Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



жүктеу 2.84 Mb.
бет7/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


8 - апта

29



Тақырыбы:

ХІХ –ХХ ғ. әдебиет дамуындағы әдеби бағыттар, көркемдік әдістер

Жоспары:

1. Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде 19ғ/ң басында пайда болуы

2. Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері
Романтизм франсуздың роман деген сөзінен – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мадениетінде , әдебиетте , филология, тарих ғылымдарының ,жаратылыстану ғылымдарынының, кеибір салаларында кеңінен тараған идеялық бағыт. Бақытты өмірді, жақсы тағдырды болашақтан іздеу немесе, ортағасырлық тәжірибелерге қайта оралуға шақыру романтиктер шығармашылығының екі басты қыры болатын. Осының алғашқысы ілгерішіл немесе ревалюциялық романтизм , сонғысы керітартпа романтизм делінді. Ілгерішіл романтизмнің өкілдері қатарында француз жазушысы Виктор Гюге, ағылшын ақыны Джордж Гордон Баирон, неміс ақыны Генрих Геине,т.б.аталынавды. Романтиктер мінез ерекшелігі мейлінше анық , арманшыл,өз қатарынан биік тұрған ,мақсаты асқақ, ізгі ниетті қаһарман туралы түпкі мүделеріне сай келетін көркем тұлғаларды жасады . Романтизм бағытына жазылған шығрмалардың кейіпкерлері, әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін , теңдік, бақыт,азаттық ушін күресетен рухы күшті жандар болып келеді.

Франциядағы романтизм тағдырдың өзіндік ерекшелігі аталған жалпы Европалық қозғалыстың 18-19 ғасырлар тоғысында пайда болуына, әрі дамуына қоғамдық және рухани алғы шарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі Европалық әдебиеттерден , атап айтқанда , неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүние- танымдық- көркемдік жүие ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты , яғни фравнциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшелігіне түп тамыры осында жатыр.

Романтизм озінің кемелденген көрінісінде қоғамдық дамудың жаңа буржуазиялық ой елегінен өткізу барысында алуан түрлі шиеленіске түскен дара тұлғаның нақты әлем (обьективтік дүние)мен жеке жанға (социум) қарсы тұру идеясын алға тартады. Осыған сәикес тұлға мұнда рухтың сонғы тұрақ табатын мекені тұрғысында пайымдалып ол дүниені өзгерту мүмкіншілігінің бірден-бір қайнар көзі ретінде қабылданды.

Француз романтизімінің даму барысында өзіне ғана тән сипатына терең ұғыну үшін мәселенің екінші жағы да аса маңыды. Романтизм сыртқы шындық пен жалпы дүние жеке адамды қарсы қоятын таным рерінде француз буржуазиялық рухы романтиктерге қанат берсе , буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты , ал рухани арақашық жақындығы шешуші міндет атқарды.

19 ғасырдың асқақ романтизмнм тұсына , жиырмасыншы жылдардан бастап осындай романтикалық қаһармандардың қатарына кемеңгер, ғұламалар ,алыптпрмен бірге, қатыгез билеушілерде кесіп қосылды.Егер Гюге мен Жорк Санд бурзиялық күресте қоғамдық тәртіпті өзгертудің жаңа бір ревалюциялық және демократиялық жолдарын іздестіре бастаса ,романтик ақын – жазушылар дәл осы тұста өнер мен руханияттың саясатпен ешқандай байланысты болмауы туралы ұрандарды көтерді.

Ең соңында, ескере кететін бір нәрсе ,20 ғасырдың 30-жылдарында француз әдебиеті менрухани өмірдің аса қуатыты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезеңінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді , атап айтқанда , ол кемелденнген Мюссе ,Жорж Санд Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.


Бақылау сұрақтары

1 Француз романтизмнің дамуы.

2 Романтизм нешінші ғасырда кеңінен тараған.

3 Романтизм қай елдерде, қай салада дамыған идеялық бағыт.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1 Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі.

2 Франциядағы романтизімнің ұлттық тағдыры.

3 19 ғасырдағы асқақ романтизм.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Реферат

  2. Сұрақ – жауап


8 - апта

30


Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі көркемдік ізденіс


1.ХІХ ғасырдағы түрік әдебиетіндегі серпілістер

2. ХІХ ғасырдың 70-80 ж/ғы жаңа түрік прозасының қалыптасуы

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:

1. Қай жылдары буржуазиялық реформалар жүргізілді

А. 19ғ. 50-70ж/ы

В. 19ғ. 48 - 66ж/ы

С. 19ғ. 49-67ж/ы

Д. 19ғ. 52-71ж/ы

Е. 19ғ. 52 -73ж/ы

2. Осман империясының қаруындағы көптеген халықтар өздерінің тәуелсіздіктерін қай ғасырда жеңіп алды

А. ХІХ

В. ХХ


С. ХVІІІ

Д. ХVІІ


Е. ХVІ

3. Түрік әдебиетінде қай жанр жақсы дамыды

А. Новелла

В. Ода


С. Романтизм

Д. Реализм

Е. Драматургия

4. Дидактикалық мазмұндағы новеллалар қай жылдарда кеңінен дамыды

А. 70-80

В. 65-70


С. 62-68

Д. 69-73


Е. 78-85

5. Түрік поэзиясындғы символизмнің негізін қалаушы

А. Ахмет Хашим

В. О.Сейфиддин

С. Я. Кемаль

Д. Н.Хикмет Ран

Е. Ә.Несин

6. Түрік әдебиетіндегі шығармашылық белсенділік кезең

А. ХХ

В. ХІХ


С. ХVІІІ

Д. ХVІІ


Е. ХVІ

7. О.Сейфиддин шығармашылықтың қай түрінен қалам тартты

А. Сатира

В. Трагедия

С. Ода

Д. Романтизм



Е. Реализм

8. Шынайы нағыз түріктік, ұлттық новелланың пайда болу кезеңі

А. 1908

В. 1909


С. 1910

Д. 1963


Е. 1960

9. Бұл аталған өкілдерден түрік әдебиетінің жазушысын көрсетіңіз

А. Н.Х.Ран

В. Шекспир

С. Шиллер

Д. Дефо


Е. Свифт

10. Бұл аталған өкілдерден түрік әдебиетінің жазушысын көрсетіңіз

А. О.Сейфиддин

В. Скотт


С. Лахути

Д. Вольфганг

Е. Моппасан

11. Бұл аталған өкілдерден түрік әдебиетінің жазушысын көрсетіңіз

А. Ә.Несин

В. М.Твен

С Бернард Шоу

Д. Т.Драйзер

Е. Д.Лондон

12.Қай жылы жылы түркі мемлекеті Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып бөлінді ?

А. 600ж

В. 602ж


С. 601ж

Г. 603ж


13.Түркі мемлекеті нешінші жылы құлады ?

А. 630ж


В. 622ж

С. 625ж


Г. 606ж

14. Түркі мемлекеті құлағаннан кейін қай мемлекетінің қарамағында болды ?

А. Қытайдың

В. Ағылшынның

С. Ресейдің

Г. Қазақстанның

15.Түркі мемлекетінің қай жылы күш қуаты артты ?

А. 682ж


В. 628ж

С. 672ж


Г. 674ж

16. Түрік мемлекетінің қай хан басқарды ?

А Құтлығ

В. Шыңғыс хан

С. Би Темір

Г. Бумын


8 - апта

31



Тақырыбы: ХVІІІ Ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1. Д.Дефоның өмірі.

2. Дефоның «Робинзон Крузо» атты романы

Ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Д.Дефо 1661 жылы Англияның Лондон қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның әкесі саудагер болған. Ол баласын монастрда оқуын қалайды. Бірақ жастайынан саяхат етуді теңізге шығуды армандаған Даниел әкесі күткендей болып шықпайды. Даниел тек әдебиет саласында ғана емес сонымен бірге қоғам қайраткері журналист, жазушы сондай – ақ үлкен ірі бизнесмен де болған. Оның негізгі сауда көзі кеме саудасы болып Чили, Мексика жарты аралдарына қатынайды. 1715 жылы өз өміріне арнап жазған “Робинзон Крузо” библиографиялық туынды. Бұл еңбегінде үстем тап өкілдердің озбырлығын әшкерелейді. Оның ескі өмірін көксейді романның алғашқы бетінде үлкен ірі саудагердің кемесі экватор дауылында адасып адам жоқ жалғыз аралға барады.

Робинзон Крузо” романының мазмұны.

1.“Робинзон Крузо” романының мазмұны.

2. Романның көркемдік ерекшелігі.

Өткен дәуірдегі жаушылардың қай-қайсысын болса, біз қазіргі жазушы дейміз, бірақ ол олай емес. Ал, Дефо басқаша. Егерде Шекспир дәуірі Англияның Буржуазиялық революциясы XIIV ғасыры, артта қалса Дефо заманы ол Буржуазиялық өмірдің басы.

Сондықтан Дефо 1660-1731 толық мағынада қазіргі жазушы. Ол өзінің Шекспирмен теңестірген, сол тағдыр жүз жыл өтседе. Бір ғасыр бойы көп нәрсе өзгереді, Шекспир-шеттен келген, астанаға келгенде ол қалалық адамдарға қорқынышпен қарайды.

Дефо Лондонда туылып өскен, ол сол жерде өзін еркін суген, Шекспир үшін дүниетану. Ол табиғатта серуендеу болса, Дефо үшін табиғат шеберхана. Ол сол жерде еңбек , кәсіпшілік, іскерлік танытады.

«Петр Алексеивичтің тарихы»,

Ол кітабында Дефо былай деп жазады. Петр Дефоның ата-бабаларының кәсібін үйренуге шығады. Олар Голлондтар Англияға қашып келген Ағылшындарды жүнді иіріп мата жасауға үйреткен. Англия дүние жүзіне осы кәсіппен белгілі болған.

Әдебиеттің аса биігіне шықса кейде өте төмен жағдайда ұшырап өзі жазған еңбегін біреудің атымен шығарады. Ол 60 та 40 жыл әдебиетпен шұғылданады. Өмірдің өмірінің бәрі өтті, бірақ ол қайтадан жаңғырады. Ол мәңгі жаңа өмірді бастайды.

Дефо 350-ден астам шығармалар жазған. Оның бірігінің аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.

Кітаптың тарихы былай.

XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхаты сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.

Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады.

Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.

Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.

Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.

Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу.

Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген.

Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналасына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған.

1. Бақылау сұрақтары

1. Д.Дефо өмірі.

2. Д.Дефо шығармашылығы.

3. “Робинзон Крузо” шығармасы.

4. Романдағы адамның табиғат пен еңбектің етене араласуының сипатталуы

5. В.Белинский, Ж.Руссо «Робинзон Крузо» туралы көркемдік шешімінің орны



2.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Д. Дефоның ұстанған принцпі

  2. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

3. “Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы.

3. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы.

1. Сұрақ-жауап.

2. Реферат.
Тест тапсырмалары
1. Д.Дефо қай жылы дүниеге келді?

А) 1661
В) 1666


С) 1660
Д)1680

2. Дефо қай жерде туылған?

А) Лондон
В) Париж
С) Мадрид
Д) Веймар

3. Дефоның әкесі қандай қызметкер еді?

А) саудагер
В) суретші
С) мұғалім
Д)офицер

4. Дефоның әкесі Дефоны қайда оқығанын жөн көрді?

А) Монастрда
В) Парижде
С) Лондода
Д) Веймар

5. Дефо 1715 жылы өз өмірне арнап жазған атақты романы

А) «Робинзон Крузо»
В) «Оттелло»
С) «Гуливердің саяхаты «Үш ноян»»
Д) «Шығыс»

6. Дефоның өмір сүрген жылдары

А) 1661-1732
В) 1991-1700
С) 1661-1745
Д) 1661-1752

7. Дефо қанша туынды жазды?

А) шамамен 350-ден астам
В) 254
С) 300-ге жуық

Д) 230
8. Робинзон жалғыздықтың мұңын қанша жыл тартты?

А) 28 жыл
В) 30
С) 22
Д) 12

9. «Робинзо Крузо» романында қандай көлік апатқа ұшырайды?

А) кеме
В) ұшақ
С) пойыз
Д) қайық

10. Ағылшындардың ең алғашқы классикалық романы

А) «Робинзо Крузо»
В) «Үш ноян»
С) «Гуливердің саяхаты»

Д) «Шығыс»


11. Ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілі

А) Д.Дефо


В) Скотт
С) Шекспир
Д) Дюма
12. Робинзо Крузо аралда қай кезден бастап жалғыз өмір кешті?

А) 1659ж 30 қыркүйек


В) 1660ж 25 қазан
С) 1665ж 20 тамыз
Д) 1660 ж 20 қаңтар
13.Жұмабай қай романның кейіпкері?

А) «Робинзо Крузо»


В) «Шығыс»
С) «Отелло»
Д) «Үш ноян»
14. Дефо қанша жыл өмір кешті?

А) 71
В) 52


С) 85
Д) 50
15. Дефоның «Мәңгілік кітаптар» қорына енген кітабы?

А) «Робинзо Крузо»


В) «Үш ноян»
С) «Шығыс»
Д) «Отелло»

8 - апта

32



Тақырыбы: ХІХ – ХХ ғ. Азия елдеріндегі әдеби ағартушылық бағыт ерекшелігі

Сабақ түрі: Глоссарий

Глоссарий тақырыптары

1. Азия елдерінің әдебиеттеріндегі ағартушылық ерекшеліктер

2. Азия елдері әдебиеттерінің әлемдік әдеби жаңа байланыстар ауқымында дамуы

3. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеті.

4. Азия елдерінің ағартушылық ерекшеліктері.

5. Туркия ,Иран, Қытай ,Үнді ,Корея Жапон,Араб елдеріндегі әдебиеттер.

6. Әдеби жаңа байланыстардың қалыптасуы және дамуы.

7. Азия –Африка елдері жазушыларының конференциялары.

8. Шығыс елдеріндегі ұлттық әдебиеттер.

9. Шығыс елдеріндегі шығармашылық дәстүрлердің сақталуы.

10. Әлемдік әдеби- шығармашылық байланыстар.

11. Әлемдік прозаның, поэзияның, драманың жанрлардың дамуы.



9 - апта

33 ауд



Тақырыбы: ХVІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің өкілі Джонатан Свифт

Жоспары:

1. Джонатан Свифт өмір жолы

2. «Гулливердің саяхаттары» әлеуметтік, сатиралық қалыппен бейнеленген роман
Д. Свифттің әкесі өмірден ерте өтеді . Жазушының анасы мен әпкесі болған. Бірақ Свифттің әкесі қайтыс болған соң әпкесі мен шешесі тақыр кедей болып қалады, ал Свифттің тәрбиесімен әкесінің ағасы шұғылданады. Әкесінің ағасы Ирландияның Дублин қаласында адвокат қызметкері болады...

Әкесінің ағасы Свифттің діни қызметкер болғанын қалап болашақ жазшыны дін қызметкері болуға жетелейді. Свифттің мінезі де өте тік, әкесінің ағасының да мінезі діл осы іспеттес бір бет, өте тік болған дейді...

Ирландияда Дублин қаласында Вильям Темпль деген лордтың үй хатшысы қызметін атқарады, және сол Лордттың кішкене қызын оқытады (репититор ), философия лық тұрғыдан астарлы көп ойларды жазып үйретеді.

Лондонға Темпльдің бұйрығымен барады...

Лондонның корольі Вильгельем Оранскиймен кездеседі. Бірақ бұл кездесу ешқандай әсерлі болмайды. Сонымен қайтадан болашақ жазушы Дублин қаласына келеді.

Бұл қалада жазушыны Горд Темпльдің Мур-Паркі күтіп тұрған болатын. Ирландияның лорді Вильям Темпльдің үй хатшысы болып жүрген кезінде жазушының жағдайы қайыршының жағдайымен бірдей еді.. (өзім айтып түсіндірем)

Осы үйде жүріп Свифттің сауаты ашылады.

Темпльдің үйінде тәулігіне 16 сағат оқитын оқымыстылар жиылатын еді, жазушы сол сабақтарға қатысып көп тәлім-тәрбие алады. “Гулливердің саясаты” романын осы король, лорд, басшы және патша,ақсүйектердің тойымы жоғалғанын әжуәлап, сықақтап, мысқылдап, сатиралық үлгіде осы романын жазған...



  1. Бұл романның алғашқы тақырыбы, аты мүлдем ауыр, ұзақ еді. Бірақ уақыт өте келе романның аты жазушының қалауымен “Гулливердің саясаты” деп ауыстырылады . Романда кішкене бойлы адамдар және лилипуттар жайлы еді. Лилипуттар кі биік аяқ киім киіп алып екі топқа бөлгендер жайлы болады.

Романда буржуазиялық топтардың барлығы дерлік сынға ұшырайды.(өзім түсіндірем)

  1. Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романы ның негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы:Вильям Темпльдің өмір сүруі, және Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм.

Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп, суретте шындық қиялға негізделеді, қиял шындықтың өзі-осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі, шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, автордың тілі де тым бояулы, оқыс әсерлі келеді.

Дегенмен осы ерекшеліктерге қарамастан романтизмді реализмнен бөліп әкетіп,араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Романтизм мен реализм кей ретте бір-біріне керағар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады: екеуінің басын бір жерге қоса алмайды;ол-не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс десек, қателесер едік. Керісінше ,әрбір ірі суреткерде реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жатады.

Батыс Европа әдебиетіндегі реализм.

Реализм-әдіс;ал-әдіс көп құбыла бермейтін тұрлаулы дүние . Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы,жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Реализм XIX-XX ғасырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық туды.

Батыс Европадағы ояну дәуірі.

Батыс Европадағы әдеби –эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, ояну дәуірін айрықша атау керек.

Лондонның корольі Вильгельм Оранскийдің өмір сүруі...

Жазушының Мур –Парктегі өмірі жайлы...

Бақылау сұрақтары


  1. Д. Свифт өмір жолы.

  2. Д. Свивт шығармашылығы.

  3. Свифттің «Бөшке туралы ертегісі» көсемсөздік, сатиралы шығармасы

  4. Д.Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі идеясы.

  5. Свифттің даңқын шығарған романы.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Гуливердің саяхаты” әлеуметтік шындық сатиралық қалыпта бейнеленген роман.

  2. Свифт Лондонның королі Вильгелммен кездесуі.

  3. “Гуливердің саяхаты”романының көркемдік қызметі

  4. Шығарманың идеялық көркемдік мазмұны .

  5. Романтизм мен реализм бағыттары.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Конспект

  2. Сұрақ жауап.


Тест тапсымалары
1. Д. Свифт тәрбиесімен кім шұғылданды?

А) Әкесінің ағасы

В) Анасы

С) Әпкесі

Д) Әкесі

2.Свифт Ирландия Дублин қаласында кіммен танысады?

А) Вилям Темпьл

В) В. Гюго

С) Шиллер

Д)В.Шекспир

3. Вилам Темплдің үшінде қиындай қызмет атқарды?

А)Үй хатшысы және қызын оқытты

В) Машина айдады

С) Шешесіне қарады

Д) Үй қызметшісі болды

4. Свифт Лондонға кімнің бұйрығымен барды?

А) Кемпелдің

В) Шиллердің

С) Шекспирдің

Д) Плутархтың

5. Свифттің әкесінің ағасы не болып істейді?

А) адвокат

В)мұғалім

С) полицей

Д) істемейді

6. Лондонда кіммен танысады?

А) В. Оранскиймен

В) Шиллер

С) Шиллер

Д) В.Шекспир

7. Свифттің қандай романы бар?

А) Гулливердің саяхаты

В) Протейы

С) Тоқсан үшінші жыл

Д) Еркін болғым келеді

8. Гулливердің саяхаты романы кімдікі?

А) Свифт

В) В. Гюго

С) Шиллер

Д) В.Шекспйр

9. Свифттің Гуливердің саяхаты неше бөлімнен тұрады?

А) 4


В) 5

С) 8


Д) 3

9 - апта

34



Тақырыбы: ХVІІІ ғ. Неміс әдебиетінің ұлы өкілі Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832)

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары


  1. Г.И. Вольфгангтың өмірге келген жылы?

А 1749ж

Б 1750ж


С 1760ж

Д 1770ж


  1. Г.И Вольфгангтың қай халықтың өкілі ?

А. Неміс

Б. орыс


С. қазақ

Д. Ағылшын

3 1749 ж 28 тамызда дүниеге келген неміс жазушысы ?

А Вольфганг

Б Эсхил

С А.С Пушкин



Д М.Т. Цицирон.

4. Немістің қай жазушысы 16 жасында Лемунге лекция тыңдауға барды ?

А. Вольфгангтың

Б. Эсхил

С. А.С Пушкин

Д. М.Т. Цицирон.

5.Гете қай жылы халық өлеңін жаза бастады ?

А. 1770ж


Б. 1780ж

С. 1880ж


Д. 1690ж

6.Немістің қай жазушысы әр гүлді жұлған сайын ғажайып жағдайға тап болуды аңсаған ?

А. Вольфганг

Г.Эсхил


С. А.С Пушкин

Д. М.Т. Цицирон.

7. «Күзгі хан» деген балладасы қай жазушының шығармасы

А. Вольфгангтың

Б. Эсхил

С. А.С Пушкин

Д. М.Т. Тулий.

8.1773 ж Гетенің жазған шығармасын көрсетіңіз ?

А Протей

Б Күзгі хан

С Жолаушының түні

Д Танаптағы раушан гүл

9. Гете Вольфганг артында қанша өлең жазып қалдырды

А. 1600


В. 1500

С. 800


Д. 750

Е. 756


10. Вольфганг досының әйеліне ғашық болып одан қандай шығарма туындайды

А. «Жас Вертердің қайғысы»

В. «Фауст»

С. «Торкватто Тассо»

Д. «Мұқамбет »

Е. «Рейнекее Лис»

11. Вольфгангтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін қазақшаға аударған қазақ ақыны

А. Абай


В. Бекқожин

С. Шиллер

Д. Пушкин

Е. Цицирон

12.Гете Фауысты қанша жылдай жазған.

А. 60


В. 50.

С. 62


Д. 55

Е. 70


13 . «Орман Патшасы» балладасын кім жазған

А. Гете


В Шиллер.

С. Мопассан

Д. Тагор

Е. Цицирон

14. Гетенің піртұтып, ұстазы болған шығыс ақыны

А. Хафиз


В. Рудаки

С. Сағди

Д. Омар Хаям

Е. Шамседдин

15. Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін орыс тіліне қай жазушы аударған

А.Лермонтов

В. Крылов

Б. Пушкин

Д. Михаилэс

С. В.Иванов

16. Құйғытқан кім түнек түнде сұп – суық?

Балалы шал келе жатыр тым суыт

Қалтырады балақайы жабысты, -

Тоңды ма деп құшағына шал қысты

Бұл өлең неміс әдебиетінің қай өкілінікі

А. Гете


В. Лессинг

С. Гете


Д. Гофман

Е. Генрих Ман

17 «Гец фон Берлихинген» драмасын қай жылы аяқтады

А. 1771


В. 1774

С. 1773


Д. 1775

Е. 1778


18. Шаң шығармас жолдағы

Сілкіне алмас жолдағы

Тыншығарсың сен - дағы,

Сабыр қылсаңң азырақ

Гетенің қай өлеңінің үзіндісі

А. Қараңғы түнде тау қалғып

В. Бақташы зары

С Хафизге

Д. Орман патшасы

Е. Балықшы

19. «Фауст» трагедиясының алғаш қазақ тіліне аудармасымен шұғылданған

А. М.Құрманов

В. А.Құнанбаев

С С.Сейфуллин

Д. Ж.Жабаев

Е. Ы.Алтынсарин

20. Тұрып таудың басында

Сайға төніп қарадым

Мұндай қиын асауда

Сүйенгенім таяғым

Гетенің қай өлеңінің үзіндісі

А. Бақташы зары

В. Қарңғы түнде тау қалғып

С. Хафизге

Д. Орман патшасы

Е. Балықшы


9 - апта

35



Тақырыбы: ХVІІІ ғ. неміс әдебиеті

Жоспары:

1. Ф.Шиллердің-лирикасы

2. Шиллердің шығармаларындағы лирика.

Ақын шығармаларындағы лириканы талдау.қалады деу қате, бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді. Лирикадағы адамның жан диалектикасы дегенің өзін осылай түйсіну керек.

Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне, ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сондықтан ақын көкірегіндегі сезім-сыр, оқырман сыры болады да шыға келеді.

Арманмен келеді адам бұл өмірге,

Тағдырды табындырып бір жеңуге,

Алдына қойып алып алтын мақсат,

Бақытты қол созады күндеріне.

Дауылды күндер өтіп бұрқыраған,

Туады бақыттылық бір күн оған.

Жақсы іздеп жақсыдан да жанталасып,

Тоймайды дүниеге, шіркін, адам алық өлеңін алып қарайық.

Ашыл, сайдың тұманы,

Тара, түнек мұнары!

Құмармын қайдан арманды?

Қанар ма жайың құмары?

Жалындап гүлмен лаулайтын,

Қызыл төбе көремін

Қанатым қайда самғайтын

Басына со бір төбенің.

Көңілің қалар жеңілдеп,

Үнімен сырлы шектердің.

Соғады қоңыр жел үрлеп,

Лебі боп нұрлы көктемнің.

Сол жерде жеміс жарқылдап,

Ағашты тұрар алтындап,

Дөңесте, жазық көгалда

Соқпайды боран аңқылдап.

О, сұлулық, мас қылдың!

Керемет көктем сол жерде

Жұтқандай исін жас гүлдің

Тулайды жүрек кеудеңде!

Міне, бұл «Үміт» атты өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығы мен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ жас кезі ойға оралады. Лирика дегеніміз осы ғой. Тек ақын талантты болсын да... ірі болсын, қолыңнан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын,-былай дейді Белинсий,- өзі туралы, өзінің жеке міні туралы айтса,-жалпы жұрт туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».

Лириканың күші-әсерлігінде: әсерлік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыруда, демек лириканың күші-баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканың суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден басқандай сөйлеп кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады.

Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісуі, өрбу үстінде көріне бермейді. Лириканың қаһарманы, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.

Лирикада мінез болады. ол ақынның мінез: өлеңін, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды.

Шиллердің біз талдаған өлеңдерінен басқа «Ойнап жүрген бөбек», «Құпия сыр», «Жолаушы» сияқты шығармалары да бар. Олдарды қазақтың белгілі ақыны С.Мұқанов аударған.

Бақылау сұрақтары


  1. Ф.Шиллердің өмір жолы.

  2. Шиллердің “Тілек” атты өлеңі.

  3. “Сезім сыры” жайында жазған өлеңі

  4. “Фауст” трагедиясының негізгі идеясы

  5. Шиллердің трагедиялары

  6. Шиллердің көркемдік әдісі В.А. Жуковскийдің аудармалары

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Үміт” атты өлеңіні мәні.

  2. “Құпия сыр” С.Мұқанов аудармасында.

  3. «Фиеско бүлігі» драмасының мазмұны

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. «Зұлымдық және махаббат» әнімен жазылған өлеңін талдау

  2. Конспект

Тест тапсырмалары:

1. Ф.Шиллер қай халықтың классик, ақыны?

А) неміс
В) грек
С) француз
Д) латыш

2. Ф.Шиллердің дүниеге келген жылы

А)1759
В)1760
С)1762
Д)1764

3. Э.Лессинг, И.Гетемен бірге немістің классикалық әдебиетінің негізін қалсқан -

А) Шиллер
В) Скотт
С) Дюма
Д) Свифт

4. Шиллердің алғашқы шығармасы

А) «Қарақшылар»

В) «Оттело»


С) «Үш ноян»
Д) «Одессея»

5. Шиллердің «Қарақшылар» атты драммасы қай жылы жарық көрді?

А) 1781
В)1881
С)1782
Д)1784

6. Веймарда Шиллердің Гетемен бірге шығарған туындысы

А) «Муза альманахы»
В) «Оттелло»
С) «Гомер»
Д) «Үш ноян»

7. «Шиллер ежелден келе жатқан азамматтың жалынына шыңдалған ұлы кісі» деп піпір жазған -

А) Белинский
В) Ломоносов
С) Достаевский
Д) Радлов

8. «Көзе», «Қолғап» балладаларының авторы

А) Шиллер
В) Дюма
С) Скотт
Д) Дефо

9. Шиллердің бүкіл дүние жүзі әдебиетіндегі баллада жанрының ең үздікшығармалары болып саналатыны

А) «Көзе», «Қолғап»
В) «Шығыс»
С) «Иран қызы»
Д) «Отан»

10. Шиллердің өмірден өткен жылы

А) 1805
В)1806
С)188
Д)1810

11. Шиллер қайтыс болған өлке

А) Веймар
В) Лондон
С) Англия
Д) Франция

12. «Зұлымдық пен махаббат» трагердиясы кітап болып басылған жыл

А) 1948
В) 1940
С)1932
Д)1925

13. Ф.Шиллердің балладалар мен өлеңдер жинағы қай жылы кітап болып шықты?

А) 1966
В)1888
С)1715
Д) 1960

14. «Фиэсконың қастандығы» Шиллердің -

А) пьесасы
В) балладасы
С) өлеңі
Д) романы

15. Шиллердің бітірген мектебі

А) Людвикзбургтагы латын мектебі
В)әскери мектеп
С) мектепте болған жоқ
Д) Медицина институты


9 - апта

36



Тақырыбы: Иран әдебиетінің даму ерекшеліктері

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары


    1. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Иран мемлекетінің әлеуметтік жағдайы.

    2. ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы әдебиеттің өрлеуі

    3. Парсы газетінің шыға бастауы

    4. Парсы әдебиетнің көрнекті өкілі – М.Малькомхан

    5. Иран Ислам Республикасы – Оңтүстік Батыс Азиядағы мұсылман мемлекеті.

    6. Иран мемлекетіндегі ислам діні.

    7. 1905-1911 ж.ж. Ирандағы импералистік-отарлық қанаушылыққа қарсы ревалюция.

    8. Иранның ағартушылық бағыттағы зиялы қаламгерлерінің аудармаға көңіл бөлуі.

    9. ХХ ғасырдың бас кезіндегі парсы әдебиетіндегі реализмнің қалыптасуы.

    10. Иран елімен көршілес Әзірбайжан елінің реалистік жаңа әдебиетінің көшбастаушысы М.Ф.Ахундов

    11. Мирза Фатали Ахундовтың парсы әдебиетінің қалыптасуына тигізген игі әсері.

    12. Әбдірахим Талибовтың Иран әдебиеті тарихындағы атақты үш көркем шығармасы.

    13. Иран әдебиетінің тарихы.

    14. Иран елі ағартушы қайраткерлерінің қарапайым жұртшылыққа тигізген еңбектері.

    15. Иран әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.

10 - апта

37



Тақырыбы: ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет