Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



жүктеу 2.84 Mb.
бет6/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Тақырыбы: Неміс әдебиеті


Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу.

2. ХV-ХVІ неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті.

3. Жаңа латындық әдебиет

4. 16ғ/ң. 1-ші жартысындағы халық көпшілік әдебиет олардың түп көздері

5. Орта ғасырлық аңыз христиандық әпсана

6. Орта ғасырлық қалалық фольклор

7. Рыцарлық роман

8. Доктор Фауст туралы халық кітаптарындағы мифтік поэтикалық және натура пәлсапалық

көріністер

9. Бюргерлік әдебиет оның орта ғасырлық сатирасы

10. Бюргерлік әдебиеттің дидактикалық көрінісі

11. 16 ғ/ң соңында классикалық қайта өрлеу дәуірінің басталуы

12. Қайта өрлеу дәуірінің басталуы

13. Антикалық әдебиетке баса назар аударуы

14. Қайта өрлеу мәдениеті драматургияны, театрды жаңа биікке көтеруі

15. Қайта өрлеу дәуіріндегі жеке дербестік қасиеттер
6-апта

23



Тақырыбы: Француз әдебиеті

Сабақ түрі: Семинар

Жоспары:

1.Ф.Рабленің өмірі мен шығармашылығы.


2. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби негізі.

Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле. Ауқатты жер иесі адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде Монастрда құдай ілімдерімен қатар ертедегі жазушылармен заң кітаптарын оқып өсті. Ол жан- жақты білімді адам , жазушы, дәрігер, педагог болды. Ежелгі тілдерді де жақсы білді. Ф.Рабле түрлі сомада еңбектер жазды бірақ оның даңқын шығарған 5- кітаптан тұратын “Гаргантюа мен Пантагрюэл” романы. Бұл әлі күнге дейін үлкен де кішіде оқып келе жатқан тамаша кітап автор бұл романды жазуды халық арасында тараған аңыз ертегілерді кең түрде пайдаланып оған гуманситік сипат берді. Ф.Рабле ортағасырлық феодалдық сотта тәрбиенің ескі әдісі құрғақ сөзді діни қараңғылықты көзсіз сенушілікті сынады.

Ф.Рабле өмірінің ақырына дейін ешкімнен жасқанбады өз ой пікірімен идеясына сенімін жоғалпай дүниеден өтті.

Бақылау сұрақтары

1. Француз әдебиеті.

2.Ф. Рабленің өмір жолына шолу

3. Гаргантюа мен Пантагрюэл” романының әдеби мәні

4. Ф. Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби мәні

5. Бес кітаптан тұратын роман желісі


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары


1. Ф. Рабленің шығармасының идея және компзициясы

2. Ф. Рабленің шығармасының көркемдік ерекшелігі.

3. Ф. Рабленің шығармасының негізгі идеясы.

4.Рабленің даңқын шығарған шығармасы.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Сұрақ жауап.

  2. Гаргантюа мен Пантагрюэл” романының әдеби мәні


6-апта

24



Тақырыбы: Қытай әдебиеті

Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тақырыптары:

1. ХІY - XYIII ғ.ғ. тарихи тақырыптағы прозалық шығармалар

2. ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басындағы револяциялық әдебиеттің өрістеуі

3. Ежелгі қытай әдебиеті

4. «Шан -шу» декларациялары, указдары және мемлекеттік іс тер жөніндегі мәдени ескерткіш

5. «Луньюй» тұжырымдармен сұхбаттар

6. Қытай ойшылдылығындағы адамды ардақтау

7. Лю Сянь ескі жазбаларды жинаушы зерттеуші

8. Лю Сянь әдебиетші, тарихшы, жазушы

9. Сыма – Сян – жу империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі

10. Сыма – Сян Тайшы «аға», «бас» Египетте перғауындар сарайларындағы шенеуніктер

11. Сыма – Сян әкесі Сыма – Тянның ізін жалғастырушы

12. Сыма – Сян тайшылық қызметі

13. Сыма – Сян күнтізбені құрушы

14. Сыма – Сян уақытты бақытсыз күндерді белгілеуші

15. Сыма – Сян елдегі оқиғалармен жинаушы, жазушы.



7-апта

25



Тақырыбы: Испан әдебиеті

Жоспары:

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу

2. М.Сервантестің өмірі мен

шығармашылығы

3. М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық астары
Испания мәдениеті үшін мың алты жүз бесінші жылдың орны бөлек. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бұл жаңа жылдың бұрынғы өткен жылдардан бәлендей айырмашылығы жоқ еді және испан халқын жарылқап тастайтындай жақсылық әкеле қояр сыңайы да байқалмаған. Рас, V Карл құрған, жаңа ғасырда немересі III Филипптің қол астына өткен Испан империясы әлемдік держава деген атағын сол бұрынғысынша сақтап тұрған. Европадағы, Америка мен Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы онсыз да мен байтақ иеліктерінен айырылып қалмауды, мүмкін болғанынша одан әрі кеңейте түсуді көздеген Испания теңізде де, құрлықта да бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей дамылсыз соғыс жүргізіп жатқан.

Алайда 1605 жылғы қаңтар айының бас кезінде орын алған, былай қарағанда болмашы да қарапайым бір оқиғаны маңыздылығы жағынан; үлгі аталған жайлардың бірде-бірімен салыстыруға болмайтын. Қаңтардың сол бір күні Мадридтегі кітап дүкендеріне әдеби дабырасынан гөрі Алжирде тұтқында болып, азап шегуімен даңқы көбірек шыққан, жасы егде тартып қалған, оның үстіне өзі мүгедек бір жазушының романы сатуға түскенді. Жазушының есімі - Мигель де Сервантес Саведра, шығармасының аты - "Айлакер идальго Ламанчалык Дон Кихот" болатын. В.Г. Белинскийдің бейнелілігімен айтқанда, "адамзат өнеріндегі жаңа дәуір" де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес катысқан жене куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмытылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді.

Император болудан үміткер кезбе рыцарь Дон Кихот пен онын бір аралдың бастығы болуды аңсайтың аңғал атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейтін Сервантестің бұл туындысы адамзат баласымен мәңгі біріге жасай беретін шығарма екенін әлем зиялылары бір – ауыздан мойындап отыр. Соның алдында бірер жыл бұрын ғана Норвегиядағы Нобель институтының ұйымдастыруымен 54 елдегі 100 айтулы қаламгерден құралған (ішінде Нобель сыйлығының бірнеше лауреаты бар) қазылар алқасы "Дон Кихот" романын әлем әдебиетінің ең үздік туындысы деп таныған болатын. Одан кейінгі орынды Марсель Прустың "Жоғалған уақытты іздеу әурешілігі" романы алды. Бұл екеуінен кейінгі орындар Гомердің, Толстойдың, Достоевскийдің, Кафканың, Фолкнердің, т.б шығармаларына тиді.

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды. Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті. Ол V Карл патшалығының соңғы жылдарын көрді, II Филипп пен оның баласы III Филипптің патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті. Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған. Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған III Филипп оны өлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған. Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сегіліп, қатты бір дауылдан калмайтындай халде тұрған. Көлемі одан әлдеқайда шағын мемлекеттер, Англия, Франция, Голландия, - Испанияның шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де оған қарсы соғыс ашып жатқан. Екінші жағынан, XVI ғасыр - ұзақ уақыттар бойы "реконкистамен" (туған жерін басқыншы маврлардан тазартумен) айналысқан халықтың қолы босауымен ерекшеленетін. Соның нәтижесінде елдің арқасы кеңіп, аз уақытқа болса да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күй кешкен.



Испан әдебиеті “Дон Кихот”.

Сервантес “Дон Кихот” романының бірінші томын 1605 жылы ал екінші томын 1615 жылы жазып шықты. Ол Дон Кихотында есуастың бетке ұстап өмір шындығымен санаса алмайтын адамның, суреттелген бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір, жапа шекккендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық-зомбылықты, есушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдікпен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиялдық қаһармандық ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігін жағына оны еріксіз құрметтейді. Романда Дон Кихотпен біз былай танысамыз: “Ломанча аймағының кішкене бір жұпыны деревнясының Дон Кихот дейтін идальго тұрды. Басқа дворяндар сықылды, о да өзінің ата тегінің ақсүйек екендігіне масаттанып, ерте заманғы бір қалқанымен ата мұрасы болып келген найзасын ардақтап, көзінің қарашығындай сақтайтын. Оның қорасында бір арық мәстегі мен аңға қосатын тазысы болатын. Бар табысының төрттен үші, сиыр етімен шөп шалаңнан істелген, күндегі ішетін быламығымен винегретіне кететін, жұма күндері ол аузына қызыл алмай, суға пісірген бұршаққа қанағат етіп отыратын, бірақ оның есесіне, жексенбі сайын кептердің қуырған етін жеп жеңіл басатын. Дон Кехана мейрам күндерінде үстіне жұқа маңытыдан тігілген бешпет, бархыт шалбар аяғына сақтан башмақкиюші еді, ал жай күндері қарадүрсін шұғыдан тігілген киім киіп жүретін. Оның үйінде жасы қырықтан асқан экономика (үйдегі ас суды жамғараты әйел), 18-19-дағы жиен қарындасы және қаусаған кәрі шал қызметкері болатын. Ал Идальгоның өзі елуге жақындап қалған қураған қу сүйектерімен тырысқан терісі басқа дымы жоқ, ап-арық болғанымен ол өте берік адам еді.

Дон Кихана өзінің бос уақытын- ал оның бүкіл тәулік бойына қолы бос болатын серілер туралы ескі романдарға үңіліп оқумен өткізетін. Бұл іске ол аса құмартып, шын ықыласымен берілді, осыған бола аң аулауды да, шаруашылығын да қойды. Бұл іске өте құмартып кеткендіктен ол, тіпті, осы серілер туралы кітаптанрды сатып алу үшін өзінің егістік жерін едәуір бөлігін ойланбастан сатып та жіберді.”

Романдағы ғашықтық жөніндегі лепірме хаттар, бірін-бірі жекпе-жекке шақыру өте ұнаушы еді және жиі кездесе беретін кейбір қисынсыз жерлеріне түсіне алмайтын. Мысалы “Бельянис деген атақты сері басқаларды жарақаттап өзі де бірнеше рет жарақаттаныпты” деген сөзге нану оған қиынырақ болды, ол серіні емдеген дәрігерлер қанша білгір болғанымен, оның беті мен денесінде жарақаттардың орны қалуы тиіс сықылды болып көрінді. Ал романда Бельянис майданға тыртығы жоқ болып шығады.

Бірақ романдардағы ерлердің істеріне әуестенуіне Дон Кехана үшін мұның бір де бірі бөгет болған жоқ. Ол кітап оқудың қызығына түсіп, күні-түні демей оқитын болды. Ол жұмысының бәрін қойып, ұйқысынан айрылды, тамақ ішуді де ұмытып кете беретін. Оның басы серілер туралы кітаптардан оқыған cорақы тарихтарға тың толы еді.Сондықтан ол қанды соғыстарда,серілердің жекпе-жек ғашықтық кездесулерді қыз алып қашуды түгіл өңінде де айтып сандырақтайтын болды.Ол, Сид Рун Диас ер жүрек сері болыпты дегенге қосылатын,бірақ екі үлкен дәудібір сермегенде қақ бөліп шарып түскен жалынды қылыш серікіне қайдан жетсін деуші еді. Ал солай деп тұрса да,жауырыны жерге тимеген Ролланды Ронсеваль қуысында жеңіп шыққан Бернардо де Карпионы ода жоғарырақ бағалайтын. Ақырында, байғұс адамға есалаң болып кетті. Нақ осы кезде ешбіресуастың қиялына кіріп шықпаған бір ғажап ой сап ете қалды. Өзін жихангер серілердің қатарына қосылуға міндеттімін деген пікірге келді. Дон Кехана ,өз басының даңқы үшін,туған өлінің қамы үшін жауыздарды жазалауды әділеттікті қайтадан қалпына келтіруді қасиетті борышым деп білді.Осы ойын жедел орындауға асықты. Үйдің шатырында тот басып жатқан ата –бабаларының қалған сауыт саймандарын тазартты, осылардың бәрін жиып-теріп келгенде, дулығанық төбесінде шошарынан басқа ешнәрсесі қалмағанын көріп қатты ренжіді. Бұл істі жөндеу үшін оның бар өнерін салуына тура келді. Ақырында дулыға тәрізді бір нәрсені істеп шығарды. Содан кейін ол мұның ұрыста қаншалықты төзімді боларын байқағысы келіп кетті. Қанжарын суырып алып дулығаны екі рет тартып-тартып жіберді. Бір ұрғанда ақ дулыға быт-шыт болды. Ол қатты ренжіді. Дегенмен, ол бұл істі қайтадан қолына алды, бірақ енді мықты болсын деп қатырма қағаздың астына қаңылтыр салды. Енді оны сымнан өткізуге қажет деп таппады.

Қорадағы атын басынан аяғына дейін қарап өтті. Оның бұл аты ауруға шалдыққан бір кәрі мәстек еді. Бірақ солай бола тұрса да, менің бұл атыма ұлы Александрдың Буцефалы да, Сидтің Бальегі де тар келе алмайды деді. Ол өзінің кәрі мәстегіне енді есім іздеп қатты қиналды. Ақырында ол Рошнат деген есімге тоқтады. Бұл есім оған әсерлі болып көрінді.

Ол енді өзіне де лайықты есім қоймақшы болды.Мұны ойлап бір жетідей жүрді. Ақырында ол өзінің Дон Кехана деген елеусіз есімін Дон Кихот деген есіммен өзгерте салды және Ламаншарық Дон Кихот деп атанбақ болды.

Сонымен, қару-жарақ тарқатуы дулыға жөнделді, мәстегіне жаңа ат қойылды, өзі де есімін өзгертті, енді оған ғашық жар іздеп табу ісі ғана қалды, Дон Кихот өзіне былай деді: “Егер мен тағдыр жазып бір алыппен кездесе қалсам (ау жихангер серілерге бұл жиі кездесе беретін нәрсе), оны айқасқан бойда алып ұрып, еріксіз кешірім сұрата қалса, онда мен серілік заңдары бойынша оны өзімнің бикешіме жіберуім керек. Ол сері менің тал шыбықтай бұралған сүйкімді әміршіме кіріп барып, тізе бүгіп отыра кетеді де, басын иіп былай дейді: “Мен Малиндрани аралының патшасы Каракуляндро дейтін алыппын. Мені жекпе-жек ұрыста айбынды сері, Ла-маншалық Дон Кихот жеңіп шықты. Ол маған сіздің ұлы мәртебеңіздің алдына барып бас июге бұйрды, міне, сондықтан алдыңызға келіп тұрмын, енді сіздің ұлы мәртебеңіз маған не істесе де ерікті... ”

“Оһо!-деп дауыстап жіберді Идальго,-мен өзіме қалайда болса ғашық жар тауып алуым керек: серінің ерлігіне тек сүйген жары ғана лайықты баға береді. Бірақ оны қайдан табу керек?” осыны айтып, Дон Кихот ойға шомды. Кенеттен оның көңілін бір қуанышты пікір сергітіп жіберді. Көршілес деревнядағы Альфонсо Лоренсо дейтін бір жап-жақсы шаруа қыз есіне түсті. Сол қыздың дәл өзін, біздің сері жүрегінберіп ғашық жары етіп жарияламақ болды. Оны Дульсинея Тобоссная деп атады, осы әзірліктің бәрі біткеннен кейін Дон Кихот көп кідірмей, өз үйін тастап, серілік оқиғалар іздеп кетуге бел байлады. Міне, сонымен, ол жаз айының тамаша күнінде төсегінен таң атпай көтерілді де, үстіне сауыт сайманын, басына сиықсыз дулығасын киіп, Росинатқа қарғып мініп алды да, қалқанын қарына іліп алып найзасын қолына ұстады. Жасырынып мал қораның сыртқы қақпасы арқылы шықты да, ен даланы бет алып жүріп кетті.


Бақылау сұрақтары

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу

2. ауызша – лиро –эпикалық поэзияның дамуы

3. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері

4. Испан әдебиетіндегі роман жанрларының түрлері

5. Рыцарлық романның генезисі орта ғасырлық куртуаздық романдармен, рыцарлық дастандармен

байланыстары.

6. М. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.

7. М. Сервантестің “Дон Кихот” шығармасы.

8. Өсиет-өнеге мен новеллалары.

9. «Дон Кихот романы» оның продиялық астары

10. Романның гуманистік риторикасы



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Сервантес «Дон Кихот» романының бірінші томын қай жылы жазды

А) 1605

ә) 1602


б) 1604

в) 1606


2. Испан мәдениеті қай жылдары орын алды

А) 1605


ә) 1604

б) 1606


в) 1608

3.Мигелде Сервантес Соведра шығармасы

А) «Дон Кихот»

ә) «Дон Жуан»

б) «Гулливердің саяхаты»

в) «Гаргантюа мен пантагрюэль»

4.1605 жылы «Дон Кихот» романының нешінші томы жарық көрді ?

А) 1-і


ә) 2-і

б) 3-і


в) 4-і

5. Алпыс тоғыз жыл ғұмыр кешкен испан жазушысы

А) М.Сервантес

ә) А. Гедмон

б) Ф. Шиллер

в) П. Бомарше

6. «Дон Кихот» романының екінші томының жарық көрген кезеңі ?

А) 1615


ә) 1614

б) 1616


в) 1618

7.М. Сервантес қанша жыл ғұмыр кешкен ?

А) 69

ә) 78


б) 70

в) 71


8. М. Сервантес қай елдiң әдебиет өкiлi

А. испан әдебиетi

В. немiс әдебиетi

С. ағылшын әдебиетi

Д. француз әдебиетi

Е. үндi әдебиетi

9."Дон Кихот" шығармасының авторы

А. М. Сервантес

В. П. Бомарше

С. Г. Гейне

Д. В. Шекспир

Е. А. Дюма

10. «Парнасқа саяхат» деген поэмасын қайжылы аяқтады

А) 1614
Ә) 1615


Б) 1655
В) 1634

С) 1618


11. Испан әдебиетінің өкілі Сервантес қай жылы дүниеге келді

А) 1547жылы 9 қазан


Ә) 1548 жылы 10 қазан
Б) 1542 жылы 12 қазан
В) 1544 жылы 13 қазан
С) 1543 жылы 17қазан
12. Сервантес кішкене кезіненкім болуды армандады

А) ақын, драматург


Ә) саясаттанушы
Б) заңгер
В) технолог
С) баспада тілші

13. Сервантестің «Галатея» романы кімдердің өмірінен алынды

А) қойшының өмірінен
Ә) саясаттанушы өмірінен
Б) заңгердің өмірінен
В) технологтың өмірінен
С) Шеберханашының өмірінен

14. 1597 жылы Сервантес қазынаның мол ақшасынан айрылып, сол үшін қай жылға дейін түрмеде отырды

А) 1604
Ә) 1602
Б) 1603
В) 1601
С) 1600

15. Испан әдебиетінің өкілі Мигелде Сервантес жарық дүниемен қай кезде қош айтысты

А) 1616жылы 23 сәуірде
Ә) 1617жылы 12 сәуірде
Б) 1618жылы 24 сәуірде
В) 1619жылы 28 сәуірде
С) 1620жылы 29 сәуірде

16. Сервантестің «Дон Кихот» кітабы қай жылы, жеке әдебиет болып шықты

А) 1952
Ә) 1951
Б) 1950
В) 1965
С) 1656

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы


  1. Дон –Кихот шығармасының негізгі көтерген мәселесі.

  2. Испан әдебиетінің зерттелу тарихы.

  3. Испания мәдениеті үшін 1605 жылдың орны

  4. Сұрақ жауап


7-апта

26



Тақырыбы: Ағылшын әдебиеті ұлы өкілі Шекспир

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары
1. Шекспир қай қалада дүниеге келдi

А. Иолк қаласында

В. Венецияда

С. Стратфортта

Д. Шотландияда

Е. Кипрде

2. Ағылшын әдебиетінің өкілі У.Шекспирдің ғашықтар трагедиясы

А. «Ромео мен Джулетта»

В. «Оттела»

С. «Венециандық көпес»

Д. «Он екіші түн»

Е. «Гамлет»

3. Шекспирдің өмір сүрген кезеңі

А. 1564-1616

В. 1563-1618

С. 1568-1614

Д. 1574 - 1613

Е. 1565 - 1620

4. Қай пьеса Шеспир шығармашылығынан

А. Ричард ІІІ

В. Айвенго

С. Иллиада мен Одиссея

Д. Дон Кихот

Е. Дон Жуан

5. Әсемдіктің солмауы үшін деген өлең ағылшынның қай жазушысыныкі

А. У.Шекспир

В. Д.Дефо

С. Д.Свифт

Д. С.Ричардсон

Е. Г.Филдинг

6. У.Шекспир шығармаларының екінші кезеңіндегі жазылған шығармасы

А. Гамлет

В. Қанды трагедия

С. «Ромео мен Джулетта»

Д. Венецияндық көпес

Е. Он екіші түн

8. У.Шекспир шығармаларының 1-ші кезеңінде жазылған шығармасы

А. Генрих - 4

В. Оттело

С. Корол Лир

Д. Макбет

Е. Гамлет

9. У.Шекспир транедияларындағы өзекті мәселелерқиял мен шынайы өмір арасындағы соқтығыстар жөнінде жазылған шығармасы

А. Корол Лир

В. Генрих – 4

С. Қанды трагедия

Д. Он екінші түн

Е. Әсемдіктің солмауы үшін

10. У.Шекспирдің трагедиясын көрсетіңіз

А. Қанды трагедия

В. Айвенго

С. Дон Жуан

Д. Дон Кихот

Е. Гулливердің саяхаты

11. У.Шекспирдің шығармаларының ішінде трагедиялық қақтығыстарға бағытталған шығармалары

А. Венециялдық көпес

В. Отелло

С. Макбет

Д. Корол Лир

Е. Гамлет

12. У.Шекспирдің лирикалық өлеңдері

А. Әсемдіктің солмауы үшін

В. Дос пен қараторы бикеш

С. Қалай өссек

Д. Бүкіл жерді мұхитымен

Е. Қырық қыс кеп

13. Ромео мен Джулеттаны шығарманың қай түріне жатқызамыз

А. Трагедия

В. комедия

С. Баллада

Д. Ода

Е. Романтизм



14. У.Шекспирдің қанша пеьсасы бар

А. 36


В. 35

С. 34 


Д. 33

Е. 32


15. У.Шекспирдің қанша сонеті бар

А. 154


В. 158

С. 159


Д. 140

Е. 143


16. У.Шекспирдің қанша поэмасы бар

А. 2


В. 3

С. 5


Д. 8

Е. 1


17. У.Шекспир шығармашылығындағы поэмалар

А. Венера мен Адонис, Лукреций,

В. Ромео мен Джулеттаны

С. Отелло

Д. Макбет

Е. Генрих – 4

18. У.Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфортқа қай жылы оралады

А. 1612


В. 1613

С. 1615


Д. 1644

Е. 1618


19. Әсемдіктің солмауы үшін әдетте

Жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен

Семгенімен солған гүлдер жапрағын

Жас раушан сақтап оны сәні еткен

Ағылшынның қай жазушысының өлеңі

А. У.Шекспир

В. Д.Дефо

С. Д.Свифт

Д. Ричардсон

Е. Филдинг

20. Қалай өссек біздер солай соламыз

Ұрпақ қалсын біз соларда боламыз

Мұрагердің бойындағы күш қуат

Қаусап қалған менікі деп санаңыз

Шекспирдің қай өлеңінен алынған

А. Қалай өссек

В. Жұлдызға қарап

С. Қырық қыс кеп

Д. Көктеміңді бөлеп нәзік

Е. Әсемдіктің солмауы үшін


7-апта

27



Тақырыбы: Ағылшын әдебиетінің ұлы өкілі В.Шекспир шығармашылығы.

Жоспары:

1.Шекспир өмірі, өлеңдері, сонеттері

2.Шекспир пьесалары мен трагедиялары
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы(Венера және Адонис), (Лукреция154сонеті, 36пьесасыбар. Поемалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,


Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын


Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің

Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,

Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.


Бақылау сұрақтары

  1. У.Шекспирдің өмірінен мәлімет

  2. У.Шекспирдің драматургиясы

  3. Шекспирдің өлеңдері

  4. У.Шекспирдің “Ромео мен Джулеттасы”

  5. У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясы

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

  1. “Ромео мен Джулеттадағы” тргедиялық қақтығыстардың шешімі.

  2. Шекспирдің сонеттері

  3. Шекспирдің “Оттелосы”

  4. Шекспирдің “Корол Лирі”

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы.

  1. реферат

  2. тест



7-апта

28



Тақырыбы: ХVІІғ. француз әдебиеті

Сабақ түрі: Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел тақырыптары:
1. Ж.Б.Мольер өмірі

2. Мольер комедияларындағы пәлсапалық мәселелер

3. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік

стильдік бағыты.

4. Мольер шығармашылығы.

5. Мольердің халыққа жақын көңілді комедия дәстүрі.

6. Эстетикалық көзқарастар

7. Француз әдебиетін қалыптастырушылар.

8. Классицизм 17 ғасырдағы Француз әдебиетінің көркемдік стилдік бағыты.

9. 17 ғасырдың 2 ші жартысында Францияда ұлы драматург тамаша комедия театрын құрушы Жан

Батисто Мольер.

10. «Жаңа Партов» қойылымы 1792ж. комедиялық пьессалары өмірге

келді.

11. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиеттен жұрдай болған өзімшіл



азғындаған оңбағанды сахнаға шығарудағы мақсат.
Тест тапсырмалары
1. 17 ғ 2 жартысында Франциядағы ұлы драматург

А) Жан Батисто Мольер

В) Мухаммед Риза

С) В. Гюго

Д) Д. Дефо

1. Мольердің әкесі қандай кәсіпті өмірлік пайда еткен?

А) Карол сарайында мебел жасаған

В) Үйінде отырған

С)Сағат жөндеуші

Д) Каролдің үй қызметшісі

3. Дон Жуан комедиясының авторы

А) Жан Батисто Мольер

В) Мухаммед Риза

С) В. Гюго

Д) Д. Дефо

4. Мольердің пеесаларындағы негізгі кейіпкерлер кімдер?

А) Өз замандастары

В)Қарақшылар

С) Шаруалар

Д) Қолөнершілер

5. Мольер қай ұлттың өкілі?

А) Француз

В) Өзбек

С) Қазақ

Д) Орыс

6.Гарногон – Мольердің қай пессасының кейіпкері



А) Сарақ

В) Дон Жуан

С) Гаргантюа мен Пантагрюэль

Д) Гевра

7. Мольер қандай таптың өкілі ?

А)Буржуазиялық

В) Ө те кедей

С) Бай


Д) Орта тап

8. Патша шабарманы қай ғалымның еңбегі?

А) Верн

В) Лондон



С) Шол

Д) Шексмпир

9. Жюль Верн қай халықтың өкілі ?

А) Француз

В) Өзбек

С) Қазақ

Д) Орыс

ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ




Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі

29

ХІХ –ХХ ғ. әдебиет дамуындағы әдеби бағыттар, көркемдік әдістер

1. Романтизмнің

Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде 19ғ/ң басында пайда болуы

2. Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері



8




Семинар

30

ХІХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі көркемдік ізденіс


1.ХІХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі серпілістер

2. ХІХ ғасырдың 70-80 ж/ғы жаңа түрік прозасының қалыптасуы



8

1

Тест

31

ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті

1.Д.Дефоның өмірі.

2. Дефоның «Робинзон Крузо» атты романы


8




Семинар

Тест


32

ХІХ – ХХ ғ. Азия елдеріндегі әдеби ағартушылық бағыт ерекшелігі

1. Азия елдерінің әдебиеттеріндегі ағартушылық ерекшеліктер

2. Азия елдері әдебиеттерінің әлемдік әдеби жаңа байланыстар ауқымында дамуы


8

1

Глоссарий

33

ХVІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің өкілі Джонатан Свифт

1. Д.Свифт өмір жолы

2. «Гулливердің саяхаттары» әлеуметтік, сатиралық қалыппен бейнеленген роман


9




Семинар

Тест


34

ХVІІІ ғ. Неміс әдебиетінің ұлы өкілі Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832)

1.Гете Иоганн Вольфганг өмірі

2.Өлең өнерінің дамуына зор ықпал еткен ақын


9

1

Тест

35

ХVІІІ ғ. неміс әдебиеті

1.Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805) неміс әдебиетінің көрнекті өкілі.

2.Шиллердің әңгімелері мен өлеңдері


9




Семинар

Тест


36

Иран әдебиетінің даму ерекшеліктері


1.Иран елінің ағартушы қайраткерлері

2. Иран әдебиетінің дамуы



9

1


Реферат

37

ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті

1.Э.Т.А.Гофманның өмірі мен шығармашылығы


2. Гофманның эстетикасы


10




Семинар

Тест


38

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі

Абдоррахим Талибов

1 Абдоррахим Талибов өмірі

2.“Өмір мәселелері” Иран мемлекетінің құлдилауына арналып жазылған, тәрбиелік мәні бар шығарма.


10

1


Ой-бөліс

39

Ағылшын әдебиеті.

1.Дж.Н.Гордон Байрон(1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танытушылықты

бейнелеудің озық үлгісі

2. Байронның лирикалық поэмсы



10




Семинар

40

Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі

1.Пәлсапалық драмалық дастаны «Чайль Гарольдтың сапары»

2.Байрон шығармашылығының идеялық – эстетикалық және тарихи маңызы.


10

1

Тест

41

Скоттың ағылшын романтикалық әдебиетіндегі орны.

1.В.Скоттың (1771-1832) өмірі мен шығармашылығы

2. В.Скоттың „Айвенго” романы


11




Семинар

42

В.Скотт тарихи романды қалыптастырушы ретінде ХІХғ. жаңашылдарының бірі.

1. В.Скоттың романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі

2.В.Скоттың әлем әдебиетіне тарихи романды қалыптастырушы ретінде енуі.


11

1


Тест

43

Француз әдебиеті

1. А.Дюма (1802-1870)өмірі мен

шығармашылығы

2. „Дартанян” романының

мазмұны


11




Семинар

Тест


44

Француз әдебиетінде ғылыми фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы.

1. В.Жюль (1828-1905) өмірі мен шығармашылығы

2.В.Жюль қазақ даласындағы көтеріліс жөнінде «Патша шабарманы» атты жазған романы


11

1

Ой – бөліс

45

Франция ұлтының ұлы ақыны, француз романтизімінің ірі тұлғасы.

1. В.Гюго (1802-1885) өмірі мен шығармашылығы

2. В.Гюго – ақын драматург, прозашы


12




Семинар

Тест


46

А. Мицкевич (1798-1855) - поляк романтизімінің негізін қалаушы

1. А. Мицкевич өмірі

2.А.Мицкевич шығармашылығы


12

1

Реферат

47

Американ әдебиетінің көрнекті өкілі – Эдгар Аллан По

1.Эдгар Аллан По өмірі мен шығармашылығы

2.Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


12




Семинар

Тест


48

Американ әдебиетінің көрнекті ақын – жазушысы

1.Эдгар Аллан По өлеңдері

2.Американдық романтик ақынның алғашқы жинақ поэмалары.


12

1

Коллоквиум

49

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм

1.Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар.

2.О.Бальзак ( 1799-1850) өмірі және ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі реалистік романның алыбы


13




Семинар

50

О.Бальзактың романдарындағы романтикалық белгілер

1.Бальзактың “Адам” комедиясының негізгі таақырыбы.

2.Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.


13

1


Тест

51

Ги де Моппассан француздың ХІХ аяқ шеніндегі реалист жазушы

1.Моппасан (1850-1893,1924) 1өмірі

2. «Шал» әңгімесі


13




Семинар

52

Ги де Моппассан француз әдебиетінің өкілі

1.Моппасан Флобердің ізін қуушы жазушы

2.Шығармалары


13

1

Тест

53

Англия әдебиеті

1.Бернард Шоу (1856-1950) – ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі.

2. Б.Шоудың «Император және қыз» шығармасы


14




Семинар

54

Түрік әдебиеті

1.Назым Хикмет Ранның өмірі /1902-1963/

2.Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері, драмалық шығармалары


14

1

Тест

55

Назым Хикмет Ранның шығармашылық жолы

1.Назым Хикметтің саяси лирикалық өлеңдері

2.Назым Хикмет-әдебиет тарауындағы ұлы ақын.


14




Семинар

56

ХХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі дәстүрді жаңғырту жаңалықтары

1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі түрік сатирасының дамуы


2. Қазіргі замандық түрік әдебиеті


3. Әзиз Несин шығармаларындағы реализмдік әуен.

14

2

Коллоквиум

57

Иран әдебиеті

1.Әбілқасым Лахути (1887-1957) парсы әдебиетінің ірі тұлғасы

2. Ә.Лахути поэзиясындағы көңіл-күй лирикасы


15




Семинар

Тест


58

Р. Тагор философ ағартушы, ақын

1.Р. Тагордың өмірі шығармашылығы

2.Тагор Үнді әдебиетінің ірі өкілі


15




Тест

59

Үнді әдебиетінің ұлы ақыны Рабиндранат Тагор

1.Рабиндранат Тагор (1816-1941)

өмірі

2. Р.Тагордың өлеңдері



3.Тагор - Халықаралық нобель сыйлығының лауреаты

15




Семинар

60

Жапон әдебиетінің өкілдері.

1. Кобаяси Такидзи (1903-1933) өмірі мен шығармашылығы.

2. Тамихи Хара “Атом пейзажы” циклынан үзінді.


15




Реферат

ОБСӨЖ 15 балл



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет