Пәнін оқып игеру үшін әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулықтары тақырып кіріспе



жүктеу 176.25 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі176.25 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
5В072100 –Органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған «Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнін оқып игеру үшін

әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулықтары
ТАҚЫРЫП 1. КІРІСПЕ

Бұл тақырып бойынша лабораториялық сабақ -10 сағат, студенттің өздік жұмысына 6 сағат уақыт бөлінеді.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыстар орындалады:


    1. Органикалық химия лабораториясында жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы. Лабораториялық құралдармен танысу (2 сағат).

1.2 а) Ерітіндіден органикалық затты қайта кристалдандыру арқылы тазарту. Тазартылған заттың балқу температурасын анықтау (4 сағат).

ә) Мұнайды айдау. Фракциялар шығымын анықтау.

б) Органикалық заттарды су буымен айдау (4 сағат).

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Органикалық химияның дамуы. Негізгі түсініктер. Органикалық заттардың жіктелуі. Құрылыс теорияның пайда болғанға дейінгі органикалық химияда теориялық түсініктер. А.М.Бутлеров химиялық құрылыс теориясы: негізгі қағидалары.



Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 9-12; 13, с. 29-33]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Органикалық заттардың жіктелуі қандай принциптерде негізделген?

  2. А.М. Бутлеровтің химиялық құрылыс теориясы қандай қағидалардан тұрады?


ТАҚЫРЫП 2. КӨМІРСУТЕКТЕР

Бұл тақырып бойынша дәріс - 3 сағат, тәжирібелік сабақ -4 сағат, лабораториялық сабақ – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 9 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Алкандар. Қаныққан көмірсутектердің гомологтік қатары. Алкандардың изомериясы. Көміртектің бірінші, екінші, үшінші реттік атомдар түсінігі. Номенклатура. Алкилді радикалдар. Алкандардың табиғи көздері: мұнай (оның құрамы және өңдеу тәсілдері), табиғи газ. Алкандарды алудың жасанды тәсілдері (лабораториялық және өндірістік алу тәсілдері). Алкандардың құрылысы. Көміртек атомының Sp3-күйлері (валентті бұрыштар, С-С және С-Н байланыстардың сипаты, жай С-С-байланыстың «бос айналуы»). Алкандардың физикалық қасиеттері (құрам мен құрылысына байланысты). Алкандардың химиялық қасиеттері. Орын басу реакциясы: галогендеу (бос радикалды тізбекті механизм, галогендеу кезіндегі бағыттаушы, көмірсутектердің құрылысының реакциялық қабілетіне тәуелділігі, галоген табиғаты мен реакциялық қабілет пен таңдайтындығының арасындағы байланыс, нитрлеу: сұйық фазалы, бу фазалы (механизмдері және бағытауышы). С-С- байланыстардың үзіле жүретін реакциялар (крекинг, пиролиз). Алкандардың тотығуы. Органикалық синтезде алкандарды қолдану. Қаныққан көмірсутектер жанармай ретінде.

Алкендер. Жалпы формуласы. Алкендердің құрылыс ерекшеліктері, изомериясы, номенклатурасы. Алкендерді алу тәсілдері: алкандардан (пиролиз), галогеналкандардан (дегидрогалогендеу), алкиндерден (жартылай гидрлеу), спирттерден (күкірт қышқылды және гетерогенді каталитикалық). Құрылысы (көміртек атомының Sp2-күйі, қос байланыстың сипаты, алкендердің геометриялық (цис-, транс-) изомериясы). Физикалық қасиеттер. Алкендердің химиялық қасиеттері. Каталитикалық гидрлеу. Галогендерді, галогенсутектерді, күкірт қышқылын, суды электрофильді қосып алу реакциялары (АЕ). Марковников ережесі (Қазіргі кездегі түсініктемесі). Алкен құрылысының оның реакциялық қабілеттілігіне тәуелділігі. Галогендерді және бромсутекті радикалды қосып алу реакциясы (АR). Караш тотығы эффектісі. Алкендердің тотығуы: эпоксиқосылыстар түзіле (Прилежаев Н.А. реакциясы), көміртек тізбектің үзілуі арқылы (күшті тотықтырғыштар қатысында). Озонолиз. Полимерлену. Алкендердің сатылы және тізбекті полимеризациясы туралы түсінік. Мономерлер, олигомерлер, полимерлер. Тізбекті полимеризацияның радикалды және ионды механизмдері. Полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен. Алкендерді органикалық синтезде қолданылуы.

Алкадиендер. Изомериясы, номенклатурасы. Алкадиендердің үш түрі: жекелеген, шоғырланған және ілеспелі қос байланыстары бар. Ілеспелі қос байланыстары бар көмірсутектер: дивинил, изопрен, 2,3-диметил-1,3-бутадиен. Дивинилді алу тәсілдер (спирттен (Лебедев С.В. тәсілі бойынша 1,4-бутандиолдан, мұнай газдарынан)) Изопренді алу. Ілеспелі қос байланыстары бар алкадиендердің құрылысы. Физикалық қасиеттер. Ілеспелі алкадиендердің электрофильді және радикалды қосып алу реакциялардың ерекшеліктері (1,2- және 1,4-қосып алу). Ілеспелі алкадиендердің реакциялық қабілеттері. Мезомерлік карбкатион, оның құрылысы және салыстырмалы тұрақтылығы. Тотығу және озонолиз. Каталитикалық гидрлеу және химиялық тотықсыздандырғыштармен тотықсыздану. Полимеризация және сополимеризация реакциялары. Табиғи және жасанды каучук туралы түсінік.

Алкиндер. Алкиндер құрылысының ерекшеліктері (көміртек атомының Sp-күйлері, үштік байланыстың сипаты), изомериясы, номенклатурасы. Алкиндердің алу тәсілдері. Ацетилен алу тәсілдері: өндірістік (кальций карбидінен, метаннан), лабороториялық (дигалогеналкандардан, ацетиленидтерден). Физикалық қасиеттер. Шеткі үштік байланысы бар алкиндердің қышқылдық қасиеттері. Алкиндерді гидрлеу (жартылай және толық). Галогендерді және галогенсутектерді электрофильды қосып алу. Қосып алу реакцияларындағы алкиндер мен алкендердің реакциялық қабілеттерін салыстыру. Спирттерді нуклеофильді қосып алу. Кучеров М.Г. бойынша алкиндердің гидратациясы. Винилдеу реакциясы (сірке қышқылының, циансутектің қосып алуы). Тотығу. Ацетилен полимеризациясы (винилацетилен, дивинилацетилен, хлоропрен). Ацетилен негізіндегі өндірістік синтез.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Алкандар, алкендер. Химиялық жүріс-тұрыс ерекшеліктер. Реакциялардың механизмдері. Алу тәсілдері. Алкандар мен алкендердің құрылысын анықтау үшін арналған тапсырмалар. Алкиндер, алкадиендер. Химиялық жүріс-тұрыс ерекшеліктері. Алынуы


Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер. Метанды, этиленді, ацетиленді алу. Қанықпағандылыққа және шеткі үштік байланысқа химиялық тесттер. (4 сағат).

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Органикалық қосылыстардың маңызды көздері [1, с. 11-14];

Органикалық заттардың номенклатурасы: рационалды, радикалды-функционалды, халықаралық (жүйелік); метан құрылысы, метан қатарындағы көмірсутектердің құрылысы және номенклатурасы, каныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттері, қанықпағанан көмірсутектерді алу және қолданылуы
Ұсынылатын әдебиет: [1, с.41-43], [5, с. 58-69]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Бутан изомеризациясынын реакция сызбанұсқасын көрсетіңіз:

  2. CH3COONa натрий ацетаты мен қатты натрий гидроксиді қыздыру нәтижесінде қандай газ түзіледі?

  3. Метан мен хлор сәулелеу нәтижесінде рекция механизмің көрсетіңз?



ТАҚЫРЫП 3. КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ГАЛОГЕНТУЫНДЫЛАРЫ

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, тәжирібелік сабақ -1 сағат, лабораториялық сабақ – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Галогеналкандар. Классификациясы, изомериясы, номенклатурасы. Алу тәсілдері: алкандардан (галогендеу), алкендерден (гидрогалогендеу), спирттерден. Көміртек-галоген байланыстың сипаттамасы (ұзындығы, энергиясы, полярлығы, поляризацияға түсуі). Физикалық қасиеттер. Галогеналкандардың орын басу реакциялары (спирттер, жай эфирлер, нитрилдер, аминдер және қосылыстардың басқа кластарын түзе). Нуклеофильды орын басу механизмдері (SN1, SN2). Нуклеофильді орын басу реакциясының өтуіне әсер ететін факторлар (галогеналкандардың құрылысы, кетіп жатқан топтың сипаты, нуклеофильді реагенттің күші, еріткіш табиғаты). Нуклеофильды орын басу реакциялардың стереохимиясы. Элиминирлеу реакциясы. Элиминирлеу түрлері (α-, β-, γ- және т.б.). Элиминирлеу, реакция жағдайлары және бағыттары. «Нуклеофильділік» және «негіздік» ұғымдардың байланысы. Зайцев ережесі. Элиминирлеудің механизмі (Е1, Е2). Элиминирлеу мен нуклеофильді орын басу реакциялардың бәсекелестігі. Ыдрау жылдамдығына және ыдырау мен орын басу өнімдердің қатынасына әсер ететін факторлар (галогеналкандардың құрылысы, реагенттің негізділігі, температура, еріткіш табиғаты). Ыдырау реакциялардың стереохимиясы. Галогеналкандардың тотықсыздануы. Металдармен реакциясы (натриймен, литиймен, магниймен). Полигалогеналкандар. Классификациясы. Геминалды және вициналды дигалогеналкандар. Галоформалар. Алу тәсілдері (алкандардан, алкендерден, карбонилды қосылыстардан). Нуклеофильды орын басу және элиминирлеу реакциялары. Полигалогеналкандар еріткіш ретінде.

Қанықпаған көмірсутектердің галогентуындылары. Изомериясы. Номенклатурасы. Қос байланысты галогентуындылардың үш типі. Винилгалогенидтер. Алу тәсілдері: вициналды галогеналкандардан, олардың алкиндерінен. Винилхлоридтің құрылысы. Нуклеофильді орын басу реакциялардағы винилгалогенидтердің инерттілік себептері. Элиминирлеу реакциялары. Галогендерді және галогенсутектерді электрофильді қосып алу. Винилхлоридтің өндірістік алу тәсілдері және қолданылуы. Поливинилхлорид.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Органикалық галогенидтер. Орын басу және ыдырау реакциялары. SN1, SN2, Е1, Е2 механизмдері

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Бромды этиленнің синтезі. Өнімді бөлу және тазарту.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Аллилгалогенидтер. Алу тәсілдері: алкендерден (аллильды хлорлау және бромдау), ілеспелі алкадиендерден (галогенсутектерді электрофильды қосып алу). Аллилхлоридтың құрылысы. SN1 және SN2 реакциялардағы аллилгалогенидтердің реакциялық қабілеттердің жоғары болуының себебі. Мезомерлі аллилды карбкатион. Аллильды қайта топталу. Аллильгалогенидтердің электрофильды қосып алуы Қанықпаған көмірсутектердің фторалмасқандары. С-F байланыстың ерекшеліктері. Монофторалкандардың, фторалкендердің және перфторкөмісрсутектердің алу тәсілдері. Фреондар. Фторопласт (тефлон).



Ұсынылатын әдебиет: [4, с. 29-33]; [5, с. 55-67]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. 16 г бром 10,6 г n-ксилолмен а) FeCl3 катализаторының қатысуымен б) қайнау температурасында әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі?

  2. Қайнап жатқан толуолды хлорлағанда бензилхлорид пен бензилидехлорид қоспасы алынды. Қоспаның салыстырмалы тығыздығы 1,13. Бензилхрод тығыздығы 1,09 екені белгілі болса, ал бензилидехлорид тығыздығы 1,25 болса қоспа құрамын есепте.


ТАҚЫРЫП 4. МЕТАЛЛ- ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТООРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, тәжирібелік сабақ -1 сағат, студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Классификациясы, номенклатурасы. Алу тәсілдерінің жалпы ұғымдары. Көміртек-металл байланыстың сипаты және Менделев периодтық жүйесінде металдың орналасуына байланысты металорганикалық қосылыстардың қасиеттері. Көміртек- металл байланыстың ионды және радикалды үзілуі. Сілтілі металдардың, магний, цинк, сынап, қорғасынның металорганикалық қосылыстары.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Алудың жалпы тәсілдері. Гринъяр реактивтері.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Аралас магнийорганикалық қосылыстар (Гриньяр реактиві), оларды алу, құрылысы, қасиеттері (қозғалмалы сутек атомдары бар қосылыстармен, галогендермен, галогеналкандармен, карбонилды қосылыстармен, нитрилдермен, көміртек диоксидімен әрекеттесуі). Синтетикалық органикалық химия үшін магний- және литийорганикалық қосылыстардың мәні.



Ұсынылатын әдебиет: [4, с. 29-33]; [5, с. 55-67]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын келтіріңіз:

а) диизопропилцинк, б) трет-бутилцинкбромиді, в)бензилнатрий, г) аллилмагнийброимиді, д)дифенимагнийиодиді, е) тетраметилсвинец?

  1. Трет-бутилмагнийбромиді келесі заттармен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзілетінін көрсетіңіз: а) су, б) этил спирті, в) изопропил спирті, г) аммиак, д)сірке қышқылы, е) ацетилен?


ТАҚЫРЫП 5. БІР- ЖӘНЕ КӨПАТОМДЫ СПИРТТЕР

Бұл тақырып бойынша дәріс-2 сағат, лабораториялық сабақ – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына -7 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Бір атомды спирттер. Классификациясы. Номенклатурасы. Алу тәсілдер: галогеналкандардан (гидролиз), алкендерден (қышқылдық гидратация және гидробромдау-тотығу), карбонилды қосылыстардан және күрделі эфирлерден (тотықсыздану). Гриньер реакциясы бойынша және литийорганикалық қосылыстар арқылы спирттердің синтезі. Метил, этил, изопропил спирттердің өндірістік алу тәсілдері. Құрылысы. С-О және О-Н байланыстардың сипатамасы. Спирттердегі суткетік байланыстар. Сутектік байланыстардың физикалық қасиеттерге әсері. Химиялық қасиеттер. Негізгі реакциялық центрлер. Қышқылдық қасиеттер (СО-Н байланысы бойынша реакция) Негіздік қасиеттер (С-ОН байланысы бойынша реакция). Спирттердің SN1 и SN2 реакциялардың ерекшеліктері.Элиминирлеу реакциясы, ішкімолекулалық және молекулааралық дегидратация. Нуклеофильды орын басу және элиминирлеу реакциялардағы спирттердің құрылысы мен реакциялық қабілеттің арасындағы байланыс. Спирттердің ацилдеуі. Ацилдеуші агенттер. Тотығу және дегидрлеу. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттердің реакциялық қабілеттердің ерекшеліктері. Метил, этил, пропил (изопропил), бутил спирттері, органикалық синтездегі олардың қолданылуы. Қанықпаған спирттер. Винил спирттері, олардың тұрақсыздығының себебі (Эльтеков ережесі).

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Химиялық жүріс-тұрыс ерекшеліктер, алу тәсілдері. Спирттердің құрылысын анықтауға арналған тапсырмалар.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: а)Этилацетат синтезі. Өнімді бөлу және тазарту; б) Сірке-изоамил эфирінің (алмұрт эссенциясы) синтезі. Өнімді бөлу және тазарту

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Аллильді спирттер. Алу жолдары. Нуклеофильды орын басу реакцияларында олардың реакциялық қабілеті жоғары болуының себебі. Көп атомды спирттер. Классификациясы, изормериясы, номенклатурасы. Екі атомды спирттер (гликольдер). Алу жолдары (дигалогеналкандардан, эпоксиқосылыстардан, карбонилды қосылыстардан, дикарбон қышқылдарының эфирлерінен). Пинаколинді қайта топталу. Үш атомды спирттер. Глицерин, алынуы (майлардан және пропилен синтезі). Екі атомды және үш атомды спирттердің физикалық және химиялық ерекшеліктері. Этиленгликольдің және глицириннің өндірісте қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиет: [3, с. 29-33]; [2.c. 34-42; 5, с. 55-67]

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Калий перманганаты этиленгликолді тотығу нәтижесінде қай қосылыс түзіледі?

  2. Сутек болуімен натриймен әрекеттесетін және мыс гидроксидімен (11) көк тусті қосылыс беретін С2Н6О2 құрылымды қосылысты атаңыз?



ТАҚЫРЫП 6. АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАР

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, тәжирібелік сабақ -2 сағат, лабораториялық сабақ – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Қаныққан альдегидтер мен кетондар. Құрылысы, изомериясы, классификациясы, номенклатурасы( тривиалды, рационалды, жүйелік).Алу тәсілдері (спирттерден (тотығу және дегидрлеу), карбон қышқылдары мен олардың туындыларынан, Гриньяр реакциясы бойынша альдегидтер мен кетондардың синтезі, оксосинтез). Карбонилды топтың құрылысы. С=О және С=С байланыстардың ұқсастығы мен ерекшелігі. Физикалық қасиеттер. Химиялық қасиеттер. Негзігі реакциялық орталықтар. Альдегидтер мен кетондардың реакциялық қабілеттеріне электронды және кеңістіктік факторлардың әсері. Карбонилды топ бойынша нуклеофильды қосып алу реакциясы: натрий бисульфитімен, көгерткіш қышқылымен, Гриньяр реактивтерімен, галогенсутектерімен реакциясы. AN механизмі. Карбонилді оттекті орын басу реакциясы. Альдегидтер мен кетондардың тотығу мен тотықсыздану реакциялары. Альдол және кротон конденсациясы. Тотығу-тотықсыздану (Канницаро реакциясы). Альдегидтердің күрделі эфир конденсациясы. Сутектің α-атомы бойынша рекациясы (Кляйзен, Перкин). α-көміртек атомы болғанда сутек атомының жоғары белсенділігінің себебі. Галогендеу реакциясы. Метилкетондардың галоформды реакциялары, олардың тәжірибелік маңызы. Құмырсқа, сірке альдегидтері, ацетон (алу тәсілдері, ерекше қасиеттері, қолданылуы).

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Химиялық жүріс-тұрыс ерекшеліктер, алу тәсілдері. Альдегидтер мен кетондардың құрылысын анықтауға арналған тапсырмалар

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: а) Изопропил спиртін тотықтыру арқылы ацетонды алу; б) Йодоформ синтезі.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Қанықпаған альдегидтер мен кетондар. Изомериясы, классификациясы. Кетендер. Номенклатурасы. Құрылысы. Алу тәсілдері (ацетоннан, сірке қышқылынан). Химиялық қасиеттер: сумен реакциясы, спирттермен, аминдермен. α-,β-қанықпаған альдегидтер мен кетондар. С=С және С=О ілеспелі байланыстар. Акролеин. Кротон альдегиді (цис-, транс-изомерия). Химиялық қасиеттер (электрофильді және нуклеофильді қосып алу реакциялардың ерекшеліктері).

Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 261-271]; [5, с. 55-67]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. С2Н5–СО– С2Н5 и С3Н7–СО– СН3 изомерлі кетондарды қай реакциялар арқылы айыруға болады?

  2. Фриделя­–Крафтс реакциясы арқылы келесі заттарды алыңыз: а) ацетофенон, б) атилфенилкетон, в) фенил-n-толилкетон.


ТАҚЫРЫП 7. ЖАЙ ЭФИРЛЕР

Бұл тақырып бойынша дәріс-1 сағат, тәжирібелік сабақ - 1 сағат, студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Изомериясы, номенклатурасы. Алу тәсілдері (спирттерден (молекулааралық дегидратация), галогеналкандардан (Вильямсон реакциясы)). Физикалық қасиеттер. Химиялық қасиеттер. Негізділік. Оксоний қосылыстарды түзуі. Жай эфирлердің ыдырау реакциясы, олардың механизмдері. Автототығу (пероксидтер түзу, олардың жарылыс қауіптілігі). Диэтилэфирі, оның практикалық қолданысы. Диоксан. Тетрагидрофуран.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Химиялық жүріс-тұрыс ерекшеліктер, алу тәсілдері. Конденсация реакциясы. Құрылыстық формуланы анықтау.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Эпоксиқосылыстар. Изомериясы (құрылыстық, геометриялық). Алынуы (алкандардан, галогенгидриндерден). Химиялық қасиеттері: сумен, спирттермен, галогенсутектермен, аммиакпен, аминдермен, цианосутекпен, Гриньяр реактивімен реакциясы. Негіздік және қышқылдық катиализдің рөлі. Эпоксид қосылыстың құрылысы, реакция механизмі және эпоксид циклның ашылу бағыты арасындағы байланыс. Этилен оксиді, алу тәсілдері және өндірістік органикалық синтезде қолданылуы.



Ұсынылатын әдебиет: [1, с.9-26, 239- 252]; [5, с. 110-118]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Келесі реакция нәтижесінде түзілетін қосылысты атаңыз

СН3-СН2Сl + С2Н5 –ОNа ® ?

  1. Этерификация реакциясында күрделі эфир түзілу жағына тепе-теңдікті ығыстыру үшін қандай факторларды өзгерту керек?


ТАҚЫРЫП 8. БІР НЕГІЗДІ КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

Бұл тақырып бойынша дәріс - 3 сағат, тәжирібелік сабақ -2 сағат, лабораториялық сабақ – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 9 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

туындылары.

Қаныққан карбон қышқылдарының гомологтық қатары. Жалпы формуласы. Изомериясы. Номенклатурасы (тривиалды, рационалды, жүйелік). Қышқылдық радикалдар (ацилдер), олардың номеклатурасы. Алу тәсілдері: алкандардан, алкендерден, алкиндерден, спирттерден, альдегидтерден және кетондардан (тотығу); галогеналкандардан (нитрилдер арқылы және Гриньяр реакциясы бойынша) және күрделі эфирлер мен амидтерден (гидролиз). Физикалық қасиеттер. Сутектік байланыстардың түзілуі. Сутектік байланыстың әсері. Химиялық қасиеттер. Карбоксилды топтың электронды құрылысы. Реакциялық орталықтар. Қышқылдық қасиеттер. Радикал мен орынбасушы құрылысының әсері. Карбоксилды топтың реакциясы. Тұздар түзуі. ОН-топтың орын басуы. Галогенангидридтердің, күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі. Карбоксил тобының реакциясы. Тұздар түзуі. ОН-топтың орын басылуы. Галогенангидридтердің, күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі. Декарбоксилдеу. Көміртек радикалындағы реакция. Құмырсқа және сірке қышқылдары (алынуы және қолданылуы). Құрылыс пен қасиеттердің ерекшеліктері.

Карбон қышқылдарының функционалды туындылары. Карбон қышқылдарының ангидридтері, галогенангидридтері, амидтері, нитрилдері. Алу тәсілдері және маңызды қасиеттері. С, N, О-ацилдеу реакциялары, олардың механизмдері. Карбон қышқылдарының функционалды туындыларының реакциялық қабілеті. Гидролиз, оның қышқылды және негіздік катализ кезіндегі механизмі.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Алу тәсілдері. Карбон қышқылдарының және олардың туындыларының: ангидридтердің, галогенангидридтердің, амидтердің, нитрилдердің химизм ерекшеліктері. Этерификация реакциясының механизмі.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Сабын алу.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: α,β-қанықпаған қышқылдар. Карбоксилды тобының қос байланыспен ілесуі. Қышқылдық. Электрофильді және нуклеофильді қосып алу реакциялары. Акрил және метакрил қышқылдары және олардың эфирлері,техникалық алу жолдары және қолданылуы. Акрилонитрил.Жоғары қаныққан қышқылдары: пальметин, стеарин, олеин.

Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 9-31]; [5, с. 55-67]

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Өндірісте қандай карбон қышқылын тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады.?

  2. Изомай қышқылының натрий тұзы мен натрон әкті балқу нәтижесінде не түзіледі?


ТАҚЫРЫП 9. АЗОТТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, тәжирібелік сабақ -2 сағат, студенттің өздік жұмысына - 9 сағат уақыт бөлінеді

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Нитроқосылыстар. Мононитроалкандардың гомологтық қатары. Қрылысы (валентті бұрыштар, байланыстар сипаты, нитро тобының индуктивті эффектісі, көмірсутектік радикалға әсері), изомерия, классификациясы, номенклатурасы. Алу жолдары: алкандардан (нитрелу), галогеналкандардан (нуклеофильды орын басу). Амбидентті нуклеофильды реагенттер туралы түсінік. Аминдерді тотықтыру арқылы нитроқосылыстарды алу. Физикалық қасиеттер. Химиялық қасиеттер. Біріншілік және екіншілік нитроалкандардың С-Н-қышқылдығы. Сілтілердегі біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың ерігіштігі. Тұздардың құрылысы, мезомерлік анион. Көмірсутек радикалы қатысындағы реакциялар. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың сапалық айырмашылығы. Нитрометан (алынуы, қолданылуы). Полинитроқосылыстар.

Аминдер. Құрылысы, (азот атомының Sр3-күйлері, С-N және N-Н байланыстардың сипаты, аминдердің сутектік байланыстары, олардың беріктілігі), изомериясы, классификациясы (біріншілік, екіншілік, үшіншілік), номенклатурасы (рационалды, жүйелік). Алынуы: аммиакты галогеналкандармен алкилдеу, Габриэльдің фталимидті тәсілі, карбонильді қосылыстардың тотықсыздандырғыш аминдеуі), азотқұрамдас қосылыстардың тотықсыздандыру (нитроалкандарды, оксимдерді, нитрилдерді, амидтерді), Гофман бойынша амид қышқылдарынан және Курциус бойынша гидризидтерден, бұл қайта топталулардың механизмі. Физикалық қасиеттер (сутектік байланыстың әсері). Аминдердің химиялық қасиеттері. Аминдердің негізділігі, онық құрылысына тәуелділігі. Электродонорлық және электроакцепторлық орын басушылардың негізділікке әсері. Амин тобындағы сутек атомының орын басылуы –алкилдеу, ацилдеу, изонитрилді реакциялары. Алкилдеу және ацилдеу реакциялардың механизмдері Аминдердің азот қышқылымен реакциясы.

Тәжирібелік сабағында мына тақырыптар бойынша есептер шығарылады: Нитроқосылыстар: алу тәсілдері, химиялықе қасиеттері. Құрылыстық формуласын анықтау. Аминдер: алынуы, химиялық қасиеттер

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың таутомериясы. Таутомерлік айналулардың механизмдер. α-көміртек атомы кезінде сутек атомының жылжығыштық себебі.


Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 9-31]; [5, с. 55-67]

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Алкандарды нитрлеу реакциясының жағдайлары қандай бола алады?

  2. Келесі реагенттердің нуклеофильдік күші арттыру ретін көрсетіңіз: А) H2N-CH2CH3; Б) HO-CH2CH3; В) LiO-CH2CH3.?


ТАҚЫРЫП 10. КҮКІРТТІҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Бұл тақырып бойынша студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Тиоспирттер, тиоэфирлер, сульфоқышқылдар. Тиоспирттер (меркаптандар). Номеклатурасы. Алу жолдары (галогеналкандардан, спирттерден). Физикалық қасиеттер. Химиялық қасиеттер: сульфоний тұздарының түзілуі, сульфоксидтердің және сульфондардың тотығуы. Диметилсульфоксид, оргшаникалық синтезде қолданылуы. Сульфоқышқылдар. Алу тәсілдері, қасиеттері, қолданылуы.



Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 9-31]; [5, с. 55-67]
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Әлсіз тотықтырғышпен Н2О2 этантиолды тотығу нәтижесінде түзілетін қосылыс? Реакция теңдеуін келтіріңіз.

  2. Неге этилмеркаптанның қайнау температурасы этил спиртінің температурасынан төмен болады?

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет


  1. Утелбаева А., Утелбаев Б. Химия 4 Органикалық химия Көмірсутектер және синтез жолдары: Алматы : Алла Прима, 2007. - 410 б.

  2. Утелбаева А., Утелбаев Б. Химия -1 Алматы : КБТУ, 2006. - 370 б.

  3. Қайыргалиева А.Қ., Мәдиханова Қ.С. Органикалық химия (оқулық), бөлім 1,2: Шымкент : 2004. - 374 б.

  4. Жұркабаева Л.Ә. Бифункционалды органикалық қосылыстар (оқулық): Шымкент : 2004. - 131 б.

  5. Сейiтжанов, Ә. Ф. Органикалық химия: Алматы : Print-S, 2005. - 445 б.



Қосымша әдебиет


  1. Жапаргазинова К.Х., Солнышкова В.К. Органиқалық химия. Оқу құралы Лабораториялық практикум: Павлодар : Кереку, 2010. - 56 б.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет