ПӘНІ: ДҮниетану сыныбы 4 тақырыбы



жүктеу 62.3 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі62.3 Kb.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ШАЛҚАР АУДАНЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ



ҚОЖИНА ҚАПИҒА


ПӘНІ: ДҮНИЕТАНУ

СЫНЫБЫ 4

ТАҚЫРЫБЫ: КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР. ҚАРА МЕТАЛЛ КЕНДЕРІ.

ТҮСТІ МЕТАЛЛ КЕНДЕРІ



І кезең:

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер:

  1. Пайдалы қазбалар қолдануына қарай қандай топтарға бөлінеді?

Жауабы: жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

  1. Көмірді не үшін пайдаға асырады?

Жауабы: от жағуға пайдаланады

  1. Атырауда қандай пайдалы қазба өндіреді?

Жауабы: жанғыш пайдалы қазбадан мұнай өндіріледі

ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:

  1. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстарын кен деп атайды

  2. Кенде металл мен тау жыныстары араласып жүреді.

  3. Металл алу үшін алдымен кенді бос тау жыныстарынан бөліп алады

  4. Металдар 2-ге бөлінеді. Қара және түсті

  5. Қара металл кендерінен темір алынады

  6. Темір кендерінің магниттік қасиеті бар

  7. Өндірілген кенді домна пешінде балқытады

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Себебін түсіндіріп жаз:

1. Мыс оңай өңделеді, себебі: жұмсақ, электр тогын жақсы өткізеді

2. Мырыштан тұрмыстық заттан (шелек, астау, леген) жасайды, себебі олар тоттанбайды

3. Темір кеніне қопарғыш дәрі қояды, себебі қазу өте қатты, әрі қиын



Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)

Венн диаграммасын толтыр

Қара метал Түсті металл




Тақырыптың басты идеясын жаз:

Қара және түсті метал кені пайдалы қазбаларға жатады.

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)

Анықтамасын жаз, бос орындарды толтыр:

Түсті металл кендері

1. Мыс – қызғылт түсті жұмсақ металл

2. Жез мыс пен мырыштың қосындысы

3. Алюминий – ақ түсті, жеңіл.

4. Қорғасын – сұрғыш, тапталғыш ауыр металл

5. Мырыш – көкшіл, сұр түсті металл





Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)

Кенді пайдалы қазбаларды 2 топқа бөліп жаз:

Қара түсті металл:

Түсті металл:

Темір

Шойын


Болат

Мыс, Жез, Қола, Алюминий, Қорғасын,

Мырыш, Алтын, Күміс



Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.

1. Сен қалай ойлайсың металдар неше түрге бөлінеді?



Жауабы:

Менің ойымша,2 түрге.қара және түсті

2. Пайдалы қазбалар қорын сақтау үшін не істер едің?



Жауабы:

жер бетіндегі кенді пайдалы қазбаларды үздіксіз қазудың қажеті жоқ. Зияны көп, себебі оның қоры таусылады. Қорын сақтау үшін қажетіне ғана пайдалану керек деп ойлаймын.

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау




І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Сұрақтарға жауап бер:

«Кен» деп нені атайды?



Жауабы: Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады

Кенді байыту деген не?



Жауабы: Металл алу үшін, ең алдымен кенді бос тау жыныстарынан бөліп алады. Ол кенді байыту деп аталады

Қара металл кендерінен не салынады?



Жауабы: Қара металл кенінен шойын, болат қорытылып салынады

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма)

Түсті металдарды атап жаз:

Жауабы:

алтын, күміс, мыс, жез, қола, алюминий, қорғасын, мырыш




ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Сұраққа жауап бер.

Қара металл кендерінен неліктен темір кені деп атайды?



Жауабы: себебі, одан көбінесе темір қорытылып алынады

Қорғасынның неліктен ерекше қасиеті бар дейді?



Жауабы: себебі, ол адамға өте зиянды радиация және рентген сәулелерін өткізбейді

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыс-тыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсас-тығы неде?

4. Тақырып-тың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Венн диаграммасын толтыр:

ШОЙЫН, ТЕМІР, БОЛАТ МЫС, АЛТЫН, КҮМІС, ҚОРҒАСЫН





Тақырыптың басты идеясын жаз:

Үй тұрмысында түсті металдан жасалған бұйымдар қолданылып, пайдаға асырылады..

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

Металдардың қасиетін жаз.
Болат – берік металл

Мыс – жұмсақ металл

Алюминий – жеңіл металл

Қорғасын – өте ауыр металл

Жез – қатты металл





ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

Сөзжұмбақ

Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:

1. Қызғылт түсті жұмсақ металл

2. Мыс пен мырыштың қосындысы

3. Күміс сияқты жарқыраған ақ түсті жеңіл металл

4. Сұрғылт түсті, ауыр, тапталғыш металл

5. Ауаның, ылғалдық әсеріне төзімді тот баспайтын металл



Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сұраққа жауап бер

  1. Темір кені қоры Қазақстанның қай облысында шоғырланған? Сен қалай ойлайсың?

ЖАУАБЫ:

Менің ойымша, 85% пайыздан астамы Қостанай облысында шоғырланған.

  1. Үй тұрмысында түсті металдардан жасалған қандай бұйымдар қолданар едің?

ЖАУАБЫ:

мысалы, үй тұрмысында ыдыс-аяқтар, электр сымдары, үй жиһаздары, шелек, леген, астаулар қолданылады.

: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет