ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені этнопсихологияның көкейкесті мәселелері пәні



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/3
Дата18.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.37/03-2014



Оқу әдістемелік материалдар

«Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері» пәні




Басылым №_______

«_____» __________









ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері пәні

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының магистранттарына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014


Алғысөз

1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.

30.08.2014 ж. ___________ Джумажанова Г.К.


2 ҚАРАЛДЫ

2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:

_____________Г.К. Джумажанова

Хаттама №1 «03» 09 2014 ж.

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің бюросында талқыланды:

Хаттама №1 «05» 09 2014 ж.
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________ Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛДІ

3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 «18» 09 2014 ж.
ОӘК төрайымы,

оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Магистранттың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

  1. Автотаптаурын – осы этностық қауымның өкілдеріне қатысты пікірлер, ойлар, бағалар. Автотаптаурын әрқашан жағымды бағаналудан тұрады.

  2. Агрессия (басқыншылық) – бір мемлекетің басқа мемлекетке қарсы немесе халықтың (ұлтық) егемендігіне, аймаққа қол сұқпаушылығына немесе тәуелсіздігіне қарсы күшін құқықсыз, заңсыз қолдануы.

  3. Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жаңа мәдениетке, жаңа ұлттық әдет-ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

  4. Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың (түйсігін) санасыз түрі. К.Юнганың түсінігі бойынша архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық компоненттері жалпы адамдық символика негізіне жататын түс, ертегі, миф.

  5. Этикалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін, әдет-ғұрыпын, мәдениетін және ұлттық сана-сезімін жоғалту жолымен бірігуі нәтижесінде ұлттық (трансформациясы) пайда болады.

  6. Атрибуция – адамның жүріс-тұрыс себептері мен дәлелдерін, жеке қасиеттері мен мінездерін олардың іс-әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.

  7. Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

  8. Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық-этикалық жанжалдар, кикілжіңдер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салаларынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).

  9. Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.

  10. Этикалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар категориясының құқылары мен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.

  11. Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді, салты және т.б. топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау.

  12. Этикалық бірігу – этикалық қауымдарды жақындату процесі.

  13. Этносаралық мәмле (компрамисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың өкілдерімен өзара келісімге келу.

  14. Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты халықтар өкілдерінің бір-біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.

  15. Контент-талдау - құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттастардағы және т.б. ақпараттарды талдау және т.б. ақпараттарды талдау және бағалау әдісі.

Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және таңдаулы жинақта осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты –қолдану жиілігі мен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой-пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.

  1. Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет-ғұрыптарға, жүріс-тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.

  2. Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.

  3. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті - әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық бауланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай-ақ соларға тән іс-әрекеттердің жинағы.

  4. Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құқын мойындайтын түрліхалықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моралды-бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

  5. Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.

  6. Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдениетке бірдей тән болу.

  7. Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

  8. Көші-қон – тұрақты немесе уақытша тұру мекенін ауыстыруға байланысты адамдардың орын ауыстыруы.

  9. Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин.

  10. Халықтық педагогика - әртүрлі буын өкілдерінің өзара қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы, сақталған этностық мәдениеттік салт-дәстүрінде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

  11. Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

  12. Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын, моралін, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

  13. Ұлтшылдық – ұлттық ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай-ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретіне қолданылады.

  14. Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

  15. Ұлттық психология – қоғамдық сана-сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл-әрекетінде және жүріс-тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер, философия.

  16. Ұлттық өзіндік сана-сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларды, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл-күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

  17. Ұлттық психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын, сондай-ақ оның құраушы элементтерді білдіретін негізін қалаушы категория.

  18. Ұлттық лидер (көшбасшысы) – белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

  19. Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт-дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

  20. Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі ұлт ортасында, ұлт тобында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдеті) тарихи қалыптасқан таптауырында жүріс-тұрыс әдісі.

  21. Ұлттық соқыр сенім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

  22. Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс-тұрыс формасы тұрмыс саласында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

  23. Ұлттық сана-сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

  24. Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

  25. Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

  26. Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

  27. Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

  28. Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлтаралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

  29. Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттық оқшау бөлігі.

  30. Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасымен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоциалды-когнитивті процес.

  31. Этностық ұқсастыру (идендификация) – субъекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды-когнитивті процесі, сондай-ақ оның тарихына , мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеаларына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарас.

  32. Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

  33. Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым-қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

  34. Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

  35. Этностық таптауырындар – түрлі қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл-ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

  36. Тұлғаның этностық құрылымы – адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі бір ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.

  37. Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез-құлқына, салт-дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілет.

  38. Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірі мен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

  39. Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама-қайшы келетін топаралық кикілжің формасы. Қаулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

  40. Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

  41. Этностық мәдени біліктік - өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

  42. Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

  43. Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

  44. Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

  45. Этноцентриз – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып табылатын өз этнос қауымының салт-дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

  46. Ш.Монтескье – француз ойшылы, «географиялық детерменизм» негізін қалаушы. Ұлттық рухты мойындайды және соның ішінде психологиялық ерекшелігі.

  47. Г.Штейнталь – профессор, неміс философы және тіл саласын зерттеген ғалым.

  48. М.Лацарус – «халықтар психологиясы» теориясының негізін салушы әйгілі болған швейцар ғалымы.

  49. В.Вундт – неміс психологы, ұлттық психология негізін Штейнталь мен Лацарусқа қарағанда басқаша түсінді.

  50. Г.Лебон – «Ұлттық рух» концепциясы француз әлеуметтанушысы Лебон идеяларында одан әрі жалғасын тапты. Бастысы оның «Халықтар және массалар психологиясы» еңбегі, әсіресе бірінші тарауы «Халықтар психологиясы» үлкен қызығушылық тудырды.

  51. Г.Г.Шпет –Москова университеті профессоры, Ресейде бірінші болып этнопсихологияны оқып бастаған. 1927 ж. «Этнопсихологияға кіріспе» шығарды.

  52. Ш.Уәлиханов – бірінші болып қазақ жерінде этнопсихологияны зерттеумен айналысқан ғалым



2 Дәрістер

Тақырып 1. Қазіргі этнопсихологияның негізгі теориялық-әдіснамалық аспектісі
Мақсаты: магистранттарды қазіргі этнопсихологияның негізгі теориялық-әдіснамалық аспектісімен таныстыру.

Басты сөздер: этникалық жаңаруы, этникалық парадокс, қоғамдық психология, психикалық қоры, әлемнің этникалық бейнесі, менталитет және т.б.

Бүгінгі уақытта этникалық жаңарулар, ХХ ғ. басы ХХI ғ. аяғы әртүрлі халықтың өз бетбейнесін сақтау, мәдениеттің жаңаруы, салт-дәстүрі тілі, діні, ділі, ұлттық-психологиялық қабілетін сақтау мен қатар ұлттық мемлекетін құру және қайта қалпына келтіруде. Сонымен қатар қазіргі уақытта адами қасиетті қарастыру этникалық процесте жаңарулар қарастырылуда. Бұл көптеген әлем халықтарына әсер етіп, этникалық парадокс атауын алуда.

Қазіргі этнопсихологияда келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

1. Психофизиологиялық процестерді этникалық ерекшеліктерін эксперименттік және кросс-мәдени зерттеу (ойлау, есте сақтау, эмоция, сөйлеу т.б.);

2.Әртүрлі мәдениеттің этникалық ерекшелік бағыттарын эксперименттік және кросс-мәдени зерттеу;

3.Этносаралық қатынастар психологиясын кросс-мәдени зерттеу

4.Бизнес саласындағы этнопсихологиялық және кросс-мәдени зерттеу т.б.

Этнопсихологияның негізгі мақсаты этникалыққа тиесілі бейсаналы және бейсанасыз деңгейде көрінуін және индивид немесе топ қатынасы сол этностың өкілінің психологиялық ерекшеліктерін үйрену.

Қазіргі этнопсихологияның теориялық және қолданбалы міндеттір: базалық білім, этнопсихологиялық басты сөздер, ойлаудың негізгі ықпалдарын теориялық үйрену, халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу көздерін, этноаралық қатынастар психологиясын эмпирикалық үйрену, практикалық ұсыныс жасау, этносаралық қатынастар қабылдау, әртүрлі экономикалық формалардың дамуы, халықтар арасында мәдени және саяси қатынастар, этносаралық қатынастардың жетістіктеріне психологиялық тренинг бағдарламасын дайындау, ұлттар арасында экономикалық, мәдени және саяси бірігу формасы мен елдің әр аймағындағы ұлтаралық қатынастардағы ұлт психологиясын жан-жақты қарастыру.

Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б.Ф. Поршнев үлкен үлес қосты, олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. «Біз» және «Олар»: «Біз» принциптері – бұл тұлғаның өзінің этникалық санасына тиісті, «Олар» - елдердің егемендік алып, бұрын басқа елді мекендердің өз Отандарына оралуындағы өзіндік-психологиялық ерекшеліктерді ескеруді талап етеді.

Бүгінгі күнгі этнопсихологияның даму деңгейі толық категориялы аппаратты детерминациялау мүмкін емес, яғни ғылымның өзі құрылу стадиясында болғандықтан жүргізілмейді. Сондықтан этнопсихологиялық білімнің одан әрі дамуы этнопсихологиялық зерттеулердің актуализациясы бұл жаңа ғылымның аппаратын дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Теориялық түсініктеме негізінде этнопсихология категориясының мәселесінде этнопсихологияның толық категориялық аппараты қиын көп деңгейлі жүйені құрайды. (мотивация-бейне, интеллектуалды-танымдық, эмоциялы-ерікті, коммуникативті) (В.Г.Крысько).

Бірінші деңгейлі жүйе оның пайда болу түсінігімен байланысты. Бұл этнос, ұлт, этностық топ тұлға деген түсініктер.

Екінші деңгей психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттану әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде зерттелген.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. - Алматы: Литера, 2003. – 180 с.

2.Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. - СПб.: Изд. «П.Э.Т», 2006.

3.Налчаджян А.А. Этнопсихология. - СПб.: Питер, 2006. – 381 с.

4.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.

5.Платонов Ю.П. Основы этнической психологии. - СПб.: Речь, 2005– 452 с.


Тақырып 2. Этнопсихологиялық зерттеулер туралы түсінік

Мақсаты: магистранттарды этнопсихологиялық зерттеулер мен негізгі принциптерімен таныстыру.

Басты сөздер: этнопсихологиялық зерттеулер, стандартты, кросс-мәдени зерттеулер т.б. Этнопсихологиялық параметрлік өлшемдер бақылау, интервью, тестов әдістердің көмегімен салыстырмалы - мәдени талдау жасау арқылы іске асады. Салыстыру жасырын және қолданбалы болуы мүмкін.

Этнопсихологиялық подход теориялық екі жағы: кросс-мәдени – ұлттардың психикалық іс-әрекет ерекшеліктерін салыстыру, бір немесе бір уақыт жасайтын; тарихи – бір немесе әр түрлі этнос өкілдерінің пайда болуының психикалық түсініктерін салыстыру. Дегенмен этнопсихология тек кросс-мәдени зерттеулер, екінші – психология тарихының артықшылығымен айналысады. Классикалық жағы салыстырмалы –мәдени тұрғыда этнопсихология – мәдениаралық салыстыру және зерттеу. Индувидуалды-психологиялық түсінік әртүрлі салыстырылады (танымдық процесте, мінез және т.б.) немесе әлеуметтік-психологиялық феномен (диспозиция, стереотиптер). Жалпы кескін құрылымы: тұлға және іс-әрекет параметрі салыстырмалы талдау көмегімен қойылған талаптарға адекватты мақсатына байланысты зерттеу таңдау әдісі психологиялық әрекет ету арсеналы

Этнопсихологиялық зерттеудің спецификасы әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді салыстырғанда олардың негізі, бірнеше этникалық топтармен психологиялық феномен бірге жүреді. Соның өзінде тәуелді тапсырмалар, зерттеуші қойған мақсатына байланысты, әртүрлі қорытындыларға байланысты акцентті анықтауға болады немесе ұқсастықтардың көмегімен. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері: корреляция принципі, аналогия принципі, себеп-салдар қатынас, байланыс принципі т.б. Все методы

Этнопсихологиялық зерттеулер 4 топқа бөлінеді: 1- салыстырмалы, лонгитюдті, кешенді әдіс; 2 – обсервантық, диагностикалық, эксперименттік, биографиялық, праксиметриялық әдіс; 3 – алынған эмпирикалық нәтижесін өңдеу, 4 –алынған нәтижені интерпретациялау әдісі. Для этнопсихологиялық зерттеу үшін бүгінгі актуальды мәселе репрезентативтік және валидтік этнопсихологиялық зерттеулер.



Бақылау сұрақтары:

1. Этнопсихологиялық зерттеудің логика және принциптер.

2. Этнопсихологиялық зерттеулердіі түрлерін ата (стандартты және кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеулер).

3. Бүгінгі актуальды мәселе репрезентативтік және валидтік этнопсихологиялық зерттеулер.

4. Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеулерді ата.

5. Кросс-мәдени зерттеу әдістердің ерекшеліктерін көрсет



  1. Басқарушы принциптер, бейімделу тестің аудармасын практикада пайдалану.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Крысько В.Г.Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.:Экзамен, 2002. –448

3.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

4.Саракуев Э.А., Крысько В.Г.Введение в этнопсихологию. – М.:Инст-т практ.психол., 2003. – 344 с.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.

6.Платонов Ю.П. Основы этнической психологии. - СПб.: Речь, 2005– 452 с.
Тақырып 3. Этнопсихологиядағы эксперименттік зерттеулер

Мақсаты: магистранттарды этнопсихологиялық эксперименттік әдістерді жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру.

Басты сөздер: этнопсихологиялық зерттеулер, стандартты, кросс-мәдени зерттеулер т.б.

Қазіргі этнопсихологияда көп орында эксперименттік зерттеулер алады. Этнопсихология эксперимент – әдіс, процесте этникалық ерекшеліктердің үйренудің шарттарын жасау, сонымен өмірдегі адамдардың іс-әрекет көрінісін әртүрлі жағдайларын бақылайды, белгілейді. Эксперименттің үш негізгі категориясы бар: лабораториялық, негізгі, полевые т.б.

Лабораториялық эксперименттің басты түсінігі зерттеуді қадағалау, өзгерістерін бақылау, ішкі өзгерістерін бақылау зерттеудің нәтижесінде көрінеді. Америка этнопсихологиялық ортасында лабораториялық эксперименттер «ерекшелігін таңдау» және «еркін бейнелеу» әдістемесі үлкен жетістікке жеткен. А.Катцем және У.Брейли Принстонского университета студенттерінің этникалық стереотипін анықтау үшін құрастырылған.

В.Вундт этнопсихологияның феномен негізі ретінде ұлттық психологияны алған. XIXғ. аяғы – XX ғ. басы В.Вундттың фундаментальды зерттеулері жарық көрді, оның ойынша анықталмаған «халық рухы» халық психологиясына шынайы анықтама берген, халықтық психологияда халықтық рухына тиісті емес нысана санасы ретінде көрінеді. В.Вундт екі психологияның бар екенін негіздеді– эксперименттік және ұлттық психология.

Ең алғашқы эксперименттердің бірін Ла Пьера жүргізді, соның негізінде «Парадокс Ла Пьера» анықталған болатын.

Семантикалық дифференциалдық (СД) әдіс, ассоциативті әдістердің әртүрлілігі ретінде. Көбісі СД этникалық ерекшеліктерді эксперименталды амалдаң өлшемі ретінде қарастырады. Ол бірнеше ерекшеліктерге ие – сапалы мінездеме алу ғана емес, сонымен қатар ауқымды параметрлердің стереотиптерін; зертеулердің салыстырмалы мүмкіндігі, оқытушылардың әртүрлі тілдік құрылым ықпалын сәйкестендіреді; кез-келген сыналушы коненгент жұмыс мүмкіндігін, басқалар үшін СД әдісі тиімді басқа семантикалық әдістерге қарағанда.



Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық гуманитарлық ғылымда эксперименттік әдіс әдіснамалық мәселелері ретінде.

2. В.Вундт этнопсихологияның феномен негізі ретінде ұлттық психологияны алған.

3.Этнопсихологиядағы эксперимент түрлерін ата.

4.СД ассоциативті әдістеме ретінде.

5. «ерекшелігін таңдау» және «еркін бейнелеу» әдістемесінің ерекшеліктері. (А.Катц, У.Брейли)

7. «Парадокс Ла Пьера» мағынасы?

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Крысько В.Г.Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.:Экзамен, 2002. –448

3.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

4.Саракуев Э.А., Крысько В.Г.Введение в этнопсихологию. – М.:Инст-т практ.психол., 2003. – 344 с.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.

6.Платонов Ю.П. Основы этнической психологии. - СПб.: Речь, 2005– 452 с.
Тақырып 4. Этнопсихологиядағы кросс-мәдени зерттеудің теориялық бағдары

Басты сөздер: протоғылыми білім, географиялық детерминизм теориясы, халық рухы, антропологиялық психология, кросс-мәдени психология , т.б.

Мәдени болмысын, салт-дәстүрін, құндылығын, мінез-құлқы, ұлттың өзінділік ерекшелігін үйренуге қызығушылық танытады. Протоғылыми білім – әртүрлі әлеуметтік-этникалық адамдардың даму тарихының көрсеткіші, кросс-мәдени зерттеулердің постзаманауи ғасыры – бұл адами өзінділік диапазоны мәдени және этникалық феномен. XVIII ғ. әлеуметтік-этникалық ұлттық мінезді зерттеулерді үйрене бастады

XIX ғ екінші жартысында әлеуметтік-этникалық даму мәселесінің жаңа этаптарын құру, ұлттық психологияның теориялық және әдіснамалық жұмыстарын жаңартып, неміс және француз ғалымдары Г. Штейнталя, М. Лацаруса, В Вундта, Э.Дюркгейма и Г. Лебона еңбегінде бастау алды.

Әлеуметтік-этникалық мәселесі психология саласында өздігімен ғылыми бағытты біртіндеп үйрену, социология, психология, психиатрия, этнология саласында кеңейтілген, процесс барысында өзінің атуы бірнеше рет өзгерді – тарихи мектептен, «Мәдениет жіне тұлға» мектебі, «Тұлғаның негізгі құрылымы» зерттеуі, «Тұлға модальдігі», қазіргі кросс-мәдени және антропологиялық психология дейін ұлттық мінезді зерттеуі.

Америкалық психологияның бастауында бұл концепцияда ұлттық мінез интенсивті зерттеу және бір уақытта теориялық-әдіснамалық негіздерін үйрену. Кейінірек бұл топтаманың екі негізгі бағыттары – тұлғалық- бағдарлар және мәдени- орталықтандыру ұлттық мінезді зерттеу.

ХХ ғасырдың 60- жылдарында этникалық спецификасы жаңа бағыттың дамуы, антропологиялық мәдениет салт-дәстүрдің жалғасуын зерттеу, тұлға және мәдениет психологияның негізгі зерттеу, үйрену нысанасы.

Қазіргі кросс-мәдени психология ғылым ретінде қарастырылуда, индивидтің сәйкестілігі, әртүрлілігі, әртүрлі мәдениеттің және этностық топтардың; психологиялық әртүрлілігіне байланысты қоғам мәдениеті экономикалық және биологиялық қабілеттеріне, сонымен, қазіргі уақыттағы өлшемдерінің біртектілігін.

Бірақ кросс-мәдени зерттеулер тек қана мәдениеттің әртүрлілігін, бірдейлігін салыстырып қоймай, адамдардың білімдерін түсіндіру, әртүрлі мәдениеттің адамдарын салт-дәстүріндегі кемшіліктерді үйрену мүмкіндік береді. Кросс-мәдени психология детерминанты түсінігінің негізі, олар зерттеуге деген көзқарастарын, логикаға, ғылымғм тіреледі және білім алуға жол көрсетеді. Кросс-мәдени түсінігі кең мағынада психологиялық принциптердің ауқымды жақтарын бөліп көрсетті универсалды (барлық адамдарға сенімді, мәдениеттің бірнеше жақтарын көрсететін), сонымен мәдени- спецификалық (барлық адамдарға сенімді, мәдениеттің бірнеше жақтарын көрсететін).



Бақылау сұрақтары:

1. Ш.Монтескье «Географиялық детерминизм теориясы» концепциясы?

2.әлеуметтік-этникалық ойлардың неміс философиясында дамуы?

3. Г.Штейнталя и М.Лацаруса. концепциясына этнопсихологиялық мінездеме.

4. В.Вундта «Ұлттық психология» негізгі ойлары

5. «Мәдениет және тұлға» негізгі бағыттарына мінездеме.

7. М.Коуола зерттеулеріндегі мәдени-тарихи бағыттар

8.Қазіргі кросс-мәдени зерттеулердің әдіснамалық мәселелері (Д.Мацумото).



Ұсылынған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

3.М.Коуол. Культурно-историческая психология. – М.:Когито-Центр, 1997. – 432 с.

4.Мацумото Д. Психология и культура. – СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2003.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.


Тақырып 5. Кросс-мәдени зерттеудегі этнос және мәдениет

Мақсаты: магистранттарды этнос және мәдениеттің негізгі детерминанты, кросс-мәдени зерттеудің эксперименттік нысанымен таныстыру.

Кілтті сөздер: этнос, мәдениет, этностың психологиялық өлшемдері, мәдениет т.б.

Этносаралық қатынастар әлеуметтік-этникалық мәселелер қазіргі психология саласында түсініктердің сәйкестігін ажырату жүйесі, осы детерминациялық қатынастармен байланысты. Сондай түсініктердің бірі «этнос» категориясы.

«Этнос» категориясы негіз болғандықтан, ғылымда көп уақытқа дейін екі түсінік беріп келді. Нақты ғылымда біреуі ғана қаралды, оны Ю.В.Бролеев қарастыра отырып, этнос-әлеуметтік мәдени көрініс деп айтты. Оның ойынша этнос – белгілі территориядағы тарихи құрастырылған адам жиынтығы, яғни жалпы соған байланысты тіл ерекшелігі, мәдениеті мен психикасы сонымен қатар өзінің бірлігі мен басқаларға ұқсамайтын, саналы фиксацияланған түсінік деп айтты.

Л.Н.Гумилев биологиялық бірлік ретіндегі «биосфера феномені» деп түсіндірді. Оның ойынша этностар – биосфера шекарасы мен әлеуметсферасында жатқан арнайы жер биосферасын құруды көздеген құрылым. Этнос түсінігіне нақты дәлел жоқ. Тіл, пайда болу, салт, материалды мәдениет, идеология, ылғи анықтау болып тұра алмайды.

Л.Н.Гумилев этносты оның өзіне тән әлеуметтік және табиғи бірліктерімен қарастыру қажеттігін көрсетеді. Этностың ьұрақты жүйесі оның сандық көрсеткішімен және атадан балаға тура таралуымен, сонымен қатар өзара байланыстылығымен анықталады, дейді. Әр ұлттың құрылымы жекелеген адамдардан, белгілі тұлғалардан құралады. Ұлтты осы тұлға тұрғысынан зерттеуіміздің мәні де осында .

Ұлттық психологиялық ерекшелік түсінігі. Этнопсихологиялық сөздікте ұлттық психологиялық ерекшелік әлеуметтік-психологиялық көрініс ретінде анықтайды, яғни әртүрлі қоғамдағы сананың болуы.

Крыско Ресей халқының көп деңгейлі формасын көрсетуде және зерттеуде, олардың арасында мотивациялық-фонды интеллектуалды-танымдық, эмоциональды-еріктік, коммуникативті-қимыл әрекеттік деп қарады.

Сонымен, мотивациялық-фонды ұлттық психологиялық ерекшелік нақты этностың қоғамдағы адамдардың іс-әрекет күшінің мінездемесінің ерекшелігін айқындайды, мотивациялық анықтайды және жұмыс қабілеттілігін ашады.

Интелектуалды-танымдық ерекшелік ұлттық психиканы тасымалдаушылардағы өзіндік қабылдау мен ойлауды танымдық және интелектуалды сапада специфика түрінде алмастырып, қоршаған шындықты өз ойымен қабылдап, бағалау мен түзету жүргізіу.

Бақылау сұрақтары:

1. Кросс-мәдени аспектісінің танымдың процесте қалай анықталады?

2. «мәдениет» психологияның феномен ретінде категорияның негізін атаңыз

3. Мәдениеттегі Emic и etic мағынасы немен аяқталады

4 Психологиядағы мәдениет өлшемдерінің көрінісі.

5. Мәдениеттегі синдром түсінігі?

6.Мәдениеттегі индивидуалдық және ұжымдықтың этнопсихологиялық ерекшеліктері. 7.Мәдениет танудағы құндылық өлшемдерінің ерекшеліктері.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

3.М.Коуол. Культурно-историческая психология. – М.:Когито-Центр, 1997. – 432 с.

4.Мацумото Д. Психология и культура. – СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2003.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.


Тақырып 6. Кросс-мәдени аспектідегі тұлға

Мақсаты: магистранттарды кросс-мәдени аспектісінің тұлға түсінігімен таныстыру.

Кілттік сөздер: мәдени микрокосм, универсальды және мәдени-спецификалық тұлғалық сызық және т.б.

ХХ ғасырдың басында тұлғаны зерттеуге бағытталғын пәнаралық байланыс, ол психологиялық антропология атауынан алынған. Бұл ғылыми пән шеңберiнде тұлғаның мәдени алдын ала келiсiп алуын талдауға (З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Фромм), структуралық (Ф.Боас, К.Леви-Строс),конгвистикалық (Ж,Пиаже, М.Коуол) тәсiлдер психоаналитиякада қатар өмiр сүредi. Бұл пән «Мәдениет және тұлға» мектебіне байланысты жан жақты таңылды, сол уақытта мына ой ұсынылған: тұлға тек мынадай жағдайларда ғана зерттеуге болады, егерде олардың мәдени ортасы зерттеліп түсіндірілсе, тұлғаның қайлай жетілу контекстісі; мен бір бірімен бекітілген әр түрлі символдар арқылы көп қатарлы жүйенің мәдени моделін көрсетеді; сонымен қатар дамуды зерттеуге, өзгерудің, мәдениеттің ықпалын, мына көз қарасқа сүйене отырып, тұлға - ол ең күрделі жүйе болып саналады, мағыналарды тудыруға қабілетті; тұлға- бұл ерекше микрокосм, одан мәдени даму тікелей бағынышты болып есептеледі.

30-шы жылдардың ортасынан америка психологиясында жаңа кезең басталады, мынадай аттармен баланысты А.Кардинера, Р.Линтона, К.Дю Буа және т.б., олардың тұжырымдамаларынан мынадай ұғымдар дамуларды алады, психонализден пайдалануға алынған, мысалы «санасыздық», «төменгi сана», «психиканы қорғайтын тетiктер» және басқалары.

Бұл бағыт теориялық ұғынуды негiз кросс - мәдени зерттеулер тұжырымдаманы жаса А.Кардинера «негiзгi жеке құрылым».

Тұжырымдаманың негiзiнде «модалдi тұлға», американдық психологияда ұлттық мiнездi қарқынды зерттеу XX - ғасырдың 40 жылдардың соңнан басталды.

Мәдениеттi - антропологиялық зерттеулер шеңберiнде ұлттық мiнездi зерттеуге тәсiлдерi бiрнеше теориялық-әдiстемелiк дерлiк бiр мезгiлде ұсынылды. Бұл тәсiлдер соңырақ екi негiзгi бағытта топтастырылды - жеке - бағдарлалған және мәдениеттi - ортаға келтiрiлген.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Этнопсихологияда тұлға неге бірегей мәдени микрокосм ретінде қаралады.

  2. Тұлғаның дамуының психологиялық процесстері және мәдени зерттеудің ерекшеліктері немен аяқталады.

  3. Тұлғаны зерттеуге бағытталған жекелік-ұйымдастырылған және мәдени-орталықтандырылғанның ерекшелігін атаңыз.

  4. Тұлғаның концентрлiк үлгiсiнің ерекшелiгі (И.Сау).

  5. Тұлғаның эмперикалық және кросс-мәдени эксперименттік зерттеу

Пайдалануға арналған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

3.М.Коуол. Культурно-историческая психология. – М.:Когито-Центр, 1997. – 432 с.

4.Мацумото Д. Психология и культура. – СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2003.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с


7-8 тақырып. Танымдық процесстегі кросс-мәдени зерттеулер

Мақсаты: Магистранттарды танымдық процессте жүргізілген кросс-мәдени зерттеудің ерекшеліктерімен таныстыру.

Кілттік сөздер: перцептивті процестердегі мәдени айырмашылықтар, компенсаторлық болжам, көзқарас және оптикалық алдамшы көрiнiстер және т.б.

Мәдени тарихи психологияның негізін салушылардың бірі М.Коул атап өтуі бойынша, ең алғашқы перцептивті процесс мәдени айырмашылықтарымен зерттеуді негізгі еткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында. Кембридж университетінің ғалымадары У. Гиверсом, К. Майерсом және У.Мак.Дугаллом іске асырған болатын. Бұл ғалымдардың есімдері, ғылымда кросс-мәдени психологияның немесе психолгиялық зерттеуде кросс-мәдени бағытының негізін қалаушылары ретінде есімдері қалды.

У.Риверс және оның әріптестері сенсорлық қабілеттіліктерге аса назар аударды. Сенсорлы қабілеттіліктерге көздің жақсы көруі, түсті қабылдауы, кеңістікті қабылдауы, есту қабілеті жақсы болуы, еліктіруі, дәмділігі, тактильді сезімталдығы және көру иллюзиясының зерттеуге келетінділігі жатады. Бұл аталған қабілеттер, компенсаторлы болжамға сәйкес қарапайым халақтар мен европалықтардан айырмашылықтарын бөлу керек еді. Бірақ жүргізілген зерттеулердің анализі тек мәдениетаралық айырмашылықтарды ғана көрсеткен.

Танымдық процестердегі кросс-мәдени зерттеулердің назарында басты мәселе болып мәдениеттің қабылдауға әсерін қарастырады. Ең біріншіден активті түрде келесі сұрақтарды қарастырады: мәдениеттің көру иллюзиясына әсері; перцептивты тәжірибенің өнерді көруді суреттеу; адамдардың мәдени ортақтықтың әсерінің нәтижесінде, қоршаған ортаны тез және нақтырақ қабылдайды ма? 30 жылдпрдың аяғында Л.С. Выготский, А.Р. Лурия өзбектер мен тәджіктердің ойлау және қабылдау ерекшеліктерін зерттеген, 1963-66 жылдары М.Сегаллом, Д.Кембеллом, М.Херскович түрлі мәдениеттердің көру иллюзиясына эксперименттік-эмперикалық зерттеу жүргізді. Бұл зерттеулердің нәтижесінде тікбұрышты әлем және фронтальді-горизонтальді теориясының негізін қалады. Бұл екі теорияның да негізінде перцептивты тәжірибенің негізінде әлемді қабылдау болып табылады. Біздің көруіміздің барлығы-объектіге шағылысқан жарық комбенациясы болып табылады. Ол көз сеткасымен қабылданып біздің дүниені қабылдау тәжірибеміз негізінде қабылдайды. (Ол біздің тәжірибемізбен және мәдениетіміз негізінде қалыптасады)

Ойлауды кросс-мәдени зерттеу-бұл көбінесе психологтар. Қызмет атқаратын, үлкен кеңістік болып табылады. Түрлі мәдениетте қоғам туралы әртүрлі ойлар қалыптасқан. Әр мәдиентте тұлғаны табысқа жетелейтін қасиеттелді бағалайды. Және әр ортаның ерекшелігіне қарай табысты іс-әрекет түрліше бағаланады. Бұл өзгешелік интеллекты кросс-мәдени зерттеу үшін маңызды болып табылады. Себебі, интеллектіні анықтауға арналған тестты орындау арқылы, іс-әрекеттін көрсетеді. Сол себепті де психологтардың көпшілігі интеллектіні анықтауға арналған тестті мәдениеттен тыс құрастыруға болмайды деп есептейді, себебі вербалді және когнетивті тәжірибенің өзі өлшеуге түседі, ал бұл тестті құрастырушы тұлғаның өзі сол мәдениетте қалыптасады. Қазіргі кезде этнопсихология IQ мәдениетаралыө өзгешеліктерін атап көрсетеді. Біріншіден, интеллект және инттелектуалды тұлға туралы, әртүрлі қоғамда түрлі ой пікірлер қалыптасады. Екіншіден, әр мәдени ортада өзінің қабілеттерінің анықтылығының жолы дұрыстығы жайлы ой-пікірлері сәйкес келмейді.

Жан Пиаже өзінің ғылыми жолын когнетивті процестегі мәдениетаралық ролін зерттеумен бастаған болатын. Оның теориялық жұмыстарының жалпы мазмұны тұлғаның когнетивті процессін мәдени-әсері болып табылады. Ол мынадай қорытындыға келді, әрбір қоғамдық ұйымға сәйкес өзіндік анықтама «ментальділік» беріледі.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Танымдық процесс пен мәдениеттің арасында қандай байланыс бар?

2. Перцептивті процесттерден эксперименттік зерттеудің айырмашылығы қандай? (Р.Риверс, К.Майерс, У.МакДугалл).

3. Мәдениет пен қабылдаудың арасында қандай байланыс бар?

4. Оптикалық көріністерде кросс-мәдени зерттеулерде қайсысы жүргізілді?

5. Л.С.Выготским, А.Р.Лурией жүргізген танымдық процесстердің кросс-мәдени ерекшеліктерін атаңыз.

6. Ж. Пиаже когнитив пен мәдени даму арасындағы қандай байланысты дәлелдеді?

7. Интеллектінің кросс-мәдени зертеулерінің қандай мәселелері бар?

8. Зияткерлік тесттілеудің парадоксы қандай?

9. Л.Леви-Брюлянің алғашқы қауымдық кезеңдегі адам мен қазіргі адамның менталитеті жайлы ойы.

10. К. Леви-Стростың ойлау жүйесіндегі әмбебаптылығы.

11. Мәдениет және ес жайлы қандай зерттеулер қазіргі психологияға тән?

12. Сепира-Уорфаның лингвистикалық қатынас жайлы болжамы немен қорытындыланады?

Пайдалануға арналған әдебиеттер:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Крысько В.Г.Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.:Экзамен, 2002. –448

3.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

4.Саракуев Э.А., Крысько В.Г.Введение в этнопсихологию. – М.:Инст-т практ.психол., 2003. – 344 с.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.


9 тақырып. Этносаралық қарым-қатынас психологиясы

Мақсаты: Магистраттарды ұлтаралық қарым-қатынастың негізгі түсініктерімен таныстыру.

Кілттік сөздер: ұлтаралық қарым-қатынас, ұлтаралық өзара әрекеттестік, ұлтаралық қабылдау, ұлтаралық тәрбие т.б.

Этносаралық қарым-қатынасты анықтаудың бастысы, оларды бүгінгі таңда үлкен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Дегенмен бiздi ұлтаралық қатынастар үшiн ғана тән, психологиялық оқиғалар және процесстер айрықша болмағанын түсiнемiз. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас үшін универсалды болып табылады.

Әлемдік психологиялық ғылымда қазірге дейін «топаралық» және «ұлтаралық қарым қатынас», «топаралық» және «ұлтаралық тәрбие», «топаралық» және «ұлтаралық өзара әрекеттестік» түсініктерінің термині нақты емес. Оның жалғасы ретінде, қазіргі әлеуметтік және ұлттық психология түсініктері тең дәрежеде жиі қолданылады.

Зерттеудің қызығушылығы, ережеге сай оқиға алмасып тұрады, ол ұлттардың өмірлік талапқа сай ортада болып жатырған іс-әрекеті.

Сондықтан бүгінде зерттеудің басты көзқарасы мазмұнын анықтайтын динамикасын, мінезі мен ұлтаралық қарым-қатынастың дамуымен көптеген гуманитарлық ғылымдар айналысады, ол Г.М.Андрееваның ұлтаралық қарым-қатынас проблемасын әлеуметтік-саяси мәдени білім жүйесіндегі интеграцияланған күш ретінде қарауына мүмкіндік береді.

Ұлтаралық қарым-қатынаста әлеусеттік-психологиялық өзектілік ретінде көрсете отырып, басты қажеті ұлтаралық қарым-қатынас аймағындағы психологиялық зерттеудің пәнін анықтау қажет. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық принціптік ерекшелігі әлеуметтік этникалық проблеманы қазіргі психологияда көңіл аударудың ортасы ұлтаралық процестер және әртүрлі байланыс, қоғамдық қарым-қатынас емес, ішкі көрініс және осы процесстерді тұлғаның қабылдауы, ұлттық этникалық топтың мүшесі ретінде когнетивті эмоциялық орта, этносаралық қарым-қатынастың дамуына шынайы белгіленеді.

Ғылыми білімнің басқа да салалары негзінен қалыптасқан этносаралық қарым-қатынастың фиксация және контатациясын шектейді. Сол негізге сәйкес болар алдағы дамуға анализ жасауға тырысады. Тек қана әлеуметтік және этникалық психология бұл қарым-қатынастың ішкі мазмұнын зерттей отырып олардың сыртқы көрінісін анықтайды және нақты болжам жасай алады.

Ұлтаралық қарым-қатынастың теориялық және эмперикалық негіздерді ой елегінен өткізу әлеуметтік этникалық мәселені қазіргі психология бұл зерттеу жұмысының структуралық компоненті когнетивті эмоциялық орта және этномобилді іс-әрекетін анықтайтын ұлттық этникалық топ өкілдері.

Осыған орай ұлтаралық қарым-қатынастың психологиялық жүйесін келесі бағыт бойынша ұсынуға болады: ұлтаралық қабылдау және ұлтаралық өзара іс-әрекеті.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қазіргі этнопсихологияның ұлтаралық қарым-қатынас негізгі мәселесі ретінде.

2. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынастың концепциясының негізгі ережелерін атаңыз. А.Тэшфела и Дж.Тернера

3.Ұлтаралық қарым-қатынастың психологиялық құрылымын ашыңыз.

4. Ұлтаралық қатынастардың негiзгi психологиялық детерминанттарын атап көрсетіңіз.

5.Ұлтаралық қарым-қатынас психологиядағы эксперименттік зерттеу(В.С.Агеев, В.Г.Крысько, Г.У.Солдатова).

6. Ұлтаралық қарым-қатынас психологиядағы эмперикалық зерттеу бағдарламасының әдістері және принциптері.

Пайдаланылуға арналғансұрақтар:

1.Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008. – 176 с.

2.Крысько В.Г.Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.:Экзамен, 2002. –448

3.Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224 с.

4.Саракуев Э.А., Крысько В.Г.Введение в этнопсихологию. – М.:Инст-т практ.психол., 2003. – 344 с.

5.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006. - 386 с.



: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет