ПӘнінің ОҚыту-әдістемелік кешен



бет6/10
Дата17.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бекіту сұрақтары:

  1. Кестелік прцессор дегеніміз не? Кестелік прцессор не үшін қолданылады?

  2. Кестелік прцессордағы қатар, баған және ұяшық дегеніміз не?

  3. Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады?

  4. Сілтеме не үшін қолданылады? Абсолютті және салыстырмалы сілтеме дегеніміз не?

  5. Диаграмма дегеніміз не? Не үшін қолданылады? Түрлерін атаңыз? Бір бірінен айырмашылығы қандай?

  6. Мәліметтер қоры дегеніміз не? Мәліметтердің реляциялық қоймалары дегеніміз не?

  7. МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың неше тәсілі бар?

  8. Мәліметтердің қандай типтері болады? МS Ассеss-те мәліметтер қоры дегеніміз не?

  9. МS Ассеss-те мәліметтер қоры қалай экранға жүктейміз?

  10. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын компоненттерді ата?

  11. Кесте дегеніміз не?

  12. Форма дегеніміз не?

  13. Сұраныс дегеніміз не?

  14. Есеп дегеніміз не?

  15. Макрос дегеніміз не?

  16. Модуль дегеніміз не?

  17. PowerPoint -тың қызметі және негізгі мүмкіндіктері қандай?

  18. Презентацияны көрсету дегеніміз не?



Дәріс 13

ЭЕМ-дағы жергілікті және әлемдік желілер. Есептеуіш желелердің негізгі түсініктері. Жергілікті желі. Топология. Әлемдік желі Internet. Жалпы сипаттамасы

Мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен танысу және олардың айырмашылықтарын білу.
Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.
Компьютерлік желілер түрлері

Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.

Локальды желі (LAN) бір ғимараттың ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды желіні біріктіреді.

Локальды желілер

Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайымы дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады. Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдамуы және ортақ кұрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.

Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:


  • кұжаттармен ортақ жұмыс жасау;

  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архвтеу;

  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;

  • принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және косымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер корының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.


Аймақтық бөлшектенген желілер

Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем істемесе жоғары жылдамдығы цифрлық желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik Switched Telephon Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Intergated Services Digigtal Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады.

Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймактық бөлшектенген желілердің фукционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:


  • хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-
    mаil);

  • Іnternet-ке кіру.

Іnternet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймаларымен қосатын ауқымды желі. Іnternet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet қашықтан окыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер түсінігі. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны
өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден кұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.
Компьютерлік желінің сипаттамасы

Кез-келген компьютерлік желі:



  • топологиясымен;

  • хаттамаларымен;

  • интерфейсімен;

  • желілік техникалық және программалық кұралдарымен сипатталады.
    Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы құрылымдық байланысты көрсетеді.

Желілік техналогиялық құралдар - компьютерлерді ортақ компьютерлік желіге біріктіретін әртүрлі құрылымдар.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарады және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.

Хаттамалар— желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін қағидалар.

Интерфейстер - желінің функционалдық элементтерін өзара қосатын құралдар. Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе программалық модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан да, программалық және жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.



Негізгі желілік топологиялар

Желіні кұру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.



Ортақ шина. Бірдей кұқықты кұралдар ортақ арнаны пайдаланады. Негізгі артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі арнаға енудің кезекпен ұйымдастырылуы. Бұл топология Интернет жүйесіндегі кең таралған бірдей құқықты қолданушылардың радиоарнасы.

Сақина. Арнаны қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы сақина түрінде біріктірілген. Біріншісі жалпы шинаға ұқсас. Айырмашылығы сақинадан жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. Ең кең тараған Token Ring және FDDI технологиялары. Арнаға енуді басқаруды талап етеді. Екінші жағдайда деректер ретрансляциялаумен жіберіледі, бірақ станциялар бір-бірінен тәуелсіз деректер алмаса алады. Деректерді жіберетін екі жолдың болуы желі өнімділігін және сенімділігін арттырады. Сақина көбінесе ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.

Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы косылған, Қымбат кабельдік жұмыс болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке, сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланыдады.

Ұяшықшық топологиясы толық байланысқаннан кейбір байланыстарды алып тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу тығыз жүретін компьютерлер ғана байланысады да басқалары үшін аралық байланыс арналары қолданылады.

Тармақтық. Элементтердің функционалды қызметтеріне байланысты құруға және кабельді үнемдеуге жол ашады. Барлық, күрделі жүйелердің құрамына кіреді.

Жұлдызша. Тармақтық құрылымның элементі болып келеді. Кабельдік жүйесінің қымбаттылығымен ерекшеленеді. Бұл көбінесе түйіндер алыс орналасқан кезде білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында туатын проблемаларды бір жерде жинақтауға мүмкіндік жасайды. Құрылымдық кабельдер жүйесінің, кең таралаған радиоарналарының негізі болып табылады.

Күрделі құрылым. Типтік және классикалық құрылымдардың жиынтығы.

Локальды және аймақтық бөлшектенген желілердің архитектурасымен байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар:


  • Кабельдер

  • Желілік интерфейстік тақша (NIK, Network Interfase Card)

  • Концетраторлардан

  • Коммутаторлардан

  • Бағыттауыштардан (аймақтық бөлшектенген желілер)

  • Модемдерден (аймақтық болшектенген желілер) тұрады.


Internet хаттамалары

Internet хаттамаларын кез-келген өзара біріккен желілер жиыны арқылы мәліметтерді жіберу үшін пайдалануға болады.Тура сондай дәрежеде локальды және глобальды желілердегі байланыс үшін де жарамды. Internet хаттамаларының комплектілеріне тек қана төменгі деңгейлердің (TCP/IP сияқты) спецификацияларымен қатар пошта терминалдар эмуляциясы және файлдарды жіберу сияқты жалпы қолданулардың спецификациялары кіреді.

Хаттамалар Requests for comments (RFS) (комментарийге деген сұраныс) делінетін құжаттарға анықталады. RFS жарияланады, одан кейін Internet мамандары рецензиялайды және талдайды. Хаттамаларға анықтаулар жаңа RFS- терде жарияланады.

Желілік деңгей. IP Internet хаттамаларының комплектісін де 3-ші деңгейінің негізгі хаттамасы болып табылады. Біріккен желілердегі маршрутизацияға қоса IP фрагментацияны және дейтаграммаларды қайта жинауды, қателер туралы хабарлады қамтамасыз етеді.TCP-мен қатар IP Internet хаттамалар комплекттісінің негізін құрайды.

IP атауы қолданылып отырған IP версиясының нөмірін көрсететін версия нөмірінен (version number) басталады.

Атау ұзындығының өрісі (IHL) дейтаграмма атауының 32-биттік сөздердегі ұзындығын білдіреді.

Қызмет типінің өрісі (type-of-service) жоғарғы деңгейінің нақты хаттамалық нұсқауына сәйкес ағымдағы дейтаграмма қандай жолмен өңделуі керектігін көрсетеді.Бұл өрістің көмегімен дейтаграммаға маңыздылықтың әр түрлі деңгейлері тағайындалуы мүмкін.

Жалпы ұзындық өрісі (total length) мәліметтер мен атауына қоса IP пакетінің байттардағы ұзындығын анықтайды.

Идентификация өрісінде (identification) ағымдағы дейтаграмма білдіретін бүтін сандардан тұрады.Ол өріс дейтаграммалардың фрагменттерін біріктіру үшін керек.

Жалаулар өрісі (flags)(құрамына DF бит,MF бит және фрагменттің қозғалысы кіреді) берілген дейтаграмма фрагменттеліну мүмкіндігін және ағымдағы фрагменттің соңғы болуы мүмкіндігін анықтайды.

Өмір сүру (time-to-live) мәні нольге дейін төмендейтін санауыш болады, бұл уақытта дейтаграмма қабылдамайды. Бұл пакеттердің тұрып қалуына жол бермейді.

Хаттама өрісі (protocol) жоғары деңгейдің қай хаттаманың IP таңдауы аяқталғаннан кейін кіруші пакеттерді қабылдайтындығын білдіреді.

Атаудың бақылау қосындысының өрісі (header checksum) ID атауының тұтастығын қамтамасыз етеді.

Шығару адресі мен бағытталу пунктінің өрісі (source and destination address) жіберілген және қабылдайтын тораптарды білдіреді.

Опциялар өрісі (options) IP-ге мәліметтерді қорғау сияқты факультативті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Мәліметтер өрісі (data) жоғарғы деңгейдің ақпараты болады.

Адрестер типі:физикалық (MAC-адрес), желілік (IP-адрес) және символдық (DNS-аты)

TCP/IP желісіндегі әр компьютердің 3 деңгейлі адресі болады:

Тораптық локальды адресі, ол құрамына осы торап кіретін бөлек желіні құру технологиясымен анықталады. Локальды желіге кіретін тораптар үшін - бұл желі адаптердің немесе маршрутизатор портының MAC-адресі болып табылады. Мысалы, 11-AO—17-3D-BC-01. Бұл адресті орталықтан басқарылатындықтан өндірушілер тағайындайды және бірден-бір адрес болып келеді. Локальды желілердің барлық технологиялары үшін MAC-адресінің 6-байтты форматы бар:үлкен 3 байты - өндіруші фирманың идентификаторы, ал 3 кіші байтты бірегей жолмен өндіруші тағайындалады. X.25 немесе frame relay сияқты глобальды желілерге кіруші тораптар үшін локальді адресті глобальды желінің администраторы қояды.

4 байттан тұратын IP адрес, мысалы 109.26.17.100. Бұл адрес желілік деңгейде қолданады. Оны компьютерлерді және маршрутизаторларды конфигурациялау кезінде администратор тағайындайды. IP адресі 2 бөліктен тұрады: желі нөмірі және торап нөмірі. Желі нөмірін администратор еркімен таңдалуы мүмкін, алайда егер желі Internet-тің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істейтін болса, онда Internet-тің арнайы бөлімшесінің ұсынуы бойынша тағайындалады. Әдетте Internet-тің қызметтерінің провайдерлері NIC бөлімшелерінен адрестердің диапазонын алып, абоненттерінің арасында бөледі.

IP хаттамалары торап нөмірі тораптың локальды адресіне тәуелсіз қабылданады. IP адресінің желі нөмірінің өріске және торап нөміріне бөлінуі икемді және осы өрістер арасындағы шекара өздігінен белгіленуі мүмкін.Торап бірнеше IP желілерге кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тораптық желілер санына байланысты бірнеше IP адрестері болуы керек. Осылайша IP адрес бір бөлек компьютер немесе маршрутизаторды емес, бір желілік байланысты сипаттайды.

Символдық идентификатор аты мысалы post.kazsu.kz. Бұл адресті администратор тағайындайды және бірнеше бөліктерден құралады. Мысалы машина атауы, ұйымның аты, домен аты. DNS атауы депте аталынатын бұл адрес қолданбалы деңгейде қолданылады. Мысалы, FTP немесе telnet хаттамаларында.


IP адресациясы

Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен желі арқылы IP диаграммаларының маршруттау процесіне қатысты IP адресациясының сызбанұсқасы интегралды болып келеді.

IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен тұрады.1-кестеде IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.

Адрес екі логикалық бөліктен тұрады. Олар желі нөмірі және желідегі торап нөмірі.Ал қайсы бөлігі желі нөміріне, қайсы бөлігі торап нөміріне жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.

Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі нөмірі 1 байт алады,ал басқа 3 байт желідегі торап нөмірі деп түсіндіріледі.А кластағы желілерде 1-ден 126-ға дейінгі диапазондағы нөмірлер бар. (0 нөмірі қолданылмайды, ал 127 нөмірі арнайы мақсаттарға сақталған, ол төменде айтылады). А класының желілеріндегі тораптар саны 216-дан көп, бірақ 224 аспауы керек.


А классы

0

Желі №

Торап №

В классы

10

Желі №

Торап №

С классы

110

Желі №

Торап №

D классы

1110

Multicast топтық адресі

E классы

11110

Сақталған

1-кесте. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары

Егер адрестің алғашқы екі биті 10-ға тең болса,онда желі В класына жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады. В класының желілерінде желі адресі мен торап адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан беріледі.

Егер адрес 110 тізбегінен басталса,онда желі С класына жатады, торап саны 2-ден аспайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.

Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын ерекше топтық адресті білдіріп, D класты адреске жатады. Егер пакетте бағытталу адресі ретінде D класының адресі берілген болса,онда пакет осы адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.

Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының адресі және болашақта пайдалануға сақталған.

Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны келтірілген.




Класс

Ең кіші адрес

Ең үлкен адрес

A

01.0.0.0

126.0.0.0

B

128.0.0.0

191.255.0.0

C

192.0.1.0

223.255.255.0

D

224.0.0.0

239.255.255.255

E

240.0.0.0

247.255.255.255

Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback


Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі

DNS (Domain Name System) - бұл Internet желісінде түйінді идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын бөлінген мәлімет базасы. DNS қызметі түйіннің белгілі символдық аты бойынша IР-адресті автомтты түрде іздеуге арналған. DNS IР-адресті компьютердің адресін көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.

DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып табылады. Бұл хаттама симметриялы емес, онда DNS -серверлері мен DNS-клиенттері анықталған. DNS -серверлері символдық аттары мен IР-адресінің сәйкестігі жөніндегі бөлінген мәлімет базасының бір бөлігін сақтайды. Бұл мәлімет базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша бөлінген. DNS серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз административті доменін біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс жібереді, бұл сұраныста белгілі символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті қайтаруды сұрайды.

Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет базасында сақталған болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда ол сұранысты басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын өндей алады, немесе басқа DNS -cepвepгe жібереді. Барлық DNS -серверлер Inter­net желісінің домендерінің иерархиясьша сәйкес иерархиялы түрде біріктірілген. Клиент керекті көрсетулерді таппағанша барлық аттар серверін сұрайды. Сұраныс бойынша берілген ақпаратты аттар серверлері ылғи да кэштайтындықтан бұл процесс тездетіледі. Клиенттік компьютер өз жұмысында бірнеше DNS -серверлердің IР-адресін қолданыла алады, бұл олардың жұмысының сенімділігін артады.

DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты бар және поддоменді ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың домендік кеңістігі деп аталады. Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне байланысты жағдайын идентификациялайды, және де аттарындағы нүкте доменнің түйініне сәйкес бөліктерді беледі.

DNS мәлімет базасының түбірі INIC (Internet Network Information Cen­ter) орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домені әр елге бөлек беріледі, сонымен қатар ұйымдастырушылық деңгейде белгіленеді. Елдерді белгілеуде 3 әріпті және 2 әріпті аббревиатуралар қолданылады, ал түрлі ұйымдастырушылық типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:

com — коммерциялық ұйымдар;

edu - білімдік;

gov — үкіметтік ұйымдар;

org — коммерциялық емес ұйымдар;

net — желіні қолдайтын ұйымдар.

Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз доменін поддоменге бөліп, бұл поддомендерді администрациялау функцкясын басқа ұйымдарға береді. Әр домен ерекше атқа ие, ал әр бір поддомен өзінің доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола алады. Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады. Ол FQDN (fully qualified domain name) бағыты хостан түбірге дейінгі барлық домендердің атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru



Internet-тің маршрутизациясы

Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді, бірақ бұл сәтсіз термин, өйткені күнделікті желілер индустриясында бұл терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғыны атайды. Шлюздер (осы сәттен бастап біз оны роутер деп атаймыз) Internet желісінде иерархиялық принципке сәйкес ұйымдастырылған, Кейбір роутерлер бірдей администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған белгілі бір нақты желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда колданылады. Мұндай объектілерді автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе қарамағындағы ақпаратты алмастыруда қолданатын роутерлер ішкі роутерлер (interior routers) деп аталады. Олар осы амалды орындауда түрлі ішкі хаттамаларды (interior gate way Protocol-IGP) қолданады. Ақпаратты автономды жүйелер арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior routers) деп атайды. Ол үшін олар сыртқы роутерлер хаттамаларын қолданады. 1 суретте Internet архитектурасы көрсетілген.



1-сурет. Internet архитектурасы


IP маршрутизацияның хаттамалары динамикалық хаттамалар. Динамикалық маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар жайлы сұраулар белгілі бір уақыт интервалы арқылы құрылғылардың программалық қамтамасыз етуімен саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт интервалы арқылы жүргізіледі. Бұл процесс желісі администратормен қойылған және де желі администраторы өзі ауыстырмағанша ауыспайтын статикалық маршрутизацияға (static routing) қарсы процесс.

IP маршрутизациясы біріккен желілер арқылы IP дейтаграммасының қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл маршрут белгісіз. Оның орнына әрбір аялдамада, дейтаграммада бар тағайындалу пункті ағымдағы түйіннің маршруттық кестесімен сәйкестіріліп, келесі тағайындалу пункті есептелінеді.


Бекіту сұрақтары

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желінің қандай түрлері бар?

  3. Локальді және аймақтық бөлшектенген желілер дегеніміз не? Олардың айырмашылықтары неде?

  4. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер дегеніміз не?

  5. Жергілікті желі дегеніміз не?

  6. Оның жұмыс істеу принциптері қандай?

  7. Негізгі желілік топологияларды атаңыз?

  8. Кабельдердің түрлері қандай? Олардың айырмашылықтары мен артықшылықтары неде?

  9. Желіні физикалық құру дегеніміз не?

  10. Желіні логикалық құру дегеніміз не?

  11. Internet дегеніміз не?

  12. Internet хаттамалары дегеніміз не?

  13. IP адресациясы дегеніміз не?

  14. IP маршрутизациясы дегеніміз не?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет