Пәні бойынша 050103-“Педагогика және психологияі” мамандығының 4-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған Құрастырған: аға оқытушыИсаева К. А жетісай-2009


“Мектеп керектері”, “Әліпби”, “Тіл құралы”, Әдебиет танытқыш- деген еңбектердің авторын атаңыз



бет7/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. “Мектеп керектері”, “Әліпби”, “Тіл құралы”, Әдебиет танытқыш- деген еңбектердің авторын атаңыз.

А) А. Құнанбаев

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Жұмабаев

Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Байтұрсынов



9. “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”- деген сөйлем жолдарының автрын атаңыз.

А) М. Дулатов

В) М. Жұмабаев

С) Ш. Құдайбердиев

Д) Ж. Аймауытов

Е) А. Байтұрсынов



10.“Педагогика”, “Сауатты бол”, “Әліппе”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) А. Байтұрсынов

В) М. Дулатов

С) Ж. Аймауытов

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) М. Жұмабаев



11. Жұмбақтарды “Жан жақты жымдасқан метафора” деген кім?

  1. Аристотель

  2. Платон

  3. Сократ

  4. Демокрит

  5. Цицерон

12. “Менің өзім нашармын,

Кілттің аузын ашармын,

Бұл бейнетті көргенше,

Шеш қолымды, Қарлыға

Рұқсат берсең қашармын!” деген өлең жолдары қай батырлар жырында баяндалған?


  1. Алпамыс батыр жыры

  2. Қобыланды батыр жыры

  3. Қамбар батыр жыры

  4. Ертарғын жыры

  5. Ғашықтық жыры

13. “Ел болу үшін, бесігіңді түзе” деген сөздің авторы кім?

  1. Ғ.Мұстафин

  2. Ғ.Мүсірепов

  3. С.Мұқанов

  4. М.Әуезов

  5. С.Мәуленов

67. Сыйыр малының атсы қалай аталады?

  1. Шек –шек ата

  2. Шопан ата

  3. Қамбар ата

  4. Ойсыл қара

  5. Зеңгі баба

14. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, мақсатына байланысты үш салаға бөлінеді?

  1. Спорттық ойындар, қиымыл – қозғалыс ойындар, ұлттық ойындар

  2. Ойын –сауық, тұрмыс - салт, оймен келетін ойындар

  3. Жан –жануарларды бейнелейтін ойындар, ұлттық ойындар, ережелі ойындар

  4. Тұрмыс – салт ойындары, спортық ойындар, қимылды ойындар

  5. Тұрмыс – салт ойындары, қимыл – қозғалыс ойындары, логикалық ойындар

15. Жеті қазынаны ата?

  1. Азамат, әйел, оқу, жылқы, құс, мылтық, ит

  2. Ер азамат, сұлу әйел, ілім, жүйрік, бүркіт, мылтық, ит

  3. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл- білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

  4. Ер адам, сұлу қыз, ақыл, ат, қыран, мылтық, тазы ит

  5. Ер жігіт, сұлу әйел, ілім, ат, қыран, мылтық, ит

16. Жеті күнді ата?

  1. Бүгін, ертең, бірсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына

  2. Бүгін, ертең, арғы күн, бейсембі, ауыр күн, соңғы күн, азына

  3. Кеше, бүгін, ертең, алдыңғы күн, арғы күн, соңғы күн, азына

  4. Кеше, бүгін, ертең, бейсембі, жүма,с енбі, жексенбі

  5. Бүгін, ертең, арғы күн, бейсенбі, ауыр күн, соңғы күн, азына


5- апта.

ҚР тұратын халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері
Халық педагогикасында “Бірінші байлық-денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік –экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған. Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау, буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан –тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.

Тұрмыс – салт, тарихи - әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.

Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет тойымен үштастырылып, зор парасатпен салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға арнайы ат үйретіліп, оған баланы отырғызу үшін арнеайы ер – тұрмандар даярланған.

Казіргі кезде, әсіресе мал шаруашылығының қызметкерлері бұл дәстүрді жалғастырып жүр. Әуелі балдырған әкесінің көмегімен ат аялдатады, желдіреді, шабады, сөйтіп ол бес жасқа дейін ат мінуге толық үйренеді де, бес жастан әрі қарай балдырған “тізгінді өз қолына алады”. Кейін ол ат шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып өседі.

Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. бала күрес, балуан күрес, айқасып күресу, белдесіп күресу, жата беріс тастау, аяқпен шалу т.б. күрес тәсілдік ережелермсен қалыптасқан. Бұл – баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Ат жарыстың бірнеше түрі бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс, алман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат бегінің атқаратын ісі жауапты. “Ат шаппайды, бап шабады” депи халық бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат жарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін тепкілей, қамшылай беру - әбестік, әрі үлкен айып. Қазақтың халық педагикасында ойында көп орын алады. Көкпар – шынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі. Көкпардың мара көкпар, дода көкпар т.б. түрлері бар. Мәреден сөреге дейін алдырмай барып, мәреге көкпарды қайтіп әкелген жігіт жеңіске жетеді. Ал дода көкпарда кімнің аты күшті, өзі балуан әрі батыр болса, көкпардан доданы үзіп алып шығып, белгіленген мәресіне қарай алып қашады да, діттеген жеріне жеткізеді.

Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын.

Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш – қуатынарттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады. Әсіресе, ат үстінде найзаласу жарысы асқан шеберлік пен балуандылықты қажет етеді. Әділ қазылар алқасы мен төрешгілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаңсақтауды талап етеді.

Қыз қуу - жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік өнері мен еңбегін сынайтын дәстүрлік ойын. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіттің батылдығы мен күші, ептілігі мыналып, сыннан мүдірмей өткен жігітке “енді қызды қуып жетсең, қалыңдығың болады” деген талап қойылған. Сол тталапты да мүлтіксіз орындау үшін жігіт атын сайлап, атпен шабу өнерін жетілдіре түскен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір түріне айналды. Жарыс ұзындығы 500 – 800 м, енді 30 – 40 м, тегіс жерде өткізіледі. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттен 10 метр жерде озып тұрады. Төрешінің белгісі бойынша жарыс басталып, жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді, бұл – жігіттің жеңгені. Ал жігіт қызды қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады, бұл – қыздың жеңгені.

Тоғыз құмалақ – ойлау жүйесін дамытатын ұттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта жасалынады. Тақта 18 ұя, 2 қазан 162 құмалақ дайындалып, әрбір ойыншыға 81 ден бөлінеді, әр ұяға 9 дан келеді. Алғашқы жүрісті кім бастайтындығы жеребі бойынша шешіледі.Жүріс кезегі тиген ойыншы өзінің кез – келген отауына бір құмалақ қана қалдырып, қалғанын қолына алып, солдан оңға қарай жүреді.Екі жақтың отыруына құмалақтар бірдей түседі. Ең соңғы құмалақ түскен қарсы жақтың ұясындағы құмалақ жұп болса (10,12,14,20) сол ұя босатылады да, құмалақ жүргізуші жақтың қазанына салынады. Ал жүргізушінің соңғы құмалағы өз ұясына түссе, ол алынбайды. Келесі жүріске мүмкіндік алған қарсы жақ уақ санды құмалағы бар ұясына, өзінің соңғы тасын салып, ұпайды өз қазанына түсіруге әрекет жасайды.




  1. апта. 3,0 балл.

Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар















Т е с т

1. Жеті жұт.

  1. құрғақшылық, сел, оба(ауру), қуаңшылық, зілзала, өрт, соғыс

  2. жұт( мал қырылу), соғыс, жел, сел, құрғақшылық, қуаңшылық, зілзала

  3. өрт, соғыс, ауру, су тасқыны, мал қырылу, зілзала, қуаңшылық

  4. құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала

  5. құрғақшылық, қуаңшылық, аптап, су тасқыны, оба, жұт, соғыс

2. Төрт құдірет

  1. күн ана, жер ана, су ана, ауа ана

  2. жер ана, ел ана, нұр ана, су ана

  3. Арай ана, жер ана, су ана, ел ана

  4. Отан ана, жер ана, ел ана, су ана

  5. Күн ана, жер ана, ел ана, , су ана

3. “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара

Руға бөлінгендердің құруға асыққандары

Атаға бөлінгендер адыра қалады

Көпті қорлаған көмусіз қалады

Хан азса халқын сатады

Халық азса хандыққа таласады” – деген өлең жолдарының авторы?



  1. Әйтеке би

  2. Төле би

  3. Қазыбек би

  4. Майқы би

  5. Досбол би

4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні?

  1. 22 – наурыз

  2. 25 –қазан

  3. 16 – желтоқсан

  4. 17 –қараша

  5. 1- қыркүйек

5. Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі

  1. халық педагогикасы

  2. Этнопсихология

  3. Педагогика тарихы

  4. Педагогика

  5. Дидактика

6. Этнопедагогиканың мақсаты

  1. Этнопедагогиканың теориялық - әдіснамалық танымдық инегіздерін үйрету

  2. Этнос туралы ұғымды дамытып қалыптастыру

  3. Халық педагогикасының қыры мен сырын үйрету

  4. Халықтық салт – дәстүрді, өнерді дәріптейтін ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан – жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу

  5. Қазақ халқы мен бақада халықтардың тілін, тарихын, салт – дәстүрлерін қадір тұтуға үйретіп, тәрбиелеу

7. “Ана тілі - қазақ болып жарияланғаннан бергі жан дүниесінің айнасы ... өсіп өніп түрлене беретіп, мәңғі құламайтын бәйтерегі ... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнын – тұқымға жеткізіп, ақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі” – деген сөйлем жолдары қайсы әдебиетші – ғалымның қай еңбегінде баяндалған

  1. А.Байтұрсынов “Тіл құралы”

  2. М.Дулатов “Қирағат”

  3. Ш.Құдайбердиев “Жастарға”

  4. М.Жұмабаев “Педагогика”

  5. Ж.аймауытов “Тәрбиеге жетекші”

8. “Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер

Әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады” – деген ұлағатты ойды білдірген қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы педагогты ата?


  1. А.Байтұрсынов

  2. М.Дулатов

  3. Ш.Құдайбердиев

  4. М.Жұмабаев

  5. Ж.Аймауытов

9. “Этнос”грек тілінен аударғанда қандай сөзді білдіреді?

  1. ру, ұлыс

  2. тайпа, халық

  3. ұлт, ұлыстар

  4. ұлт, халық

  5. ұлыс, ру

10. “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” – деген еңбектің авторы

  1. И.Козлов

  2. А.Агеев

  3. М.Арматов

  4. В.Анучкин

  5. Л.Гумилев

11. “Білге қаған мен Күлтегінге”- арналған ескерткіштің авторы.

А) Иоллығтегін

В) Айтолды

С) Үрдүрміш

Д) Тоныкөк

Е) Күлтегін



12. Кіші жүз ханы.

А) Әбілхайырхан

В) Абылайхан

С) Жәнібекхан

Д) Керейхан

Е) Бөкейхан



13.”Шахнама”-атты эпостың авторы.

А) Әл-Фараби

В) Ибн-Сина

С) Фирдауси

Д) Ж. Баласағұн

Е) М. Қашқари



14. “Түркістан”-атты еңбектің аквторы.

А) М. Өзтүрік

В) М. Шоқай

С) А. Байтұрсынов

Д) М. Дулатов

Е) М. Жұмабаев



15. Сөздің шығу төркінін, мән мағынасын зерттейтін тіл ғылымының саласы қалай аталады ?

А) Этнос


В) Этнопсихология

С) Этнопедагогика

Д) Этимология

Е) Этнография



16. Ұлттар мен ұлыстардың шығу тегі қалай аталады ?

А) Этимология

В) Этнография

С) Этнопедагогика

Д) Этнос

Е) Этнопсихология



17. Қазақ деген сөзді “қаз” және “ұзақ” деген екі құстың атынан бірігіп, қазақ болып қалыптасқан деген пікірді айтқан кім ?

А) Ш. Құдарбердиев

В) А. Байтұрсынов

С) Ә. Диваев

Д) Х. Досмұхамедов

Е) М. Дулатов



18. Х. Дулатидың еңбегі қалай аталады ?

А) “Жаханнама”

В) “Тараиха Рашиди”

С) “Құдатқу білік”

Д) “Ақиқат сыйы”

Е) Қирағат



19.Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы қай жылдарға тұтас келеді.
А) 1970

В) 1975


С) 1980

Д) 1985


Е)1991

20. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы.

А) 1920-1990 ж.ж.

В) 1900-1920 ж.ж.

С) 1980-2000 ж.ж.

Д) 1990-2000 ж.ж.

Е) 2000-2006 ж.ж.



21.Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие қай ғасырлар аралығында қалыптасқан.

А) VI-IX

В) VIII-XV

C) XIV-XVI

Д) XV-XVIII

Е) XVIII-XXI



22. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие көріністері (жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) қай ғасырлар аралығында қалыптасқан .

А) VI-IX

В) IX-XI

С) XI-XIV

Д) XV-XVIII

Е) XVIII-XXI



23. Алғашқы қауымдық кезінде алғашқы адамдар Қазақстан территориясының қай өңірлерінде мекен еткен ?

А) Қаратау, Арлаөзен, Тәңірқазған, Шарбақты, Ұлытау

В) Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан

С) Орал, Ақтөбе, Ақтау, Ұлытау.

Д) Қапратау, Алатау, Ақтау, Атырау

Е) Шымкент, Ташкент, Құмкент.



24. Сақтар империясы бойынша қай территорияны мекендеді?

А) Орта Азия, Қазақстан

В) Орта Азия , Қырғызстан

С) Қазақстан, Қырғызстан

Д) Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікістан.

Е) Орта Азия, Қиыр Шығыс



25. Тасқа қашап жазылған ескерткіштер қай жерден табыдған?

А) Түрік қағанаты

В) Орхон –Енисей

С) Отырар

Д) Сайрам

Е) Түркістан



26. “ Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері ”, “Азаматтық саясат”,

Бақытқа жету жолында”, “Риторика”, “Шешендікң өмір негіздері”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы”-трактаттарының авторы.

А) Әл-Фараби

В) Фирдауси

С) Бируни

Д) Низами

Е) Иассауи

27. “Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа,”

Бастық болсаң, жайсаң бол”, “Кәріге де, жасқа да құрмет көрсет”,”Айтар лебізіңді алдымен ойланып ал” т.б. өсиетнамалардың авторын ата ?

А) Бируни

В) Низами

С) Қашқари

Д) Жүйнеки

Е) Иассауи

28. “Мухаббатнама” қай автордың туындысы ?

А) Жүйнеки

В) Қашқари

С) Бируни

Д) Сарай

Е) Хорезми



29. Репрессия яғни Сталиндік жаппай қудалаушылық қай жылдары белең алды ?

А) 1910-1920

В) 1920-1925

С)1930-1931

Д) 1933-1935

Е)1937-1938



30. Ұлттық сана-сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген желтоқсан оқиғасы қай жылы болды ?

А) 1980


В)1982

С) 1986


Д) 1989

Е) 1996


ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Екінші аралық бақылау



Тақырыптар

Апта саны

Бақылау түрі

Ұпай саны

15

Халық күнтізбесі, Жыл мезгілдері мен айға бөлу.










16

Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.

6- апта


Тест

Коллоквиум



2,0 балл

17

Қазақстан Респуликасы этномәдени білім беру тұжырымдамасы.







18

“Атамекен” бағдарламасы.

Тест

3,0 балл

19

Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні

7- апта







20

Қазақстан мектептерінің халық педагогикасы бойынша жұмыс тәжірибесі.

Тест


3,0 балл

21

Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні.







22

Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, халықтық өлеңдер-халықтық тәрбиенің құралдары.

Тест

3,0 балл

23

Туыстық және азаматтық қарым-қатынастың тәрбиелік мәні.

8- апта










24

Жөн-жоралғы, кәде рәсімдерінің тәрбиелік мәні.

Тест

3,0 балл

25

Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт-дәстүрлер үндестігі.







26

Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлері.

Тест

3,0 балл

27

Ұлттық тәрбиені сахна арқылы іске асыру жолдары.

9- апта







28

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасып даму кезеңдері.

Тест

Глоссарий



3,0 балл

29

Б. Момышұлының еңбектерінің әскери- патриоттық тәрбиелік мәні.

10- апта







30

Ұлттық салт- дәстүрлер өмірде тәрбие мектебі

























Барлығы:







20 балл



  1. Апта.

Халық күнтізбегі, жыл мезгілдері мен айға бөлу.

ҚР этномәдени тұжырымдамасы

Эссе

(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)


Ата бабамыз жыл қайыруды, күн ауыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерін айқын білі, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндігінше мүшел той әрбір он үшінші жылы (13,25,37) аталып, өтіледі, мүшел жасы қасиетті жс ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерістер болғаны айтылады.

Жыл қайырудағы жыл реттері: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “еті адал”, “еті арам” деп, екі топқа бөледі. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі арам, бірі адал – 6 жұп атаулары бар. Он екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбір адамның “Мүшел жылы” -- өзінің туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барс жылы қайталанған сайын) мүшел той аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшеліктерін зерлеп, зерттей білген ата – бабаларымыз, бүкіл өркениетті адамзат қауымы әрбір жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тірлігі мол болады, бірлігі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сүреді. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы – сәтті жыл, әркім алдына қойған мақсаттарына жетеді, іс - әрекет құтты болады. қоян жылы да құтты жыл , бірақ кейде бұл жылда жит болуы мүмкін. Ұлу жылында әрекет берекетке жетеді. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Жылқы жылы – мархабатты жыл. Бұл жылда отау тігуді (үйленуді) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдің басы көп болады, молшылық халықты мерейлендіреді. Мешін жылында тыныштық, жарасым, келісім, татулық халықты қуанышқа бөлейді. Тауық жылы – арманды жыл. Әркім іс ретін тауып, шаруаны білсе, арманына жетеді. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, он жеңе білу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мінезді жайсаң адамдар өмір қызығын көбірек көреді. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негізінен нақты келіп, өмір тәжірибесінің айқын көріністерін байқатты.



6-апта. 2,0 балл

Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері

«Атамекен» бағдарламасы
Реферат


  1. Этнопедагогика ғылымы нені зерттейді.




  1. Этнопедагогика ғылымының салалары.




  1. Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бір ме?




  1. Этнопедагогика мен халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері, ғылыми анықтамасы қандай.




  1. Этнопедагогиканың зерттеу объектісі не?




  1. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері қандай?




  1. Ұлттық салт-дәстүрлерді атаңыз.




  1. Халық педагогикасының негізгі мақсаты.




  1. Халық педагогикасыныңы негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.



1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, қай жылы егемен мемлекет болды ?

А) 1991 ж 22 тамыз

В) 1991 ж 16 желтоқсан

С) 1995 ж 30 тамыз

Д) 1991 ж 25 қазан

Е) 1999 ж 7 шілде



2. Тұңғыш “Қазақстанның Салт-дәстүрлері”-атты оқулық қай жылы басылып шықты ?

А) 1990ж


В) 1992ж

С) 1994ж


Д) 1996ж

Е) 1998ж



3. Кемтарға берілетін көмек қандай дәстүрге жатады ?

А) Қайырымдылық

В) Ізеттілік

С) Салауаттылық

Д) Инабаттылық

Е) Тәртіптілік



4.Атаның төртінші ұрпағы қалай аталады ?

А) Әке


В) Бала

С) Шөпшек

Д) Туажат

Е) Шөбере



5. Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады ?

А) Әдет-ғұрып, ұлттық сезім, қонақ күту

В) Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық болмыс.

С) Ұлттық сезім, жөн-жоралғы, кәделер

Д) Ұлттық сезім, салт-дәстүр, ұлттық мінез

Е) Ырым, кәде, салт-дәстүр



6. “Ас тұзымен дәмдә, су-мұзбен дәмдә, адамзат салиқалы, саналы сезіммен сәнді”-деген жолдарды кім айтқан ?

А) Ә. Науай

В) О. Бользак

С) Л.Н. Толстой

Д) В.В. Радлоы

Е) А. Құнанбаев



7.”Сөз өнері атаулының қиыны және құдіреттісі”-деген кім ?

А) Ә. Науай

В) О. Бользак

С) Л.Н. Толстой

Д) В.В. Радлоы

Е) А. Құнанбаев



8. Тұңғыш басылып шыққан “Қазақтың салт-дәстүрлері атты оқулықтың авторы” ?

А) С.Қалиев, М.Смайылова, М. Оразаев

В) С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Ә.Тобылдиев

С) Ә.Тобылдиев, Қ.Жарықбаев, М.Оразаев

Д) С.Қалиев, Қ. Бержанов, Қ. Жарықбаев

Е) М. Смайылова, М.Оразаев, Қ. Жарықбаев



9. “Сөз өнері дертпен тең”-деп айтқан кім ?

А) Абай


В) Шәкәрім

С) Мағжан

Д) Міржақып

Е) Ыбырай



10.”Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады”-дегенді кім айтқан ?

А) В.А. Сухомлинский

В) Н.К. Крупская

С) А.С. Макаренко

Д) Л.Н. Толстой

Е) К. Д. Ушинский



11. Қазақтар арасындағы жаман дінінің қалдығы

атты ғылыми еңбектің авторы ?

А) А. Құнанбаев

В) Ы. Алтынсарин

С) Ш. Уалиханов

Д) А. Байтұрсынов

Е) М. Жұмабаев



12. “Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да, педагог та жоқ”-деген жолдардың авторы ?

А) А.С. Макаренко

В) К.Д. Ушинский

С) В.А. Сухомлинский


Д) Н.К. Крупская

Е) Н.И. Пирогов



13. “Иассауи”вокалды шығармашылық тобының жетекшісі кім ?

А) Исматулла МАқсұм

В) Мейрамбек Бесбаев

С) Айтақын Бұлғақов

Д) Саят Медеуов

Е) Рамазан Стамғазиев



14. Атаның бесінші ұрпағы қалай аталады ?

А) Бала


В) Немере

С) Туажат

Д) Немене

Е) Шөпшек



15. Жыл басы.

А) Мешін


В) Тышқан

С) Ит


Д) Барыс

Е) Қоян


16. Ұлы жүз биі.

А) Әйтеке би

В) Төле би

С) Қазбек би

Д) Майқы би

Е) Досбол би



17. Жыл қайырудағы 9-шы тұрған жыл аты қалай аталады ?

А) Қоян


В) Барыс

С) Мешін


Д) Ит

Е) Қой


18. “Менің Қазақстаным”әнұранының авторы кім ?

А) Ш. Қалдаяқов

В) Ә. Бейсеуов

С) Е. Хасанғалиев

Д) Б. Қажымұқанов

Е) М. Төлебаев



19. “Таза бұлақ”-әңгімесінің авторы ?

А) Міржақып

В) Шәкәрім

С) Шоқан

Д) Мағжан

Е) Ыбырай



20..Қазақта неше атаға дейін қыз алыспайды ?

А) Үш атаға дейін

В) Жеті атаға дейін

С) Тоғыз атаға дейін

Д) Он атаға дейін

Е) Он екі атаға дейін



21.Зергерлік бұйымдарға не жатады ?

А) Алқа,білезік, сақина

В) Саба, мес, торсақ

С) Аяққап, кесеқап, қауға

Д) Сырға, саба, алаша

Е) Алаша, кілем ,сырмақ



7-апта.

Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.
Қазақ халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың от басына, еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәріптеледі.

Батырлық жырлардыњ дүниетанымдық және тєрбиелік мєні.

Қандай шығарма болса да, оныњ негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті - халықтың ой-санасы мен мінез – құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің мањызды құралы.

Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыњдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады: ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар кµп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақап, өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.

Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті , ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті , келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.

“ Сөз сүйектен өтеді ” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдіњ өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды.

“Қара қылды қақ жаратын ” әділдік, арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарқан ойлы даналық, қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп, ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.

Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардыњ жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті.

Тәрбие мүддесіне сай, халық эпостық шығармаларға тыңдаушы сезінетіндей етіп, эмоциялық әсері күшті сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды.


7апта.

Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні.

2. Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі дәстүр.

Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан –жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен бөбекті жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата –ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.

Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту жыры деп топтауға болады.

Бесікке бөлеу жыры нәрестені нәрестені бесікке салғанда, қуаныш тілек ретінде, көбінесе көңілді, әуезді әуенімен айтылады:

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал –жаным:

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқығы жата ғой

...... құтты болсын есімің,

Құтты болсын бесігің.

Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем береді.

Үміт тілек:Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майсып,

Түрлі ою ойысып

Ұста болар ма екенсің?

Бата тілек: Ала биең құлындап,

Алатауға сыймасын!

Қара биең құлындап,

Қара тауға сыймасын ...

Ақылыңмен батыл бол,

Ағайынмен тату бол.

Бағаналы таудай бол,

Жағалалы көлдей бол!

Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.

Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке –шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да,отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.

Жаңылтпаш - тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі –жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың бала ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –қиялы дамиды, тәлім алады.

Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.

Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.

Мысалы:

Тілалғыш Бек



- Тіл алғыш - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп, -

білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:

Бөдене бедене

Көбелек көдене

Бедені – беде де,

Көдені –көде де, -

деген жаңылтпаш арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса «бөдене» «беде» «көбелек» «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.

Кеспе, өссін тал,

Өссе өсімтал,

Өссе өсін тал

Кеспе, өссін тал, -

деген жаңыльпаш баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с» «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.



Санамақтың тәрбиелік мәні. Санамақтарды халық, негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.

1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі:

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – егеу,

Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бес дегенің - бесік,

Алты дегенің – асық,

Жеті дегенің –желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа,

Он дегенің – оймақ

Он бір қара жұмбақ.

2. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлық бес ешкі,

Қос –қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

3. Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін басқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.


      • Бір !

      • Бетің кір.

      • Екі!

      • Маңдайынан шекі.

      • Үш!

      • Мені жеңбек күш.

      • Төрт!

      • Төнбесін өрт.

      • Бес!

      • Белгілі жерден кес.

      • Алты!

      • Ата – ананың салты.

      • Жеті!

      • Жемтік қойдың еті.

      • Сегіз!

      • Қойың тапсын егіз.

      • Тоғыз!

      • Топас хайуан доңыз.

      • Он!

      • Оның кигені тон.

4. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.

Құрық – қырық,

Сырық – қырық.

Қанша болды

Құрық, сырық?

7апта. 6 балл.

Қазақстан мектептерінің халық педагогикасы бойынша жұмыс тәжірибесі.

Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары.




  1. Баланың тілін ширатып, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында ойлап шығарылған

А. жаңылтпаштар

В. мақалдар

С. мәтелдер

Д. толғау



  1. Халық бала психологиясы мен тіліндегі мүкістерге сәйкес шығарған

А. мақал

В. жаңылтпаш

С. толғау

Д. жыр


3. “Әй, Тайқарбай, Тайқарбай, Қойыңды май жусанға жай Тайқарбай”-жаңылтпашы қай дыбысты түзетуге арналған

А. “а”


В. “б”

С. “р”


Д. “и”

4. “Шымдай шытырмыш, Ол шытырмышты мен шытырмыштамай, кім шытырмыштайды”-қай дыбысқа құрылған

А. “ы”


В. “м”

С. “ш” мен “с”

Д. “т”

5. Баланы жаңылтпашты жаңылмай, тез-тез айтуға үйрету; қанша білетінін байқау үшін жарыс ұйымдастыру

А. әдіс


В. тәсіл

С. құрал


Д. жаттықтыру жолдары

6. Тіл мүкістігімен айналысатын ғылым

А. педагогика

В. логопедия

С. философия

Д. ихтиология

7. “Өжет адам өлімді жеңеді”-не туралы

А. елдік


В. бірлік

С. достық

Д. ерлік

8. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту

А. жұмбақ

В. мақал

С. мәтел


Д. толғау

9. Жұмбақты “Жан-жақты жымдасқан метафора” деген

А. Платон

В. Абай

С. Аристотель



Д. Ыбырай

10. Затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып шешу

А. мақал


В. мәтел

С. жұмбақ

Д. әдіс

11. “Отқа жанбас, суға батпас”

А. мұз


В. қар

С. тұман


Д. боран

12. Нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі

А. жұмбақ

В. мәтел

С. жаңылтпаш

Д. мақалдар

13. Мақал негізінен ....бөлімнен тұрады

А. бес


В. төрт

С. екі


Д. алты

14. Сөз қадірін біліп, қастерлеп, өлеңді өрнекпен зерлеп келе жатқан халық

А. қазақ


В. орыс

С. украин

Д. өзбек

15. “Мал өсірсең қой өсір, ....оның көл-көсір”

А. терісі

В. ішегі

С. өнімі


Д. майы

16. Көне заманда елдің және аңдардың, малдың иесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған

А. хайуанаттар ертегілері

В. қиял-ғажайып

С. тұрмыс-салт

Д. өтірік өлең

17. Баланың қиялын шарықтатып, болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін

А. фантастикалық

В. қиял-ғажайып ертегілері

С. хайуанаттар

Д. тұрмыс-салт

18. Онда бай баласы мен жарлы баласының айырмашылығы, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруа іс-әрекеттері, мінездері суреттеледі

А. мақалдар

В. жаңылтпаштар

С. толғау

Д. тұрмыс-салт ертегілері

19. Елін қорғап, халқан қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады

А. батырлық ертегілері

В. өтірік өлең

С. жырлар

Д. толғау

20. “Ер төстік”, “Кер құла атты Кендебай”

А. тапқырлық

В. батырлық ертегілері

С. ғашықтық

Д. достық

21. Алдар Көсе мен Жиренше Қожанасырдың есімімен байланысты

А. аңыз ертегілері

В. өтірік өлең

С. жырлар

Д. толғау

22. Екі аяқтыда ... тату, Төрт аяқтыда ...тату

А. дос, бауыр

В. бажа, бота

С. адам, хайуан

Д. жау, туыс


  1. апта.

Туыстық және азаматтық қарым- қатынастың тәрбиелік мәні.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.

Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .

Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » - деген қағиданы ұсынды.

Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» - деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде - бір құрал жоқ» - деген еді



8-апта.

Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт- дәстүрлер үндестігі.
Қазақтар жерінде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшен (1792-1879ж) болды. Оның “Қырғыз-Қайсақ ордаларының даласының сипаттамасы” (1832ж) атты еңбегінің бірінші бөлімінде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берілсе , екінші бөлімі қазақтардың тарихының, ал үшінші бөлімі этнографиясына арналған.

А.Левшен – “қазақ” деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым (осы еңбекке дейін Ресейдің баспасөз беттерінде , сондай –ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-кайсак” деп келген . – С.Қ). Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынана бастап ХІХ ғасырға дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыс өкіметімен арадағы сауда , ресми және саяси қарым – қатынастарынан көптеген мағлұмат береді.

Левшин қазақ әйелдерінің инабатты, шаруақор , іске шебер , еріне адал болатынын да дұрыс бағалай білген “Қырғыз әйелдері , - деп жазды Левшин , - түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге ізеттілік көрсетуді ұмытпайды. Олар ерлерден гөрі бейнетқор , малға қарайды , киім тігеді , ері үшін бәрін жасап , оны кетерде атына мінгізіп , аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрі ана көп қарайды, қыздарын үй ішіндегі өнердің бәріне үйретеді” (44,231), -дейді.

ХІХ –ғ. екінші жартысында Қазақстанға жер ауғандардың ішінде С.Гросс, Б.Заыинскийлер де болды.

Адвокат С.Гросс та А.Янушкивич сияқты саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып , Семейде сегіз жылдай тұрып “Материалы для изучения юридических обычаев киргизов” атты еңбегін жазған. Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберілген экспедициялары ғана емес , сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесі баршылық. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С.Эфремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған.

Қазақ халқының этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев еді. Оның “Описанием средней орды киргиз - кайсаков” атты еңбегі алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесінші тарауында шілдехана тойындағы өтілетін ойындар мен нәрестені тәрбиелеп күту мәселесі сөз болады, ал сол тараудың бесінші бөлімінде үйлену тойындағы ойын- сауықтар туралы айтады.

Қазақ халқының этнографиясы мен фольклорлық шығармаларын көбірек жинап , зерттеп , аса құнды еңбек жазған ғалымның бірі – академик Василий Васиьевич Радлов (1837-1918ж). Ол 1860 жылы Гамбург университетін бітіргеннен кейін , ішкі істер министрлігінің жолдамасымен Барнауылға келеді. 1860-1880 жылдары Алтай өлкесімен қазақ даласында болып , қазақ ауылдарын атпен , кейде өгіз арбамен аралайды, қариялардан аңыз әңгімелерді, батырлар жырын , мақал- мәтелдер мен тұрмыс- салт жырларын жазып алып , кейін “Из Сибири” атты бір томдық зерттеу еңбегін жазады. Бұл еңбек тұңғыш рет неміс тілінде 1884 жылы Лейпципте басылады, кейінірек орыс тілінде 1986 жылы Мәскеуде баспа бетін көреді. Осы еңбектің IV тарауы (44,237-240) түгелдей қазақтар мен қырғыздардың шаруашылық кәсібі салт – дәстүрі , ауыз әдебиеті мен ұлттық мәдениетіне арналған.

Бұратана халықтардың тілі , діні , оқу- ағарту мәселесі жөнінде келелі пікір айтқан публицист ғалым, белгілі қоғам қайраткері Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849ж) Томск гимназиясын бітіргеннен кейін Петербург университетіне түседі. Осыдан оқып жүріп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегі студенттердің толқуына қатынасқаны үшін унивкрситеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргізгені үшін түрмеге қамалып, тоғыз жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сібірді зерттеу экспедициясына қатысып , Сібір халықтарының ауыз әдебиеті мен мәдени тарихи мұраларын зерттеу ісімен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған Қарақорымның қираған жұрты мен Орхон- Енесей таңбалы жазуы атанған көне түркі жазу – ескерткішін ашады.

Белгілі этнограф, фольклорист, өлкетанушы Григорий Николаевич Потанин (1835-1920ж) көп жылдар бойында Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеу экспедицияларына қатысады, Қытай мен Орталық Монғолияның Тибет аймағын зерттеп , көптеген этнографиялық еңбектер жазды. Ресей империясына екі жүз алпыс жылдай бодан болған дала халқының жәм тұзын татқан , шын тілеулес болып, жылы жүзбен қараған осынау жат жұрт зиялылары (И.Ганвей, М.Готовицкий, А.Брем, В.Аничков, А. Васильев, С.Рбаков , Ф.Шербина т.б) кең байтақ өлкені тек тамашалап қана қоймай , мұны мекендеген елдің салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпы , өнері мен мәдениеті , әдебиеті мен ем –домы жайлы бағалы еңбектер жазып, өздерінің нағыз демократ, гуманист екендіктерін көрсете білді.

Батыс жұрты мен орыс зиялыларының қазақ халқының тәлім – тәрбиелік ойлары туралы айтқандарын ғылыми тұрғыдан жіктеп , саралау - әлі де болса зерттеуді аса қажет ететін психологиялық, педагогикалық мәні бар проблема.



8-апта.6,0 балл.

Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні.

Ш. Уалихановтың қазақ халқының салт- дәстүрлері туралы ой- пікірлері.




  1. Әдеп

  2. Рәсім

  3. Дәстүр

  4. Әдет-ғұрып

  5. Салт-сана

  6. Асар

  7. Соғым

  8. Ерулік

  9. Бастаңғы

  10. Тоқым қағар

  11. Наурыз той

  12. Сабан той

  13. Қымызмұрындық

  14. Бесік той

  15. Шілдехана

  16. Тұсау кесер

  17. Атқа мінгізу

  18. Сүндет той

  19. Тілашар

  20. Сүйінші

  21. Шашу

  22. Көрімдік

  23. Байғазы

  24. Базарлық

  25. Бәсіре

  26. Ырым

  27. Тасаттық

  28. Ұшықтау

  29. Бата


Т е с т

1.А. Құнанбаевтың әжесі.

А) Зере


В) Айғаным

С) Ұлжан


Д) Тоғжан

Е) Әйгерім



2.Абайдың әкесінің аты ?

А) Өскенбай

В) Ырғызбай

С) Құнанбай

Д) Кеңгірбай

Е) Қарабай



3.Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңі ?

А) Жаз,күз, қыс, жазғытұры

В) Жаз, қараша,желтоқсан мен сол бір екі ай

С) Жаз,көктем, желтоқсан

Д) Жазғытұры, көктем, қыс

Е) Қыс, ақпан, көктем



4.Әл-Фараби білім алған медресе ?

А) Түркістан медресесі

В) Ғалия медресесі

С) Ахмет Риза медресесі

Д Сайрам медресесі

Е) Отырар медресесі



5.Абай білім алған медресе ?

А) Түркістан медресесі

В) Ғалия медресесі

С) Ахмет Риза медресесі

Д) Отырар медресесі

Е) Сайрам медресесі



6. Ы. Алтынсарин алғаш рет қай жылы мектеп ашты ?

А) 1861


В) 1864

С) 1867


Д) 1869

Е) 1870


7. Атаның бесінші ұрпағы қалай аталады ?

А) Әке


В) Бала

С) Немере

Д) Шөбере

Е) Шөпшек



8. “Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

Гүлмен ағаш майысып қарағанда,

Сабыр қағып, бұраңдап ағады су...”-деген жолдары Абайдың қай өлеңінде суреттелген ?

А) Қыс

В) Күз


С) Жазғытұры

Д) Жаз


Е) Көктем

9.Күйеуге тартатын табақ қалай аталады ?

А) Бас табақ

В) Сый табақ

С) Орта табақ

Д) Аяқ табақ

Е) Күйеу табақ



10. Қан сонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға,

Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға,-деген өлеңнің авторы ?

А) Абай

В) Махамбет



С) Исатай

Д) Ахмет


Е) Ыбырай

11. Ы.Алтынсарин алғашқы мектепті қай жерде ашқан ?

А) Торғай

В) Семей

С) Қызылжар

Д) Арқалық

Е) Өскемен



12. Абай шығарған күй ?

А) Торжорға

В) Балбырауын

С) Еркесылқым

Д) Салтанат
Е) Көңіл толқыны

13. Қазақтың ұлттық тағамы.

А) Бесбармақ

В) Палау

С) Лағман

Д) Тұшпара

Е) Манты


14. Қазақстанда жадидизмнің ( төте оқу) көшбасшысы кім болды ?

А) ЖАймауытов

В) М.Дулатов

С) М. Жұмабаев

Д) Ш.Құдарбердиев

Е) А. Байтұрсынов



15.”Халық –ғажап тәлімгер”- атты ғылыми еңбектің авторы кім ?

А) С.Мұқанов

В) М.Әлімбаев

С) М. Ғабдуллин

Д) Б.Момышұлы

Е) Б.Адамбаев



16. “Алтын сандық ”атты кітаптың авторы ?

А)Қ.Бержанов

В) М.Әлімбаев

С) Б.Момышұлы

Д) Б.Адамбаев

Е) М.Ғабдуллин



17. “Халық даналығы”-атты еңбектің авторы ?

А) Б.Момышұлы

В) М.Әлімбаев

С) Б.Адамбаев

Д) М.Ғабдуллин
Е) Қ.Бержанов

18 “Едіге”-атты еңбектің авторы ?

А) Б.Момышұлы

В) М.Әлімбаев

С) М.Ғабдуллин

Д) Б.Адамбаев

Е) Қ.Бержанов



19” Москва үшін шайқас”, “ Ұшқан ұя ” – атты еңбектердің авторы.

А)Б. Момышұлы

В)М. Әлімбаев

С)Б. Адамбаев

Д)М. Ғабдуллин

Е)С Мұқанов



20“ Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың мәдениет тарихын білу мүмкін емес”- деген кім?

А)С. Пушкин.



Каталог: CDO -> obsoj -> BPA
BPA -> Филология және психология” факультеті “Психология және педагогика, бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы «Мәтінге тілдік талдау»
BPA -> Сабақтың тақырыбы : Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы Сабақтың жоспары
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> “Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы” пәні бойынша
BPA -> «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»
BPA -> Филология және психология” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі»
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К
BPA -> Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет