Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы



жүктеу 56.81 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі56.81 Kb.
: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> Сабақтың тақырыбы: § 11. Табиғат кешені Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру
sko -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары. Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар.Қазақстанның қалалары
sko -> Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
sko -> Математика 2- сынып
Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Николаевка орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Ищанова Эльмира Абайқызы
Қазақ әдебиеті

( 6 «б» сынып )
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов

«Біржан сал Абай ауылында »

( «Абай жолы» романынан үзінді) (1-ші сағаты )

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мұхтар Әуезовтің

өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. Сонымен қатар

А.Құнанбаев пен Біржан салдың да өмірінен қысқаша мәлімет беру.

«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін оқыта отырып, түсіндіру, талдау жасату

2. Дамытушылық:

Өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға

жетелеу. Белсенді жұмыс істеуге машықтандыру. Оқушылардың

ұшқыр қиялын туғыза отырып, өз ойын дәлелді, нақты жеткізе

білуге, оны қорғай білуге жетелеу.

3. Тәрбиелік:

Шығарманы оқыта отырып, өнерлі Біржанның елге құрметін, өзінің өнерімен елге қадірін үлгі ете отырып тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: интерактивті тақтамен жұмыс, түсіндіру, ойландыру әдісі, талдау, сұрақ-жауап әдісі, дәлелдеу, «Қос жазба күнделік» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Біржан салдың портреттері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, қосымша материалдар, ақын өмірінен хабарлама, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Кезекшілермен жұмыс

б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.



2. Үй тапсырмасын тексеру

1) Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы

бойынша сұрау

2) «Домбыра-қазақтың ұлттық аспабы» атты эссені жинап

алу

3) Өлеңдерінің мазмұнын сұрау




3. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгін біз сендермен Мұхтар Әуезовтің «Біржан сал Абай ауылында» атты әңгімесімен танысамыз.

( Тақтаға назар аударту)

Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен М.Әуезовтің өмірімен танысу.

( Оқу, талдау, негізгі түйінін бөліп алу, оқушылар ойын тыңдау)


Мұхтар Әуезов

( 1897 – 1961 )

  • 1897ж 28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында туған

  • Әкесі Омархан, атасы Әуез

  • 11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.

  • 1919 ж Семейдің мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Семей облысында қоғамдық қызметке араласады.

  • 1923 ж Ленинград Мемлекеттік университетінің филология бөліміне оқуға түседі.

Әңгімелері:

«Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Үш күн», «Білекке -білек» т.б.

ойшыл


жазушы

драматург зерттеуші






ғалым педагог


қоғам қайраткері тұңғыш режисер

әдебиеттанушы


Мұхтар Әуезовтің әдебиеттегі орны туралы мынадай цитат сөздерді слайд түрінде көрсету. ( Оқыту,не түсінгендерін сұрау)
«Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді».

( Н.Погодин)

«М.Әуезовтің құдіретті талантынан туған тамаша шығармалар даланың ақ арай таңындай жайнап, қазақ халқымен қатар, көршілес халықтарды да шүлен шұғыласына бөледі»

(Шыңғыс Айтматов)

«Мұхтар Әуезов – кейіпкердің характер мен портретін жасауға шебер жазушы»

(Айқын Нұрқатов)
Абай Құнанбаевтың өмірі бойынша сұрақтар қою

  • Абайдың шын аты кім?

  • Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  • Әкесі, шешесі, әжесі кім?

  • Абайды кім тәрбиелеген?

  • Абай қандай оқу орындарынан білім алған?

  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  • Абайдың шәкірт –інісі кім?


Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өміір мен шығармашылығы» модулінен Абай Құнанбаев жайындағы видеоматериалды тыңдау.

( Оқу, талдау, негізгі түйінін бөліп алу, оқушылар ойын тыңдау)


- Өте жақсы балалар, М.Әуезов пен А.Құнанбаев жайында түсінік алдық.

- Ал, Біржан сал жайында не білеміз екен? (Оқушылар ойын тыңдау)



Интерактивті тақтаға назар аударту.




  • Қожағұлұлы Біржан 1834 ж. СҚО Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында туған

  • белгілі әнші, композитор, халық ақыны

  • домбырада шебер ойнаған

  • бізге 60-қа жуық әндері жеткен. Оның ішінде: «Біржан - сал», «Алтын балдақ», «Ақтентек», «Жаймашуақ», «Бурылтай» т.б.

  • айтыскер ақын. Оның дәлелі Сара Тастанбекқызымен айтысы

  • қазақ даласының болыстары Жанбота мен Азнабайды әшкерелеп, халықтың сөзін сөйлеп әнге қосады. («Жанбота», «Адасқақ»)

- Балалар, сендер «өнер» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Жақсы. Олай болса, интерактивті тақтаға назар аударайық.

Электрондық оқулық бойынша «Өнерім - өмірім» атты

тақырыптағы гипермәтінді қосу. ( Тыңдау, талдау, ойларын айту)

Электронды оқулықтан «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін ашу.

( Жалпы сынып жұмыс жасау мақсатында)

( Әңгіме үйге алдын ала оқуға берілген болатын)
- Балалар, сендер бұл әңгімені үйде оқып келдіңдер.Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Сол ойын барысында кім қаншалықты ұққанын байқайтын боламыз.
«Сиқырлы сандықша» ойыны

Ойынның шарты:

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен әңгіме бойынша құрылған өз сұрақтарын салады. Сұрақтар араластырылады.

Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап оқып неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.
Интерактивті тақтада мәтін бойынша құрылған жоспарды ашып қою.

( Сұраққа жауап берерде оқушылардың ойын жинақтап, жүйелеу үшін)


Жоспар

  1. Сый қонақ

  2. Абай ықыласы

  3. Біржан құрметі

  4. «Жанбота» әні

  5. Әмір

  6. Оралбай мен Керімбала

  7. Үмітей

  8. Әйгерім

  9. Абай әсері

  10. Иіс кемпір

  11. Қайтқан қонақтар

  12. Ұлжан батасы


«Қос жазба күнделік» әдісі


Қатты әсер еткен үзінді

Бұл жайлы менің пікірім

Сұрақ











Сабақты қорыту:

Нені түсіндім, нені түсіне алмадым?



(Оқушы өз біліміне өзі коррекция жасайды. Досының пікіріне баға береді)
Үйге тапсырма:

  1. Әңгімеден Абай мен Біржан салдың портретін тауып, жазып келу

  2. Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою

  3. Әңгіменің композициялық құрылысын жасап келу




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет