ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия» 5В011300 – «Биология» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 0.93 Mb.
бет2/6
Дата02.05.2016
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Тақырыпты бекіту:

  1. Химияның негізгі заңдарының анықтамасы қалай оқылады?

  2. Қандай әдістер арқылы атомдық және молекулалық массаларды анықтайды?

  3. Тақырыптың негізгі ұғымдарының анықтамасын беріңіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  2. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия.-М.: Интеграл-Пресс.2000.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа,2000.

3,4 Дәріс. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.



Мақсаты: Бейорганикалық заттардың номенклатурасы және жіктелуімен танысу, заттың тазалығының түрлері туралы түсінікті оқып білу.

Негізгі сұрақтар:

1. Стехиометриялық емес қосылыстар.

2. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары.

3. Заттың тазалығы туралы ұғым.


Қысқаша мазмұны:

СТЕХИОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС ҚОСЫЛЫСТАР.

Н.С.Курнаков құрамы тұрақты (формуласы валентікке сәйкес, немесе бүтін санды стехиометриялық индексі бар қарапайым формулалар арқылы) бейнеленетін қосылыстар дальтонидтер деп аталады. Құрамы ауыспалы (формула валентікке үйлеспейтін) қосылыстар – бертоллидтер деп аталады.



БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ (ИЮПАК ЕРЕЖЕЛЕРІ, 1979 ж.)
Бейорганикалық қосылыстар

бірэлементті екіэлементті көпэлементті

(жай заттар) (бинарлы)
Бірэлементті

Металдар Металеместер


Екіэлементті

Металл-бейметалл Интерметаллидтер Бейметалдар

қосылыстар қосылыстар

Коваленттік Иондық

Көпэлементті


_________________________________________________________




Қышқылдар Негіздер Тұздар Комплекстар Кластерлар Клартраттар

Оксидтер: тұз түзбейтін, тұз түзуші (негіздік, қышқылдық, амфотерлік).

Негіздер: суда еритін, суда ерімейтін, бірқышқылды, көпқышқылды, амфотерлік;

Қышқылдар: оттекті, оттексіз, бірнегізді, көпнегізді, күшті, әлсіз;

Тұздар: орта, қышқылдық, негіздік, қос;

Комплексті қосылыстар: №12 дәрісті қараңыз;

Кластерлар, Клартраттар: «Элементтер химиясы» пәнін қараңыз.


Жүйелік номенклатура бойынша заттардың аталуы:

NO2 – азот диоксиді, азота (IV) оксиді;

Cu(OH)2 – мыс (II) гидроксиді;

H2SO4 – дисутек тетраоксосульфат (VI);

NaHSO3 – натрий гидротриоксосульфат (IV).
ЗАТТАРДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

Химиялық өнімдердің жіктелуі:


  1. Шикі өнімдер – құрамында қоспалар болатын табиғи текті заттар және жартылай фабрикаттар;

  2. Техникалық өнімдер – құрамында негізгі заттың мөлшері 98% болатын химиялық өндірістің өнімдері;

  3. Реактивтер – аналитикалық және басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын заттар;

  4. ерекше таза болатын заттар – 10-10 % төмен қоспалары бар заттар.


Химиялық реактивтердің жіктелуі:

  1. таза (т) – негізгі заттың мөлшері 98% жоғары;

  2. анализді орындау үшін таза (аот) – негізгі заттың мөлшері 99% төмен емес;

  3. химиялық таза (хт) – негізгі заттың мөлшері 99% жоғары;

  4. эталлонды таза (эт) – негізгі заттың мөлшері 99,998% жоғары;

  5. ерекше таза (ет) - қоспалардың мөлшері 10-5 - 10-10%.


Тақырыпты бекіту:

  1. Тақырыптың негізгі ұғымдарының анықтамасын беріңіз?

  2. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі бойынша барлық заттардың мысалдарын келтіріңіз және оларға жүйелік номенклатура бойынша атауларын беріңіз?.

  3. Оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің және тұздардың негізгі химиялық қасиеттері қандай?

  4. Қандай әдістермен оксидтерді, қышқылдарды, негіздерді және тұздарды алады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  2. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия.-М.: Интеграл-Пресс.2000.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа,2000.

5-8 Дәріс. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы.



Мақсаты: Атом күрделі жүйе туралы түсінікпен, химиялық элементтің периодтық жүйесімен танысу, химиялық элементтің периодтық жүйеде орналасуын олардың атомдарының құрылысымен және элементтердің, қосылыстардың қасиеттерімен байланыстыру.
Негізгі сұрақтар:

  1. Атом құрылысы туралы түсініктердің даму тарихы.

  2. Сутегі атомының кванттық-механикалық моделі. Кванттық сандар.

  3. Атомдардың қасиеттері.

  4. Периодтық заңның, реттік номердің, топ пен период номерлерінің физикалық мағынасы.

  5. Элементтер атомдарының, химиялық қосылыстардың және жай заттардың қасиеттерінің периодтылығы.


Қысқаша мазмұны:

АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

1891 ж., А.Станней – жекеше дискретті зарядтар (электрондар, катод сәулелері) түрінде электр бола алады. Олар заттардан шығады, яғни атом құрылысына кіреді;

Дж..Томсон, Р.Малликен – электронның массасы, заряды анықталды.

1896 ж., А.Беккерель – радиоактивтік құбылыс;

М.Кюри, П.Кюри – радиоактивтік сәулелену біртекті емес: β-сәулелер (электрондар), α-сәулелер (протондар), γ-сәулелер (нейтрондар).

1904 ж., Дж.Томсон – атомның бірінші моделі: атом оң зарядты сфера тәрізді бөлшек, оның ішінде оң зарядты теңестіріп тұратын теріс зарядты электрон орналасқан.

1900 ж., М.Планк – кванттық теория бойынша заттар энергияны жеке-жеке порциялар – кванттар түрінде сіңіреді немесе бөліп шығарады; жарық корпускулалық-толқындық қасиеттермен сипатталады:

E = hν ; E = mc2 ; λ = h/ mc,

Мұнда E – энергия;

h – Планк тұрақтысы;

ν – тербеліс жиілігі;

m – фотонның массасы;

c жарық жылдамдығы;

λ – жарықтың толқын ұзындығы.
1911 ж., Э.Резерфорд – атомның планетарлық моделі: атомның ішіндегі оң зарядты ядроны теріс зарядты электрондар қоршап, айналып жүреді. Оң заряд атомның ортасында шоғырланған.

1913 ж., Н.Бор – атом құрылысы теориясының негізгі қағидалары:



  1. Электрон ядроны айналғанда, кез келген емес, квант теориясынан шығатын кесімді шарттарға сай орбиталар бойымен ғана қозғалады. Ол орбиталар стационар, немесе квантталған орбиталар деп аталады. Стационар орбитада электрон айналып жүрген кезде энергия бөлінбейді не сіңірілмейді.

  2. Электрон өзіне тиісті квантталған орбитамен айналғанда, энергия жұмсайды.

  3. Электрон бір орбитадан екінші орбитаға көшкенде ғана энергия бөлінеді, немесе сіңіреді.

E1- Е2 = hν атомның спектірін есептеуге болады.
1924 ж., Де Бройль – электронның корпускулалық-толқындық (дуализм – екіжақтылық) қасиеті бар; материалды дүниенің универсалды қасиеті:

λ = h/ mv , где mv – импульс.


СУТЕГІ АТОМЫНЫҢ КВАНТТЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ МОДЕЛІ. КВАНТТЫҚ САНДАР.

Зерттеулер классикалық механика заңдылықтарына өте ұсақ бөлшектердің (ядро, электрон және басқа да микробөлшектер) бағынбайтыеың көрсетті. Мұндай өте ұсақ микробөлшектердің қасиеттерін кванттық немесе толқындық механика ғана түсіндіре алады. Кванттық механика – элементар бөлшектердің қозғалысын, бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін физиканың бөлімі. Кванттық механиканың мәні – микробөлшектердің толқындық және бөлшектікіндей асиеті болатынын мойындауда.

1927 г., В.Гейзенберг – белгісіздік (анықталмағыштық) принципі:

Микробөлшектің әрі координатасын, әрі импульсін бір уақытта анықтауға болмайды.

ΔΧ*Δр≥ĥ/2, ĥ = h /2π,

где ΔΧ – координатаның ықтималды мәні,

Δр - импульстың ықтималды мәні.

Кванттық механикада электронның күйін бейнелеу үшін толқыдық функция қолданылады Ψ (пси-функция). Оның қасиеттері:



  1. Өрістің х,y,z координаталары бар әр түрлі нүктеде пси-функция нақты амплитуда мен таңбамен сипатталады.

  2. Толқындық функцияның модуль квадраты - х,y,z координаталары бар нүктеде электронның локалдылығының ықтималды тығыздығы (электронның тығыздығы).

1926 ж., Э.Шредингер – микрожүйенің күйін бейнелеу үшін толқындық функция қолданылады:

ĤΨ = ЕΨ,

мұнда Ĥ – Гамильтон операторы.

Шредингер теңдеудің шешімі – пси-функциямен энергияның мәндерін анықтау.

Еn= Кn2 ,

мұнда: n – жай бүтін сандар,

К – тұрақтылық.

n – бас квант саны электрондардың жалпы энергия қорын және электрондар орналасқан деңгейлердің ядродан қашықтығын көрсетеді. Бас квант сан периодтық жүйедегі период номеріне тең.

n = 1,2,3,….∞.

Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максималды саны келесі формуламен анықталады:
N =2n2
Атомдағы электрондардың күйі басқа да квант сандармен анықталады.

l – орбиталь квант саны, электрон бұлтының пішінін сипаттайды. Энергетикалық деңгейдегі деңгейшелердің санын орбитальдық квант санының мәндері анықтайды.

l = 0,1,2,….∞, немесе

l = s,p,d,f,…

Кванттық механика есептеулеріне қарағанда s – орбитальдың пішіні шар тәрізді,

р – орбитальдың пішіні гантель тәрізді,

d және f – орбитальдар пішіні гантель тәрізді, бірақ күрделі болатыны анықталды.

Деңгейшедегі орналасқан электрондардың максималды саны келесі формуламен анықталады:

N = 2(2l+1)
ml – магнит квант саны пішіндегі бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді. Магнит квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады және осы орбиталь квант санының мәніне сәйкес –l, 0, +l шегінде болатын бүтін сандармен көрсетілген мәндері болады. Магнит квант саны деңгейшелердегі орбитальдардың сандарын да анықтайды.

Мысалы, s – деңгейшеде шар тәрізді бір орбиталь кеңістікте бір бағытта орналасады, p – деңгейшеде әр түрлі бағытта орналасқан 3 орбитальдар және т.б.

ms – спин квант саны электронның өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді. Электрон өз осінен сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін.

ms = +1/2 немесе –1/2.


Электрондардың атомдарда орналасуы принциптері:

  1. Энергетикалық тиімділік принципі

  2. Паули принципі

  3. Гунд ережесі

  4. Клечковский ережесі.


АТОМДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

  1. Радиус ( эффективті, металдық, иондық, орбитальді).

  2. Иондану энергиясы

  3. Электронға жақындық

  4. Электртерістілік

  5. Магниттік қасиеттері.


ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢНЫҢ, РЕТТІК НОМЕРДІҢ, ТОП ПЕН ПЕРИОД НОМЕРЛЕРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ.

Реттік номер көрсетеді:

- ядродағы протон санын

- атомдағы электрон санын

- атомның ядро зарядын

Период номері көрсетеді:



  • энергетикалық деңгейлердің санын.

Топ номері көрсетеді:



  • негізгі топшалар үшін соңғы электрондық деңгейдегі электрон санын

  • бүкіл топ бойынша қосылыстардағы жоғары валенттілікті (ауытқуларда болу мүмкін).

Периодтық заңның қазіргі оқылуы:

Жай заттардың қасиеттері және элементтердің қосылыстарының қасиеттері атом ядросы зарядының өзгеруіне периодты тәуелді болады.
Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты түрде өзгереді, себебі сыртқы энергетикалық деңгейдің құрылымы периодты түрде қайталанады.
Тақырыпты бекіту:


  1. Планк теориясының негізгі қағидасын түсіндіріңіз?

  2. Қандай тәжірибиелерге негізделіп Резерфорд атомның планетарлық моделін ұсынды?

  3. Радиактивтілік құбылыс дегеніміз не?

  4. Резерфордтың, Бордың теорияларының кемшіліктері қандай?

  5. 1,2,3,4 энергетикалық деңгейлерде максимальді неше электрон орналасу мүмкін?

  6. s-,p-,d-,f- деңгейшелерде максимальді неше электрон болу мүмкін?

  7. s-,p-,d-,f- деңгейшелерде неше АО болу мүмкін?

  8. АО электрондардың орналасу принциптерінің негізін айтыңыз?

  9. Атомның негізгі қасиеттерін сипаттаңыз?

  10. №№1,7,11,20 элементтерге сипаттама беріңіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  2. Ділманов Б. Жалпы және анорганикалық химия практикумы. – Алматы, 1972.

  3. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  4. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  6. Глинка Н.Л. Общая химия.-М.: Интеграл-Пресс, 2000.

  7. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.

9-12 Дәріс. Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу.



Мақсаты: Химиялық байланыстың негізгі түрлерімен танысу, заттың қасиеттерімен химиялық байланыстың түрлерінің, кристалдық тордың типінің арасындағы байланысты түсіну.

Негізгі сұрақтар:

  1. Химиялық байланыстың негізгі сипаттары.

  2. Химиялық байланыстың негізгі типтері.

  3. Валенттік байланыс әдісінің негізгі қағидалары.

  4. Молекулалық орбиталь әдісінің негізгі қағидалары.

  5. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.

  6. Молекулалар арасындағы байланыс.


Қысқаша мазмұны:

ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ.

  • Байланыс энергиясы

  • байланыс ұзындығы

  • байланыс реті

  • валенттік бұрыш

  • эффективті заряд

  • байланыстың поляризациялануы

  • қанығуы

  • бағыты.


ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ:

  • Коваленттік (полюсті және полюссіз)

  • Иондық

  • Металдық

  • Сутегіндік.


ВАЛЕНТТІК БАЙЛАНЫС ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Коваленттік байланыстың табиғатын қазір екі әдіспен қарастырады: валенттік байланыс әдісі (ВБ-әдісі) және молекулалық орбиталь әдісі (МО-әдісі). Екі бөлшектің электрон бұлттары бүркеісп, жүйенің толық энергиясы азайғанда болатын екі атомның әрекеттесуін химиялық байланыс дейміз. 1927 жылы Гейтлер және Лондон сутегі молекуласы үшін Шредингер теңдеуін жуық шамамен шешті. Олар Шредингер теңдеуі бойынша байланыстың екі түрлі сипатын – энергия мен ядро – аралық ұзындықты есептеді. Бұл есептеулер іс жүзіндегі нәтижелермен бірдей болып шықты. Олар сутек атомының электронының 1s түріндегі толқындық функциясын алды. Егер екі атом бір-біріне әсер етпейтін қашықтықта болса, екі атомның толқындық функцияларының көбейтіндісі арқылы жазылады.

ВБ-әдісі молекулада атомдар жұбы бір немесе бірнеше ортақ электрондық жұптар арқылы ұсталып тұрады деген ұғымға негізделген. Неғұрлым атомдардың электрондық бұлттары көбірек айқасатын болса, атом арасындағы химиялық байланыс соғұрлым мықты болады. Әдетте екі атомды қосатын сызық бойындағы электрон бұлттарының айқасуы біршама жақсы болады. Сонымен, спиндері қарама-қарсы электрон бұлттары бір-бірімен айқасып химиялық байланыс түзіледі де, спиндері параллель электрон бұлттары арасындағы тығыздық кеміп химиялық байланыс түзілмейді. Егер атомдар арасында бір ортақ жұп болса, коваленттк байланыс бірлік, екі жұп болса – екілі және үш жұп болса – үштік байланыс болады.

Электрон бұлттарының айқасуы бойынша σ, π, δ – байланыстар түзіледі. Электрон бұлттары атомдарының центрлерін байланыстыратын түзу бойынша айналса, σ-байланыстар түзіледі. Егер р- немесе d-бұлттары атомдарды байланыстыратын түзудің екі жағында айналса, онда π-байланыстар түзіледі, σ үнемі дара байланыс. Еселі байланыстардың біреуі σ-байланыс, ал басқалары π-байланыстар.


Коваленттік байланыстың түзілуі:

1. Коваленттік байланыс алмасу арқылы түзіледі. Бұл жағдайда жұпталмаған

электрондардың қатысуымен немесе бір электронды бұлттардың қаптасуымен

түзіледі.

2. Донорлы-акцепторлы – бұл жағдайда химиялық байланыс бір атомның қос

электронды бұлты (донор) мен басқа атомның бос орбиталь (акцептор) арқылы

түзіледі.
Коваленттік байланыстың екі түрі бар:

1. Полюссіз коваленттік байланыс болғанда ортақ электрондық жұптары арқылы

түзілген электрондық бұлт немесе байланыстың электрондық бұлты екі атомның

ядросына сай кеңістікте симметрия болып таралады.

2. Полюсті коваленттік байланыс болғанда байланыстың электрон бұлты

электртерістігі көптеу атомға, яғни электрон бұлты салыстырмалы электртерістігі

үлкен атомға қарай ығысады.

Байланыс полюстігінін шамасы ретінде дипольдің электрлік шағы алынады. Ол мынаған тең:

μ= q*ℓ (өлшем бірлігі - дебай, Кл*м)

Мұндағы: q – тиімді заряд; ℓ - диполь ұзындығы.


Коваленттік байланыстың қасиеттері:

  • қанығу - әрбір элемент атомының коваленттік байланыстың белгілі санын ғана түзе алады.

  • Бағытталуы молекулалардың кеңістіктегі құрылымына, яғни олардың пішініне себепші болады. Коваленттік байланысты түзетін электрондық бұлттарының белгілі бір бағыты болады, осының салдарынан молекулалар кеңістікте белгілі құрылысқа ие болады. Сондықтан коваленттік байланыстың бағытын түсіну үшін атомның байланыс түзуге жұмсайтын орбитальдарының пішінін ескеру қажет. Атомдардың орбитальдары кез келген бағытта емес, тек өздерінің пішіндеріне сай бағытта ғана бүркеседі.

Коваленттік байланыстың саны анықталады:

  • Атомдағы жұптаспаған электрондар санымен

  • Атомдағы бөлінбеген электрондық жұптың санымен

  • Бос валенттік орбитальдар санымен

Молекула пішіні байланыстың ұзындығымен валенттік бұрыштармен анықталады; сонымен қатар олар электрондық орбитальдардың гибридтену типіне тәуелді болады. Гибридтену ұғымын химияға Л.Полинг енгізді. Гибридтену кезінде әр түрлі орбитальдар пішіні және энергиясы жағынан теңесіп жаңа гибрид орбитальдар пайда болады. sp, sp2,sp3 и және де басқа гибридтену типтері белгілі.

Мысалы, BeCl2 молекуласы сызықтық болады, себебі sp гибридтену типі тән, H2O молекуласы бұрышты, себебі sp3 гибридтену типі тән болады.



МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ОРБИТАЛЬ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.

МОӘ ашылуына үлкен үлесін қосқан Р.Малликен. МОӘ негізгі қағидалары:



  1. Молекула – ядро мен электрондардан тұратын біртұтас бөлшек.

  2. Атомдағы атомдық орбитальдар (АО) сияқты молекулада молекулалық орбитальдар (МО) болады. АО – s, p, d, f - болса, соған сәйкес σ, π, δ, φ МО болады. МО Паули ұстанымы, Гунд ережесі бойынша орналасады.

  3. МО-дар АО-ның сызықтық комбинациясы, яғни n-АО-дан n-МО түзіледі.

Екі атомдық орбитальдар қосылуынан пайда болған молекулалық орбитальдарда әрбір бастапқы атомдық орбитальға қарағанда ядролар аралығындағы электрондар тығыздығы жоғары болады да, ал энергиялары төмен болады. Мұндай молекулалық орбитальды байланыстырушы деп атайды.

Атомдық орбитальдарды алу арқылы түзілген молекулалық орбитальда электрон тығыздығы ядролардың сырт жағында жоғары болады. Оның энергиясы бастапқы атомдық орбитальдарға қарағанда жоғары болады және босаңдатушы молекулалық орбиталь деп аталады.

Байланыстырушы орбитальдағы әр бір электрон жүйесінің тұрақтылығын қандай шамаға жоғарылатса, сондай шамаға босаңдатушы орбитальдағы электрон оны төмендетеді. Атомдық s-орбитальдардың бірігіп араласуы σ-молекулалық орбитальдар түзеді. Атомдық р- орбитальдардан түзілген екі центрлі МО-ның түзілуінің энергетикалық сызбанұсқасы көрсетілген. Атомдық рх – орбитальдардың араласып бірігуіне σрхмолекулалық орбитальдар, ал атомдық руz – орбитальдардың бірігуінен молекулалық πу және πz – орбитальдар түзеді. МО-әдісі бойынша химиялық байланыстарды қарастыру дегеніміз молекулада оның орбитальдарында электрондарды орналастыруды суреттеу. АО сияқты МО Паули ұстанымына сәйкес спиндері қарама-қарсы максималды екі электрондармен толтырылады, сол сияқты МО-ның толуы Гунд ережесіне және энергия тиімділік принципіне сәйкес келеді. Молекула түзілгенде электрондар минимальды энергияға сәйкес келетін МО толтырылады.

МОӘ бойынша байланыс санын табу үшін байланыстырушы және босаңдатушы электрондар айырымын екіге бөледі. Егер ол 0 тең болса, молекула түзілмейді, яғни болмайды.



Е σ босаң.1s Байланыс саны = (2-0)/2=1






1s 1s
σбайл1s
АО МО АО

Н Н2 Н


Сутегі молекуласының энергетикалық диаграммасы.

Иондық байланыс – электртерісітік шамаларында үлкен айырмашылығы бар атомдардың арасында түзілетін байланыс. Бұл байланыс типті металл және типті бейметалл арасында түзіледі.

Мысалы, литий фторидінде:



Li0 1s22s1 –e Li+ 1s22s0 F0 1s22s22p5 + e F- 1s22s22p6

Li+ + F- LiF
Иондық байланыстың қасиеттері:

  • Қанықпаған

  • Бағытталмаған

Коваленттік байланысқа қарағанда, иондық байланыстың бағыты жоқ және қанықпаған. Кеңістікте иондар өрісінің күші барлық жаққа бағытталған, сондықтан иондық байланыстың бағыты жоқ, демек әрбір ион кез келген бағытта қарама-қарсы иондарды өзіне тартады. Иондардың өзара әсерлесуі олардың өрістерінің күштерін өзара толық жоймайды. Сондықтан басқа иондармен әрекеттесу мүмкіндігі сақталады.

Металдық байланыс дегеніміз металдардағы химиялық байланыс. Иондық және коваленттік қосылыстардан айырмашылығы – металдарда аз ғана электрон ядро орталықтарын бір мезгілде байланыстыра отырып, ал өздері металда орнын ауыстырып қозғалады. Сонымен металдарда байланыс бекітілмеген. Қарапайым түрде металды бір-бірімен байланысқан ортақ электроннан және тығыз құрылымды катиондардан тұрады деп қарастыруға болады. Құрылымына байланысты металдар басқа заттардан жоғары электр, жылу өткізгіштігі, металдық жылтырымен ерекшеленеді.

Сутектік байланыс - өз бетінше бөлек тип болып табылады. Бұл байланыс құрамында сутегі және электртерістілігі жоғары элемент атомы бар молекулаларда кездеседі. Мұндай молеклаларда электрондық бұлт электртерістігі жоғары атом жағына өте ауыңқы болғандықтан сутегі жағында оң заряд пайда болады. Осы оң заряд көрші молекуланың электрондық орбиталінің байланыс түзбеген электрон жұбына тартылып байланысады. Бұл жағынан алғанда, сутектік байланыс коваленттік байланыстың донорлық-акцепторлық механизміне ұқсас.

Сутектік байланыстың екі түрі бар: молекулааралық және молекулаішіндік.

Мысалы, фторсутегінің молекулаларының арасында сутектік молекулараралық байланыс болады:

…H-F…H-F…H-F…,

молекулаішіндік байланыс белок молекуласында болады:

Н ….N


Сутектік байланыс байланыс типтерінің ішіндегі ең әлсіз байланыс болып саналады.


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет