Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы



жүктеу 49.93 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі49.93 Kb.
: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog
book-catalog -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Молдабаева Гулайда Бекболқызы Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?» Мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Малдың пайдасы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру
book-catalog -> Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
book-catalog -> 63 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахметова Жанна Даулетовна
book-catalog -> Сабақ 10 «Ә» сынып «Жарасымды қарым-қатынас»
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
Пән: Физикалық география

Сыныбы: 6

Күні: 12.2015

Тақырыбы: Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі.

Мақсаты:

Білімділік:«таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық : Физикалық карталар бойынша басым биіктіктерін және ең биік шыңдарды анықтау тәсілдерін үйрете отырып оқушыларда аласа, орташа және биік таулар ұғымдарын қалыптастыру. Тәрбиелік : Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас

Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнектілігі: карта, атлас, оқулық

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: 1) Амандасу 2) Оқушыларды түгелдеу

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жанартаудың белгілері

2.Жанартау атқылағанда атмосфераға не тарайды?

3.Жанартаудың түрлері қандай?

4.Жанартау қалай пайда болады?

5.Минералды сулардың белгілері қандай?

6.Гейзер дегеніміз не?

7.Жанартаулардың жер бетіне таралуы немен байланысты?

8.Мұхитта атқылайтын жнартаулардан не түзіледі?

9.Сөнген деп саналатындар, кенет атқылай бастауы мүмкін бе?

10.Материктарға бөліп жанартауларды ата
Картамен жұмыс: Координаттары бойынша жанартауларды анықтандар.

1)1̊̊̊̊̊̊̊̊ о.е., 78̊ б.б.............................................

4 ̊ с.е..,9̊ ш.б.................................................

37 ̊с.е.,13 ̊ш.б.................................................



  1. Ключи шоқысы.............................

Везувий жанартауы.....................

Исалько жанартауы.......................



3. Жаңа сабақ:

Жоспар:

  1. Таулар

  2. Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі

  3. Таулардың пайда болуы

  4. Ескі және жас таулар

Құрметті оқушылар бәріміз өзіміздің туған жеріміздің табиғатына сипаттама берейік. Табиғаттан көрген тауларында еске түсіріңдерші. Қандай болып келеді?

(оқушылар өз ойларын ортаға салады)



Қазақстанның барлық аймағы қамтылған сияқты. Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз жер бедерінің биік бөліктері таулар. Олар қалай пайда болады. Ішкі күштер дегеніміз не?

  1. Таулар.

Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,

қатты тілімденген биік бөліктерін таулар деп атайды.

Физикалық картада таулар қалай бейнеленеді? Таулар физ.картада қоңыр түспен бейнеленеді.

Ал оқушылар біз осы таулар болсақ қалай көрсетер едік?

Жеке тұрған таулар жан-жағынан ортасына қарай биіктейді. Оның биік, жоғарғы бөлігі тау басы, оқшауланған төбесі шыңы деп аталады.




Бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жалғаса түзіліп жатқан тауларды тау жотасы дейді.
Тау жоталары бір-бірінен тау аңғарларымен бөлінеді. Тау жоталары шоғырланып, таулы өлке құрайды.



Ал тау жоталары келіп түйісетін жерді тау торабы деп атайды.

  1. Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі

Таулар биіктігіне қарай бөлінуі. Сызба түрінде биіктік айырмашылықтарын көрсету.



аласа, 400 м-ден 100 м

орташа 1000 м-ден 20000 м-ге

биік 2000 м-ден асатын таулар


Қолдарына атласты алып таулардың биіктігіне қарай жіктейміз. Мысалы:

Аласа тауларға Сарыарқа таулары............................................................. ........

Орташаға Қырым, Карпат ...................................................................................

Биік тауларларға Кавказ, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы.................................................................................................................




  1. Таулардың пайда болуына қарай жіктелуі.

Макет көрсету.

Тапсырма№1

Оқушылар таулардың пайда болуына байланысты жіктейді.


Қатпарлы таулар


Қатпарлы- жақпарлы таулар



Алпі

Бештау

Кавказ

Аюдаг







  1. Ескі және жас таулар.

Таулар жасына қарай бөлінеді



↓ ↓

ескі жас

↓ ↓
Орал тауы Кавказ, Памир,Гималай

таулары

Таулардың өзгеруіне әсер ететін жағдайлар.

Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстардың өзгеруін үгілу деп атайды.



↓ Үгілудің түрлері

физикалық

химиялық органикалық

Тапсырма №2

Жарты шарлар картасын пайдаланып Скадинавия тауларына сипаттама беріңдер:



  1. Географиялық орны

  2. Жоталардың орналасу бағыты

  3. Таулардың ұзындығы

  4. Басым биіктіктері

  5. Биік шыңы


Рефлексия.




Білемін


Білдім


Білгім келеді











Сабақты қорытындылау:

Тау дегеніміз не?

Картадан биік тауларды көрсет?

Тау жотасы деген не?

Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?

Тау қалай пайда болады?

Үгілу дегеніміз не?

Оның қандай түрлері бар? Үйге тапсырма: §22;23 оқу



Бағалау:_______________________________________________________________

________________________________________________________________



Астана қаласы №63 мектеп-гимназия




Пән: Физикалық география
Тақырыбы:
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар.

Таулардың өзгеруі.



Сыныбы: 6

Өткізген: тарих-география мұғалімі Галижапарова Э.К.

2015-2016 оқу жылы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет