ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата29.04.2016
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2011.

ПОӘК

Жалпы психология пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


_______2013 жылғы

№ 2 басылым

5В010300 - «Педагогика және психология»

2 курс мамандығына арналған

Жалпы психология



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар



4 СӨЖ


  1. ГЛОССАРИЙ

Акцептор әрекеті -- «акцептор»—«қабылдаушы» деген латын сөзі. Бұл — зат. Ол атомдарға, электрондарға және өзге де заттарға қосылып, орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырады. Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер. Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметінде реттеледі.

Анимизм — латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни «нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.

Антропоморфизм«антропос»— грекше «адам» және морфе—«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер.

Апперцепция латынша an — префикс, сөз алды қосымша, перцепция — қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.

Анализатор (грек) – түйсік тудыратын анатомиялық физиологиялық аппарат.

Аксон (грек) – жүйке клеткаларының ұзын талшығы.

Амнезия (грек) – естің бұзылуы.

Ассоциация—1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық, құбылыстардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.

Ассоциациялық психология — психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Бұл бағыт XVII—XIX ғасырларда пайда болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп өз алдыиа дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін ендіруді көздеді. Ал XX ғасырда А. п. механикалық бағытты ұстанған бихевиоризммен ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.

Аффект—«жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар.

Әрекет — белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орьшдалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бағдарлау реакциясы —жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады.

Бихевиоризм — психология ғылымында XX ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.

Генетикалық әдісгенетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл — психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпсихология —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялык психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Дағды — сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатьн іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип.

Дедукция, Индукция, Аналогия. Дедукция — жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.

Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытьндысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағынын, маңындағы аймақтарға тарауы.

Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.

Детерменизм принципі —философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.

Динамикалық стереотип—шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің, құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.

Жоғары жүйке қызметінің типі —жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болы табылады.

Инстинкт (соқыр сезім) — 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

Интериоризация, Экстериоризация — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

Интроверт пен экстраверт —Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері — интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып калмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар — экстраверттер.

Қажеттілік — адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсеңді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Қозғыштық— әсерленгіштік. Сезімнің тез қозьш, тез әсерленуі.

Қоғамдық тәжірибе — адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі.

Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады.

Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай_ жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды peттеу мәселесі болып табылады.

Проблемді ситуация - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді.

Перцептивті әсер — қабылдау процесіне қатысты әсер түрлері (перцепция — қабылдау). П. ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда — объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі.

Ретикулярлық формация - мұның өрлеуші және төмендеуші ретикулярлық формация дейтін екі түрі бар. Ми алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) отыруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады. Түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағаиасына т. б. келіп, оларды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп атайды. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.

Рефлекторлық теория — адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметі мен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні — бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И. М. Сеченев өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық қүбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.

Рефлексия — латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам. санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Рефлексология —орыс ғалымы В. М. Бехтеров (1857— 1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты.

Сана — психиканың тек адамға ғана тән ең, жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың, бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананьң генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды.

Семантика — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді.

Синтагма — лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді.

Сөздік – мағыналық ойлау — ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік — мағыналық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай _ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы аркылы анықталады.

Стимул— қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оңың қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.

Темперамент - жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпе-раменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов,

Тест — сынақ. Психологияда адаммың дара басындағы психологиялық ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі аркылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест»— ағылшын сөзі. Мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді.

Топ—қоғамдағы адамдардың, белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі — жора-жолдастары мен қатар құрбыларына «өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тітіркенгіштік — әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі — тітіркенгіштік. Тітіркенудің өте қарапайым түрі — тропизмдер. Тропизм—«бұрылу» деген сөз.

Ұғым — заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтнжесі арқылы жасальіп, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық — сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасьн жете түсіну қабілеті.

Ұжым — қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында.

Үйлесім, сыйымдылық. Бұл — әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлеу — сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек, болған пікірі дыбыссыз айтылады.. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.

Фрейдизм — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтің, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының козғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді.

Эгоцентрлік сөйлеу —сөйлеудің бұл түрін психологияда

баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің, үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел) деп санауға болады.



Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)— мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды.

Эмпатия—өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі — идентификация. . Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.



  1. ДӘРІСТЕР


Дәріс тақырыбы. Психология ғылым ретінде.

Жоспар.


  1. Психология пәні туралы түсінік.

  2. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым.

  3. Психология ғылымының салалары.

  4. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе.

Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психнкасы болып аталады.



Психология, психика деген түсініктер гректің «псю-xэ»— жан деген сөзінен шығады. «Логия» — ілім. Психология — психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық приициптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.

Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек психологиясы. Инженерлік психология Әлеуметтік психология.Медициналық психология психотерапия, психогигиена мәселелері, дәрігерлер мен аурулылардың карым-қатысы мәселелерімен айналысады.



Патологиялық психология адамдардың нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық дамудың әр түрлі ауытқуларын зерттейді. Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология (психикалық

Психология психикалық құбылыстардың табиғатын, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік қызметтің заңдылықтарын, жеке адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын зерттейтін болғандықтан, оны адамдар белгілі бір карым-қатыста болатын жерде, адамның саналы, мақсатты қызметі жүзеге асатын жерде, барлык жерде білуі қажет. Бұл білім әсіресе, жеткіншек ұрпаққа тәрбиелеу және тиянақты білім беру практикасында қажет.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.


  1. Педагогқа психологиялық білімнің қажеттігі.

  2. Психология ғылымы нені зерттейді?

  3. Психикалық күймен психикалық үрдістердің негізгі айырмашылықтары.

Әдебиеттер:

  1. Ж.Аймауытұлы. Психология. А., 1995

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998


Дәріс тақырыбы. Психологиялық зерттеудің әдістері.

Жоспар.


  1. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

  2. Психологиялық зерттеудің әдістері.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс -тәсілдері айқындалды.Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті ж/е объективті. Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырыльш отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Психиканы мидың объекивтік шындықты бейнелендіретін қасиеті ретінде диалектикалық-материалистік тұрғыдан ұғыну психологиялык зерттеулерді құрудың басқа әдістері мен принциптерін талап етеді.

Психология басқа да ғылымдар сияқты, бір емес көптеген әдістемелердің жиынтығынан тұрады. Негізгі зерттеу әдістері бақылау мен эксперимент. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатка байланысты, алайда, қандай жағдайда болса да жоғарыда айтылған принциптерді басшылыкқа алған жөн.

Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, эксперимент, әңгімелесу, қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі, модельдеу сияқты әдістер қолданылады. Осы әдістердің көмегімен жиынтықталған фактілік материалдар сапалық және сандык талдауға түседі. Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне де белгілі талаптар қойылады. Басқа да көптеген ғылымдардағыдай психологияның негізгі әдісі — эксперименттік әдіс болып табылады. Психологиялық эксперименттің екі түрі — лабораториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар. Социометрия әдісі де табиғи жағдайдағы эксперименттін ерекше бір түрі болып табылады. Әңгімелесу әдісі.

Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Анкеттік әдіс. Тестер әдісі. Модельдеу әдісі.

Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңінен қолданылады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.


  1. Қай уақыттан бастап тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады?

  2. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?

  3. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Ми және психика.

Жоспар.


1.Психика туралы түсінік.

2. Жан-жануарлар психикасының дамуы.

3. Ми және психика.

4. Адам табиғатының санасы.

5. Сананың дамуы және пайда болуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі.

Нерв жүйесі функциясы құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бүл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шыңдық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады. Психика дамуының екі стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге - перцептивті әдіс тән.

Салыстырмалы зерттеулер адам психикасы мен жануарлар психикасында ортақ белгілер бар екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасына дейін адамдар мен жануарлар арасында ешқандай байланыс жоқ: анатомиялық-физиологиялық тәртіп, әсіресе пайда болу, шығу төркінінде тіпті ұқсастық болуы мүмкін емес деді. Кейін XVII-XVIII ғасырда дене бітімінде ұқсастық бар, алайда психика мен тәртіпте ешқандай ұқсастық белгілері жоқ деген түсінік үстемдік алды. XIX ғасырда Ч.Дарвиннің эволюция теориясы бұл екі биологиялық түрлер арасындағы байланыс қарастырыла бастады. Алғашында Дарвиннің ықпалымен эмоция мен сыртқы реакциялар зерттелінді, кейін практикалық ойлау да қарастырыла басталды. XX ғасырда И.П.Павлов жануар темпераментіндегі индивидуалдық ерекшеліктерді зерттей бастады. XX ғасырдың кейінгі жылдары коммуникация, топтық тәртіп формаларында адамдар мен жануарлардың үйрету механизмдерінде бірлік бар екендігі анықталды.

Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:



Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.

Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Ал өздері тіршілігін жойған кезде пайдаланған тәжірибе келесі ұрпаққа жетпейді, өзімен бірге жойылады, өледі.

Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар. Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Осылайша адамға дейінгі психиканың дамуы жоққа шығарылады. Бұл көзқарасты жақтаушылар әлі күнге дейін кездеседі.

Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды.

Бұлардың арасында аралық көзқарас биопсихизм. Психика барлық материяға тән емес, тек тірі материяға тән.

Нейропсихизм - психика барлық тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде нерв жүйесі барларға тән.

Адамның макро және микроәлемге құпиялы түрде екеуі параллель жүреді. Ғылым жетістіктерінің арқасында адамды басқару және тану, әлем және өз-өзін билеу сферасы кеңейтілген. Адамның шығармашылық және оған сәйкес адам білімі жоғарылайды.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз

  2. Сана туралы түсінік беріңіз

  3. Сананың пайда болуы мен дамуына тоқталыңыз

Әдебиеттер:

  1. Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.

  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет