ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)



жүктеу 1.38 Mb.
бет1/7
Дата28.04.2016
өлшемі1.38 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

042-18-22 1.8/03-2015

2015ж. №

Страница из






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі ОӘБ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-22.1.8/03-2015

«Жануарлар систематикасы» пәнінің оқу әдістемелік кешені

№ басылым

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)

«Жануарлар систематикасы»
5В080300 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей


2015


Мазмұны
1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары



1.ГЛОССАРИЙ
Бөкен Жыртқыштар Сирендер

Борсық Ескекаяқтылар Тақтұяқтылар

Бегемот (су сиыры) Киттәрізділер Құндыз

Барибал Кашалоттар Су тышқан

Жертесерлер Кит Бұғылар Сары күзен Оцелот

Жұпар тышқан Американың аса ірі сұр аю Сусарлар Жұптұяқтылар

Ақкіс Марал Шұбар күзен

Кеміргіштер Балжегілер Шақылдақ

Дельфин Сілеусін

Жайра Аққалақ Құну

Дамандар Ет тұмсықтылар Тарбаған

Ехидналар Сасық күзен Сфинкс

Зебралар (жолат) Итбалықтар Ақбөкен

Қоянтәрізділер Фанек Қорқау қасқыр



2. ДӘРІСТЕР
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

1 - тақырып. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы

Дәріс жоспары:

«Жануарлар систематикасы» пәні.

Пәннің мақсаты және міндеттері.

Систематика жануарлардың қазіргі кездегі түрлілігін қарастырып, сыртқы түрін сипаттайды, олардың туыстық байланыстарын қарастыра отырып, осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отряд, класс, тип деп жүйесін құрастырады. Филогенетика жануарлар әлімінің эволоюциялық жолдарын және оларды анықтайтын факторларды қарастырады. Зоогеография жер бетіндегі жануарлардың таралуын зерттейді және фаунаның әртүрлі аудандардағы тарихи заңдылықтарының құрылуын анықтайды. Палеонтология жануарлардың жойылған түрлерін және жойылған фауналары мен флораны т.б. қарастырады. Зоологияда жануарлардың әртүрлі топтарын қарастыратын тармақтарды ажыратады: териология - сүтқоректілерді, орнитология - құстарды, герпетология - амфибиялар мен рептилияларды, ихтиология- балықтар мен домалақ ауыздыларды қарастырады.

«Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады.

Жануарлар систематикасында мынадай жалпы биологиялық ғылымдар жиі қолданыды: морфология, анатомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы және ішкі макро-микроскопиялық құрылысын), физиология және биохимия (оның функционалдық қасиетін), эмбриология (жеке даму заңдылықтарын, ішкі және сыртқы даму факторларын), генетика (өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен және басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), және этология (жануарлардың мінез-құлқы). Табиғат жағдайының әр түрлілігі, яғни адам баласының қабылдауына қиын болғандықтан жер бетінде әр түрлі жануарлар әлемінің таралуына себеп болды, қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүтқоректілер түрі 692 (қосмекенділер немесе амфибиялар 13, бауырымен жорғалаушылар немесе рептилилер, құстар 473 аң немесе сут қоректілер) және 140 түрлі балық бар, мұндай жануарлардың көп түрлілігі және біркелкілігі Қазақстанда таралғандай, ешқай мемлекетте таралмыған. Республикамызда мекендейтін осы сут қоректілердің 155 түрінің көбінің шаруашылық маңызы бар. Жүн өндірісінде жануарлардың 72 түрі, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендерді аулау ерекше қымбат тері береді. Жануарлардың басқа түрлерінің белгісі мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп жане 100 мыңдап миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспиліқ итбалық т.б.).

Жүн өндірісі «еркін» шет елдік волютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздердің бірі болып табылады. Сондықтан, Жүн өндірісін тегіннен (жұмсақ алтын деп атамаған). Жергілікті фаунаның көптеген жануарларының (барс, гепард, арқар, марал, және т.б.) мемлекет ішіндегі зооэкспорт және зоосауда да маңызы зор.

Қазақстанның жануарларға бай фаунасы үй жануарларының жаңа түрімен, тұқымын шығаруда ірі және бағалы генофонд болып табылады. Өткен жүз жылдықта оңтүстік Алтайда жас қанат алу мақсатында маралдарды өсіру, мал шаруашылығында жаңа марал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Сүт қоректілердің 3 отряды (насеком қоректілер, жарқанаттар жане жыртқыштар) ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір пайдасын тигізеді. Олар зиянды кемірушілермен насекомдардың белгілі бір санын жойды. Кейбір сүт қоректілердің ішкі органдары (мүшелері) дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, экспорттайды, маралдың жыныс мүшелерін және құйрығын, маралдың қатпаған мүйізін – панта, киік, аюдың, барыстың, саршұнақтың майын қолданады. Қазақстанда марал пантасы және киіктің мүйізі жылына белгілі бір мөлшерде экспортталады.

Республикамыздың халық шаруашылығына көп пайдасы бар дегенмен, кейбір түрлері экономикалық шығынға ұшыратады. Ауыл шаруашылығына көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман) және қасқыр зиянын тигізеді.

Саршұнақтар – жайылымды құртатын маңызды зиянкестер. Ең аз 1 га – ға 30 – 40 кіші саршұнақ азықтық қордың жартысын құртады. Кемірушілер орман шаруашылығына экономикалық шығын әкеледі, егіс қорғайтын орман жолақтарына, бақтарға және жүзімдіктерге кемірушілер (су егеуқұйрығы, ондатор, саршұнақ) өздерінің індерін темір жол шосе, т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Сүтқоректілерге, әсіресе адамдар мен үй жануарларына үлкен кері әсерін тигізетін және таралатын инфекциялық аурулар және глистті инфазиялар бар, сонымен бактериялық аурулардан сүт қоректілеріне, жабайы немесе үй жануарларына ортақ түрлері: паройлар, коллнибалнеллаз, пябереллаз, листерреллез, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия туберкулез, және т.б. ал вирустардан – оба.

Сұрақтар:



  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

2 - тақырып. Коян тәрізділер отряды. Шақылдақ, қоян тәрізділер

(Leporidae) тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

Қоянтәрізділер отрядына сипаттама.

Қоянтәрізділер отрядының систематикасы.
Қоян тәрізділер отрядының сипаттамасы. Систематикасы.

Систематикасы (жүйеленуі): Коян тәрізділер отряды Lagomorpha. Шақылдақтар), қоян тәрізділер тұқымдасында 10 тұқымдас (45) бар. Оларды 3 негізге топқа қосуға болады. 1) нағыз қояндар, 20 түр аралығында; 2) үй қояндары, 15 түр аралығында; 3) қатты жүнді немесе бұрынғы қояндар, 10 түр аралығында. Қоян тәрізділердің кемірушілерден ерекшелігі олардың жоғарғы жағындағы жұп күрек тістерінің болуы.

Сипаттамасы: Тұқымдас өзіне отрядтың ірі өкілдерін қосады, дене ұзындығы 30 - 69 см құрайды. Кемірушілердің жоғарғы иегінде бір емес жұп күрек тістерінің бар болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сол және он жақ тістер қатарының арасында жіңішке көпір тәріздес сүйегі бар.

Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табаны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Денесінің ұзындығы 44 – 47 см. Жүні жұмсақ және қалың. Құлақтары ұзын бас сүйегіне жабысып, артқа қарай қайырылған. Орманда жас қояндарды көбінесе балапан күйінде табады. Салмағы 90 -130 грамм болып туады. Олар өте тез өседі және 9-10 күн өткен соң шөп жей бастайды. Ақ қоянның табиғи жағдайда өмір сүру ұзақтығы 8-9 жыл. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болады.

Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ. Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашуы жүреді; б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қорытылады.

Шақылдақ тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді шақылдақ деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.




Шақылдақтардың суреті




Жүнді және жапондық ағаш кеміретін қояндардың суреті

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн.

Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылшықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Таралуы: Антрактида мен Мадагаскардан басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик Американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Мекен ету аймығы әр түрлі. Орманнан орман далаға дейін таралады. Жазда және қыста қоян қалың бұта және құлап сынып түскен ағаш бұтақтарының астында түнейді. Ақ қоянның қоректенуі жыл мезгіліне байланысты әр түрлі. Жазда әртүрлі шөптесін өсімдіктерді, бұршақты, саңырау құлақтарды қалайды. Қыста негізі азығы ретінде ұсақ бұташаларды, жаңғақтарды және т.б. жеп қоректенеді.



Көбеюі және өсіп дамуы: Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкеледі. Балаларының саны 2- ден 8 - ге дейін, тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқа дейін. Қояндардың жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер.

Халық шаруашылығындағы маңызы. Қоян жүні фетр өндірісінде (қоян жүнінің және мех қалдықтарынан басылған мата дайындау өндірісі) шикі зат, сирек жүн тауары ретінде қолданысқа ие.

Сұрақтар:

1) Системетикасы.

2) Таралған мекені.

3) Қоян тәрізділер отрядына сипаттама беріңдер?

4) Көбею мен өсіп дамуы қалай жүреді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

3 - тақырып. Кемірушілер отряды. Тиіндер тұқымдасы. (Sciuridae)

Дәріс жоспары:

Кемірушілер отрядына сипаттама

Кемірушілер отядының систематикасы.

Кемірушілер отядының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.



Кемірушілер отрядына қысқаша сипаттама:

Системетикасы (жүйеленуі): Кемірушілер тұқымдасы – 35, туыс 355 және түр 1597 сүтқоретілер отрядын құрайды. Отряд сыртқы белгілері әртүрлі, ұсақ және орташа мөлшердегі көптеген сүтқоректілерді қарастырады. Отрядқа келесі тұқымдастар кіреді: ақ қояндар, құндыз, жайра, шиншилла, су тышқан, қосаяқ, көртышқандар, тышқандар, атжалман тәрізділер, Сипаттамасы: бас суйегінің беткі жағы ми бөлігінен қысқа. Көздері сүйек доғасы жоқ ашық, есту аппараты қатты қампиған. Төменгі жағы тез қимылдайды (өсімдік тектес азықты жеп, шайнауға бейімделген). Шайнау бұлшық еттері дамыған. Тістері: күрек және азу тіске дифференцияланған, жыртқыш тістері жоқ. Азу тістері күрек тістерінен алшақ орналасқан ірі азу тістері үшкірленбеген. Шайнауға арналған тістер өткір емес төмпешік, ал кейбірінде жазық болып келеді. Бұл тістер үнемі өсіп және шайнау кезінде қайралып отырады. Мидың үлкен бөлігі үлкен емес, миы тегіс, жатыры 2 бөлікті, жыныс мүшесінде сүйек бар, кейде кездеспейді. Түкті қабаты әр түрлі, кейбір түрлерінде ине тәрізді түрге ауысады, ұштары 5 салалы, сирек 4 салалы, және 3 салалы болады. Күрек тістері жақсы жетілген және жануарлардың даму кезінде үнемі өсіп отырады; қоректенгенде өздері қайралып отырады. Көбінің асқазаны қарапайым, ішегі сәйкесінше ұзын және соқыр ішегі жақсы дамыған.

Таралуы. Кемірушілер әр түрлі ландшфтыда өмір сүреді. Олар қилы өмір жағдайына бейімделген. Жабайы сүтқоректілердің ішіндегі кемірушілер ғана адам баласының мекенінде бірге жүреді. Олар қазіргі заманғы құрылыстарда және қалаларда жүре береді. Бұлардың қозғалу қабілеті де әртүрлі: жүгіретіндер, секіретіндер, өрмелегіштер. Кейбіреулері тіпті жоспарлап ұшады. Өсімдікпен қоректенеді. Экваторға дейін полярлы және жазықтан қарлы таулы жерге дейін таралған. Кемірушілердің таралуы өсімдік жамылғысымен байланысты, олардың қорғаныштық және азықтық маңызы бар. Әртүрлі температуралық режимдерді жақсы көтереді және соған байланысты жүнінің түсі жыл мезгіліне қарай өзгереді. Кейбір кеміргіштер жайсыз уақытта азық жинаса, кейбірі ұйқыға кетеді. Кеміргіштердің кейбір топтары (мысалы тышқандары) кеуде алды аутотомиясы бар. Жауымен құйрығынан ұстаған жануардың терісі құйрық омыртқасынан сырғып түседі. Жаланаш қалған құйрық ұшы құрап түсіп қалады, кей түрлерінде шектеулі регенерация байқалады.

Көбеюі және өсіп дамуы: Кеміргіштерге кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, жоғары көбею тән. Олардың көбі жылына бірнеше ұрпақ береді, жас балалары ерте уақытта жыныстық жетіледі, буаз болу мерзімі ұзақ емес. Көп түрдің саны құбылмалы болып келеді, қолайлы жағдайда саны көбейеді, ал қолайсыз кездерде минимумға дейін төмендейді. өмір сүру кезені көп уақытта ұзақ емес.

Халық шаруашылығындағы маңызы. Адамдар үшін кемірушілердің маңызы зор және әр түрлі. Олардың кері әсері, азық – түлікті бұзуда, мәдени және табиғи маңызы бар өсімдіктерді құртуда. Олар ін қазудың арқасында топырақтың жел эрозиясына ұшырауын қамтамасыз етеді, егіске шабындықпен жайылым жерлеріне кері әсерін тигізеді. Сүт қоректілердің ішіндегі адаммен жануарға ауру тасыйтын және жұқтыратын кемірушілер. Олар бит, маса, т.б. омыртқасыздардың негізгі қоректену көзі болып табылады. Кемірушілердің індері трансмиссиялық ауруларды тасыған буын аяқтылардың көбею орны болып табылады. Кемірушілер арасында жүн өндірісінде және спорттың аншылық нысанасы болатындар да бар.

Аққояндар тұқымдасы— SCIUR1DAE

Систематикасы: Аққояндар тұқымдасы кіші тұымдастардан тұрады, нағыз тиіндер, суырлар, ала тышқан, саршұнақ. Қазақстанда осылардың барлығы кездеседі.

Сипаттамасы: Кемірушілер негізінен орташа және ірі мөлшерлі болып келеді, дене ұзындығы 60 см, салмағы 8 кг-ға дейін. Ұсақ түрлері тропиктер мен суптропиктерде мекендейді. Ағаш және жартылай ағаш кемірушілердің денесі мүсінді, мойны анық көрінеді, құйрығы ұзын, қалың жүнді, аяқтары әсіресе артқысы ұзын, ұзыншақ жінішке бармағында ұшталған тырнағы бар. Үйде тұратын жануарлардың мойны көрінбейді, құйрығы сәйкесінше қысқа, сәл үлпілдек. Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүнінің түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар Еуразия және Солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері тундрада және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын. Қазіргі кезде азияттық ұзын құйрықты саршұнақтардың келесі түрлері белгілі, олардың ақырғы екеуі Қазақстанда кездеседі:

  1. байқал сыртындағы ұзын құйрықты саршұнақ; 2) нерчиндік ұзын құйрықты саршұнақ; 3) якуттық ұзын құйрықты саршұнақ; 4) амурлық ұзын құйрықты саршұнақ; 5) алты айлық ұзын құйрықты саршұнақ; 6) моңғол ұзын құйрықты саршұнағы.

Сипаттамасы: Арқасындағы жүнінің түсі бурыл қызғылт, басының жоғарғы жағы жирендеу келеді. Ұсақ ашық түсті жолақтар басының жоғарғы жағында байқалады. Саршұнақтардың Қазақстандық түрлерінде мезгілді жүнінің диморфизия көрінеді. Қыста жоғарғы жағы ашық сұр, көрнекі, ал төменгі жағы сарғыштау. Жазда арқасы жирендеу реңі бар қара. Түкті жамылғысы жұмсақ және үлпілдек, 12-15мм.

Таралуы: Азияттық ұзын саршұнақ Тянь Шаньнің солтүстік бөлігінде және онт. Сібірден Амурға дейін, Монғолия, солт. және солт. Шығыс Қытайға дейін. Қазақстанда, Жонғар Алтауды сонымен қатар онт. және онт. Батыс Алтайда таралған.

Көбеюі мен өсіп дамуы: Балалары әлсіз болып туады. 4 қүндіктердің 7 г. салмағы бар. 3 – 4 аптада өседі, 30 күнде бұталарға шығады, 40 күндіктері азығын өзі табады, бірақ 2 айға дейін аналық сүтімен қоректенеді.

Сұрақтар:

1) Отрядқа сипаттама беріңіздер?

2) Систематикасын атаңыз?

3) Халық шаруашылығында маңызы қандай?

4) Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

4 - тақырып. Кемірушілер отряды. Тышқан тәрізділер тұқымдасы, тышқандар туысы (Murinae), атжалман тұқымдасы (Cricetidae).

Дәріс жоспары:

Кемірушілер отрядының қысқаша сипаттамасы

Кемірушілер отрядының систематикасы.

Кемірушілер отрядының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Тышқан тәрізділер тұқымдасы.

Систематикасы (жүйеленуі). Тұқымдас мөлшері, келбеті, өмір сүрулеріне қарай әртүрлі жануарларды біріктіреді. Мөлшері бірден ұсақ тышқандарға дейін бар. Дене ұзындығы 5 – 48 см. Көбінің құйрығы денесінің ұзындығынан асады. Шайнайтын тістері дөнестеу келеді.

Өрмелеуіш тышқандар (Dendromurigae). Сипаттамасы. Жанбас сүйегі 6 -10 см. Құйрығы 7 -12 см. Өрмелеу кезінде құйрығымен жіңішке бұталарды және шөптердің сабақтарын орап алады. Алдыңғы аяқтарында ұшталған тырнақты 3 ұзын бармақтары бар.

Таралуы: Барлық жерде. Саванналарда, ормандарда, бұталы жерлерде тұрады.

Көбеюі және өсіп дамуы. Жылда әр түрлі уақытта көбейеді. Аралығы 3-5 балаға дейін туады. Тышқандар 100 туысқа біріккен 400 тышқан түрінің, 300-ге дейін тышқандарға жатады. Африқалық шөптесін, бұлақтар маңындағылар, жолақты, ала, мысырлы, азияттық, сары тамақты, таулы және қара түрлері ажыратылады.

Сипаттамасы. Ұсақтауларының көлемі 5- 6 см, орташасы 35-50 см. Аралығында құбылады. Салмағы 7-8 грамм 3 кг- ға дейін. Құйрығы сирек түкті қабыршақпен қапталған.

Таралуы. Барлық жерде кездеседі. Көбеюі мен өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 25 тәулікке созылады. Аналық 3-4 бала туады.


Африкандық тышқан Дала тышқаны

Акациев көртышқаны Қосаяқ



Кішкентай тышқан Ондатр
Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы.

Сипаттамасы: Денесі көлемді, басы домалақ, көздері кішкентай, құлақ қалқаны жетілмеген жүні әртүрлі құрылымды.

Таралуы. Африка, Үндістан, Қытай және т.б. жерлерде.

Көбеюі және өсіп дамуы: Буаз болу мерзімі 21 тәулік, аналық 3-5 бала туады.

Көртышқандар тұқымдасы.

Сипаттамасы: Жер астында өмір сүруге бейім. Дене мөлшері орташа, ұзындығы 20-30 см. Құйрығы сыртқа шықпайды. Құлақ қалқаны жоқ. Басы үлкен. Жүні ұзын емес, бірақ қалың. Аяғы қысқа, білегі мен табаны жалпақ. Топырақ қазудағы басты мүшесі аяғы емес күрек тістері.

Таралуы: Африка, Азия, Таяу Шығыс елдерінде. Саршұнақтар сыртқы келбеті жағынан көртышқандарға немесе тышқандарға ұқсайды. 102 түрі белгілі, олар 13 топқа топтастырылған. Ергежейлі, қызыл құйрықты т.б. түрлерін ажыратады.

Дене ұзындығы 10 см дейін, құйрығы 12 см-дей, ұшында сыпыртқы басы сияқтысы бар. Жалпы сарғыш-сұр, жирендеу түсті. Табаны жүнмен қапталған.

Әдебиетер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:

1. Тышқан тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер

2. Жүйеленуін атаңыздар

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?


1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

5 - тақырып. Жыртқыштар отряды (CARNIVORA).

Иттер тұқымдасы (CANIDA). Қасқыр және қорқау түрі.

Дәріс жоспары:

Жыртқыштар отрядына сипаттама.

Иттер тұқымдасына сипаттама.

Иттер тұқымдасының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.



Жыртқыштар отрядына сипаттама. Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау түрі. Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүндесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы 4 бармақты тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған. Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақкүзен, ақкістерді жатқызуға болады. Көпшілік жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірімдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады. Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамыған, есту мен иіс сезу мүшелері, көру мүшесі бар. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді.

: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет