ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-1» пәні


Комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері



жүктеу 0.79 Mb.
бет2/6
Дата28.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6

4.Комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері

Zn, Cd, Hg (n-1)d10 ns2 Бұл элементтер d-элементтерді аяқтайды.

Zn 10-3%; Cd~10-5%; Hg~ 10-6% жер қыртысында Э2+ тұрақты. r 0,139нм 0,156нм 0,160 нм

Е0Э2+, в: -0,763 -0,403 +0,854

Тб0C 420 321,3 -38,7

ZnS- сфалерит; ZnCO3-галмей; CdS-гринокит; Zn+Cd- көбінесе бірге болады. HgS-киноварь. Алу: пирометаллургия ZnS(CdS)+O2→ZnO(CdO)+SO2 ЭО+СО(С)→ Zn (Cd) + СО(СО2) – карботермия. ZnO+H2SO4→ZnSO4+H2O CdO+H2SO4→CdSO4+H2O Қасиеттері: Cd, Zn –жұмсақ металлдар, Hg-сұйық металл.

Э: Cd, Zn +О2(S)→ CdS, ZnS, ЭO. Hg +S→ Hg S; ZnО- амфотерлі,

CdO, HgО- негіздік оксидтер. Zn(ОH)2↓ pEK 11- амфотерлі, ерігіштік көбейтіндісінің көрсеткіші.

Cd(OH)2 pEK 14;

Hg(ОH)2 pEK 16, бұл гидроксид тұрақсыз. Zn(ОH)2↓+2NaOH→Na2[Zn(OH)4] ZnO+Na2CO3балқытып Na2ZnO2+CO2. ЭГ2- түссіз, кристалды заттар, суда ерійді, гидролизге түседі. ZnS pEK 24; CdS pEK 27, сондықтан мырыш сульфиді тұз қышқылында ериді, кадмий сульфиді – ерімейді. (Cd2+)Zn2+ +S2-→ ZnS↓, CdS↓ ZnS, CdS- люминофорлар, шамда қолданылады. ZnSe, HgSe (ZnTe, HgTe)-шала өткізгіштер; Э(NO3)2, ЭSO4 суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. ЭCO3 тек CdCO3, ZnCO3 белгілі, суда ерімейді. HgCO3 белгісіз.

6Hg+8HNO3=3Hg(NO3)2+2NO+4H2O

2Hg-2e-→Hg22+

N5++3e-→N2+

NO3- - Hg+- Hg+- NO3-, т.д. +1, ал валенттілігі II.

Hg22+ = Hg2++Hg диспропорциялану

Hg22+ -2e-=2Hg2+

Hg22+ +2e-→2Hg

Комплекс қосылыстары: [Zn(OH)4]2- pK тз = 15,5; [Zn(NH3)4]2+ pKтз = 9,46; [Cd(NH3)4]2+ pKтз = 7,12; [Hg(NH3)4]2+ pKтз = 19,28. Бұл элементтерге тән комплекс қосылыстардың тұрақтылығы артады.



Қолдану: Zn 40% темірді жабуға қолданады. Cd нейтрон ұстауға атом реакторларында, Cd-сілтілік аккумуляторда қолданады. ZnO – ақ болғандықтан, бояу ретінде қолданылады. CdS, ZnS- шала өткізгіштер. Тұздары гидролизге ұшырайды. Бейорганикалық химияны оқығанда элементтердің периодтық жүйедегі сипаттамаларын, жай қосылыстарының құрылысын, олардың алыну жолдарын, элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқумен қатар, элементтердің табиғатта таралу формалары мен адам өміріне қолданылуын, қатынасын қарау керек.

Адам ағзасында периодтық жүйенің 70-ке жуық элементі табылған. Мына 6 элемент: С, О, Н, N, P, S- ағза массасының 97,4% құрайды. Тірі заттағы химиялық элементтердің мөлшеріне байланысты оларды макро- және микроэлементтер деп бөлуге болады. Макроэлементтерге С, О, Н, N жатады. Бұлардың үлесіне тірі зат массасының 96% және І, Сl, Fe, N, Mo, Cu, Co, Zn (1% массасының) жатады.

Биологиялық неғұрлым керек металдарға (биометалдарға) мына 10 элемент: К, Nа, Са, Мg, Fe, Cu, Co, Mn, Zn, Mo; металл еместерден О, Н, S, С, N, Р, Сl, І жатады, сондықтан осы элементтердің қасиеттерін бейорганикалық химия-1,2 пәндерінде оқисыздар. Көміртегі мен сутегі органикалық заттардың негізін құрайтын болғандықтан, ол элементтерді органикалық химия пәнінде тереңірек оқисыздар.
Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:

1.Металдарды алу;

2.Металдардың химиялық қасиеттерін;

3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.

4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. IІB топша элементтері, олардың биометалдық ролі

2.Мырыштың амфотерлі қасиеті, мысал келтіру керек.

3. Металдардың гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін көрсетіңдер

4.IІB топша элементтері, сәйкес комплекс қосылыстарды көрсетіңдер, олардың ағзадағы ролі.
ДӘРІС 8 IB топша элементтері.
1.Жа лпы сипаттамасы, электрондық формулалары.

2.Тотығу дәрежелеріне байланысты қосылыстары.

3.Комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері



Cu, Ag, Au элементтерінің химиялық активтігінің төмендегі 2 себебпен:

I: (n-1) d-қабатқа бір s-электронның өтуі, (Au(n-2)f қабаты бар): Cu IV период 3d94s2 болуы керек, 3d104s1 Ag V период 4d95s2 болуы керек, 4d105s1. Au VI период 5d96s2 болуы керек, 5d106s1

II: I A топ элементтеріне қарағанда радиустары кішкене. (0,236) rК >rCu(0,128 нм); (0,248)rRb>rAg(0,144 нм); (0,267)rCs>rAu(0,144 нм). IB топ элементтері +1,+2, +3 т.д. көрсетеді; Cu+1,+2; Ag+1; Au+1,+3; Бұл элементтер комплекс қосылыс түзуге өте бейімді. Ag -ақ сұр түсті , жылтыр. Cu-қызыл, Au –сары. Кездесу, алу. 3∙10-3 % - Cu; 6∙10-6 % Ag; 4∙10-7 % Au. Cu2S, CuFeS2 –мыс колчеданы; Cu2O - куприт; (CuOH)2CO3 – малахит. Ag2S -аргентин; Ag-полиметалл кендерінде; AuTe2-кавалерит, самородный.

Алу: Пирометаллургия:

Cu2S+2O2→2CuO+SO2 2|2Cu+-2e-→2Cu2+

O2+4e-→2O2-

2SO2+O2↔2SO3; Өндірістен шыққан күкіртті газды күкірт қышқылына айналдырады. SO3+H2O→H2SO4, пирометаллургия нәтижесінде түзілген мыс оксиді күкірт қышқылымен әрекеттесіп, мыс сульфатын түзеді: CuO+H2SO4→CuSO4+H2O,

бұл тұз ерітіндісінен гидрометаллургия (сулы тұз ерітіндісінің электролизі) арқылы мыс алынады. 2CuSO4(ерітінді)→ эл-з Cu0+O2+H2SO4 Қалдықсыз технология. Қалған қалдықтардан (шлам) Ag, Au, Te, Se, т.б. алады. Ag, Au. Ag, Au + NaCN→ауаNa[Ag(CN)2], Na[Au(CN)2]; 2Na[Au(CN)2]+Zn→Na2[Zn(CN)4]+2Au –цементация деп аталады, алтынды мырышпен ығыстыру.

II алу. Металдар Hg ериді –амальгама, Ag|Hg→ t0 Hg +Ag

Қасиеттері: Cu Ag Au

Е0Э1, в: 0,521 0, 799 1, 691

Е0Э2+, в: 0, 337 - -

Е0Э3+, в: - - 1, 50

Электродтық потенциалдың (E) плюс мәні көп болған сайын тотықтырғыш ретінде күштірек. Балқу температуралары Тб ~10000С маңында. Электр өткізгіштіктері өте жоғары.

Ауада: Cu, Ag түсі өзгереді Ag2S, СuS қара, яғни ауада күкіртпен қосылып. Қосылыстары: Э2O: Cu2O; Ag2O; Au2O

2Cu+O2 t0 Cu2O; не күміс пен алтынды гидроксидтерін айырып алады:

2ЭOH → t0 Ag2O, Au2O + H2O; AgOH болады→негіздік қасиет көрсетеді,

CuOH, AuOH болмайды: Ag2O; Au2O + H2O; CuO, Au2O3 тұрақты 2Cu+O2→2CuO; 2Au(OH)3 t0 Au2O3+3H2O. CuCl2+2NaOH→Cu(OH)2↓+2NaCl AuCl3+3NaOH→Au(OH)3↓+3NaCl арқылы алып, гидроксидтерді айырады.

Cu(OH)2 және Au(OH)3 амфотерлі: Cu(OH)2 ↓+NaOH→ Na2[Cu(OH)4] Au(OH)3↓+NaOH=Na[Au(OH)4]. Cu2O3 тұрақсыз, оны алу үшін 2CuSO4+2NaOH+H2O2→Cu2O3(гранатовокрасн.)+Na2SO4+H2SO4+H2O

2|Cu2+-1e-→Cu3+ 1|O22-+2e-→2O2-

Cu2O3 – күшті тотықтырғыш. Cu2O3 120С Сu2O+O2 |Cu3++4e-→2Cu+

2O2--4e-→O02

Cu2O3 +6HCl→Cl2+2CuCl2+3H2O

2Cu3++2e-→2Cu2+

2Cl- -2e-→Cl2, тотығу дәрежесі +1 тұрақты тек Ag+. Ag Г↓ белгілі AgCl ЕК=10-10; AgBr ЕК =10-13; AgI ЕК =10-16; +2 т.д. тұрақты тек Cu2+ бірақ CuI2 жоқ , +3 т.д. тұрақты Au3+ барлық галогенидтері бар, бірақ қыздырғанда AuГ3 t0 AuГ+Г2 айрылады; Э+S→Cu2S(CuS) бұл қосылыстар табиғатта да бар. Ag2S, Ag2Se, Ag2Te түзеді, ал 2Au+3S→Au2S3

Комплекс қосылыстар: [Ag(CN)2]- pK=21,1. [Ag(CN)2]-↔Ag++2CN-; Kтз = [Ag+][CN-]2/[Ag(CN)2]- = 9×10-22 [H+]=10-11 моль/л;

рН = -lg[H+] = -lg10-11 = 11; pK = -lgK = - lg9×10-22 = 22- lg9 = 21,1; [Cu(CN)2]- pK=16,0 [Ag(CN)2]- pK=21,1 [Au+(CN)2]- pK=38,3 [Au3+(CN)4]- pK=56,0 →тұрақтылық артады. [Ag(S2O3)2]3- күміс комплекстерінің ішіндегі маңыздысы (керектісі), фотоматериалдарды бекіту үшін қолданылады. AgBr+2Na2S2O3=Na3[Ag(S2O3)2]+NaBr Аммиакаттар тұрақты:

[Ag(NH3)] + pK=3,2; [Ag(NH3)2]+ pK=7,0 лиганда саны артқан сайын, тұрақтылығы артады. Ал тек «патша арағында» ериді. Au+HNO3+4HCl=H[AuCl4]+NO+H2O.

Қолдану: 50%-тен астамы мыс сымы ретінде; балқымасы- жез(латунь) Cu+Zn,бронза (Cu+Al, не Cu+Be, Cu+Sn); мельхиор Cu+Ni (20%); константан Cu+40% Ni

Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:

1.Металдарды алу;

2.Металдардың химиялық қасиеттерін;

3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.

4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Табиғатта кездесетін қосылыстары, алу

2. Оксидтері, гидроксидтері, алу, қасиеттері, ерекшеліктері

3. Комплекс қосылыстары, қасиеттері, алу, қолданылуы

4. Элементтердің және қосылыстарының қолданылуы



Дәріс 9 VB топша элементтері

1.Ванадий тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы.

2.VB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері.

3.Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері

Ванадий тобына в а н а д и й, н и о б и й және т а н т а л кіреді;

Скандий және титан тобы сияқты ванадий тобындағы металдар үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері.

Бұл қосымша (VВ) топтағы металдардың негізгі топтағы элементтермен ұқсастығы жоғарғы валентті қосылыстарында, бұлардың сыртқы қабатындағы электрон саны аз болғандықтан (1-2) металдық қасиеттері басым. Бұлардың төмен валентті қосылыстары негіздік қасиетті болады да, жоғары валентті қосылыстары, мысалы, оксидтері ангидрид, оларға сәйкес қышқылдары және тұздары бар. Топ бойымен жоғарыдан төмен қарай, қышқылдықтан амфотерліге қарай өзгереді, демек металдық қасиет күшейеді.

Бұл үш металдың үшеуі де өте маңызды металл болғандықтан алу технологиясы қиын болғанымен, оларды бос жеке күйде алуға тырысады. Үшеуін де таза түрде алюминотермия жолымен алуға болады׃
2O5 + 10Al = 5Al2O3 + 6Э.

Алюминийдің орнына кальций я магний алса тотықсыздану процесі жақсырақ өтеді.

Ванадий, ниобий жане тантал жылтыраған сұр түсті металдар. Кесек түрінде түрлі химиалық әрекеттерге берік, әсіресе ниобий мен тантал қышқылдарда да (HF,НNO3) және олардың қоспаларында да ерімейді.

Бұл металдардың атомдық және иондық радиустарына қарасақ ниобий мен танталдікі бірдей, ол әрине лантаноидтық жиырылудың салдары. Бұл металдардың физика-химиалық қасиеттері олардың таза болуына өте тәуелді. Айталық H2O, N не С араластырса, олардың беріктігін, иілгіштігін төмендетеді, қаттылығын өсіреді.

Ванадий, ниобий және тантал – оттек, галогендер, азот, көміртек, сутек және басқалармен реакцияласады. Бірақ бұлардың актитвігі – жоғары температурада ғана білінеді, өйткені мұндай жағдайда, бұларды пассивтендіріп тұрған, сыртын қаптаушы оксид қабыршағы бұзылады. Оттекпен қыздырғанда реакциаласып оксид (Me2O5) түзеді, кіші валентті оксидтері де (Me2O4, Me2O3, Me2O2) белгілі.

Г а л о г е н д е р м е н де қыздырғанда реакцияласып VF5 - түссіз кристалдық зат түзеді, Nb мен Та ұшқыш галогенидтер түзеді. Галогенидтері гидролизденгіш׃

NbCl5 + 4H2O ↔ H3NbO4 + 5HCl

Ванадий тобы маталдарымен сутек тікелей реакцияласпай, металдардың бойына көп мөлшерде сіңіп кетеді. Бірақ сутек осы сіңіп еруде көп жылу бөліп шығарады, демек ол химиялық қосылыс түзілудің белгісі. Азотпен 1000 – 1100оС жоғары температурада құрамы МеN типтес нитридтер түзіледі. Таза нитридті термиялық диссоциацияланған аммиак буында алуға болады׃

V2O2 + 3H2 + N2 → 2VN + 2H2O + H2

2NH3

Бұл нитридтер, қатты, балқуы қиын тұрақты қосылыстар Nb2N, NbN «патша сұйығында» да айрылмайды.

Ванадий, ниобий және тантал балқыған күйде көмірсутекпен тікелей әрекеттесуінен карбидтер түзіледі׃ V5C, V2C, V4C3 және VC; Nb2C; NbC; Ta2C, TC. Карбидтер электр өткізгіш заттар, өздері басқа металдарда ериді.

К р е м н и й м е н де балқыған күйде реакцияласып, силидтер MeSi2 түзеді. Бұлар қатты, балқуы қиын, отқа берік заттар өндірісінде үлкен роль атқарады. Химиялық өте тұрақты заттар.

Борид, сульфид, фосфид қосылыстары да бар.

Сумен бұл металдар, қорғауыш қабыршағы болғандықтан реакцияласпайды.

Қ ы ш қ ы л д а р ғ а қатынасына келсек, азот қышқылында ванадий тотығады.

3V + 5HNO3 → 3HVO3 + 5NO + H2O

Түзілген ванадийдің метақышқылы ерімейтін гидратқа (V2O5 * χ H2O) айналады.

Nb мен Та патша сұйығында я HF араласқан HNO3 ериді׃

3Nb + 5HNO3 (HF) → 3HNbO3 + 5NO + H2O

Осымен қабат:

3Nb + 5HNO3 + 21HF → 3H2[NbF7] + 10H2O.

Сілті ерітінділерімен V, Nb, Ta реакцияласпайды. Балқыған сілтілерде, бетіндегі тотық қабыршақтары реакцияласу есебінен, металдар біртіндеп күйрейді׃

Me2O5 + 2KOH = 2KMeO3 + H2O.

Оттек қатынасында былай реакцияласады:

4Me + 5O2 + 12KOH = 4K3[ЭO4] + 6H2O.



Ванадий. Ванадий жаратылыста шашыраңқы, батыраңқы элемент; 0,1% ванадий бар кенді жақсы кен деп есепдейді. Ванадий көбінесе темір және полиметалды кендер құрамында болады. Қаратауда түйе мойнит – CaO * 2VO3 * V2O5 * 4H2O деген минерал құрамында бар.

Ванадий көбіне болатқа қосылатын болғандықтан, оны көбіне темірмен аралас құйма – ф е р р о в а н а д и й (20 – 25%) түрінде өндіреді. 0,1 – 0,25% ванадий қосылса, ондай болат берік, серпімді, үзілмейтін, қажалмайтын болады; ол көбіне автомашиналар өндірісіне мотор, цилиндр, рессор, ось жасауға жұмсалады. Алюминий құймаларына араластырса, олардың қатылығы, өңдеуге икемділігі, теңіз суына щыдымдылығы (гидросамолет, глиссер қайық) артады.

Ванадийлі болат өте берік болғандықтан одан жасаған конструкциялардың салмағын 30% кемітуге болады. Мысалы, темір жол вагонын алса, оның салмағын 2,5 – 3 тоннаға кемітуге болады, сонда жылына әр вагоннан 5 – 6 жүз тенге, оны миллиондап шағарылатын вагон санына көбейтсе, миллиардтаған тенге үнем болады.

Тез кесетін аспаптар жасайтын болатқа да ванадий қосылады, ол металл өндеуді тездетеді, құралдың қызмет істейтің мерзімін ұзартады.

Ванадийде төрт оксид бар׃ VO, V2O3 - негіздік қасиетті; VO2 – ванадийдің қос оксиді, амфотерлі, V2O5 ванадий ангидриді қышқылдық қасиет көрсетеді. Маңыздысы ванадий ангидриді V2O5 – қызыл сары түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін қатты зат; оған сәйкес оксидтері:

V2O5 + H2O → 2HVO3 ванадий мета қышқылы

V2O5 + 2H2O → H4V2O7 екі ванадий қышқылы

V2O5 + 3H2O → 2H3VO4 ванадийдің ортоқышқылы, бұлардың тұздарын ванадат деп атайды, мысалы NH4VO3 аммоний метаванадаты. Ванадий қос оксиді VO2 сілтілермен реакцияласып төрт ванадий қышқылының тұзың түзеді.

4VO2 + 2NaOH → Na2V4O9 + H2O

Қос оксид қышқылдармен реакцияласып оксотұздар (VO2+) түзеді, оның ішіндегі бар атом оттек ванадиймен ковалентті байланысқан׃


VO2 + H2SO4 → VOSO4 + H2O

Үш оттекті ванадий оксиді қышқылдармен реакцияласып тұз түзеді

V2O3 + 3H2SO4 → V2(SO4)3 + 3H2O

әсіресе қос тұздары тұрақты KV(SO4)2 • 12H2O.

Бір оттекті ванадий VO – негіздік оксид, тұрақты тұздары, қос тұздар

Me2SO4 • VSO4 • 6H2O.

Бес валентті ванадий қосылыстары күкірт қышқылын өндіруде қымбат платинаның орнына катализатор ретінде жұмсалады. Ванадийдің басқа қосылыстары – резина, шыны, керамика, бояу, фото материалдар өнеркәсіптерінде және медицинада қолданылады.

Ванадийдің қосылыстары у.



Ниобий және тантал. Ниобий мен тантал к о л у м б и т Fe(NbO3)2 және

т а н т а л и т Fe(TaO3)2 минералды түрінде Кола түбегінде, Уралда кездеседі.

Бұларды жеке күйде алу өте қиын, мысалы ниобий 1844 жылы ашылғанмен, оны алудың әдісі тек 1970 жылы табылды.

Ниобий мен тантал коррозияға ерекше тұрақты, тіпті ол жағынан платинадан да артық. Өздері платинадан көп арзан болғандықтан, химиялық ыдыс, химиялық аппаратардың негізгі бөлімдерін жасауда платинаны ығыстырып шығарып келе жатыр.

Бұл металдардың балқу температурасы өте жоғары болғанымен, қыздырылмаған күйде оларды механикалық өндеу, жаю (прокат), созу, соғу оңай. Ниобий мен танталдың карбидтері, аса қатты зат ретінде, кесуші – тілуші құралдардың өткір ұшын жасауға таптырмайтын заттар. Ұзақ қыздыруға, үлкен қысымға шыдамды, сондықтан турбинаға, реактивті самолетке керекті құймаларға 1 - 4% ниобийді қосуға болады..

Тантал хирургияда сынған сүйектерді біріктіруге жұмсалатды.

Оксидтері Nb2O5, Та2О5 қатты заттар, гидрооксидтері Э2О5 • Н2О коллоидты тұнба, қасиеттері амфотерлі.

Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:

1.Металдарды алу;

2.Металдардың химиялық қасиеттерін;

3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.

4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. V, Nb, Ta өндірісте алғанда жүретін процестер

2. V, Nb, Ta металл еместермен қосылысы 3.Оксидтері,гидроксидтері, қасиеттері, тұздары, қасиеттері, қолданылуы
ДӘРІС 10.

ІVB топша элементтері.
1.Титан тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы.

2.ІVB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері.

3.Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Титан тобына т и т а н, ц и р к о н и й, г а ф н и й және к у р ч а т о в и й элементтері жатады.

Бұл металдар көптен белгілі, жер қыртысындағы мөлшері, йод не сурьмадан көбірек, ал титан көміртектен көп, бірақ олардай игеріліп, іс жүзінде қолданылуы кем, өйткені бұлар бытыраңқы кездеседі және алу тәсілдері қиын.

Бұлардың сыртындағы s2 электрондары мен ішкі d2 электрондары валенттік байланыс түзуге қатынасады, сондықтан бұлар оң төрт валенттік көрсетеді; теріс валентті болмайды. Ең сыртқы қабатта 2 ғана электрон болғандықтан, бұлар германий топшасындағы металдарға қарағанда, негіздік(металдық) қасиеті күштірек, әрі топ бойында жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі, мысалы Ti(OH)4 амфотерлі, ал Tf(OH)4 негіздздік қасиеті әлде қайда басым.

Мұның үшеуі де болатқа ұқсас сұр металл, механикалық өңдеуге икемді, балқу температуралары жоғары.

Үшеуі де ауада, суда өзгермейді. Бұл элементтерде металдық, яғни тотықсыздандырғыш қасиеттері болады. Кәдімгі жағдайда тұрақты, ең агрессивті ортаның өзінде коррозияға ұшырмайды. Балқу температураларына жеткізе қатты қыздырғанда химиялық активтігі бірден өседі. Бұл жағдайда галогендермен әрекеттесіп,

т е т р а г а л и д т е р түзеді׃

Ti + 2Cl2 = TiCl4

Оттекпен титан 1200о – 1300оС-та, цирконий 600о – 700оС-та қосылады׃

2Zr + O2 = ZrO2

Оксидтерінің амфотерлі қасиеті бар. Титан тобының элементері температура әсерінен күкіртпен, азотпен және көміртекпен әрекеттесіп сульфид, нитрид (MeN) және карбид (МеС) түзеді. Сонғы екеуі өте қатты (TiN – қаттылығы алмаздай) және қиын балқитын қосылыстар (> 3000оС).

Титан тобының металдары салқын суға әсер етпейді, қайнап тұрған судан сутекті ығыстырып шығарады.

Me + 4H2O = Me(OH)4 + 2H2

Түзілген гидроксидтер металдың бетін қаптап, реакцияның ары қарай жүруіне кедергі жасайды.

Әдетте, бұл топқа жататын элементтердің гидрооксидтерін тұздарының ерітінділерін сілтімен әрекеттестіріп алады. Гидрооксидтері – кілегейленген коллоид ерітінділер. Жалпы формуласы Ме(ОН)4 болғанымен құрылысы түрліше болып келеді. Мысалы, титанның ортоқышқылы – H4TiO4 және метақышқылы – H2TiO3 бар. Гидрооксидтері сілтілерде ерімейді, күшті қышқылдармен ғана әрекеттеседі, яғни негіздік қасиеті басым. Бұл қасиет топ ішінде жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі.

Титан тобы металдарының бетінде қорғаныш қабығы болатындықтан оттекті қышқылдар әсер етпейді, тек олары бүлінсе ғана тотығу реакциясы жүреді׃

3Ti + 4HNO3 + H2O = 3H2TiO3 + 4NO

Ti + 4H2SO4 = Ti(SO4)2 + 2SO2 + 4H2O

Титан металдары «патша» сұйығында оңай ериді׃

3Zr + 4HNO3 + 12HCl = 3ZrCl4 + 4NO + 8H2O


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет