ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-2» 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.92 Mb.
бет3/7
Дата25.04.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Қолданылуы. Sе және Те жартылай өткізгіштер ретінде фотоэлементтер, фоторезисторлар, фотографияда, каучук вулканизациясында, шыны өңдірісінде, қорғасын кабельдерін алуда қолданылады.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Элементтердің жалпы сипаттамасы; 2. Селен, теллурдың металдармен, бейметалдармен қосылыстары, қасиеттері; 3. Сутекті қосылыстары, алу, қасиеттері; 4. Тұздары,алу, қасиеттері; 5. Күкірт және селен топшасы элементтері қасиеттерінің өзгеру заңдылығы.



Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды білу керек:

1.Халькогендердің периодтық жүйедегі орны;

2.-2-ден +6 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстарының айырмашылықтары мен ұқсастықтары;

3.Халькоген қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

1. Нұрахметов Н.Н., Ташенов Ә.К. Бейметалдар химиясы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. –177-240 беттер.

2.Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 82-84 беттер.

3.Угай Я.А. Неорганическая химия. – М.: Высш.шк.,1988. –312-334 беттер.

МОДУЛЬ 3. VA ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ДӘРІСТЕР 8-10 .

    1. Азот, жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы.

    2. Фосфор, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

    3. Мышьяк топшасы, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

Периодтық жүйенің V тобына екі типті элемент – N, P – және мышьяк топшасы элементтері мен ванадий топшасы элементтері кіреді. Азот - газ, фосфор - қатты зат, бұл екі элемент бейметалдар, мышьяк пен сурьма жартылай металдар, висмуттың металдың қасиеттері басым. VIA топта оттегінің күкіртке қарағанда активтігі жоғары болса, VA топта әсіресе ақ фосфордың азотқа қарағанда активтігі жоғары. Азот молекула күйінде болады, N2 молекуласын атомға бөлу үшін көп энергия керек. Ал азот атомы фосфор атомынан активті. ЭТ N =3,0; ЭТ Р =2,1. Азоттың электртерістігі тек оттегі мен фтордан кейін болғандықтан тек осы элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азот атомы оң полюстенеді. Хлормен, броммен түзетін қосылыстары ковалентті полюссізге жақын. Қалған элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азоттың атомы теріс полюстенеді.



7 N )2)5 …2s22p3 :N + 3H →:NH3 үш байланыс алмасу механизмі бойынша, яғни ковалентті байланысқа әр элемент өзінің электронын береді, ал NН4+ катионында бір байланыс донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген, яғни бір элемент электрон жұбын береді (азот), ол донор болады, екінші элемент бос орбиталь (сутегі катионы) ұсынады, ол акцептор болады. Азоттың максимал валентілігі IV. NН4+ катионында 4 байланыс болады. Азот қосылыстарында -3, -2, -1, +1, +2, +3, +4, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, көп кездесетін қосылыстары -3, +5, +3 тотығу дәрежесіне сәйкес. Фосфор атомында тағы бес бос d – орбиталы болғандықтан ол максимал V валенттілік көрсетеді. Фосфор да қосылыстарында -3, +1, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, ең тұрақты қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +5.

Кездесуі, алу. Жер қыртысында азот 0, 01 %, ауада 75% болады. Осы 2 элемент (Р, N2) те жануарлар мен өсімдік организмінде кездеседі. NaNO3 –чили, KNO3 –үнді, Ca(NO3)2 - норвегия селитралары кен күйінде кездеседі, сонымен бірге ақуыз құрамында, мұнайда, тас көмірде болады. Азоты бар органикалық заттар шірігенде, отынды жаққанда қосылыстағы азот бос азотқа айналады. Ауадағы азот N2 + О2 → NO → NO2+H2O → HNO2+HNO3 айналып, судағы металл иондарымен нитратқа айналады да, өсімдіктер бойына сіңіреді , сосын өсімдік арқылы тірі организмдегі ақуызға айналады, органикалық қалдықтар айрылғанда азот молекулалық күйде қайтадан атмосфераға өтеді.

Алу (Өндірісте): Сұйық ауадан алады, оттегіден тазалау үшін балқытылған мыс арқылы өткізеді , сонда мыс, мыс(ІІ) оксидіне CuO айналады.

Зертханада алу: 1) NaNO2 + NH4Cl → NaCl + NH4NO2 → N2 + 2H2O 2) 2NH3 + 3Br2 = 6HBr + N2 Таза азотты металдар азидтерін термиялық айыру арқылы алады: 2NaN3=2Na+3N2

Физикалық және химиялық қасиеттері: N2-суда, органикалық еріткіште ерімейді. N ≡ N болғандықтан өте берік, жанбайды және жануды қолдамайды.Li +N2 →Li3N бөлме температурасында тек литий нитриді алынады.

Ме (активті металл) + N2 нитрид , реакция тек қыздырғанда жүреді.

N2 → N+N электр тоғымен айырады. Азот атомы электр разряды әсерінен түзіледі де: N +күкіртпен, фосформен, сынаппен → әрекеттеседі, нитридтерін түзеді. N2 +H2, O2, C және басқа элементтер →2500-3000 C осындай өте жоғары температурада ғана қосылыстар береді ; Азот галогендермен тікелей әрекеттеспейді. Сутекті қосылыстары:

1) N2 +3H2 ↔2 NH3 – өнеркәсіпте алу реакциясы, Ле Шателье принципі бойынша аммиак түзілетін жаққа тепе-теңдікті ығыстыру үшін температураны төмендету және қысымды жоғарлату қажет, себебі бұл реакция экзотермиялық: 400-5500С, 30МПа, катализатор ретінде темір - аздап алюминий мен калий оксидтері қосылған - қолданылады. NH3-улы, түссіз, өткір иісті газ. -330С температурада NH3 сұйық, -78 0С қатты болады, яғни tбалқ.= -78 0С ; tқайн. = -330С , оны (болат баллонда) р=7,1.105 -8,1.105 сұйық күйінде, жоғарғы қысым астында тасымалдайды. NH3 сұйық және қатты күйінде молекуласында сутектік байланыс болады. Суйық аммиакта сілтілік, сілтілік -жер металдар, күкірт, фосфор, йод, көптеген тұздар мен қышқылдар да ериді. Сұйық аммиактың өзіндік ионизациясы: 2NH3 сұйық ↔NH4+ + NH2 ; Кd = 1.8 10-33 судың диссоциация константасынан әлдеқайда аз. NH3 суда өте жақсы ериді: 00С 1көлем суда 1200 көлем NH3 ериді, сутектік байланыс әсерінен.

NH3+H2O ↔ NH4OH ↔ NH4+ + OH- Kd = 1.8 10-5 ; NH4+ - аммоний ионы, тұздары суда жақсы ериді, калий тұздарына ұқсас, себебі радиустары жақын: (NH4+)=0,142 нм, К+ (0,133 нм); тек гидролиз реакциясында айырмашылық болады, себебі КОН күшті негіз. NH4+ тұздары термиялық тұрақсыз, түзілетін өнімдері анионның қасиеттеріне байланысты. Егер анион тотықтырғыш болса, NH3 – құрамындағы азот тотығады: NH4 NO3 →N2О + 2H2O. Бұл реакция формула ішіндегі конпропорциалану реакциясы.

2N-3 – 8e→2N+1

2N5+ + 8e →2N+

Егер анион -тотықтырғыш болмаса, тұз аммиакқа және қышқылға айрылады: (NH3)3PO4=3NH3+H3PO4 .

Аммиак тек тотықсыздандырғыш, ол ауада жанбайды, оттек атмосферасында ғана мына реакция жүреді: 4NH3+3O2=2N2+6H2O ,

ал катализатор қатысында және 750-9000С онда реакция былай жүреді:

4NH3 + 5O2 = 4NО + 6H2O, бұл реакция өнеркәсіпте азот қышқылын өндіру процесінде қолданылады.

Аммиак басқа да реагенттердің әсерінен тотығады:

2NH3 + 3CuO = 3Cu + N2 + 3H2O; 2NH3 + 3CI2 = N2 + 6HCI.

NH3 –молекуласында тотықтырғыш болса, мысалы - Н+ :

Na+NH3 → NaNH2 + 1/H2 ;

NH3 –бұл жерде қышқылдық қасиет көрсетіп тұр. NH3 тұздары- амидтер NaNH2 аммиак молекуласы бір протоннан айрылғанда; Na2NH-имид – екі протоннан айрылғанда ; Na3N-нитрид - үш протоннан айрылғанда түзеді.

2) Азоттың басқа сутекті қосылысы N2H4 - гидразин (диамид)

2NH3 + NaOCl →N2H4 + NaCl +H2O реакциясы арқылы алынады;



N2H4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық, аммиакқа ұқсас:

N2H4 + H2SO4→N2H6SO4 гидразин сульфаты – N2H2 H2SO4 .

2NH3 + H2SO4→(NH4)2SO4 ; N2H4 –те NH3 сияқты тотықсыздандырғыш.

N2H4 + О2 = N2+2H2O; N2H4+2I2 = N2+4HI ; Гидразин металдармен әрекеттескенде гидразинид түзіледі: 2 N2H4 +2Na→2NaN2H3+H2 ;

Азот қышқылын атомдық сутегімен тотықсыздандырып, гидроксиламин :

HNO3 + 6H = NH2OH + 2H2O алады. Ол түссіз кристалл, тұрақсыз, 1000С қопарылыс береді. Азоттың сутекті қосылыстары - NH3, N2H4, HN3. NH2OH молекулалары арасында сутектік байланыс болады, негіздік қасиеті NH3 → N2H4→ NH2OH азаяды. Тұздары гидроксиламмоний деп аталады. NH2OH+ HCl→ NH2OH HCl→[ NH3OH]Cl; NH2OH - тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады, бірақ ол реакция ортасына байланысты:

HI + NH2OH → I2 + N2H4 +2H2O pH~8 ,

I2+2NH2OH=2HI+N2+2H2O pH ~ 9

3) HN3 – сутегі азиді. H+ -N-=N+=N- ; Бұл қосылыста азот атомдары II, III, IV валенттілік көрсетеді. Судағы ерітіндісі азотты сутек қышқылы, оны мына реакция арқылы алады: N2H4+HNO2=HN3+2H2O НN3 - әлсіз қышқыл, диспропорциялану реакциясына түседі HN3 + H2O → N20 + NH2OH

сусыз жағдайда HN3 қыздырғанда, шайқағанда жарылады:

2HN3 =3N2+H2 ;

HN3 қышқылы - тотықтырғыш ретінде

HN3 + 2HI = I2 + NH3 + N2 ;

HN3 +3HCl – қоспасы бағалы металдарды да еріте алады, себебі атомдық хлор бөлінеді. HN3 + 3HCl = 2Cl + N2 + NH4Cl ; Азотты қышқыл тұздары азид деп аталады, ерігіштігі галогенидтерге ұқсас. Сілтілік металдар азидтері суда жақсы ериді, тек AgN3, Pb(N3)2, Hg(N3)2 – нашар ериді. Сілтілік және сілтілік - жер металдар азидтері қыздырғанда балқығанға дейін тұрақты. Ауыр металдар азидтері тез жарылады: Pb(N3)2 → Pb + 3N2

Азоттың оттекті қосылыстары.

N2O, NO- түссіз газдар, тұз түзбейді, N2O3 - көкшіл қатты зат , NO2 – қоныр газ , N2O4 , N2O5 - түссіз кристалл заттар. Азоттың оксидтері тұрақсыз, себебі олар эндотермиялық қосылыстар, бірақ химиялық активті.



N2O алу: NH4NO3 →N2O + 2H2O

NH2OH + HNO2 →[NH3OH]NO2 (қыздырғанда)→ N2O +2H2O.

NH4NO3 (балқытып) → N2O +2H2O.

Азот (І) оксиді “көңілдендіргіш газ”, наркотикалық әсері бар, ұнамды иісі бар, тәтті дәмді, түссіз, оңай сұйылтылатын газ. Азот (І) оксидін аздап қыздырса, ыдырайды, оттегі бөлінеді:

2N2O = 2 N2 + O2, сондықтан оның атмосферасында заттар жанады: Ме, H2, Р, С, S, органикалық заттармен әрекеттеседі, оларды тотықтырады: Cu + N2O = N2+CuO

2Р + 5N2O = 5N2+ Р2O5 ; Н2 + N2O = N2+ Н2O; 2NН3 + 3N2O = 4N2+ 3Н2O; Күшті тотықтырғыштармен тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді: 8KMnO4 + 5N2O + 7H2SO4=5Mn (NO3)2+3MnSO4+4K2SO4+7H2O

700 0C жоғары болса, N2O диспропорциялану реакциясы жүреді: 2N2O=2NO+N2 ; N2O суда ерімейді, тұз түзбейтін оксид, яғни қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеспейді.

Азот (ІІ) оксиді – түссіз газ, күн күркірегенде түзіледі, яғни жоғары температурада тікелей синтездеп алуға болады:

N2 2 3000 C 2NO



Зертханада: 3 Сu + 8HNO3 сұйық = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O

Өндірісте: 4NH3+5O2кат. 4NO+6H2O катализатор: Pt, Fe, V ; 2NO+O2→2NO2 ауада өте тез тотығады , қоңыр түсті диоксидін түзеді. Галогендермен (йодтан басқасы) әрекеттесіп нитрозилгалогенидтер түзеді: NO + Г20→NOГ ;

Күшті тотырғыштар NO-ны HNO3 –ке айналдырады: 5NO + 3KMnO4 + 6H2SO4 = 3MnSO4 + 5HNO3 + 3KHSO4 + 2H2O

NO тотықсыздандырғыштың күшіне байланысты ол мына қосылыстарға дейін барады: N2O, N2, NH2OH, NH3

2NO + 2Cu (H2) →2CuO (Н2О) + N2 ; 3CrCl2 + NO + 3HCl → NH2OH+ 3CrCl3 5CrCl2 + NO + 4H2O → NH3 + 5Cr(OH)Cl2 ; 2NO + SO2 → N2O + SO3 ; Сілтілік ортада NO диспропорцияланады:

4NO + 2NaOH →N2O + 2NaNO2 + H2O; 6NO + 4 NaOH → N2 +4NaNO2 + 2H2O; NO – суда ерімейді, тұз түзбейтін оксид. NO молекуласында жұптаспаған электрон болғандықтан ол димерленеді, бірақ димері тұрақсыз.

Азот (ІІ,ІV) оксидтерінің стехиометриялық қоспасын салқындатып қатырғанда көк түсті қатты зат N2O3 түзіледі. Ол – (-100 0C) қатты күйінде болады және тұрақты, ал N2O3 (сұйық газ күйінде) ↔ NO + NO2 диспропорцияланады.



Зертханада: Мышьяк (ІІІ) оксиді мен азот қышқылы әрекеттескенде осы оксидтер қоспасы түзіледі: 2HNO3(50%) + As2O3 = 2HAsO3 + NO + NO2 ;

N2O3 сәйкес қышқылы: HNO2 - азотты қышқыл, тек сулы ерітіндіде болады, тұрақсыз, оны тұздарынан да алуға болады.

a.NO + NO2 + H2O = 2HNO2 ; б.АgNO2 + HCl = HNO2 + AgCl↓

в. Ва(NO3)2 + H2SO4 = ВаSO4 ↓ + 2HNO2

Сақтағанда және қыздырғанда HNO2 диспропорцияланады: 3HNO2 = HNO3 + 2NO + H2O; HNO2 тотықтырғыш қасиеті басымырақ: 2HNO2 + 2HI = I2 + 2 NO + 2H2O ; Күшті тотықтырғыштар HNO2 –ні HNO3 дейін тотықтырады:

5HNO2 + 2 KMnO4 +3 H2SO4 = 2MnSO4 + 2HNO3 + 3H2O + K2SO4 . Бұл екі реакция нитриттермен де осылай жүре алады.

HNO2 амфолит, яғни амфотерлі қасиет көрсетеді, бірақ қышқылдық қасиеті басым:

H+NO2 ↔HNO2↔ NO +(нитрозил) +OH- :

Тұздары нитриттер – оның қышқылдық функциясына сәйкес қосылыстары.

H2SO4 →NOHSO4 – нитрозилкүкірт қышқылы – азотты қышқылдың негіздік функциясына сай қосылысы.

Нитриттерді азот (ІІ,ІV) оксидтерінің стехиометриялық қоспасын сілтіде ерітіп немесе нитраттарды көмір, темір, қорғасын сияқты тотықсыздандырғыштармен қосып қыздыру арқылы алады: NO + NO2 + 2NaOH → 2NaNO2 + H2O

Pb + NaNO3 PbO + NaNO2 ; Нитриттердің азотты қышқылға қарағанда тұрақтылығы жоғары, олар да тотықтырғыштық, тотықсыздандырғыштық қасиеттер көрсетеді.



NO2 – күшті тотықтырғыш , тотықсыздандырғыш та болады, парамагнитті молекула, ол диазот тетраоксидімен қалыпты жағдайда тепе-теңдікте болады, себебі оның жұптаспаған электроны бар, ал димерде жалқы электрон жоқ, сондықтан ол диамагнитті: 2NO2 ↔ N2O4. Димерлену процесі экзотермиялық, сондықтан температураны төмендеткенде тепе-теңдік диазот тетраоксиді түзілетін жаққа қарай ығысады.

Азот диоксиді атмосферасында фосфор, күкірт, көміртек жанады :

5NO2 +2P(S,C) → P2O5(SO3,CO2) + 5NO

Зертханада: Концентрлі азот қышқылында мысты ерітіп:

Cu + HNO3(конц.) = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O

немесе ауыр металдар нитраттарын қыздырып:

Pb(NO3)2t0 PbO + NO2 + O2 алады.

NO2 суда ерігенде, диспропорциалану реакциясы нәтижесінде екі қышқыл түзеді: 2NO2 + H2O = HNO2 + HNO3 қышқылдарын түзеді, егер O2 қатысында NO2 суда ерітсе, 4NO2+O2+2H2O=4HNO3 , тек азот қышқылы, ал егер ыстық суда NO2 ерісе, 3NO2+H2O=2HNO3 + NO түзіледі. Азот (ІV) оксиді сілтілермен әрекеттескенде нитрит және нитраттың қоспасы түзіледі. Сұйық диазот тетраоксиді активтігі төмен металдармен нитраттар түзеді, бұл реакция арқылы сусыз нитраттар алады.

N2O5 алу: Азот (V) оксидін азот қышқылын фосфор (V) оксидімен сусыздандыру арқылы:

a) 2HNO3 + P2O5 (суды алады) → 2HPO3 + N2O5

немесе азот (ІV) оксидін озонмен тотықтыру арқылы:

2NO2 + O3 = N2O5 + О2 алады.

N2O5 суда жақсы ериді, күшті тотықтырғыш H2O + N2O5 = 2HNO3 ;

N2O5 кәдімгі жағдайда ыдырайды , ал қыздырғанда қопарылады:

2N2O5 = 4 NO2 + О2 . Азот (V) оксидіне сәйкес HNO3 - күшті қышқыл, күші тек HClO4 – ден төменірек , сусыз, «түтінденетін» HNO3 түссіз, ұшқыш сұйық зат, сақтағанда, қыздырғанда айрылады 4HNO3 = 4NO2 + O2 + 2H2O;

Зертханада алу: 2NaNO3+H2SO4(конц.) = Na2SO4 + 2HNO3 ;

Өндірісте: 1. Ауадан азотты, судан немесе табиғи газдан сутегіні алып аммиак алады: N2 + 3H2 ↔ 2NH3 ;

2. Аммиакты катализато қатысында тотықтырып NH3 + O2 =к NO + H2O;

3. Азот (ІІ) оксидін ауаның оттегісімен тотықтырып 2NO + O2 = 2NO2 ;

4. Аот оксидтерін суда ерітеді 3NO2 + H2O(ыстық) = 2HNO3+NO. Ыстық су алынатын себебі НNO2 түзілмес үшін. Азот қышқылы ұшып, ыдырамас үшін процесті вакуумда жүргізеді. HNO3 сумен шексіз араласады, сулы ерітіндіде толық диссоциацияға түседі, күшті тотықтырғыш, металдарды да, бейметалдарды да ерітеді:

As+HNO3+H2O=H3AsO4+NO;

S+6HNO3=H2SO4+6NO2+2H2O;

Au, Pt, Os, Jr,Nb, Ta, W + HNO3 → ерімейді.

Fe, Al, Cr + HNO3(конц.)→пассивтеледі, яғни оксид қабатымен жабылады. HNO3 сұйық болған сайын, тотықсыздану тереңірек жүреді, себебі сұйық HNO3 –те NO3 иондары аз, сондықтан әр N5+ атомы тотықсыздандырыштан көп электрон алуға тырысады, ал конц. HNO3 –те , керісінше, N5+ иондары көп болғандықтан, әр HNO3 тотықсыздандырыштан аз электрон алады.



  1. 2NO3- + 10e- +12H+ →N2+6H2O

  2. 2NO3- + 8e- +10H+ →N2O+5H2O

  3. NO3- + 3e- +4H+ →NO+2H2O

  4. NO3- + 2e- +3H+ →HNO2+H2O

  5. NO3- + 8e- +10H+ →NH4++3H2O

  6. NO3- + e- +2H+ →NO2+H2O

  7. NO3- + e- +H2O →NO2+2OH

а.конц. HNO3, сутегіден соң металдармен (6) теңдеу бойынша;

Cu(Ag, Hg) + 4HNO3 = Cu(NO3)2 + 2NO2+2H2O;

Сұйытылған HNO3 (3) теңдеу бойынша :

3Cu(Ag, Hg)+ 8HNO3= 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O;

б. активтігі орташа металдар (H2 маңайындағы Fe, Cd, Ni, Sn, т.б. конц. HNO3 (3) теңдеу бойынша: 3Cd+ 8HNO3(конц.) = 2NO + 3Cd(NO3)2 + 4H2O.

Өте сұйық 10HNO3 + 4Cd = 4Cd(NO3)2 + NH4NO3+ 3H2O (5)теңдеу бойынша;

в.активтігі орташа металдар ішінен Со (ерекше) еруі, ол (1) теңдеу бойынша

5Co + 12HNO3 → N2 + 5Co(NO3)2 + 6H2O жүреді.

Азот қышқылында ерімейтін алтын, платинаны күшті тотықтырғыш «патша сұйығында» HNO3+3HCl ерітеді, олар анионды комплекстер түзеді: HNO3+3HCl=2Cl(атомдық) + NOCl (нитрозилхлорид) +H2O түзілуі, олар күшті тотықтырғыштар Au + HNO3 + 3HCl = AuCl3 + NO + 2H2O немесе Au + HNO3 + 4HCl = Н[AuCl4] + NO + 2H2O.

HNO3 тұздары нитраттар, суда жақсы ериді. Нитраттардың ыдырауы катион табиғатына байланысты:

1.Сілтілік, сілтілік - жер металдар нитраттары 2KNO3=2KNO2+O2

2.Активтігі орташа металдар (магний – мыс) нитраттары

Pb(NO3)2 = PbO + 2NO2 + 1/2O2

3.Активтігі өте төмен металдар нитраттары Hg(NO3)2 = Hg + NO2 + O2

бос металл түзе айрылады.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Азоттың электрондық құрылысы, жалпы сипаттамасы;

2. Азот оксидтері, алу, қасиеттері;

3. Қосылыстары, алу, қасиеттері;

4. Қышқылдары, алу, қасиеттері;

4. S + HNO3 конц. → Cu(NO3)2 + S + NO2 + H2O коэффициенттерін қою керек.




1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет