ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/6
Дата16.04.2016
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013



«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»
5В011600 – «География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013
Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары






  1. Глоссарий

Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы

Антропогендік ауыртпашылық – қоғамның, оның практикалық іс әрекетінің табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және олардың қасиеттеріне ( ландшафттар, рельеф, топырақ, экожүйелер, биота, т.б.) тікелей немесе жанама әсерінің дәрежесі

Абиотикалық факторлар – тір ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғаттың барлық қасиеттері

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған.

Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті нәтижесінде ластаушы заттектердің шығаруы мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша табиғи ластанудан көп жоғары

Антропогендік факторлар қоғамның іс әрекетшілігінің формалары, нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер мекендеу ортаның өзгерісіне тигізеді немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді

Антропогенді факторларадамның іс әрекетінен туындайтын табиғатта өтетін прцестердің қозғаушы күштері

Антропогенез – адамның іс-әрекетінің ықпалынан табиғи объектілердің өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі

Атмосферабиосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы

Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін және жай түбінде тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар

Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе.

Биокосты зат - «биосферада бір уақытта тірі ағзалар және косты процестер мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері болып табылады»; ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады

Биологиялық өнім - биогеоценоздардың құрамына кіретін микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру

Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira – шар, сфера) – «тіршіліктің аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік

Биосфера - Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар оның қалыптасуында негізгі ролль атқарады

Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары) — тірі ағзалардың бір-біріне әсет етудің формалары

Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне, өсімдіктердің бір біріне, жануарлар және өсімдіктердің, микроағзалардың өсімдіктерге және жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары

Биотоп – биоценоздың тірішілігінің орны, сол немесе басқа биоценоз мекендейтін азды-көпті ұқсас жағдайлары мен кеңістік

Биоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастығы

Бонитет – табиғи ресурстарды тиімды пайдалану мақсатында олардың сапасын салыстырмалы бағалау үшін қолданатын балл, шартты көрсеткіш

ГидросфераЖер шарының су қабатшасы

Географиялық зона, Ландшафты зона, Табиғи зона – Жердің географиялық қабатшасының және физико-географиялық аудандастырудың зоналық кеңістік дифференциациясының негізгі бірлігі, географиялық белдемдердің шеңберінде жекеленетін және жылу мен атмосфералық ылғалданудың шарттарының ұқсастығымен сипатталады

Геоақпарат – геожүйелер немесе олардың элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы бар болатын қатынастар мен тәуелділіктер туралы кеңістік- байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – автоматизирленген жоғарытехнологиялық ақпаратты-бағдарламалық жүйе, геоақпараттын жинауын, өндеуін, сақтауды, бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті – қоршаған орта және қоғам территориалды үйымдастыруын бағалау, болжау, жоспарлау және басқарудың күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешу үшін географиялық бекітілген мәліметтердің ізденісін, жіктелуін, анализы мен демонстрациясын жеңілдету

Геожүйе – кейбір мөлшердегі жер кеңістігі, мұнда табиғаттың жеке компоненттері бір бірімен жүйелік байланыста болады және белгілі тұтастылық ретінде космос сферасы мен адам қоғамымен әрекеттеседі. Геожүйедегі табиғи компоненттері біртекті және олардың арасындағы барлық өзарабайланыстар бірдей дәрежеде зерттелу қажет

Геоэкология – 1966 ж. К.Тролль ғылымғы ұсынған, «ландшафты экология» және «биогеоценология» екі терминдердің синонимы ретінде; екі тәсілді құрайтын ғылыми пән: 1. «көлденен» - жер бетінің аймақтық бөлінуі, табиғи құбылыстардың кеңістік әрекеттесуін құрайды, географиялық ландшафт туралы ғылым. 2. «тігінен» - биологиялық ғылымның өзі, экологиялық жүйе ретінде қарастырылатын берілген экотоптағы құбылыстардың әрекеттесуі

Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.

Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған

Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы

Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы

Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық - табиғи немесе антропогендік ландшафтарға тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері

Мекендеу орта - тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей әрекеттесуде болатын табиғаттың бөлімі

Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде ғылыми негізінде тиімді өзгертілген географиялық ландшафт

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.

Ноосфера – (грек. noos – сана сезім, ақыл парасат және sphaira –шар) – тікелей аударғанда «ақыл парасатты қабатша», сана сезім сферасы, В.И.Вернадский бойынша биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы, ақыл парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы мен байланысты; ақыл парасатты адамның іс әрекетшілдігі Жер шарындағы дамудың басты анықтаушы факторы болатын период

Ноосферабіздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс, осында адам ірі құатты геологиялық күш болып табылатын

Ноосфера – ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген істердің әлемі

Озон қабаты (озо­н экраны немесе қалқаны) – озонның максималдық концентрациясы бар аймағы - барлығы 8 ррт (8 ауаның бір миллион бөліктеріндегі 8 бөлігі)

Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі жеке территориялардың немесе жалпы жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің өзінің тұрақтылығынан айырылмай, яғни деградацияға ұшырамай және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, тіршілік және әлеуметтік-экономикалық дамудың шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі

Популяция – белгілі орынды мекендейтін, бір түрге жататын, пайда болуы бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі

Табиғи ресурстар (жаратылыстық) – тікелей және жанама сұраыстар үшін бұрыңғы уақытта, кәзір және келешекте пайдаланатын, материалдық құндылықтарды және еңбек ресурстарын молықтыратына қолайлы табиғи объектілер мен құбылыстар. Табиғи ресурстарға жатады: пайдалы қазбалар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа, су, климат, күн және космостық радиация

Табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіруадамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің нәтижесінде табиғи ресурстардың сол немесе басқа түрлердің жұқарған деңгейінің алдындағы күйіне жеткізу, қалпына келтіру

Табиғатты қорғау – техногендік, агрогендік, басқа антропогендік жүктемелердің жағдайларындағы тірі ағзалардың жаратылыстық ортасын және табиғи ресурстардың жиынтығын сақтауға бағытталған іс әрекет

Табиғи тепетендік – стихиялық немесе антропогендік сипаты бар ішкі және сыртқы факторлардың ауытқу әсері жоқ кезіндегі, табиғи ортаның, оның экологиялық қасиеттерін, геожүйелер немесе басқа территориялардың ішіндегі, олардың табиғи тұрақты эволюциялық дамуын және негізгі құрылымдық пен функционалды қасиеттерінің қамтамасыз ететін куй

Шөлейттену – құрғақ, жартылай құрғақ және құрғақшылық жартылай ылғалданған аудандардағы әртүрлі факторлардың әсерінен жерлердің деградациясы

Экология – тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулері туралы ғылым

Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл:

1) биологияның бөлімі, (биоэкология), тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін;

2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән;

3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін;

4) білімдердің кең аймағы, Жер шарындағы әрекеттесуші процестер мен құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын

Экологиялық апат зоналары – территория немесе акватория, олардың шеңберінде табиғи ресурстарды пайдаланудың рауалы шегі астам болатын, тіпті табиғи ортаға антропогенді ауыртпашылықтарды төмендету немесе шешу кезінде шаруашылық іс әрекеттің тиімділігінің, тұрғындар денсаулығының нашарлауы және әлеуметтік кернеуліктің өсуі төмендемейді
2.Дәріс сабағының тезистері
1 дәріс Ландшафттану курсына кіріспе.

Мақсаты: Ландшафттану ұғымымен танысы

Жоспар:

1. Ландшафттану пәні.

2. Негізгі зерттеу объектісі.

3. Территориялық табиғат кешені.

4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы.
1 дәрістің қысқаша конспектісі

Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі.



Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайд ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм жӘне биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.

Қандайда болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде социалды-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым социалды ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен социалды экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мӘселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағығылымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы екі жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафтану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық практикамен тығыз байланысты. Ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл жӘне орман шаруашылығындағы көптеген пролблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойындады.

Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында Әртүрлі территорияларды бөлуді талап етті. Ғылыми ландшафтық идеялардың пайда болғанына дейін Әртүрлі мамандарда: аңшыларда,орманшыларда жергілікті жердің табиғи комплекстері туралы өз тӘжірибесінен алағн түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың Әртүрлі ландшафтық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтаныда далаларда, шөлді, сортаң жерлердң ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді жӘне осы халық термині ландшафтанудың ғылыми сөздігіне енді.

Екіншіден ландшафтанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тӘртібіне ие болды.

Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ұлы географиялық жетістіктердің нӘтижесінде жердің шар тӘрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бӘрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды.

Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернград Варения – 1622-50) «Жалпы географияң деген еңбегінде география-жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.

Ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрде географиялық ізденістер басталды. Ғасырдың басында география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. ЖӘне де осы уақытта географиядан климотология, океанография-фито-зоогеогрфия ғылымдары құрыла бастады. КӘдімгі география ғылымынан экономикалық география бөлініп шықты.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ландшафттану пәні.

2. Негізгі зерттеу объектісі.

3. Территориялық табиғат кешені.

4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
2 дәріс Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы.
Мақсаты: Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы мен даму этаптарын қарастыру.

Жоспар:

1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар.

2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті.
Ландшафтық-географиялық синтездің тағы да бір жаңалығы-аудандастыру болып табылады. Оның практикалық мақсатта мӘні зор екендігін ғалымдар мойындаған еді.

ХІХ ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген – жерді, табиғи байлықты, су жӘне орман шаруашылығын зерттеу жұмысынтары нӘтижесінде климотология, геоморфология,биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттіейді деген ұғым туды. Бұл сала бойынша ғалымдардың көптеген пікірлері қалыптасты.

Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болды. Оның негізін қалаушы – В.В.Докучаев (1846 – 1903). Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстан,жылудың, ылғалдың, рельефтің жӘне тірі организмдердің қарым-қатынасы кезінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы жӘне оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.

1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да Әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы.

1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий-ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нӘтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нӘтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымғы физгеографиялық аудандастыру термині енді.

1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физзгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай түбегейлі аудандастыру географиялық ізщденістер физгеографиялық дифференция заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрорельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне. Осындай Әр жерде Әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға Әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтң терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы «ландшафтң деген еді. Ол ландшафтқа рельефі, климаты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сӘйкес біртұтас территория деп анықтама берді.

1914 жылы Р.И.Аболин шарының комплекстік ландшафтық қабықшасы деген ұғым енгізді.

Ландшафттық-гаографиялық идеялардың екінші бағыты – бұл түбегейлі ландшафтық экспедициялар ұйымдастыру еді. Ландшафтық съемкалар ірі масштабта жүргізіліп табиғи территориялық комплекстер болды. Ландшафтық съемкалар кезінде табиғи компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы ізденітер нӘтижесі ол ландшафтардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы.

Соғыстан кейінгі ландшафтану ғылымының дамуы ландшафтық съемкаларды олар Әрі өрістету еді Бұл жұмыс Н.А.Солнцевтің басқаруымен МӘскеу университетінің ғалымдарының жүргізуімен болды. Солнцевтің анықтамасы бойынша табиғи территориялық комплекстер қатарында ландшафт негізгі таксономиялық бірлік қоныстар мен фациялардың заңдылықты түрде үйлескен құрамасы.

1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты.

Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс Әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында.

Ландшафттық ізденістер екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде де жалғастырылды. Оның ішінде К.Тролдың ландшафттың жаратылыста өз шекарасы бар табиғи бірлік екені, ландшафттардың морфологиясы мен экологиясын ажыратудың, фацияның синонимі ретінде «экотопң терминін енгізуін атап кетуге болмайды. Ландшафт экологиясы ұғымының АҚШ-та Польшада. Канадада, Австралияда дамуы.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар.

2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№3 дәріс Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектері.
Мақсаты: Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектерің қарастыру

Жоспар:

1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі.

2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері.
В.В.Докучаев табиғи зоналарды дұрыс белдеулер, яғни параллелдермен шектелген орталық деп түсінбеді. Оның тұжырымы бойынша табиғат математика емес. Кейіннен түпкілікті зерттеулердің нәтижесінде ландшафттық зоналардың жалпы белдеу емес екендігі, кейде олардың бөлініп, бір-бірінен алыстау орналасқан аймақтарда кездеседі.

Керісінше белгілі бір зонаның территориясында физгеографиялық қарама-қайшылықтардың кездесуі мүмкін, ал таулы аймақтарда зоналық ендік жойылып, биіктік белдеулер пайда болады. Шындығында зоналық ендіктің мұндай ауытқымалары құрлықта, мұхиттарда, жазықтарда әртүрлі жағдайларда бірдей емес.

Жердің тектоникалық дамуында оның жоғарғы қабаты жердің ішкі энергиясының әсерінен зоналық, азоналдық заңдылықтардың әсеріне ұшырайды. Жер бетінің азоналдық дифференциациясының қорытындысы құрлықтағы биіктер мен мұхиттардағы қазаншұңқырлар, яғни құрлықтар мен мұхиттар. Географиялық қабықшаның полярлық ассиметриялығы құрлықтардың үлкен бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқанын көреміз. Жер бетінің қатты қабаты мен сулы қабатының физикалық қасиеттерінің әрқалайлығына байланысты континенттік және мұхиттық ауа массалары қалыптасады. Қалыптасқан континенттік – мұхиттық ауа ағыны жалпы атмосфера циркуляциясының қозғалысын қиындатады. Мысалы, муссондар ауа массалары жазда мұхиттардан қызған құрлыққа қарай, ал қыста керісінше жылжиды. Сонымен территорияның континенттік мұхиттық атмосфера циркуляциясы системасына алыс, жақын орналасуы физгеографиялық дифференциацияның негізгі факторы болып табылады. Мұхиттардан құрлық орталығына жалжыған сайын, әлбетте, теңіздік ауа массаларының қайталануы азаяды, климаттың континентальдығы артады, жауын-шашын мөлшері кемиді.

Сонымен қатар жер бетінде жылудың таралуының қосымша факторы жалпы атмосфера циркуляциясына, құрлықтардың орналасу жағдайына, конфигурациясына байланысты қалыптасатын теңіз ағыстары. Суық ағыстар өтетін аймақтарда мұхит беті жыл сайын 2500МДж/м2 дейін жылу жоғалтады, бұл бүлануға кететін жылу мөлшерімен тең. Ал Атлант мұхитының қоңыржай белдеуінде жылы ағыстың әсерінен мұхит беті 1000, ал кей жерлерінде 3000 МДж/м2 дейін қосымша жылу алады. Теңіз ағыстары атмосфера циркуляциясы арқылы құрлықтардың шеткі аймақтарының температуралық жағдайы мен ылғалдануына әсерін тигізеді (мысалы, суық ағыстар тек температураны төмендетіп қана қоймайды, климаттың құрғақтығын арттырады, ол әсіресе, Перуан, Калифорния ағыстарынан айқын байқалады.

Континентальды-мұхиттық ауа массаларының температуралық әсері әсіресе, қыс айларында айқын байқалады, өйткені қатты суыған құрлық бетінде жоғарғы қысымды аймақтар пайда болады. Бұл кезде мұхиттарға жақын жатқан территориялар теңіздік ауа массаларының әсерінде болғандықтан құрлық орталықтарымен салыстырғанда жылы болады (негізінен құрлықтардың батыс бөлігі). Мысалы, бір ендікте жатқан Скандинавия түбегінің батыс бөлігі мен Сібірдің солтүстік-шығысындағы тауаралық ойпаттардың қаңтар айының орташа температурасының айырмашылығы 470С. Жазда құрлық орталығында жылылау, дегенмен айырмашылығы онша емес, мысалы, Орталық Якутияда Скандинавия түбегінің батыс жағалауымен салыстырғанда 4-5 0жылы.

Мұхиттардың құрлықтың температурасына әсері туралы жалпылама бағаны климаттың континентальдық көрсеткіштері арқылы білуге болады. Климаттың сандық жағынан континентальдығын анықтайтын бірнеше әдістер бар. Олардың ішінде дұрыс деп табылғаны 1959 жылы Н.Н.Ивановтың ұсынған көрсеткіші.

Бүкіл жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 103 мың км3 болса, оның 37 мың км3 адвективті (яғни горизонтальды ығысқан) жауын-шашын да, 66 мың км3 құрлықтардан буланған жауын-шашын. Құрлықтың орталық бөлігіне жақындаған сайын теңіздік ауа массалары ылғалдылығын азайтады, өйткені оның көп бөлігі теңіз жағалауларында, әсіресе теңізге жақын орналасқан тау беткейлерінде қалады. Тайга зонасының Атлант мұхитына жақын жатқан және құрлықтың орталығына орналасқан аймақтарындағы ландшафттардың жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 3-4 есе. Субтропиктік және тропиктік ендіктерде бұл айырмашылық ерекше байқалады: шығысында муссондық жауын-шашын мөлшері көп, ал орталық және батыс аймақтарда континентальдық пассаттардың әсерінен құрғақ. Мұхиттардан құрлықтарға жылу мен жауын-шашыннан басқа ауа массалары арқылы әртүрлі тұздар жеткізіледі. Бұл процесті Г.Н.Высоцкий импульверизация деп атады, ол шөл және шөлейтті жерлдердегі тұзданудың бірден бір себебі болып табылады.

Континентальды-мұхиттық ауа массалары циркуляциясының ландшафттарға әсері әрқалай. Ерте уақытта – ақ мұхит жағалауларынан құрлықтың орталығына қарай жылжыған сайын заңдылықты түрде өсімдік жамылғысының, жануарлар дүниесінің топырақ типтерінің өзгеретіндігі байқалған. 1921 жылы В.Л.Комаров бұл құбылысты меридионалдық зоналық деп атады, ал қазіргі кезде секторлық деген ұғым қолданылады. Екеуінде ұқсастық та байқалады. Дегенмен табиғи құбылыстардың зоналық ендік бойынша өзгеруінде негізгі рөлді жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдану атқарса, секторлықтың негізгі факторы ылғалдану физгеографиялық процестердің дифференциациясына бойлық бойынша жылудың өзгеруі де әсерін тигізеді. В.Л.Комаров құрлықтарда 3 меридионалдық зона батыс орталық, шығыс бөлуге болады деп түсінді. Ал А.И.Яунпутнинь осылай құрлықтарды 3 физгеографиялық секторға жіктеді. Кейіннен әртүрлі ендіктерде секторлықтың бірдей еместігі дәлелденді. Евразия материгінің қоңыржай циркуляциясының ерекшеліктеріне бпайланысты секторлықтың толық спектрі байқалады.

Пассаттар белдеуінің шығыс желдер басым аймақтарында шөлдер құрлықтың орталық бөлігінен батыс жағалауына дейін созылады да ылғалды батыс мұхиттық сектор болмайды (түсіп қалады). Тек құрлықтың шығыс бөлігінде муссондардың әсерінен орманды ланшафттар қалыптасады. Сонымен тропиктік белдеудің секторлық құрылымы әрқалай, негізгі екі сектордан басқа өтпелі саванналық ландшафттары басым континенталдық секторды бөлуге болады. Субторпиктік ендікте секторлық дифференциациясы ауыспалы дегенмен тропиктікке жақын субэкваторжәне экватор ендіктерінде секторлық әлсіз байқалады, бірақ жоғалып кетпейді. Экватор зонасында ауа массаларының горизонталдық ауысуы әлсіз, конвекциясының әсерінен құрлыққа көп жауын-шашын жауады.

Полярлық облыстарда біркелкі ауа массалары басым болғандықтан, төменгі температура мен ылғалданудың артықшылығынан секторлық физгеографиялық айырмашылық онша байқалмайды. Секторлық пен зоналық бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Секторлықты тек бойлықтық дифференциация деп түсіну дұрыс емес, өйткені континенталды мұхиттық ауа массаларының ауысуы тек бойлық бойынша ғана емес ендік бойынша да байқалады. Егер теңіздік ауа болса, онда секторлық зоналықпен қатар жүріп ландшафттардың зоналық ауысуын күшейтеді немесе әлсіретеді.

Мысалы, солтүстік мұзды мұхиттың температураны төмендететін әсері Евразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік жағалауларында байқалады. Ендік температуралық градиент тундрада 10-20 есе жоғары, тайга мен салыстырғанда, жаздық изотерма теңіз жағалауларына параллель орналасады, тундраның оңтүстік шекарасы орналасуы бойынша құрлықтың солтстік теңіз жағалауларының формасына сәйкес. Бұл тундра зонасының зоналық құбылыс екеніне қарамастан оңтүстік шегі мұхиттың суық ықпалы мен айқындалатынын көрсетеді.

Ал оңтүстік-шығыс Азия бөлігінде басқаша. Үнді мұхитынан келетін пассаттар жаз айларында мұхиттық муссонға ауысып, экватордан солтүстікке - құрлықтың біршама орталығына таралып тропиктік шөлдерді ығыстырады, сөйтіп тропиктік ормандар мен саванналардың шекарасын солтүстікке қарай жылжытуға жағдай жасайды.

Дегенмен, көптеген жағдайда, секторлық дифференциация бірталай табиғи зоналарды кесіп өтеді, өйткені әрбір зона бір сектордан екіншісіне ауысқанда біршама өзгерістерге ұшырайды. Оған қоңыржай- континенттік Шығыс-Европа секторында, Батыс Сібірдің континенттік белдеулерінде жекеленген “учаскелермен” кездесетін тайга зонасы мысал болады.

Егер белгілі бір ендікте бір типтес жылу мен ылғалдану процесі сақталса, онда ландшафттық зоналар біркелкі, яғни бөлінбейтін болып келеді. Климаттың континенталдығының секторлар бойынша өзгеруі бойлық бойынша зоналар вариантының құрылуынан көрінеді. Егер біркелкі жылумен қамтамасыз етілген ендікте бір сектордан екіншісіне ауысқанда ылғалдану айырмашылығы болса, онда зоналар ауысады, ендік бойынша бірнеше зона қалыптасады.

Сонымен зоналық пен секторлықтың ара-қатынасын қарастыра отырып, біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системаларының бар екендігін мойындаймыз. Зоналар системасы деп біз құрлықтың бойлық секторына тән бөлінбейтін ландшафттық зоналар системасын түсінеміз, негізінен континентальдық және мұхиттық қатарларға жіктеледі; біріншісіне әртүрлі белдеулердің шөл зонасы, шөлейттер, далалар, екіншісіне әртүрлі ендіктердегі орман зоналары жатады. Бірақ, зоналардың батыс пен шығыс бөліктерінде ылғалдану процесінде біршама айырмашылық бар. Жоғарыда айтылған зоналық спектрдың бірқатар ерекшеліктері физгеографиялық процестердің: буланудың, фитомасса қорының және биологиялық өнімділіктің әртүрлігінен байқалады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі.

2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
4 дәріс Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратың факторлар.
Мақсаты: Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратың факторларға сипаттама беру.

Жоспар:

1. Ландшафт құрушы компоненттер және компоненттер дегеніміз не?

2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы.
4 дәрістің қысқаша конспектісі

Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешсндерінін, жеке бөліктсрін құрамдас бөлік деп атайды. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктермеи бірге энергетикалық қүрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді.

Территориялық табиғат кешендерін қурайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын — заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы курделілене түседі. Демек, оларды тек даму процесі арқылы ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғаш-қы тірі ағзалар су, ауа және минералды заттармен қоректеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейіннен даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты тірі ағзалар — жануарлар пайда болғаи. Бұл айтылған мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің — алдыңғы, күрделілерінің — соңғы орында тұратындығын, бірнеше қарапайым құрамдас бөліктердің өзара әрскеттесуінен күрделі бір құрамдас бөліктің пайда болатынын, құрамдас бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғыну қиынемес. Ғалымдардың тұжырымдалган пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін қүрайтын құрамдас бөліктерді төмендсгіше жіктеуге болады.

Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы, ауа, су;

энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы;

биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.

Осы құрамдас боліктердің түрліше өлшемдегі территориялық бөлшектері әр түрлі сатыдағы немесе таксономиялық бірлік дәрежесінде территориялық табиғат ке-шендерімен қабысады.

Табиғаттың қүрамдас бөліктері өздеріне тән зандылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әре-кеттесу арқылы тұтас бір затгық жүйеге бірігеді. Алайда қүрамдас бөліктің қайсысына қандай күщпен әрекет ететіні туралы және оның территориялық табиғат кешендерінің қалыптасуында қандай рөл атқаратындығы туралы әлі күнге дейін ғалымдар арасында нақты пікір жоқ.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ландшафт құрушы компоненттер және компоненттер дегеніміз не?

2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
5 дәріс Ландшафт морфологиясы.

Мақсаты: Ландшафттың құрамдас бөліктерің қарастыру.

Жоспар:

1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.

2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация.

3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы рөлі. Маңызы. Биіктікке байланысты өзгеруі.


Мекендердің жіктелуі. Жіктеуде қолданылатын негізгі көрсеткіштер. Қарапайым жӘне күрделі мекендер, қалыптасу ерекшеліктері. ТӘуелді, доминантты жӘне субдоминантты мекендер. Зоналық жӘне азоналдық факторлардың тигізер Әсері. Жазық жӘне таулы аймақтардың мекендерін жіктеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Мекендер жер бедері мезоформасының біртекті субстратына негізделіп, физгеографиялық үрдістердің жалпы бағытымен сипатталатын фациялардың үйлесімді қатары. Олардың жекелену себебі әртүрлі ылғалдануға, инсоляция айырмашылығына, литологиялық және механикалық құрамдағы айырмаға, жер асты суларының деңгейінің алуан түрлілігіне байланысты болады. Мекендердің бір-бірінен жекеленуінде негізгі рөлді геологиялық, геоморфологиялық негіз атқарады. Олар, әсіресе, жер бедері мезоформасының дөңес және ойыс аймақтары басым жерлерінде айқын – төбелер мен ойпаттар, қыраттар мен сайлар, жыра аралық плакорлар мен жыралар. Жергілікті атмосфера циркуляциясы, химиялық элементтер миграциясы, ағын үрдісі жер бедерінің оң және теріс формасында қалыптасқан фацияларды бір жүйелі қатарға жинақтаса да осы қатардың жоғарғы және төменгі бөліктері жоғарыдағы үрдістердің әсері бойынша бір-бірінен айырмашылығы зор.

Өзен аралық жазықтарда қарама-қайшы жер бедері формалары жоқ болғандықтан мекендердің қалыптасуы аналық жыныстардың айырмашылығымен және табиғи дренаж сызығынан алыс жақындығымен айқындалады. Соңғы фактор әсіресе ылғалдануы жоғары территорияларда негізгі рөл атқарады.

Өтпелі территорияларда әртүрлі өсімдік топтары бірдей экологиялық жағдайда болғанда мекендердің жіктелуіндегі негізгі рөлді өсімдік топтары арасындағы бәсеке таластық қарым-қатынас атқарады. Бәсекелес топтар көршілес орналасып территориясын сақтайды, жергілікті климаттың, топырақ пен су режимінің өзгеруіне де көп әсерін тигізеді.

Ландшафттардың әрбір жекелеген морфологиялық бөліктеріне генетикалық бірлік пен сапалық ұқсастық тән. Өйткені олардың құрамына енетін фацияларға ұқсас, біршама жақын ылғалдану, жылумен қамтамасыз етілу және тау жыныстарының литологиялық құрамы ұқсас болу керек. Сондықтан да мекендер ландшафттардың анық, айқын бөлінетін бірлігі болып табылады, яғни үйлесімді орналасқан мекендер тізбегі далалық ізденістер мен аэрофотосуреттерде негізгі жіктеу объектісі. Жіктеуде пайдаланылатын критерийлер:

а) біріншіден, мекендерді айқын ажырата білу мезорельеф формасының тілімденуі анық көрінетін жерлерде көрінеді. Мысалы, төбешіктер мен ойыстар. Мекендердің өзгешелігі, айырмашылығы тек жер бедері формаларының сыртқы пішініне ғана емес, сонымен қатар, олардың шығу тегіне, аналық тау жыныстарының литологиялық құрамына да байланысты. Мысалы, сырттай көзбен қарағанда бір-біріне ұқсас жазықтар мен сайлардың субстратындағы айырмашылық олардың су мен жылу режиміне, топырақ түзілу процестеріне және биоценоздарына әсерін тигізбей қоймайды, сондықтан әртүрлі мекендер қалыптасады.

ә) екіншіден, өзен аралық тегіс жерлерде, жер бедерінде айырмашылығы жоқ мекендердің пайда болуы мен дамуындағы, жіктелуіндегі негізгі фактор субстрат ерекшелігі. Мұнда төселме беттің су өткізгіш ерекшелігі, карбонаттығы сияқты көрсеткіштерімен қатар жер беті жыныстарының физикалық қасиеттері есепке алынады. Мысалы, Қазақстанның шөлді аймақтарында механикалық құрамы саздан және саздақ топырақ жамылғысынан құмға дейін алуан түрлі топырақ жамылғысы кездеседі. Жер бедерінде аналық жыныстардың осындай алуан түрлілігі білінбейді, бірақ әртүрлі мекендердің пайда болуына себеп болады.

б) әртүрлі мекендер жер беті жыныстары, тосқындары бірдей болған жағдайда да қалыптасады. Ол үшін: а) жер беті жыныстарының қалыңдығы бірдей болмау керек; в) олар біршама аздаған тереңдікте орналасқанымен топырақ түзілу үрдісі мен су мен ылғал режиміне әсерін тигізеді;

г) Өзен аралық жазықтарда мекендерді жіктегенде тағы да есепке алынатын фактор – табиғи дренаж жағдайы - өзен аңғарына алыс, жақын орналасқандығы. Өзен аңғарынан алыстаған сайын жер асты суларының деңгейі төмендейді; су ағыны нашарлайды; олар топырақ пен өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді; осының салдарынан су айрықтық жазықтардың орталық бөлігіне қарай мекендер біртіндеп ауысады.

д) территорияның климаттық және геоморфологиялық жағдайы бірдей болса да өсімдік жамылғысымен қаншалықты көмкеріліп тұрғанына байланысты да әртүрлі мекендер дамиды. Өтпелі аймақтарда, әсіресе, зона аралық кеңістікте бірдей экологиялық жағдайда бір-бірімен бәсеке таластық жағдайда болатын өсімдік топтарында әртүрлі мекендер қалыптасады. Бәсеке таластағы өсімдік топтары қатар орналасып әрқайсысы өз территориясын сақтап қалуға тырысады, сөйтіп жергілікті жердің климатының, су және ылғал режимінің, топырақ түзілу процестерінің өзгеруіне ықпал етеді.

Фацияларды картаға түсіру ірі масштабты талап етеді де тек “кілтті” участоктарда жүргізіледі. Ал мекендер геосистема иерархиясында ландшафттар мен фациялар арасындағы өтпелі бірлік болып табылады да қолданбалы ландшафттық ізденістерде:

а) ауыл шаруашылық жерлерді бағалаудың, есепке алудың;

ә) оның халық шаруашылығындағы тиімді жолдарын іздестірудің негізгі объектісі болып табылады. Мұндай ізденістер үшін фация қамтып жатқан ауданы бойынша кіші, өйткені ауыл шаруашылығына қажетті жерлер үлкен, ірі массивті аймақтарды талап етеді.

Ішкі құрылым күрделілігіне байланысты мекендер: а) қарапайым; ә) күрделі деп бөлінеді. Н.А.Солнцев бойынша мекендерде мезорельефтің әрбір элементінде бір ғана фация қалыптасады, ал күрделі мекенде бірнеше фация. Мысалы, сайдың түбінде және оның әр беткейлерінде бір-бір ғана фация қалыптасса – ол қарапайым мекен, ал бірнеше фация қатарынан тұрса онда күрделі мекен.

Күрделі мекен мынадай жағдайларда қалыптасады:

а) рельефтің (жер бедерінің) ірі мезоформасына екінші қатардағы мезоформа элементтері кіріккенде. Мысалы, жыралары бар сайлар; көлшігі бар батпақты ойыстар.

ә) мезорельефтің бір формасы немесе элементі, бірақ литологиялық құрамы әртүрлі – күрделі мекен пайда болады;

б) доминантты су айрықтық мекендерде жанамалы немесе осы жерге тән емес фациялар кездескенде (карстар, батпақтар, аңдардың індері т.б.) күрделі мекен қалыптасады;

в) әрқайсысы жеке өзіндік мекен құрайтын мекендер тізбегі кездескенде күрделі мекен пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей мекендер орта және ірі масштабты карталар түсіргенде нақтылы мәліметтерге негізделе түсіріледі. Олар қандай мәліметтер: а) генезисі немесе шығу тегі, пайда болуы; ә) морфографикалық типі мен жергілікті ағын жүйесінде алатын орнына қарай мезорельеф формаларын белгілі бір ретке келтіру. Сонымен – рельеф – ылғалдану мен табиғи дренаж ерекшелігімен тығыз байланыста есепке алынатын көрсеткіш.

Әртүрлі ландшафттық зоналарда, подзоналарда және провинцияларда біртекті жер бедері формаларында, біртекті аналық жыныстан тұрса да климаты, ылғалдануы, топырақ жамылғысы мен биоценозы әртүрлі мекендер пайда болады. Неліктен? Өйткені территорияның орналасуы әр зонада. Сондықтан мекендердің классификациясын жасағанда фация сияқты мекендерде де зоналық және провинциялық ерекшеліктерге сүйену міндетті.

Әрбір нақтылы ландшафт Л.С.Бергтің тұжырымы бойынша уақыт пен кеңістік аралығында қайталанбайды. Бір-біріне ұқсас екі ландшафтты табу мүмкін емес, бірақ бұл түсініктен ландшафттар арасында сапалық ұқсастық жоқ деген ұғым тумау керек. Салыстыру нәтижесінде генезисі мен динамикасы жағынан бір-біріне ұқсас ландшафттарды табуға болады, сондықтан да жүйелеуге мүмкіндік бар.

Ландшафттық жүйеге келтіру жер бетіндегі ландшафттарды танып білуде үлкен ұйымдастырушы рөл атқарады және практикалық та маңызы зор. Қолданбалы мақсатта өткізілетін ландшафттық ізденістерде (мысалы, ауыл шаруа-шылығына тиімді жерді анықтағанда, табиғатты қорғау немесе мелиорация жұмыстары жүргізілгенде) олардың құрылымы күрделі болып, әрбір нақтылы ландшафтқа баға беру, оған талдау жасау қиын және көп уақытты қажет етеді. Сондықтан да көптеген жағдайларда типтік табиғи ерекшеліктерге байланысты типтік нормалар мен шараларды қолдануға тиіс болады. Кез келген табиғи жіктеу объектің инварианттық қасиетіне пайда болуына, құрылымына, өзгермелігіне негізделеді. Бұл көрсеткіштер ландшафттану жұмыстарында маңызды рөл атқаруы тиіс. Бірақ, олардың ұқсастық деңгейі әртүрлі, сондықтан ол өз маңызын жіктеудің сатылығынан табады, яғни таксономиялық бірліктер жүйесін қолданудан. Жоғарғы таксономиялық бірліктерден төменгісіне ауысқан сайын жіктеуде жаңа көрсеткіштер енгізіліп отырады. Осының салдарынан ландшафттар қамтитын шеңбер кішірейген сайын олардың ортақ қасиеттері арта бастайды. Олай болса, ландшафттардың ұқсастығы жіктеудің барлық сатыларында сақталады – тип, класс, түр, бірақ төменгі деңгейде ортақ қасиеттер көп, жоғарғысында керісінше.

Ландшафттардың ұқсастығы мен айырмашылығы көптеген себептерге байланысты, сондықтан таксономиялық қатарда осы себептер қандай тәртіп бойынша есепке алынатынын анықтаған жөн. Ландшафттардың дамуындағы төмендегідей көрсеткіштер: ылғал айналымы, биологиялық зат айналымы, топырақ түзілу, биомассаның өнімділігі олардың жылумен, ылғалмен қалай камтамасыз етілгенімен, яғни күн энергиясының түсуімен анықталады. Ал жылу мен ылғал мөлшері, олардың қарым-қатынасы зоналық ендікке, секторлыққа, және биіктік белдеулерге тәуелді.

Осы ой-пікірлерді есепке ала отырып жіктеудің ең жоғарғы таксономиялық бірлігі ландшафттар типі болып табылады. Ландшафттар типтерін айырудың негізгі көрсеткіші жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілу айырмашылықтары, олардың гидротермикалық ерекшеліктері. Нақтылы классификациялық белгі болар көрсеткіштер: радиациялық баланс, белсенді температура жиынтығы Н.И.Ивановтың континентальдық коэффициенті. Сонымен қатар ауа температурасының орташа және экстремальды көрсеткіштерін, жауын-шашын мөлшерін, булану шамасын да есепке алған дұрыс. Бір типке жататын ландшафттардың ортақ қасиеттері су балансынан, қазіргі геоморфологиялық және геохимиялық үрдістерден, органикалық заттардың өмір сүру қабілеттерінен, құрамынан, өнімділігінен, биомасса қорынан, биологиялық зат айналымынан және топырақ түзілу ерекшеліктерінен көрінеді.




  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет