Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



жүктеу 2.84 Mb.
бет10/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.84 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы


  1. Эдгар Аллан По - Америка әдебиетінің классигі

  2. Эдгар Аллан Поның психологиялық новеллаларының неміс романтизімінің принциптерімен байланысы

  3. Эдгар Аллан По шығармасындағы поэтикалық идеял


12 апта

48



Тақырыбы: Американ әдебиетінің көрнекті ақын – жазушысы Эдгар Аллан По

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:
1. Аллан По қай ғасырда өмір сүрді?
А)ХІХ ғ
В)ХХ ғ
С) ХІІІғ
Д) ХХІ ғ

2. Аллан По қай әдебиеттің өкілі?

А)ағылшын
В) неміс
С) орыс
Д) грек

3. Аллан Поның шығармашылығына әскр еткен әдебиет

А) Европа әдебиеті
В) Иран
С) Неміс
Д) Грек

4. Символизмнің басты өкілі болып табылатын американ жазушысы

А) Аллан По
В)Тагор
С) Лахути
Д) Скотт

5. Аллан Поның шығармалары алғаш қолға алына бастаған жер?

А) Франция
В) Ресей
С) Германия
Д) Лондон

6. Аллан По қай мақаласында өзінің көркем балама іздеу жолдарын талқылаған?

А) «Шығармашылықфилософия»
В) «Шайтанның шипасы»
С) «Отелло»
Д) «Гомер»

7. Э.Аллан Поның дүниеге келген жері

А) Бостон
В) Париж
С) Рим
Д) Лондон

8. Поның шыққан тегі

А) ирлан
В) неміс
С) грек
Д) латыш

9. Аллан По 1928 жылы қай жерге жол тартады?

А) армияға
В) оқуға
С) жұмысқа
Д) қалаға

10. Американдық романтик ақынының алғашқы үш жинағына енген поэмасы

А) «Пякрлан»
В) «Монастар»
С) «Шайтанның шиапсы»
Д) «Үш ноян»

11. По өміріндегі белесті кезең

А)1831
В) 1830
С)1852
Д)1900

12. «Эврика» мақаласының авторы кім?

А) Валерий
В) Байрон
С) Бальзак
Д) Скотт

13. Поль Валерий Аллан Поның шығармашылық дәстүрін жарлғастырған кезең

А) ХХ ғ
В) ХІХ ғ
С) ХХІғ
Д) ХІІІ ғ

14. Аллан Поның алғаш рет «Атын қауыз» әңгімесі қай жылы шықты?

А) 1843 ж
В) 1800
С) 1850

Д) 1902
15. Аллан Поның алғашқы әңгімелері жарық көрген журнал?

А) «Сәттерді курер»
В) «Жалын»
С) «Амерка әдебиеті»
Д) « Шығармашылық кітаптары»

13 - апта

49



Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм

Жоспары:

1. Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар.

2. О.Бальзак ( 1799-1850) өмірі және ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі реалистік

романның алыбы
Бальзак (Balzac) Онре де (20.05.1799 Тур – 18.08.1850 Париж )

Тур қаласында Оноредо Бальзак Стендальдан 16 жас кіші еді. Ата – анасының еркімен

1819 жылы Парижде құқық мек тебін бітіріп, әрі Сорбоннада өз қалау ымен әдебиет курсын тыңдап, жазушы болуға бекінді. Оноредо Бальзак – жазушының классикалық типі. Алған қарыздарын төлеу керек екендігін естен шығармай, әрә шығармашылық ырғақтан адасып қалуданда қорықпастан ол тәулігіне 18 сағаттай еңбек етті, қаражұмыскердей тер төге, әрі жылдам жұмыс істеді. Өзін кофемен сергіте отырып, ол кіні- тнімен жаза берді. Ол ең алдымен бір бүтін дүние саналатын 90 – томдық «Адамдар әжуасының» авторы.

Оноредо Бальзак тың өзіде бұл туралы білетін еді және өзі ол туралы айтатын – ды. «Адамдар әжуасының» авторымен соның заманымен өмір шындығы арасында дау дамайды көлеңкелейтін әдебиеттанушылық еңбектер жетерлік еді. Шетелдік кейбір бальзактанушылардың Оноредо Бальзак өміріндегі көп кездесетін күйкі жайлармен анкдодтарға баса ден қоюын осылармен түсіндіруге болады.

Оноредо Бальзак ХІХ ғ/ы Француз өте ірі есім. Реалистік романның алыбы. Бірақ оны танудың одүниеден өткеннен кейін біраз жылдардан соң ғана басталды.

Алғашқы шығармаларын Оноредо Бальзак әртүрлі бүркешік аттармен бастырады.

Оноредо Бальзак «Адам комедиясының» алғысөзінде эпопеяның құрылысын мазмұндаумен қатар, оны негіздей де білді:

1- ші бөлім – құлықтар этюдтар немесе адамгершілік этюдтары;

2- ші бөлім философиялық этюдтар

3-ші бөлім аналитикалық талдау этюдтарынан құралды.

Оноредо Бальзак әлемі жасанды бірақ оқырмандар оған сөзссіз сенуге дайын Басты шарт, олар кейбір жекелеген шығармаларда ғана емес, бұл дүниені толықтай бір бүтін ретінде қамтығанда ғана тұтас «Адамдар әжуасының» оқырмандары бола алады. Себебі мұндағы тұтастық (бүтіндік) - реализмнің ғажап ерекшеліктері.

француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған Алғашқы жарық көрген шығармасы «Кромвель» трагедиясы (1920) батырдың есімі «Шуандир» (1829) атты тарихи романмен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген «Адам комедиясы» адамгершілік этюдтері, филос, аналит этюдтер болып үш топқа бөлінеді. «Адам комедиясы» француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы 1 адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары.

-«Гобсен» (1830) «Отыздағы әйел» (1831) «Горио атай» (1934-1935) «Евгения Грилде»(1833) «Беатриса» «1839) «Кәрі қыз» (1836) «Бойдақтың өмірі» (1841) т.б.

2)Филос Этюдер тобының негізгі шығармалары «Жендет» (1830) «Шегірен былғары» (1830-1831) «Көп жасаудың құпиясы» (1930) «Қызыл қонақ үй» (1931) «Серафита» (1839) т. б.

3)Аналют этюдер тобының негізгі шығармалары неке физологиясы (1829) «Адам комедиясында» тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары Х1Х-ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдіс жиынтығы формада (гуманизм ағартушылық идеясы готикалық роман, романтикалық мектеп т. б. Көрініс берді Бальзак шығармаларын Ф. Жиро, В.Гюго, Ж.Санд. М.Әуезов шығармаларын жоғары бағалаған. «Шегірен былғары» романы «Горио атай» повесі (1984, 1985,1987) пьесалары қазақ тілінде аударылған.

Бақылау сұрақтары


  1. Бальзак шығармаларын қазақ тіліне аударылуы.

  2. Бальзактың “Адам” комедиясының негізгі таақырыбы.

  3. Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

  4. 19-ғасырдағы сыншыл реализм.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық пәлсапалық және эстетикалық алғышарттар.

  2. Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

  3. 19-ғасырдағы сыншыл реализм.

  4. Бальзактың “Бойдақтың өмірі.” атты ірі шығармасы.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Сұрақ жауап.

  2. Тест сұрақтары.



13 - апта

50



Тақырыбы: О.Бальзактың романдарындағы романтикалық белгілер

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:
1. "Адам әжуасы" шығармасының авторы

А. О. Бальзак

В. Ч. Диккенс

С. Т. Мор

Д. Ф. Г. Лорка

Е. П. О. Назон

2. О.Бальзак өмiр сүргiш жылдар.

А. 1799-1850

В. 1764-1880

С. 1855-1875

Д. 1807-1875

Е. 1810-1880

3. О.Бальзак шығармаларын атаңыз.

А. Габсен

В. "Горио атай"

С. "Отыздағы атай"

Д. Евгения Грилде

Е. Барлығы дұрыс

4. О. Бальзактың "Кәрi қыз" атты шығармасын қай жылы жазады.

А. 1836


В. 1841

С. 1833


Д. 1831

Е. 1830


5. О. Бальзак "Горио атай" повесi пьесаларын

қазақ тiлiне кiм аударады.

А. М. Әуезов

В. Қ. Жұбанов

С. Қ. Мұхамеджанов

Д. Ж.Аймауытов

Е. С.Сейфулин

6.Бальзак Онреде қай жылы дүниеге келген.

А. 1795

В. 1796


С. 1799

Д. 1795


Е. 1795

7.Онре де Бальзактың шығармасын көрсет

А. Кәрi қыз

В. Сүйiктi досым

С. Ажалдай айбатты

Д. Жан мен Пьер

Е. қызыл көйлек

8.Ф. Жиро, В. Гюго, Ж. Санд, М. Әуезов кiмнiң шығармаларын жоғары бағалаған.

А. Бальзактың

В. Д. Свифттiң

С. Шекспирдiң

Д. Д. Дефоның

Е. Байронның

9. Бальзак қай жылы дүниеден өтті.

А. 1848

В. 1849


С. 1850

Д. 1852


Е. 1851

10. О. Бальзак "Шегiрен былғары" романын қазақ тiлiне кiм аударады.

А. М. Әуезов

В. Қ. Жұбанов

С. Қ. Мұхамеджанов

Д. Ж.Аймауытов

Е. С.Сейфулин


13-апта

51



Тақырыбы: Ги де Моппассан француздың ХІХ аяқ шеніндегі реалист жазушы

Жоспары:

1. Моппасан (1850-1893,1924) өмірі

2. «Шал» әңгімесі
Ги Де Мопассан 1850 жылы 18 августа дүниеге келді. Ол — француздын, XIX ғасырдың аяқ шеніндегі реалист жазушысы. Мопассан өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңбек етіп, алты роман, үш жүзден астам новелла, жол дәптерінен жазылған үш кітап, көптеген өлендер, фельетондар мен мақалалар жазды. Оның творчествосы буржуазиялық тұрмысты жиіркене әшкерелеп, француз коғамыныц реалистік суретін шебер береді, Стендаль мен Бальзактыц реалистік дәстүрін берік ұстанады. Мопассаннық тұңғыш шығармасы — «Пышка» атты новелла. Одан кейін «Өмір», «Сүйікті досым», «Монт-Ориоль», «Пьер мен Жан», «Ажалдай айбатты» романдары жарық көрді. Бұл романдары және аса жатық тілмен, сұлу, образды етіп жазған көркем әңгімелері капиталистік дүниенің сансыз кеселдерін айыптау, жеке меншіктілердің сараңдығы мен жалмауыздығын әшкерелеу тақырыбына жазылған. Бұларды оқығанда сол дәуірдегі француз қоғамына тән әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері көз алдыңа елестейді.

Мопассан еңбекші халық өкілдерін шын жүректен, жаны аши суреттеді. Жанашырлық, мейірбандық, таза адамгершілік сезімдер тек осы адамдарға ғана тән қасиет деп түсінді. Басқыншылық соғыстарға ол мүлде қарсы болды. Гуманист жазушы буржуазиялық қоғамдағы адам тағдырына қатты қиналды, бірақ одан қалай құтылудың жолын біле алмады. Сондықтан да көптеген шығармаларынан тарығушылық сарыны байқалады.

Кертартпа сыншылар Мопассанның шыншыл, өткір үнін өшіре алмайтынын біле тұрса да, оны қудалаумен болды. Олар қоғамдық «таза адамгершілікке» кір келтірдің, діннің қадірін түсірдін, адамға теріс көзбен қарадың деп оған жала жапты. Бірақ ұлы жазушының реалистік шығармалары буржуазиялық қоғамдағы, капиталиста дүниенің баяндылығы жөніндегі жалған пікірлерді жоққа шығарды. Сондықтан да Мопассан шығармаларының прогресшіл зор маңызы бар.

Мопассан 1893 жылы 6 июльде дүние салды.



ШАЛ

Әңгіме

Қоңырқай күз күні дуалдық биік ағаштарының арасынан сығалап, ферма ауласына нұр төгіп тұр. Сиыр жайылып тұқылдаған жердің шөбі жуырдағы жауыннан жылт-жылт етеді; әбден су сіңіп мидай болжыраған жер аяқ тайдырып жүргізбейді; жемісі мол алма ағаштардың бұтақтары жерге тәжім етіп, әбден піскен ал қызыл алмалары көк шөп үстіне топ-топ түседі. Қатар арқандалған төрт тайынша шалғында жайылып жүр, олар анда-санда үйге қарап мөңіреп қояды: ат қораның алдындағы көңді қопарып жүрген ақтылы-қара тауықтардың ортасындағы екі әтеште дамыл жоқ, жем тапса болды, қытқылдап мекиендерін шақырады.

Ауланың есігі ашылып, жасы қырықтар шамасында болса да, алпысқа келген шалдай белі бүкірейіп, жүзін әжім басқан бір шаруа шықты; ішін сабанмен кептеген зілдей ауыр ағаш кебіспен қарыштай адымдап келеді. Бойына лайықсыз ұзын қолы тізесінен төмен салбырайды.

Фермаға жақындай бергенде зәулім биік кәрі алмұрт ағашына байлап, қасына үйшік орнына бөшке қойған сары иті құйрығын бұлғақтата шәуілдей үріп алдына ұмтылды.

— Қой, Фино! — деді қожасы.

Иті жымдай болды.

Әлден уақытта үйден шаруаның әйелі шықты. Үстінде тоқыма кофтасы тақтайдай кең кеудесін қаусара қысып тұр. Сұр юбкасы тобығынан жоғары тұр да, көк шөлке киген сирағы сидиып көрінеді, оның да аяғында сабанмен септеген ағаш кебісі бар. Басындағы көне орамалы сирек шашын жауып тұр; қоңырқай, жүдеу, өксіз кескіні мен опырылған аузы шаруа әйелдерінде көп кездесетін доғал, тұйық адамның пішінін аңғартады.

— Шалдың халі қандай? — деп сұрады одан күйеуі.

— Кюренің айтуынша халі әбден біткен, ертеңге де жетпейтін сияқты,— деді әйел.

Екеуі бірдей үйге кіреді.

Ac үйден өтіп, олар аласа, күңгірт бөлмеге барды. Әйнегіне шыттан құрап перде ұстаған бөлмеге болар-болмас қана сәуле түседі. Төбенің жұқалтаң шатырын ұзыны мен көлденеңінен салынған екі жуан бөрене ұстап тұр, ол ескі-ріп, ыс басып карайып кетіпті, шатыр үстінде күндіз-түні егеуқұйрықтар асыр салады. Дымқыл тартып сызданған ойлы-қырлы жер еденді бөлменің бір жақ бұрышында сәл ғана ағараңдап бір кереует көрінеді. Сол қараңғы түкпірде шаруа әйелдің қарт әкесі ауырып өлім үстінде жатыр. Оның ауыр тыныс алғаны, бұзылған насостай бірыңғай қатты қырылдап, қысылып жатқаны осы жерге естіледі.

Ерлі-зайыптылар әл үстінде жаткан сырқаттың үстіне келді де, самырқау пішінде қарады.

Күйеуі тұрып:

Әрине, енді бітіпті, таң атудан қалмайды,— деді.

Түстен бері ол енбойы осылай қырылдап жатыр,— деп жауап берді әйелі.

Олар бүдан әрі үндеген жоқ. Әкенін. көзі жұмулы жа­тыр. Топырақтай қоңыр, қуарған өңі ағаш бейнедей сұлық тәрізді. Тынысы тарылып, аузын әрең ашып, зорға дем алады, әр тыныс алған сайын үстіндегі кір ақжайма бір көтеріліп, бір басылады.

Күйеуі біраз уақыт үндемей тұрған соң барып:

— Ол өткенше аялдай тұру керек. Басқа амалың жоқ. Жалғыз-ақ арам шөпті не істер екем, күннің "райы жақсы, ертең отау керек еді,— деді.

Мына сөз әйелінің тынышын алды. Ол сәл ойланып тұрды да:

— Егер де ол бүгін өлсе, сенбіден бері жерлей қоймайды ғой, олай болса арам шөпке сенің ертең күні бойғы уақытың бар,— деді.

Күйеуі кепке шейін ойланып барып, ақырында:

— Солайы солай ғой, дегенмен жерлеуге ертең шақырған жөн; Турвильден бастап, Манетоға дейінгінің бәрін менің шарлап шыққанымша қанша, оған алты сағаттан кем уақыт кетпейді,—деді.

Әйелі екі-үш минут байымдап тұрып:

— Ендеше сен қазір бар, Турвиль жағын айналып шық, үлгересін, әлі ерте,— сағат екіден жаңа асты. Қайтыс болды деп айта бер, өйткені ол енді кешке де бармайды,— деді.

Күйеуі айтылған болжалдарды қостар-қостамасын білмей екшеп-текшеп біраз ауытқып тұрды. Ақыры бекініп:

Жарайды ендеше, барайын,— деді.


Бақылау сұрақтары

1. 1850 жылы 5-тамызда Трувел сюр Арк маңында дворян отбасында дниеге келген

жазушы

2. Мопассанның алғашқы шығармалары қай жылдары шыға бастады ?



3. XIX ғасыр аяғындағы француздың реалист жазушы

4. Г. Мопассан қанша роман жазады

5. Стендаль мен Бальзак кімнің реалистік дәстүрін берік ұстаған жазушы ?

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Мопассанның алғашқы шығармасының аты

2. «Өмір» «Сүйіктім» романдарының авторы кім ?

3. Ги Де Мопассан қай жылы дүниеге келген?



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ жауап.

2. Тест сұрақтары.
13-апта

52



Тақырыбы: Ги де Моппассан француз әдебиетінің өкілі

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:
1 1850 жылы 5-тамызда Трувел сюр Арк маңында дворян отбасында дниеге келген жазушы

А Ги де Мопассан

Б Ф Шиллер

С Г Байрон

Д М.Сервантес

2 Мопассанның алғашқы шығармалары қай жылдары шыға бастады ?

А 1870ж 2-жартысында

Б 1810ж 1-жартысында

С 1750ж 2-жартысында

Д 1560ж 1-жартысында

3 XIX ғасыр аяғындағы француздың реалист жазушысы ? .

А Ги де Мопассан

Б Шекспир

С Г Байрон

Д Д.Дефо

4 Г. Мопассан қанша роман жазады

А 6-роман

Б 5-роман

С 7-роман

Д 3-роман

5 Г. Мопассан қанша новелла жазады ?

А 300 ден астам

Б 600 ге жуық

С 200ге жуық

Д 400 ден астам

6 Стендаль мен Балзак кімнің реалистік дәстүрін берік ұстаған жазушы ?

А Ги де Мопассан

Б Ф Шиллер

С Г Байрон

Д М.Сервантес

7 Мопассанның алғашқы шығармасының аты

А «Пышка»

Б «Өмір»

С «Сүйіктім»

Д «Тер мен жан»

8 «Өмір» «Сүйіктім» романдарының авторы кім ?

А Ги де Мопассан

Б Ф Шиллер

С Ж Руссо

Д Балзак


9. Ги Де Мопоссан о қай жылы дүниеге келген?

А. 1850+


В. 1870

С. 1855


Д. 1875

Е. 1860


10. Моппасан кімнің ізін қуушы жазушы

А. Флобер

В. Шекспир

С. Свифт


Д. Дефо

Е. Сейфидддин


14 - апта

53



Тақырыбы: Англия әдебиеті

Жоспары:

1. Бернард Шоу (1856-1950) – ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі

2. Б.Шоудың «Император және қыз» шығармасы
1876 жылы, дәл 20 жасында шалғайдағы Дублиннен Лондонға келген. Ирланлық жас жігіт Бернард Шоуды ағылшынның атақты драмматург, жазушысы болады деп заманында кім ойлаған. 15 жасында оны актриса шешесі ажырасқан маскүнем күйеуіне қалдырып, екі қызымен Лондонға көшіп кетті. Жас кезінен осылайша тағдырдың талай тауқыметін тарта жүріп, ол өзінің жарқын болашағын тек жазушылық өнерден таба алатынына сенді, соған жан – тәнімен берілді.

Сол 80-ші жылдары жас әдебиетші аса көрнекті қоғамдық қайраткерге айналды, Митинг,жиындарда сөз сөйлеуде ешкімге дес бермейтін шешендік болмысымен танылды.

Өзінің әлеуметтік көзқарсында Шоу «Муниципалды социализмді» жақтады, яғни революция жасауға қарсы шығып, социализмге реформалар арқылы жету керектігі алға тартты. Осы идеялары «Жеке социалист» және «Кэшел» «Байронның мамандығы» деген ең алғашқы таңдаулы романдарында көрініс тапты. Ол музыка сыншысы, новеллашы ретіндеде әйгіленді

Әйтседе оның бағын ашқан 8 жыл аралығында «жағымды пьесалар», «жағымсыз пьесалар» және «пуритандарға арналған пьесалар» түрінде үш цикл бойынша жазған тамаша драмалық шығармалары еді. Шоудың осынау әртүрлі жанр мен тақырыптағы осы он пьесасы буржуазиялық екі жзділердің бет перделерін келекелі ашу-ызамен айқын ашып берген болатын. Тек кейбірін ғана келтірсек, олар: «Кандида», «Бойдақтың үйлері», «Ханым Сан-Жен», «Шайтанның шәкірті», т.б. драмалық және мелодрамалық пьесалары. Осы сияқты әлемге тараған тартымды туындылары үшін Бернард Шоуға 1925 жылы Нобель сыйлығы берілді.


Бақылау түрі:

1. Ағылшынның қай жазушысы 80-жылдарда мунниципалды социолизмді жақтады?

А) Б.Шоу
В) Дюма
С) Скотт
Д)Шекспир

2. Б.Шоудың ең алғашқы таңдаулы романы

А) «Кешель Байронның мамандығы»
В) «Шайтанның шипасы»
С) «Үш ноян»
Д) «Отелло»

3. Б.Шоудың бағын ашқан пьесасының аты

А) «Пуритандарға арналған пьесасы»
В) «Кешель Байронның мамандығы»
С) «Шайтанның шипасы»
Д) «Үш ноян»

4.Б.Шоу қай жылы Нобель сыйлығын алды?


А) 1925

В) 1930
С)1940


Д)1910

5. «Шайтанның шәкірті» атты пьесалар жазып 1925 жылы Нобель сыйлығын алған ағылшын жазушысы

А) Б.Шоу
В) Скотт
С)Шекспир
Д) Гюго

6. «Кешель Байронның мамандығы» романын ағылшынның қай жазушысы жазды?

А) Б.Шоу
В) Шекспир
С) Гюго
Д) Скотт

7. «Пуритандарға арналған» пьесасы Б.Шаудың өміріне қандай әсер тигізді?

А) шығармашылық жолының бағын ашты
В) қайғы әкелді
С) айдауға кетті
Д) Нобель сыйлығын алды

8. Б.Шоу қай халықтың өкілі?

А) ағылшын
В) грек
С) неміс
Д) латын

9. Б.Шоу қай жылы дүниеге келді?

А) 1856
В) 1740
С) 1865
Д)1872

10. Б.Шоу қай жылы дүниеден өтті?

А) 1950
В) 1800
С)1982
Д) 1905

11. Берілген шығармалардың ішінен Б.Шаудың пьесасын тап

А) «Ыңғайсыз пьесалар»
В) «Шайтанның шипасы»
С) «Отелло»
Д) «Үш ноян»

12. Б.Шоудың комедиясы

А) «Пипмалион»
В) «Үш ноян»
С) «Айвенго»
Д) «Отелло»

13. Б.Шоудың инмпералистік күреске қарсы жазған шығармасы

А) «Жүректі жарақаттайтын үй» пьесасы
В) «Ыңғайсызх пьесалар»
С) «Үш ноян»
Д) «Отелло»

14. Б.Шоу митингге шығып, шешендік болмысымен танымал болған жыл

А) 1880
В)1888
С)1852
Д)1886

15. Буржуазиялық екі жүзділікті ашу мақсатында жазған жазған шығармасы

А) «Шайтанның шәкірті»
В) «Жүректі жарақаттайтын үй» пьесасы
С) «Ыңғайсызх пьесалар»
Д) «Үш ноян»

14 - апта

54



Тақырыбы: Түрік әдебиеті Н.Х.Ранның өмірі шығармашылығы

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:

1. Назым Хикметті әдебиет тарауынан қандай ақын ретiнде танимыз.

А. ұлы ақын

В. Жазушы

С. Драматург

Д. Педагог

Е. Псиголог

2. Назым Хикметтiң кiтаптары шығармасы "Күн нұрына суарылғандар жыры"

қай жырдары жарияланған.

А. 1925


В. 1982

С. 1928


Д. 1919

Е. 1930


3. Назым Хикметтiң "Адамдық теңестiк" эпопея қай тiлде жарық көрдi.

А. Араб тiлiнде

В. Латын тiлiнде

С. Түрiк тiлiнде

Д. қазақ тiлiнде

Е. Шет тiлiнде

4. Назым Хикметтiң "Адамдақ кеңестiк" эпопеясы қай жылдар аралығында басылып

шықты.


А. 1941-1961

В. 1890-1909

С. 1959-1963

Д. 1960-1970

Е. 1960-1970

5. Назым Хикметтiң "Лидия Ивановна мен сырласу" өлеңiн қандай саяси өлеңiне

жатқызуымызға болады.

А. Лирикасына

В. Трагедиясына

С. Камедиясына

Д. Балладасына

Е. Компазициясына

6. Омер Сейыиддин қай жылы қай қалада дүниеге келген?

А. 1884 ж Генен қаласында+

В. 1880 ж Стамбулда

С. 1886 ж Анкарада

Д. 1885 ж Мадридте

Е. 1890 ж Алжирде

7. Олар Сейфиддиннiң шығармалары қай жылдан бастап жариялады.

А. 1911 ж

В. 1913 ж

С. 1889 ж

Д. 1898 ж

Е. 1918 ж

8 Назым Хикмет қай жылы түрмеден босаталады.

А. 1950 ж

В. 1946 ж

С. 1952 ж

Д. 1949 ж

Е. 1961 ж

9. 36 жастағы Назым Бурса қаласындағы түрмеге түскенен кейiн тағы да қанша

жылдық жаза қосылады.

А. 27

В. 12


С. 25

Д. 19


Е. 15

10. 1920 ж Стамбулда кiм қайтыс болған?

А. Омер Сейфиддин

В. Назым Хикмет

С. Лахути

Д. Рудаки

Е. А. Хағуди

11. Назым Хикмет қай жасында түрмеден құтылмақ едi.

А. 91 жас

В. 89 жас

С. 85 жас

Д. 94 жас

Е. 90 жас

12..Халық аралық Бейбiтшiлiк сыйлығы кiмге берiледi.

А. Назым Хикмет

В. Ю.Шекспирге

С. Сервантеске

Д. Д.Лондонға

Е. Омер Сайфидинге

13. "Бiлiм ошағы" атты жинақтың авторы кiм.

А. Омер Сайфеддин

В. Назым Хикмет

С. Омар Хаям

Д. Рудаки

Е. А.Лахути
14 - апта

55



Тақырыбы: Назым Хикмет Ранның шығармашылық жолы /1902-1963/

Жоспары:

1. Назым Хикметтің саяси лирикалық өлеңдері

2. Драмалық шығармалары
Назым Хикмет-түрік әдебиетінің көрнекті тұлғасы, түрік революциялық поэзиясының негізін қалаушы. 1918 жылы КССРО-ға келеді, Бакуде болды. Мәскеудегі Шығыс халықтарының коммунистік университетінде оқиды.

1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Назым Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір-жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынған шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».

36 жастағы ақын Бурса қаласындағы түрмеге түскеннен кейін тағы да 27 жылдық түрме жазасы қосылады. Сонымен отыз алтыдағы Хикмет ақын табандатқан елу бес жыл түрмеде отырып, тоқсан бір жасында түрмеден құтылмақ еді.

Назым Хикмет 1950 жылы шілде айында түрмеден босатылады.

Назым Хикметке Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік екінші конгресінде агрессияға қарсы жазылған әдеби-шығармашылық еңбектері үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Ол дүниежүзілік бейбітшілік қорғау Кеңесінің бюро /1950/ және Президиум мүшесі /1950/.

Жаңару, өркендеу жолындағы тәуелсіз мемлекет Туркияның ұлттық әдебиетінің дамуында, әрине, Назым Хикмет шығармашылығы-өзіндік өрнекті мұра. Олай дейтін себебіміз, оның шығармашылық өмірбаянын күресшіл, революцияшыл мазмұнға құрылады. Көркем шығармашылық әлемдегі көркемдік. Әдістер, романтизм мен релазим әдістерін егіз қолдана жазған, халқын сүйген талай-талай ақындар шығармашылығынан біз осыны танимыз. Үндістанның ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың, 1922 жылға дейін Иранда өмір сүрген иран-тәжік әдебиеттерінің ақыны Әбілқасым Лахутидың, қазақ ақындары С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Қ.Аманжоловтың және қазіргі әңгіме арқауындағы ақын Назым Хикмет шығармашылығынан біз осындай ерекшеліктерді танимыз.

Назым Хикмет-әдебиет тарауындағы ұлы ақын. Сонымен қатар ол-көркем прозашы, драматург, киносценарииші. Шығармалары /жарияланған кітаптары/:


  1. «Күн нұрына суарылғандар жыры » /1928/

1. «835 тармақ» /1929/

2. «Даусын жоғалтқан қала » /1931/

3. «Адамдық кеңестік» /1941-61 ж.ж. Бұл түрік тілінде 1966-67 ж.ж. жарияланған эпопея/.

4. Драмалық шығармалары: «Елеусіз қалған есіл ер» /1935/; «Дарақы» /1955... т.б.

Назым Хикметтің шығармашылығы әдеби тек жағынан лирика, эпос, драма түрлерін түгелдей қамтиды. Назым Хикметтің әлемдік сөз өнеріндегі негізгі тұғыры-ақындығы. Ақынның лирикалық шығармашылық құдіретін әлемге танытқан ерекшелік-оның туған елін Туркияны, Анадолы жерін, Ыстамбулды, дүниежүзінің еңбекшілерін азаматтық, гуманистік жүрекпен жырланғандығы Хикметті түсіну үшін лирика табиғатына үңілу керек. «Лирика... шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөліп, ойымен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі»... «Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты». Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - сол өз кезінің шындығымен сыры жатады.

... «Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі... Өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақынмен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді... Сонда ақын көкірегінде сезім-оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр-оқырман сыры болады да шығады». /Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалары. А., Жазушы. т.2. 315-316, 319 беттер/ Бұл айтылған тұжырымдарды Н.Хикмет жырлары арқылы түсінеміз. Назым Хикметтің лирикалық шығармашылығын өлең тарихындағы қалыптасқан жіктеулер тұрғысынан саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы түрлерінде қарастыруға болады.

Назым Хикметтің саяси лирикасына мынадай өлеңдері жатады:

«Лидия Ивановнамен сырласу», «Сендердің қолдарың хақында һәм жалғандық жайлы өлең», «Мадрид қақпасы алдында», «Шығыс адамы және СССР», «Үміт», «Сені ойлаймын», «Құрыш білектер», «Ағаштар», «Қайран, он тоғыз!», «Бес тәулік ашыққанда», «Мұнайстанға саяхат», «Мен түрмеге түскенге», «Ешбір ағаш берген жоқ мұндай ғажар жемісті», «Әлем достар, жаулар, сен және жер», «Поль Робсонга», «Айқас» және т.б.

Ақынның саяси лирикасынан адамзаттың бақыты жолындауы күреске өмірін арнаған лириканың қаһарманның асқақ мұраттары жырланды. Құрлықтарды мекендейтін барлық нәсілдегі адамдарда сүйетін гуманистік бауырмал үні шынайы қалпымен естіледі.

Африка не Азиядан,

Не Таяу Шығыс елінен.

Не Қиыр Шығыс,

Не Тынық мұхитының шегінен.

Қай тараптан да бол, мейлің,

Планетамның халқының төрттен үш бөлігі,

Бөрі де маған бауырлас туған ел деймін.

/ «Сендердің қолдарың хақында»/

Ал, «Өлген қыздың елесі» жырында Хиросимадан басталған атомдық зұламатқа қарсылық үнін танимыз. Мәңгілік апат, қырғын атаулыға жаны түршіге қарсы ақынның күрескерлік жырының қуаты айқын.



Бақылау сұрақтары

  1. Түрік поэзиясыныңнегізін салушы Н.Х.Ран

  2. Назым Хикмет Ранның өмір жолы.

  3. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

  4. Ранның өлең жинақтары.

5. Назым Хикмет қай жасында түрмеден құтылмақ едi.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері.

2.Драмалық шығармалары.


  1. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

  2. Н.Ранның өлең жинақтары.

Студентің үйде орындайтын тапсырмасы

    1. Сұрақ жауап.

    2. Реферат.


14 - апта

56



Тақырыбы: ХХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі дәстүрді жаңғырту жаңалықтары

Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тапсырмалары:

  1. ХІХғ. Соңындағы түрік әдебиетіндегі серпілістер

  2. Түрік әдебиетінің әлемдік әдебиеттегі озық дәстүрлермен байланысы

  3. Түрік әдебиетіндегі қазіргі замандық көркемдік әдіс шеберліктерін игеру жұмыстары

  4. Әзиз Несиннің /1915/өмір жолы.

  5. Ә.Несиннің шығармашылығы.

  6. Түрік әдебиетінде 18- ғасырдағы сопылық бағыт.

  7. Ә.Несиннің түрік әдебиетінде алатын орны

  8. Әзиз Несин жазушы, сатирик

  9. Әзиз Несин юморист, жазушы

10. ХХ ғасырдың бас кезіндегі түрік сатирасының дамуы


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет