ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Гендерлік психология»



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.35

/03-2012


«Гендерлік психология» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция №3 13.09.12.




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Гендерлік психология»

«050503» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ




Термин атауы

Термин мазмұны

1

Адаптация

Бейімделу


2

акцепт

Екпін

3

антипатия

Сүйкімсіздік, жиренішті


4

амбиция

Шамданғыш, ызақор

5

апатия

Енжарлық, селқостық


6

база

Негіз


7

валидті

Жарамды


8

гипотеза

Ғылыми болжам


9

диаграмма

Кесте


10

диагностика

Анықтау


11

интеллект

Ақыл-ой


12

инструкция

нұсқау


13

Интервал

Арақашықтық


14

интерпритация

Түсіндіру, талдау беру


15

классификация

Жүйеге келтіру


16

конфиденциалды

Жасырын


17

корректив

Түзету


18

критерии

Белгі


19

корреляция

өзара байланыстылық


20

концепция

Пікір


21

компетенттілік

Хабардарлық, жете білушілік


22

манипуляция

Басқару


23

мотив

Себеп, дәлел


24

мода

Үлгі


25

норма

Норма, ереже, шама, мөлшер


26

потенция

Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің жеткіліктілігі


27

реприза

Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау


28

репрезентативті

Дәлдігі


29

фиксация

Жазып алу, белгілеп қою


30

этап

кезең



2 Дәрістер

Гендрлік психологияға кіріспе

  1. Гендрі психология пәнінің міндеттері.

  2. Гендерлік психология әдістері.

«Гендер» деген сөз әлеуметтік жыныс деген мағынаны білдіреді. Гендрлік психология ерлер мен әйелдердің айырмашылықтарын және ұқсастығын зерттейтін ғылым. Жыныспен байланысты болатын психиканың ерекшеліктері гендрлік психологияның пәні болып табылады. Оларды нақтылаумен гендрлік психологияның бөлімдері айналысады: Үлкен 6 бөлімді атап көрсетуге болады:

  1. Ерлер мен әйелдерді салыстыру;

  2. Әйелдер психологиясы;

  3. Ерлер психологиясы;

  4. Гендрлік әлеуметтану

  5. Гендрлік қарым – қатынас психологиясы

  6. Лидерліктің генрдлік психологиясы.

  1. Ерлер мен әйел адамдарды салыстыру. Гендрлік психологияның тарихында бұл бөлім әртүрлі атауларға ие болған:

Жыныстық диформизм

Жыныстық дипсихизм

Жыныстық айырмашылықтар

Гендр айырмашылығы

Ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар әртүрлі параметрмен салыстырылады. Бұл жерде тек айырмашылықтар ғана емес сонымен қатар ұқсастықтарында тапқан жөн. Бұндай салыстырудың мақсаты жыныстардың өзіндік ерекшеліктерін ерлер мен әйелдердің спецификалық ерекшелігін табу.

2. Әйелдер психологиясы. Әйел адамдардың психологиясы мен мінез-құлығының ерекшелігін зерттейді: Бұл бөлімде әйелдердің минстриуалдық цикл, жүктілік кезеңінде, босану кезеңінде, климакс кезеңінде психикалық жағдайы баяндалады. Сонымен қоса әйелдер психологиясы пәні реті. Ана болу әсіресе жанұяда әйелдер іскерлігі, әйелдерге тән мамандықтар, оларға тән жұмыссыздық, әйелдерге тән девиантты мінез – құлық және әйелдерге тән спецификалық аурулар қарастырылады.

3. Ерлер психологиясы. Бұл бөлімнің пәні әйел адамдарда жоқ психикалық ерекшеліктер болып табылады. Ерлер гармондары олардың қабілеттеріне қалай әсер ететіндігі жайлы тек ерлдерге ғана тән аурулар жайлы қарастырады. Сонымен қоса ерлер өлімінің психологиялық факторларын зерттеу де өте маңызды. Ерлерге тән мамандықтарды зерттеуге болады. Сондай-ақ ерлер топтары – іскерлік, кәсіби топтар, клубтар, компанияларды да қарастыруға болады. Ондай жерлерге әйелдер жіберілмейді.

4. Гендрлік әлеуметтану. Бұл бөлімнің пәні әлеуметтану болып табылады: гендрлік рөлдерді меңгеру, гендрлік мендік немесе осы процеске гендрлік стериотиптерді қалай әсер ететіні қарастырылады.

5. Гендрлік қарым – қатыснас психологиясы. Бұл бөлімде гендрлі қарым – қатынас түрлері, ерекшеліктері қарастырылады:

достық, сексуалды, ерлі – зайыпты қатынастар. Сонымен қоса жыныстар арасындағы дивиантт қарым – қатынас.



  1. Лидерлік: Бұл бөлімді қарым – қатынас деп атау дұрыс емес, себебі, мұндағы ерлер мен әйелдер лидерліктері, олардың бір – біріне болымдылығы, тәуелділігі жеке – жеке зерттеуді талап етеді.

Гендрлік психология міндеттері болып- теориялар мен консепцияларды, әдіс және әдістемелерді зерттеу және кең түрде зерттеу өткізу, ал оның қолданбалы аспектісінің міндеті практикаға жетістіктер мен қорынытындылар енгізу. ХХ ғасыр басында Гендрлік психологияда зерттеу әдісі қолданылды.

  1. Дөрекі индукция. Бұл әдістің көмегімен әйелдер мен ерлер жайлы айтылған тұрмыстық пікірлер айырмашылықтары талданады.

  2. Эксперимент. Бірақ бұл әдіс көп қолданылмайды.

  3. Дидукция әдісі. Жалпы психикалық жетістіктері мен ондағы заңдылықтар зерттеушілерге жыныстарын ескеру арқылы қолданылады. Бірақ мұнда спицификалық еркшеліктері ескерілмейді. Бұл әдісті көбінесе Франция ғалымдары қолданады.

  4. Географиялық әдіс. Бұны тарихи ағартушыларды талдауға қолданады. Әсіресе әйелдерге қолданады. Себебі әйелдер арасындағы тарихи тұлғалар аз, өйткені ерлерге қарағанда әйелдерге атаққа ие болу қиындық әкеледі.

  5. Анкета – құнды әдіс саналады. Бірақ зерттеушілерге кейбір ерекшерілтерін ескеру қажет болды. Мысалы, олардың эмоциялық – қазіргі кезде гендрлі психологияда психологиялық әдістердің көп түрі қолданылады.

Бақылау, эксперимент, анкета, интервью, тест, модельдеу. Бірақ бұлардың барлыы гендрлік мәселені шешуге тиімді бола бермейді.
2 Индивидуалды сипаттамалар.

  1. Бойы.

  2. Салмағы.

  3. Зат алмасу мен энергияны жинақта-таратуға бағдарлануы.

  4. Тамақтану және тамаққа көзқарасы.

  5. Дене бітімі.

  6. Кейбір физиологиялық көрсеткіштері.

Бой.

Бұл көрсеткіш бойынша әйел адамдар мен ер адамдар ерекшеленеді. ХХ ғ. басында алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақыттың жыныстық айырмашылықтар бойынша тенденцияларды атауға болады: жас кезінде ұл балалар салмақтары бойынша ауыр болып келеді, қыз балалар тез дамиды.

ХХ ғ. ІІ жартысында алынған мәліметтер бойынша бойдың көрсеткіштері акселерация немесе секулярлы тренд құбылысымен шарттас. Бұл ұғымды 1935 ж. Е.В.Кох енгізген.

Г. Гримм бойынша акселерация құбылысы қала балаларында ауыл балаларымен салыстырғанда жиі кездеседі. Қыз балаларда бойдағы жылдам өсу құбылысының басталуы мен аяқталуы ұлдарға қарағанда ерте болады.


Салмақ.

Бұл көрсеткіш бойынша да жыныстық айырмашылықтар байқалады. Осы уақытқа дейін он жасқа дейін қыз балалардың және ұл балалардың салмақтары бірдей болатыны, ал 10-16 жас аралығында қыздардың салмақтары үлкен болып, 16 жастан кейін ұлдардың салмақтары айтарлықтай үлкен болады.

Қыз балалар мен әйел адамдар ұлдар мен ер адамдарға қарағанда салмақты көп қосады. Әйел адамдарда, ер адамдарға қарағанда энергетикалық қажеттілік төмен және салыстырмалытүрде зат алмасу процесі тұрақты.

Энергияны жұмсауға байланысты жыныстық айырмашылықтар қарапайым зерттеленушілерде жоқ, бірақ бұл үрдіс лидерлерде байқалады: әйел адамдарда энергожұмсау байқалса, ер адамдарда, керісінше, энергияны сақтау, күштерді минимализациялау.

Ер адамдар көп тамақ ішеді. Олар тағамның құндылығына көп көңіл бөледі. Ал әйел адамдар пайдалы тағамды қорек етеді, дене салмағын бақылап отырады, көптеген арылуға арналған диеталарды ұстанады.

Адамның дене бітімі биологиялық факторларға (гормондар, тұқымқуалаушылық), әлеуметтік факторларға (тағам, қозғалмалылық) да байланысты.

Ұл балалардың өкпелері үлкен болады да, өмір барысында бірқалыпты өсіп отырады. Ал қыздарда бұл көрсетікіш секірмелі болады. Ер адамдардың қаңқалары берік болып келеді, өмір бойында өз беріктілігін жоғалтпайды.

3 Гендерлік демография


  1. Денсаулық және аурулар.

  2. Жыныстардың қоғамдағы пропорциясы.

  3. Өмір ұзақтығы мен өлм мәселесі.

Бұл бөлімде біз денсаулықтағы жыныстық айырмашылықтарды, ауруларды, сондай- ақ жыныстардың – туылу мен өлуіне байланысты әсер ететін демографиялық көрсеткіштерді айтамыз.

Денсаулық және аурулар

Адамның денсаулығы оның өмірге деген қанағаттанушылық сезімімен тығыз байланысты. Кім көп ауырады- еркектер ме немесе әйелдер ме? Сәйкесінше кімнің денсаулығы мықты. Бұл сұраққа жауап беру үшін көптеген факторларды ескеру қажет: мемлекетті, мәдениетті аурудың түрін, жасерекешілік тобын т.б.

Г.Гейманстың зерттеулері бойынша екі жыныста ауырғанда дәрігерлік көмекті қажет етуде, бір- бірінен айырмашылықтары болған жоқ. Бірақ әйел адамдардың пікірінше әйелдер бұны тез орыныдайды. Осылайша, дәрігерлерге деген махаббат туралы мифті әйелдер өздері шығарып алған. Гейманстың зерттеуінде ер адамдар саны 2519 адам облса, ал әйелдер- бар болғаны 147 болды.

Денсалықтағы жыныстық айырмашылықтарды анықтауда әйелдер мен ер адамдардың әлеуметтік жағдайын ескеру қажет болды.

Э.Лахелма және оның әріптестері Ұлыбританиямен Финляндияның әйелдері мен еркектерінің денсаулығы мен ауруларының көрсеткіштерін салыстырды. Мұндай денсаулық үшін үш фактор анықталыныды: мәдениет (мемлекет), жас ерекшелігі және өзара әрекетіндегі гендер. Еркектер мен әйелдер денсаулығы жағынан, ауру жағынан да бірдей болды.

Бірақ ағылшын әйелдері мен финдық еркектер өздерін төмен сезінді. Ұлыбританияда гендерлік теңсіздік еңбек нарығында байқалады. Себебі, онда үйшаруашылығымен айналысатын- әйелдердің көптігі. Финдық әйелдер ер адамдармен бірдей жұмыс істейді және бұл оларды өздерін біршама жақсы сезінулеріне көмектеседі.

Жыныстардың қоғамдағы пропорциясы. Жыныс пропорциясы еркектердің санымен өлшенеді, 100 немесе 1000 әйелге. Бұл көрсеткіштердің 3 түрін көрсетеді, бірінші (ұрықтанудағы әйелдер мен еркектер зиготаларының сәйкес келуі), екінші (жаңа туылған ұл бала мен қыз баланың сәйкес келуі) үшінші (еркектер мен әйелдердің жеке жас ерекшелік топтары немесе репродуктивтік жастағы сәйкес келуі).

1915 ж. шыққан Л.П.Кочеткованың кітабында қызықты анықтамалар бар. Оның жалпы бағыттылығы және кітаптың аты «Вымирание мужского пола в мире растений животных и людей», деп аталды.

Л.П.Кочеткованың пікірінше баланың жынысына келесі факторлар әсер етеді.

Экономикалық жағдай, яғни баланың ата- анасы тұратын жер. Өте бай қалаларда қыз балалар көп туылады.

Әке- шешесінің жас ерекшелігі мен денсаулығының жағдайы. 20-25 ж. әйелдер көбінесе қыз бала әкеледі, ал өте жас және кәрілер- ұл бала әкеледі.

Әке- шешесінің өмірінің жақсару жағдайы.

Теңіз дейгейдегілер- көбінесе қыз бала туады. Л.П.Кочеткова мынандай қорытындыға келеді, қыз балалар жағымды жағдайда дүниеге келсе, ұл балалар жағымсыз ортада, бірақ олардың табиғаты түсініксіз. Қазіргі кезде жыныстардың екінші пропорциясына әсер ететін басқа факторларда қосылады. Көбінесе бұл жанұядағы баланың туылу ретінде (некедегі немесе некеде емес) және соғысқа байланысты.

Қазіргі кезде техникалық және ғылыми жетістіктерге байланысты әке- шешелері өздерінің болашақ баласының туғанға дейін оның жынысын алдын- ала білуге мүмкіндіктері бар.

Өмір мен өлімнің жалғасымдылығы Й.Стюарт- Гамильтон бойынша өмірдің жалғасымдылығына әсер ететін факторларды екі топқа бөліп қарастырды: биологиялық және әлеуметтік.

Біріншісіне тұқымқуалаушылық жатады (көп өмір сүрушілердің тұқымы да көп өмір сүреді) туғаннан ауру (мысалы, жүрек ауруы), бойы (төмен бойлы адамдар бойы ұзындарға қарағанда ұзақ өмір сүреді) және т.б.

Екіншіден- өмір образы (тамақтану, алкоголді шылым шегуді қолдануы, қозғалыс белсенділігі), әлеуметтік- экономикалық жағдайы, мәдени әдеттері және т.б.

Бұл барлық факторлар жыныстық апйырмашылықтардың өмірлік жалғасымына жатады, бірақ, қайсысы неғұрлым мағыналы, қайсысы түсініксіз.

Соңғы уақыттарда тымау ауруынан өлім саны күрт өсіп кеткені байқалады. Күштеу себептері (өзін- өзі өлтіру, өлтіру). Көбінес еңбекке қабілетті болған кезде өлім көп болады: 35-39 жаста- екі жыныстың да шегі. Қазіргі кезде (1997-1999) әйелдер мен еркектердің 15-29 жас аралығында өлім сны күрт ұлғайды.

Әйелдерде бірінші орында- қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әйелдердің 56 пайызы өледі). Күштеп өлтіру мен өзін- өзі өлтірушілер- 19 пайыз. Қосымша фактор ретінде әйелдер үшін ауылдық жерде тұруы.

1994 ж. ер адамдар өлімнің себебі күштеп өлтіру, қай айналымы жүйесінің бұзылуы, аяқ- астынан болатын жағдайлар, өзін- өзі өлтіру.


  1. Күштеп өлтіру- бұл криминогендік ситуацияға байланысты.

  2. Аурулар- 1960 ж. ортасында негізінен ұқпалы аурулар, демалу органдарының ауруы, ал қазір- қанайналым жүйесінің бұзылуы, бүкіл әлем бойынша (осы себеп бойынша ер адамдардың 35 пайызы өледі) өлімнің ең танымал себептері туберкулез, ішкі ағза аурулары.

  3. Аяқ- астынан болатын жағдайлар- жол транспорттық соғылулар. Ер адамдар әйелдерге қарағанда өмірімен денсаулығына қауіпті мамандықты таңдайды. Олар көбінесе санитарлы- гигеналық жағдайы жоқ жерлерде жұмыс жасайды.

  4. Негізгі фактор- алкогольден аяқ- астынан улану. Неге бұл фактор тұрақты? Көбіне алкгольге тыйым салуға байланысты стресс (массалық қанағаттанбаушылық) және қиындықтар. Егер әйел адамдардың өлімі ауылдық жерде көп болса, ол ер адамдардыкі- керісінше болады.


4 Психомоторика

1. Балалық шақтағы психомоторика.

2. Еркектер психомоторикасы: тремор, күш, бұлшықеттер қысымының дифференцациясы, ерік- жігер.

3. Психомоторика дайындығы, жылдамдығы, дәлдәгі.

4. Қолайсыз жағдайдағы моторика мен күрделі әрекеттер.

5. Лифтинг және моторикадағы жыныстық айырмашылықтардың себептері.


1) Ерлер мен әйелдер арасындағы моторлық қылық- әрекет ерекшеліктерін Г.Гейманс зерттеді. Өзінің зерттеулерінде ол ұл балаларды өте қозғалмалы, бір орында әзер шыдап отырады, белсенді ойындарды таңдайды деп көрсеткен (бірақ бұл шын мәнінде тек гимназияда оқитын ұлдарға ғана тән, ал училищеде оқитын ұлдар мен қыздар арасында еш айырмашылық жоқ). Өз кезегінде гимназист- қыздар байсалды мінезді деп сипатталады.

Әр жынысты балалардың моторикасын Маккоби, Жаклин, Аркин зерттеген.

Тамурнды өз зерттеуінен мынандай нәтиже алған: ұлдар қыздарға қарағанда жылдам жүрумен, ал қыздар ұлдарға қарағанда саусақтарының қимылының жылдамдығымен ерекшеленген.

2) Үлкендердің моторикасын суреттеуде эргографиялық индекс және эргограмма деген ұғымдар қолданылған.

Эргографиялық индекс- зерттелінушінің шыдамдылығын көрсетеді.

Эргограмма- адамның жүйке жүйелік- бұлшықеттік ұймдастырылуын сипаттайды.

Аркин бойынша әйел адамдарды ерлерге қарағанда эргографиялық индексі жоғары болады.



Психомоторика дайындығы, жылдамдығы, дәлдігі.
В.П. Багруновтың (1980 ж.) зерттеуі бойынша ер адамдардың психомоторикасы әйел адамдардың психомоторикасынан екі параметір бойынша ерекшеленеді:

─ жылдамдық;

─ дәлдік немесе нақтылық;

Бірақта бұл екі параметір жаттығу эффектісі кезінде әйел адамдарда белсенді болады. Ер адамдар жаңа сексомоторлы жаттығуларды әйел адамдарға қарағанда тез орындайды.






В.П. Багрунов зерттеуі:
5 сериялы эксперимент жүргізілді (341 ер адам, 268 әйел адам). Психомоторикадағы жыныстық айырмашылықтар зерттелінді.


  • 1-ші бөлім: қарапайым әрекет жылдамдығы. Бұл зерттеуге Ленинград университетінің психология факультетінің 97 ер адамы мен 89 әйел адамы қатысты. Олар тор клеткаға қарандашпен тез сызбалар салу керек болатын. Эксперименттің зерттеуі бойынша тез жылдамдықпен зеріттелінушілер 24 сызба сызған. әр 15 секунт сайын жаңа жылдамдық бастау керек.




  • 2-ші бөлім: қарапайым сенсамотлы әрекет жылдамдығы (48 ер адам, 47 әйел адам) 20 – 40 жас аралығындар горизонтальді сызбаларды 240 рет қақ бөлген.



  • 3-ші бөлім: кішкентай дөңгелектерді жылдамдыққа кигізу (88 ер адам, 56 әйел адам) 18 – 25 жас.




  • 4-ші бөлім: баскетбол қақпасына допты дәл салу (3ші бөлімдегі қатысушылар).



  • 5-ші бөлім: әрекет көлемі (20 ер адам, 20 әйел адам) 18 – 25 жас 10, 80, 160 мм. амплитудамен 80 рет бір әрекетті қайталаған, барлығы 240 әрекет.




Әрекет функциясында ер адам мен әйел адам бір-біріне сәйкес келмейді. әйел адам әр түрлі әрекеттерді жасау кезінде «өз - өздеріне ұқсамай кетеді». Әйел адам мен ер адамның айырмашылығына көп көңіл бөлген В.М. Аллахбердов (1993 ж). Оның айтуы бойынша әйел адам ер адамдарға қарағанда өзгермелі.

Спорт кезіндегі ерекшеліктер спортты қаншалықты меңгергеніне де байланысты. Мұнда жынысқа көп көңіл бөлінбейді.

Б.И. Струк садақ атқыштарға зерттеу жүргізген. Эксперимент кезінде әйел адам ер адамдарға қарағанда сәл қателік жіберген. Бірақ олардың спорттық деңгейлері бірдей болған.

К.А. Кеберлинск гандбол – спорт шеберлеріне зерттеу жүргізген. Қойылған шарт ер адам мен әйел адамға бірдей болған.




К.А. Кеберлинск зерттеуі:
Зерттелінушілер: 3 деңгейлі гандбол – спорт шеберлері а) 2 ер адам тобы; б) 2 әйелдер тобы; в) 2 ерлер тобының командалары: жас өспірім деңгейлі (разряд) әр топта 11 адамнан, барлығы 66 адам (22 әйел адам; 44 ер адам) қақпаға дәлдеп доп салу мен қателіктер зерттелінеді. Әр зерттелінуші 270 рет доп лақтырды.
Қорытынды: (4.3 және 4.4 кестесінде ).

Лақтыру дәлдігі спорт шеберінің кволификациясына байланысты болады. Мұнда жыныстық айырмашылықтар мүлде байқалмады.



4.3 кесте.

Гандбол қақпасына допты лақтырған кездегі кеткен қателіктер.

(К.А. Кеберлинск бойынша)




Зерттеліну-шілер

Эксперименттік топтар

Контрольді топтар

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Ер – спорт шебер

25.5

14.1

25.5

21.6

Әй. – спорт шебер

27.0

16.9

27.6

24.6

Жас өсп. - разряд

29.5

22.3

30.0

27.3

4.4 кесте.

Гандбол қақпасына дәл түскен доптардың проценті.


Зерттеліну-шілер

Эксперименттік топтар

Контрольді топтар

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Ер – спорт шебер

39.0

72.0

38.0

44.4

Әй. – спорт шебер

36.0

65.6

35.0

40.2

Жас өсп. - разряд

31.0

57.2

30.4

35.5


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет