Пәні бойынша 050103-“Педагогика және психологияі” мамандығының 4-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған Құрастырған: аға оқытушыИсаева К. А жетісай-2009



жүктеу 1.41 Mb.
бет5/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> obsoj -> BPA
BPA -> Филология және психология” факультеті “Психология және педагогика, бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы «Мәтінге тілдік талдау»
BPA -> Сабақтың тақырыбы : Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы Сабақтың жоспары
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> “Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы” пәні бойынша
BPA -> «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»
BPA -> Филология және психология” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі»
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
Қолданылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі:

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.

3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.

4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995

Қосымша:

5.Айдаров Г. Орхон ескерткіштерінің тексті. А., Ғылым, 1990.

6.Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. 3т. Алматы, 1991.

7.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. А., 1987.

8.Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.

9.Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995.

10.Волков Г.Н: Этнопедагогика. Чебоксары, 1990.

11.Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск, 1997.

12.Диваев Ә. Тарту. Алматы. Ана тілі, 1992.

13.Дулати М.Х. Тарихи-Рашиди. Алматы, 1999.

14.Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. А., 1993.

15.Кәмәләшұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005.

16.Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

17.Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А., 1993.

18.Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалылығы. А., 1991.

19.Құралұлы А. Салт-дәстүрге, тарихқа, дінге байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі. А., 2006.

20Табылды Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. А., 2006.

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ



Тақырыптар

Апта саны

Бақылау түрі

Ұпай саны

1

ҚР ұлттық саясат(тәлім-тәрбие) жөніндегі құжаттары.










2

ХУ-ХІХ ғ. Қазақтың ақын-жырауларының тәрбиелік мектебі.

1- апта


Тест

2,0 балл

3

Классик-педагог Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұраларындағы халықтық тәрбие.







4

Ы.Алтынсарин мұраларын халықтық педагогикасы тұрғысынан ғылыми түрде қарастыру.

Тест

3,0 балл

5

Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі.

2- апта







6

Орыс және батыс Европалық ғалымдар қазақтың халықтық тәрбиесі жөнінде.

Тест

Эссе


3,0 балл

7

А.Байтұрсыновтың этнопедагогикалық идеялары..

3- апта








8

Көпэтностық Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие.

Тест

3,0 балл

9

Сөз халық педагогикасында-тәрбиенің құралы.







10

Жаңа заманға сай туындаған салттар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні.

Тест

3,0 балл

11

Патриотизмнің модельдері.

4- апта







12

Ұрпақтар ұласымдылығы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.

Тест

3,0 балл

13

Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері.










14

Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.

5- апта

Тест

Глоссарий



3,0 балл




Барлығы:







20 балл




  1. апта.

ҚР ұлттық саясат (тәлім- тәрбие) жөнінде құжаттар.

Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.

Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.

Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.

Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәірден бастау алады.



Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.


1 апта.

Класик- педагог Я.А. Коменскийдің педагогикалық мұраларындағы халықтық тәрбие
Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.

Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi. Я.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.

“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс.

Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.

Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады.

1- апта. 5,0 балл

ХУ-ХІХғ.қазақтың ақын-жырауларының тәрбиелік мектебі.

Ы. Алтынсарин мұраларын халықтық педагогикасы тұрғысынан ғылыми түрде қарасытру



1. Этнопедагогиканы зерттеуші тұңғыш қазақ әйелі ?

А) Н. Құлжанова

В) Р. Сыздықова

С) Р. Нұртазина

Д) К. Дөненбаева

Е) З. Тамшыбаева



2.“Айтолды” қай шығарманың кейіпкері?

А) “Даналық кітабы”

В) “Құтты білік”

С) “Ақиқат сыйы”

Д) “Музыканың ұлы кітабы”

Е) “Түркі сөздерінің жинағы”



3.Әлемнің Екінші ұстазы кім?

А) Аристотель

В) Ұлықпан Хаким

С) Әл- Фараби

Д) Платон

Е) Ж. Баласұғни



4.“Білімсіз адам хайуан мен тең”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз?

А) М. Х. Дулати

В) Ж. Баласұғни

С) М. Қашқари

Д) Қ. А. Иассауи

Е) А. Жүйнени



5.Қазақ тілінде алғаш педагогика оқулығын жазған кім?

А) Ы. Алтынсарин

В) М. Жұмабаев

С) Ж. Аймауытов

Д) А. Құнанбаев

Е) Ш. Құдайбердиев



6. Қазақ тілі грамматикасын жазған кім?

А) Ш.Құдайбердиев

В) М.Жұмабаев

С) А.Байтұрсынов

Д) Ж.Аймауытов

Е) М.Дулатов



  1. Қазақта тұңғыш академик атағын алған кім?

А) Ш. Уәлиханов

В) Қ. Сәтбаев

С) М. Әуезов

Д) Ә. Марғұлан

Е) А. Құнанбаев


  1. Уәзірдің баласы Уғдүлміш қай шығарманың кейіпкері?

А) “Даналық кітабы”

В) “Ақиқат сыйы”

С) “Құтты білік”

Д) “Түркі сөздерінің жинағы”

Е) “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат”


  1. Хибатул- хақайық” (Ақиқат сыйы)- деген кітаптың авторын атаңыз.

А) Әл- Фараби

В) Ж. Баласұғни

С) М. Қашғари

Д) А. Жүйнени

Е) Қ. А. Иассауи


  1. Мына негіздердің қайсысы өмірге бірінші тірек.

А) Денсаулық

В) Білім


С) Еңбек

Д) Оқу


Е) Тәрбие

11. Алғаш мектепке дейінгі педагогика оқулығын жазған кім?

А) Ш. Құдайбердев

В) М. Жұмабаев

С) Ы. Алтынсарин

Д) А. Байтұрсынов

Е) Н. Құлжанова



  1. Ғұдатғу біліг”–– атты шығарманы кім жазған, қай ғасырда?

А) ХІ ғ.Махмуд Қашғари.

В) ХІІ ғ. Қожа Ахмет Иассауи.

С) ХІ ғ. Жүсіп Баласағұн.

Д) ХІХ ғ. Абай Құнанбаев.

Е) ІХ ғ. Әбу Насыр Әль-Фараби.


  1. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген ғалым кім?

А) Чуваш ғалымы Г. Н. Волков.

В) Әзербайжан педагогы А. Ш. Гашимов.

С) Татар педагогы Я. И. Ханбиков.

Д) Орыс педагогы К. Д. Ушинский.

Е) Қазақ демократ-ағартушысы Ы. Алтынсарин.

14. Халықтық тәрбиенің мақсаты – бұл:

А) Жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесі

В) Жетілген адамды қалыптастыру

С) Тұлғаны еңбекке тәрбиелеу

Д) Тұлғаның адамгершілік тәрбиесі

Е) Денсаулығы мықты адамды тәрбиелеу



15. Әрбір жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қандай ретпен меңгереді?

А) Еліктеу, үйрету, тапсырма беру, талап ету

В) Ақыл-кеңес, тапсврма беру, жаттығу

С) Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Д) Еліктеу, талаптарды түсіну, оларды меңгеру, рухани

қасиеттерді қалыптастыру

Е) Мінез-құлық әдеттері мен салттары, белгілі бір жеке тұлғалық

қасиеттерді қалыптастыру



16. “Орхон - Енисей” – ескерткішінің авторы кім?

  1. Күлтегін

  2. Білге – қаған

  3. Иоллығ – те гін

  4. Тоныкөк

  5. Қорқыт ата

17. Әл – Фараби туылған қала

  1. Отырар

  2. Сайрам

  3. Түркістан

  4. Бағдат

  5. Шымкент

18. “Құдатғу білік” қай ғасырда жазылған?

  1. ҮІІ

  2. ҮІІІ

  3. ІХ

  4. Х

  5. ХІ

19. Ж.Баласағұн қай қалада туылған?

  1. Қарахан

  2. Отырар

  3. Түркістан

  4. Сайрам

  5. Баласағұн

20. Қ.А.Яссауи қай қалада туылған?

  1. Қарахан

  2. Отырар

  3. Түркістан

DСайрам

Е)Баласағұн





  1. апта.

Абайдың қазақ педагогикасыынң тереңірек дамуына қосқан үлесі
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.

Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.

Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.

Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді.

Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан ақын көсем сөз арқылы да өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, іршіліктен іс-әрекеттік кемшіліктерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай үшінші сөзінде қазақ халқының “бірінің –біріне қаскүнем болатынын, бірінің тілеуін бірі тілдеспейтінін, рас сөзі аз болатынын, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі не” деп оның ұлттық кемшіліктерін атап көрсетеді, мұның бәрі тек малды ойлап, малға бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп, еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін уағыздайды.

Абай қазақтың салт-дәстүрін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, “Аса, тойға баратұғын” деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табу, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махабаттың иесін арудың сүйген жарының қазынасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын осы арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.

Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші-халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.

2-апта. 3,0 балл.

Орыс және батыс Европалық ғалымдар қазақтың халықтық тәрбиесі жөнінде

ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласы саяси сенімсіз адамдардың жер ауып келген екінші отанына айналды.А.Герцен,Б.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов сияқты орыстың революционер-демократтарының ықпалында болған Т.Г.Шевченко, Ф.М.Достоевский, В.Н.Майков, С.Ф.Дуров, Е.П.Михаелис, т.б. орыс, украин халқының демократ ұлдары қазақ даласында айдауда болып, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтардың ағартушылық демократиялық көзқарастарынң қалыптасуына игі әсер етті. Орыстың алдыңғы қатарлы демократ-ағартушы зиялы қауымы қазақ мәдениетіне шынайы достық көзқараста болды. Мәселен, орыстың М.Вяткин сияқты атақты тарихшылары қазақтар туралы осындай үстірт пікірдің шындыққа сай келмейтін айта келіп, “Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді”.

Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Морко Поло (1245-1324) болды. Ол өзінің “0 разнообразии мира” деген кітабындадүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақтыат мініп, жол азық алмай ет асыпжейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретінін, атына жіне өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгілер арқылы тауып алып, ұрланған адамға жеті қамшыдан үш жүз қамшыға дейін дүре соғу айыбын кесетінін сөз етеді.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік- 'экономикалық жағдайдың негізінде дамып ,жаңарып , жетіліп отырған . Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау , таяқ жүгірту ,садақ ату , қақпатас , қара тас ойындары пайда болса, келесі дәуірде қайталау – жаттығу нәтижесінде0 бұл ойындар аң аулау , бүркіт салу , құс салу , садақ тарту , жамбы ату , карачие- найза лақтыру , қақпан – тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп , мазмұны байый түскен .

Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұхсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай, Орынбор ,Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А . Гумбольд қазақ жерінде жүріп , көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін , Канкрин мен Шеллерге жазған хатында: « Мен қазақ ауылында болған кезімді аса құрметті кезең деп есептеймін . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едім . Бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек » дейді .

Француздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» деген еңбегінде ұлына жазған хатында «Қымбатты ұлым , сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті . Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе , алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын- сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракөлден тігілген тон кигізді» дейді.

Ал ұлты француз, өзі Ресей Ғылым академиясының мүшесі П.С.Палластың «Ресей империясының түрлі аймақтарына саяхат» атты кітабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның ішінде бақсы балгерлерді әр жікке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидің «Орта Азия очерктері», «Орта Азияға Саяхат» деген еңбектерінде Бұқар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғалады.

«Ел кезген сапарларымда,- деп жазады А. Вамбери ,-олардың тұрақ –мекендерін кездестірдім, халқының сан мөлшері туралы сауалыма үнемі «әуелі даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана »-деп күле жауап береді.

Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал-Каспий көлбеуін мекендеуші халықтар” атты еңбегінде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, ол: “... бүкіл Ресейдің көлеміндей жерді , Еділ жағалауынан Алатауға дейін, Амударияның ағымынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан екі миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын.-СҚ) Қазақ ұлты Азияның көшпелі нәсілінің ішіндегі ең өсіп өнген ел, бірақ бөлшектенуі де шексіз: қазақтар өздерін қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңіз құмына теңейді. Белгілі шығыстанушы ғалым Г.клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегі “Азия журналы” бетінде француз тілінде жарық көрген “Қазақ тілі жайлы” деген мақаласында қазақтарды манғол тегіне жатқызуға байланысты жаңсақ пікірге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе , Р. Карутстың “Маңғышлақ түрікмендері мен қазақтардың арасында” атты кітабы сол кездегі қазақ тұрмысын біршама байыпты қарастырылған.

Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзінің “қазақтар ” атты очеркінде (М.,1901ж) қазақтың қыз қуу, ат жарыс , жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келіп, “тап қазақтардай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбыл...” деп, олардың өнерді қастерлеуін кең сахарада көшіп-қонып еркін жүрумен байланыстырады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет