ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-2» 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.92 Mb.
бет4/7
Дата25.04.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Жалпы сипаттамасы. Фосфорды алу. Фосфордың оттекті және сутекті қосылыстары,қасиеттері, алу. Фосфор қышқылы, қасиеттері, алу, тұздары, қасиеттері
15P )2 )8 )5 … 3s23p33d ЭТ бойынша 6-шы орында (F, O, Cl, N, S) промотталып V валентті болады ( проматталу – қос электронның даралануы,яғни бос орбиталға электронның өтуі). N5+ сияқты , P5+ қосылыстары тотықтырғыш емес, қалған тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Фосфордың оттекті қосылыстары азоттың оттекті қосылыстарына қарағанда тұрақты, ал керісінше сутекті қосылыстары тұрақсыздау. Фосфор бес электрондары бойынша алмасу механизмі бойынша , сонымен бірге бос 3d-орбиталь бойынша, донорлы-акцепторлы механизм бойынша байланыс түзеді.

Кездесу: Фосфор тек қосылыс түрінде кездеседі:

апатит Cа5X(PO4)3(X-F, Cl, OH-), фосфорит Ca3(PO4)2 . Фосфор өсімдіктер мен жануарлар денесінде де болады.



Алу. Ca3(PO4)2 +5C + 3SiO2→3CaSiO3+5CO+P2 – фосфоритті кремнезем

қатысында кокспен тотықсыздандырады. Реакция нәтижесінде түзілген

кальций оксидін CaSiO3 шлагіне айналдыру үшін SiO2 қосылады.

СО газ, P2 - бу күйінде болады, бұл ақ фосфорды тоңазытқышта суытып, су астында сақтайды. Өндірілген ақ фосфордың біразын қыздырып, қызыл фосфорға айналдырады, ал қалған бөлігінен оттегімен әрекеттестіріп фосфор ангидридін алып, ары қарай суда ерітіп, фосфор қышқылын (термиялық қышқыл) алады.



Қасиеттері: Фосфордың бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар. 10000C –тан төмен температурада Р4 күйінде болады. Одан жоғары болса, P2 болады, 2500 0C-тан жоғары - Р. Ақ фосфор реакцияға түскіш, жұмсақ. Ақ фосфор + O2, Г2, S әрекеттеседі, фосфор тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді:

4Р + 3О2 (5О2) ↔ 2Р2О3(2Р2О5 ).

2Р + 3Г2 (5Г2) ↔ 2РГ3(2РГ5 ).

2Р + 3S (5S) ↔ Р2S32S5 ). Ақ Р судың астында ұсталады, cумен реакцияға түспейді. Ақ Р өте улы, оның 0,15 г адамды өлтіреді. Ақ Р →300C қызыл Р, улылығы аздау. Фосфордың тұрақты модификациясы қара фосфор. Ақ Р →220C 1200МПа қара Р . Ақ , қызыл фосфорлар - диэлектриктер.Қара фосфор - жартылай өткізгіш, реакцияласқыштығы бойынша ең әлсізі қара фосфор. Фосфор активті металдармен әрекеттеседі, фосфидтер түзеді:

3Ca+2P→Ca3P2 ,

Фосфор тотықтырғыштық қасиеті бар қышқылдармен әрекеттесіп, фосфор қышқылын түзеді: 3P + 5HNO3 конц. + 2H2O → 3H3PO4 + 5NO.

Сілті ерітінділерінде ақ фосфор диспропорциялану реакциясына түседі:

4P + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2



Қосылыстары: P2O3 →димері P4O6 , P2O5 → димері P4O10 .

P2O3 + 3H2O → 2H3PO3 – фосфорлы қышқыл, суда жақсы еритін кристалды зат.

РГ3 + 3H2O → H3PO3 + 3НГ. 2 негізді, күші орташа қышқыл, соңдықтан оны былай жазу керек H2[HPO3], тұздары фосфиттер:

6NaOH + P2O3 → 2Na3PO3 +3Н2О және гидрофосфиттер

2 NaOH+ P2O3 + H2O → 2NaH2 PO3 . Сілтілік металдар мен кальцийден басқа металдардың фосфиттері суда нашар ериді.

4H3PO3 t0 PH3 + 3H3PO4 диспропорциялану реакциясында түседі,

H3PO3 тотықсыздандырғыш ретінде :

H3PO3 +Cl20 + H2O→ H3PO4 + 2HCl ;

Қышқыл фосфориттерді қыздырғанда дифосфорлы қышқылдың

H4P2O5 тұздары – пирофосфаттар түзіледі:

2NaH2PO3 t0 Na2H2P2O5 (пирофосфит)+H2O; H4P2O5 – пирофосфор қышқылы, 2-негізді, тұрақсыз қышқыл.

Фосфордың ең маңызды қышқылы ортофосфор қышқылы. Сусыз таза фосфор қышқылы – түссіз кристалдық зат. Оны фосфаттарды концентрлі күкірт қышқылымен өңдеу арқылы алады:

Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 → 2H3PO4 + CaSO4 немесе оксидін суда ерітіп алады

P2O5 + H2O= (HPO3) 2 ; Ол әлсіз үш негізді қышқыл: H3PO4 ↔ H+ + H2PO4- pK1=2,2; H2PO4-↔H++HPO42- pK2=7,3 ; HPO42-↔H++PO43- pK3=12,4.

Үш негізді болғандықтан үш қатар тұздар түзеді: дигидрофосфат, гидрофосфат, фосфаттар. Суда ерісе, гидролизге ұшырайды:

Na3PO4 + H2O ↔ NaOH + Na2HPO4 pH= 12,1

Na2HPO4 + H2O ↔ NaOH + NaH2PO4 pH= 8,9

Ортафосфаттар (аммоний фосфатынан басқасы) температура әсеріне тұрақты. Гидрофосфаттар қыздырғанда суды бөліп ди- және метафосфаттарға айналады:

2Na2HPO4t0 Na4P2O7 + H2O; Na2HPO4t0 NaPO3 + H2O;

Ақ фосфорды ауадағы оттекпен өртеп, алынған оксидті суда ерітіп , аса таза фосфор қышқылын алады: P4 + 5O2 → 2P2O5 → P2O5 + H2O → 2H3PO4 ; Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 → H3PO4 + CaSO4 ; Катализатор қатысында жоғары температурада фосфор буы мен су буы әрекеттесіп фосфор қышқылын түзеді:

4P + 16H2O →700C 4H3PO4 + 10 H2 ; Алынған сутекті аммиак алуға қолданып, азот – фосфор тыңайтқышын алуға болады. Сонда ресурсты сақтау және қалдықсыз технология іске асады.

P4+-ке сәйкес H4P2O6 – фосфорлау қышқылы – орташа күшті, төрт негізді қышқыл. H4P2O6 + H2O → H3PO3 + H3PO4. Тұздары гипофосфаттар, сілті металдарының тұздары суда жақсы ериді.

H3PO2 фосфорлылау қышқылы, тұздары гипофосфиттер, күшті тотықтырғыш (HPO3) 4 + H2O → H6P4O13 - тетраполифосфор қышқылына айналады.
Фосфордың бейметалдармен қосылыстары
Фосфор сутекпен тікелей әрекеттеспейді, Гиббс энергиясы оң сан, сондықтан фосфинді активті металдардың фосфидтерін суда немесе сұйытылған қышқылдарда ерітіп алады. Ca3P2+6HCl→3CaCl2+2PH3 - фосфин, газ, улы, иісі шіріген балық иісі сияқты, суда ериді. Фосфин молекуласының құрылысы аммиак молекуласыныкі сияқты тригоналды пирамида.

Протонакцепторлық қабілеті нашар болғандықтан фосфин судан протонды тартып ала алмайды, онымен қосылыс түзбейді, сондықтан сулы ерітіндісі бейтарап болады. Фосфоний ионы қышқылдармен фосфин әрекеттескенде түзіледі:

H3+O+PH2- ↔ PH3 + H2O ↔ PH4+ + OH-; PH3-амфотерлі зат, рКқышқ. = 28,7; рКнег. = 28,4 өзара тең. Фосфин суда нашар ериді. Ауада жанып фосфор қышқылын түзеді: PH3+O2= H3PO4 . Фосфоний тұздары – түссіз кристалдық заттар, суда гидролизге ұшырайды. Сілтілік ортада фосфин алтынның, күмістің, мыстың, қорғасынның иондарын тотықсыздандырады. Гидразиннің аналогы дифосфин Р2Н4 түссіз, сұйық зат. Фосфор галогендермен жақсы әрекеттеседі: 2Р+ 3Г2→2 РГ3 және 2Р + 5Г2→ 2РГ5. Олар улы заттар. Сумен күшті әрекеттеседі: РСl5+ H2O→POCl3+2HCl; РСl5+ 4H2O→H3PO4+5HCl судың артық мөлшерінде гидролизге ұшырайды; РГ5 - sp3d – гибридтелу болады. PCІ3, PBr3 түссіз, сұйық , РJ3-кристалл; PJ3 + 3H2O→ H3PO3+ 3HJ, PJ3 – қышқыл түзгіш зат.

Фосфордың металлмен қосылыстары

Активті металдармен әрекеттесіп Ме + P → Me3Pn фосфидтер түзеді, балқу температуралары өте жоғары. Сілтілік және сілтілік- жер металдар фосфидтері суда жақсы ериді. Көптеген фосфидтер жартылай өткізгіштер.



Қолданылуы. Ақ фосфор →t0 қызыл фосфорға айналады , ол сіріңке өңдірісіңде қолданады, H3PO4 алады. Р2О5 → H3PO4 алады, фосфор қышқылы спирт алу үшін қолданады. Фосфаттар – тыңайтқыштар.

«Қос суперфосфат» Ca3(PO4)2 + H3PO4 → Ca(H2PO4)2 преципитат Ca3(PO4)2+H2SO4+4H2O→2 CaHPO4.2 H2O+CaSO4 Ca3(PO4)2+ H3PO4+6H2O→3 CaHPO4 ∙2H2O; Аммофос NH4H2PO4, (NH4)2HPO4 ; Me3Pn – жартылай өткізгіштер CaP-ZnP – лазерлы сәуле алу үшін қолданылады.



Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Фосфордың оттекті қосылыстары, қасиеттері, алу;

2. Фосфордың қышқылдары, алу, қасиеттері;

3. Фосфордың металл еместермен қосылыстары, қасиеттері;

4. Фосфордың сутекті қосылыстары, алу, қасиеттері;

5. Табиғатта фосфордың таралуы және алынуы.



Мышьяк топшасы элементтері

Бұл топша элементтерінің сыртқы электрондық қабаттары (n-1) d10 ns2np3 (Аs, Sb), 4f 5d10 6 s23 - Ві; Сондықтан толық электрондық аналогтар.

+5 тотығу дәрежесі сурьма үшін тұрақтырақ. Аs - Sb - Ві +3 тотығу дәрежесінің тұрақтылығы осы қатар бойынша артады, ал -3 тотығу дәрежесінің тұрақтылығы кемиді.

Табиғатта кездесуі және алу. Бұл элементтердің минералдары көп: жер бетінде Аs - 5.10-4 % , Sb - 4.10-5 % ; Ві - 2.10-5 % , көбінесе күкіртпен бірге кездеседі: АsS реальгар, ҒеАsS арсенопирит; Sb2S3 антимонит; Ві2S висмутит; Ві2Те2S тетрадимит. Оларды алу үшін алдымен сульфидті қосылыстарын оксидтерге айналдырып, карботермия не металлотермиялық әдістермен тотықсыздандырады: 2АsS + 4,5О2→ 2 SО2 + Аs2О5

Аs2О5 +5С → 2 Аs + 5СО. Аса таза Аs пен Sb алу үшін оларды гидридтерге айналдырып, сосын оларды айырып алады.

АsН3 - арсин; SbН3 - стибин, ВіН3 - висмутин.

АsН3 - SbН3 - ВіН3 - тұрақтылығы азаяды, газдардың улылығы артады. Түсті металдар кендеріндегі кездесетін мышьяк, сурьма, висмуттың қосылыстарын тұз қышқылымен өңдеп, гидридтерін алады:

Аs2Zn3 +6HCI =2 АsH3 +3ZnCI2

t 0

2 АsH3 = 2 Аs + 3H2 - шыны түтікте «қара айна» - Аs пайда болады, осы арқылы криминалистер мышьякпен уланғандықты анықтайды.

Физикалық және химиялық қасиеттері: Аs - ақ түсті; Sb - көгілдір,

Ві - қызғылтым кристалл заттар. Аs, Sb – жартылай өткізгіштер, Ві-металл. Қыздырған кезде осы үш элемент те оксидтер түзеді; 4Э+3О2→2Э2О3.

Бұл элементтер кернеу қатарында сутегіден кейін тұр: Е0Э3+ /Э, В Аs(+0,30),

Sb(+0,74), Ві(+0,20). Сондықтан тотықтырғыш емес, қышқылдарымен әрекеттеспейді. Аs2О3 суда аз ериді. Sb2О3 және Ві2О3 ерімейді. Sb2О3 - амфотерлі оксид, күшті қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді: Sb2О3 + 3Н24 → Sb2(SО4)3 +3Н2О; Sb2О3 + 6НСI→ 2 SbСI3 +3Н2О

ал сілтілермен әрекеттесіп метасурьма және сурьма қышқылдарының тұздарын түзеді: 2NaOH + Sb2О3 → 2NaSbО22О; 6NaOH + Sb2О3 → 2Na3SbО3 +3Н2О

Аs2О3 қышқылдық оксид, Аs2О3 + 6 NaOH=2Na3AsO3 +3H2O

Ві2О3 негіздік оксид, сондықтан тек қышқылдармен әрекеттеседі:

Ві2О3 + 6 НСI→ 2 ВіСI3+3Н2О

Аs2О5, Sb2О5, Ві2О5 қышқылдық оксидтер, Н3АsО4-мышьяк қышқылы, тұздары арсенаттар; Н3SbО4 –сурьма қышқылы, тұзы-антимониттер Na 3SbО4

Na 3SbО2; Ві(ОН)3 ↓ тұздары висмутаттар: Na3ВіO3, NaВіO2.

Тотықтырғыш қышқылдарда үш элемент те ериді.

Аs +5НNO3 конц. → Н3 АsО4 +5NO+Н2О



орта мышьяк қышқылы

3Sb +5 НNO3 конц. → 3НSbО3 +5NO+ Н2О



мета сурьма қышқылы

2Sb +6 НNO3 сұйық→ Sb2О3 + 6 NO2 +3 Н2О

Ві + 4 НNO3 = Ві(NO3)3 + NO +2 Н2О - азот қышқылының концентрациясына байланысты емес.

Үш металл да сілтілермен әрекеттеспейді, тек мышьяк оттегі қатысында сілті балқымасымен әрекеттеседі. 4Аs +12 NaOH +5О2=4Na3AsO4+6H2O

Үш элементтің де +3 және +5 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары болғандықтан, тотығу-тотықсыздану реакцияларына түседі:

Аs(+3) - Sb(+3) - Ві(+3) қатар бойынша қосылыстар тұрақтылығы артады.

Аs(+5) - Sb(+5) - Ві(+5) қатар бойынша қосылыстардың тұрақтылығы кемиді, сондықтан тотықтырғыштық активтілігі артады. Н3АsО4 тотықтырғыштық қасиетін тек қышқыл ортада көрсетеді: Н3АsО4 +2НI =I2 + Н3АsО3 + H2O.

Н3SbО4 те қышқыл ортада тотықтырғыш болады;

Н3SbО4 +2 НСI = СI2 + Н3SbО3+ H2O.

Ві5+ қышқыл ортада да, сілтілік ортада да тотықтырғыш болады:

5NaВіО3 + 4Mn(NO3)2 + 6 H2O → 5NaВіО2 + 4HMnО4 +8НNО3

Мышьяк топшасы элементтері сульфидтер түзеді, олар - суда, сұйық тотықтырғыш болмайтын қышқылдарда ерімейтін ұнтақ заттар:

2ЭГ3 + 3Н2S = Э2S3 ↓+6НГ

2ЭГ5 + 3Н2S = Э2S5 ↓+10НГ

Сонымен, сульфидтерді галогенидтерінен алады.

Sb2S3 және Ві2S3 концентрлі НСI ериді, ал Аs2S3 тек тотықтырғыш қышқылдарда ериді: Э2S3 + 8HCI = 2H[ЭСI4] + 3Н2S; 3Аs2S3 +28 НNО3 + 4 H2O = 6 Н3АsО4 + 9 Н2SO4 +28NО

Э2S3 қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздермен әрекеттеседі:

Sb2S3 + 6 NaOH=Na3SbО3 + Na3SbS3 + 3 H2O



натрий стибаты натрий тиостибаты

Э2S3 қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар түзіледі: Аs2S3 +3(NН4)2S=(NН4)3АsS3;

Ві2S3 тек калий мен натрийдің сульфидтерінің балқымасымен әрекеттеседі, сонда мета-тиосульфат түзіледі: Ві2S3+ Na2S = 2NaВіS2

Тиотұздар қатты күйінде тұрақты, бірақ олардың қышқылдары бос күйінде белгісіз. Э2S5- тек сульфидтері ғана белгілі, селенмен, теллурмен қосылыстары жоқ: Аs2S5 – Sb2S5 - Ві2S5 қатары бойынша тұрақтылықтары кемиді, себебі осы қатар бойынша +5 тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы азаяды.

2 Na3АsО4 (2 Na3SbО4) +5Н2 S +6 НСI =Аs2S5(Sb2S5) + 6 NaСI +8 H2O

Ві2О5 + 6 Н2 S +2 NaOH = Ві2S5 + 7H2O+Na2S

Аs2S5 және Sb2S5 қышқылдық қасиет көрсетеді, сондықтан негіздермен және негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар (тиоарсенаттар мен тиостибаттар) түзеді:

Sb2S5 + 6 NaOH = Na3SbО3S + Na3SbS4 +3 H2O; Аs2S5 + Na2S=2 NaАsS3

Олардың да тиоқышқылдары бос күйінде белгісіз. Тиотұздардың түзілуі мен бөлінуі (қышқыл ортада) сапалық реакциялар жасағанда қолданылады.

Сурьма мен висмуттың (Э3+) тұздары бар, мышьяк үшін белгісіз:

2 Sb + 6Н2SO4 = Sb2(SO4)3 + 3 SO2 +6 H2O. Сурьма азот қышқылында ерігенде Sb(NO3)3 түзілмейді, оны былай алады:

SbСI3 + 3AgNO3 = Sb(NO3)3 + 3AgCI↓

Ві +4 НNО3 = Ві(NO3)3 + NO + 2H2O

2 Ві + 6 Н2SO4 = Ві2(SО4)3 + 3 SО2 +6H2O

Ві3+ тұздары суда гидролизге ұшырайтындықтан, ерітіндіде висмутилдер туындылары болады: (ВіО)2 SO4, (ВіО)2СO3. Сонымен бірге Ві(NО3)3 тұздары қос тұздар да түзеді: Ві(NО3)3 .2 NН43 . 4H2O.

Қолданылуы: Ві құймаларға қосылады, Вуда құймасы ядролық реакторларда қолданылады, оңай балқитын құйма; Аs, Sb жартылай өткізгіштер.

Аs медицинада қолданылады. Ауыл шаруашылығында Аs инсектицидтер ретінде (зиянды жәндіктерді жоюға), телефон сымдарын жасауда қолданылады.



Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Мышьяк топшасы элементтерінің оттекті қосылыстары, қасиеттері, алу.

2. Мышьяк топшасы элементтерінің қышқылдары, алу, қасиеттері

3. Мышьяк топшасы элементтерінің сульфидтері, қасиеттері

4. Мышьяк топшасы элементтерінің галогенидтері,қасиеттері,алу

5. Мышьяк топшасы элементтерінің тотығу-тотықсыздану реакциялары



Осы дәрістер материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды білу керек:

1.VA топша элементтерінің периодтық жүйедегі орны;

2.-3-ден +5 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстарының айырмашылықтары мен ұқсастықтары;

3. VA топша элементтері қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

1. Нұрахметов Н.Н., Ташенов Ә.К. Бейметалдар химиясы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 240-326 беттер.

2.Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 –79- 82 беттер.

3.Угай Я.А. Неорганическая химия. – М.: Высш.шк.,1988. – 246-299 беттер.

МОДУЛЬ 4. ІVA ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ДӘРІСТЕР 11-13

    1. Көміртегі, жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы.

    2. Кремний, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

    3. Германий топшасы, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

IVA топта 2 типті элементтер С, Si ; Ge- тобы элементтері (Ge, Sn, Pb) және IVВ тобында Ti-тобы элементтері(Ti, Zr, Hf-гафний) орналасқан. Бұл топ элементтері маңыздылығы бойынша ең жоғары, яғни С - органикалық химия негізі, органогенді элемент, барлық тірі ағза негізі. Si - бейорганикалық химия негізі және барлық жансыз табиғат негізі. Ti - және оның құймалары –авиа-, космос зымырандарын, кемелер жасауда қолданады. Ge, Si- жартылай өткізгіш, компьютер, микропроцессорлар негізі. Э4-← 4е + Э0 - 4е-→ Э4+

(4+,3+,2+,1+) және (-1,-2,-3,-4) яғни 1,2,3,4 электрон қосуға, алуға болады.

6C ) 2 )4 …2s22p2 р-ұяшықта 2 дара электрон және бір бос ұяшық болғандықтан, 3 ковалентті байланыс түзіледі: алмасу механизмі және донорлы-акцепторлы механизмдер бойынша. Молекулалық орбиталдар теориясы бойынша СО молекуласындағы байланыстарды көрсетсек, онда 3 байланыс болады, осы үшеуі де ковалентті байланыс. Ал 2s2 электрон СО мен металл карбонилдері түзілгенде қолданылады [Fe(CO)5]0

Fe … 3d64s24p – акцептор; :СО – донор.



6C ) 2 )4 …2s22p2 sp3 –гибридтелу болады, яғни бір электрон р-орбитальға промотирленеді, өтеді , сонда көміртегі атомы максимал IV валенттілікті көрсетеді.

1H )1 1s1. Сутегі мен көміртегі атомдарында валенттілік электрондары мен орбиталдары бірдей. Соңдықтан осы 2 элемент басқа элементтермен және өзара ең көп қосылыс береді.

Кездесу. Тірі ағзаның айрылуы нәтижесінде көмір, торф, мұңай, табиғи газ түзілген. МеСО3 – CaCO3 –мәрмәр, ізбес, бор; MgCO3 – магнезит MgCO3CaCO3 - доломит ; FeCO3 – сидерит. Көміртек диоксиді атмосферада 600 млн. тоннаға жуық кездеседі, табиғи суларда еріген түрде болады.

Қасиеттері : С: карбин; алмаз ; графит - аллотропиялық түр өзгерістері . Алмаз – қиын балқиды, қатты, электр және жылуды жаман өткізеді, химиялық инертті; графит – жұмсақ, электр, жылуды жақсы өткізеді, инертті. С(көмір, кокс, күл + О2(ауа) → СО2 тез жанады. Фтормен қалыпты жағдайда әрекеттеседі: С+2F2→CF4 , қалған галогендермен көміртек тікелей әрекеттеспейді; Жоғары температурада ол басқа бейметалдармен әрекеттеседі: C+S,N2t0 CS2 – күкіртті көміртек; C2N2 – циан түзеді. 2С + 2Н2t0 С2Н4; C+2H2t0CH4 .

Алюминий және кальций көміртекпен карбидтер түзеді: Al4C3 , CaC2. Олардың гидролизі нәтижесінде метан және ацетилен түзіледі.




1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет