ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы



жүктеу 187.81 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі187.81 Kb.
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК




ПОӘК

«Абайтану» пәні бойынша оқытушыға арналған бағдарлама



№ 2 басылым

«__09» _09____ 2014жыл


ПОӘК 042-18-28-18./01-2014





ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Абайтану» пәнінің

5 В 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған




ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2014

Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы:———— «09» 09 2014 ж. Сабырбаева Р.Қ. , ф.ғ.к., доцент «Қазақ әдебиеті» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама №__1_ «__09_» ____09_____2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросының отырысында

қарастырылды
Хаттама №__1_ «___» _09__2014 ж.
Төраға _________________Сәмекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама №__1_ «___» _____09______20 14ж.

Төраға _________________Искакова Г.К.


4  №2 баспа «____» ____09______ 2013ж. ОРНЫНА


Мазмұны

1 Қолданыс саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны

5 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы

7 Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын пәннің оқу-әдістемелік кешеннің құрамындағы оқытушыға арналған «Абайтану» пәні бойынша бағдарлама.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Абайтану» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- 5В011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті»» мамандығының бекітілген элективті пәндер каталогы;

- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.01.-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.



3.2 Пәнді оқу мақсаты:

Арнаулы курс Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.



3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

3.4 Білім алу нәтижесі:


  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3.5 Пән пререквизиттері

- Әдебиеттануға кіріспе;

- Халық ауыз әдебиеті;

- Ежелгі дәуір әдебиеті

- Әлем әдебиетінің тарихы

3.6 Пән постреквизиті:

- Әдебиет теориясы;

- Қазақ әдебиетінің сынының тарихы
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді:

1 кесте


Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ

Бар

(сағ)


Бақылу түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

8

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛДІҢ) МАЗМҰНЫ

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы мен мазмұны




Сағат саны

2


1




Дәріс сабақтары

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай - жазушы, ақын, философ, тарихшы, композитор. Абайдың озат ойымен ерекшеленуі, өмірінің қилы кезеңдері, сыршыл да лирикалық өлеңдерінің ой тұңғиығымен ерекшеленуі.

3

2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері. Ақынның шығармашылық мұрасы арқылы өмірбаянын нақтылау, ғылыми айналымға түсіру Абайтану ғылымының өзекті мәселелері екендігі. Ақынның өмір жолын өнернамасы арқылы түзу оның өмірі мен өнері тығыз бірлікте екенін танытады. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен естеліктердегі Абайдың шығармашылық ғұмырнамасын жүйелеу, қалыпқа келтіру мәселелері. Ақын поэмаларының жанрлық бітімі, көркемдік әлемі жайлы деректер толық қамтылуы қажет. Ол жайындағы зерттеулер. М.Әуезовтің акынның шығармашылық ғұмырбаянын бірінші болып ғылыми айналымға түсіруі.

4

3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірінен саналады. Өзі түрлі себептермен кешеңдеу болса да, сусап келіп орыс тілі мен мәдениетіне қатты ден қойған, үнемі іздену, оқу арқылы білімділік пен парасаттылықтың биігіне көтеріліп, "көкірек көзі ашылған" Абай көптеген өлеңдерінде оқу, білімді ардақтауға, халқы үшін озық білімнің пайдасын түсіндіруге күш салады. "Шығысым Батыс боп кетті" деген Абай сөзінің бір сыры оның осы өлеңдерінен де танылады. Бұл тақырыптағы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдері Абайдың ақындыңқа біржола бет бұрған кезеңінде - 80-жылдар ішінде жазылған.

3

4. Абайдың эстетикалық тағылымы. Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.



3

5. Сатиралық лирикасы. Абайдың 80-жылдардың аяғына қарай жазған бірсыпыра өлеңдерінде сатиралық сипат басым. Заман шындығы мен замандастарының бойындағы сорақы мінездерді ақын енді жекелеген нақты адамдардың - ел билеушілердің образдары арқылы айқын бейнелеп береді. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері әлеуметтік өткірлігімен, қоғамдың құбылыстарды батыл әшкерелеушілік пафосымен Абайдың сыншыл реалист ретінде қалыптасқан ақындық биігін танытатын белгілі туындылары.

3

6. Табиғат лирикасы. Абайдың ақындық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал еткен өнеге мектебінің бірі — орыстың реалистік әдебиеті екені мәлім. Бұл әсер-ықпалдың ақынның ағартушылық, саяси әлеуметтік, сатиралық тақырыптағы шығармаларынан байқалатыны жоғарыда айтылды. Осын­дай игі әсер Абайдың табиғат мезгілдерін жырлаған туындыларынан да танылады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының кең өрісте қалыптаспағанын ескерсек, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік, шынайылық жағынан да үлкен жаңалық, жетістік екені көрінеді.

3

7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері. Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

4

8. Қарасөздері. Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".

3

9. Абай шығармалары замана айнасы. Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселелер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгершілік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бейнеледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз қасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдықты, алты бақан алауыздықты батыл айыптайды.

4

Семинар сабақтары




30



1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.

1. Абай өмірбаяны.

2. Ақындығының алғашқы кезеңі.

3. Ақынның толысу жылдары



1

2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

1. 1. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы

2. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс

3.30-жылдардағы Абай шығармашылығы жөніндегі іргелі зерттеулердің тууы


2

3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

2. 2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау.

3. 3.Абайдың ағартушылық қызметі

4. Ұлы Абайдың гуманизмі



2

4. Абайдың эстетикалық тағылымы.

1.Ақынның эстетикалық көзқарастары

2.Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары

2"Өлең – сөздің патшасы,сөз - сарасы" атты


өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым

3. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық


поэзиямызда алатын орны

4. Абайдың махаббат тақырыбына арналған


өлеңдерінің тәрбиелік мәні

2

5. Сатиралық лирикасы.

1.Абай шығармалары -ақын заманының


шежіресі

2. 2. Абай шығармаларында қазақ даласын


отарлаудың бейнеленуі

3.Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған


шығармалары

4. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері



1

6. Табиғат лирикасы.

1. Абайдың табиғат лирикасы

2. Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары

3Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі

4. Ақынның философиялық лирикасы

5. Абайдың адам, өмір,өлім, дін, жан мен тән,
ақиқат туралы өлеңдері

6. Абайдың дүниетанымындағы Батыc пен Шығыс ж/е ұлттық мәдениеттің


бірлігі

2

7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е"Әзімнің әңгімесі"


поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік
ерекшелігі, жазылу тарихы

2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

3"Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа
шығу тарихы.


2

8. Қарасөздері. 1. Қара сөздерінің ұлттық
көркем прозаны дамытудағы маңызы

2.Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

3.М.Әуезовтің қара сөздерді жіктеуі


2

9. Абай шығармалары замана айнасы.

1. Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы
еңбектер 2. "Евгений Онегин"романынан үзінділер
аударудағы Абайдың көздеген мақсаты

3.Ақынның табиғатына жақын Лермонтов


поэзиясының ерекшелігіне тоқталу

1




15


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1 Абай - өз заманының жаршысы

5.2 Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

5.3 Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

5.4 Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы

5.5 Абай лирикасындағы азаматтық сарын

5.6 Абайдың қара сөздері

5.7 Абай және Толстой

5.8 Абай шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

5.9 Абай және мысал жанры

5.10 Қазақ өлең жүйесін түр жағынан дамытудағы Абай ізденістері

5.11 Абайдың шығармашылық ғұмырбаянының зерттелу тарихы

5.12 Абайдың көркем аудармалары

5.13 Абайдың адамгершілік лирикасы

5.14 Абай өлеңіндегі даналық дәрістері

5.15 Абайдың поэмалары



    1. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы

5.17Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жайы.

5.18Абайдың мұрасын зерттеуші, насихаттаушылар

5.19Абай мұрасының орыс тілінде танылуы.


    1. Абайтану тарихы. Оның басты кезеңдеріне сипаттама.

5.21Абай мұрасы 1918-1926ж.ж аралығында.

5.22Абай мұрасы 1926-1940ж.ж. аралығындағы

5.23Абай мұрасы туралы пікір талас, айтыстар.

5.24Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі.

5.25Абай шығармаларын насихаттау, дерек мағлұматтарды жинастыру.

5.26Абай дүниетанымы пікір таласында.

5.27Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде.

5.28Абайдың әдеби мектебі. Абайдың ақындық мектебі айналасындағы айтыс-тартыстар.

5.29Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі.

5.30Текстологиялық жағынан зерттелуі

5.31Архив материалдары.

5.32Рухани қазына көздері.

5.33Абайдың Шығысқа қатысы .

5.34Абай дүниетанымы мен салалары

5.35Абай және әлем әдебиеті.

5.36М. Әуезов және Абайтану проблемалары. Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы еңбегі негізінде.

5.37Абай мұрасы М.Әуезов туындыларында

5.38Абай өлеңдері мен қарасөздері М. Әуезов шығармаларында

5.39Абай сөздерінің М.Әуезов шығармаларындағы түрлену жолдары

5.40Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында

5.41Абайтану ғылымының бүгінгі белестері. Өзекті мәселелері.


6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-кесте

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Абай Құнанбаев Монографиялық зерттеулер мен мақалалар /Әуезов, М. – 1995

5

6

83%

Абай энциклопедиясы / - 1995




12

6


%

Абай шығармаларының текстологиясы жайында /Мұхамедханов, Қ. - 2010


3

6

50%

Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132б.


4

6

66%

Абайтану :оқу құралы /Ердембеков,Б. - 2012


5

6

83%

Шығармалар жинағы. Т.3.Абайдың ақың шәкірттері /Мұхамедханов Қ. / - 2005



1

6

16%

Шығармалар жинағы. Т.4.Абай мұрагерлері.Естеліктер /Мұхамедханов, - 2005

Абайтану (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап) :оқу құралы /Ердембеков, Б.А. - 2010




2

6

33%

Қ Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері

1

6

16%

Ердембеков Б.А Абайдың әдеби ортасы 2010



2

6

33%

Абайтану (Абайдың әдеби айналасы.

1-кітап) :оқу құралы /Ердембеков, Б.А. - 2009




1

6

16%


7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

7.2 Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132б.

7.3 Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.

7.4 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.

7.5 Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б.

7.6 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. – 448 б.

7.7 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004.

7.8 Абай шығармаларына ғылыми түсініктер=Научные комментарии к произведениям Абая: Научное издание /Мұхамедханов, Қ. - 2009

7.9 Уақыт өрнегі (Макалалар. Ойлар. Толғамдар) /Еспенбетов, А. - 2005

7.10 Ұлылар үндестігі (Абай мен Әуезов дүниетанымдары туралы философиялық толғамдар) /Омаров, Д. - 1999


Қосымша әдебиеттер

1.Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

2.Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

3. Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

5 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны

5 Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

6 Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1 т,1959.

7 Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б

8 Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

9 Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

10 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

11 Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

12 Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

13.Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - А, Ғылым,1968-736 б.

14. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

15. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

16.Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-А:Ғылым, 1994-280 б.

17.Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 2005.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет