ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері»



бет1/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.61/03-2014



ПОӘК

Магистрантқа арналған «Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері»




Басылым №1

05.09.2014 ж.





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері»

«6M050300» – «Психология» мамандығының магистранттарына арналған



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Магистранттың өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ




Термин атауы

Термин мазмұны

1

Адаптация

Бейімделу


2

Акцепт

Екпін

3

Антипатия

Сүйкімсіздік, жиренішті


4

Амбиция

Шамданғыш, ызақор

5

Апатия

Енжарлық, селқостық


6

База

Негіз


7

Валидті

Жарамды


8

Гипотеза

Ғылыми болжам


9

Диаграмма

Кесте


10

диагностика

Анықтау


11

Интеллект

Ақыл-ой


12

инструкция

Нұсқау


13

Интервал

Арақашықтық


14

интерпритация

Түсіндіру, талдау беру


15

классификация

Жүйеге келтіру


16

конфиденциалды

Жасырын


17

Корректив

Түзету


18

Критерии

Белгі


19

корреляция

өзара байланыстылық


20

Концепция

Пікір


21

компетенттілік

Хабардарлық, жете білушілік


22

манипуляция

Басқару


23

Мотив

Себеп, дәлел


24

Мода

Үлгі


25

Норма

Норма, ереже, шама, мөлшер


26

Потенция

Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің жеткіліктілігі


27

Реприза

Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау


28

репрезентативті

Дәлдігі


29

Фиксация

Жазып алу, белгілеп қою


30

Этап

кезең


2 Дәрістер
Модуль 1. Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері пәніне кіріспе

2 Дәрістер

Тақырып 1. Тұлға бейімділігі мүмкіндігін белсендіру психотерапиясы әдісі мен проективті диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде.
Тұлға бейімділігі мүмкіндігін белсендіру психотерапиясы әдісі мен проективті диагностика ғылымының және практикалық психодиагностиканың пәні. Теориялық психодиагностиканың құрушы бөліктері. Практикалық психология сфераларында психодиагностикалық білімдерді қолдану. Психодиагностиканың теориялық- эксперименттік психологиямен байланысы. Психологиялық тест жүргізу, психометрика және психодиагностика.

Тұлға бейімділігі мүмкіндігін белсендіру психотерапиясы әдісі мен проективті диагностика қолдану сфералары: психологиялық кеңес беру, психотерапия, экспертиза, кәсіби таңдау, т.б.

Психодиагностикадағы «диагноз» түсінігі және оның деңгейлері. Ғылыми зерттеудің міндеттері мен жеке дара зерттеудің міндеттерін ажырату.

Жоспар


Қазіргі кезеңде психодиогностика тарихы 19 ғасырдың бірінші жартысынан, яғни психологиялық білімнің дамуындағы клиникалық кезеңнен басталады. Бұл кезеңде адам туралы эмпирикалық психологиялық білімді игеру мен талдауды дәрігерлер қолға алған еді (бұған дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданған еді) Дәрігерлерді сол жылдары дамушы елдерде кеңінен тараған невроз және ақыл-ойы кеміс адамдардың сауығуы қиын аурулардың шығу себебі қызықтырған еді. Дәрігер-психиатрлар Еуропа клиникаларында ауру адамдарды бақылау нәтижелерін жазып жүйелі жұмыс істей бастады. Сол кезде психодиогностиканың: бақылау, сұрау, құжаттары талдау сияқты әдістері пайда болады. Жалпы алғанда осы жылдардағы психодиогностика жалпы алғанда әлсіз, еркін түрде болды, өйткені, дәрігерлер белгілі бір ауру адамдарды ғана, бірдей қайталанатын әдістер арқылы зерттегендіктен қорытындылар мен шешімдер сыңаржақты болып отырды. Психодиогностика сапалық мәнге ие болып кездеседі.

Психодиогностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бұл атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. Психодиогностикада техникалық құрылыммен аспаптар тұңғыш рет қолдануға енеді. Осы кезеңде адам денесімен психологиялық құбылыстың арасындағы байланыстың сандық байланысын көрсететін психофи-зикалық негізгі заң ашылып, сандық психодиогностика құралдары-ның қалыптасуын тездетті. Негізгі психофизикалық заң психолог құбылыстарды өлшеу мүмкіншілігін ашты, бұл түйсікті өлшеудің субъективтік шкаласын құруға жағдай жасады. Осы заңға сәйкес өлшеудің объектісі адам түйсігі болып, бұл үрдіс 19 ғасырдың аяғына дейін созылып, психодиагностика тек адам түйсігі өлшеумен ғана шектелді.

Қазіргі кездегі психодиагностика әдістерінің қалыптасуының басталуы19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басына дәл келеді. Психодиагностика психикалық процестердің адам жағдайының қалпын зерттей бастады. Осы кезде кәсіби психологтардың қатысуымен математикалық статистика, мүмкіндік жариясы дамып кейіннен осы салалар психодиогностиканың сандық түйінің дамуына ықпал етті. Бірақ математикалық статистика алғаш рет психологияда емес, басқа ғылым саларында қолданыла бастады: биология, экономика, медицина т.б.

20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа психологиялық, атап айтқанда интелектуалды және жеке тұлғалық тесттер пайда болып, адамдарды зерттеуде психодиогностиканы қолдану аясы кеңейе түседі. Психодиогностикалық зерттеулерге кейінінен әлеуметтік- психологиялық тестер көптеп енеді.

Біріншіден, американдық психолог Л.Морено құрастырған социаметриалық тест және американдық әлеуметтік психологтарды бір тобы бұған да ат салысқан.

20 ғасырдың 50-60 жылдары психодиагностикалық әдістердің бір тобы енді. Бұл психолог ғалымдардың психометрикалы белсенділігі неғұрлым артқан кезең.

Психодиагностиканың дамуына жалпы психология ғылымының дамуындағы кризис әсер етті. Ішкі, ғылыми негізделген, нақты құралдары көрсетілмеген психодиагностикалық әлсіздігі байқалды. Жаңа әдістердің пайда болуы психологияны кризистік жағдайдан шығып, психологиялық процесстер туралы нақты ғылыми негізделген білім алуға мүмкіндік берді. Мүндай білім теориялық қорытындылар мен іс-тәжірибелік нұсқаулар жасауға берік негіз болды. Осының нәтижесінде психология жаңа, мықты теориямен қаруланып, тек қана академиялық ғылым ғана емес, іс-тәжірибеде қолдануға болатын пайдалы ғылым ретінде қалыптасады. Қолданбалы ғылым салаларында психодиагностикалы қолдану кеңінен қанат жайды, атап айтқанда, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, педагогикалық психология.

Қазіргі кездегі психодиагностика психологиялық білімдердің ішінен жеке ғылыми сала ретінде бөлінді. Тез қарқынмен жедел дамып келе жатқан көптеген психодиагностика әдістері пайда болуда.

АҚШ-та, Германияда психодиагностика әдістерін жүйеленген кешенді дүние ретінде қарастырып көп томдық ғылыми және іс-тәжірибелік басылым шығарылған. Кейінгі уақытта Ресей ғалымдары да осы үрдісті жалғастыруда. Бірақ көптеген оқулықтарға жол берілген. Айталық психодиагностика әдістерінің әлсіз, мықты жақтары көрсетілмеген, кейбір нәзік ерекшеліктер ескерілмеген және ғылыми негізделмеген деп есептелінеді.

Психодиагностика – психолог қызметінің өте күрделі әрі жауапты түрі. Ол белгілі қажетті білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, әрі адамдардың тағдырына айтылып сот-медициналық психологиялық диагноз погода, адамдарды конкурстық негізде жұмысқа алуда тағы басқа маңызды болып табылады.

«Психодиагностика» сөзі «психологиялық диагноз қою» дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық жағдайы туралы кәсіби шешім қабылдау. Психодиагностика ғылымының өзіндік міндеттері бар. Қазіргі кезде қәсіби психолог-ғалымдардың қоғамдық қорлары құрылым, психодиагностикалық ғылыми тұрғыда жетілдіруге күш салуда.

Диагностикаға кіріспе:

«Диагноз» - талдау, анықтау. Жалпы психикалық диагноз. IX ғасыр соңында пайда болды. Қайнар көзі болып экперименталдық психология және дефференциалдық психология есептелінеді.

Жалпы педагогикалық психодиагностикалық әдістерін екі топқа бөлуге болады.

Формациясы жағдайда болғандар және қатал талаптары аз болғандарға бөлінеді.

1-ші топқа: тестілер, сұрақшалар, проэкциялық әдістеме, психофизикалық әдістемелер.

Осы әдістемелердің бәрі белгілі бір стандартқа сай болуы тиіс. Осы әдістемелер көрсеткіші валидтілігі сай болуы тиісті, дәл нәтиже беру керек.

2-ші топқа: бақылау, анкета, іс әрекеттің нәтижесіне жасалған анализ.

«Тест» - ағылшын тілінше «сынақ».

Өткізу формасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Жеке адамға не топқа арналған ауызша-жазбаша.

Бланктерге берілген тестер:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет