Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



жүктеу 2.84 Mb.
бет8/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.84 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Жоспары:


1.Э.Т.А.Гофманның өмірі мен шығармашылығы

2. Гофманның эстетикасы
Шығармашылық ғұмырнамасы. Кәсіби музыкант Эрнест Теодор Амадей (Вильгельм) Гофман неміс әдебиетіне жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол-керемет суретші, кескіндемеші, безендіруші, композитор. 1812 жылы "Ундина" операсын жазып, оны 1816 жылы сахнаға шығарды. Фортепьяноға арналған көптеген пьесалар жазды, музыка сыншысы болды, сөйте тұра ашқұрсақ өмір сүрді. Музыкадан ақылы сабақтар берді, Бамбергте капельмейстер болып жұмыс істеді. Кейіннен өзінің "Шайтанның шипасы" ("Эликсир сатаны") атты шығармасында туған қаласын, өзінің оқушысы, Юлия Маркке (Аврелия) деген алғашқы махаббатын суреттеді, ал оның соңғы махаббаты Иоанна Эунике бикеш Ундинаның бірінші орындаушысы болған еді. Гофманның алдында екі жол тұрды: ол әдебиет пен композиторлық. Өзін толық мойындату үшін осы екеуінін қайсысын таңдау керек деген сұрақ оны көп мазалады. Ол Кенигсберг университетінен керемет заңгерлік білім алды, ал заңгерлік оның ата-бабасынан келе жатқан дәстүр еді. Алайда өмірі осылайша бірте-бірте қалыптасқан Гофман енді көпшілік қауымға әдебиет саласынан да кең таныла бастады.

Оның тырнақ алды тұңғыш әдеби шығармасы "Глюк мырза" ("Кавалер Глюк") новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. 1810 жылы "Иоганн Крейслердін музыкалық азаптары" ("Музыкальные страдания Иоганна Крейслера") туындысы шықты. Алайда оны жұртшылыққа кеңінен танытқан— 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған Калло мәнеріндегі қиялдары" ("Фантазии в манере Калло") жинағы болды. Осы аталған "қиялдарына" ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылықтарын суреттегені көрінеді. Ағылшын романтизміндегі қарама-қарсылық Байронның Шығыс поэмаларының" (Восточные поэмы") кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінің ұлттық тұрғыдағы ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ, неміс романтиктер тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, озбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудыруға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздерінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды. Неміс романтизмінің алғашқы кезеңінің лидері Новалистің тұжырымынша "адам өзінің ішкі жан дүниесінің заңдылығымен өмір сүреді, сөйте тұра сыртқы әлемдік тәртіпті бұзбайды" - ал, Гофманның ойынша: "адамдардың түсінігінің біртектілігі мен өмірдің күрделілігі арасында сәйкессіздік бар". Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі - образды қарама-қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка - өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Ол (музыка) автордың сүйікті қаһарманы. Музыкант әрі композитор И.Крейслер жазушылығын, аlter egocы, Гофман оның бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Крейслер күн көріс тіршілігі үшін өзінің талантын сатуға мәжбүр. Ал Крейглер өмір сүрген және тіршілік үшін жанталасқан жағдайлар бұл Алманияның өткен ғасырдың басындағы феодалдық бөлшектенген шындық келбеті еді. Крейслер тек Гофмонға ғана тән бейне. Неміс романтизміндегі Гофманның рөлі жиынтық сипатта, ол екі мектептің (иендік және гейдельбергтік) тәжірибесін қабат қамтығысы келеді. Оның қаһарманы Новалистің қаһарманы Генрих фон Офтердштен секілді қиялымен семіріп өмір сүрмейді, дегенмен ол (И.Креислер) басқа мектептерге қарағанда өзінің жан дүниесінің тереңдігімен, жинақылығымен, кемеңгерлігімен ерекшеленеді. Қиялшы сакы, (сері) Генрих фон Офтердиннің орнына бүлікшіл капельмейстер Крейслер келеді Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшыльның өте терең сезінеді. Өйткені музыкамен суарылғам деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірлемейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, онын келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И.Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар.

Бақылау сұрақтары

1. Шығармашылық ғұмырнамасы

2. 1815-1816 жылдардағы Гофманның «Шайтанның шипасы»

романы


  1. Гоффманның эстетикасы

  2. “Глюк мырза” новелласының мәні

  3. Гофманның «Скюдери бикеш» романтикалық шығармасының мазмұны

  4. «Мартин шебер және оның көмекші шебері» романтикалық шығармасының мазмұны

  5. Гофманның өнер мен өмірдің гармониясы туралы романтикалық қиял-ғажайып еңбектері

  6. «Құрттақандай Цахес» бөтен еңбекті иелну идеясының фантастикалық бейнеленуі

  7. Гофманның романтикалық әдісіндегі юмор

  8. Автор шығармаларындағы әуезділік

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Эликсир сатаны” мән – мазмұны

  2. “Иоган Крейслердің музыкалық аспаптары” тындысының мазмұны

  3. “Ундина” операсының мәні.


Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Реферат тапсырмалары

2. Тест
Тест тапсырмалары

1. Гофманның тырнақ алды шығармасы

А) «Глюк мырза»
В) «Үш ноян»
С) «Оттело»
Д) «Гомер»

2. Неміс әдебиетіне жасы ұлайған шағында келген жазушы

А) Гофман
В) Скотт
С) Шекспир
Д) Дюма

3. Гофман «Ундина операсын» қай жылы аяқтады?

А)1812
В)1810
С)1900
Д)1902

4. Гофман 1816 жылы қай шығармасын сахналастырды?

А) «Ундина»
В) «Глюк мырза»
С) «Шайтанның шипасы»
Д) «Үш ноян»

5. «Глюк мырза» новелласы қай жылы, қай газетте жарияланды?

А) 1809 ж. «Музыкалық газетте»
В)1909 ж «Әйелдер»
С) 1810 ж «Романтизм»
Д) 1805 ж «Реализм»

6. Көрсетілген шығармада Гофманның еңбегін көрсетіңіз

А) «Шайтанның шипасы»
В) «Үш ноян»
С) «Ундина»
Д) «Глюк мырза»

7. Гофманның новелласын көрсетіңіз

А) «Глюк мырза»
В) «Үш ноян»
С) «Отелло»
Д) «Иллиада»

8. Гофманның фантастикалық еңбегі?

А) «Құртақандай цахес»
В) «Отелло »
С) «Үш ноян»
Д) «Шығыс»

9. Гофманның ІІІ томнан тұратын әңгімелері мен ертегілерден тұраты еңбегі

А) «Камо мәнеріндегі қиялдары»
В) «Құртақандай цахес»
С) «Глюк мырза»
Д) «Ундила»

10. Гофманның алдында 2 жол тұрды.

А) әдебиет пен композиторлық
В) махаббат достық
С) ән мен би
Д) шығармашылық пен өнер

11. Көрстілген шығармадан Гофманның еңбегін тап

А) «Скюдери бикеш»
В) «Отелло»
С) «Гомер»
Д) «Батыс»

12. «Мартин шебер және оның көмекші шебері» қай сарында жазылған?

А) романтикалық сарында
В) трагедиялық
С) комедиялық
Д) лирикалық

13. «Глюк мырза» новелласы қай жазушының еңбнгі?

А) Гофман
В) Скотт
С) Шекспир
Д) Дюма

14. Гофманның «Иогани креслердің музыкалық асаптары» еңбегі қай жылы жарық көрді?

А) 1810
В)1900
С) 1852
Д)1850

10 - апта

38



Тақырыбы: Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Абдоррахим Талибов

Сабақ түрі: Ой-бөліс, дебат

Дебат тапсырмалары:
1 Абдоррахим Талибов өмірі

2.“Өмір мәселелері” Иран мемлекетінің құлдилауына арналып жазылған, тәрбиелік мәні бар шығарма.

3. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Иран мемлекетінің әлеуметтік жағдайы.

4. ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы әдебиеттің өрлеуі

5. Парсы газетінің шыға бастауы

6. Иран Ислам Республикасы – Оңтүстік Батыс Азиядағы мұсылман мемлекеті.

7. Иран мемлекетіндегі ислам діні.

8. 1905-1911 ж.ж. Ирандағы импералистік-отарлық қанаушылыққа қарсы ревалюция.

9. Иранның ағартушылық бағыттағы зиялы қаламгерлерінің аудармаға көңіл бөлуі.

10. ХХ ғасырдың бас кезіндегі парсы әдебиетіндегі реализмнің қалыптасуы.

11. «Білімдер жинағы және Ахметтің кітабы» - ағартушылық мазмұндағы еңбек

12. «Өмірдің мәселелері» - қайыршылық пен қараңғылық, мемлекеттің артта қалуы туралы еңбегі

13. «Тахуалардың жолы» кітабының қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті сынауы

14. Парсы әдебиетіндегі қасы да, Газель жанрларының жаңғыруы

15. Халықтық лирикалық жыр – Тиснефтің саяси-әлеуметтік жырда кең қолданылған шығармалар
10 - апта

39



Тақырыбы: Ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1. Д.Н.Гордон Байрон (1788-1824) өмірі мен шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі

романтикалық өмір танытушылықты бейнелеудің озық үлгісі

2. Байронның лирикалық поэмалары

Батыс Еуропа романтизмінің ең бейнелі тұлғасы ағылшын ақыны Джордж Ноэль Гордон Байрон өзі өмір сүрген ғасырына шығармашылығымен ғана емес, өз өмірімен де айрықша белгілі болды.

Байрон Грек артиллериясы мен флотын, әскери отрядын күшейту мақсатында өзінің қаражатын да аямады, өзі де тікелей күреске қатысты. Осы тақырыпкд жазған шығармаларының бірі - "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңі.

Байрон үшін әдебиет, поэзия оның өміріндегі екінші, үшінші дәрежедегі қосалқы дүние, ал ол үшін ең бастысы -қоғамдық - саяси күрес болды.

Өз әулетінде Байрон алтыншы атадан тарады, Дкон Байронның әкесі капитан, азғындықка беріліп кеткен, ысырапшыл адам екен, Байрон одан үш жасында айрылды. Шешесі Катерина Гордон - шотландиялық текті дворяндардан шыкқан. Байрон 1788 жылы 22-қаңтарда белгілі ағылшын дворяндар отбасында өмірге келді. Лондонда туған, балатық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтті. Аристокаттар тұқымы алты жасар Байрон 1794 жылы алдындағы Байронның Корсикада өлуімен байланысты Лорд лауазымының мирасқоры болды. Кішкентай, Байрон он жасында Парламент мүшесі болды.

Байронның шығармашылық кезендері:



1805-1812 ж. -бірінші кезеңі. Алғашқы, тырнақ алды өлеңдерін 1802 ж. бүркеншік атпен жариялаған. "Өткінші нобайлар", "Әр түрлі оқиғалар өлендері" Стихотворения на разные случай", 1807), "Бос уақытта" "Часы досуга",1807), "Еркін болғым келеді" "Хочу я быть ребенком вольным"). Бұл ақынның қалыптасу кезеңі.
Оралса екен жас күнім алыс қалған

Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,

Тербетілсем теңіздің толқынында

Болмай қойса орманым табыспаған.

І.Мәмбетов

Асыл достар жүр ғой менен,

Жанымда жоқ қымбаттым деген

Жабығады жүрегім жалғыздықта,

Үміт қашан өшеді бұл кеудеден!

Кім досым болса - алыста,

Жоқ мұнда сүйсем кімдерді.

Жүрекпен жалғыз алысып,

Өткіздім небір күндерді,

***********************************************************************************

Бұл өлең жолдарын Қ.Бекхожин еркін аударған.

К.Бекхожин:


Еркін бөбек боламын мен,

Ойнақтаймын туған тауда.

Тербелемін толқынменен,

Сайраңдаймын бақша бауда.


Мен еркіндік жаным бар да,

Сүймен саксон қырсықты елін

Артық көрем мен онан да

Жартасты ұрған судың селін


1809-1811 ж.ж. Байрон Еуропа елдеріне саяхат шегіп, оңтүстік Еуропаны аралайды.

1812-1817 жылдар екінші кезең. Бұл өте күрделі кезең десе болады. «Чайльд Гарольдтің» үшінші, төртінші өлеңі шықты, «Шығыстық циклдар», («Восточные поэмы»), «Прометей» т.б.

1817-1824. Күресу жылдары.

1817 жылы- «Тассо шығымы» («Жалобы Тассо»)-тақырыбы махаббат пен түңілу; «Манфред» атты филофосиялық-символикалық драмалық поэмасында билік пен байлықты мақсат етпейтін діндер безген, өр мінез, өзімшіл кейіпкерлер суреттеледі.

1812 жылы шыққан "Чайльд Гарольдтен" кейін Байрон бір күнде Еуропаға атағы кеңінен тараған даңқты ақын ретінде мойындалды. Шығармаларында өзімшіл, қатыгез тәкаппар бүлікшіл, романтикалық бейнені сомдады.

Басты кейіпкер Чайльд Гарольд бірінші өлеңде қолына музыкалық аспабын алып қоштасу жырын бастайды. Қоштасу сәтте: жас аристократ – сһіld-серілік өмірдің үлгісін ұстаған, бірақ әлі серілікті қабылдамаған жігітгік дәуренін суреттейді. Өмірден, ойын сауық куған ортасынан тойған, "ештеңеге кейімейді, ешкімді есіне алмайды".

Шығыс-Байронның ерекше сүйген жері, ерекше үміт артқан елі Испания мен Португалия суреттер. Бұл кезде Еуропалық әскерлер осында соғыс жүргізіп жатқан еді, ол жайындағы Байронның деректері, ресми деректерден өзгеше болды, ал Чайльд Гарольд болса жаңа кейіпкер. Поэманың аталуы, басты кейіпкері Чайльд Гарольд болғанымен, бұл Байронның идеялық-эстетикалық жоспарында сырттағы кейнжер десе болады.

Абидостық қалыңдық" (1813) - бұл да махаббат туралы. Басты кейіпкері Селим, немере ағасы Гефальдың сарайында тұрады. Гефальдың қызы Зылихаға ғашық, бірақ әкесі оны Қарасман бейге беруге уәделескен. Шығарманың сюжеті "Гамлетті" еске түсіреді. Гефал бір кезде Селимнің әкесін (өзінің бауырын) өлтіріп мал-мүлкін, байлығын иемденіп кеткен, енді Селим кек алудың жоспарын құруда. Қарақшылар тобын жасақтап Гефалға қарсы шыққан Селим шайқаста мерт болады. Зылиқа сүйіктісінің өлімінен кейін қайғыдан өледі.

Ақыңдық кемеліне келіп, толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармаға бет бұрды. 1823-1828 жылдарда үлкен жоспарлы, панорамасы кең эпикалық сатира (еріс sаtіrе) суретін жасамақ болған. Үлкен оқиғаларға толы "Дон-Жуанның" он алты өлеңін жарыққа шығаруға қыруар еңбек етті. Шұрайлы шумақтардан, тартымды тармақтардан тұратын соңғы роман-поэмасы толық аяқталып тиянақталмады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қ.Бекқожин Байрон өлеңдерін аударуы.

2. Байронның Еуропа елдеріне саяхаты.

3. “Чайлд Гаролд” романын Қ.Бекқожин аудармасында.

5. Байронның шығармашылық кезендері.

6. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

7. Байронның ақындық, даналығын жоғары бағалап, өздеріне ұстаз тұтқан орыс, қазақ

әдебиетінің даналарын ата.

8. Ақын өлеңдерін басқа ақындармен салыстыр

9. Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі

10. Байрон шығармашылығындағы пәлсапалық мәселелер

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Байронның шығармашылық кезендері.

2. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары


    1. Конспект

    2. Тест

    3. Манфрет шығармасындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйген әуендер

    4. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі

    5. Байрон шығармашылығының саяси сатирадағы шыңы

    6. Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы

    7. «Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман

    8. «Дон Жуан» романындағы реалистік бағыттың әлеуметтік шындықтың кеңдігі

    9. «Дон Жуан» романындағы уақыт шындығын бейнелеудегі энцеиклопедиялық сипат

    10. Байронның Грециядағы кезеңі

40



Тақырыбы: Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:
1. Байронның "Көңiлiм менiң, қараңғы, бол-бол ақын"

өлеңiн қазақшаға аударған кiм

А. А. Құнанбаев

В. М. Әуезов

С. Х. Ерғалиев

Д. Ә. Кекiлбаев

Е. Ы. Алтынсарин

2. "Чайльд Гарольдтың сапар шегуi" дастанының авторы

А. Байрон

В. В. Шекспир

С. Сервантес

Д. Гете


Е. Шиллер

3. Байрон шығармасын орыс тiлiне аударған ақын

А. Лермонтов +

В. Пушкин

С. Ломоносов

Д. Радлов

Е. Есенин

4 1788 ж. 22-қаңтарда Лондонда туылып, балалық шағы Шотландияда өткiзген.

"Лорд" мәртебесiн иеленген ұлы ақын

А. Байрон

В. Шиллер

С. А. Дюма

Д. Т. Мор

Е. Ж. Берн

5. Байрон әнiн қазақ даласына алғаш жеткiзген кiм

А. Абай


В. Мұхтар

С. Ыбырай

Д. Ахмет

Е. Шоқан


6. Джордж Ноэль Гордан Байрон қай жылы дүниеге келген?

А. 1788-1824ж +

В. 1877-1834ж

С. 1799-1834

Д. 1988-1һж

Е. 1789-1834ж

7..Байрон қай жылы қай айда белгiлi ағылшын дворяндар тобасында

өмiрге келдi?

А. 1788ж 22 қаңтар +

В. 1877ж 22 қаңтар

С. 1988ж 21қаңтар

Д. 1688ж 21 қаңтар

Е. 1971ж 22қаңтар

8. Байронның әкесі кім болған?

А. Капитан, азғындыққа берілген ысырапшыл адам

В. Саудагер

С. Кеме ісімен айналысушы

Д. Балықшы

Е. Данышпан

9. 1809 жылдардан бастап Байрон қай елдерге сапар шегеді

А. Испания, Швейцария, И талия, Албания, Греция

В. Қытай, Жапония, Корея

С. Америка, Мексика

Д. Франция, Арабия

Е. Албания, Греция

10. Байрон қанша жасында парламентке мүше болды

А. 10

В. 15


С. 13

Д. 19


Е. 17

11. Байрон үнін алғаш рет қазақ даласына жеткізген

А. Абай

В. Мағжан



С. Сәкен

Д. Мұқағали

Е. Илияс

12. Байрон біздің рухымыздың әміршісі деген орыс ақыны

А. Пушкин

В. Лермонтов

С. Гоголь

Д. Крылов

Е. Михаилэсь

13.Берілген шығармалардың ішінен Байронның драмасын табыңыз

А. «Манфред»

В. «Айвенго»

С. «ДонКихот»

Д. «Гулливердің саяхаты»

Е. «Шайтанның шипасы »

15. Көңлім менің қараңғы бол – бол, ақын

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жоғарласа

Бейістің үні шығар қоңыр салқын

Бұл өлеңді ұлы ақынымыз Абай шетелдің қай жазушысынан аударған

А. Байрон

В. Шекспир

С. Дефо

Д. Свифт


Е. Вольфганг

11 - апта

41



Тақырыбы: В. Скоттың өмірі мен ағылшын романтикалық әдебиетіндегі орны

Жоспары:

1.В.Скоттың (1771-1832) өмірі мен шығармашылығы

2. В.Скоттың „Айвенго” романы
Ағылшын жазушысы В.Скотт әлем әдебиетіне жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы ретінде енді. Шығармашылық жолын ақындықпен бастаған адвокаттың баласы балалық шағын Эдинбургте өткізіп, әкесінің басшылығымен құқықтық тәжірибемен айналысады. Өмір жолын заңгерлікпен бастаған.

В Скотт алғашында үлкен тәжрибие жинауда болды. Ол барлық топтағыжәне әр жастайынан-ақ зерделі. В Скотт отанының өткен кеткеніне зор ықласпен қарады.

Шатлендық фольклор мураларын жинауды ерте бастаған. Жазушы балладаллармен өлеңдерді жазып алып, тарихи оқиғалар орнын зерттеп Шатландия, Англия және басқада Еуропалық елдердің тарихыцмен жүиелі түрде шұғылдапды.

Халық ауыз әдебитіне құштарлығы оны романтикалық баллада жазуға итермелеп қызығушылығын арттырды. Алайда тырнақ алды шығармаларының сарқылмас бұлағытек Шотландық фольклор ғана емес, еурапалық ағылшын, неміс, француз, итальян, испан әдебиеттерімен жете танысты. Мұндай халық ауыз әдебиетінің ескерткішінің ішінде ерте заманда өмір сүрген қарапайым адамдардың пікір-сезімдері, шотландия халқының үні лебізі ұман-теңіз тарихы мәліметтер деректерімен ерте суарылды.

1802жылы 2 томдық Шотландия шекарасының халық әндері жинақтары жарыққа шықты. 1803жылы осы жинақтардың 3 томы жарық көрді. Осындай басылымдардан кейін 1805жылы Соңғы Менстрель жырлары Ропби т.б. орта ғасырға арнаған өлеңдері В Скоттың есімін кеңінен танытып даңқын асырды.

Мысалы: “Соңғы Менестрель” жырларында басқа поэмаларындағыдай шындықпен фантастика, тарих кескіні мен фактілер біртұтас байланыста өрбіген. Ақынның өмірге көз қарасы қарама – қайфшылықта қалыптасқанын байқатады ол көбінесе болып жатқан жағдайларға халық жақтаушысы ретінде халқының көзімен қарайды солардың жоғын жоқтайды.

В.Скоттың шығармалары кезінде 19-ғасыр оқушылары тарапынан әдебиет мамандары тарапынан да жоғары бағасын алғанда орыс ақыны В.Скотты Шекспирмен, Пушкинмен таныстырды және саыстыра отырып бағалады. О.Балзак В.Скотты ұстазым деп есептеді. Стендал Скоттан тарихи суреттемлерді үйренді. Ол әлем әдебиетіндегі ұстаздығы өзінше жеке тақырып бола алады. 1820 жылдары ол Шотландиялық тақырыптан қол үзбей Ағылшын, Француз тарихынада көп мән бертінін байқатты. Англияның тарихына арналған “Айвего”, “Монастр”, “Абатт”, “Вудсток”, тақ иесі Людовик он бір мен байланысты атауға болады.

В.Скотт үшін еңбасты мәселе уақыт пен жергілікті әдет – ғұрыптар.Автор өткен ғасырдың оқиғалардың бізге куәгер көзімен бейнелеуге тырысты. Заманның дәуірдің проблемаларын алға тартып сонымен қатар сол дәуірге апаратын жолдарын белгілерін уақыттың тылсыммен сездіретін еске түсіретін бөлшектерін асқан шеберлікпен енгізіп отырды. Шотландияға барып көрегендей жол бұрылыстарын табиғаттың ағаштарын т.б. барлығын толық бейнелеуден талмады, ол оның басты міндеті болып қалыптасты. Оның романдарында біз “Бернард құзының биіктерін” “Тей өзенінің жағалауларын ” сол жерде болғандай тамашалаймыз.

Англиямен соғыс кезіндегі Шотландияны суреттеуде В.Скотт өзінің жерлестеріне аяушылығын білдіре отырып, қарапайым халықтың ұлтшылдығын, айбындылығын қатал мінезімен қатар қарапйымдылығын сүйіспеншілікпен суреттейді. В.Скотт Шотландықтардың ұлттық белгілеріне Ағылшындардың олар туралы қалыптасқан пікіріне жоқтық жалаңаш бірақ таза деген түсініктеріне басқада суреттемелерді қарсы қоя білді.

В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс пен сюжеттік қарым – қатынасы туралы былай деуге болады. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи жанрдың негізгі принцптерін қалаушы және дамытушы болды. Мысалы

1. Топтардың портретін жасады.

2.Байрон ашқан заңдылықтарды В.Скотт жалғастырып және жиынтық халық бейнесін пысықтап толықтырды.



  1. В.Скотт ең бірінші болып әдебиеттегі өнегелілік деген түсінікті айналымға енгізді.

Романдарында өмір шындығын бейнелейді.

Бақылау сұрақтары

1. В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс.

2. Романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі.

3. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи принцптерін қалаушы,

дамытушы.

1. В.Скоттың романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі

2. В.Скоттың әлем әдебиетіне тарихи романды қалыптастырушы ретінде енуі.

3. В.Скотт Бальзакты шәкірт етуі.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Скоттың “Соңғы монастр” жинағы шындықпен фантастикаға құрылуы.

2. 1802жылы 2 томдық “Шотландия шекарасының халық әндері” жинақтары жарыққа шықты.

3. “Соңғы Менестрель” жыры.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Скоттың «Айвенго» романының мазмұны

2. Конспект

3. Тест
11 - апта

42

Тақырыбы: В.Скотт тарихи романды қалыптастырушы ретінде ХІХғ. жаңашылдарының

бірі.

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:


  1. Әлем әдебиетіндегі жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы В.Скотт қай елдің жазушысы?

А) Ағылшын
В) Американ жазушы
С) Француз
Д) Неміс
Е) Грек

  1. В.Скотт өмірге келген жылы

А)1771
В)1740
С)1760
Д)1774
Е)1767

  1. Скотт қай елдердің тарихымен жүйелі түрде айналысады?

А)Шотландия, Англия
В)Швеция,Франция
С)Америка, Қазақстан
Д)Греция, Америка
Е)Германия, Шотландия

  1. 1802ж 2томдық жинағы жарық көрді?

А) «Шотландия шекарасының әндері»
В) «Айвенго»
С) «Рамео мен Джулетта»
Д) «Дон киход»
Е) «Дон Жуан»

  1. «Шотландия шекарасының әндері» жинағының үшінші томының жарық №көген уақыты?

А)1803
В)1804
С)1805
Д)1806
Е)1807

  1. Орыстың қай жазушысы В.Скотты Шекспирмен салыстырады?

А) Пушкин
В)Крылов
С)Лермонтов
Д) Толстой
Е)Белинский

  1. В.Скотт шығармалары қай ғасырда өз дәрежесінде жоғары бағаға ие болады?

А)ХІХ
В)ХХ
С)ХІХ 1жартысы
Д)ХХ 1жартысы
Е)ХІХ 2 жартысы

  1. В.Скотт үшін ең басты мәселе.

А)уақытпен жергілікті әдет-ғұрыптар
В)ар-ождан
С) айналасындағылардың көзқарасы
Д)Жоғаыдан көріну
Е)Қаталастарынан қалмау

  1. Скотт шығармашылықтың қай түрін өзіне жақын тұтады?

А)тарихи-роман
В)новела
С)драма
Д)ода
Е) пьеса

  1. Скоттан кейінгі тарихи романды жалғастырушы жазушылар?

А) Бальзак, Мериме, Теккерей, Гюго, Флобер
В Джек Лондон, Гофман,
С) Байрон, Дюма
Д) Свифт, Дефо
Е) Лессинг, Вольфганг

  1. «Айвенго» ағылшынның қай жазушысының шығармасы?

А)В.Скотт
В)Дюма
С)Б.Шоу
Д)Шекспир
Е)Д.Свифт

  1. ) «Шотландия шекарасының әндері» жинағы қай жылы жарық көрді

А.1802жылы

В. 1803жылы

С. 1807 жылы

Д. 1809 жылы

Е 1811 жылы


  1. 13. В.Скотт өмірге келген жыл

А.1832
В.1820
С.1820
Д.1834
Е. 1811

14. «Айвенго» романын В.Скотт қай жылы жазып шықты

А. 1820

В. 1821


С. 1823

Д. 1825


Е 1827

15. Американың ұлттық тарихында романтист Джеймс Фенимор Купер ағылшынның қай жазушысының шәкірті, ізбасары

А. В.Скотт

В. Дефо


С. Свифт

Д.Б.Шоу


Е. Шекспир

11 - апта

43



Тақырыбы: Француз әдебиеті

Жоспары:

1. А.Дюма (1802-1870)өмірі мен шығармашылығы

2. „Дартанян” романының мазмұны
Парижде Александр Дюмаға ескерткіш орнатылған. Ол креслоға жайғасып алып, ұзақта қиын, бірақ кісі жаны жай табатын еңбектен кейін тынығып отырған тәрізді, ал, биік тұғырдың жан-жағына автор даңқын асырған шығармаларының аттары қойылып жазылған. Бұл мүсін қоладан құйылған, бірақ 1883жылы ескерткіштің ашылу салтанатында дәл айтылғанындай, егер Дюманың талантына табынушы әрбір кісіден тек бір тиыннан жинағанның өзіне сол ескерткіш саф алтыннан салынған болар еді.

Александр Дюма (1802-1870) кісі есінен кетпейтін романтикалық сарындағы кейіпкерлер образының тұтас бір галереясын жасады, олар қалың оқушының сан алуан ұрпақтарының жадында жатталып қалды, ақиқат өмірде болған тарихи кісілердің бірде-бірінен кем емес. Ең алдымен оның д,Артаньяны тап сондай герой,ол өзін жасаған автормен бірдей ескерткіш қойылатын кейіпкерлер қатарына жатады. Жазушының жан тыныштығын күзетіп тұрғандай-ақ, ержүрек мушкитёр шпагасын жалаңаштап, Дюманың париждегі ескерткішінің етегіне жайғасқан. Арада жарты ғасыр өткеннен кейін туып өскен Гасконь уәлаятының орталығы Ош қаласында д,Артаняньның өзіде тұғырға көтерілді. Егер біз бұл мүсін романист әлгі жалған мемуарын туындысына пайдаланатын нағыз д,Артаняньға емес, Дюманың кейіпкерлерінің құрметіне қойылған десек қателеспейміз.

Дюма жөнінде жазылған еңбектердің кезкелген оны жақсы көрген «Ұлы оқырмандардың» ұзақ тізімі беріледі. Олардың ішінде Маркс пен Гейне, Толстой мен Достаевский, Чехов пен Менделеев, Луначарский мен Горкий, Балзак пен Фловер, Гюго мен Мерине, Дикенс пен Теккери, Голсуарси мен Джек Лондон бар. Солардың абырой беделіне сүйеніп, Дюманың жазушылық салмағын арттыра түскісі келеді, өйткені кейбір зерттеуші, сыншылар оны оқушының көңілін көтеріп, еліктіру үшін оқиғаны бетінен қарпып, ұдайы жеңіл көшеді де отырады деп, кемітеді.

Жазушының шыққан тегі де, өзінің кітаптары секілді жатқан бір романтика. Оның әкесі француз маркизі мен Сан-Доминго (Гаитиді ол кезде осылай атаған) аралынан шыққан қара түсті күңнен туған. Францияның ұлы революциясы жылдарында будан-жігіт қарапайым атты сарбаздан генералға дейінгі жолды бір-ақ секіріп өте шығады. Қара торы алып Напалеон атанған кезде Дюма республикалық сенім-нанымы үшін қуғынға ұшырайды. Революция толқынымен асқақтап кеткен билеуші енді өзіне берілген бонапардшыларды табанды қайсар республикашылардың көпе-көрнеу артық санайды, сол себепті де кереметтей солдат болғанымен, саясаттан махрум қалған турашыл генерал билеушінің қырына алынып, өмірінің соңғы кезеңін Парижден қол созым жердегі Вилле-Коттре деген шағын қалада және соның төңірегінде өткізеді.

Романда он сегіз жастағы д,Артаньян отбасы, ошақ қасынан аттанардан әкесінің шпагасын, өсиет сөзъ, ақыл-кеңесімен шипалы бальзамының шіріткісінен басқа, тағы бір үш сый:түс-түгі өзгеше бір мәстек, он бес экю мен капитан де Тревильге арналған хатты алушы еді-ау. «Үш ноянның» болашақ авторы арада екі жүз жыл өткеннен кейін үйінен шығарда қалтасына болмашы ақша мен аманат хаттарын алып шығады (жолы болғанда оның хатын ешкім ұрламайды). Ол ат орнына жолаушы күймесіне отырады, оған керекті ақшаны биллиард ойнап ұтып алады. Даңққұмар екі жастың екеуі де «Парижді жаулап алуға» бел байлаған-ды, оны бұның екеуі де ойдағыдай орындайды. Д,Артаньян оған қарумен жетсе, Дюма қаламымен жетеді.

Өз очерктерінде Дюма жолжазбаларын Россияның өткен тарихына асқан шеберлікпен шолу-серуен жасап, орыс әдебиеті мен өнері жайлы хикаяларымен толықтырады және осы әңгімелерін Пушкин мен Лермонтовтың, Вяземский мен Рылеевтің, Некрасов пен Полежаевтың, Бестужев-Марлинскийдің туындыларынан жасаған үзінді аудармаларымен байытып отырады.

Рас, Дюма кейде жаңсақ басып, жаңылып кетеді, бірақ «орташа французға» тұңғыш рет Россияның өткені мен бүгінгісін, оның тұрмысы мен мәдениетін молынан таныстырғаны даусыз.

Әр алуан сыншылар Дюманың көзі тірі күнінде-ақ оны тарихты бұрмалайсың деп кінәлады. «тарих бізге фактілерді ғана мирас етіп қалдырды»,-дейді автор «Антони» пьесасында осыған қарсы дәлел келтіргендей- ал сол фактілер ақынның еркінде: ол өткен заманның адамдарын көрінен тұрғызып алып, әр алуан киімдермен киіндіреді, олардың әрқайсысын өзіне ғана тән мінез-құлықпен, құмарлық құштарлықпен байытады және осынау құмар-құшықтың қызуын жазушы оқиға драматизміне сай бірде күшейіп, бірде азайтып отырады.

Егерде Дюма тарихтың қасаң дәнінен қызғылықты хикаяның тәтті жемісін ала білген десек артық болмас. Оның романдарының көпшілігі, шынына келсек, нағыз тарихи-шытырман оқиғалы туынды болып келеді. Бірақ өзінің таңдаулы туындыларында жазушы сол дәуірдің рухы мен кескін-келбетін дәл береді. Бұған суреткердің нәзік интуициясы ғана емес, тарихи мемуарларды, деректерді, жылнамаларды мұқият зерттеген қыруар еңбегі себін тигізген. «Үш ноян» кіріспесінде автордың романның сұлбасын ойластырып жүрген кезде оқып зерттеген кітаптарымның тізімі тұтас бір тарау болар еді- деген сөзі әсіресе леп айтқандық болмасқа керек.

Шығарманы жазу үстінде Дюма көп жағдайда көмекшілердің еңбегін пайдаланған (оның артына орасан мол мұра қалдыруының бір себебі осы болса керек ), олар авторға күллі дайындық жұмысын жасап береді екен, кейде осындай жұмыстың тиянақты жасалатыны сонша, соларды тіпті қосымша автор деп те атауға болар еді. Сондай көмекшілердің ішіндегі ең көріктісі Огюст Маке деген кісі «Үш ноянды» жазысуға қатысқан. Ұстазымен жүз шайысып қалып және оның атақ даңқын күндеген байғұс романдарының соңғы тарауларының бірін өзі жазған күйінде жариялайды. Сөйтсе, шығарманың күллі әрі мен нәрін, ажар көркін Дюма беріпті. Оның көмекшілері әлгі холсты (кенепті) жылтырата өңдеп картинаның нобайын салатын шәкірт дәрежесіндегі кісілер екен, ал, Дюманың өзі болса, шабытты қаламымен бағы заманның келмеске кеткен оқиғаларымен адамдарын қайта тірілткен ғажайып суреткер еді.

Дюма туындыларының тарихи арқауы, әдетте, мейлінше дәйекті тартылады. («үш ноян»романындағы оқиғалардың шет-шегі 1625жылдан 1628 жылға дейін дәл көрсетілуі тегіннен тегін емес). Түгелдей ойдан шығарылған немесе жартылай ойдан шығарылған қызықты хикаялармен кейіпкерлер тағдырын №сол тарихи арнаға шеберлікпен сыйғыза отырып, автор мушкетер-нояндар туралы трилогиясында өмірде болған көрнекті кісілер бейнесін жасауда шындықтан онша аулақтап кетпейді.

Мәселенки, «Виконт де бражелон»романында Людовик ХІҮ жағымсыз портреті өте сәнді шыққан, ресми тарихи еңбектерде «Күн-король» атанған билеушінің бейнесі бұл туындыда едәуір көмескіленіп қалады.

Дегенмен кейде автор турашыл қалпынан айнып кетеді. Бірақ нағыз шындықты, тіпті оқымысты тарихшылардың өзі ұдайы тап басып айта бермейді ғой. Дюма болса, ондай атаққа таласпағаюма болса, ондай атаққа таласпаған: ол тек кәнігі суреткер ғана.

Дюманың көптеген кітаптары сияқты, «Үш ноянның да» біз айрыша назар аударатын ерекшелігі бар. Ол ерекшелік- бұл туындының бваспасөз бетінде тарау-тарау болып басылуға лайықталып, фельетон-роман болып жазылуында. «Үш ноян» әуелі 1844жылы «Ле съекль»(«ғасыр») газетінде ұзақ уақыт бойы нөмерденш нөмер қуалай басылады, шығарманың композициясы да құрылған. Романның басылған әр бөлшегінің оқиғасы біткен сияқты болып көрінсе де, енді не болады екен,- деп оқушыны ынтықтырып қоюға тиісті... Әр қилы қосымша жәйттерді суреттеуді мейлінше азайтып, әрекет-қимылдың серпінін әлсіретпей, ұдайы ширатып отыру қажет, әрине, Дюманың бұл міндеті ойдағыдай орындағаны белгілі. Бұл жерде оған кәнігі драматургтың тәжірибесі көп көмек көрсетеді. Оның сықық пен күлкіге толы диологы люксембург сарайының сыртында сайысқа шыққан сарбаздардың қылышындай қылпып тұрады.

Жанрдың талап талғамына сай шытырман оқиғаларды өрбітіп, оқушыны еліктіру үшін ол жиі ескі қолжазбалардан тапқан фактілерден гөрі аңыздар мен анекдоттарға көбірек жүгінетін болған, ал, ауыз әдебиетінің бұл жанрларында өз шама-шарқынша сол дәуірдің әдет ғұрпы көрінетіні айқын емес пе. Көңіл-көзге қанша тұрпайы көрінсе де, жазушы ХҮІІ ғасыдың аса беделді деректерінен көптеген фактілерімен тарихи қайраткерлер мінездемелерін тауып алады, олар кейде тіпті шындыққа жанаспайтын тәрізді. Мәселенки кейбір сыншылар тап бүгінгі күнге дейін жазушы Решельені «Мелодрамалық зұлым» етіп көрсетеді. «Үш ноянның» негізгі тартысы құдіретті кардинал министрі мен герцог Бекингэмнің Анна Австрикаяға ғашық бақталас бәсекесіне құрылған және екеуінің осы бәсекесі Ла-Рошельді қамау-қоршау әрекетімен байланыстырылған деп жатады да сынайды.

Д,Артаньян мен оның жанқияр үш досының сарқылмас күш-жігермен, жан сүйсінер жомарт көңілмен «ойнап жүріп» жасаған ерліктері (сер-Жербэқамалында ішкен таңғы асының өзі қандай десеңізші), керемет тапқырлықпен нар жігітке тән мәрттік пен жауларын жардан құлатып кететін батылдығы оқушыға дәм беріп, қанаттандырып, жігеріне жігер қосады.

Осынау төрт ноянның мәңгі өшпес, өлмес бір қасиеті- жомарт жанды ержүрек азаматтардың жанқиярдың достығы бір-біріне шексіз берілгендігі адалдығы мұндай ізгі қасиеттерге қалың жұрт әр уақытта әр жерде тәнті бола береді.

Бақылау сұрақтары


  1. Александр Дюманың өмір жолына шолу.

  2. Дюманың “Үш ноян” романының жазылу тарихы.

  3. “Үш ноян”романының қазақ тіліне аударылуы.

  4. Дюма жөнінде жазылған еңбектер.

  5. “Үш ноян” романының негізгі тақырыбы.

  6. Жазушының шыққан тегі, және кітаптары.

  7. Тұңғыш сахналастырылған пеьсасы

  8. Әуел баста ол хатшылық қызметті кімнің қолында атқарды

  9. Дюманың туындыларының орыс баспаларында жарық көруі

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

1.Парижде Александр Дюмаға ескерткіш орнатылуы.

2. Конспект
Тест тапсырмалары
1. А.Дюмаға қай қалада ескерткіш орнатылған?

А) Парижде


В) Лонданда
С) Мадрид
Д) Веймар

2. Дюма әкесінен неше жасынан айырылады?

А)4
В) 5
С) 6
Д)12

3. «Үш ноян» романы кімнің еңбегі?

А) А.Дюма
В) Гюго
С) Байрон
Д) Бальзак

4. А.Дюманың әкесі қай жасында қайтыс болады?

А) 44
В) 50
С) 58
Д) 45

5. Дюманың талантын бірден мойындатқан түұңғыш пьесасы қалай аталады?

А) Генрих ІІІ және оның серіктері жайлы
В) 20 жыл өткен соң
С) «Гуливердің саяхаты»
Д) «Робинзон Крузо»

6. Неміс классикасының ұлы өкілі, талантты жазушы

А) А.Дюма
В) Скотт
С) Дефо

Д) Шекспир


7. А.Дюманың ескертркіші қай жылы ашылды?

А) 1883
В) 1880


С) 1900
Д)1700

8. 1931 жылы 12 шілдеде орыс жазушысы «Жазушының таланты, сөзі қандай керемет, қандай құдіретті десеңші!» деп айтқан орыс жазушысы

А) Куприн
В) Пушкин
С) Толстой
Д) Лермонтов

9. Қай жазушыға Парижде ескерткіш қойылған?

А) А.Дюма
В) Скотт
С) Шекспир
Д) Дефо

10. А.Дюма қай жылы дүниеден өтті?

А)1870
В)1800

С) 1888
Д) 1852

11. «Үш ноян» романы неше бөлімнен тұрады?

А) 2
В) 7


С)4
Д)5

12. Көрнекті жазушы А.Дюма өмір сүрген жылдар

А) 1802-1870
В) 1800-1870
С) 1806-1870
Д)1804-1870
11 - апта

44



Тақырыбы: Француз әдебиетінде ғылыми фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы

Жюль Верн

Сабақ түрі: Ой – бөліс, дебат

Дебат тақырыптары:


  1. Верн Жюль Француз әдебиетінде ғылыми фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы

  2. Оның шығармашылық жолында 65 ғылыми фантастикалық, әлеуметтік, сатиралық романдардың жариялануы

  3. Верн Жюльдің шығармаларынң романтикалық, гуманистік маңызы

  4. Верн Жюльдің «Патша шабарманы» атты туындысы

  5. «Капитан гранттың балалары» шығармаларының романтикалық маңызы

  6. «Жерден айға» сатиралық еңбегі

  7. «Сырлы арал» шығармасының мән-мазмұны

  8. Ж.Верннің «Патша шабарманы» романындағы Кенесарының өзгеше есімде болуы

9. Орыс әдебиетінің классигі И.С.Тургенеевтің ықпалымен «Патша шабарманы» 1900 жылы

«Михаил Строгов» деген атпен жариялануы

10. «Он бес жасар капитан» романтикалық романның гуманистік маңызы.

11. В.Жюль (1828-1905) өмірі мен шығармашылығы

12.В.Жюль қазақ даласындағы көтеріліс жөнінде «Патша шабарманы» атты жазған романы
12 - апта

45



Тақырыбы: Франция ұлтының ұлы ақыны, француз романтизімінің ірі тұлғасы.

Жоспар:

1. В.Гюго (1802-1885) өмірі мен шығармашылығы

2. В.Гюго – ақын драматург, прозашы
Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго (1802-1885) шаруа отбасынан шыққан офицердің баласы: Гюгоның әкесі бірінші француз республикасының соғыстары мен Напалеон жорықтарына талай рет қатысқан. «Тоқсан үшінші жыл» романында Францияның солтүстік- батысында (Бреталь мен Ванделда) республиканың контрреволюциямен соғысын суреттей келіп Гюго «менің әкем осы соғысқа қатысқан адам; демек, мен бұл соғыс туралы купердің сөзімен баяндай аламын»,-дейді.

Валдеяға жасалған жорық кезінде ақынның әкесі Кант қаласының тұрғыны шкипердің қызы соғыс Трибюшемен танысып, кейіннен соған үйленеді. Виктор Гюгоның анасы кейіннен революция құлатқан Бурбондар династиясын шақтаулы, поелист болған. Ол 1814 жылы Бурбондардың тағына оралуын шаттана қарсы алды. Әкесі отбасымен бірге тұрмады десе де болады. Өйткені ол үнемі жорықта болатын.

Балалары тек аналардың және сол кісі сенім артқан тәрбиешінің қолында өсті. Бұл туралы ақынның «одалар» деп аталған өлеңде айтылған. Гюго ұзақ жасады. Жүз елуге тарта шығарма жазды. Атақты романдары «Париж құдай ана соборы», «Тұл қалғандар», «Күлімпаз», «Теңіз бейнетхорлары», «Тоқсан үшінші жыл».

Гюго жастайынан-ақ манорхиялық идеядан аулақтап, прогресшіл идеяға ден қоя бастады.

Февраль ревалюциясынан кейін (1818) Гюго біржолата республикашыл болып алды. Напалеон Біріншінің жиені 1851 жылғы 2 декабрьде франциядағы екінші республика дейтінді тұншықтырып тастағанда ауыл осынау өрі-тұра француз императорынан, Напалеон үшіншіге қарасы батыл күреске шығын, ақыры туған елінен қашуға мәжбүр болды.

1870 жылы Напалеон үшінші құлағаннан кейін Парижге қайтып келді. Мұнда халық оны қошеметпен қарсы алды. Ол прусс әскерлері Парижді қоршағанда барлық қишылықтарға төзіп, Парижді қорғау туралы прокламация басып шығарды.

1851 жылы 18 мартта Париж Коммунасы жарияланды. Коммуна талқандалысымен іле-шала жеңілген коммуналарға дүрсе қоя берге буржуазияшыл жендеттерге қарсы шықты. Буржуазия Гюгоға үшінші республика дейтінінің парламент сайлауында оның кандидатурасын екі рет сүріндірумен жауап берді.

Гюго 1885 жылы қайтыс болды.


Бақылау сұрақтары

1. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго өмір жолы.

2. Гюгоның «93-жыл» романы

3. Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.

4. «Париж құдай ана соборы» романының мән мазмұны.



5. «Тұл қалғандар» шығармасының мазмұны.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет