ПӘнінің ОҚыту-әдістемелік кешен


DOS-та каталогтармен жұмыс



бет9/10
Дата17.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


DOS-та каталогтармен жұмыс

  1. Ағымдағы дискіні ауыстыру


Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп, содан кейін қос нүктені теру керек, мысалы:

А: - А: дискісіне көшу

В: - В: дискісіне көшу

С: - С: дискісіне көшу

Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.


  1. Ағымдағы каталогты өзгерту


Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Cd (дисковод:)жол

  1. Каталогты қарау

Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады.

Параметрлері:

/P – Мазмұнды толық экранда көру.

/W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады)

/О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.


  1. Каталог құру

Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Md (дисковод:)жол

  1. Каталогты жою

Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Rd (дисковод:) жол

  1. Бос емес каталогты жою

Ол үшін DelTree командасы қолданылады. Команд форматы:

Deltree файл-аты -немесе-каталог /YМысалы:

Deltree temp – ағымдағы каталогтағы temp каталогын немесе файлын жою;

Deltree \y temp – жою кезінде растауды талап етпейді


  1. Каталог атын өзгерту

Move командасы қолданылады. Команда форматы:

Move каталог-аты жаңа-каталог-аты

  1. Уақыт және күнді орнату

Күнді орнату үшін, Date командасы қолданылады

Уақытты орнату үшін время, Time командасы қолданылады



DOS-та файлдармен жұмыс

  1. Файлдарды көшіру

COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.

COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]

Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.


  1. Файлдарды біріктіру

COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс.

  1. Мәтіндік файлдарды құрау

Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:

COPY CON notes.txt

Командасын еңгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілеген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copied. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.


  • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)

REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)


  • MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.


MS DOS операциялық жүйесінен шығу

Exit командасы msdos –тан шығу үшін пайдаланылады.
Тапсырма:

1 тапсырма

А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:






  • DOCS каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;

  • Осы каталог ішінде info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt атауы бар файлға біріктіріңіз;

  • құрылған файлды қараңыз;

  • DOCS каталогындағы барлық файлдарды INFO каталогына көшіріңіз;

  • info1.txt файлының көшірмесін PHOTOS каталогына орналастырыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін LETTERS каталогына орналастырыңыз;

  • Нәтижені көріңіз.

2 тапсырма
А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:

SCIENCE каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;



  • info1.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • NOVELS каталогына info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • POEMS каталогына көшіңіз және info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt файлына біріктіріңіз;

  • POEMS каталогындағы барлық файлдарды RESULT каталогына орналастырыңыз;

  • Жұмыс нәтижесін көріңіз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды пайдалана отырып, орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер: [4-9]/[1,4]
Бекіту сұрақтары:

  1. Экранды командалық тазалау;

  2. DOS-ғы стандартты құрылғылар атауы.

  3. Жүйелік уақыт пен күнді командалық орнату;

  4. Файлдар мен каталогтарды жою командалары;

  5. DOS командаларында қолданылатын файл атауларының шаблондары.


Практикалық жұмыс №10 (1 сағ)

Тақырыбы: Сервистік программалар түрлері және олардың мүмкіндіктері.

Антивирустық программалар. Архивтеу программалары


Мақсаты: MS Windows ОЖ қысылған бумалармен жұмыс істеп, WinRar көмегімен архивтеуді меңгеру. Антивирустық программалық құралдармен танысып, түрлерін, қызметін, қалай жұмыс жасайтынын түсіну. Файлдарды архивтеу, архивтен шығаруды, өздіігнен ашылатын архивтерді құруды үйрену, көптомды архивтер
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, WinRar архиваторы


Теориялық түсініктеме:

«Қысылған бумалармен» аз орын алады және басқа компьютерлерге орын ауыстырғанда тез көшеді. Бұл бумалармен жұмыс істегеу қолданушы қарапайым бумалармен бірдей. Қысылғкан бумадан керек файлды ашуға, оны қысуыға, орын ауыстыруға болады. Оларды кез келген бумаларға көшіре беруге болады.

Тапсырма:

  1. zip-бума құру. Екі құжат құрыңыз. Оларды қысылған бумаға көшіріңіз. Ашып қараңыз.

  2. zip-бумаға құрылған, тағы да екі файлды көшіріңіз. Пароль орнатыңыз. Осы бумадан барлық файлдарды шығарыңыз. Барлығын жойыңыз.

  3. Екі файлды rar-архивпен архивтеңіз. Ашып қараңыз. Осы қысылған бумаға тағы да файлдар қосыңыз. Архивтен шығарыңыз.

  4. Өзі ашылатын rar-архив құрыңыз. Барлық архивтеген, архивтен шығарған файлдарды жойыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1 және Тапсырма 2

zip-бума құру үшін:



  • Менің компьютерімді ашыңыз.

  • Бума немесе дискіні ашыңыз.

  • Файл менюінен Құу (Создать) – Қысылған бума (Сжатай папка) командасын орындаңыз.

  • Жаңа буманың атын беріңіз. ENTER батырмасын басыңыз.

  • Қысылған бумаға файлдар қосу үшін файлды тышқан көмегімен қысылған бумаға тартып әкелесіз.

  • Ашқан кезде екі рет шерту арқылы ашылады.

  • Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі керек файлды басқа жерге тартып алады.

  • Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.

  • Пароль қою үшін қысылған буманы ашып, файл менюінен Шифрлеу (Зашифровать) коимандасын орындайсыз.

  • Пароль өрісіне парольді енгізесіз.

Тапсырма 3

rar- архив жасау үшін:



  • Керек файлдарды ерекшелеңіз.

  • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.

  • «Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде керек параметрлерді орнатыңыз

  • Архивті қарау үшін екі рет шертесіз.

  • Файлдарды архивтелген бумаға қосу жоғарыдаңы жолмен орындалады.

Тапсырма 4

Өзі ашылатын архив (саморасраспаковывающиеся архивы) құру:



  • Керек файлды таңдаңыз

  • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.

  • «Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде «SFX-архив құру» (Создать SFX-архив) параметрін орнатыңыз

  • Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі керек файлды басқа жерге тартып алады.

  • Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.


Тапсыру формасы:Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Компьютер, антивирусытқ программа

Теориялық түсініктеме:



  1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

  2. Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

  3. Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.

Антивирустық программалардың келесі типтері бар:

  • Детектор - программалар;

  • Доктор - программалар;

  • Ревизор - программалар;

  • Фильтр - программалар;

  • Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.

Вирустермен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-і. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.

Тапсырма:

  1. Өз компьютеріңізде орнатылып тұрған анитвирустық программаға толық сипаттама беріңіз.

  2. А дискісін және Менің құжаттарым бумасын антивирустық программа көмегімен тексеріп нәтижесін талдаңыз. Табылған вирус болса, ол қандай вирус түріне жататынын анықтаңыз.

  3. Компьютерді аптасына бір рет автоматты түрде тексерілетіндей етіп баптаңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Орнатылған антивирустық прогармманың анықтама бөлімін шақырып, сол программа бойынша мағлұмат алыңыз. Дәріске сүйене орындаңыз. Келесі суретте NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі (Сурет 1)





Сурет 1 . NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі
Тапсыру формасы:Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Тапсырма:

  1. Уақытша (А:) дискісіне Архив папкасын құрып, оған мәтіннен, суреттен және орындалатын программалардан тұратын файлдардың көшірмесін алып орналастырыңыз

  2. RAR архиваторын қолданып, таратылған(распределенный), өз ашылатын (самораспаковывающийся) және қарапайым архивтер құрыңыз

  3. Құрылған архивтің біреуінің мазмұнын көріңіз. Архивке орналасқан файлдарды архивтен шығарыңыз. Архивтеу нәтижелерін кестеге енгізіңіз

  4. Өздігінен ашылатын архивті дискеттке орналастырыңыз және оны шығарыңыз. Уақытша папканы және құрылған архивті, архивтен шыққан файлдарды жойыңыз



Тапсыру формасы: Студент дәптеріне конспекті жасап, берілген сұрақтарға жауаптар дайындау. Ауызша қорғау. Тапсырмаларды орындап, орындау жолын оқытушыға түсіндіру.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. (С:) дискісіне Архив уақытша папкасын құрыңыз.

  2. Кез келген файлдарды осы бумаға көшіріңіз.

  3. Уақытша папкаға орындалатын кез келген файлды көшіріп әкеліңіз (мысалы: far.exe, vc.com, rar.exe және т.б.). Іздеу үшін Пуск|Найти|Файлы и папки командасын қолданыңыз.

Тапсырма 2

  1. RAR архиваторын жүктеңіз.

  2. С: дискісін таңдаңыз (ALT+D).

  3. Уақытша папкаға өтіңіз.

  4. Мәтіні бар, суреті бар, орындалатын файлдарды ерекшелеңіз.

  5. Ерекшеленген файлдардың таратылған архивін құрыңыз (F5).

  6. Көрсетілген файлдардың өздігінен ашылатын архивін құрыңыз (ALT-F5).

  7. Көрсетілген файлдарды қарапайым архивке көшіріңіз (F6). Сұхбат терезесінде архивтің жаңа атын көрсетіңіз.

Тапсырма 3

  1. Құрылған архивтің біреуінің мазмұнын көріңіз (керек архивті ерекшелеп, ENTER пернесін басыңыз).

  2. Суреті бар файлды архивтен шығарыңыз (F4).

  3. Архив мазмұнын көру режимінен шығыңыз (RETURN ерекшелеп, ENTER басыңыз). Суреті бар файлдың жоқтығына көз жеткізіңіз.

  4. Осыған ұқсас орындалатын және мәтіндік файлдарды да архивтен шығарыңыз.

  5. RAR архивінен шығыңыз (ESC).

  6. Архивтеу нәтижесін кестеге енгізіңіз:

Файл типі


Бастапқы өлшемі, SI

Нәтижелік өлшем, SR

Сығу дәрежесі, SR/SI*100%












Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет