Пәні бойынша 050103-“Педагогика және психологияі” мамандығының 4-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған Құрастырған: аға оқытушыИсаева К. А жетісай-2009



жүктеу 1.41 Mb.
бет6/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> obsoj -> BPA
BPA -> Филология және психология” факультеті “Психология және педагогика, бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы «Мәтінге тілдік талдау»
BPA -> Сабақтың тақырыбы : Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы Сабақтың жоспары
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> “Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы” пәні бойынша
BPA -> «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»
BPA -> Филология және психология” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі»
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К

Эссе

(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)



3- апта.

А. Байтұрсыновтың этнопедагогикалық идеялары
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім.

Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.

Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама.

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.

А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді. “Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жазды.

2. “Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол.



  1. апта.

Сөз педагогикасында- тәрбиенің құралы.

Ұлттык білім беру ісі мен ұлттық тәрбие ісін ғұламалар жалпы адамзатгық іс деп қарады. Әлемнің Екінші ұстазы аталған Әл-Фараби "тәрбиесіз білім — адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті... Білім беру мен тәрбиелеу — біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып кұра білді.

ХІІІ-ХV ғасырларда монғол шапқыншылығы, Алтын Орданың ыдырауы кезінде қазақ жерінде болған зобалаң ұлттық тәрбие мен ұлттық білім беру ісіне тосқауыл болды.

XV ғасырдан бастап "қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес косқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар... жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен, өлең -жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып" халықгық педагогиканың жыр, шешендік сөздер, өнеге, өсиет түрлерін ұлттық тәрбиенің басты құралдары етіп ұсынды. Ақын-жыраулар мен билердің, шешендердің өсиеттері, өнегелері, халықгың ауыз әдебиеті мен ұлттық әдебі, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ұлттық тәрбиенің нағыз мектебі болды.

XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін Ресейдің бодандығында болу — қазақ халкының ұлттық тәрбиесіне, ұлттық білім беру ісіне кесір-кедергілерін тигізгенімен, халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер) дамып, қалыптаса берді. Ақын халыктың ауыз әдебиеті дамып, қалыптасып, қазақ ұлтының өз мәдениетінің, рухани мұрасының сәулетін көрсетті.

XIX ғасырда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов ұлттық тәрбие беріп, мәдениетті дамыту ұлтгық білім берумен байланысты екенін дәлелдеп, оку-білімге шақырды, мектептер ашты.

XX ғырдың басында Ахмет Байтұрсынов, Жїсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін қалады. Сөйтіп этнопедагогика ғылымының негізгі тіректері жасалынды. XX ғасыр соңында қазақ этнопедагогикасының ғылым болып калыптасып, пән болып оқытылуына жол ашылды.

Казақ этнопедагогикасының негізгі ерекшеліктері: халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері) жан-жақты, қарымды қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.



Этнопедагогика — ғасырлар бойы қалыптасып, одан әрі қарай дамып, келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық, дүниетанымдық, мәдениеттанымдык, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп, ғылыми жүйесін салалап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілік пен кажырлы ғылыми еңбектерге байланысты.

3-апта. 6 балл.

Көпэтностық Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие.

Жаңа заманға сай туындағын салттар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні



1. Арыстанбаб кесенесі қай жерде орналасқан?

  1. Отырар

  2. Түркістан

  3. Сайрам

  4. Шымкент

  5. Қарахан


2. “Құтты білік” – дастаны неше тараудан тұрады?

  1. 80 – тараудан

  2. 85 тараудан

  3. 87 – тараудан

  4. 90 – тараудан

  5. 95 – тараудан

3. “Құтты білік ” дастанындағы төрт кейіпкердің бейнесі?

  1. Әділет, Шындық, Ақиқат, Сенім

  2. Әділет, Бақыт, Ақиқат, Еңбек

  3. Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат

  4. Бақыт, Еңбек, Ес, Қанағат

  5. Қанағат, Нысап, Әділет, Ақиқат

4. Күнтолды қай еңбектің кейіпкері?

  1. “Құдатғу білік”

  2. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”

  3. “Түс көру туралы сөз”

  4. “Хибадул хакайық”

  5. “Диуани хихмет”

5. М.Қашқарй қай қалада туылған?

  1. Түркістан

  2. Отырар

  3. Карахан

  4. Барысхан

  5. Баласағұн

6. “Ереуіл атқа ер салмай” - өлеңінінің авторы кім?

  1. Шортанбай

  2. Исатай

  3. Махамбет

  4. Майлықожа

  5. Шалкиіз

7. “Зор заман” - - өлеңінің авторы кім?

  1. Махамбет

  2. Шортанбай

  3. Исатай

  4. Майлықожа

  5. Асан Қайғы

8. Шортанбай Қанайұлы қай жерде туылған?

  1. Түркістан

  2. Сайрам

  3. Отырар

  4. Баласағұн

  5. Қарахан

9. “Мұнар күн” өлеңінің авторын ата?

  1. Махамбет

  2. Исатай

  3. Шортанбай

  4. Асан Қайғы

  5. Шалкиіз

10. “Тарихи Рашиди” (Рашидтің тарихы) еңбегінің авторы кім?

  1. Ж.Баласағұн

  2. М.Қашқари

  3. Х. Дулати

  4. Әл – Фараби

  5. Қ.А.Яссауи

11. Асан Қайғы жырау қай ғасырларда өмір сүрген?

  1. ХІІІ

  2. ХҮ

  3. ХҮІІ

  4. ХІХ

  5. ХХ

12. “Қырында киік жайлаған” – атты толғаудың авторы?

  1. Ақтамберді

  2. Жиембет

  3. Шалкиіз

  4. Асан Қайғы

  5. Доспамбет

13. Арғымаққа міндім деп,

Артқы топтан адаспа.

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа.

Ғылымым жұттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама.

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама, - деген өлең жолдарының авторы кім?



  1. Жиембет

  2. Ақтамберді

  3. Шалкиіз

  4. Доспамбет

  5. Асан Қайғы

14. “Қалқаман Мамыр” поэмасының авторы кім?

  1. Жүсіпбек

  2. Мағжан

  3. Ахмет

  4. Шәкәрім

  5. Міржақып

15. “Ілімге толса көкірк, жақсы болсың жұбайың”, “Ұрлықтың түбі қорлықты”, “Ер көгерер дұғаменен” т.б. толғаулардың авторы?

  1. Асан Қайғы

  2. Шалкиіз

  3. Майлықожа

  4. Шал Ақын

  5. Махамбет

16. “Ләйлі Мажнүн” – аты ғашықтық дастанының авторы?

  1. Шәкәрім

  2. Мағжан

  3. Жүсіпбек

  4. Міржақып

  5. Ахмет

17. “Бақытсыз жамал” романын кім жазды?

  1. Ахмет

  2. Шәкәрім

  3. Мағжан

  4. Жүсіпбек

  5. Міржақып

18. М.Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

  1. Мұнар күн

  2. Қалқаман Мамыр

  3. Ләйлі – Мәжнүн

  4. Айман

  5. Шолпан

19. “Түркістан” - өлеңінің авторы?

  1. Ахмет

  2. Міржақып

  3. Жүсіпбек

  4. Шәкәрім

  5. Мағжан

20. “Пайда ойлама ар ойла,

Талап қыл артық білуге” – деген өлең жолдарының авторы?



  1. Абай

  2. Шәкәрім

  3. Жүсіпбек

  4. Міржақып

  5. Мағжан

21. … “Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады” – деген жолдардың авторы кім?

  1. М.Жұмабаев

  2. Ғ.Мүсірепов

  3. Ғ.Мұстафин

  4. Б.Момышұлы

  5. М.Дулатов


22. “Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ” – деген жолдардың авторын ата?

  1. А.Жүйнеки

  2. Ш.Құдайбердиев

  3. Ж.жабаев

  4. Ғ.Мұстафин

  5. Ғ.Мүсірепов

23. Қазақтың келіні күйеуінің қандай жақынын “тетелес” деп атайды?

  1. Ағасы

  2. Інісі

  3. Жолдасы

  4. Досы

  5. Әпкесі

24. Үлкенді сыйлау қандай әрекетке жатады?

  1. Әдет

  2. әдет – ғұрып

  3. Салт

  4. Дәстүр

  5. Сенім

25. Құртқа қай жырдың кейіпкері?

  1. Алпамыс батыр

  2. Қобыланды батыр

  3. Ағыбай батыр

  4. Қамбар батыр

  5. Есет батыр

26. Ұлттық намыс қай рәсімге жатады?

  1. Қайырымдылық

  2. Әдептілік

  3. Перзенттік парыз

  4. Ізеттілік

  5. Салауаттылық

27. Қазақтың меймандостығы қай дәстүрге жатады?

  1. Ұжымдық дәстүр

  2. Ұлттық дәстүр

  3. Әлеуметтік дәстүр

  4. Салт – дәстүр

  5. Дәлдік дәстүр

28. “Ұлттық мақтаныш – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде - кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза, қаңғыбас” –

деген жолдардың авторы?

  1. Б.Момышұлы

  2. М.Жұмабаев

  3. А.Байтұрсынов

  4. А.Жүйнеки

  5. Ш.Құдайбердиев

29. “Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады” деген жолдардың авторын ата?

  1. Абай

  2. Шәкәрім

  3. Ахмет

  4. Міржақып

  5. Ыбырай

30. “Еңбексүйгіштік адамның адамдық қасиетінің негзгі өлшемдерінің бірі” – деген жолдардың авторын ата?

  1. Ғ.Мүсірепов

  2. Ғ.Мүстафин

  3. Ш.Айтматов

  4. Б.Момышұлы

  5. Ж.Баласағұн

31. Қонаққа бас тарту қандай жоралғы?

  1. Қонақ кәде

  2. Бастаңғы

  3. Сыбаға

  4. Рәсім

  5. Ырым


32. Отанға қызмет ету қай рәсімге жатады?

  1. Міндет

  2. Борыш

  3. Мақсат

  4. Парыз

  5. Дәстүр

33. Есіріктен аулақ болу қай рәсімге жатады?

  1. Ізеттілік

  2. Салауаттылық

  3. Үнемділік

  4. Қайырымдылық

  5. Инабаттылық



  1. апта.

Патриотизмнің модельдері
“Ер ел үшін туады”деп халқымыз ер бала туғанда “батыр”, “сарбаз”, “мұрагер”деген сүйінші сөздерін айтып, қуанады. Баланы “тепсе темір үзетін

батырлыққа,ерлікке, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болуға тәрбиелейді. Бақытты балдырған ата-анасының үмітін ақтау үшін, олардың ұлағатты сөздері мен өнерлерін орындауға бейімделеді.

Балалар ес біле бастағаннан ел-жұрты, ата-анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық тағылымдарынан тәлім алуға баулиды. Ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлар жырларындағы өнегелермен қатар, өмірде болған ұлы адамдардың өмірін үлгі етеді. Мысалы: ұлы ғалым Шоқан 3 жасында хат таныған ; ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында “мәшһүр”(білгіш) атанған; Абай атамыз жасында билікке араласқан атақты әулие батыр атамыз Райымбек 15 жасында керемет ерлік жасаған; қазақ халқының бірлігін сақтап, елдің ел болуына басшылық жасаған бабаларымыз : Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, 14-15 жасынан бастап халыққа әділ билік жасап, өздерінің шешендіктерін, данышпандықтарын танытқан. Ер баланың тәлім-тәрбиесі үшін халық тарихи қалыптасқан дәстүрлердің орындалуын қадағалайды. Ол үшін ең әуелі халық баланың намыс сезіңмін “ер намысын”қалыптастырады.

Ер намысы-тәлім -тәрбие арқылы қалыптасқан әулеттік, ұлттық, дәстүр, халықтық салт-сананың бір негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Елін қорғау ерінбей еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үүрену, күшті, жігерлі болу айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу,жасық болмау, оқу оқып, білімді игеру т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру-ер азаматтың намысын ақтап, абыройлы болуы. Халықтың өкімдік дәстүрін пір тұтқан ер азамат “Жаным-арымның садағасы” деп, арын биік ұстайды. Өз н.амысын, ел намысын қорғайды.

“Отан отбасынан басталады” – деп, халқымыз айтқандай, Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, ауылы, ауданы, облысы аймағы, өлкесі, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. Әрбір тіршілік иесіне өмірден қымбат не бар?! Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу, онда тұратын ақкөңіл адамдарды, еңбекшіл елді, қаһарман халықты қадірлеу, оны сүю дәстүрге айналған.

“Отан – оттан ыстық”, “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” – деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: “Отаның үшін отқа түс – күймейсің”, -- дейді. Отанның – егеменді елдің иесі – адал жүректі адамдар: ата – ана, аға – іні, апа – қарындас, бауырластар мен ағайындар, достар мен жолдастар, көршілер мен жерлестер, айналадағы асыл адамдар. Халық дәстүрінде, міне, осыларды сүюге жас баланы жалындата тәрбиелеу борыш саналады. Халықтың: “Ең әуелі өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деген мақалы сыйласым рәсімі халықтық дәстүрге айналғандығын көрсетеді. Әрбір әдепті адам өз Отанымен қатар, бүкіл адам баласын да сыйлауға тиіс. Халқымыз “Өз елің – алтин бесік”, “Басқа елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол” деп, ұрпақтарын өз елін қастерлеп, қадірлеуге үйретеді. “Егер Отаныңды сүйсең, оны жаудан қорғай біл ”, “Туған жердің топырағының иісі жұпар”, “Ит тойған жерінде, ер туған жерінде”, “Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер”, “Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің” деп, елді сүю ерді ерлікке ейімдейтінін дәлелдейді.

Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастарқандай балада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбәр адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

“Жаным – арымның садағасы” дейтін әрбір азамат киелі ұлттық намыс сезімінен туған жердің әрбір гүлін аялап, тамаша табиғатын қорғауға міндетті. “Отанын сүймеген – опасыз” дейді халық. “Опасызда Отан жоқ, онда оған орын жоқ” деп, халық өз елін, Отанын сүймеген нақұрыстарды аяусыз жазалайды.

Отан – ана! Ана тілі білмеген, ана тілді сүймеген “ақылы жоқ желікбастарды” халық “мәңгіген мәңгүрт” деп, жек көреді. Ана тілді сүймеген адам халқын да сүймейді. Қазақ мемлекеті – біздің сүйікті Отанымыз. Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мелекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз! Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, әуезді де тез дамығыш тіл. Халықтың тілашар дәстүрі ұрпақты ана тілі қастерлуге, ұлттық тіл арқылы елді құрметтеуге үйретеді.

“Халқын сүйген – салтын сүйеді”. Отанды сүю үшін, оның салтын, заңын сүюді ұрпағына тағылым етеді халқымыз.

Ел белгілері мен рәсімдерін қастерлеу дәстүрі және тәрбие.

Әрбір отбасының, әулетінің, рудың, ұлттың дәстүлік, салт – саналық белгілері -- әдепті сыйласам мен ар – намыстық, парыздық, борыштық іс - әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: ен, таңба, Елтаңба, Елұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.

Ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Әрбір отбасының жеке иелігіндегі малына салынатын өз ені болады. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Ен - таңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал - мүліктерді қадірлеп, қорғай білу үшін жасалынған салттық көріністер еді.

Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Елұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиеті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындауын көздейді.

Қазақстанның Елтаңбасының жарқын күн сәулесі, ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк – кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Кең пейілді еліміздің аспаны ашық, тыныштық сәулеті биік. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ Қазақ халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн – ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қазақта “қара шаңырақ” деген қасиетті сөз бар. Ұрпақтары өсіп, өркендеген алкен үйдің шаңырағын халық “қара шаңырақ” дейді. Сол “қара шаңырақтың” Елтаңбасындағы көрінісі шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп тұр. Ондағы қанатты тұлпардың баламалық мәні халықтың аңыз – ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден азат еткен. Сол азаттық тұлпарының бейнесі – еліміздің азаттығының, ерлеріміздің жеңімпаздығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жақыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу – бақыт!

Көк байрақ – Туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден – ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде “уа, аруақ, қолда!” деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесінің мәні зор: Туымыздың көк теңбіл – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күні – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұғып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Кең пейілді, кеңісі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақиық қырандай түлегі болу – бақыт! Көк байрақ – туымыз көкке көтерілгенде әрбір әдепті адамның Туға қарап, жеңімпаздық сезамі деп., ұлттық мақтанышы құлшындырып, қарқынды қажырының толқынды толғанысы пайда болады. Арайлы Ту көтерілгенде, ата – бабаларымыздың аруағы аялап, шалқыған шаттығымыз ет – жүрегімізді елжіретеді. “Менің мынау қасиетті Отаным – жнаымнан да қымбат!” деп, орайлы ой биігіне көтерілеміз. Төбеміз көкке жеткендей болады. Туымызды ұлы жиындарда, шеру – салтанаттарда алып шығып, көкке көтереміз! Көк байрақ – Туымыз еліміздің ең биік тұғырларындав көкке көтеріліп, желбіреп тұр. Біз Ту қасынан бас иіп өтеміз, серт айтып, қаһармандық іске кірісерде, халқымызға ант беріп, Туымызды сүйіп, оған табынамыз. Туымызды қорғау, Ту астында құрметтеліп, суретке түсу, Ту көтеруші болу қандай бақыт! Өйткені Туымыз – біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар – ожданы! Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу: оның ерлерініңғ азаттығын, ерлігін құрметтеу! Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі – ел Туын елжірей сүйіп, құдірет тұтып, құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!


  1. апта. 3,0 балл.

Ұласымдылығы тұлғаның әлеуметтік дамуыынң жәен халықтың рухани процесінің факторы

Т е с т

1. Бата қай дәстүрге жатады?

  1. Ырым

  2. Тыйым

  3. Сенім

  4. Насихат

  5. Рәсім

2. “Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп

болмайды деген кісінің тілін кесер едім”–– деген сөздің авторы кім?

А) Ш. Уалиханов.

В) А. Байтұрсынов.

С) А. Құнанбаев.

Д) М. Жұмабаев.
Е) Ш. Құдайбердиев.

3. “Жаман мінез - құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесінге еліктеуіміз керек” – деген жолдардың авторы?


  1. Абай

  2. Ибн Сина

  3. М.Қашқари

  4. А.Жүйнеки

  5. Әл Фараби

4. “Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” – деген жолдардың авторы?

  1. Н.Назарбаев

  2. Д.Ахметов

  3. О.Жұмабеков

  4. О.Мұхамеджанов

  5. И.Тасмағамбетов

5. Ел белгісі нені көрсетеді?

  1. Рәсім

  2. Рәміз

  3. Жөн – жоралғы

  4. Насихат

  5. Сенім

6. Адамды жеңіске жеткізетін қозғаушы күш неде?

  1. Мақсат

  2. Арман

  3. Әрекет

  4. Міндет

  5. Парыз

7. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

А) Ж. Аймауытов

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Дулатов

Д) М. Жұмабаев

Е) А. Байтұрсынов




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет