Пән: Тағам гигиенасы Пән коды: tg 4301 Мамандық


) Иллюстрациялы материалдар



жүктеу 1.6 Mb.
бет6/9
Дата03.05.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 20

5) Әдебиет:
негізгі:

1.Тағам гигиенасы : оқу құралы / ред. басқ. Т. Ш. Шарманов, құраст. А. Б. Чуенбекова. - ; ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. - Алматы : Эверо, 2011.

2.Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы : оқулық. -Шымкент: Б. ж., 2009.

3.Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев. - Алматы : Эверо,

2009. - 160 бет

қосымша:

1.Терехин С.П., Ахметова С.В., Талиева Г.Н. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). –Қарағанды. 2006.-276 бет.

2.Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.


6)Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Көкөністер мен жемістердің сапасына қандай гигиеналық талаптар қойылады?

2. Тамақ өнімдерін қалбырлаудың мақсаты неде?

3. Азық-түлікті қалбырлау үшін қолданылатын қандай әдістерді білесіздер?

4. Қалбырдағы өнімдерді сақтау үшін қандай жағдайлар қажет?

5. Алкогольсыз сусындардың қандай түрлерін білесіздер?

6. Сусындарға қандай талаптар қойылады?

7.Газдалған алкогольсіз сусындарды дайындау үшін қандай шикізаттарды қолданады?


8 семестр
1.
1) Тақырыбы: Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау. Тамақ өнеркәсіп ұйымдарына, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарына жүргізілетін ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.
2)Мақсаты: Студенттерді тағам гигиенасы дәрігері жұмысының мазмұны мен әдістерімен және сақтық санитарлық қадағалаудың негізгі мақсаты мен міндетін айқындап, тағам нысандары құрылысының жобаларын гигиеналық сараптауға үйрету.
3)Дәріс тезистері:

Гигиена санитарлык-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды гылыми тұрғыдан негіздеумен айналысады. Гигиеналық іс-әрекеттердің практикалық жағы - санитария деп аталады (латын сөзінен «sanitas» - «денсаулық»). Жалпы алғанда, санитария-бұл гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бакылайтын жүйе, оны санитарлық-эпидемиологиялық кызмет іске асырады. Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелер жүйесіне кіретіндері: ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бакылау комитетінің қарамағына кіретін Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, қалалық департаменттер мен басқармалар, аудандық сан-эпид бақылау басқармасы. Әрбір басқарма өздеріне тиісті сан-эпид сараптау Орталықтарымен қатар жүмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сакталуын қадағалауға және сонымен бірге мына шараларды жүзеге асыруға бағытталған:

• халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға және халықты санитарлық ағарту деңгейін көтеруге;



  • халықтың әр түрлі топтары үшін ұтымды тамақтануды үйымдастыруға, тамақтану жағдайын сауықтыруға, алиментарлық аурулардың, оның ішінде, тамақтан уланулардың да алдын алуға;

  • санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулықты, яғни жұкпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мен жоюды, карантиндік инфекциялардың елге кіруінің алдын алуды қамтамасыз етуге;

  • мемлекеттің шекараларын санитарлық қорғауға бағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитарлық қадағалауға.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының жұмысы мемлекеттік сипатта болады. Елдің аумағында іске асырылатын шаралардың бәрі де тек санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары міндетті түрде гигиеналық тұрғыдан бағалағаннан кейін ғана жүргізіледі. Санитарлык-эпидемиологиялық мекемелер тек гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуына ғана бақылау жүргізіп қоймайды, сонымен қатар аймақтың санитарлық жағдайын және қызмет көрсететін халықтың денсаулығын зерттеп, тиісті шаралар дайындайды, оларды жүргізеді, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды.

Тұрғындардың тамақтануын мемлекеттік санитарлық қадағалау ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелері қадағалайды.

ҚР санитарлық – эпидемиологиялық қызметінің негізгі кешенді мемлекеттік мекемелеріне санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелері жатады, олар өзі қызмет көрсететін аудандағы барлық санитарлық – гигиеналық және санитарлық – індетке қарсы шараларды жүргізеді. Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері болып бөлінеді. СЭҚБ-ның құрылымдық бөлімінің біріне тағам гигиенасы бөлімі жатады. Егер ондай бөлім болмаған жағдайда тұрғындардың тамақтануын тағам гигиенасы дәрігері қадағалайды.

Санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің сақтық санитарлық қадағалау бойынша құқығы мен міндетті «ҚР мемлекеттік санитарлық қадағалау ережесінде» көрсетілген.

Сақтық санитарлық қадағалау санитарлық дәрігердің тәжірибелік жұмысындағы маңызды бөлімі, ол қолданыстағы гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Сақтық санитарлық қадағалауды жүргізу барысында тағам гигиенасы бойынша дәрігер келесі нормативтік құжаттар мен ережелерді басшылыққа алады: санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің жұмыстың осы бөлімі бойынша құқығын, міндеттері мен жұмыстың мазмұнын айқындайтын құжаттар; құрылысты жобалау бойынша нормативті құжаттар; санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес типтік жобалар; тағам нысандарының құрылғылары мен құралдарына арналған санитарлық ереже; азық – түліктер мен тағамдық шикізаттарға арналған қолданыстағы стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптары.



4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 14.

5) Әдебиет:
негізгі:

1.Тағам гигиенасы : оқу құралы / ред. басқ. Т. Ш. Шарманов, құраст. А. Б. Чуенбекова. - ; ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. - Алматы : Эверо, 2011.

2.Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы : оқулық. -Шымкент: Б. ж., 2009.

3.Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев. - Алматы : Эверо,

2009. - 160 бет

қосымша:

1.Терехин С.П., Ахметова С.В., Талиева Г.Н. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). –Қарағанды. 2006.-276 бет.

2.Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.

6)Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1.Тағам гигиенасы бойынша мемлекеттік санэпид. Қадағалау қандай іс-шараларды жүргізеді?

2.Тағам гигиенасы дәрігері жұмысында қандай әдістерді қолданады?

3.Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды қандай жағдайда беріледі?

4.Сақтық санитарлық қадағалау дегеніміз не?

5.Сақтық санитарлық қадағалаудың мақсаты мен міндеті неде?

6.Сақтық санитарлық қадағалаудағы санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің міндеттері мен құқықтары қандай?

2.
1)Тақырыбы: Қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Азық – түлік саудасын ұйымдастырудың гигиеналық талаптары.
2)Мақсаты: Студенттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының орналасуына, жұмыс жағдайларына, бөлмелерді күтіп ұстау мен құрылғыларға, сонымен қатар құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға қойылатын талаптармен азық – түлік сауда нысандарының жер телімдеріне, жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымына қойылатын талаптармен, тағамдық азық – түліктерді қабылдау мен сақтауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптармен таныстыру.
3) Дәріс тезистері:

Тұрғын үйлерде орналасқан нысандарда тұрғындарда бөлінген оқшауланған кіретін есігі мен эвакуациялық шығатын есіктері болуы керек. Азық-түліктік шикі заттар мен тағам өнімдерін тұрғын үйлердің ауласы жағынан қабылдауға рұқсат етілмейді. өнімдерді тиеу тұрғын үйлердің терезелері жоқ, жер асты туннелдерінің магистраль жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлары арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Өндірісі шағын нысандар үшін жүкті түсіру – тиеу негізгі кіретін есік арқылы, жұмыс басталарға дейін жүргізуге рұқсат етіледі.Тұрғын үйлердің бірінші қабаты терезесінің астына, тротуарларға қоғамдық тамақтандыру нысандарының жазғы алаңдарын орналастыруға, тағам дағайындайтын технологиялық жабдықтарын, дыбыс шығаратын аппаратураларын орнатуға рұқсат етілмейді.

Нысандардың аумағы таза ұсталынып, көркейтіліп, қасында уақытша автокөлік қоюға арналған алаңдар қарастырылуға тиіс, қоқсықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді қоюға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң болуы керек.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының сумен қамту жүйелері мен канализациясы қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Су құбыры жоқ елді мекендердегі, шаруа қожалықтарындағы қоғамдық тамақтандыру нысандарын сумен қамтамасыз ету үшін, сумен қамту көздері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде таңдалуы тиіс.

Ыстық және суық су араластырғышы қондырылған барлық жуатын ванналарға және раковиналарға, керекті технологиялық жабдықтарға араластырғыш арқылы келтірілуі тиіс.

Тез қызмет көрсететін нысандар (павильондар, палаткалар, үстелдер) қоғамдық дәретханалар орналасқан орындардың маңына орналасуы тиіс.
Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының шығаратын өнімдерінің түр-түрі нысандардың түріне, қуатына, оған бөлінген үй-жайлардың жиынтығы мен оның мұздатқыштармен және технологиялық жабдықтармен жабдықталуына қарай қатаң сәйкестікте өңделеді. Қоғамдық тамақтандыру нысандары өздерінің өнімдерін шығаруын нормативті және технологиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етеді.

Өндірістік үй-жайлар мен келушілерге арналған үй-жайлардағы микроклимат гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.Өндірістік, көмекші және санитарлық-тұрғын үй-жайлар қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкес сорып-шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы сору-шығару желдеткіштерін тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың желдеткіш жүйелерімен біріктіруге тиым салынады. Кондитерлік өнімдерді әзірлейтін үй-жайларға келетін желдету жүйесінің құрамына шаңсүзетін және бактерицидты сүзгі орнатылуы тиіс. Желдету жүйелерінің тесіктері майда көзді полимерлі тормен жабылуы тиіс.

Ылғал, жылу және газдардың бөлу көзі болып табылатын жабдықтар және жуатын ванналар жергілікті сорып айдайтын желдеткіш жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

Салқын тағамдарды, дәмдерді, кремдерді және торттар мен пирожныйларды әзірлеу цехтарында солтүстік-батыс бағытын және күннің тікелей әсерінен қорғайтын құрылғыларды қолдану тиіс.



Үй-жайлардың құрылымы мен оларды жұмыс бабында пайдаланған кезде қойылатын талаптар.

Үй-жайларды көлемді-жобалағанда және конструкциялық шешімдер шығарғанда технологиялық үрдістер кезінде болатын шикізаттың, жартылай дайын шикі өнімдердің және дайын өнімдердің, кір және таза ыдыстардың бір-бірімен қатыспауын және де қызметкерлер мен тұтынушылардың бір-біріне кедергі жасамауын ескеретін ағымдылықты қарастыруы тиіс.

Өндірістік үй-жайлардың қабырғаларына кем дегенде 1,8м биіктікті қаптайтын тақталар немесе ылғалды тазарту және зарарсыздандыру жұмыстарына төзетін басқа да материалдармен әрленуі тиіс, қойма бөлмелері ылғалға төзімді сырмен боялуы тиіс. Едендер соққыға төзімді, адам жүргенде сырғанамайтын материалдардан жасалады және тиейтін жолдардағы қоймалық және өндірістік үй-жайлардың табалдырығы болмауы тиіс. Шикі заттар мен азық-түлікті тиеу үшін қалқасы бар платформамен жабдықталуы тиіс.Кондитер цехының өндірістік және көмекші үй-жайларының төбесі мен қабырғасын керегінше бояп отырған жөн, бірақ жылына бір реттен сирек болмауы тиіс. Тамақтанатын үй-жайлардың (залдардың) әрленуіне пайдаланған материалдар жууға және зарарсыздандыруға төзімді болуы тиіс. Үй-жайлардың ішін әрлеу үшін қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылады.

Салқын тағамдарды, жұмсақ балмұздақты дайындауға арналған цехтарда, кондитерлік цехтарда бактерицидты шам орнатылуы тиіс.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарында жәндіктер мен кеміргіштердің болуына рұқсат етілмейді.Дератизациялау және дезинсекциялау шараларын, аталған қызмет түрін лицензиясы бар ұйымдар жүргізе алады.

Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарында қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес материалды-техникалық жабдықтау заттарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Технологиялық құрал-жабдықтар, керекті мүліктерге, ыдыстар және өнім салынатын ыдыстар белгіленген тәртіпте мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің рұқсат еткен материалдарынан жасалады.Технологиялық жабдықтарды ластануына қарай және жұмыс аяқталғаннан кейін жуады. Өндірістік үстелдерді жұмыстың аяғында жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуып, ыстық сумен шайып, сүртеді.

Азық – түлік сауда нысандарының жер телімдеріне қойылатын талаптар

Жеке немесе ғимараттарға жалғастырып салынатын азық – түлік сауда нысандарының құрылысы мен қайта жөндеу, іске қосу жоба құжаттарын бекіту санитарлық – эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүргізіледі.

Оларға келетін жолдар мен тротуарлар, азық түліктерді түсіретін алаңдар асфальтталынып, жауын және еріген қар сулары үшін еңкіш болғаны жөн.

Азық – түлік сауда нысандарының аумағында тазалау жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, жылы мезгілде аумақты жуады (күніне 2 реттен кем емес), ал қыс кезінде мұз бен қардан жүйелі түрде тазартып, мұздақ жолдарға құм себіледі.



Азық – түлік сауда нысандарының жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына:



    1. шыны ыдыстарды қабылдау пунктін, ауданы 1000 м2-ден асатын дүкендерді;

    2. арнайы көкөніс және балық дүкендерін орналастыруға болмайды.

Ғимараттарға жалғастырып салынған азық – түлік сауда нысандары сол жерде тұратын адамдардың өмір сүруіне, демалуына, еңбек етуіне кері әсерін тигізбеуі қажет.

Барлық бөлмелерді шикізат, дайын тағамдық азық – түліктер, қызметкерлер мен келушілердің ағынын ескере отырып орналастыру қажет.

Бөлменің әрбір тобын жеке блоктарға біріктірген жөн: жүкті түсіру, қойма, азық- түлікті сатуға дайындау бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы, сату бөлмелері. Жүкті түсіру, қойма, азық – түлікті сатуға дайындау бөлмесі, сату залы бір-бірімен технологиялық байланыста болғаны жөн.

Көкөніс пен нанды қабылдау үшін жеке есік немесе қоймадан люк қарастырылады.

Тауарды:


    1. тұрғын үйлердің бір шетінен терезесі жоқ жағынан;

    2. жер асты туннельдері арқылы;

    3. егер арнайы жүк түсіретін алаң болса, магистральды көше жақтан қабылдауға болады.

Тауарды тұрғын үйлердің ауласы жағынан тиеуге рұқсат етілмейді. Егер дүкен тұрғын үйлерге жалғастыра салынса, аумағы бір – үш сатушының жұмыс орнына 50м2-ден аспаса, тауарды кірер есік арқылы дүкеннің жұмысы басталардан бұрын немесе үзіліс кезінде тасымалдауға болады.

Ауданы 50м2-ге дейінгі (бір – үш жұмыс орны) дүкендер төмендегідей аудандағы бөлмелердің минимальды жиынтығымен қамтамасыз етіледі.



  1. сату залы – 15м2;

  2. тауарларды сатуға дайындайтын қойма учаскесімен бірге - 8м2;

  3. қызметкерлердің (меңгерушінің) бөлмесі - 6м2;

  4. санитарлық торап – 1,5м2 (кәріз жүйесі жоқ немесе жартылай кәріз жүйесі бар жерлерде аулада орналастырылады).

Тағамдық азық – түліктерді сатуға дайындау мен сақтау үшін салқындатқыш камераларды себезгінің, дәретхана мен қол жуатын орнының астыңғы қабатына орналастыруға болмайды.

Азық – түліктерді түнде қабылдау үшін оларды қабылдауға және сақтауға оқшау бөлме құрастырған жөн. Тез бұзылатын тағамдық азық – түліктер үшін салқындатқыш камералар қарастырылады. Тұрғын үйлерге жалғастыра салынған азық – түлікті сататын нысандарға түнде тағамдық азықтарды әкелуге тиым салынады.

Тез бұзылатын азық-түліктерді сататын бөлімнің қабырғасын 2м биіктікке дейін глазурленген тақтайшалармен қаптау қажет. Салқындатқыш камера тұрған қабырғаны глазурленген тақтайшамен толығымен қаптайды. Шыны тақтайшаны тек қана себезгі мен дәретханада ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Азық – түлікті сататын нысандардың едені тегіс, сәл еңкіштеу және ылғалға төзімді, ылғал өткізбейтін материалдардан төселеді. Асфальтты тек жүкті түсіретін бөлмелерде ғана көліктерге арналған алаңдарға рұқсат етіледі.

Азық – түлікті сататын нысандардағы жұмысшы әйелдердің саны 50 немесе одан да көп болса, әйелдердің гигиеналық бөлмесі қарастырылады.

Тұрмыстық бөлмелерде санитарлық киім мен аяқ киімге арналған шкафтар болуы тиіс.

Санитарлық киімдерді, арнайы және үй киімдерін бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Азық – түлікті сататын нысандардың барлық бөлмелері таза болғаны жөн. Жұмыс соңында 0,5% жуғыш заттармен, содан соң ыстық сумен сату жабдықтары (таразы, сөре, жайма, бөлшектеп өлшейтін қондырғылар) мен бөлмелерге ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Аптасына бір рет ҚР қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен тыңғылықты тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Азық – түліктерді сататын нысандарда айына бір рет санитарлық күн ұйымдастырылады, онда жабдықтарды, керек – жарақтарды, ыдыстарды, бөлмені тазалап жуып, зарарсыздандырады.

Санитарлық күн азық – түлікті сататын нысандардың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі. Азық – түлікті сататын нысанның әкімшілігі санитарлық күннің болатынын алдын ала келушілерге хабарлауы қажет.

Азық – түлікті сататын нысандарда жәндіктер мен кеміргіштердің болуына рұқсат етілмейді. Сату және қойма бөлмелерінде жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізілуі қажет.Тұрмыстық бөлмелерді аусымда ең кемі 1 рет жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуып тазалайды. Дәретхананы жинауға арналған заттарға арнайы белгі қойып, басқа бөлмелерді жинауға арналған заттардан оқшау, арнайы бөлінген жерде сақтайды. Тағамдық азық – түліктерді қабылдайтын, сақтайтын және дайындайтын бөлмелерге бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Азық-түліктерді сататын нысандарға ағымды жөндеу жұмыстары (ақтау, сырлау) қажет болған жағдайда, бірақ жылына кем дегенде 1 рет азық – түлік нысандарын жұмысын тоқтату арқылы іске асырылады.



Азық – түліктерді қабылдау мен сақтауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар

Тағамдық азық – түліктер мен шикізаттың әрбір түрі дайындаған мекеменің сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін растайтын, ҚР заңды құжаттарымен белгіленген тәртіпке берілген, міндетті түрде сақтау температурасы мен соңғы сату мерзімі көрсетілген арнайы құжат болуы тиіс. Қораптың сыртындағы затбелгі (этикетка) тағамдық азық-түліктердің сату мерзімі аяқталғанға дейін сақталуы тиіс.

Азық – түліктердің ыдысы мен қорабы берік, таза, құрғақ, жағымсыз иіссіз және бүлінбеген болуы тиіс. Азық – түліктерді сақтау барысында тауар көршілестігі мен қоймада сақтау ережелері қатаң сақталуы тиіс. Өзіне тән иісі бар азық-түліктерді (сельд, дәмдеуіштер) осы иістерді қабылдайтын азық – түліктерден бөлек сақтаған жөн.

Тағамдық азық – түліктерді су және кәріз құбырларына, жылыту құралдарына жақын жерлерге, қоймадан тыс бөлмелерге, еденге жинауға болмайды, сонымен бірге бөлмелерде тұруға, азық – түліктерді сатумен байланыссыз жұмыс істеуге, қызмет көрсетуге болмайды.



4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 26

5) Әдебиет:
негізгі:

1.Тағам гигиенасы : оқу құралы / ред. басқ. Т. Ш. Шарманов, құраст. А. Б. Чуенбекова. - ; ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. - Алматы : Эверо, 2011.

2.Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы : оқулық. -Шымкент: Б. ж., 2009.

3.Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев. - Алматы : Эверо,

2009. - 160 бет

қосымша:

1.Терехин С.П., Ахметова С.В., Талиева Г.Н. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). –Қарағанды. 2006.-276 бет.

2.Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.


6)Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1.Қоғамдық тамақтану орындарының орналасуына қандай талаптар қойылады?

2.Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар қандай?

3.Бөлмелердің құрылымы мен мазмұнына қандай талаптар қойылады?

4.Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға қойылатын талаптар қандай?

5.Ас үйдегі ыдыс аяқтар қалай жуылады?

6.Азық – түлікті сататын нысандардың аумағына қандай талаптар қойылады?

7.Азық – түлікті сататын нысандардың жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымдарына қойылатын талаптар қандай?

8.Тағамдық азық – түліктерді қабылдауға және сақтауға қандай санитарлық – эпидемиологиялық талаптар қойылады?

3.
1)Тақырыбы: Азық-түлікке арналған материалдар мен бұйымдардың жаңа түрлерін шығару кезінде жүргізілетін ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау. Тағам гигиенасы саласындағы ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.
2)Мақсаты: Студенттерді азық-түлікке арналған материалдар мен бұйымдардың жаңа түрлерін шығару кезінде жүргізілетін ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу тәртібімен және тағам гигиенасы саласындағы ағымдық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізудің тәртібімен таныстыру
3)Дәріс тезистері:

Шығарылатын жаңа өнімдер, сонымен бірге қоршаған орта нысандары (су, атмосфералық ауа, топырақ) адамдардың денсаулығына, еңбек және өмір сүру жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін болғандықтан міндетті түрде мемлекеттік санитарлық қадағалауда болады.

Тағам гигиенасы бөліміндегі санитарлық дәрігер тағамдық шикізаттарға,

азық-түліктерге, оларды дайындау технологиясы мен олармен жанасатын материалдар мен заттарға бақылау жүргізіп отырады.

Жаңа өнімдердің сапасы мен гигиеналық көрсеткіштерін тексеру үшін зертхана қызметкерлері қатыстырылады.

Жаңа өнімдер мен технологияға мемлекеттік санитарлық қадағалау келесі кезеңдерде жүргізіледі:



  • өнімдердің түрлерін ойластыру;

  • өнімді өндірісте шығаруға дайындау;

  • өнеркәсіпте шығару;

  • жаңа өнімді ендіру және қолдану.

Жаңа өнімдерді шығару жоспарлы түрде іске асырылады.

Жұмысты жоспарлау барысында ескерілуі қажет:



  • жаңа өнімді шығарушы мекеменің немесе өндірушінің мәліметі;

  • шығарылатын жаңа өнім туралы толық мәлімет;

  • жаңа өнімді өндірісте шығару туралы жоспар;

  • жаңа техника мен технологияны енгізу туралы жоспар;

  • жаңа өнімді қолдану немесе сату жайлы мәлімет.

МСЭҚ мамандарының жаңа өнімді шығару барысын қадағалаудағы мақсаты өнімге гигиеналық тұрғыдан баға беру, барлық көрсеткіштерінің нормативтік-техникалық құжаттарға сай болуын бақылау.

Жаңа өнімнің үлгісі толық тексеруден өткен соң акт түзіледі.

Санитарлық бақылауды алдын алу (сақтық) мақсатындағы және ағымдағы (күнделікті) бақылау деп екі түрге бөледі.

Алдын aлy мақсатындағы санитарлық бақылау, нысандарды пайдаланудың алдындағы немесе өнімді тұтынушылар қолдануының алдындағы кезеңдерінде іске асырылады.

Ағымдағы санитарлық бақылау пайдаланып отырған нысандарға жүргізіледі және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес кезеңмен жүргізіледі. Ағымдағы санитарлық бақылауды жүргізуге емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлері мен ортаңғы медицина қызметкерлері кеңінен қатыстырылады. Мысалы, дәрігерлер халықтың жеке топтарына диспансерлік бақылау жүргізеді, аурудың себептерін анықтау және олардың дамуының алдын алатын шаралар қолдану мақсатында денсаулық жағдайына терендетілген медициналық зерттеулер жүргізеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық кызмет іске асыратын барлық шара­лар адамның денсаулық жағдайы бұзылуының алдын алуға бағытталған. Мазмұны мен міндеттері бойынша, аурулардың алдын алуды біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөледі. Біріншілік алдын алу аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған. Бұл қоршаған ортаны сауықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын, ұтымды жұмыс тәртібі мен демалу тәртібін ұйымдастыру жөнінде шаралар жүргізуді және т.б. қарастырады. Екіншілік алдын алу сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологияның алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өзінің күнделікті жұмысында, адамдардың тіршілігінің барлық тұстарын қамтитын мемлекеттің заңдарының, үкімдерінің, жарлықтарының, нормативтік және нұсқаулық құжаттардың және басқалардың жиынтығы түріндегі санитарлык, заңнамаларға сүйенеді. Атап айтқанда, ондай санитарлык заңнамаларға кіретіндер:


  • «ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы», «ҚР Экологиялық кодексі» және басқа да ҚР заңдары;

  • ҚР Президентінің Жарлықтары және ҚР үкіметінің Қаулылары;

  • Гигиеналық нормативтер: ШРЕК. ШРЕД, ӘШАҚД, ДШ (доза шектері -иондағыш сәулеленулер үшін) және басқалар;

  • Әр түрлі нысандарды орналастыруға, жоспарлауға, салуға, керек-жарақпен жабдықтауға және пайдалануға қойылатын гигиеналық талаптар жазылған санитарлық ережелер мен нормалар (СанЕменН), құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ), әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, ереже жиынтықтары, нұсқаулар;

  • Тағамдық азықтардың, су құбырлары суларының және басқалардың сапасына арналған мемлекеттік стандарттар (ГОСТ-тар), салалық стандарттар (ССТ-тар), шикізаттарға, өнімдерге, жабдықтарға арналған техникалық шарттар.

Заңнамалық құжаттарға кіретін құжаттарды гигиеналық ғылыми зерттеу мекемелері немесе гигиена мамандарының қатысуымен басқа ведомстволар дайындайды және бұл құжаттардың барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін зандық күші бар.


: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет