеңдері. Айтыстар. Эпикалық шығармалар. Толғаулар. Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары. Батырлыққа, ерлікке, ізгілікке үндеуі. Мұрат ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы атамекен зары, елден, жерден айрылу сарыны. «Жалпыға айтқаны» толғауы, «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсетші», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары.

2. Мұрат – Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын сақтап, кейінгіге жеткізуші.

3. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасының басылым көру, көркемдік-теориялық жақтан негізделіп зерттелуіндегі Х.Досмұхаметұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Омарұлы еңбектері.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.

8-тақырып ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Жоспар:

1. А.Байтұрсынов шығармашылығы

2. М.Дулатов шығармалары

3. С.Торайғыров шығармалары

4. Шәкәрім поэзиясы

Тапсырмалар:

1. Байтұрсыновтың «Маса», «қырық мысал» жинақтары

2. М.Дулатовтың «Алашқа» өлеңі, «Бақытсыз Жамал» романы

3. Сұлтанмахмұттың «айтыс» поэмасы

4. Шәкәрім өлеңдеріндегі оқу, тәрбие мәселесі

9-тақырып М.Жұмабаев

Жоспар:

1. Мағжан романтизмі

2. Мағжанның табиғат лирикасы

3. Мағжанның поэмалары



Тапсырмалар:

1. Қ.П.Жүсіптің «Стиль және бейнелілік» кітабы бойынша Мағжан романтизміне талдау жасау.

2. «Батыр Баян» поэмасындағы Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелері

3. «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларының идеясы


10-тақырып Ж.Аймауытов

Жоспар:

1. «Ақбілек» романы



Тапсырмалар:

1. Ақбілек, Қарамұрт, Бекболат, Мұқыш бейнелерін талдау

2. Романдағы психологизм, деталь, монологтарға мысалдар келтіру
11-тақырып С.Сейфуллин

Жоспар:

1. «Далада» өлеңіндегі романтизм

2. «Көкшетау» поэмасы

Тапсырмалар:

1. «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» кітабы бойынша Сәкен өлеңдеріне талдау жасау

2. «Көкшетау» поэмасындағы Адақ, қалмақ қызы, Абылай бейнелері
12-тақырып Б.Майлин

Жоспар:

1. «Қара шелек», «Желдібай Жындыбаев», «Күлпаш», «Күлтай болыс», «Ұлбосын» әңгімелері

2. «Шұғаның белгісі», «Раушан - коммунист» повестері

Тапсырмалар:

1. «Қара шелек» әңгімесіндегі Айша мен қара тоқалды салыстырыңдар. Шелек арқылы жазушы нені айтқысы келген? Әңгімедегі детальдар мен психологизмге мысал келтіріңдер. «Желдібай Жындыбаев» әңгімесіндегі Желдібайдың сөздеріне, әрекеттеріне мән беріңдер. «Күлтай болыстағы» Күлтайға мінездеме беріңдер. Күлтайдың болыс болғандағы басынан өткендерін, күйеуіне қалай қарағанын сипаттаңдар.

2. «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның ақылды, ұстамдылығына мысал келтіріңдер. «Раушан - коммунист» повесіндегі Раушанға мінездеме беріндер. Қаладағы Раушанның көргендеріне талдау жасаңдар.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет