ПӘні бойынша Әдістемелік өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 3 Семестрі: 6 Құрастырушы: Джураева Г. Р. Шымкент, 2013



бет9/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қан айналымын қалпына келтіру

Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын қайта қалпына келтіруге болады. Науқасқа массаж жасауды ертерек бастау, оның тіршілік әрекетінің қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Массажды жүрек тоқтағаннын кейінгі 4-5 минут аралығында жасау керек. Бұл тәсілді ұйқы артериясының соғуы тоқтағанда тыныс тоқтағанда, қарашық кеңейгенде, қарашыққа жарық әсер еткенде қолданады.


Жүрекке массаж жасауды орындау

  • науқасты арқасымен қатты жерге (еден, жер) жатқызыңыз

  • науқасқа массаж жасайтын орынды белгілеңіз (төстің төменгі 1/3-і)

  • бір қолдың үстіне 2 қолдың алақаның қойып, науқасқа массаж жасайды.

  • Жүрекке массажды минутына кемінде 60 рет жасау керек.

Жүрекке массаждың тиімді әсерінің көрсеткіштері

  • әр бір сығудаң кейін артеричның соғуы

  • қарашықтың тарылуы

  • тыныс алудың қалпына келуі

Егер реанимациялық көмекті 1 адам атқарып жатса, онда кеуде қуысын әрбір 15 сығудан кейін 1-2 сек. Ұзақтығында өкпеге 2 реттен энергиялы, баяу дем жіберуі керек. Ауа өңешке кетпеуі үшін науқастың басының орналасуын қадағалап отыру керек.

Егер реанимациялық көмекті 2 адам атқарып жаста, онда минутына кеуде қуысын 80 рет сығып, өкпееге 12 рет жасанды дем беру керек (5-6 сығудан кейін 1 рет дем жіберу). Егер массаж ырғағымен ірі қан тамырлары соқса, тыныс пайда болса, көгеру жойылсы, қарашық кішірейсе массаж жасау тиімді болды деп есептеледі. Егер жоғарыдағы аталған белгілер 30-40 минуттан соң байқалмаса массаж тиімсіз делініп, тоқтатылады.



Биологиялық өлім белгілері: тыныстың түгел бітуі, тамыр соғуының тоқтауы, көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі

Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру.

Сырқаттың өлімін дәрігер белгілейді. Ол ауру тарихына өлімінің уақытын дәл жазады. Мәйітті шешіндіріп, аяқ – қолын созып, шалқасынан жатқызады. Аяқтарын байлап, көзін жауып, ақ жаймамен жабады да 2 сағаттай төсекте қалдырады. Тек өлім дақтары пайда болғаннан кейін ғана медбике мәйіттің санына оның аты – жөнін, ауру тариханың нөмірін, диагнозын, өлген мерзімін жазады. Ал мәйіттің аяғына мәйіт туралы мәліметтердің қайда жазылғаны туралы бағыттама жапсырады. Туыстарына қайтыс болғаны туралы хабарлайды, бағалы заттарын туыстарына не кезекші дәрігерге береді.

Өлікті сойып тексеруге патологиялық – анатомиялық бөлімшеге тек мәйіттің дақ пен сіресу пайда болғаннан 1 сағаттан соң жіберіледі.

Егер үйде қайтыс болса, онда бөлімшелік дәрігер келіп, клиникалық диагноз бен өлімнің себебі туралы анықтама жазып беоеді.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс жасау ережелерін үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. шок кезінде Альговер индексі:

а) систолалық АҚ : ОВҚ

б) тыныс жиілігі : ОВҚ

с) жүректің жиырылу жиілігі : ОВҚ

д) жүректің жиырылу жиілігі : систолалық АҚ

е) систолалық АҚ : жүректің жиырылу жиілігі

2. Жарақаттық шокты түсіндірудегі қан және плазма жоғалту теориясының авторын атаңыз:

а) Крайль

б) Кохер

с) Павлов

д) Блелок

е) Пирогов

3. Шок кезінде қан айналымының «орталықтануы» ... қан айналымын сақтау үшін бағытталған.

а) бауыр мен бүйректің

б) ұйқы безінің

с) ми, жүрек және өкпенің

д) өкпе, бүйрек үсті безі мен бүйректің

е) ұйқы безі, бауыр мен бүйректің

4. Жүрек қызметі тоқтағанда ОНЖ қайтымсыз бұзылыстары ... минуттан кейін дамиды.

а) 1-2


б) 15

с) 5 - 6


д) 10 – 12

е) 30


5. «Үштік тәсілді» орындау үшін ... қажет.

а) басын артқа шалқайту


б) төменгі жақты алдыға ығыстыру

с) ауызды ашу

д) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
е) «ауыздан ауызға» ӨЖД

6. Жүрекке жабық массаж жасаудың тиімділігін ... арттырады.

а) науқасты жылыту

б) массажды қатты жазықтықта орындау

с) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру

д) плазма алмастырушыларды венаға енгізу

7. Реанимациялық шараларды жүргізгенде адреналинді ... енгізеді.

а) шөп дәрісін пайдалану;

б) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;

с) тазалау клизмасын жасау



д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;

е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.

8. Қарқынды емдеу бөлімінде:

а) порционник құрастырады

б) электрофорез қолданады

с) емдік дене шынықтыру сабақтары өтеді



д) рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі

Ситуациялық есептер:

№1. Қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем көлігімен науқас келіп түсті. Тексергенде ұйқы артериясында тамыр соғысының сәл анықталады, көз қарашығы кішірейген, жарыққа реакциясы сәл анықталады, тыныс алуының тоқтауы, есін білер-білмес, еріндері көгерген, жүрек тондары сәл сезіледі. Сіздің диагнозыңыз?

Жауабы. Клиникалық өлім.

№2. Клиникалық өлім (ұйқы артериясында тамыр соғысының сәл анықталады, есін білер- білмес , жүрек тондары сәл сезіледі) кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:

Жауабы:


  1. Тыныс алу жолдарынан ауаның өтуін қамтамасыз ету;

  2. Өкпеге жасанды тыныс алдыру ол үшін ауызға және мұрынға дем беру

  3. Жүрекке тікелей емес массаж жасау 1:30 рет

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет